9-2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы қаражатты тікелей және түпкілікті нәтижелердің жоспарланған көрсеткіштерін сақтау шартымен, ағымдағы қаржы жылына арналып бекітілген (нақтыланған) жергілікті бюджетте көзделген жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар арасында нысаналы даму трансферттерi бойынша бір бюджеттік бағдарлама ішінде ағымдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаға шығыстардың он пайызынан аспайтын көлемде жоғары тұрған бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің және тиісті жергілікті өкілді органның келісуі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қайта бөлуге құқылы.»;
25) 94-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бірыңғай бюджет сыныптамасының бюджетке түсетін түсімдер сыныптамасының кодтары бойынша түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен қайтаруды және (немесе) есепке жатқызуды салық органдарының төлем тапсырмалары негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
Салық органдары әкімшілік ететін, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді, трансферттерді, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларын, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді, қарыздарды қоспағанда, бюджетке түсетін салықтық емес түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға арналған төлем тапсырмасы оларды алуға жауапты уәкілетті органдардың қорытындысы негізінде жасалады.
Салық органдары әкімшілік ететін, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді, трансферттерді, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларын, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді, қарыздарды қоспағанда, бюджетке түсетін салықтық емес түсімдерді алуға жауапты уәкілетті орган артық (қате) төленген сомаларды бюджеттен қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға қорытынды жасайды және оны салық органына ұсынады.
Осы қорытындылардың анықтығын және олардың ұсынылу негізділігін уәкілетті органдардың басшылары қамтамасыз етеді.»;
2-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
26) 96-бапта:
1-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік мекеме Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап республикалық бюджет нақтыланғанға немесе түзетілгенге дейін осы Кодекстің 153-бабының 7-тармағына сәйкес құжаттама мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынылғанға дейін осы Кодекстің 79-бабының 2-тармағы екінші бөлігінің 2-1) тармақшасында көрсетілген тізбеге енгізілген бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша міндеттемелер қабылдамайды.»;
5-тармақтың бесінші және алтыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Кодекстің 79-бабының 2-тармағы екінші бөлігінің 2-1) тармақшасында көрсетілген тізбеге енгізілген бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап республикалық бюджет нақтыланғанға немесе түзетілгенге дейін осы Кодекстің 153-бабының 7-тармағына сәйкес құжаттама мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынылғаннан кейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік мекеме Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап республикалық бюджет нақтыланғанға немесе түзетілгенге дейін осы Кодекстің 154-бабының 2-тармағына сәйкес құжаттама мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынылғанға дейін, осы Кодекстің 79-бабының 2-тармағы екінші бөлігінің 2-1) тармақшасында көрсетілген тізбеге енгізілген заңды тұлғалардың акцияларын немесе жарғылық капиталына қатысу үлестерін төлеу бойынша міндеттемелер қабылдамайды.»;
27) 104-баптың 4-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы заңда (облыстық мәслихаттың шешімінде) белгіленген ең төменгі көлемдерден төмен көлемде жергілікті бюджеттен шығыстардың жекелеген бағыттарын қаржыландырған жағдайда, белгіленген соманың төлемдер бойынша қаржыландырудың тиісті қаржы жылының соңындағы жиынтық жоспарының жылдық сомасынан асып түскен сомасы өткен қаржы жылының қорытындылары бойынша жергілікті атқарушы органдардың қайтаруына пайдаланылуы мүмкін.»;
28) 106-бапта:
2-тармақта:
4) тармақша алып тасталсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттік инвестициялар бойынша осы Кодекстің 153 және 154-баптарында көрсетілген тиісті құжаттама ұсынылмаған жағдайларда жүргізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Республикалық бюджетті нақтылау қосымша нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер бөлінген және (немесе) олардың бөлінген көлемдері өзгерген кезде де жүзеге асырылады.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, мәслихат депутаттарының бастамашылығы бойынша жергiлiктi бюджеттi ағымдағы қаржы жылы iшiнде тоқсанына бiр реттен жиі емес нақтылауға жол берiледi.»;
29) 107-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Республикалық бюджет комиссиясының ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы ұсынысын ескере отырып, республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға басым бюджеттік инвестициялардың тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстар, стратегиялық жоспарға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасын, бюджеттік бағдарлама жобасын және өзгерістер енгізу көзделетін бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімді ұсынады.»;
30) 111-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жергілікті атқарушы органдардың қаулылары және өзге де нормативтік құқықтық актілер негізінде түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, кезекті қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы, бекітілген (нақтыланған) бюджеттің көрсеткіштерін өзгерту бюджетті түзету болып табылады.»;
2-тармақта:
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) Республикалық бюджет комиссиясында қаралмастан, қаражат ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің бес пайызынан аспайтын көлемде бюджет шығыстарының құрылымын өзгертпей, республикалық бюджеттік бағдарламалардың бір әкімшісінің бюджеттік даму бағдарламалары арасында, Республикалық бюджет комисссиясында міндетті түрде қарай отырып, ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің бес пайызынан он пайызына дейінгі көлемде бюджет шығыстарының құрылымын өзгертпей, республикалық бюджеттік бағдарламалардың бір әкімшісінің бюджеттік даму бағдарламалары арасында қайта бөлінген;»;
5-1) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1) осы Кодекстің 151-бабының 13-тармағында көзделген;
6) аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттік инвестициялар бойынша осы Кодекстің 153 және 154-баптарында көрсетілген тиісті құжаттама ұсынылмаған жағдайларда жүзеге асырылады.
Бұл ретте көрсетілген бюджеттік инвестицияларды іске асыру үшін көзделген сомалар бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісінің бір бюджеттік бағдарламасы шеңберінде басқа бюджеттік инвестициялық жобалар арасында қайта бөлінуі мүмкін.»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:
«2-2) жоғары тұрған бюджеттен қосымша нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер бөлінген және (немесе) олардың бөлінген көлемдері өзгерген;»;
3-тармақтың 31) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
31) 118-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган бекітуге жатпайтын мемлекеттік бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасайды.»;
3-тармақтың 32) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
32) 23-тарау мынадай мазмұндағы 120-1 және 120-2-баптармен толықтырылсын:
«120-1-бап. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау
1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган тиісті қаржы жылындағы бухгалтерлік баланстан, қаржы қызметінің нәтижелері туралы есептен, таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы есептен, ақша қозғалысы туралы есептен, түсіндірме жазбадан тұратын республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды.
2. Бюджет түсімдері республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен көрсетіледі.
120-2-бап. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау
1. Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар тиісті қаржы жылындағы бухгалтерлік баланстан, қаржы қызметінің нәтижелері туралы есептен, таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы есептен, ақша қозғалысы туралы есептен, түсіндірме жазбадан тұратын облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды.
2. Бюджет түсімдері облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен көрсетіледі.»;
33) 124-бапта:
1-тармақта:
1) тармақшаның екінші абзацы алып тасталсын;
2) тармақшаның үшінші абзацы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) шоғырландырылған қаржылық есептілікпен бір мезгілде берілетін есептерді;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есепті қоспағанда, осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3) және 3-1) тармақшаларында көрсетілген бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.»;
34) 127-бапта:
1-тармақтағы «25 наурызынан» деген сөздер «1 сәуірінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы, жүргiзiлген бюджеттiк мониторинг және оның нәтижелерiн бағалау негiзiнде республикалық бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы талдамалық есептен тұрады.
Республикалық бюджеттік бағдарламаларды орындау туралы талдамалық есеп бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен бюджеттік бағдарламалар бөлігінде жасалады;»;
3-тармақтың 34) тармақшасының жетінші, сегізінші абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) тармақшадағы «жазбадан тұрады.» деген сөздер «жазбадан;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептіліктен тұрады.»;
3-тармақтың 35) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
35) 129-баптың 2-тармағы 3) тармақшасындағы «жазбадан тұрады.» деген сөздер «жазбадан;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептіліктен тұрады.»;
36) 131-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Түсіндірме жазба экономикалық ахуал және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы, тиісті қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті баптарының орындалуы туралы талдамалық ақпаратты қамтиды.»;
37) 143-бап мынадай мазмұндағы 6-2) тармақшамен толықтырылсын:
«6-2) жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы заңда айқындалатын шығыстардың жекелеген бағыттарын жергілікті бюджеттен қаржыландыру көлемін бақылауды жүзеге асырады;»;
38) 151-баптың 13-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, осы Кодекстің 153 және 154-баптарында белгіленген жоспарлау кезеңдерінен өтпеген бюджеттік инвестициялар Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы болған кезде республикалық бюджет жобасына немесе оны ағымдағы қаржы жылының бірінші жартысында нақтылау шартымен нақтыланған республикалық бюджет жобасына енгізіледі.»;
39) 154-баптың 12-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Бюджеттік бағдарламалардың бір әкімшісінің құзыретіне жатқызуға болмайтын экономиканың түрлі салаларында жобалардың іске асырылуын көздейтін, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесін ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдинг бекітетін осы ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдингтің жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды қоспағанда, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялар жөніндегі экономикалық қорытындының нәтижелері бойынша бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесін бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бекітеді.»;
40) 155-1-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, концессия мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған ұйымның сараптамасы негiзiнде концессиялық ұсыныс бойынша қорытынды дайындайды.
Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi орган «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда, жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлға тартылатын болса, оның сараптамасы негізінде концессиялық ұсыныс бойынша қорытынды дайындайды.»;
41) 155-2-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-3) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлiгi болып табылатын концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiн қамтитын концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын концессия мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған ұйымға сараптамаға жiбередi.
Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi орган «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-3) тармақшасында белгіленген жағдайда, концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлiгi болып табылатын концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiн қамтитын концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаға сараптамаға жiбередi.»;
42) 164-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жергiлiктi атқарушы органның мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң лимитiн үш жылдық кезеңге Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.»;
43) 179-баптың 5-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Егер тапсырыс шартында өзгеше көзделмесе, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі тиісті бюджет қаражаты есебінен сенім білдірілген өкілге (агентке) тапсырманы орындағаны үшін сыйақы төлеуді жүзеге асырады.»;
44) 186-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бір жылға дейінгі мерзіммен қаржылық агенттіктерді бюджеттік кредиттеу кезінде бюджет кредиті мерзімінің соңында бюджеттік кредитті өтеуге жол беріледі.»;
45) 187-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) төмен тұрған бюджеттердiң қолма-қол ақша тапшылығын жабуға бағытталатын бюджеттік кредиттерді қоспағанда, мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органның бюджеттiк кредиттеудiң орындылығын айқындауын;»;
46) 188-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қарыз алушыны, оның ішінде түпкілікті қарыз алушыны ол болған жағдайда айқындауды;»;
3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) шет мемлекеттерді бюджеттік кредиттеу кезінде қарыз алушылар Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес айқындалады.»;
47) 190-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«190-бап. Бюджеттік кредитті пайдалану
Қарыз алушы бюджеттік кредит қаражатын бюджеттік бағдарлама мен кредиттік шартта көзделген мақсаттарға ғана пайдаланады.
Түпкілікті қарыз алушы бюджеттік кредит қаражатын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес кредиттік шартта көзделген мақсаттарға ғана пайдаланады.
Бюджеттік кредит нысаналы мақсатта пайдаланылмаған жағдайда, қарыз алушы және түпкілікті қарыз алушы Қазақстан Республикасының заңдарына және кредиттік шарт талаптарына сәйкес жауаптылықта болады.»;
48) 192-бапта:
3-тармақтың 48) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2015 ж. 1 маусымға дейін қолданыста болады
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырсын:
«2-1. Кредитормен келісу бойынша бюджеттік кредитті өтеу, оның ішінде мерзімінен бұрын өтеу қарыз алушының немесе түпкілікті қарыз алушының инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыру кезінде туындаған мүлкімен жүзеге асырылуы мүмкін.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Бюджеттік кредит бойынша берешекті мерзімінен бұрын өтеу кезінде немесе өтеу есебінен мүлікті мемлекеттік меншікке айналдыру кезінде кредитор талаптарының мөлшері мүлік құнының сомасына азайтылады.»;
49) 193-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау:
1) негізгі борышты өтеу және (немесе) сыйақыны төлеу мерзімдерін өзгерту;
2) бюджеттік кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесін өзгерту;
3) бюджеттік кредиттің берілу мақсаттарына сәйкес іс-шараларды іске асыру үшін қарыз алушының бюджеттік кредитті пайдалана алатын игеру кезеңін өзгерту;
4) бюджеттік кредит валютасын өзгерту;
5) бюджеттік кредит, кредит бойынша сыйақы және өзге де төлемдер бойынша берешекті капиталдандыру (жиынтықтау) арқылы жүзеге асырылады.»;
50) 196-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген, таратылған қарыз алушылардың берешегі, сондай-ақ кредитордың талап қоюын қанағаттандырудан бас тарту немесе ішінара қанағаттандыру туралы заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде талаптар тоқтатылған қарыз алушылардың берешегі кредитордың есептен шығаруына жатады.»;
5-тармақ алып тасталсын;
51) 243-1-бап мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«2014 және 2015 қаржы жылдарына арналған республикалық бюджетті бекіту және нақтылау кезінде стратегиялық жоспарларды әзірлейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламаларды әзірлемейді.
2015 қаржы жылына арналған бюджетті бекіту және нақтылау кезінде бюджеттік бағдарлама бюджеттік кіші бағдарламалар үшін де бюджеттік бағдарламаларға арналған нәтиже көрсеткіштерін қолдану шартымен бюджет қаражатын жұмсау бағыттарын нақтылайтын кіші бағдарламаларға бөлінуі мүмкін.»;
52) 48-тарау мынадай мазмұндағы 243-2-баппен толықтырылсын:
«243-2-бап. Мемлекеттік бюджетке және республикалық, облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы 2017 қаржы жылындағы шоғырландырылған қаржылық есептілік
Мемлекеттік бюджетке және республикалық, облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы 2017 қаржы жылына шоғырландырылған қаржылық есептілік жасалмайды.».
4. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж. № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 13 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 13 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 21 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 18 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
4-тармақтың 1) тармақшасы 2014 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
1) мазмұны мынадай мазмұндағы 645-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«645-1-бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдау, сақтау және салық қызметі органдарына беру тәртібі»;
2) 24-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Салық қызметі органдары мен кеден органдары өздеріне жүктелген салықтық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді өзара іс-қимыл жасасу, оның ішінде кеден және салық органдарының интеграцияланған ақпараттық жүйелері арқылы орындайды.»;
4-тармақтың 3) - 5) тармақшалары 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
3) 90-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Кредит (қарыз) бойынша борыш осы тармақта белгіленген тәртіппен және жағдайларда кешірілетін жағдайда, осы Кодекстің 106-бабының 1-тармағына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру бойынша шығыстар сомаларын шегеруге құқығы бар банк бұрын шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомаларын провизиялардың (резервтердің) мөлшерін азайтудан түскен табыс деп танымайды.
Осы тармақтың ережелері:
1) өзіне қатысты сот шешімі бойынша қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі;
2) бірігу арқылы қайта ұйымдастыру нәтижесінде осы бөліктің 1) тармақшасында көрсетілген банктің құқық мирасқоры болып табылатын банкке қолданылады.
Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 106-бабының 1-тармағына сәйкес бұрын шегерімге жатқызылған провизияларды (резервтерді) борышқа қарсы құрған, мыналардан:
негізгі борыш бойынша берешектен;
2012 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есептелген сыйақы бойынша берешектерден тұратын кредит (қарыз) бойынша борышқа қолданылады.
Осы тармақ бір мезгілде мынадай талаптар орындалған кезде:
1) кредит (қарыз) 2009 жылғы 1 қазанға дейін берілсе;
2) кредит (қарыз) бойынша борышкер осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген банктің басқару органы 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін бекіткен және уәкілетті органға 2015 жылғы 1 ақпаннан кешіктірілмей ұсынылған, олар бойынша борыш кешірілуге жататын кредиттер (қарыздар) бойынша борышкерлер тізбесінде көрсетілсе;
3) кредит (қарыз) бойынша борышты кешіру осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген банктің басқару органы 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін бекіткен және уәкілетті органға 2015 жылғы 1 ақпаннан кешіктірілмей ұсынылған, олар бойынша борыш кешірілуге жататын кредиттер (қарыздар) бойынша борышкерлер тізбесінде көрсетілген соманың шегінде жүргізілсе;