1) 37-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қоршаған ортаға әсердi бағалау мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) IV санаттағы объектілерді қоспағанда, қоршаған ортаға әсердi алдын ала бағалау (1-кезең);
2) IV санаттағы жұмыс істеп тұрған объектілерді қоспағанда, жобаны iске асырудың ықтимал әсерлерiн немесе шаруашылық және өзге де қызметтi одан әрi жүзеге асыруды толық және кешендi талдау, баламалы нұсқаларды негiздеу және қоршаған ортаны қорғауды басқару жоспарын (бағдарламасын) әзiрлеу мақсатында орындалатын әсердi бағалау (2-кезең);
3) IV санаттағы объектілерді қоспағанда, қоршаған ортаға қолайсыз әсерлердi болдырмау жөнiндегi техникалық шешiмдердi қамтитын жұмыс жобасы құрамындағы «Қоршаған ортаны қорғау» бөлiмi (3-кезең).»;
2) 47-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы және 10) тармақшасындағы «қызмет жобалары;» деген сөздер «қызмет жобалары жатады.» деген сөздермен ауыстырылып, 11) тармақшасы алып тасталсын.
3. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; 2014 жылғы 13 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында:
14-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«14-бап. Республикалық немесе мемлекеттік бюджеттiң мұнайға қатысты емес тапшылығы (профицитi)»;
мынадай мазмұндағы 120-1, 120-2 және 243-2-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«120-1-бап. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау
120-2-бап. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау»;
«243-2-бап. Мемлекеттік бюджетке және республикалық, облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы 2017 қаржы жылындағы шоғырландырылған қаржылық есептілік»;
2) 3-баптың 1-тармағының 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«16) бюджеттік инвестициялар - заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы мемлекет активтерін құруға және (немесе) дамытуға бағытталған республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыру;»;
3) 6-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілмей, республикалық бюджетті, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерін, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының түсімдері мен шығыстарын біріктіретін мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры шоғырландырылған бюджет болып табылады.»;
4) 14-бапта:
тақырып «Республикалық» деген сөзден кейін «немесе мемлекеттік» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қарыздарды өтеудi қоспағанда, республикалық немесе мемлекеттік бюджет шығыстарын шегергендегі республикалық немесе мемлекеттік бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) қарыздар түсімдері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан трансферттер түсімдерін алып тастағандағы республикалық немесе мемлекеттік бюджет түсімдерінің сомасына тең.»;
5) 32-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бюджеттік бағдарлама мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында айқындалған стратегиялық бағыттармен, мақсаттармен, міндеттермен, нәтиже көрсеткіштерімен немесе стратегиялық жоспарды әзірлемейтін мемлекеттік органның ережесінде айқындалған өкілеттіктермен өзара байланысқан бюджет шығыстарының бағытын айқындайды және нәтиже көрсеткіштері мен бюджет шығыстарын қаржыландыру көлемдерін қамтиды.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
«Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала немесе астана бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар әкімшілері болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органмен келісу бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бекітеді.»;
мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. Жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен іс-шараларды іске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды нысаналы трансферттер аударатын жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшісімен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдармен келісу бойынша төмен тұрған бюджеттің бюджеттiк бағдарламаларының әкiмшiлерi бекітеді.
2-2. Бюджеттік бағдарламалар бюджетті нақтылау немесе түзету кезінде олардың қаржыландыру көлемдері мен нәтижелер көрсеткіштері өзгерген жағдайда қайта бекітіледі.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бастамасы бойынша бюджеттік бағдарламаларға тоқсанына бiр реттен жиi емес, тоқсанның екінші айының 25-күніне дейін өзгерістер енгізуге жол беріледі.»;
3-тармақтың 5) тармақшасының оныншы - он екінші абзацтары 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Бюджеттік бағдарлама бюджет қаражатын жұмсаудың бағыттарын нақтылайтын, бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижесіне қол жеткізуге бағытталған кіші бағдарламаларға бөлінуі мүмкін.
Бюджеттік бағдарламаның кіші бағдарламалары болған кезде, тікелей нәтиже көрсеткіштері кіші бағдарламалар деңгейінде көрсетіледі.»;
5-1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебiнен іс-шараларды іске асыруға бағытталған жергілікті бюджеттік бағдарламалар бойынша тікелей нәтиже көрсеткіштері жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар бөлінісінде көрсетіледі.»;
6-тармақ «әзірлеу» деген сөзден кейін «және бекіту (қайта бекіту)» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың 6) тармақшасы 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6) 33-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бірыңғай түпкілікті нәтижеге қол жеткізу мақсатында мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету, күрделі шығыстарды жүзеге асыру, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру жолымен бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру жөніндегі, трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беру жөніндегі шығындар, көрсетілген шығындарды жекелеген кіші бағдарламаларға бөле отырып, бір бюджеттік бағдарламаға біріктірілуі мүмкін.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бірыңғай бюджеттік сыныптаманың құрамында тиісті белгі (код) беріле отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға (кіші бағдарламаларға) және бюджеттік даму бағдарламаларына (кіші бағдарламаларға) бөлінеді.
Бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бюджет шығыстары бюджеттік даму бағдарламаларына (кіші бағдарламаларға) жатады. Бюджеттің қалған шығыстары ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға (кіші бағдарламаларға) жатады.»;
7) 45-баптың 4-2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4-2. Жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттен шығыстардың жекелеген бағыттарын жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы заңда (облыстық мәслихат шешімінде) белгіленген ең төмен көлемдерден төмен көлемде қаржыландырған жағдайда, белгіленген соманың төлемдер бойынша қаржыландырудың тиісті қаржы жылының соңындағы жиынтық жоспарының жылдық сомасынан асып түскен сомасы өткен қаржы жылының қорытындылары бойынша ағымдағы қаржы жылының 1 наурызынан кешіктірілмей жоғары тұрған бюджетке қайтарылуға жатады.»;
8) 46-бапта:
3-тармақтың 8) тармақшасының екінші - оныншы абзацтары 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
10-тармақтағы «нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімнің,» деген сөздер алып тасталсын;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы даму трансфертін беру үшін жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламасының әкімшісі мен тиісті жергілікті атқарушы орган арасында ағымдағы қаржы жылының 20 қаңтарынан кешіктірілмей бір қаржы жылына арналған Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім жасалады.
Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім:
шешілуіне нысаналы даму трансферттері бөлінетін мақсаттар мен міндеттерді;
нысаналы даму трансферттерін пайдалану есебінен қол жеткізілуге тиіс тікелей және түпкілікті нәтижелерді;
тиісті жергілікті атқарушы органның қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшісіне ұсынуы туралы міндеттемені;
тараптардың шешімі бойынша айқындалатын басқа да жағдайларды қамтитын құжатты білдіреді.»;
12-тармақ алып тасталсын;
12-1, 13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«12-1. Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламасының әкімшісі Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап республикалық бюджет нақтыланғанға немесе түзетілгенге дейін осы Кодекстің 153 және 154-баптарының талаптарына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға құжаттама ұсынылғанға дейін осы Кодекстің 79-бабының 2-тармағы екінші бөлігінің 2-1) тармақшасында көрсетілген аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған нысаналы даму трансферттері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органмен жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілетін нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім жасаспайды.
3-тармақтың 8) тармақшасының он үшінші, он төртінші абзацтары 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
13. Республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берілетін нысаналы даму трансферттері аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасында одан әрі бөлінген жағдайда, облыстың жергілікті атқарушы органы аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен нысаналы даму трансферттері бойынша нәтижелер туралы тиісті келісімдер жасасады.
14. Жоғары тұрған бюджеттен жаңа жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға қосымша нысаналы даму трансферттері бөлінген жағдайда, осы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдер Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның республикалық бюджет туралы заңды немесе мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешімін іске асыру туралы қаулысына өзгеріс және (немесе) толықтыру енгізілгеннен кейін бір ай ішінде жасалады.»;
3-тармақтың 9) тармақшасы 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
9) 48-баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттерді аудармағаны үшін жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшілерінің бірінші басшысы;
3) нысаналы даму трансферттерін нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы жасалған келісімге сәйкес, нысаналы ағымдағы трансферттерді бекітілген бюджеттік бағдарламаға сәйкес пайдаланбағаны, нәтижелерге, оның ішінде бюджет қаражатын толық игеру кезінде қол жеткізбегені, алынған нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген нәтижелер туралы есепті табыс етпегені үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың әкімі және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің бірінші басшысы;»;
10) 49-бапта:
1-тармақта:
18) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 37-1) тармақшамен толықтырылсын:
«37-1) жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және оның телнұсқасын бергені үшін алынатын мемлекеттік баж;»;
4-тармақ 2) тармақшасындағы «кепілдендірілген трансферт республикалық бюджетке түсетін трансферттердің түсімдері болып табылады.» деген сөздер «кепілдендірілген трансферт;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке түсетін нысаналы трансферт республикалық бюджетке түсетін трансферттердің түсімдері болып табылады.»;
11) 50-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен оның инфрақұрылымын дамытуға жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары;»;
12) 51-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен оның инфрақұрылымын дамытуға жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары;»;
13) 60-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы;»;
14) 61-баптың 1, 1-1 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік параметрлермен өзара байланыстырылған стратегиялық мақсаттарды ескере отырып, Қазақстан Республикасының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың экономикалық даму параметрлерін және мемлекеттің бес жылдық кезеңге арналған экономикалық саясатын айқындайтын құжат болып табылады.
1-1. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы стратегиялық және бағдарламалық құжаттар мен елдегі жағдай және Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы ескеріле отырып, жылжымалы негiзде бес жылдық кезеңге арналып жыл сайын әзiрленедi және мыналарды:
1) мемлекеттiк басқарудың республикалық деңгейiнде:
экономиканы дамытудың сыртқы және ішкі жағдайларын;
бес жылдық кезеңге арналған экономикалық саясаттың, оның ішінде салықтық-бюджеттік саясаттың мақсаттары мен міндеттерін;
бес жылдық кезеңге арналған экономикалық саясаттың, оның ішінде салықтық-бюджеттік саясаттың негізгі бағыттары мен шараларын;
бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын;
шоғырландырылған, мемлекеттік және республикалық бюджеттердің түсімдері мен шығыстарының болжамын, тиісті бюджет тапшылығын қамтитын жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік параметрлердің болжамын;
әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамаларын;
жоспарлы кезеңге арналған басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесін;
кезекті қаржы жылына арналған шартты түрде қаржыландырылатын шығыстардың тiзбесін;
2) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде:
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтiк-экономикалық даму үрдістерін, басымдықтарын, нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштерін;
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын;
мыналарды:
облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің түсімдері мен шығыстарының болжамын қамтитын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік параметрлерінің болжамын;
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамаларын;
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың басым бюджеттік инвестицияларының тізбесін қамтуға тиіс облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік параметрлерін қамтиды.
Нысаналы индикаторлар мен көрсеткiштер сандық және сапалық нәтижелердi айқындау үшiн түйінді бағыттар (салалар) бойынша белгiленеді, бес жылдық кезең iшiнде мемлекеттің әлеуметтiк-экономикалық саясаты осы нәтижелерге қол жеткiзуге бағытталуға тиiс.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен бюджеттік параметрлері облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының құрамында аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бөлінісінде көрсетіледі.»;
«4. Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын тиісінше мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы мақұлдайды және ол бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.»;
15) 64-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Жергілікті бюджеттерді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, жыл сайын жоспарлы кезеңге әзірлейді.»;
16) 65-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып жүзеге асырады.»;
17) 65-1-баптың бірінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар жоспарлы кезеңге Қазақстан Республикасының немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық дамуының, республикалық және жергілікті бюджеттердің болжамды көрсеткіштері, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттары, тиісті бюджет тапшылығының мөлшері негізінде айқындайды.»;
«Тиісті бюджет комиссиясының ұсынысы ескеріле отырып айқындалған лимиттер ағымдағы қаржы жылының 1 мамырына дейін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің назарына жеткізіледі.»;
18) 67-баптың 12-1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімнің негізділігі және бюджеттік өтінімге қатысты есеп-қисаптардың анықтығы үшін дербес білім беру ұйымының басшысы, Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың басшылары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.»;
19) 68-бапта:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, аумақтарды дамыту бағдарламасының көрсеткіштеріне және қолданыстағы заттай нормаларға сәйкес келуі тұрғысынан қарайды, бұл ретте бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар түрлері бойынша есеп-қисап кезінде бағдар ретінде тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген бағалардың дерекқоры да пайдаланылады;»;
3, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің стратегиялық жоспарларының жобаларын немесе стратегиялық жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік өтінімдерін, бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қарау қорытындылары бойынша стратегиялық жоспарлардың жобалары немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобалары, бюджеттік өтінімдер және бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауына жібереді.
Жергілікті атқарушы органдарға нысаналы даму трансферттері мен бюджеттік кредиттер беруге бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бюджеттік өтінімдер бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындылары өңірлік саясат мәселелері жөніндегі комиссияның ұсыныстары ескеріле отырып, өңірлік даму саласындағы орталық уәкілетті органның ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін, бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қарау қорытындылары бойынша бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды тиісті бюджет комиссиясының қарауына жібереді.»;
«5. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға стратегиялық жоспарлардың пысықталған жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік өтінімдерді ұсынады.
6. Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері тиісті бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органдарға бюджеттік бағдарламалардың пысықталған жобаларын және бюджеттік өтінімдерді ұсынады.»;
20) 75-баптың 1-тармағы үшінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын;»;
21) 78-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Тиісті мәслихаттың сессиясында жергілікті бюджеттің жобасын талқылау тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің немесе жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген адамның (адамдардың) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, жергілікті бюджеттің жобасы бойынша, сондай-ақ мәслихат уәкілеттік берген адамдардың баяндамаларын, жергілікті бюджеттің жобасы бойынша қорытындысын қоса, қамтиды.»;
22) 79-баптың 2-тармағының екінші бөлігі 2-1) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1) аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, осы Кодекстің 153 және 154-баптарында белгіленген жоспарлау сатыларынан өтпеген, бірақ Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар объектілер бойынша жоспарлы кезеңге арналған инвестициялық жобаларды, сондай-ақ облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша нысаналы даму трансферттері мен кредиттерді қоса алғанда, басым республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесі қоса беріледі.»;
3-тармақтың 23) тармақшасы 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
23) 84-баптың 7) тармақшасы алып тасталсын;
24) 85-бапта:
9-тармақтың екінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті бюджет комиссиясында белгіленген тәртіппен міндетті түрде қарай отырып, жергілікті атқарушы органдар қаражатты бір бюджеттік бағдарлама шеңберінде және бір облыс шегінде жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар арасында, сондай-ақ республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен келісу бойынша, жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар арасында қайта бөлуге құқылы.»;
мынадай мазмұндағы 9-1 және 9-2-тармақтармен толықтырылсын:
«9-1. Бюджеттің атқарылуы барысында республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қаражатты ағымдағы қаржы жылына арналып бекітілген (нақтыланған) республикалық бюджетте көзделген нысаналы даму трансферттері бойынша бір бюджеттік бағдарлама ішінде, облысқа, республикалық маңызы бар қалаға, астанаға ағымдағы қаржы жылына көзделген соманың он пайызынан аспайтын көлемде облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қайта бөлуге құқылы.
Бюджеттің атқарылуы барысында облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қаражатты ағымдағы қаржы жылына арналып бекітілген (нақтыланған) облыстық бюджетте көзделген нысаналы даму трансферттері бойынша бір бюджеттік бағдарлама ішінде ауданға (облыстық маңызы бар қалаға) ағымдағы қаржы жылына көзделген соманың он пайызынан аспайтын көлемде аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) арасында тиісті аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен және тиісті жергілікті өкілді органдармен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қайта бөлуге құқылы.