4) кредит (қарыз) бойынша бір және (немесе) одан да көп құжат болса:
бейрезидентке берілген:
шет мемлекеттің құқық қорғау органына борышкер-жеке тұлғаға және (немесе) лауазымды адамға немесе борышкер-заңды тұлға қабылдаған шешімдерді өзге түрде тікелей немесе жанама айқындауға мүмкіндігі бар тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғау туралы өтініш;
Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің сотына борышты өндіріп алу туралы, кепілге өндіріп алуды қолдану және (немесе) кепілге қатысты жойылған құқықтарын қалпына келтіру туралы талап;
борышкерде және банк алдында борышкермен бірге ортақ немесе субсидиарлық жауаптылықта болатын үшінші тұлғаларда өндіріп алынуы мүмкін мүлік, оның ішінде ақша, бағалы қағаздар немесе табыстар болмаған және оның мүлкін немесе табыстарын анықтау бойынша қолданылған шаралар нәтижесіз болған жағдайда, атқару құжатын аталған банкке қайтару туралы сот орындаушысының заңды күшіне енген қаулысы немесе шет мемлекеттің өзге де құжаты;
шет мемлекет сотының борышты өндіріп алудан, кепілге қатысты жойылған құқықтарды қалпына келтіруден, борышкердің мүлкіне, оның ішінде ақшасына, бағалы қағаздарына немесе табыстарына өндіріп алуды қолданудан бас тарту туралы заңды күшіне енген шешімі;
шет мемлекет сотының борышкерді банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген шешімі және (немесе) конкурстық іс жүргізудің аяқталуы туралы ұйғарымы;
шет мемлекеттің құзыретті органының борышкерді немесе кепіл берушіні таратылуына байланысты заңды тұлғалардың тізілімінен шығару туралы құжаты;
резидентке берілген:
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органына борышкер-жеке тұлғаға және (немесе) лауазымды тұлғаға немесе борышкер-заңды тұлға қабылдаған шешімдерді өзге түрде тікелей немесе жанама айқындауға мүмкіндігі бар тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғау туралы арыз;
банктің арызы бойынша Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының шаралар жүргізгенін немесе қылмыстық іс қозғалғанын растайтын құжат болса, кредит (қарыз) бойынша борышты кешіру жағдайына қолданылады.
Осы тармақшада көзделген құжаттардың болуы бейрезиденттерге берілген кредиттер (қарыздар) бойынша:
ипотекалық шарт жасасқан күні негізгі борышты толық қамтамасыз еткен кепіл мүлікті негізгі борыш сомасынан төмен бағамен соттан тыс тәртіппен сауда-саттықта сатқаннан кейін кредит бойынша өтелмеген борыш сомасын кешіру кезінде;
талап ету құқығын беру күні бейрезидент болып табылатын үшінші тұлғаға дисконтпен банк кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығын беру кезінде, егер беру жүргізілген, кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығының құны бағалаушы мен осындай үшінші тұлға немесе осындай банк арасындағы шарт бойынша Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған банктің осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген талап ету құқығының нарықтық құнына тең болса;
банктің басқару органы мыналардың:
Қазақстан Республикасы мен осындай шет мемлекет арасындағы қылмыстық және (немесе) азаматтық істер бойынша құқықтық көмек туралы келісімнің;
кредиттің (қарыздың) берілгенін растайтын шарттың түпнұсқасының болмауына байланысты шет мемлекеттің құқық қорғау органына немесе сотына жүгіне алмайтындығын құжаттық растаған жағдайда;
борышты кешіру күні бейрезидент болып табылатын борышкерге кредит (қарыз) бойынша борыш сомасы мен бағалаушы және борышкер немесе осындай банк арасындағы шарт бойынша Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған, банктің осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген талап ету құқығының нарықтық құны арасындағы айырма ретінде айқындалатын борышының бір бөлігін кешірген кезде, егер:
кредит (қарыз) берілген шартқа борышкер қол қойған, борышының қалған бөлігін (бұдан әрі - борыш қалдығын) өтеу шартымен борышының бір бөлігін кешіруді көздейтін өзгеріс болған;
осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген банк:
осы Кодекстің 90-бабының 1-тармағына сәйкес құрылған провизиялардың (резервтердің) мөлшерін азайтудан түсетін табысты борыш қалдығы мөлшерінде таныған;
табысқа осы Кодекстің 131 және 132-баптарында көзделген түзету жүргізбеген;
борыштың бір бөлігі кешірілгеннен кейін құрылған борыш қалдығының сомасына қарсы провизиялар (резервтер) бойынша шығыстар сомасын шегерімге жатқызбаған жағдайда;
5) кредит (қарыз) бойынша кредиттік бюрода Қазақстан Республикасының кредиттік бюро және кредит тарихын қалыптастыру туралы заңнамасына сәйкес банк берген, кредит (қарыз) бойынша борыш сомасы туралы ақпарат болса;
6) кредит (қарыз) бойынша бастапқы бухгалтерлік құжат болса, соның негізінде осындай кредит (қарыз) бойынша осы Кодекстің 106-бабының 1-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) құрылған болса;
7) кредит (қарыз) бойынша кредиттік тіркелімде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне берген ақпараты болса, талап етілмейді.
Бұл ретте кешірілуге жататын кредиттер (қарыздар) бойынша борышкерлер тізбесінде әрбір кредит (қарыз) бойынша:
1) кредит дерекнамасының нөмірі;
2) кредиттің (қарыздың) берілген күні;
3) қарыз алушының (қосалқы қарыз алушының) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және (немесе) атауы;
4) кредит (қарыз) бойынша 2012 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есептелген сыйақы мен негізгі борыш бойынша кешірілуге жататын шекті борыш сомасы көрсетіледі.
Осы тармақтың ережелері банк жұмыскеріне, жұбайына (зайыбына) және банк жұмыскерінің жақын туыстарына берілген кредиттерге (қарыздарға) қолданылмайды.»;
4) 106-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «банктердің» деген сөз «егер осы Кодекстің 90-бабының 2-1-тармағында өзгеше белгіленбесе, банктердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 132-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер осы Кодекстің 90-бабының 2-1-тармағында өзгеше белгіленбесе, табыстар немесе шегерімдер мынадай жағдайларда:»;
4-тармақтың 6) тармақшасы 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6) 155-баптың 3-тармағы 29) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақшаның ережелері:
банк жұмыскеріне, жұбайына (зайыбына), банк жұмыскерінің жақын туыстарына, банкпен өзара байланысты тарапқа берілген;
талап ету құқығын беру және (немесе) борышты аудару жүргізілген кредит (қарыз) бойынша міндеттемелердің тоқтатылуына қолданылмайды.»;
4-тармақтың 7) тармақшасы 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
7) 193-баптың 5-тармағы 17) тармақшасындағы «табыстар салық салынуға жатпайды.» деген сөздер «табыстар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
«18) борышты кешіру осы Кодекстің 90-бабының 2-1-тармағында белгіленген тәртіппен және жағдайларда жүргізілген кредит (қарыз) бойынша берешек сомасы салық салынуға жатпайды.»;
4-тармақтың 8) тармақшасы 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
8) 200-1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
«14) борышты кешіру осы Кодекстің 90-бабының 2-1-тармағында белгіленген тәртіппен және жағдайларда жүргізілген кредит (қарыз) бойынша берешек сомасы.»;
4-тармақтың 9) тармақшасы 2014 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
9) 644-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бақылау-касса машиналары - тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы ақпаратты тіркеуді және көрсетуді қамтамасыз ететiн фискальдық жады блогі не деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар электрондық құрылғылар, компьютерлiк жүйелер;»;
мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
«14-1) фискальдық деректер операторы - ортақ пайдаланудағы телекоммуникациялар желілері бойынша салық қызметі органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде беруді қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға.»;
4-тармақтың 10) тармақшасы 2014 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
10) мынадай мазмұндағы 645-1-баппен толықтырылсын:
«645-1-бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысу туралы мәліметтерді қабылдау, сақтау және салық қызметі органдарына беру тәртібі
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынан мәліметтерді қабылдауды, сақтауды, сондай-ақ оларды салық қызметі органдарына беруді уәкілетті орган белгілеген тәртіппен фискальдық деректер операторы жүргізеді.».
5. 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұны мынадай мазмұндағы 278-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«278-1-бап. Электрондық құжат түрінде берілетін кедендік декларацияны куәландыру»;
2) 19-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Кеден органдары мен салық қызметі органдары өзара іс-қимыл кезінде кедендік және (немесе) салықтық бақылау жүргізу үшін қажетті ақпаратпен, оның ішінде кеден және салық органдарының интеграцияланған ақпараттық жүйелері арқылы алмасады.»;
3) 78-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Тауарларды сыныптаудың дұрыстығын тексеруді кеден органы тәуекелдерді басқару жүйесінде айқындалатын жағдайларда, тауарларды шығарғанға дейін кедендік бақылау жүргізу шеңберінде жүзеге асырады.
Тауарларды сыныптаудың дұрыстығын тексеруді кеден органы осы Кодекстің 21 және 24-тарауларында белгіленген тәртіппен жүргізілетін тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылау жүргізу шеңберінде жүзеге асырады.»;
3 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тауарларды шығарғанға дейін де, оларды шығарғаннан кейін де тауарлардың дұрыс сыныпталмауы анықталған жағдайда, осы баптың 2-тармағында айқындалған кеден органының лауазымды адамы тауарларды сыныптауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған нысан бойынша тауарларды сыныптау жөнінде шешім қабылдайды.»;
«9. Тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалана отырып, тауарларды кедендік декларациялау кезінде тауарлардың дұрыс сыныпталмауы анықталған жағдайда, кеден органының лауазымды адамы тауарларды сыныптау жөнінде шешім қабылдау үшін бір жұмыс күні ішінде декларанттан қосымша құжаттарды жазбаша сұрайды.
Қосымша құжаттар декларантты жазбаша хабардар еткен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ұсынылады.
Кеден органы декларант сұрау салынған құжаттарды ұсынған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған нысан бойынша тауарларды сыныптау жөнінде шешім шығарады және бір жұмыс күнінен кешіктірмей оны декларантқа поштамен жібереді.»;
4) 138-баптың 9-тармағының екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Төлеуші кедендік баждарды, салықтарды және өсімпұлды кеден органдарының ғимараттарында орналасқан электрондық терминалдар, екiншi деңгейдегі банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассалары, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеген кезде, электрондық терминалдан берілетін чек, банк кассасының түбіртегі немесе «электрондық үкімет» жүйесінде жасалатын электрондық чек тауарларды шығару үшiн олардың бюджетке төленгенiн растау болып табылады.
Төлеушi немесе үшiншi тұлға төлеушiнiң шотына кедендiк баждарды, салықтарды және өсімпұлды тiкелей кеден органының ғимараттарында (үй-жайларында) орналасқан екiншi деңгейдегi банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың кассалары арқылы төлеген кезде, аталған кассалардың түбiртектерi тауарларды шығару үшiн олардың бюджетке төленгенін растау болып табылады.»;
5) 220-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Тексерілетін адам камералдық кедендік тексеру кезінде кеден органының жазбаша талабымен белгіленген мерзімдерде электрондық құжат түрінде берілген кедендік декларацияда мәлімделген құжаттарды ұсынбаған жағдайда, кедендік декларацияда осындай құжаттардың негізінде мәлімделген мәліметтер дұрыс мәлімделмеген болып есептеледі.
Кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттар болмаған кезде, кедендік баждардың, салықтардың сомаларын кеден органы кедендік баждар, салықтар мөлшерлемелерінің неғұрлым жоғары шамасын, сондай-ақ кеден органының қолда бар мәліметтерінің негізінде айқындалуы мүмкін тауарлардың санын және (немесе) құнын негізге ала отырып айқындайды.»;
6) 223-баптың 1-тармағында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) коммерциялық, көлiк (тасымалдау) құжаттарын, олардың негізінде кедендік декларациядағы мәліметтер мәлімделген құжаттарды, бухгалтерлiк есеп және есептiлiк құжаттарын, оның iшiнде көшпелі кедендік тексеру кезінде тексерiлетiн тауарларға қатысты құжаттарды электрондық жеткізгіштерде талап етуге, алуға және тексеруге;»;
15) тармақшадағы «тексеруге құқылы.» деген сөздер «тексеруге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 16) және 17) тармақшалармен толықтырылсын:
«16) камералдық кедендік тексеру жүргізу кезінде тексерілетін тұлғалардан электрондық құжат түрінде берілген, кедендік декларацияда мәлімделген құжаттарды талап етуге;
17) көшпелі кедендік тексеру жүргізу кезінде техникалық құралдарды, оның ішінде тексерілетін тұлға электрондық түрде берген ақпаратты өңдеу үшін бағдарламалық өнімдерді пайдалануға құқылы.»;
7) мынадай мазмұндағы 278-1-баппен толықтырылсын:
«278-1-бап. Электрондық құжат түрінде берілетін кедендік декларацияны куәландыру
Кедендік декларацияны электрондық құжат түрінде беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген, декларанттың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған болуға тиіс.
Декларанттың электрондық цифрлық қолтаңбасы кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайды.»;
8) 279-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Тауарларға арналған декларацияны электрондық құжат түрінде берген кезде, тауарларға арналған декларацияның жазбаша нысанын ұсыну талап етілмейді.»;
9) 281-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кедендік декларацияны электрондық құжат түрінде беру кеден органына олардың негізінде тауарлар туралы мәліметтер мәлімделген құжаттарды ұсынумен бірге жүргізілмейді.
Кедендік декларацияны электрондық құжат түрінде ұсыну, пайдалану және сақтау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
10) 286-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) кедендік декларацияны электрондық құжат түрінде тапсырған кезде, тәуекелдерді басқару жүйесі кеден органына онда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды беруді көздейтін тәуекелдерді болғызбау және барынша төмендету жөніндегі шараларды берген жағдайда, осындай құжаттарды қағаз жеткізгіште және (немесе) электрондық түрде ұсынуға;»;
11) 288-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Электрондық құжат түріндегі кедендік декларация кеден органдарының ақпараттық жүйесіне ақпараттық технологиялар арқылы беріледі.
Декларант тауарларға арналған декларацияны берген кезде, электрондық құжат түріндегі кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтердің толықтығын тексеру кеден органдарының ақпараттық жүйелерінде жүзеге асырылады.»;
12) 296-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Кедендік декларацияны электрондық құжат түрінде ұсынған кезде, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген кеден органы лауазымды адамының әрекеттері электрондық түрде жүзеге асырылады және оның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
Кедендік декларация декларантқа немесе кеден өкіліне, сондай-ақ тасымалдаушыға және өзге мүдделі адамдарға кеден органдарының ақпараттық жүйелері пайдаланыла отырып, электрондық нысанда жіберіледі.».
6. «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 92, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
9-бап мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Метрополитенмен жолаушылар тасымалын субсидиялау қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.».
7. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2009 ж., № 24, 122, 125-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат):
1) 6-баптың жетінші бөлігі «жалғыз құрылтайшы» деген сөздерден кейін «не құрылтайшылардың бірі» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 6-1-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшы (құрылтайшылар) тіркеуші органға Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама береді. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламаға заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымының төленгенін растайтын түбіртектің немесе өзге де құжаттың көшірмесі қоса беріледі.
Хабарлама «электрондық үкімет» веб-порталында толтырылатын электрондық құжатты толтыру арқылы берілген кезде тіркеу алымын төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламаға заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымының төленгенін растайтын түбіртектің немесе өзге де құжаттың электрондық көшірмесі қоса беріледі.»;
3) 12-баптың төртінші бөлігі алып тасталсын.
8-тармақ 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
8. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 50-баптың 4-тармағының екінші бөлігі 10) тармақшасындағы «банктерге беруі банк құпиясын ашу болып табылмайды.» деген сөздер «банктерге беруі;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) банктің борыш кешірілуге жататын кредиттер (қарыздар) бойынша борышкерлер тізбесін:
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне;
мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға;
салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға беруі банк құпиясын ашу болып табылмайды.
Осы тармақшаның ережелері:
өзіне қатысты сот шешімі бойынша қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі;
бірігу арқылы қайта ұйымдастыру нәтижесінде осы бөліктің екінші абзацында көрсетілген банктің құқық мирасқоры болып табылатын банкке қолданылады.».
9-тармақ 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
9. «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-кұжат; 2014 ж., № 2, 10-кұжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):