4) сақтандыру тобының активтерін қайта құрылымдау;
5) әкімшілік шығыстарды, оның ішінде қызметкерлерді қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тыс жерлерде де тәуелді ұйымдардың жарғылық капиталдарға қатысу үлестерін азайту арқылы қысқарту;
6) сақтандыру холдингі және сақтандыру тобына қатысушылар арасындағы оларды тәуекелге әкеп соғатын операцияларды (тікелей және жанама түрде) жүзеге асыруды тоқтата тұру жөнінде талаптар қою арқылы қолданады.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру тобының) қаржылық тұрақтылығын арттыруға бағытталған іс-шаралар жоспарын осы баптың 3 және 4-тармақтарында белгіленген мерзімдерде тапсырмаған немесе осы жоспардың іс-шараларын уақтылы орындамаған, сондай-ақ ертерек ден қою шараларын уәкілетті органның талабына сәйкес орындамаған немесе уақтылы орындамаған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына (сақтандыру тобына) және (немесе) олардың акционерлеріне (ірі қатысушыларға) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шектеулі ықпал ету шаралары және (немесе) санкциялар, сондай-ақ мәжбүрлеу шаралары қолданылады.
6. Ертерек ден қою шараларын қолдану тәртібі және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру тобының) қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
ҚР 2005.23.12 № 107-III ҚР Заңымен 53-1-баппен толықтырылды; 2006.05.07. № 164-III (бұр.ред.қара) Заңдарымен 53-1-бап өзгертілді; 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 53-1-бап жаңа редакцияда; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 53-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
53-1-бап. Ірі қатысушы немесе сақтандыру холдингі белгілерін иемденуші тұлғаларға, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру холдингіне және сақтандыру тобы құрамына кіретін заңды тұлғаларға қолданылатын мәжбүрлеу шаралары
1. Уәкілетті орган ірі қатысушы немесе сақтандыру холдингі белгілерін иеленуші тұлғаларға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру холдингіне, сондай-ақ сақтандыру тобы құрамына кіретін заңды тұлғаларға:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы және сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін алмаған;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы және сақтандыру холдингінің мәртебесін иеленгеннен кейін осы Заңның 26-1-бабының 1-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған;
3) осы Заңның 53-2-бабының 7-тармағына сәйкес уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын орындамаған;
4) жасалуы салдарынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына залал келтірілген немесе келтірілуі мүмкін іс-әрекеттерді ірі қатысушы немесе сақтандыру холдингі белгілерін иемденуші тұлға, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы (оның ішінде ірі қатысушы бақылау жасайтын ұйымдар), сақтандыру холдингі және сақтандыру тобының құрамына кіретін заңды тұлға жасаған;
5) олардың салдарынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына залал келтірілген немесе келтірілуі мүмкін, ірі қатысушы немесе сақтандыру холдингі белгілерін иемденуші тұлғаның, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының (оның ішінде ірі қатысушы бақылау жасайтын ұйымдардың), сақтандыру холдингінің және сақтандыру тобының құрамына кіретін заңды тұлғалардың қаржылық жағдайының тұрақсыздығы;
6) осы Заңның 53-бабында аталған факторлардың анықталуына байланысты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының қаржылық жай-күйі нашарлаған;
7) сақтандыру холдингі пруденциялық нормативтерді жүйелі түрде (бір жыл ішінде екі және одан көп рет) орындамаған жағдайларда мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
Сақтандыру холдингтеріне және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акцияларының жиырма бес пайыздан астамын тікелей немесе жанама иемденетін жеке тұлғаларға уәкілетті орган осы Заңның 46-1-бабы 2-тармағының талаптарын орындамауға әкеп соққан олардың іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі үшін мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлар болған кезде уәкілетті орган:
1) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғадан, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыдан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында оның тікелей немесе жанама түрде иелік ететін үлесін дауыс беретін акциялардың он пайызынан төмен деңгейге дейін азайтуды талап етуге;
2) сақтандыру холдингі белгілерін иеленуші тұлғадан, сондай-ақ сақтандыру холдингінен оның тікелей немесе жанама түрде иелену үлесін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес пайызынан төмен деңгейге дейін азайтуды және олар мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы арасында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тәуекелге душар ететін операцияларды (тікелей және жанама түрде) жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру холдингі акционер (қатысушы) болып табылатын ұйымдарға, сондай-ақ сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарға қатысты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан және сақтандыру холдингінен олардың арасында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын және (немесе) сақтандыру холдингін не сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарды тәуекелге душар ететін операцияларды (тікелей және жанама түрде) жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан немесе сақтандыру холдингі белгілерін иеленуші тұлғадан, сондай-ақ сақтандыру холдингінен еншілес ұйымды немесе капиталында өздерінің қомақты қатысуы бар ұйымдарды иелену немесе бақылау үлесін иеліктен шығаруды талап етуге;
5) сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдардан олар мен сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарды тәуекелге душар ететін олардың үлестес тұлғалары арасындағы операцияларды (тікелей және жанама түрде) жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге;
6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының меншікті капиталын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде ұлғайту мақсатында сақтандыру холдингінен, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыдан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын немесе сақтандыру тобын қосымша капиталдандыру жөнінде шаралар қолдануды талап етуге құқылы.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы, сақтандыру холдингі не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы не сақтандыру холдингі белгілерін иеленуші тұлға, осы баптың 2-тармағында, сондай-ақ осы Заңның 20-бабының 10-тармағында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда уәкілетті органның шешімі негізінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыға, сақтандыру холдингіне не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы, сақтандыру холдингі белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі акцияларды сенімгерлік басқару тағайындалады. Осы акциялар уәкілетті органға үш айға дейінгі мерзімге сенімгерлік басқаруға беріледі.
Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыға, сақтандыру холдингіне не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушының не сақтандыру холдингінің белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі акцияларын ұлттық басқарушы холдингке сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдауға құқылы.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыға, сақтандыру холдингіне не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушының не сақтандыру холдингінің белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі акцияларын ұлттық басқарушы холдингке сенімгерлік басқаруға берген жағдайда акцияларды сенімгерлік басқару тағайындалатын мерзім уәкілетті органның сенімгерлік басқаруды тағайындау туралы шешімінде анықталады.
Уәкілетті органның не ұлттық басқарушы холдингтің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сенімгерлік басқаруды жүзеге асыруы кезеңінде акциялардың меншік иесі сенімгерлік басқарудағы акцияларға қатысты қандай да бір іс-әрекетті жүзеге асыруға құқылы емес.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы, сақтандыру холдингі не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы, сақтандыру холдингі белгілерін иеленуші тұлға уәкілетті органның алдында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өздеріне тиесілі барлық акцияларын өтініште көрсетілген тұлғаларға сату туралы ұсыныс беруге құқылы.
Өтініште көрсетілген акцияларды сатып алушылар Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің талаптарын орындаған жағдайда уәкілетті орган өтінішті қанағаттандырады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыға, сақтандыру холдингіне не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушының не сақтандыру холдингінің белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі акцияларын сенімгерлік басқару тағайындалған мерзім өткенге дейін сенімгерлік басқаруға беру үшін негіздер жойылмаған кезде уәкілетті орган не ұлттық басқарушы холдинг сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сенімгерлік басқарудағы акцияларын оларды сату туралы шешім қабылдау күніне қалыптасқан нарықтық құн бойынша бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында оларды сату жолымен иеліктен шығарады. Акциялардың нарықтық құны туралы ақпарат болмаған жағдайда бағалаушы акцияларды сату бағасын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындауы мүмкін. Аталған акцияларды сатудан түскен ақша акциялары сенімгерлік басқаруға берілген тұлғаларға аударылады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыға, сақтандыру холдингіне не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы, сақтандыру холдингі белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі акцияларын сату жөніндегі іс-шаралар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыға, сақтандыру холдингіне не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы, сақтандыру холдингі белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі акцияларын сенімгерлік басқаруды, сондай-ақ сенімгерлік басқару кезеңінде уәкілетті органның не ұлттық басқарушы холдингтің іс-әрекетін жүзеге асыру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
4. Мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 53-2-баппен толықтырылды; 2008.23.10. № 72-IV (бұр.ред. қара); 2009.11.07. № 185-IV (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 53-2-бап өзгертілді; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 53-2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
53-2-бап. Шектеулі ықпал ету шаралары
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді бұзуын, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуды анықтаған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің және сақтандыру брокерінің заңсыз әрекеттерін немесе әрекетсіздіктерін анықтаған, сондай-ақ уәкілетті органның осы Заңда көзделген өзге де талаптарын орындамаған жағдайларда уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және сақтандыру брокеріне мынадай шектеулі ықпал ету шараларының бірін:
1) міндеттеме хатты талап етуді;
2) орындалуға міндетті жазбаша ұйғарым беруді;
3) жазбаша ескерту шығаруды;
4) жазбаша келісім жасауды қолдануға құқылы.
Уәкілетті орган актуарийдің сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнаманы бұзуын анықтаған жағдайда уәкілетті орган осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында аталған шектеулі ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру брокерінің міндеттеме хаты орын алған кемшіліктерді және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғанын мойындау фактісін, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы басшылығының немесе сақтандыру брокерінің анықталған Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына бұдан әрі жол бермеу жөніндегі кепілдігін қамтуға тиіс.
2007.19.0 2. № 230-III ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Жазбаша нұсқама - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру брокерінің анықталған Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуын, сондай-ақ шарттық міндеттемелерді бұзушылықтарды қатаң белгіленген мерзімде жоюға бағытталған орындауға міндетті түзету шараларын қолдану туралы және анықталған Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуын одан әрі болғызбау туралы нұсқауы.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокері жазбаша міндеттемеге сәйкес өзіне қабылдаған міндеттемелерді қатарынан алты ай бойы бұзған жағдайларда да уәкілетті орган жазбаша нұсқама шығара алады.
Бұл жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жазбаша нұсқаманы алған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде уәкілетті органға жазбаша нұсқамада көрсетілген мерзім шеңберінде қаржылық сауықтыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын беруге міндетті. Жоспарланған іс-шараларды орындау кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органға іс-шаралар жоспарында айқындалған іс-шаралардың орындалуы туралы есеп береді.
Жазбаша нұсқаманы орындау мерзімі шеңберінде пруденциялық нормативтер одан әрі төмендетілген жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерді шеттетуі уәкілетті органның келісімімен жүзеге асырылады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокері уәкілетті органға жазбаша нұсқаманы сонда көрсетілген мерзімде орындағаны туралы хабарлауға міндетті.
Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына сотқа шағымдану оны орындауды тоқтата тұрмайды.
4. Жазбаша ескерту сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына немесе сақтандыру брокеріне, егер орын алған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар уәкілетті орган белгілеген мерзімде жойылмаса, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокері өзіне қабылдаған міндеттемелерді жазбаша міндеттемесінде және (немесе) уәкілетті органның жазбаша нұсқамасында белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда, осы Заңның 53-3-бабында көзделген санкцияларды қолдану мүмкіндігі туралы уәкілетті органның хабарламасы болып табылады.
5. Жазбаша келісім - уәкілетті орган мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокері арасындағы анықталған бұзушылықтарды және (немесе) кемшіліктерді жою қажеттігі туралы және осы бұзушылықтарды және (немесе) кемшіліктерді жою жөнінде бірінші кезектегі шараларды бекіту туралы келісім. Жазбаша келісім екі тарап та орын алған бұзушылықтарды және (немесе) кемшіліктерді жою үшін оларды уәкілетті орган анықтаған сәттен бастап екі айдан астам мерзім қажет деген ұйғарымға келген жағдайда жасалады.
6. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына немесе сақтандыру брокеріне бұрын қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан, осы бапта айқындалған кез келген шектеулі ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Осы бапта келтірілген шаралар сақтандыру холдингіне, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыларға қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзған, оның ішінде сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін иеленгеннен кейін тұрақсыз қаржылық жағдайының белгілері пайда болған жағдайларда, сондай-ақ, егер уәкілетті орган осы тұлғалардың, олардың лауазымды адамдарының немесе қызметкерлерінің бұзушылықтары, заңсыз әрекеті немесе әрекетсіздігі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының қаржылық жағдайын нашарлатқанын анықтаған жағдайда, оларға да қатысты қолданылуы мүмкін.
7-1. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды тапқан, деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның лауазымды адамдарының және қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерін немесе әрекетсіздігін анықтаған, сондай-ақ уәкілетті органның осы Заңда көзделген өзге де талаптарын орындамаған жағдайда уәкілетті орган деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға осы баптың 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында аталған шектеулі ықпал ету шараларын қолданады.
8. 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 53-3-баппен толықтырылды; 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 53-3-бап өзгертілді
53-3-бап. Санкциялар
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру холдингіне, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру брокеріне бұрын оларға қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан, санкциялар қолдануға құқылы.
2. Уәкілетті орган санкциялар ретінде мынадай шараларды:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен әкімшілік айыппұл салуды;
2) осы Заңның 54-бабында белгіленген негіздер бойынша лицензияның қолданылуын тоқтата тұруды;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) осы Заңның 55-1, 55-2, 55-3, 55-4 және 55-5-баптарында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен консервацияны енгізуді;
3) осы Заңның 55-бабында көзделген негіздер бойынша лицензиядан айыруды;
2007.19.0 2. № 230-III ҚР Заңымен 4 ) тармақша өзгертілді (бұр.ред. қара )
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын оның акционерлерінен мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылдауды және оларды осы Заңның 61-бабының талаптарына сәйкес жаңа инвесторға сатуды;
2007.19.0 2. № 230-III ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) осы Заңның 34-бабында аталған тұлғаларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттерін қолданыстағы заңнаманың талаптарына сай келмейді деп тану үшін жеткілікті деректер негізінде бір мезгілде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерінің лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісімді кері қайтарып ала отырып, қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуді қолдануға құқылы.
3. Уәкілетті орган мынадай негіздердің бірі:
1) уәкілетті орган қолданған шектеулі ықпал ету шараларының талаптарын орындамауы;
2) осы Заңда белгіленген сақтандыру есептері мен ақпаратын беру тәртібі мен мерзімдерін бұзуы;
3) уәкілетті органға осы Заңның 82-бабы 1-тармағының 11) тармақшасында көзделген ақпаратты бермеуі немесе дәйексіз ақпарат беруі;
4) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға сақтандыру есептеріндегі ақпаратты ашуы немесе беруі бойынша деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның лауазымды адамын қызметтік міндеттерді орындаудан шеттету түрінде санкция қолданады.
ҚР 11.06.03 ж. № 436-11 (бұр. ред. қара); 2005.23.12 № 107-III (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 128-III ( бұр. ред. қара); 2007.07.05. № 244-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 54- бап өзгертілді; 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (қолданысқа енгізілген күннен бастап жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.28.08. № 192-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 54-бап өзгертілді
54-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокерi лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру
1. Мынадай негiздердiң бiрi бойынша:
2007.19.0 2. № 230-III ҚР Заңымен 1 ) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред. қара )
1) уәкілетті орган қолданған шектеулі ықпал ету шараларының талаптарын орындамаған;
1-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында өзге сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын иеленуші ірі қатысушы - жеке тұлға болмаған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын иеленуші жеке тұлғадан сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін кері қайтарып алған;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген пруденциялық нормативтердiң талаптарын және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi сақтамаған;
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) сақтандыру сыйлықақысының негізделмеген мөлшерін қолданудан, сақтандыру төлемін жүзеге асырудан негізсіз бас тартудан, сақтандыру төлемін уақтылы жүзеге асырмаудан, сақтандырудың міндетті түрлерін жүргізудің талаптары мен тәртібінен туындайтын міндеттерді орындамаудан немесе тиісінше орындамаудан көрінетін сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін бұзу фактісі анықталған;
2-2) осы Заңның 15-1-бабында белгіленген, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен аффилиирленген тұлғаларға жеңілдікті жағдайлар жасауға тыйым салуды бұзған;
2-3) осы Заңның 11-бабының 3-1-тармағында белгiленген тыйым салуды бұзған;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген қатарынан екi есепті кезең ішінде уәкiлеттi органға есептiлікті табыс етпеген;
4) сақтандыру қызметiн және сақтандыру брокерінің қызметін тексеруге байланысты уәкiлеттi органның өз құзыретi шегiнде талап еткен құжаттар мен ақпаратты беруден бас тартқан;
5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, басшы қызметкерлерін, сақтандыру брокерін келісуге байланысты талаптарды бұзған;
6) 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен алып тасталды ( бұр. ред. қара)
7) бухгалтерлiк есепте сақтандыру (қайта сақтандыру) жөніндегі қаржы операцияларын тиiсiнше көрсетпеуге, сондай-ақ есепке алудың өзге де мiндеттi нысандарын жүргiзуге байланысты Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу фактiсi анықталған;
8) лицензия беруге негiз болған құжаттарда жалған ақпарат беру фактiсi анықталған;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 8-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8-1) аудиторлық ұйымның өткізілген аудит туралы есебінде көрсетілген бұзушылықтарды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы Заңның 20-бабының 10-тармағында көрсетілген мерзімде қасақана жоймаған;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтандыру шарттары бойынша сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға міндетті немесе төтенше жарналарды, сондай-ақ қосымша жарналарды соңғы он екі айдың ішінде екі және одан да көп рет төлемеген, уақытылы төлемеген не толық көлемінде төлемеген;
10) сақтандыру брокері сақтандыру агентінің қызметін жүзеге асырған.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
11) заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарды жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) бұзған;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
12) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында осы Заңда көзделген жағдайларда дерекқорға қатысу шарты болмаған;