29-тармақтың 13) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
13) 10-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігінің 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қызметінің ерекше түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалар - операция жасалған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешiктiрмей, бөлiнген байланыс арналары арқылы электрондық тәсiлмен немесе қағаз жеткізгіште;
3) осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 6) - 9), 11) және 12) тармақшаларында көрсетiлген қаржы мониторингi субъектiлерi - операция жасалған және (немесе) анықталған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешiктiрмей, бөлiнген байланыс арналары арқылы электрондық тәсiлмен немесе қағаз жеткізгіште уәкiлеттi органға қазақ немесе орыс тілінде ұсынады.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Бұрын қаржы мониторингі субъектісі ұсынған қаржы мониторингіне жататын операциялар бойынша, оның ішінде күдікті операциялар туралы қажетті ақпарат алу мақсатында уәкілетті орган қаржы мониторингі субъектісіне қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруге сауал жібереді.
Осы Заңның 18-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында және 19-бабының 2-тармағында көрсетілген мақсатта уәкілетті орган қаржы мониторингі субъектісіне қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруге сауал жібереді.
Қаржы мониторингі субъектілері уәкілетті органға оның сауалдары бойынша қаржы мониторингіне жататын операциялар бойынша қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды:
1) осы Заңның 4-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес тиісті сауал алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;
2) осы Заңның 4-бабының 4-тармағына сәйкес тиісті сауал алынған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде беруге міндетті.
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың негізінде берілетін мәліметтер мен ақпаратты қоспағанда, уәкілетті орган осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған операциялар бойынша мәліметтер мен ақпаратты сұратуға құқылы емес.»;
14) 11-бапта:
1 және 2-тармақтардағы «заңсыз» деген сөз «қылмыстық» деген сөзбен ауыстырылсын;
29-тармақтың 14) тармақшасының үшінші - оныншы абзацтары ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қаржы мониторингі субъектілері ішкі бақылау қағидаларын әзірлейді, қабылдайды әрі орындайды және осы Заңда көзделген ішкі бақылауды жүргізу кезінде қаржы мониторингі субъектісінің қызметіне қойылатын талаптардан басқа, олар мыналарды:
қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасын;
технологиялық жетістіктерді пайдалану тәуекелін қоса алғанда, клиенттердің тәуекелдерін және көрсетілетін қызметтерді қылмыстық мақсаттарда пайдалану тәуекелдерін ескеретін, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелін басқару бағдарламасын;
клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасын;
клиенттердің күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиенттердің операцияларына мониторинг жүргізу және оларды зерделеу бағдарламасын;
қаржы мониторингі субъектілерінің қызметкерлерін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша даярлау және оқыту бағдарламасын;
ішкі бақылау қағидаларына сәйкес қаржы мониторингі субъектілері әзірлеуі мүмкін өзге де бағдарламаларды қамтуға тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Қаржы мониторингі субъектілері Қазақстан Республикасында және оның шегінен тысқары жерлерде де орналасқан өз филиалдарының, өкілдіктерінің, еншілес ұйымдарының, егер бұл олардың орналасқан жеріндегі мемлекеттің заңнамасына қайшы келмесе, ішкі бақылау қағидаларын сақтауын және іске асыруын қамтамасыз етеді.
Қаржы мониторингі субъектілері уәкілетті органға және бақылау мен қадағалау органына Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде орналасқан өз филиалдарының, өкілдіктерінің, еншілес ұйымдарының олардың орналасқан жеріндегі мемлекеттің заңнамасына қайшы келетіндіктен, ішкі бақылау қағидаларын сақтау және іске асыру мүмкіндігінің болмауы фактілері туралы хабарлауға міндетті.
29-тармақтың 14) тармақшасының он төртінші - он жетінші абзацтары ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
3-2. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар қаржы мониторингі субъектілерінің түрлері бойынша уәкілетті органның және тиісті мемлекеттік органдардың бірлескен нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.»;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Клиенттің дерекнамасын және онымен хат-хабар алмасуды қоса алғанда, клиентті тиісінше тексеру нәтижелері бойынша алынған құжаттар мен мәліметтер қаржы мониторингi субъектiлерiнің клиентпен іскерлік қатынастарын тоқтатқан күннен бастап кемiнде бес жыл сақтауына жатады.
Қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар және күдікті операциялар туралы құжаттар мен мәліметтер, сондай-ақ барлық күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларды зерделеу нәтижелері операция жасалғаннан кейін қаржы мониторингі субъектілерінің кемінде бес жыл сақтауына жатады.
5. Қаржы мониторингі субъектілері мен олардың жұмыскерлері клиенттер мен өзге де тұлғаларға осы Заңға сәйкес осындай клиенттер туралы және олардың жасайтын операциялары туралы мәліметтер мен ақпаратты уәкілетті органға беруі туралы хабарлауға құқылы емес.»;
29-тармақтың 14) тармақшасының он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтары ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Қаржы мониторингі субъектілеріне жұмыскерлерді даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптарды тиісті мемлекеттiк органдармен келiсу бойынша уәкiлеттi орган бекiтеді.»;
15) 12-бапта:
29-тармақтың 15) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Уәкілетті орган терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесін осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 12) тармақшасында көзделген қаржы мониторингі субъектілерінің назарына жеткізеді.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесі өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органның, сондай-ақ басқа да құзыретті мемлекеттік органдардың уәкілетті органға беретін ақпаратына сәйкес жаңартылып отырады.»;
4-тармақтың 6) тармақшасындағы «арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының» деген сөздер «құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ алып тасталсын;
16) 13-бапта:
тақырып және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13-бап. Ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операцияларды жүргiзуден бас тарту және оларды тоқтата тұру
1. Қаржы мониторингi субъектiлерi осы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген шараларды қолдану мүмкiн болмаған жағдайда, жеке немесе заңды тұлғаға іскерлік қатынастарды орнатудан бас тартуға, сондай-ақ ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операцияларды жүргiзуден бас тартуға мiндеттi.
29-тармақтың 16) тармақшасының бесінші абзацы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
Қаржы мониторингі субъектілері осы Заңның 5-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында көзделген шараларды қолдану мүмкiн болмаған жағдайда, сондай-ақ клиент жасайтын операцияларды зерделеу процесінде клиент іскерлік қатынастарды қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) немесе терроризмді қаржыландыру мақсатында пайдаланыланады деген күдік туындаған жағдайда, клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтатуға құқылы.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Қаржы мониторингі субъектілері осы Заңның 12-бабының 1-тармағында көзделген, терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне уәкілетті органның ұйымды немесе жеке тұлғаны енгізгені туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей:
осындай ұйымның немесе жеке тұлғаның банк шоттары бойынша, сондай-ақ осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға;
осындай жеке тұлғаның банк шотын пайдаланбай ақша төлемі немесе аударымы бойынша нұсқауларды, сондай-ақ осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиенттің нұсқауларын орындауды тоқтата тұруға;
бағалы қағаздарды ұстаушылар тіркелімінің жүйесіндегі және осындай ұйымның немесе жеке тұлғаның жеке шоттарында, сондай-ақ осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиенттің жеке шоттарында номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздарды бұғаттауға;
осындай ұйым немесе жеке тұлға жасайтын не олардың пайдасына жасалатын, сол сияқты осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиент жасайтын не оның пайдасына жасалатын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен өзге де операциялар жүргізуден бас тартуға міндетті.
Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын, бағалы қағаздарды ұстаушылар тіркелімінің жүйесіндегі және жеке шоттар бойынша номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді тіркеуді, сондай-ақ осы Заңның 12-бабының 1-тармағында көзделген, терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген ұйымдар мен жеке тұлғалардың ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен өзге де операцияларын қаржы мониторингі субъектілері сот шешімі, салық және (немесе) кеден органдарының инкассолық өкімдері, салық және (немесе) кеден органдарының иелік ету шектелген мүлікті өндіріп алу туралы қаулылары негізінде, сондай-ақ ұйым немесе жеке тұлға осы Заңда көзделген тәртіппен жоғарыда көрсетілген тізбеден шығарылғаннан кейін жүзеге асыруы мүмкін.»;
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру фактілерінің алдын алу және жолын кесу мақсатында қаржы мониторингі субъектілері операция күдікті ретінде танылған кезде уәкілетті органға осындай операция туралы ол жүргізілгенге дейін дереу хабарлауға міндетті.
Уәкілетті органның қаржы мониторингін жүзеге асыруы мақсатында тоқтата тұру мүмкін болмайтын күдікті операциялар туралы хабарларды қаржы мониторингі субъектілері уәкілетті органға олар жасалғаннан кейін үш сағаттан кешіктірмей не мұндай операциялар анықталған кезден бастап жиырма төрт сағаттың ішінде береді.
Күдікті деп танылған операция жасалғаннан кейін ол туралы хабарды қаржы мониторингі субъектісі уәкілетті органға осындай операция күдікті деп танылған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
Қаржы мониторингі субъектілері уәкілетті органға осы баптың 1-тармағында көзделген негіздер бойынша жеке немесе заңды тұлғамен іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту, клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтату, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция жүргізуден бас тарту фактілері туралы, сондай-ақ осы баптың 1-1-тармағында көзделген жағдайларда операцияларды тоқтата тұру фактілері туралы хабарларды қаржы мониторингі субъектісі тиісті шешім қабылдаған (әрекет жасаған) күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
3. Уәкiлеттi орган осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көзделген хабарды алып, оны алған кезден бастап жиырма төрт сағат iшiнде, егер қаржы мониторингі субъектісі ұсынған күдікті операция туралы хабар уәкілетті органның жүргізген талдау нәтижелері бойынша негізді деп танылған болса, күдікті операцияның жүргізілуін үш жұмыс күніне дейінгі мерзімге тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды.
Уәкілетті орган осы Заңның 18-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген күдікті операция туралы хабарды алып, егер ақпарат алынған кезде ол әлі жасалмаған болса, мұндай операцияны тоқтата тұруға құқылы.
Күдікті операцияны тоқтата тұру туралы не күдікті операцияны тоқтата тұрудың қажеттігі жоқ екендігі туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды және ол күдікті операция туралы хабарды ұсынған қаржы мониторингі субъектісінің және мемлекеттік органның назарына электрондық тәсілмен немесе қағаз жеткізгіште жеткізіледі.»;
5-тармақта:
бірінші және екінші бөліктердегі «арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарына», «арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдары» деген сөздер тиісінше «құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға», «құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының» деген сөздер «құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1 және 5-2-тармақтармен толықтырылсын:
«5-1. Құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардан осы баптың 5-тармағына сәйкес берілген, аталған операция терроризмді қаржыландыруға бағытталады деп жорамалдауға негіздер бар күдікті операцияны тоқтата тұру қажеттілігі туралы шешім алынған жағдайда, уәкілетті орган осындай операцияның қатысушылары болып табылатын тұлғалардың банк шоттары бойынша шығыс операцияларын күнтізбелік он бес күнге дейінгі мерзімге тоқтата тұру туралы шешім шығарады.
Терроризмді қаржыландыруға бағытталады деп жорамалдауға негіздер бар операциялардың қатысушылары болып табылатын тұлғалардың банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды және ол осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қаржы мониторингі субъектілерінің назарына жеткізіледі.
Уәкілетті орган банк шоттары бойынша шығыс операцияларының тоқтатыла тұруы туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына және осы шешімді берген құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға хабарлайды.
5-2. Күдікті операцияны тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін уәкілетті органның шешімі бойынша операция Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген, осындай операцияны жүргізуге кедергі келтіретін өзге де негіздер болмаған кезде жүргізілуге тиіс.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Осы Заңға сәйкес ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операцияларды жүргiзуден бас тарту, сондай-ақ оларды тоқтата тұру тиiстi шарттардың (мiндеттемелердiң) талаптарын бұзғаны үшiн қаржы мониторингі субъектілерінің азаматтық-құқықтық жауаптылығына негiздер болып табылмайды.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операцияларды тоқтата тұру осындай тоқтата тұру салдарынан келтірілген залал, оның ішінде жіберіп алған пайда үшін уәкілетті органның азаматтық-құқықтық немесе өзге де жауаптылығының туындауына негіз болып табылмайды.»;
29-тармақтың 17) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
17) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«14-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың сақталуын бақылау
Қаржы мониторингi субъектiлерiнің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы заңнамасын қаржы мониторингiне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операциялар туралы ақпаратты тіркеу, сақтау және беру, клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру, қаржы мониторингіне жататын операцияларды тоқтата тұру және оларды жүргiзуден бас тарту, өз қызметi процесінде алынған құжаттарды қорғау бөлігінде орындауын, сондай-ақ ішкі бақылаудың ұйымдастырылуын және орындалуын бақылауды тиісті мемлекеттік органдар өздерінің құзыретіне сәйкес және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.»;
18) 15-баптың 1) - 5) тармақшаларындағы «заңсыз» деген сөз «қылмыстық» деген сөзбен ауыстырылсын;
19) 16-бапта:
бүкіл мәтін бойынша «Заңсыз», «заңсыз» деген сөздер тиісінше «Қылмыстық», «қылмыстық» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-1) тармақшадағы «арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының» деген сөздер «құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарына» деген сөздер «құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) және 9) тармақшалардағы «заңсыз» деген сөз «Қазақстан Республикасының қылмыстық» деген сөздермен ауыстырылып, «Қазақстан Республикасының» деген сөздер алып тасталсын;
12) және 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«12) халықаралық ұйымдардың, бірлестіктердің және өзге де жұмыс топтарының қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл саласындағы қызметiне белгiленген тәртiппен қатысады;»;
«13) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсу бойынша осы Заңның мақсаттары үшiн оффшорлық аймақтар тiзбесiн айқындайды;»;
20) 17-бапта:
1-тармақта:
3) тармақшадағы «заңсыз» деген сөз «Қазақстан Республикасының қылмыстық» деген сөздермен ауыстырылып, «Қазақстан Республикасының» деген сөздер алып тасталсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) сұрау салу бойынша немесе дербес түрде шет мемлекеттің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы құзыретті органымен ақпарат алмасуға;»;
6) тармақшадағы «заңсыз» деген сөз «Қазақстан Республикасының қылмыстық» деген сөздермен, «Қазақстан Республикасы заңнамасының» деген сөздер «заңнамасының» деген сөзбен, «жіберуге құқылы.» деген сөздер «жіберуге;» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) құқық қорғау органдарымен және арнаулы мемлекеттік органдармен бірлесіп, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға байланысты мәліметтер мен ақпарат алмасу және оларды беру бойынша өзара іс-қимыл тәртібін айқындауға құқылы.»;
2-тармақтың 1) тармақшасындағы «заңсыз» деген сөз «қылмыстық» деген сөзбен ауыстырылсын;
21) 18-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзацтағы «заңсыз» деген сөз «Қазақстан Республикасының қылмыстық» деген сөздермен, «Қазақстан Республикасы заңнамасын» деген сөздер «заңнамасын» деген сөзбен, 1) тармақшадағы «заңсыз» деген сөз «қылмыстық» деген сөзбен және 2) тармақшадағы «заңсыз» деген сөз «Қазақстан Республикасының қылмыстық» деген сөздермен, «Қазақстан Республикасы заңнамасының» деген сөздер «заңнамасының» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақта:
бірінші бөліктегі «Арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының» деген сөздер «Құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлікте:
«Арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары» деген сөздер «Құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
«заңсыз» деген сөз «қылмыстық» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың сауалдарын орындауды уәкілетті орган қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы республикалық дерекқордағы қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттар шегінде, сондай-ақ шет мемлекеттердің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы құзыретті органдарынан алынған мәліметтер мен ақпарат шегінде жүзеге асырады.
29-тармақтың 21) тармақшасының он бірінші абзацы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының және уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын тәртіппен сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органға беріледі.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы, сондай-ақ қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттері туралы мәліметтер мен ақпаратты уәкілетті орган осы Заңда көзделмеген тәртіппен бермейді.»;
6-тармақта:
«мәдени құндылықтарды,» деген сөздердің алдынан «декларацияланған» деген сөзбен толықтырылсын;
«қаржы мониторингiне жататын,» деген сөздер алып тасталсын;
22) 19-бапта:
тақырыптағы, 1 және 2-тармақтардағы «Заңсыз», «заңсыз» деген сөз тиісінше «Қылмыстық», «қылмыстық» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақта:
«заңсыз» деген сөз «қылмыстық» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Уәкілетті орган қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес келісімдер жасасуға құқылы.»;
4-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасындағы және үшінші бөлігіндегі «заңсыз» деген сөз «қылмыстық» деген сөзбен ауыстырылсын;
23) 20-баптың тақырыбындағы және 1-тармағындағы «Заңсыз» деген сөз «Қазақстан Республикасының қылмыстық» деген сөздермен, «Қазақстан Республикасының заңнамасын» деген сөздер «заңнамасын» деген сөзбен ауыстырылсын.
30. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 11-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., №4-5, 24-құжат):
көрсетілген Заңға қосымшаның 1-тармағының 56) тармақшасындағы «заңсыз» деген сөз «Қазақстан Республикасының қылмыстық» деген сөздермен ауыстырылып, «Қазақстан Республикасы» деген сөздер алып тасталсын.
31. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 3-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 94-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
15-баптың 1-тармағының 14) тармақшасындағы «заңсыз» деген сөз «қылмыстық» деген сөзбен ауыстырылсын.
32-тармақ ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
32. «Микроқаржы ұйымдары туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 20, 120-құжат; № 4-5, 24-құжат):
1) 7-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға мәліметтерді хабарлауға;»;
2) 27-бап мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) микроқаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;».
33. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11, 55-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1-құжат; № 6, 28-құжат):