1) 8-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Банктерге Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына мүшелікті, сондай-ақ осы Заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, банк қызметiне қатысы жоқ не осы Заңның осы бабының 9-тармағында және 30-бабының 12-тармағында көзделмеген операциялар мен мәмiлелердi кәсiпкерлiк қызмет ретiнде жүзеге асыруға, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерiн немесе акцияларын иемденуге, коммерциялық емес ұйымдарды құруға және олардың қызметiне қатысуға және осы баптың 8-тармағында көзделген жағдайларда бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелердi жүзеге асыруға тыйым салынады.
2. Банк холдингтерiне Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына мүшелікті, сондай-ақ осы Заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, операциялар мен мәмiлелердi кәсiпкерлiк қызмет ретiнде жүзеге асыруға, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерiн немесе акцияларын иемденуге, коммерциялық емес ұйымдарды құруға және олардың қызметiне қатысуға және осы баптың 8-тармағында көзделген жағдайларда бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелердi жүзеге асыруға тыйым салынады.»;
2) 46-баптың 8-тармағы:
«банктiң iрi қатысушыларына» деген сөздерден кейін «,банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға» деген сөздермен толықтырылсын;
«банктің немесе банк конгломератының» деген сөздерден кейін «, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 47-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға осы баптың 2-тармағының а) және б) тармақшаларында көзделген санкциялар қолданылады.
Осы баптың 5-тармағының, 7-тармағы бесінші бөлігінің және 8-тармағының талаптары банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымды лицензиядан айыру жағдайларына қолданылады.»;
4) 48-баптың 1-2 және 1-3-тармақтары алып тасталсын;
5) 50-баптың 4-тармағы екінші бөлігінің 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1) банктердiң қаржы мониторингi жөнiндегi уәкiлеттi органға «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы, оның ішінде ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен күдікті операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беруі;»;
6) 51-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жеке және заңды тұлғаның банк шоттары бойынша операциялары «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда және тәртіппен тоқтатыла тұрады.».
9. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., №9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 33-құжат):
12-баптың 22) тармақшасындағы «заңсыз» деген сөз «Қазақстан Республикасының қылмыстық» деген сөздермен ауыстырылып, «Қазақстан Республикасының» деген сөздер алып тасталсын.
10. «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 165-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 18, 143-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; №6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., №14, 72-құжат):
5-3-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;».
11. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 48-құжат; № 12, 86-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; №23, 100-құжат; 2010 ж., № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 21, 172-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
10-баптың 2-тармағының 3-1) тармақшасындағы «заңсыз» деген сөз «Қазақстан Республикасының қылмыстық» деген сөздермен ауыстырылып, «Қазақстан Республикасының» деген сөздер алып тасталсын, 18-баптың 2-тармағындағы «Заңсыз» деген сөз «Қылмыстық» деген сөзбен ауыстырылсын, 31-баптың 3-1-тармағындағы және 33-баптың 1-тармағының 4-1) тармақшасындағы «заңсыз» деген сөз «Қазақстан Республикасының қылмыстық» деген сөздермен ауыстырылып, «Қазақстан Республикасының» деген сөздер алып тасталсын.
12. «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 22, 328-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; 2003 ж., № 11, 65-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; №10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 130-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; 2011 ж., № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 6, 44-құжат; № 10, 77-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 74-құжаттар; № 15, 76-құжат):
11-баптың 2-1-тармағының бірінші бөлігіндегі және 18-баптың 4-тармағындағы «Заңсыз» деген сөз «Қылмыстық» деген сөзбен ауыстырылсын.
13. «Ақша төлемi мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 11-12, 177-құжат; № 24, 445-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 10, 49, 51-құжаттар; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 13, 116-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар
1. Осы Заң, пошталық ақша аударымдарын жүзеге асыруға байланысты қатынастарды қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы ақша төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру кезiнде туындайтын қатынастарды реттейдi.
2. Қазақстан Республикасы банктерiнiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың және шетел банктерiнiң (қаржы институттарының) арасында жүзеге асырылатын халықаралық ақша төлемдерi мен аударымдарына байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында белгіленген талаптар ескеріле отырып, олардың арасындағы шарттармен және банк практикасында қолданылатын iскерлiк айналым дәстүрлерiмен реттеледi. Егер халықаралық ақша төлемдері мен аударымдары бойынша әрекеттерге Қазақстан Республикасының аумағында бастамашылық жасалса, онда мұндай қатынастар осы Заңмен және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн бөлiгiнде аталған шарттармен және банк практикасында қолданылатын iскерлiк айналым дәстүрлерімен реттеледi.»;
2) 6-баптың 1-1-тармағы 2) тармақшасындағы «банк шотын ашуға тыйым салынады.» деген сөздер «банк шотын ашуға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) анонимдік банк шоттарын немесе ойдан шығарылған аттарға банк шоттарын ашуға тыйым салынады.»;
3) 11-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
13-тармақтың 3) тармақшасының екінші абзацы 2014 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
«4. Егер осы тармақта өзгеше белгінбесе, ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жердегiлерді қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бюджетпен есеп айырысудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібін қолданатын дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар өз қызметiн жүзеге асыратын жерлерде төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдердi қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) орнатуды және қолдануды қамтамасыз етуге, сондай-ақ төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдердi қабылдауға мiндеттi. Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдердi қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) қолдану тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
13-тармақтың 3) тармақшасының үшінші абзацы 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
Бұл ретте ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жердегiлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес арнаулы салық режимiн қолданатын және қызметін Астана, Алматы қалаларында, облыстық маңызы бар қалаларда жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар осындай жабдықты (құрылғыны) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап орнатуды және қолдануды қамтамасыз етуге міндетті.
13-тармақтың 3) тармақшасының төртінші абзацы 2014 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
Осы бапта белгіленген міндеттемелер мен ережелер сауда операциялары, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде қолма-қол ақшаны пайдаланбай ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлерге және (немесе) заңды тұлғаларға қолданылмайды.»;
4) 18-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы және 35-баптың 5-тармағындағы «Заңсыз» деген сөз «Қылмыстық» деген сөзбен ауыстырылсын;
13-тармақтың 5) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
5) 36-1-баптың 9-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Эмитент қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, өзімен тиісті шарттар жасасқан операторлар туралы мәліметтер жіберуге міндетті.».
14. «Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 13, 196-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; №24, 134-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат):
10-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына» деген сөздер «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздермен ауыстырылсын.
15. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 15, 209-құжат; 1999 ж., № 21, 774-құжат; 2000 ж., №5, 116-құжат; 2001 ж., № 13-14, 172-құжат; № 17-18, 241-құжат; 2002 ж., №17, 155-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; 2007 ж., №17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; № 24, 122, 126-құжаттар; 2010 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; 2012 ж., № 4, 30, 32-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат):
9-баптың 10-тармағының екінші бөлігіндегі «заңсыз» деген сөз «Қазақстан Республикасының қылмыстық» деген сөздермен ауыстырылып, «Қазақстан Республикасының» деген сөздер алып тасталсын.
16. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; №8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
7-баптың 14-1) тармақшасындағы, 20-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «заңсыз» деген сөз «Қазақстан Республикасының қылмыстық» деген сөздермен ауыстырылып, «Қазақстан Республикасының» деген сөздер алып тасталсын және 21-баптың 2-тармағының 10) тармақшасындағы «Заңсыз» деген сөз «Қылмыстық» деген сөзбен ауыстырылсын.
17. «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 649-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 15-16, 71-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 83-құжат):
7-баптың 6) тармақшасындағы «Заңсыз» деген сөз «Қылмыстық» деген сөзбен ауыстырылсын.
18. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; №23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат):
1) 43-баптың 14-1) тармақшасындағы «заңсыз» деген сөз «Қазақстан Республикасының қылмыстық» деген сөздермен ауыстырылып, «Қазақстан Республикасының» деген сөздер алып тасталсын;
2) 48-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына мүшелікті, сондай-ақ осы Заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерiн немесе акцияларын иемденуге, коммерциялық емес ұйымдарды құруға және олардың қызметiне қатысуға және осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларда бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелердi жүзеге асыруға тыйым салынады.
2. Сақтандыру холдингтерiне, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына мүшелікті, сондай-ақ осы Заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, операциялар мен мәмiлелердi кәсiпкерлiк қызмет ретiнде жүзеге асыруға, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерiн немесе акцияларын иемденуге, коммерциялық емес ұйымдарды құруға және олардың қызметiне қатысуға және осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларда бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелердi жүзеге асыруға тыйым салынады.»;
3) 54-баптың 1-тармағының 11) тармақшасындағы және 55-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы «заңсыз» деген сөз «Қазақстан Республикасының қылмыстық» деген сөздермен ауыстырылып, «Қазақстан Республикасының» деген сөздер алып тасталсын.
19. «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., №7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; №18, 143-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 15-16, 75-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 128-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 24, 145, 149-құжаттар; 2011 ж., №1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; №15, 118-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., №14, 75-құжат):
12-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «заңсыз» деген сөз «Қазақстан Республикасының қылмыстық» деген сөздермен ауыстырылып, «Қазақстан Республикасының» деген сөздер алып тасталсын.
20. «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» 2002 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 145-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 62-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., №14, 72-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат):
8-баптың 1-тармағының 10) тармақшасындағы «заңсыз» деген сөз «Қазақстан Республикасының қылмыстық» деген сөздермен ауыстырылып, «Қазақстан Республикасының» деген сөздер алып тасталсын.
21. «Почта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 17-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 16, 99-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., №5, 35-құжат; №13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат):
6-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Ұлттық почта операторының қаржылық қызметті жүзеге асыруы және қаржылық қызметтер ұсынуы кезінде оның Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады.
Уәкілетті орган Ұлттық почта операторының почта байланысы қызметтерін жүзеге асыруы кезінде оның Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады.».
22. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., №7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 125-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 27-құжат):
1) 3-1-баптың 1-тармағындағы «уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнiң» деген сөздер «Қазақстан Республикасы заңнамасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 43-баптың 3-тармағының 3-1) тармақшасындағы «Заңсыз» деген сөз «Қылмыстық» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 51-баптың 1-тармағының 11) тармақшасындағы және 4-тармағының 3-1) тармақшасындағы «Заңсыз» деген сөз «Қылмыстық» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 56-1-баптың 4-тармағының бірінші абзацындағы «Инсайдерлер» деген сөз «Мыналарға» деген сөзбен ауыстырылып, 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) инсайдерлік ақпаратқа негізделген, бағалы қағаздармен мәмілелер жасау туралы ұсынымдарды үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.».
23-тармақ ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
23. «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 15, 132-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; №23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат):
9-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы ұйымдарының және Ұлттық пошта операторының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар туралы ақпаратты тіркеу, сақтау және беру, клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру, қаржы мониторингіне жататын операциялар жүргізуді тоқтата тұру және одан бас тарту, өз қызметі процесінде алынған құжаттарды қорғау бөлігінде орындауын, сондай-ақ ішкі бақылаудың ұйымдастырылуын және іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады.».
24. «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 176-құжат; 2005 ж., №5, 5-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; №11, 102-құжат; № 23, 178-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., №1, 9-құжат):
1) 7-баптың 2-тармағының 9) тармақшасындағы «заңсыз» деген сөз «Қазақстан Республикасының қылмыстық» деген сөздермен ауыстырылып, «Қазақстан Республикасының» деген сөздер алып тасталсын;
2) 12-баптың 3-тармағының 15) тармақшасындағы «адамдарды арнайы есепке алуды жүзеге асырады.» деген сөздер «адамдарды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 16), 17) және 18) тармақшалармен толықтырылсын:
«16) қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастырғаны (жылыстатқаны) және терроризмді қаржыландырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды;
17) қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға байланысты тәркіленген мүлік сомаларын;