18) қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға байланысты өзара құқықтық көмек пен өзге халықаралық сұрау салуларды арнайы есепке алуды жүзеге асырады.».
25. «Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 15-құжат; 2009 ж., № 9-10, 48-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 22, 132-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 9-құжаттар):
1) 8-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «заңсыз» деген сөз «Қазақстан Республикасының қылмыстық» деген сөздермен, «Қазақстан Республикасының заңнамасын» деген сөздер «заңнамасын» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 12-баптағы «12. Ойын бизнесін ұйымдастырушылар заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға міндетті.» деген сөздер «13. Ойын бизнесін ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға міндетті.» деген сөздермен ауыстырылсын.
26-тармақ ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
26. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 4, 32-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
21-баптың 9-тармағының 5) тармақшасындағы «жасасуға міндетті.» деген сөздер «жасасуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
«6) өздерінің мүшелері болып табылатын, бухгалтерлік есеп саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлік ұйымдар мен кәсіби бухгалтерлердің «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын сақтауын талап етуге;
7) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға өздерінің мүшелері болып табылатын, бухгалтерлік есеп саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлiк ұйымдар мен кәсіби бухгалтерлердің «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын бұзғаны туралы мәліметтерді хабарлауға міндетті.».
27. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 18, 142-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 8, 41-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 95-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат):
27-баптың 1-тармағының 2-1) тармақшасындағы «Заңсыз» деген сөз «Қылмыстық» деген сөзбен ауыстырылсын.
28. «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2009 ж., № 9-10, 46-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 10, 77-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., №1, 4, 9-құжаттар):
24-баптың 3-тармағының 6) тармақшасындағы «Заңсыз» деген сөз «Қылмыстық» деген сөзбен ауыстырылсын.
29. «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2009 ж., № 19, 87-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., №10-11, 56-құжат):
1) тақырыптағы «Заңсыз» деген сөз «Қылмыстық» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) кіріспедегі «заңсыз» деген сөз «қылмыстық» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
29-тармақтың 3) тармақшасының төртінші және алтыншы абзацтары ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
1) ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен күдiктi операция (бұдан әрi - күдiктi операция) - клиенттің операция жасау үшін пайдаланылатын ақша және (немесе) өзге мүлік қылмыстық әрекеттен түскен кіріс болып табылады деп не операцияның өзі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) немесе терроризмді не өзге қылмыстық әрекетті қаржыландыруға бағытталған деп күдік туындататын операциясы (осындай операцияны жасауға ұмтылысты, жасалу процесіндегі операцияны немесе жасалған операцияны қоса алғанда);
2) ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операциялар - олармен байланысты азаматтық құқықтарды және мiндеттердi белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған, оларды жүзеге асыру нысаны мен тәсiлiне қарамастан жеке және заңды тұлғалардың ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен әрекеттерi;
3) бенефициарлық меншік иесі - клиент-заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі жеке тұлға, сол сияқты клиентті өзгеше бақылауды жүзеге асыратын не оның мүддесінде клиент ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасайтын жеке тұлға;
4) клиент - қаржы мониторингі субъектісі көрсететін қызметтерді алатын жеке немесе заңды тұлға;
5) корреспонденттік қатынастар - банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға байланысты операциялар жасау мақсатында басқа банктерге корреспонденттік шоттарды ашуы кезінде туындайтын шарттық қатынастар;
6) қалқа-банк - банктің тіркелген мемлекетте (аумақта) шоғырландырылған қадағалауға жататын банктік холдингтің тікелей немесе жанама иелігінде болуын қоспағанда, банк ретінде тіркелген және (немесе) банктік қызметті жүзеге асыруға лицензия алған мемлекетте (аумақта) іс жүзіндегі қатысуы жоқ резидент емес банк;
7) қаржы мониторингі - осы Заңға сәйкес уәкілетті орган және қаржы мониторингі субъектісі жүзеге асыратын, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты жинау, өңдеу, талдау және пайдалану жөніндегі шаралар жиынтығы;
8) қаржы мониторингiне жататын операциялар - осы Заңға сәйкес оларға қатысты қаржы мониторингі белгіленген ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операциялар;
9) қылмыстық жолмен алынған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру - ақшаны заңдастыруға (жылыстатуға) бағытталған жалған мәмiле жасау кезiнде құжаттарды пайдалану арқылы қолма-қол ақшаны алу мақсатында жеке немесе заңды тұлғалар жасайтын әрекеттер;
10) қылмыстық жолмен алынған кірістер - қылмыс жасау нәтижесінде алынған ақша және (немесе) өзге мүлік;
11) қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыру (жылыстату) - қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлiктi мәмiлелер жасау арқылы заңды айналымға тарту, сол сияқты көрсетiлген ақшаны және (немесе) өзге мүлiктi пайдалану;
12) терроризмдi (террористiк әрекетті) қаржыландыру - террористiк әрекетті жүзеге асыру үшiн террористерге және (немесе) террористiк ұйымдарға ақша және (немесе) өзге мүлiк беру немесе жинау не қаржылық қызметтер көрсету;
13) уәкiлеттi орган - осы Заңға сәйкес қаржы мониторингiн жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жөнiндегi өзге де шараларды қолданатын мемлекеттiк орган;
14) шетелдiк жария лауазымды адам - шет мемлекеттiң заң шығарушы, атқарушы, әкiмшiлiк немесе сот органына тағайындалатын немесе сайланатын, онда қандай да бiр лауазымды атқаратын адам, сондай-ақ шет мемлекет үшiн қандай да бiр жария функцияны орындайтын кез келген адам;
15) шет мемлекеттің құзыретті органы - шет мемлекеттің өз заңнамасына сәйкес қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимылды жүзеге асыратын органы;
16) іс жүзіндегі қатысуы - банктің басқару органдары мен персоналы бар, банктік қызметке қатысты құжаттарды есепке алу және сақтау жүргізілетін және резидент емес банкке банктік қызметті жүзеге асыруға лицензия берген уәкілетті органның тексерулері жүргізілетін, тұрақты мекенжай бойынша (пошта жәшігінің мекенжайынан немесе электрондық мекенжайдан басқа) орналасқан, банк қызметін жүргізу орны;
17) іскерлік қатынастар - қаржы мониторингі субъектісінің кәсіптік қызметті жүзеге асыруы процесінде туындайтын клиенттермен қатынастар.»;
4) 2-баптың тақырыбындағы және 1-тармағындағы «Заңсыз» деген сөз «Қазақстан Республикасының қылмыстық» деген сөздермен, «Қазақстан Республикасының заңнамасы» деген сөздер «заңнамасы» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 2-тараудың тақырыбындағы «Заңсыз» деген сөз «Қылмыстық» деген сөзбен ауыстырылсын;
29-тармақтың 6) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
6) 3-баптың 1-тармағында:
1) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) банкаралық ақша аудару жүйесінің операторын қоспағанда, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;»;
«8) бухгалтерлік есеп саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлiк ұйымдар мен кәсiби бухгалтерлер, аудиторлық ұйымдар;»;
10) тармақшадағы «почта операторлары жатады.» деген сөздер «пошта операторлары;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:
«11) микроқаржы ұйымдары;
12) банктер болып табылмайтын электрондық ақша жүйелерінің операторлары жатады.»;
29-тармақтың 7) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
7) 4-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Күдікті операциялар, олардың жүзеге асырылу нысандарына және олардың жасалған не жасала алатын немесе жасалуы мүмкін болған сомасына қарамастан, қаржы мониторингіне жатады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі күдікті операцияны айқындау белгілерін бекітеді.
4. Осы Заңның 5-бабына сәйкес қаржы мониторингі субъектісінің клиент жасайтын операцияларды зерделеуі және осындай зерделеу нәтижелерін тіркеуі үшін:
1) клиенттің ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен күрделі, ерекше ірі не айқын экономикалық мәні немесе анық қойылған заңды мақсаты жоқ операцияны жасауы;
2) клиенттің осы Заңда көзделген, тиісінше тексеруден және (немесе) қаржы мониторингiнен жалтаруға бағытталған әрекеттер жасауы;
3) клиенттің қылмыстық жолмен алынған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға бағытталған деп жорамалдауға негiз болатын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция жасауы;
4) Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын мемлекетте (аумақта) тіркелген (тұратын) тұлға қатысушысы болып табылатын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен, сол сияқты осындай мемлекетте (аумақта) тіркелген банктегі шотты пайдалана отырып операциялар жасау міндетті негіздер болып табылады.
Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекеттердің (аумақтардың) тізбесін Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобы (ФАТФ) шығаратын құжаттарды ескере отырып, уәкілетті орган жасайды және ол, өздеріне уәкілетті орган жеткізетін осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 12) тармақшасында көзделген қаржы мониторингі субъектілерін қоспағанда, қаржы мониторингі субъектілеріне оны жеткізетін тиісті мемлекеттік органдарға жіберіледі.»;
8) 5-бапта:
29-тармақтың 8) тармақшасының екінші - жиырма бесінші абзацтары ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қаржы мониторингi субъектiлерi Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес өз клиенттерiн (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиiсiнше тексеру жөнiнде шаралар қолдануға тиiс.
2. Қаржы мониторингi субъектiлерi мынадай:
1) клиентпен iскерлiк қатынастар орнатылған;
2) қаржы мониторингiне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операциялар, оның ішінде күдікті операциялар жүзеге асырылған;
3) клиент (олардың өкілдері), бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған деректердiң анықтығына күмән туғызған негiздер болған жағдайларда клиенттерiн (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиiсiнше тексерудi жүзеге асырады.»;
3-тармақта:
бірінші абзац, 1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қаржы мониторингі субъектілерінің өз клиенттерін (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеруі мынадай шаралардың жүзеге асырылуын қамтиды:
1) жеке тұлғаны сәйкестендiру үшін қажеттi мәлiметтердi: оның жеке басын куәландыратын құжаттың деректерiн, жеке сәйкестендiру нөмiрiн (жеке тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке сәйкестендiру нөмiрi берiлмеген жағдайларды қоспағанда), сондай-ақ заңды мекенжайын тiркеу;
2) заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) сәйкестендiру үшін қажеттi мәлiметтердi: заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың деректерін, бизнес-сәйкестендiру нөмiрiн (заңды тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бизнес-сәйкестендiру нөмiрi берiлмеген жағдайларды қоспағанда) не резидент емес заңды тұлға шет мемлекетте тіркелген нөмірді, сондай-ақ орналасқан жерiнiң мекенжайын тiркеу;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) бенефициарлық меншік иесін анықтау және, заңды мекенжайын қоспағанда, осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес оны сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркеу.
Қаржы мониторингі субъектісі клиент-заңды тұлғаның бенефициарлық меншік иесін анықтау мақсатында осындай клиенттің құрылтай құжаттары және акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмі не басқа көздерден алынған мәліметтер негізінде оның меншігі мен басқару құрылымын белгілейді.
Егер осы тармақшада көзделген шараларды қолданудың нәтижесінде клиент-заңды тұлғаның бенефициарлық меншік иесі анықталмаған жағдайда, клиент-заңды тұлғаның жеке-дара атқарушы органын не алқалы атқарушы органының басшысын бенефициарлық меншік иесі деп тануға жол беріледі.
Бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркеу клиент (оның өкілі) ұсынатын не өзге де көздерден алынған ақпараттың және (немесе) құжаттардың негізінде жүзеге асырылады.»;
3) тармақша алып тасталсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді қажет болған кезде алуды және тіркеуді қоса алғанда, iскерлiк қатынастарды тексерудi және осы қаржы мониторингi субъектiсi арқылы клиент жүзеге асыратын операцияларды зерделеудi тұрақты негiзде жүргiзу;»;
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтердің анықтығын тексеру және оларды жаңарту.
Клиентті (оның өкілін), бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтердің анықтығын тексеру тиісті құжаттардың түпнұсқаларының немесе нотариат куәландырған көшірмелерінің деректерімен салыстыру арқылы не қолжетімді көздерден алынған деректермен салыстыру арқылы жүзеге асырылады.
Клиенттің өкіліне қатысты осындай тұлғаның клиенттің атынан және (немесе) оның мүддесінде әрекет етуге өкілеттігі қосымша тексеріледі.
Мәліметтерді жаңарту клиент, бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған мәліметтердің анықтығына күмән тудыратын негіздер болған кезде, сондай-ақ ішкі бақылау қағидаларында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Осы бапта көзделген шаралар мынадай жағдайларда:
1) электрондық ақшаны сәйкестендірілмеген иеленушілер-жеке тұлғалар «Ақша төлемі мен аударымы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабының 4-тармағында көзделген сомадан аспайтын электрондық ақшаны сатып алу және пайдалану бойынша операцияларды жүзеге асырған кезде;
2) клиент-жеке тұлға қолма-қол ақшаны қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) арқылы жеке тұлғаның банк шотына ақша салу бойынша операцияларды жүзеге асырған кезде, егер мұндай операцияның сомасы 500 000 теңгеден не 500 000 теңгеге балама шетел валютасындағы сомадан аспаса;
3) клиенттің күдікті операция жасау жағдайларын қоспағанда, клиент банк шотын пайдаланбай қолма-қол ақшасыз ақша төлемін немесе аударымын жүзеге асырған кезде, егер мұндай ақша төлемінің немесе аударымының сомасы 2 000 000 теңгеден не 2 000 000 теңгеге балама шетел валютасындағы сомадан аспаса;
4) клиенттің күдікті операция жасау жағдайларын қоспағанда, клиент-жеке тұлға айырбастау пунктінде қолма-қол шетел валютасын сатып алу, сату немесе айырбастау бойынша операцияны жүзеге асырған кезде, егер мұндай операцияның сомасы 2 000 000 теңгеден не 2 000 000 теңгеге балама шетел валютасындағы сомадан аспаса;
5) клиент-жеке тұлға осындай клиенттің банк шотына қол жеткізу құралы болып табылмайтын төлем карточкасын пайдалана отырып, операцияны жүзеге асырған кезде, егер мұндай операцияның сомасы 200 000 теңгеден не 200 000 теңгеге балама шетел валютасындағы сомадан аспаса, қолданылмайды.»;
29-тармақтың 8) тармақшасының отыз үшінші - қырқыншы абзацтары ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қаржы мониторингі субъектілерінің өз клиенттерін (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеруі ішкі бақылау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
«5. Қаржы мониторингі субъектісі клиенттен (оның өкілінен) клиентті (оның өкілін) сәйкестендіру, бенефициарлық меншік иесін анықтау үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды ұсынуын, сондай-ақ салықтық резиденттілігі, қызметінің түрі және жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді ұсынуын талап етуге құқылы.
Клиенттер (олардың өкілдері) қаржы мониторингі субъектілеріне, бенефициарлық меншік иелері туралы ақпаратты қоса алғанда, осы Заңда көзделген міндеттерді олардың орындауы үшін қажетті ақпаратты және құжаттарды беруге міндетті.
6. Осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) - 5), 11) және 12) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері осы баптың 3-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген, тиісті клиенттерге (олардың өкілдеріне) және бенефициарлық меншік иелеріне қатысты басқа қаржы мониторингі субъектілері, сондай-ақ шетелдік қаржы ұйымдары қолданған шараларға мынадай талаптар сақталған кезде сүйене алады:
1) осы баптың 3-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген шаралар шеңберінде, басқа қаржы мониторингі субъектісі немесе шетелдік қаржы ұйымы қолданған тиісінше тексеру жөніндегі шараларға сүйенетін қаржы мониторингі субъектісі, растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса алғанда, клиент (оның өкілі), бенефициарлық меншік иесі туралы деректерді дереу алуға тиіс;
2) шетелдік қаржы ұйымы қолданған тиісінше тексеру жөніндегі шараларға сүйенетін қаржы мониторингі субъектісі осындай шетелдік қаржы ұйымының қызметі өзі тіркелген мемлекетте лицензиялауға, реттеуге және қадағалауға жататынын және осындай шетелдік қаржы ұйымы осы баптың талаптарына ұқсас тиісінше тексеру жөнінде шараларды қолданатынын анықтауға тиіс.»;
9) 6-баптағы «субъектілері» деген сөзден кейін «, осы Заңның 5-бабының 3-1-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылып, «қабылдауға тиiс» деген сөздер «қолданады» деген сөзбен ауыстырылсын;
29-тармақтың 10) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
10) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«7-бап. Қаржы мониторингi субъектiлерiнiң клиенттердi қаржы мониторингiне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операцияларды жүзеге асыруы кезiнде тиiсiнше тексеруі
1. Қаржы мониторингi субъектiлерi осы Заңның 4-бабына сәйкес қаржы мониторингiне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операциялар жүргiзілгенге дейiн осы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген шараларды, мұндай шаралар іскерлік қатынастар орнату кезінде қолданылған жағдайларды қоспағанда, қолданады.
2. Төлем карточкаларын пайдалана отырып ақша төлемдері мен аударымдарын, сондай-ақ осы Заңның 5-бабы 3-1-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, клиенттердің нұсқаулары бойынша қолма-қол ақшасыз ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру кезінде екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар мыналарды:
ақшаны жөнелтушінің және алушының (бенефициардың) тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) не толық немесе қысқартылған атауларын (заңды тұлғалар үшін);
егер ақша аударымы банк шотын пайдалана отырып жүзеге асырылса, ақшаны жөнелтушінің және алушының (бенефициардың) жеке сәйкестендіру кодтарын не егер ақша аударымы банк шотын пайдаланбай жүзеге асырылса, ақша төлемі немесе аударымы жөніндегі нұсқаудың нөмірін;
ақша жөнелтушінің сәйкестендіру нөмірін немесе мекенжайын (жеке және заңды тұлғалар үшін) не ақша жөнелтушінің жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірін (жеке тұлға үшін) қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген деректемелердің төлем құжатында болуын және олардың ақша төлеміне (аударымына) қатысушыға берілуін қамтамасыз етеді.
Екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар шетелдік қаржы мекемесінен ақша төлемі мен аударымы түскен кезде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ақпараттың төлем құжатында болуын бақылайды, сондай-ақ банк шотын пайдаланбай ақша аудару бойынша алушыны сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркейді және сақтайды.»;
11) 8-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) клиенттiң шетелдiк жария лауазымды адамға, оның отбасы мүшелеріне және жақын туыстарына жататынын және (немесе) қатыстылығын тексерудi жүзеге асыруға;»;
2) тармақшадағы «заңсыз» деген сөз «қылмыстық» деген сөзбен ауыстырылсын;
12) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Шетелдік қаржы ұйымдарымен корреспонденттік қатынастар орнатылған кезде тиісінше тексеру
Осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері осы Заңның 5-бабының 3-тармағында көзделген шаралардан басқа, шетелдік қаржы ұйымдарымен корреспонденттік қатынастар орнатылған кезде қосымша мыналарды:
1) респондент-шетелдік қаржы ұйымының беделі және қызметінің сипаты туралы, оның ішінде оны тіркеген елдің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамасын бұзғаны үшін оған санкция қолданылғаны туралы мәліметтер жинауды жүзеге асыруға және оларды құжаттық тiркеуге;
2) респондент-шетелдік қаржы ұйымы оны тіркеген елдің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамасына сәйкес қолданатын ішкі бақылау шаралары туралы ақпаратты құжаттық тіркеуге, сондай-ақ қолданылатын ішкі бақылау шараларының тиімділігін бағалауды жүзеге асыруға;
3) қалқа-банктермен корреспонденттік қатынастар орнатпауға және оларды сақтамауға;
4) респондент-шетелдік қаржы ұйымы өз шоттарын қалқа-банктердің пайдалануына рұқсат етпейтініне көз жеткізуге;
5) ұйымның басшы жұмыскерінің жаңа корреспонденттік қатынастар орнатуға рұқсатын алуға міндетті.
Респондент-шетелдік қаржы ұйымының қалқа-банктермен корреспонденттік қатынастарының болу-болмауы респондент-шетелдік қаржы ұйымы беретін және (немесе) қаржы мониторингі субъектісі өзге де көздерден алатын ақпараттың негізінде айқындалады.»;