55-баптың 8-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасындағы, 57-баптың 4-тармағының 7) тармақшасындағы және 58-баптың 8-тармағының 10) тармақшасындағы «заңсыз», «Заңсыз» деген сөздер тиісінше «қылмыстық», «Қылмыстық» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап.
1. Осы Заң, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағының 2) және 5) тармақшаларын, 13-тармағының 5) тармақшасын, 23 және 26-тармақтарын, 29-тармағының 3) тармақшасының төртінші және алтыншы абзацтарын, 6) және 7) тармақшаларын, 8) тармақшасының екінші - жиырма бесінші, отыз үшінші - қырқыншы абзацтарын, 10) және 13) тармақшаларын, 14) тармақшасының үшінші - оныншы, он төртінші - он жетінші, он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтарын, 15) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 16) тармақшасының бесінші абзацын, 17) тармақшасын, 21) тармақшасының он бірінші абзацын және 32-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабының 13-тармағы 3) тармақшасының екінші және төртінші абзацтары 2014 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Осы Заңның 1-бабының 13-тармағы 3) тармақшасының үшінші абзацы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2014 жылғы маусымның 10-ы.
№ 206-V