10) әлеуетті концессионерлердің тікелей конкурстық өтінімдер бар конверттерді ашу кезінде концессия объектісінің құны көрсетілетін конкурстық өтінімнің бір бөлігін ұсыну құқығына тиісті нұсқаманы;
11) конкурстық құжаттаманың мазмұны бойынша әлеуетті концессионерлер түсіндірме сұрату үшін көмегіне сүйене алатын тәсілдерді және конкурсты ұйымдастырушының осы кезеңде әлеуетті концессионерлермен ашық нысанда өткізілетін және хаттама жасалатын кездесу өткізу ниеті туралы хабарламаны;
12) конкурстық өтiнiмдi енгiзудiң шарттарын және оның мазмұнын, оның ішінде конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізудің шарттарын;
13) конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу орнын, күні мен уақытын (бірақ конкурстық өтінімдерді табыс етудің түпкілікті мерзімі анықталған кезден бастап екі сағаттан кеш емес);
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.12. № 150-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14) тармақша өзгертілді
14) конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу және оларды қарау үшін пайдаланылатын рәсімдерді қамтитын, осы Заңның 9-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және осы Заңның 10-бабының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген конкурстық құжаттаманы ұсынуға міндетті.
15) 2013.12. № 150-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Конкурсты ұйымдастырушы табыс етілген конкурстық құжаттама үшін конкурстық құжаттаманың көшірмесін жасауға жұмсалған нақты шығындардан аспайтындай ақы алуға құқылы.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді(бұр.ред.қара)
3. Әлеуетті концессионер конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сауал жіберуге құқылы, бірақ ол конкурстық өтінімдерді табыс етудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейінгі күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмеуге тиіс. Конкурсты ұйымдастырушы сауал тіркелген кезден бастап үш күн мерзімде оған жауап қайтаруға және сауалдың кімнен түскенін көрсетпей-ақ, конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы табыс еткен барлық әлеуетті концессионерлерге осындай түсіндірмені хабарлауға міндетті.
Қайта конкурс өткізу кезінде әлеуетті концессионер конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сауал жіберуге құқылы, бірақ ол конкурстық өтінімдерді табыс етудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмеуге тиіс.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді(бұр.ред.қара)
4. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi өткенге дейiн күнтiзбелiк жиырма күннен кешiктiрілмейтін мерзімде, ал конкурсты қайта өткізу кезінде - күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде өз бастамасымен немесе әлеуетті концессионердiң сауалына жауап ретiнде хаттама ресiмдеу арқылы конкурстық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге құқылы. Енгiзiлген өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың мiндеттi күшi болады.
Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін конкурстық құжаттама ұсынылған барлық әлеуетті концессионерлерге өтеусіз түрде береді. Бұл ретте конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті концессионерлердiң осы өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды конкурстық өтiнiмдерде ескеруі үшiн конкурстық өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмiн кемiнде күнтiзбелiк отыз күн мерзімге, ал конкурсты қайта өткізу кезінде кемінде күнтізбелік он бес күн мерзімге ұзартады.
5. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін конкурстық құжаттамада көрсетілген белгілі бір орында және тиісті уақытта әлеуетті концессионерлермен кездесу өткізуге құқылы. Бұл ретте конкурсты ұйымдастырушы онда дереккөздері көрсетілмеген конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы сауалдар, сондай-ақ осы сауалдарға жауаптар қамтылатын хаттама жасайды. Хаттама дереу комиссияға және конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы табыс еткен барлық әлеуетті концессионерлерге жіберіледі.
6. Конкурстық құжаттаманы конкурсты ұйымдастырушы бекітеді.
2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
18-бап. Әлеуетті концессионерге қойылатын біліктілік талаптары
1. Концессионерді таңдау бойынша конкурсқа қатысу үшін әлеуетті концессионер мынадай біліктілік талаптарына сай келуге:
1) концессия шарты бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық және материалдық ресурстары болуға;
2) төлемге қабілетті, таратылмайтын болуға, оның мүлкіне тыйым салынбаған, оның қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатып қойылмаған болуға тиіс;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді(бұр.ред.қара)
3) соңғы үш жыл ішінде жасасылған концессия шарттары бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жауапқа тартылмаған болуға;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды; 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.12. № 150-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) концессия объектiсiн құру (реконструкциялау) құнының кемiнде он пайызын құрайтын меншікті қаражаты болуға тиіс.
Тікелей концессиялық жобаны іске асыруға тартылатын меншікті капитал, әлеуетті концессионерге тиесілі ақша мен өзге де активтер меншікті қаражат деп түсініледі;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды; 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) 2013.12. № 150-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-1. Егер әлеуетті концессионер концессиялық жобаны iске асыру мақсатында жеке және (немесе) заңды тұлғалар құрған жаңа заңды тұлға болып табылса, онда:
1) әлеуетті концессионер осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиiс;
2) жаңа заңды тұлғаның құрылтайшылары ретінде әрекет ететін заңды тұлғалар осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 5) тармақшаларының талаптарына сәйкес келуге тиiс;
3) жаңа заңды тұлға құрған жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жиынтық өз капиталы осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасының талаптарына сәйкес келуге тиiс.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді; 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 2-тармақтың үшінші бөлігінде орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді
2. Әлеуетті концессионер өзінің осы баптың 1-тармағында көзделген біліктілік талаптарына сай келетіндігін растау үшін конкурсты ұйымдастырушыға тиісті құжаттарды табыс етеді.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде міндетті аудит өткізу белгіленген заңды тұлғалар соңғы қаржы жылындағы аудиторлық есепті де табыс етеді.
Егер концессионердің мемлекеттік кепілдікті және (немесе) мемлекет кепілгерлігін алуы көзделетін болса, концессия жобасын іске асыру мақсатында бірнеше жеке немесе заңды тұлғалар құрған жаңа заңды тұлға әлеуетті концессионер болып табылатын жағдайларды қоспағанда, әлеуетті концессионердiң аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілікке сәйкес соңғы аяқталған қаржы жылында немесе соңғы аяқталған үш қаржы жылының кез келген екеуінде таза кірісі болуға тиіс.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Әлеуетті концессионер бiлiктiлiк талаптары жөнінде анық емес ақпарат ұсынған жағдайда, ол осындай факт анықталған кезден бастап үш жыл бойы концессионердi таңдау жөніндегі конкурсқа қатысуға жiберiлмейдi.
Әлеуетті концессионер ұсынатын біліктілік талаптары жөніндегі ақпараттың анықтығын комиссия, конкурсты ұйымдастырушы, уәкілетті мемлекеттік органдар концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізудің кез келген сатысында анықтай алады.
3-1. Әлеуетті концессионердің біліктілік талаптары жөнінде анық емес ақпарат ұсынуы фактісін анықтаған комиссия, конкурсты ұйымдастырушы, уәкілетті мемлекеттік органдар осындай факт анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, хабарламаға осы фактіні растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса тіркеп, бұл туралы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органды жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.
2013.12. № 150-V ҚР Заңымен 3-2-тармақ өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-2. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсқа жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жай серіктестік нысанындағы бірлестіктері қатысқан жағдайда, көрсетілген тұлғалардың әрқайсысы жай серіктестіктің барлық қатысушыларының қаржылық және материалдық ресурстарының жиынтығы бойынша осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген біліктілік талаптарына сай келуге тиіс.
4. Конкурсты ұйымдастырушының әлеуетті концессионерлерге осы Заңда көзделмеген біліктілік талаптарын белгілеуге құқығы жоқ. Әлеуетті концессионер өзіне қойылатын біліктілік талаптарына қатысы жоқ ақпаратты табыс етпеуге құқылы.
2013.12. № 150-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5. Әлеуетті концессионердің осы баптың 1-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарына сай келуін концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізу кезінде конкурсты ұйымдастырушы біліктілік іріктеуді жүзеге асыру арқылы айқындайды.
2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 18-1-баппен толықтырылды
18-1-бап. Конкурстық өтінімдерді қамтамасыз ету
1. Әлеуетті концессионер:
1) өзінің конкурстық өтінімін осындай конкурстық өтінімдер ұсынудың соңғы мерзiмi өткеннен кейін кері қайтарып алмайтынына не оны өзгертпейтініне және (немесе) толықтырмайтынына;
2) 2013.12. № 150-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) өзін конкурстың жеңімпазы деп анықтаған жағдайда концессия шартын жасасатынына кепілдік ретінде конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізеді.
2013.12. № 150-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімді қамтамасыз ету концессия шарты шеңберінде концессия объектiсiн құру (реконструкциялау) құнының оннан бір пайызы мөлшерінде енгізіледі.
3. Әлеуетті концессионер екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың бірінші кезеңіне қатысып отырған болса, ол конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейді.
4. Әлеуетті концессионер конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:
1) мемлекеттік органдар болып табылатын конкурсты ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақша жарнасын;
2) банк кепілдігін таңдауға құқылы.
Әлеуетті концессионердің конкурстық өтінімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін оның енгізілген кепілдік ақша жарнасына толықтай не оның бір бөлігіне үшінші тұлғаларда талап ету құқығының туындауына әкеп соғатын іс-әрекеттер жасауына жол берілмейді.
Осы баптың 6 және 7-тармақтарында көрсетілген іс-әрекеттерді қоспағанда, әлеуетті концессионер енгізген кепілдік ақша жарнасын конкурсты ұйымдастырушының пайдалануына жол берілмейді.
5. Конкурсты ұйымдастырушы мынадай:
1) әлеуетті концессионер конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін конкурстық өтінімді кері қайтарып алған не өзгерткен және (немесе) толықтырған;
2) конкурстың жеңімпазы болып анықталған әлеуетті концессионер концессия шартын жасасудан жалтарған жағдайлардың бірі басталған кезде конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді қайтармайды.
6. Осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайлардың бірі басталған кезде конкурстық өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджеттің кірісіне есепке жазылады.
7. Конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті концессионер енгізген конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді мынадай:
1) осы әлеуетті концессионер конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің конкурстық өтінімін кері қайтарып алған;
2) конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамаға қол қойылған жағдайлардың бірі басталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған қайтарады. Көрсетілген жағдай конкурсқа қатысушы болып танылған әлеуетті концессионерлерге қолданылмайды;
3) концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған жағдайлардың бірі басталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған қайтарады. Көрсетілген жағдай конкурстың жеңімпазы болып анықталған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;
4) концессия шарты күшіне енген;
5) әлеуетті концессионердің конкурстық өтінімі қолданысының мерзімі өтіп кеткен жағдайлардың бірі басталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады.
2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 18-2-баппен толықтырылды
18-2-бап. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсқа қатысуға байланысты шектеулер
1. Әлеуетті концессионер, егер:
1) осы әлеуетті концессионер басшыларының және (немесе) осы әлеуетті концессионердің уәкілетті өкілінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары концессионерді таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не конкурсты ұйымдастырушының өкілі болып табылса;
2) әлеуетті концессионер және (немесе) оның қызметкері конкурсты ұйымдастырушыға өткізілетін конкурстарды дайындау бойынша сарапшылық, консультациялық және (немесе) өзге де қызметтер көрсетсе, оның ішінде конкурстың нысанасы болып табылатын объектіні құруға арналған техникалық-экономикалық негіздемені және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеуге бас жобалаушы не қосалқы жобалаушы ретінде қатысса;
3) әлеуетті концессионердің баланстық құны тиісті негізгі құралдар құнының он пайызынан асатын мүлкіне тыйым салынса;
4) әлеуетті концессионердің атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері болса және атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган оны борышкерлердің тиісті тізіліміне енгізсе;
5) әлеуетті концессионердің қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына не Қазақстан Республикасының резиденті емес әлеуетті концессионер мемлекетінің заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрса, өткізілетін конкурсқа қатысуға құқылы емес.
2. Әлеуетті концессионердің және әлеуетті концессионердің үлестес тұлғасының бір конкурсқа қатысуға құқығы жоқ.
2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
19-бап. Концессионерді таңдау жөнінде конкурс өткізу
1. Тізбеге енгізілген объектілер бойынша концессионерді таңдау концессиялық жобалар жөнінде ашық конкурс өткізу арқылы жүзеге асырылады.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы республикалық меншікке жататын және осы Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген концессия объектілеріне қатысты конкурсты ұйымдастырушы болып табылады.
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) тиісті жергілікті атқарушы органы коммуналдық меншікке жататын және тізбеде көзделген концессия объектілеріне қатысты конкурсты ұйымдастырушы болып табылады.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Конкурсты ұйымдастырушы конкурс өткiзу туралы ақпаратты конкурс өткiзілетін күнге дейiн кемінде күнтiзбелiк алпыс күн бұрын, ал конкурсты қайта өткiзу кезiнде - кемінде күнтiзбелiк отыз күн бұрын Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына таратылатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тiлдерінде мiндеттi түрде жариялайды. Конкурс өткiзу туралы ақпарат концессия объектiлерi, конкурсты ұйымдастырушыға ұсыну үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi туралы мәлiметтердi, конкурс жарияланған объектiнiң сипатына қарай әлеуетті қатысушыларға қойылатын талаптарды; конкурсты өткiзу орны, уақыты мен күнi туралы мәлiметтi қамтуға тиiс.
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Концессиялық өтінімдерді қарауды және іріктеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары құратын комиссия жүзеге асырады.
Комиссияның жұмысшы органы конкурсты тиісті ұйымдастырушы болып табылады.
5. Егер белгіленген мерзімде конкурсты ұйымдастырушыға конкурстық өтінімдер келіп түспеген не конкурсқа қатысуға бір өтінім табыс етілген жағдайда, онда концессияның осы объектісі бойынша үшінші және одан кейінгі конкурстарды қоспағанда, конкурс өтпеген болып есептеледі.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізудің тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 20-бап өзгертілді; 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
20-бап. Концессионердi айқындау және концессия шартын жасасу
2013.12. № 150-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Комиссия конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi конкурстық құжаттамада көрсетiлген мерзiмде, уақытта және орында ашады.
Конкурсты ұйымдастырушы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға тиiстi конкурстық өтiнiмдердегі концессиялық өтiнiмдердi оларға сараптама жүргiзу үшiн жібереді.
Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы, концессия шартының жобасын әзірлеу, тиісті конкурстық өтінімдегі ұсынылған концессиялық өтінімдерді тәуелсіз бағалау үшін, сондай-ақ әлеуетті концессионерлермен келіссөздерге қатысу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар айқындайтын концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша заңды тұлғаларды тартады.
Конкурсты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар айқындайтын концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша заңды тұлғаларды тарту үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға концессиялық жобаны консультациялық қолдау жөніндегі қызметтерді қаржыландыруға арналған өтінімді жібереді.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бюджет комиссиялары мақұлдаған әрбір концессиялық жобаны консультациялық қолдау жөніндегі қызметтерді қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөніндегі қызметтердің тізбесін қалыптастырады.
Концессиялық жобаларды консультациялық қолдау Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
2013.12. № 150-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған барлық конкурстық өтінімдерді олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келуін, концессиялық өтінім және әлеуетті концессионерлердің біліктілік талаптарына сай келуін бағалау жөніндегі қорытындыларды ескере отырып, қарайды.
Егер конкурс үшiншi рет өткiзiлiп отырған және конкурсқа қатысуға тек бiр конкурстық өтiнiм ұсынылған жағдайда, комиссия осы өтiнiмдi осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес қарайды.
3. Комиссия концессиялық өтінімі Қазақстан Республикасының Үкіметi белгiлейтiн жобаларға қойылатын критерийлер негiзiнде үздiк деп танылған конкурсқа қатысушымен концессиялық жобаны және концессия шартының талаптарын нақтылау жөнiнде келiссөздер жүргiзедi.
4. Келiссөздердi дайындау шеңберiнде концессиялық жоба мен концессия шарты бойынша ескертпелер мен ұсыныстарды комиссия өтiнiм берушiге жазбаша нысанда жiберуге тиiс.
Келiссөздер жүргiзудiң қорытындылары бойынша олардың нәтижелерi туралы комиссияның тиiстi шешiмi қабылданады.
Келiссөздер барысында конкурстың талаптарына, сондай-ақ концессиялық өтінімнің бастапқы параметрлерi мен сипаттамасына өзгерістер енгiзуге жол берiлмейдi.
5. Егер концессиялық өтінімі үздiк деп танылған конкурсқа қатысушы комиссияның ескертпелерi мен ұсыныстарына сәйкес концессиялық өтінімді және концессия шартының талаптарын талқылаудан және нақтылаудан бас тартса не оның ұсыныстары конкурс талаптары тұрғысынан пайдалануға келмейтiн болса, онда комиссия бұл концессиялық өтінімді қарамайды және концессионерді таңдау жөніндегі ашық конкурсты өткізу арқылы үздiк концессиялық өтінімді қайтадан таңдайды.
2013.12. № 150-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Концессионердi таңдау жөнiндегi конкурстың қорытындылары бойынша комиссияның шешiмiмен үздік концессиялық өтінім айқындалады, ал өтiнiм берушi конкурстың жеңiмпазы болып танылады.
7. Конкурсты ұйымдастырушы комиссияның шешiмi негiзiнде конкурс жеңiмпазымен концессия шартын жасасады.
8. Концессия шартын жасасу мерзiмi конкурстың қорытындысы шығарылған күннен бастап күнтiзбелiк тоқсан күннен аспауға тиiс.
9. Ұйымдастырушы мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда, концессионердi таңдау жөніндегі конкурстардың нәтижелерi туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында таратылатын мерзiмдi баспа басылымдарында қазақ және орыс тiлдерінде жариялайды.
2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 20-1-баппен толықтырылды
20-1-бап. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу ерекшеліктері
1. Мынадай:
1) концессиялық жобаны іске асыру үшін әртүрлі инновациялық, шығармашылық, сәулеттік-жоспарлау, ұйымдастырушылық-технологиялық шешімдерді, өнертабыстарды жинау мен зерделеу және туындаған мәселелер бойынша әлеуетті концессионерлермен келіссөздер жүргізу қажет болған;
2) эксперименттер, ізденістер немесе әзірлемелер жүргізу қажет болған жағдайларда екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөніндегі конкурс өткізіледі.
2. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөніндегі конкурс мынадай реттіліктегі кезеңдердің жиынтығын білдіреді:
2013.12. № 150-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) бірінші кезеңде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:
конкурсты ұйымдастырушының концессиялық ұсынысқа сараптаманың негізінде техникалық тапсырманы қалыптастыруы, конкурсты ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы әзірлеуі және бекітуі;
Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөніндегі конкурс өткізу туралы ақпарат жариялау;
конкурсты ұйымдастырушының екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың бірінші кезеңіне қатысуға мүдделі тұлғаларға техникалық тапсырма мен конкурстық құжаттаманы ұсынуы;
әлеуетті концессионерлерді біліктілік іріктеуді өткізу;
әлеуетті концессионерлермен техникалық тапсырманың техникалық, сапалық және (немесе) өзге де сипаттамаларына қатысты мәселелерді талқылау;
біліктілік іріктеуінен өткен конкурсқа қатысушыларға екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын конкурстың екінші кезеңіне қатысу үшін конкурсты ұйымдастырушының шақыру жіберуі;
2013.12. № 150-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) екінші кезеңде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:
біліктілік іріктеуінен өткен конкурсқа қатысушылардың концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемелерімен бірге конкурстық өтінімдерді ұсынуы;
тиісті конкурстық өнімдерде қамтылатын концессиялық өтінімдерге сараптама жүргiзу үшiн конкурсты ұйымдастырушының оларды мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға жiберуi;
комиссияның концессиялық өтiнiм бойынша сараптамалардың қорытындыларын ескере отырып, конкурсқа қатысушылар ұсынған барлық конкурстық өтiнiмдердi қарауы;