Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 23 сәуірдегі № 540 қаулысы
(2013.15.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 9 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 23.05.02 ж. № 561 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді
Қалыптасқан климаттық жағдайларды ескере отырып, оңтайлы мерзімдерде Ертіс өзенінің арнасына табиғат қорғайтын су ағызуды жүргізуде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 23.05.02 ж. № 561 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | И. Тасмағамбетов |
ҚР Үкіметінің 23.05.02 ж. № 561 Қаулысымен қосымшаның тақырыбы өзгертілді; ҚР Үкіметінің 15.06.04 ж. № 654 Қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2005.25.06. № 629 (бұр. ред. қара); 2006.05.09. № 839 (бұр.ред.қара); 2007.02.11. № 1029 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен құрам өзгерді; ҚР Үкіметінің 2012.07.08. № 1031 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2013.15.04. № 355 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 23 сәуірдегі
№ 540 Қаулысымен
қосымша
Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану
жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссияның
құрамы
Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы | - | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары -Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі, төраға |
Нысанбаев Ерлан Нұралыұлы | - | Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі, төрағаның орынбасары |
Жаксалиев Бақытжан Мұхамбетқалиұлы | - | Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, төрағаның орынбасары |
Жәкенов Мұхтар Сейфоллаұлы | - | Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Су ресурстары комитеті су ресурстарын пайдалану және қорғау басқармасының бастығы, хатшы |
Смайылов Жанболат Амангелдіұлы | - | Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі |
Әбсаттаров Қайрат Бектайұлы | - | Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі |
Әбішев Ислам Әлмаханұлы | - | Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы |
Әшімбетов Нұржан Кемерұлы | - | Павлодар облысы әкімінің орынбасары |
Кошелев Владимир Леонидович | - | Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары |
Алпыспаев Талғат Тұрсынұлы | - | «KEGOC» акционерлік қоғамының «Шығыс өңіраралық электр желілері» филиалының директоры (келісім бойынша) |
Курий Юлия Анатольевна | - | «AES Өскемен гидроэлектрстанциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және «AES Шүлбі гидроэлектрстанциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша) |
Свамбаев Рысқан Тиышпекұлы | - | Болат Нұржанов атындағы «Екібастұз МАЭС-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісім бойынша) |
Әженов Әлімуәлет Абзалұлы | - | «Ұлы Ертіс-Великий Иртыш» су пайдаланушылары қауымдастығының төрағасы (келісім бойынша) |
Белов Владимир Александрович | - | «Екібастұз МАЭС-2 станциясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша) |
Коблов Сергей Михайлович | - | «Қазмырыш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бұқтырма гидроэнергетикалық кешенінің директоры (келісім бойынша) |
Сыздықов Қанат Тұрлыбекұлы | - | «Ертіс» су пайдаланушылар және су тұтынушылар қауымдастығының президенті (келісім бойынша) |
Лавриненко Юрий Иванович | - | «KAZLOGISTIKS» көліктік-логистикалық қауымдастығы басқармасының төрағасы (келісім бойынша) |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 23 сәуірдегі
№ 540 Қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 23.05.02 ж. № 561 Қаулысымен қосымшаның тақырыбы өзгертілді
Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі
тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 23.05.02 ж. № 561 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қалыптасқан климаттық жағдайларды ескере отырып, оңтайлы мерзімдерде Ертіс өзенінің арнасына табиғат қорғайтын су ағызуды жүргізу кезінде орталық және атқарушы органдардың іс-қимылын үйлестіруді қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында құрылды.
2. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы кеңесші-консультативтік орган болып табылады.
Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің кесімдерін, өзге де нормативті құқықтық кесімдерді, сондай-ақ Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның міндеттері
3. Комиссияның негізгі міндеттері:
1) бассейндегі су шаруашылығы ахуалын және тиісті жылдың 15 наурызына дейін табиғат қорғайтын көктемгі өтемдік су ағынын жүргізу кестелерін әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды уақытылы сарапшылық бағалау;
ҚР Үкіметінің 2007.02.11. № 1029 Қаулысымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) Ертіс су қоймалары құламасының табиғатты қорғайтын су ағызу кезеңінде қосымша өндірілетін электр энергиясын тарату жөнінде ұсыныстар дайындау;
3) табиғат қорғайтын су ағынын жүргізудің бекітілген кестелеріне сәйкес тұрақты мониторингті жүзеге асыру;
4) су ағынын жүргізу аяқталысымен Үкіметке қорытынды ақпарат ұсыну болып табылады.
3. Комиссияның құқықтары мен өкілеттіктері
4. Оған жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті материалдар мен ақпаратты орталық және жергілікті атқарушы органдардан, өзге де ұйымдардан сұратуға және алуға.
5. Сараптамалар мен консультациялар өткізу үшін Комиссияның құзыретіне қатысты мәселелермен қызметі байланысты орталық және жергілікті атқарушы органдардан, өзге де ұйымдардан мамандарды тартуға.
4. Комиссияның ұйымдастырушылық қызметі
6. Комиссияны Төраға басқарады.
ҚР Үкіметінің 2005.25.06. № 629 Қаулысымен 6-1 тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2013.15.04. № 355 Қаулысымен 6-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Су ресурстары комитеті Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
7. Комиссияның жұмысын ұйымдастыруды, тиісті материалдарды, ұсынымдарды дайындауды оның мүшесі болып табылатын Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2013.15.04. № 355 Қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде екі рет өткізіледі.
9. Комиссияның шешімдері оның мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады және хаттамамен ресімделеді.