Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 23 сәуірдегі № 540 қаулысы
(2012.07.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 15 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 23.05.02 ж. № 561 қаулысымен тақырыбы өзгертілді
Қалыптасқан климаттық жағдайларды ескере отырып, оңтайлы мерзімдерде Ертіс өзенінің арнасына табиғат қорғайтын су ағызуды жүргізуде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 23.05.02 ж. № 561 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | И. Тасмағамбетов |
ҚР Үкіметінің 23.05.02 ж. № 561 қаулысымен қосымшаның тақырыбы өзгертілді; ҚР Үкіметінің 15.06.04 ж. № 654 қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2005.25.06. № 629 (бұр. ред. қара); 2006.05.09. № 839 (бұр.ред.қара); 2007.02.11. № 1029 (бұр.ред.қара) қаулыларымен құрам өзгерді; ҚР Үкіметінің 2012.07.08. № 1031 Қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 23 сәуірдегі
№ 540 қаулысымен
қосымша
Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану
жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссияның
құрамы
Ахметов Серік Нығметұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің бірінші орынбасары, төраға |
Толыбаев Марат Еркінұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі, төрағаның орынбасары |
Жақсалиев Бақытжан Мұхамбетқалиұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, төрағаның орынбасары |
Жәкенов Мұхтар Сейфоллаұлы | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті су ресурстарын пайдалану және қорғау басқармасының бастығы, хатшы |
Мұхамбетов Мирлан Бегежанұлы | - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі |
Смайылов Жанболат Амангелдіұлы | - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі |
Әбсаттаров Қайрат Бектайұлы | - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі |
Әбішев Ислам Әлмаханұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы |
Әшімбетов Нұржан Кемерұлы | - Павлодар облысы әкімінің орынбасары |
Кошелев Владимир Леонидович | - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары |
Тілеубаев Дәурен Әділханұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті Ертіс бассейндік инспекциясының бастығы |
Нәбиев Нұрлан Абзалұлы | - Павлодар облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастығы |
Чернецкий Виталий Евгеньевич | - Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастығы |
Қанатпаев Мәулен Серікұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті Зайсан-Ертіс облысаралық балық шаруашылығының бассейндік инспекциясының бастығы |
Қожамжаров Нұрлан Темірханұлы | - «Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ертіс экология департаменті» мемлекеттік мекемесінің бастығы |
Каширин Александр Васильевич | - Шығыс Қазақстан облысы жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының бастығы |
Меңдіғарин Айбек Тәжіғалиұлы | - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Қазгидромет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директорының міндетін атқарушы |
Головков Анатолий Васильевич | - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Шығыс Қазақстан су жолдары республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры |
Уражанов Қайрат Манапұлы | - «KEGOC» акционерлік қоғамының «Шығыс өңіраралық электр желілері» филиалының директоры (келісім бойынша) |
Курий Юлия Анатольевна | - «АЕS Өскемен гидроэлектрстанциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің және «АЕS Шүлбі гидроэлектрстанциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша) |
Свамбаев Рысқан Тишпекұлы | - Болат Нұржанов атындағы «Екібастұз ГРЭС-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісім бойынша) |
Рустамбаев Әбдуәзім Әбдіғаниұлы | - «Еуроазиялық энергетикалық корпорация» акционерлік қогамының бас директоры (келісім бойынша) |
Әженов Әлимәулет Абзалұлы | - «Ұлы Ертіс-Великий Иртыш» су пайдаланушылар қауымдастығының төрағасы (келісім бойынша) |
Белов Владимир Александрович | - «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша) |
Коблов Сергей Михайлович | - «Казцинк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бұқтырма гидроэнергетикалык кешенінің директоры (келісім бойынша) |
Шотанов Ермек Игембайұлы | - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Еуразия су орталығы» ғылыми-өндірістік бірлестігі» акционерлік қоғамы өндірістік бөлімінің бастығы (келісім бойынша) |
Ерболатов Мәлік Оралбекұлы | - «Ертіс» су пайдаланушылар және су тұтынушылар қауымдастығының президенті (келісім бойынша) |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 23 сәуірдегі
№ 540 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 23.05.02 ж. № 561 қаулысымен қосымшаның тақырыбы өзгертілді
Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі
тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 23.05.02 ж. № 561 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қалыптасқан климаттық жағдайларды ескере отырып, оңтайлы мерзімдерде Ертіс өзенінің арнасына табиғат қорғайтын су ағызуды жүргізу кезінде орталық және атқарушы органдардың іс-қимылын үйлестіруді қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында құрылды.
2. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы кеңесші-консультативтік орган болып табылады.
Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің кесімдерін, өзге де нормативті құқықтық кесімдерді, сондай-ақ Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның міндеттері
3. Комиссияның негізгі міндеттері:
1) бассейндегі су шаруашылығы ахуалын және тиісті жылдың 15 наурызына дейін табиғат қорғайтын көктемгі өтемдік су ағынын жүргізу кестелерін әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды уақытылы сарапшылық бағалау;
ҚР Үкіметінің 2007.02.11. № 1029 қаулысымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) Ертіс су қоймалары құламасының табиғатты қорғайтын су ағызу кезеңінде қосымша өндірілетін электр энергиясын тарату жөнінде ұсыныстар дайындау;
3) табиғат қорғайтын су ағынын жүргізудің бекітілген кестелеріне сәйкес тұрақты мониторингті жүзеге асыру;
4) су ағынын жүргізу аяқталысымен Үкіметке қорытынды ақпарат ұсыну болып табылады.
3. Комиссияның құқықтары мен өкілеттіктері
4. Оған жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті материалдар мен ақпаратты орталық және жергілікті атқарушы органдардан, өзге де ұйымдардан сұратуға және алуға.
5. Сараптамалар мен консультациялар өткізу үшін Комиссияның құзыретіне қатысты мәселелермен қызметі байланысты орталық және жергілікті атқарушы органдардан, өзге де ұйымдардан мамандарды тартуға.
4. Комиссияның ұйымдастырушылық қызметі
6. Комиссияны Төраға басқарады.
ҚР Үкіметінің 2005.25.06. № 629 қаулысымен 6-1 тармағымен толықтырылды
6-1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Су ресурстары комитетi Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
7. Комиссияның жұмысын ұйымдастыруды, тиісті материалдарды, ұсынымдарды дайындауды оның мүшесі болып табылатын Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
8. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде тоқсанына бір рет өткізіледі.
9. Комиссияның шешімдері оның мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады және хаттамамен ресімделеді.