Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 сәуірдегі № 540 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 629 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 546 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегi тұрақты жұмыс iстейтiн ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 23 сәуірдегі № 540 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 14, 189-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
1) Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс iстейтiн ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Анпилогов - "Өскемен су электр станциясы АЭС"
Борис Иванович жауапкершілігi шектеулi
серiктестiгiнiң станцияны пайдалану
жөніндегі директоры (келісім бойынша)
Ахметов - "Эй-И-Эс Силк Poуд, Инк."
Дәулет Дәлелұлы компаниясы филиалының мемлекеттік
органдармен байланыстар жөніндегі
директоры (келісім бойынша)
Висков - "KEGOC" ашық акционерлік
Михаил Александрович қоғамының "Шығыс өңiраралық
электр желілерi" филиалының
директоры (келісім бойынша)
Морозов - "Қазмырыш" акционерлік қоғамы
Игорь Васильевич энергетикалық кешенiнiң директоры,
бас энергетигi (келісім бойынша)
Огай - Шығыс Қазақстан облысы әкімінiң
Эдуард Викторович орынбасары;
"Бертiсбаев Несiпқұл Бертiсбайұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгінің Электр энергетикасы және қатты жанармай департаментiнiң директоры" деген жолдағы "қатты жанармай" деген сөздер "көмiр өнеркәсiбi" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген құрамнан Богатырев Александр Егорович, Навид Исмаил, Недовесов Виктор Семенович, Рудман Борис Михайлович, Селиханов Дүйсенбай Мағзұмұлы шығарылсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс iстейтiн ведомствоаралық комиссия туралы ереже:
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Су ресурстары комитетi Комиссияның жұмыс органы болып табылады.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |