Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 23 сәуірдегі № 540 қаулысы
(2007.02.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 7 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 23.05.02 ж. № 561 қаулысымен тақырыбы өзгертілді
Қалыптасқан климаттық жағдайларды ескере отырып, оңтайлы мерзімдерде Ертіс өзенінің арнасына табиғат қорғайтын су ағызуды жүргізуде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 23.05.02 ж. № 561 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 23 сәуірдегі
№ 540 қаулысымен
қосымша
ҚР Үкіметінің 23.05.02 ж. № 561 қаулысымен қосымшаның тақырыбы өзгертілді; ҚР Үкіметінің 15.06.04 ж. № 654 қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2005.25.06. № 629 (бұр. ред. қара); 2006.05.09. № 839 (бұр.ред.қара); 2007.02.11. № 1029 (бұр.ред.қара) қаулыларымен құрам өзгерді
Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі
тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссияның
құрамы
Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика
және минералдық ресурстар министрі, төраға
Рябцев - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Анатолий Дмитриевич министрлігі Су ресурстары жөніндегі
комитетiнiң төрағасы, төрағаның орынбасары
Адамов - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Ришат Жомартұлы министрлігі Су ресурстары жөніндегі
комитетiнiң Ертіс бассейнi су шаруашылығы
басқармасы бастығының орынбасары, хатшы
Бертiсбаев - Қазақстан Республикасының Энергетика және
Несiпқұл Бертiсбайұлы минералдық ресурстар министрлігінiң
Электрэнергетика және көмір өнеркәсібі
департаментiнiң директоры
Дурницын - "Шульба гидро электр станциясы"
Юрий Михайлович жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң
бас техникалық басшысы (келісім бойынша)
Көбегенов - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Қиыспек Жекебайұлы министрлігі Су ресурстары жөніндегі
комитетiнiң Ертіс бассейнi су шаруашылығы
басқармасының бастығы
Рамазанов - "Ұлы Ертіс - Великий Иртыш" су
Жанайдар Рамазанұлы пайдаланушылар қауымдастығының төрағасы
(келісім бойынша)
Рүстембаев - "Еуразиялық энергетикалық корпорациясы"
Әбдiәзiм Әбдiғаниұлы ашық үлгiдегi акционерлік қоғамының бас
директоры (келісім бойынша)
Ульрих - "КОРЭМ" жабық акционерлік қоғамының вице-
Эрих Гукович президентi (келісім бойынша).
Анпилогов - "Өскемен су электр станциясы AЭС"
Борис Иванович жауапкершілігi шектеулi
серiктестiгiнiң станцияны пайдалану
жөніндегі директоры (келісім бойынша)
Ахметов - "Эй-И-Эс Силк Poуд, Инк."
Дәулет Дәлелұлы компаниясы филиалының мемлекеттік
органдармен байланыстар жөніндегі
директоры (келісім бойынша)
Морозов - "Қазмырыш" акционерлік қоғамы
Игорь Васильевич энергетикалық кешенiнiң директоры,
бас энергетигi (келісім бойынша)
Әутәліпов - Павлодар облысы әкімдігі Табиғи ресурстар
Нұрлан Қабыкенұлы және табиғатты пайдалануды реттеу
департаментінің директоры
Дмитриев - «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» ашық
Леонид Николаевич акционерлік қоғамының коммерция және
өткізу басқармасы төрағасының орынбасары
Ли - «KEGOC» акционерлік қоғамының жүйелік
Валерий Константинович оператор қызметтері жөніндегі басқарушы
Директоры
Ұражанов - «KEGOC» акционерлік қоғамы «Шығыс
Қайрат Манапұлы өңіраралық электр желілері» филиалының
директоры
Зейнуллин Талғат Мұратұлы - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік
кәсіпорнының бас директоры
Плотников Сергей Викторович - Шығыс Қазақстан облысы
әкімінің орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 23 сәуірдегі
№ 540 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 23.05.02 ж. № 561 қаулысымен қосымшаның тақырыбы өзгертілді
Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі
тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 23.05.02 ж. № 561 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қалыптасқан климаттық жағдайларды ескере отырып, оңтайлы мерзімдерде Ертіс өзенінің арнасына табиғат қорғайтын су ағызуды жүргізу кезінде орталық және атқарушы органдардың іс-қимылын үйлестіруді қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында құрылды.
2. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы кеңесші-консультативтік орган болып табылады.
Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің кесімдерін, өзге де нормативті құқықтық кесімдерді, сондай-ақ Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның міндеттері
3. Комиссияның негізгі міндеттері:
1) бассейндегі су шаруашылығы ахуалын және тиісті жылдың 15 наурызына дейін табиғат қорғайтын көктемгі өтемдік су ағынын жүргізу кестелерін әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды уақытылы сарапшылық бағалау;
ҚР Үкіметінің 2007.02.11. № 1029 қаулысымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) Ертіс су қоймалары құламасының табиғатты қорғайтын су ағызу кезеңінде қосымша өндірілетін электр энергиясын тарату жөнінде ұсыныстар дайындау;
3) табиғат қорғайтын су ағынын жүргізудің бекітілген кестелеріне сәйкес тұрақты мониторингті жүзеге асыру;
4) су ағынын жүргізу аяқталысымен Үкіметке қорытынды ақпарат ұсыну болып табылады.
3. Комиссияның құқықтары мен өкілеттіктері
4. Оған жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті материалдар мен ақпаратты орталық және жергілікті атқарушы органдардан, өзге де ұйымдардан сұратуға және алуға.
5. Сараптамалар мен консультациялар өткізу үшін Комиссияның құзыретіне қатысты мәселелермен қызметі байланысты орталық және жергілікті атқарушы органдардан, өзге де ұйымдардан мамандарды тартуға.
4. Комиссияның ұйымдастырушылық қызметі
6. Комиссияны Төраға басқарады.
ҚР Үкіметінің 2005.25.06. № 629 қаулысымен 6-1 тармағымен толықтырылды
6-1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Су ресурстары комитетi Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
7. Комиссияның жұмысын ұйымдастыруды, тиісті материалдарды, ұсынымдарды дайындауды оның мүшесі болып табылатын Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
8. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде тоқсанына бір рет өткізіледі.
9. Комиссияның шешімдері оның мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады және хаттамамен ресімделеді.