405-бап. Тауарларды, көлiк құралдарын және олардың құжаттарын Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз беру, жоғалту немесе Қазақстан Республикасының кеден органына жеткiзбеу
1. Кедендiк бақылауда тұрған тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз беру, жоғалту немесе Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органы белгілеген орынға жеткiзбеу -
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысанасы болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып не онсыз, қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кедендiк бақылауда тұрған тауарлар мен көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының кеден органына тапсыру үшін қабылданған кедендiк немесе өзге де құжаттарын жоғалту немесе жеткiзбеу -
ескерту жасауға не айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Тауарларды, көлiк құралдарын және олардың құжаттарын Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органы белгілеген жеткiзу мерзімін сақтамау -
ескерту жасауға не айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 406-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
406-бап. Көлiк құралын тоқтатпау
Мұндай тоқтатпау көлiк құралының техникалық ақаулығынан немесе еңсерілмейтін күштiң әсерiнен болған жағдайларды қоспағанда, кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өтетiн көлiк құралын, сондай-ақ кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауар ретiнде өткiзiлетiн көлiк құралын Қазақстан Республикасының кеден органы белгiлейтін орындарда тоқтатпау -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 407-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
407-бап. Көлiк құралын Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз жөнелту
Кедендiк бақылауда тұрған көлiк құралын не кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауар ретiнде өткiзiлетiн көлiк құралын оның тұрған орнынан Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз жөнелту -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
408-бап. 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 409-бап өзгертілді; 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 409-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
409-бап. Тауарларды кедендік рәсімдеуге орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасау және тауарларды кедендік тазалау тәртібін бұзу
Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды кедендік рәсімге орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасау және тауарларды кедендік тазалау тәртібін бұзу, яғни кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген тауарларды кедендiк ресiмдеуге орналастыру, кеден операцияларын жасау орны мен уақыты жөніндегі талаптарды, сондай-ақ тауарлардың жекелеген санаттарын кедендік рәсімдеуге орналастырудың бірінші кезектегі тәртібін қолдану шарттарын сақтамау -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 409-1-баппен толықтырылды
409-1-бап. Кеден операцияларын жүргізу тәртібін бұзу
1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген кеден операцияларын жүргізу тәртібін бұзу -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тиісті тізілімнен алып тастай отырып, елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 410-бап өзгертілді; 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 410-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 410-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
410-бап. Кедендiк тазалау аяқталмаған тауарлармен заңсыз операциялар жүргiзу, жай-күйiн өзгерту, пайдалану және (немесе) билiк ету
1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген талаптар мен шарттарды бұза отырып, өздеріне қатысты тауарларды шығару туралы шешім қабылданбаған тауарлармен операциялар жүргiзу, олардың жай-күйiн өзгерту, оларды пайдалану және (немесе) оларға билiк ету -
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысанасы болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз, жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 411-бап өзгертілді
411-бап. Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз жүргiзiлетiн жүк және өзге де операциялар
Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз кеден бақылауында тұрған тауарларды және көлiк құралдарын тасымалдау, тиеу, түсiру, қайта тиеу, зақымданған орамды жөндеу, буып-түю, қайта буып-түю немесе тасымалдауға қабылдау, мұндай тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алу, көрсетiлген тауарлар мен көлiк құралдары болуы мүмкiн үй-жайларды, қораптарды және басқа да орындарды ашу, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 412-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
412-бап. Сәйкестендіру құралдарын өзгерту, алып тастау, жою, зақымдау не жоғалту
Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органы қолданған сәйкестендіру құралдарын қасақана өзгерту, алып тастау, жою, зақымдау не жоғалту -
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 413-бап өзгертілді; 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 413-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
413-бап. Тауарларды кедендік декларациялау тәртібін бұзу
Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, декларанттың және (немесе) кеден өкілінің тауарларды кедендік декларациялау тәртібін бұзуы, яғни тауарларды алдын ала, толық емес, мерзiмдiк және уақытша кедендік декларациялауды қоса алғанда, тауарларды кедендік декларациялау орны бойынша, кедендік декларацияны толтыру және кедендік декларациялау тәртібі бойынша кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген талаптарды сақтамауы -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 413-1-баппен толықтырылды
413-1-бап. Кеден өкілінің кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыру тәртібін бұзуы
1. Кеден өкілінің үшінші тұлғамен азаматтық-құқықтық шарт жасаспай не шарттың қолданылу мерзімі өткен соң немесе ол бұзылғаннан кейін үшінші тұлғаның мүддесі үшін кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыруы -
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, кеден өкілі бір жыл ішінде қайталап жасаған іс-әрекет -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 413-2-баппен толықтырылды
413-2-бап. Уәкілетті экономикалық оператордың кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыру тәртібін бұзуы
Уәкілетті экономикалық оператордың осындай қызметті жүзеге асыру үшін кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген талаптарды сақтамауы -
жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 414-бап өзгертілді; 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 414-бап жаңа редакцияда
414-бап. Кедендік декларацияны, құжаттар мен мәлiметтерді беру мерзiмдерiн бұзу
Осы Кодекстің 434-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, декларанттың тауарларды кедендік декларациялау кезінде ұсынылатын кедендік декларацияны, құжаттар мен мәлiметтердi Қазақстан Республикасының кеден органына белгiленген мерзiмдерде табыс етпеуі, қылмыс белгiлерi болмаған кезде -
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 415-бап өзгертілді;; 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 415-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
415-бап. Қазақстан Республикасының кеден органына есептілікті табыс етпеу және есеп жүргiзу тәртібін сақтамау
Кедендік тасымалдаушының, кеден өкілінің, уақытша сақтау орны немесе қоймасы, кедендік немесе еркін қойма, баж салынбайтын сауда дүкені иелерінің, декларанттардың кедендiк бақылаудағы не еркiн кеден аймағы аумағындағы әкелiнетiн, әкетiлетiн, декларацияланатын, келiп түсетiн, сақталатын, өңделетін, дайындалатын, сатып алынатын және өткізілетін тауарлар туралы есептілікті Қазақстан Республикасының кеден органына кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен және мерзімдерде табыс етпеуі, сол сияқты мұндай тауарларға есеп жүргiзу тәртібін сақтамауы -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 2005.21.10. № 80-III Заңымен 416-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
416-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 417-бап өзгертілді; 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 417-бап жаңа редакцияда
417-бап. Тауарларды сақтауға орналастыру тәртiбiн, оларды сақтау және олармен операциялар жүргiзу тәртiбiн бұзу
Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген, тауарларды сақтауға орналастыру тәртiбiн және оларды сақтау тәртiбiн, кеден қоймасында сақтау мерзiмдерiн, тауарларды бiр қоймадан екiншi қоймаға ауыстыру тәртiбiн бұзу, сол сияқты кеден қоймаларында, уақытша сақтау қоймаларында және еркін қоймаларда тауарлармен операциялар жүргiзу -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 417-1-баппен толықтырылды; 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 417-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
417-1-бап. Тауарларды уақытша сақтау мерзімдерін бұзу
Осы Кодекстің 414 және 434-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген, тауарларды уақытша сақтау мерзімдерін бұзу -
жеке тұлғаларға - жиырма бес, дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 418-бап өзгертілді
418-бап. Тауарларды қайта өңдеу тәртібін бұзу және қайта өңдеу өнiмдерiн ауыстыру
1. Тауарларды қайта өңдеу тәртібін бұзу, яғни кеден заңдарымен белгiленген талаптарды, шектеулердi және тауарларды қайта өңдеу жағдайлары туралы мiндеттеме беру шарттарын, оларды қайта өңдеу тәртібі мен мерзiмдерiн, қайта өңдеу өнiмдерiнiң шығу мөлшерiн сақтамау, осындай тауарларды қайта өңдеу бойынша операциялар жүргiзу, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Отандық тауарлардың қайта өңдеу өнімдерін басқа тауарлармен ауыстырудың белгіленген тәртібін бұзу, -
айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 419-бап өзгертілді
419-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 420-бап өзгертілді
420-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен421-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 421-бап өзгертілді; 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 421-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 421-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
421-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын Кеден одағының кеден аумағынан тыс жерлерге әкетпеу не осы аумаққа қайтармау
1. Бұрын әкелiнген және (немесе) аяқталған кезiнде белгiленген мерзiмдерде әкету көзделетiн белгiлi бiр кедендiк рәсiм жүргізуге орналастырылған тауарлар мен көлiк құралдарын, сондай-ақ, егер мұндай әкету мiндеттi болған жағдайларда, Кеден одағының кедендiк аумағынан тыс жерлерге әкетпеу, не бұрын әкетiлген және (немесе) аяқталған кезiнде белгiленген мерзiмдерде керi әкелу көзделетiн белгiлi бiр кедендiк рәсiм жүргізуге орналастырылған тауарлар мен көлiк құралдарын, сондай-ақ, егер мұндай әкелу мiндеттi болған жағдайларда, белгiленген мерзiмдерде Кеден одағының кедендiк аумағына қайтармау -
әкімшілік құқық бұзушылықтың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - он бес, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының кеден органына тауарлар мен көлiк құралдарының қайта әкетілуін немесе әкелінуін, не аварияның немесе еңсерілмейтін күштiң әсерi, табиғи тозу немесе азаю не шет мемлекет органдары мен лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттерiне байланысты олардың иелiктен шығарылуы салдарынан тауарлар мен көлiк құралдарының жойылуы немесе ысырап болуы себебiнен оның мүмкiн еместігін растау ретiнде жарамсыз құжаттарды, заңсыз жолмен алынған құжаттарды не басқа тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты құжаттарды табыс ету -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болған тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - он бес, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
422-бап. 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 423-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 423-бап жаңа редакцияда
423-бап. Белгiлi бiр кедендiк рәсiм жүргізуге орналастырылған тауарлармен және көлiк құралдарымен заңсыз операциялар жүргізу, олардың жай-күйiн өзгерту, оларды пайдалану және (немесе) оларға билiк ету
Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарлармен және көлiк құралдарымен олардың кедендiк рәсiмiне сәйкес келмейтiн операциялар жүргізу, олардың жай-күйiн өзгерту, оларды пайдалану және (немесе) оларға билiк ету, сол сияқты есеп жүргiзу және есептiлiктi ұсыну тәртiбiн және Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген өзге де шектеулердi, кедендiк рәсiм талаптары мен шарттарын сақтамау -
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысанасы болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 424-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 424-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 424-бап жаңа редакцияда
424-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзген кезде тыйым салулар мен шектеулердi қолдану тәртiбiн сақтамау
Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленетiн тыйым салулар мен шектеулердi қолдану тәртiбiн бұза отырып, тауарлар мен көлiк құралдарын Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу, қылмыс белгiлерi болмаған кезде -
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысанасы болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - он бес, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын дара кәсiпкерлерге, заңды тұлғаларға - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 425-бап жаңа редакцияда
425-бап. Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды өткiзу тәртібін бұза отырып, тауарларды Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзуi
Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке тұлғалардың Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалатын жеке пайдалануға арналған тауарларды өткiзу тәртібін бұза отырып, тауарларды Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзуi, оның iшiнде «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң кедендiк шекара арқылы өткiзiлетiн жеке пайдалануға арналған тауарлар мен көлiк құралдарын мiндеттi жазбаша декларациялау жөнiндегi талаптарын, сондай-ақ тауарларды иесімен жөнелтілмейтін багажбен өткiзу тәртiбiн сақтамау -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 425-1-баппен толықтырылды
425-1-бап. Тауарларды халықаралық почта жөнелтілімдерінде өткізу тәртібін бұзу
Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген халықаралық почта жөнелтілімдерінде тауарларды өткізу тәртібін бұзу -
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға - он, дара кәсіпкерлерге -жиырма, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 426-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 426-бап өзгертілді; 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 426-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
426-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы кедендік бақылауға соқпай өткiзу
1. Тауарлар мен көлiк құралдарын Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы кедендік бақылауға соқпай өткiзу, яғни, тауарларды Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткізудің Қазақстан Республикасының кеден органдары айқындаған орындарынан тыс жерлерден немесе көрсетiлген орындарда Қазақстан Республикасының кеден органдарының жұмыс уақытынан тыс кезде өткiзу, қылмыс белгiлерi болмаған кезде -
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысанасы болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - отыздан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - кедендік төлемдердің, салықтар мен өсімпұлдардың төленуге тиісті сомаларының сомасынан жүз пайыз мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүз пайыз мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет -
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысанасы болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - қырықтан елуге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - кедендік төлемдердің, салықтар мен өсімпұлдардың төленуге тиісті сомаларының сомасынан екі жүз пайыз мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз пайыз мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 427-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 427-бап өзгертілді; 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 427-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
427-бап. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарларды кедендік бақылаудан жасыру
Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн не өткізілген тауарларды кедендік бақылаудан жасыру, оның iшiнде тауарларды табуды қиындататын құпия орындарды не басқа тәсiлдердi пайдалану арқылы жасыру немесе бiр тауарларға басқалардың түрiн беру, қылмыс белгiлерi болмаған кезде -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болып табылған тауарлар тәркiлене отырып немесе онсыз, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысанасы болып табылатын тауарлар мен заттарды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жасырып өткiзу үшiн пайдаланылған арнайы әзiрленген құпия орындарымен бірге тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 428-бап өзгертілді; 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 428-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
428-бап. Құжаттарды немесе сәйкестендіру құралдарын алдап пайдалана отырып, тауарлар мен көлiк құралдарын Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткiзу
Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден органына кедендiк мақсаттар үшiн қажеттi құжаттар ретiнде жарамсыз құжаттарды, заңсыз жолмен алынған құжаттарды, анық емес мәлiметтердi қамтитын құжаттарды не басқа тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты құжаттарды ұсыну арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткiзу, сондай-ақ жасанды сәйкестендiру құралдарын не басқа тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты түпнұсқалық сәйкестендіру құралдарын пайдалану, қылмыс белгiлерi болмаған кезде -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 429-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 429-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 429-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 429-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
429-бап. Тауарларды кедендік декларацияламау немесе жалған декларациялау
1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн не өткізілген тауарларды кедендік декларацияламау немесе жалған декларациялау, яғни декларанттың, кеден өкілінің, уәкілетті экономикалық оператордың кеден декларациясында және кеден мақсаттары үшін қажетті өзге де құжаттарда тауарлар туралы, таңдап алынған кедендiк рәсім, тауарлардың кедендік құны не шыққан елі туралы белгiленген нысанда мәлiмдемеуі немесе дұрыс емес мәліметтерді мәлiмдеуі немесе кедендік төлемдер мен салық төлеуден босату үшін немесе олардың мөлшерін төмендету үшін негіз болатын дұрыс емес мәліметтерді мәлімдеуі және кедендік мақсаттар үшін қажетті басқа да мәліметтерді мәлімдемеуі -