Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiм) қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгізу, күшi жойылған деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 ж. 19 қаңтардағы № 71 Қаулысы
(2012.07.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 2 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiм) қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне қоса берiлiп отырған өзгертулер мен толықтырулар бекітілсiн.
2. Қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1996 жылғы 19 қаңтардағы
№ 71 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгертулер мен толықтырулар
1. «Қазақ ССР-iнiң қалалары мен жұмысшы поселкелеріндегі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін техникалық инвентаризациялау туралы Ереженi бекіту туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1984 жылғы 18 қаңтардағы № 24 қаулысымен бекітілген Қазақ КСР-iнiң қалалары мен жұмысшы поселкелеріндегі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін техникалық инвентаризациялау туралы Ереженiң 1 және 6-тармақтарынан (Қазақ КСР ҚЖ, 1984 ж., № 4, 10-бап) «жеке» сөзi алынып тасталсын.
ҚР Үкіметінің 15.07.96 ж. № 905 қаулысымен 2-тармақтың күшi жойылды
2.
3. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендiру туралы Ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 24 қаңтардағы № 66 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендiру туралы Ереженiң 2-тармағынан (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 3, 48-бап) «Қазақ ССР-індегі меншiк туралы» сөздерi алынып тасталсын.
4. ҚР Үкіметінің 2005.09.02 № 124 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 04.08.03 ж. № 779 қаулысымен 5-тармақтың күшi жойылды
5. «Қазақстан Республикасының жер қойнауы туралы ақпаратты жүзеге асырудың (берудiң, алмасудың, сатудың) тәртібі туралы Ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 8 желтоқсандағы № 1034 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының жер қойнауы туралы ақпаратты жүзеге асырудың (берудiң, алмасудың, сатудың) тәртібі туралы ережеде:
5-тармақтағы «Қазақ КСР-індегі меншiк туралы» Қазақ КСР Заңы (4-бап) сөздерi алынып тасталсын;
8-тармақтың бірiншi абзацындағы «Қазақ КСР-індегі меншiк туралы» Қазақ КСР заңы» сөздерi «меншiк туралы азаматтық заңдар нормаларымен» сөздерiмен алмастырылсын.
6. ҚР Үкіметінің 07.05.96 ж. № 573 қаулысымен 6-тармақтың күшi жойылды
7. ҚР Үкіметінің 01.07.99 ж. № 909 қаулысымен 7-тармақтың күшi жойылды
8. ҚР Үкіметінің 2012.07.02. № 210 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1996 жылғы 19 қаңтардағы
№ 71 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң күшi жойылған
кейбір шешiмдерiнiң тiзбесi
1. «Мекемелер мен кәсiпорындардың мүлкiн заңсыз пайдалануға тыйым салу туралы» Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесiнiң 1939 жылғы 28 сәуірдегі № 328 қаулысы.
2. «Тiкелей мақсатына пайдаланылмайтын мектеп үйлерiн босату туралы» Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесiнiң 1940 жылғы 22 шiлдедегi № 491 қаулысы.
3. «Жұмысшылар мен қызметшiлердiң жеке және ұжымдық бақша өсiрудi одан әрi кеңейту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан КП(б) Орталық комитетi мен Халық Комиссарлары Советiнiң 1944 жылғы 27 сәуірдегі № 235 қаулысы.
4. «Мақсаты бойынша пайдаланылмайтын мектеп үйлерiн қайтарудың тәртібі туралы» ССР Одағы Халық Комиссарлары Советiнiң 1944 жылғы 5 наурыздағы № 242 қаулысының орындалу барысы туралы» Халық Комиссарлары Советiнiң 1944 жылғы 7 маусымдағы № 324 қаулысы.
5. «Iрi индустриалды кәсiпорындардың республиканың жергiлiктi және кооперативтiк өнеркәсiп кәсiпорындарына қамқорлығы туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1949 жылғы 2 қыркүйектегi № 784 қаулысы.
6. «Тыйым салынған кәсiпшiлiкке және жеке меншiктiң жергiлiктi және кооперативтiк өнеркәсiп кәсiпорындарына енуiне қарсы күрестi күшейту туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1955 жылғы 10 қазандағы № 702 қаулысы.
7. «Ауыл шаруашылығындағы қосалқы кәсiпорындар туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1956 жылғы 22 желтоқсандағы № 890 қаулысы.
8. «Қазақ зағиптар қоғамы туралы Ереженi бекіту туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1957 жылғы 19 қарашадағы № 827 қаулысы.
9. Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1958 жылғы 3 ақпандағы № 130 өкімі.
10. «Қазақ ССР Геология және жер қойнауын қорғау министрлігінiң геологиялық ұйымдары геологиялық барлау жұмыстарын тоқтатқан немесе қысқартқан кезде уақытша үйлер мен құрылыстарды беру мен таратудың тәртібі туралы Ереженi бекіту туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1960 жылғы 18 қарашадағы № 980 қаулысы.
11. «Республиканың сауда кәсiпорындары мен ұйымдарына халық тұтынатын тауарлар беруге арналған шарт жасаудың тәртібін одан әрi жақсарту туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1964 жылғы 10 қаңтардағы № 37 қаулысы.
12. «Қазақ ССР тұтыну кооперациясы ұйымдарының өнеркәсiппен тiкелей шарттық байланысын кеңейту жөніндегі шаралар туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1964 жылғы 1 қазандағы № 676 қаулысы.
13. Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1965 жылғы 5 шiлдедегi № 1092 өкімі.
14. Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1965 жылғы 12 қазандағы № 1718 өкімі.
15. «Халыққа білім беру органдарының мемлекеттік кәсiпорындар мен ұйымдарға тиесiлi үйлерiн жалпы білім беретiн мектептер ретiнде пайдаланудың тәртібі мен шарты туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1966 жылғы 11 шiлдедегi № 488 қаулысы.
16. «Қазақ ССР Министрлер Советiнiң жанындағы Өзен флоты бас басқармасының кәсiпорындарында Социалистiк мемлекеттік өндiрiстiк кәсiпорындар туралы ереженi қолданудың ерекшелiктерi туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1966 жылғы 29 шiлдедегi қазандағы № 527 қаулысы.
17. «Автомобиль транспортының кәсiпорындарын жоспарлау мен экономикалық ынталандырудың жаңа жүйесiне көшiру туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1966 жылғы 20 қазандағы № 752 қаулысы.
18. «Қазақ ССР-iнiң министрлiктерi мен ведомстволарында және оларға бағынысты кәсiпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда заң қызметiнiң жай-күйi және оларды жақсарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1965 жылғы 7 шiлдедегi № 425 қаулысының орындалу барысы туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1967 жылғы 15 наурыздағы № 162 қаулысы.
19. «Қазақ ССР Қоғамдық тәртiптi қорғау министрлігінiң п/я УЛ-154/14 және п/я УЛ-154/31 кәсiпорындарын өнеркәсiп өндiрiсiн жоспарлау мен экономикалық ынталандырудың жаңа жүйесiне көшiру туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1967 жылғы 22 маусымдағы № 182 қаулысы.
20. «Еңбекшiлер депутаттары селолық және поселкелiк Советiнiң жұмысын жақсарту туралы» КПСС Орталық Комитетiнiң 1967 жылғы 8 марттағы қаулысын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1967 жылғы 27 наурыздағы № 193 қаулысы.
21. «Жоспарлау мен ынталандырудың жаңа жүйесiне көшiрiлген кәсiпорындардың жұмысы және республиканың өнеркәсiп салаларын жаңа жүйеге одан әрi көшiру жөніндегі шаралар туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1967 жылғы 8 қыркүйектегi № 652 қаулысы.
22. «Ауыл шаруашылығындағы қосалқы кәсiпорындар мен кәсiпшiлiктердi одан әрi дамыту туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1967 жылғы 14 қарашадағы № 746 қаулысы (Қазақ КСР ҚЖ, 1967 ж., № 13, 72-бап).
23. «Халық депутаттарының селолық және поселкелiк Кеңестерiнiң жұмысын жаңарту туралы» КПСС Орталық Комитетiнiң 1967 жылғы 8 марттағы қаулысын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1968 жылғы 3 қазандағы № 597 қаулысы.
24. «Республиканың мемлекеттік кәсiпорындары мен коммуналдық шаруашылық объектілерінде социалистiк мемлекеттік өндiрiс кәсiпорны туралы Ереженi қолданудың ерекшелiктерi туралы» Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1967 жылғы 26 желтоқсандағы № 861 қаулысы (Қазақ КСР ҚЖ, 1968 ж., № 1, 5-бап).
25. «Республиканың тұрмыс қажетiн өтейтiн мемлекеттік кәсiпорындарында социалистiк мемлекеттік өндiрiс кәсiпорны туралы Ереженi қолданудың ерекшелiктерi туралы» Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1968 жылғы 16 қаңтардағы № 27 қаулысы (Қазақ ССР ҚЖ, 1968 ж., № 2, 17-бап).
26. «Тапсырмалар мен мiндеттемелердi орындамағаны үшiн материалдық жауапкершiлiктi күшейту туралы» Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1968 жылғы 19 қаңтардағы № 38 қаулысы.
27. «Қазақ ССР кооперативтiк ұйымдарында өнеркәсiп-өндiрiстiк қызметтерiн жергiлiктi шикiзат көздерi базасында кеңейту туралы» Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1968 жылғы 12 мамырдағы № 263 қаулысы.
28. «Қазақ ССР Автомобиль көлiгi министрлігінiң өндiрiстiк трестерi мен басқармаларының басқару аппаратын жоспарлау мен экономикалық ынталандырудың жаңа жүйесiне көшiру туралы» Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1968 жылғы 3 қазандағы № 597 қаулысы.
29. «Селода сауда ұйымдастырудағы елеулi кемшiлiктер мен тұтыну кооперациясының бөлшек сауда товар айналымы жоспарының қанағаттанғысыз орындалуы туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1968 жылғы 24 қазандағы № 649 қаулысы.
30. «Республиканың кәсiпорындарын жоспарлау мен экономикалық ынталандырудың жаңа жүйесiне көшiрудiң барысы туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1968 жылғы 10 желтоқсандағы № 730 қаулысы.
31. «Қазақ ССР Ауыл шаруашылығы министрлігінiң 196 совхозын 1969 жылы толық шаруашылық есепке көшiру туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1969 жылғы 13 қаңтардағы № 14 қаулысы.
32. «Азаматтарға тиесiлi транспорт құралдарына техникалық қызмет көрсету мен жөндеудi ұйымдастыруды жақсарту жөніндегі шаралар туралы» СССР Министрлер Советiнiң 1968 жылғы 10 қазандағы № 790 қаулысын орындау туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1969 жылғы 27 ақпандағы № 129 қаулысы.
33. «Жоспарлау мен ынталандырудың жаңа жүйесiне көшiрiлген республика кәсiпорындарын жұмысының жай-күйi туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1969 жылғы 29 сәуірдегі № 274 қаулысы.
34. «Еңбектi ғылыми ұйымдастыру мен өндiрiстi басқару жөніндегі республикалық кеңес жұмысының қорытындылары туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1969 жылғы 4 маусымдағы № 356 қаулысы.
35. «Республиканың қалалары мен жұмысшы поселкелеріндегі тұрғын үйлердi бұзу туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1969 жылғы 23 маусымдағы № 395 қаулысы (Қазақ КСР ҚЖ, 1969 ж., № 12, 66-бап).
36. «Жұмысшылар мен қызметшiлердiң коллективтiк бау-бақшасын дамытудағы елеулi кемшiлiктер туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1969 жылғы 8 шiлдедегi № 433 қаулысы.
37. «Күрделi құрылысты жоспарлауды жетiлдiру туралы және Қазақ СССР-iнде құрылыс өндiрiсiн экономикалық ынталандыруды күшейту туралы» Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетi мен Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1969 жылғы 1 тамыздағы № 484 қаулысы (Қазақ КСР ҚЖ, 1969 ж., № 16, 90-бап).
38. «Азаматтардың жеке мүлкiн қорғау туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1969 жылғы 3 қыркүйектегi № 555 қаулысы (Қазақ КСР ҚЖ, 1969 ж., № 18, 99-бап).
39. «Жеке иеленушiлерге комиссиялық негiзде тиесiлi жеңiл автомобильдердi сатудың тәртібін iшiнара өзгерту туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1969 жылғы 23 қазандағы № 653 қаулысы.
40. Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1969 жылғы 31 қазандағы № 1136 өкімі.
41. «Республиканың кәсiпорындары мен ұйымдарын жоспарлау мен экономикалық ынталандырудың жаңа жүйесiне одан әрi көшiру жөніндегі шаралар туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1969 жылғы 15 желтоқсандағы № 735 қаулысы.
42. «Қазақ саңыраулар қоғамы мен Қазақ ССР Мелиорация және су шаруашылығы министрлігінiң кәсiпорындарын жоспарлау мен экономикалық жаңа жүйесiне көшiру туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1970 жылғы 18 ақпандағы № 99 қаулысы (Қазақ КСР ҚЖ, 1970 ж., № 4, 17-бап).
43. «Қазақ ССР-iнде қолөнер кәсiпшiлiгiнiң жекелеген түрлерiмен шұғылдану құқығына арналған тiркеу куәлiгiн азаматтарға берудiң тәртібі туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1970 жылғы 13 наурыздағы № 181 қаулысы (Қазақ КСР ҚЖ, 1970, № 7, 30-бап).
44. «Қазақ ССР-iнiң республикалық министрлiктерi мен ведомстволарының жабдықтау-өткізу ұйымдарына Социалистiк мемлекеттік және өндiрiстiк кәсiпорындар туралы ереженi қолданудың ерекшелiктерi туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1970 жылғы 27 наурыздағы № 213 қаулысы (Қазақ КСР ҚЖ, 1970, № 7, 35-бап).
45. «Республиканың кәсiпорындары мен ұйымдарын жоспарлау мен экономикалық ынталандырудың жаңа жүйесiне көшiру туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1970 жылғы 27 наурыздағы № 214 қаулысы (Қазақ КСР ҚЖ, 1970, № 7, 36-бап).
46. «Республиканың коммуналдық кәсiпорындарын жоспарлау мен экономикалық ынталандырудың жаңа жүйесiне көшiру туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1970 жылғы 12 маусымдағы № 368 қаулысы (Қазақ КСР ҚЖ, 1970, № 12, 60-бап).
47. «Қазақ ССР Ауыл шаруашылығы министрлігі совхоздарының және басқа мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсiпорындарының бір бөлiгiн 1970 жылы толық шаруашылық есепке көшiру туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1970 жылғы 29 маусымдағы № 405 қаулысы.
48. Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1970 жылғы 17 тамыздағы № 661 өкімі.
49. «Қазақ ССР жұмысшылары мен қызметшiлерiнiң бау-бақша серiктестiгiнiң типтiк уставын бұзуы туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесi мен Кәсiптiк одақтардың Қазақ Республикалық Кеңесiнiң 1970 жылғы 2 қарашадағы № 672 қаулысы.
50. «Халық шаруашылығындағы праволық жұмысты жақсарту туралы» КПСС Орталық Комитетi мен СССР Министрлер Советiнiң 1970 жылғы 23 декабрьдегi № 1025 қаулысын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетi мен Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1971 жылғы 11 ақпандағы № 65 қаулысы (Қазақ КСР ҚЖ, 1971, № 5, 18-бап).
51. Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1971 жылғы 8 сәуірдегі № 261 өкімі.
52. «Қалаларда азаматтарға тиесiлi автомобильдер үшiн гараж-автотұрақтар салу туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1971 жылғы 10 маусымдағы № 321 қаулысы.
53. Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1971 жылғы 15 маусымдағы № 451 өкімі.
54. «Өнеркәсiптiк өндiрiстi жоспарлау мен экономикалық ынталандыруды жақсарту жөніндегі кейбір шаралар туралы» 1971 жылғы 6 тамыздағы № 442 қаулысы.
55. Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1971 жылғы 28 қыркүйектегi № 931 өкімі.
56. Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1972 жылғы 4 мамырдағы № 374 өкімі.
57. Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1972 жылғы 25 шiлдедегi № 695 өкімі.
58. «Қазақ ССР-iнде азаматтық хал актілерін тiркеудiң қанағаттанғысыз жай-күйi туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1972 жылғы 11 қыркүйектегi № 511 қаулысы (Қазақ КСР ҚЖ, 1972, № 18, 85-бап).
59. «Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1967 жылғы 26 декабрьдегi № 861 қаулысының күшiн коммуналдық шаруашылықтың кейбір кәсiпорындары мен ұйымдарына тарату туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1972 жылғы 16 қазандағы № 556 қаулысы (Қазақ КСР ҚЖ, 1972, № 20, 92-бап).
60. «Қазақ ССР Сауда министрлігінiң жанындағы халық тұтынатын тауарларға халықтың сұранысын зерттеу жөніндегі және жарнама жөніндегі ведомствоаралық советтiң құрамы мен ережесін бекіту туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1972 жылғы 29 желтоқсандағы № 661 қаулысы (Қазақ КСР ҚЖ, 1973, № 2, 8-бап).
61. Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1973 жылғы 4 шiлдедегi № 371 өкімі.
62. «Азаматтарға жеке меншiк правосымен тиесiлi тұрғын үйлерге табиғи газ кiргiзу жөніндегі кооперативтiң Үлгiлiк уставын бекіту туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1974 жылғы 12 ақпандағы № 60 қаулысы (Қазақ КСР ҚЖ, 1974, № 3, 12-бап).
63. «Алматы қаласында азаматтарға тиесiлi автотранспорт құралдары үшiн гараж-автотұрақтар салуды реттеу туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1974 жылғы 24 мамырдағы № 299 қаулысы (Қазақ КСР ҚЖ, 1974 ж., № 12, 58-бап).
64. «Пионерлер мен мектеп оқушыларының демалысын ұйымдастыруды одан әрi жақсарту жөніндегі шаралар туралы» КПСС Орталық Комитетiнiң 1974 жылғы 30 сәуірдегі қаулысын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетi мен Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1974 жылғы 30 мамырдағы № 318 қаулысы (Қазақ КСР ҚЖ, 1974, № 13, 59-бап).
65. «Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1969 жылғы 4 маусымдағы № 356 қаулысының 6 пунктiн өзгерту туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1974 жылғы 15 қазандағы № 547 қаулысы.
66. «Шаруашылық заңдарын одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» КПСС Орталық Комитетi мен СССР Министрлер Советiнiң 1975 жылғы 25 маусымдағы № 558 қаулысын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетi мен Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1975 жылғы 13 тамыздағы № 408 қаулысы (Қазақ КСР ҚЖ, 1975, № 16, 72-бап).
67. «Қазақ ССР Коммуналдық шаруашылық министрлігінде КПСС XXV съезiнiң талаптарынан туындайтын партия мен Үкiмет шешiмдерiнiң орындалуына бақылаудың жай-күйi туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1976 жылғы 11 қазандағы № 458 қаулысы.
68. «СССР Министрлер Советiнiң 1977 жылғы 22 шiлдедегi № 673 қаулысын жүзеге асыру туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1977 жылғы 22 тамыздағы № 40 қаулысы.
69. «Қазақ ССР-нiң халық шаруашылығында қоғамдық тәртiптi қорғау, праволық жұмыс жөніндегі Қазақ ССР Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу және күшi жойылған деп тану туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1977 жылғы 31 тамыздағы № 419 қаулысы (Қазақ КСР ҚЖ, 1977 ж., № 18, 86-бап).
70. «Колхозшылардың, жұмысшылардың, қызметшiлердiң және басқа азаматтардың жеке қосалқы шаруашылықтары мен коллективтiк бау-бақша мен бақша өсiру туралы» КПСС Орталық Комитетi мен СССР Министрлер Советiнiң 1977 жылғы 14 қыркүйектегi қаулысын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетi мен Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1977 жылғы 25 қарашадағы № 532 қаулысы.
71. Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1978 жылғы 17 ақпандағы № 54 өкімі.
72. «Кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң селодағы қосалқы шаруашылықтары туралы» КПСС Орталық Комитетi мен СССР Министрлер Советiнiң 1978 жылғы 4 желтоқсандағы № 985 қаулысын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетi мен Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1979 жылғы 9 қаңтардағы № 7 қаулысы (Қазақ КСР ҚЖ, 1979 ж., № 4, 8-бап).
73. «Кәсiпорындарды, бірлестiктердi, ұйымдарды, мекемелердi, үйлер мен құрылыстарды берудiң тәртібі туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1979 жылғы 31 қазандағы № 411 қаулысы (Қазақ КСР ҚЖ, 1979 ж., № 22, 72-бап).
74. «Азаматтарға үйге қажеттi заттарды, музыкалық аспаптарды, спорт инвентарларын, жеке пайдалануға және басқа мүлiктердi уақытша пайдалануға беру туралы Типтiк шартты және халық шiн жөндеу-құрылыс жұмыстарын орындауға арналған Типтiк шарт-заказды бекіту туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1980 жылғы 13 мамырдағы № 205 қаулысы (Қазақ КСР ҚЖ, 1980 ж., № 10, 31-бап).
75. «Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1967 жылғы 26 желтоқсандағы № 861 қаулысына толықтыру туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1980 жылғы 8 тамыздағы № 310 қаулысы.
76. «Азаматтардың жеке қосалқы шаруашылықтарында ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрудi ұлғайту жөніндегі қосымша шаралар туралы» КПСС Орталық Комитетi мен СССР Министрлер Советiнiң 1981 жылғы 8-қаңтардағы № 27 қаулысын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетi мен Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1981 жылғы 16 ақпандағы № 70 қаулысы (Қазақ КСР ҚЖ, 1981 ж., № 5, 10-бап).
77. «Қазақ ССР кәсiпорындарының, ұйымдары мен мекемелерiнiң селодағы қосалқы шаруашылығын одан әрi дамыту туралы» Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетi мен Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1981 жылғы 18 ақпандағы № 87 қаулысы.
78. «Қазақ ССР Жоспарлау комитетi мен халық депутаттарының жергiлiктi Советтерi атқару комитеттерi жоспарлау комиссияларының қызметiн жақсарту туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1981 жылғы 10 наурыздағы № 100 қаулысы.
79. «Қазақ ССР Үкіметінiң кейбір шешiмдерiн өзгерту және күшi жойылған деп тану туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1981 жылғы 12 наурыздағы № 110 қаулысының 1-тармағы (Қазақ КСР ҚЖ, 1981 ж., № 6, 16-бап).
80. «1981-1985 жылдары және 1990 жылға дейiнгi кезеңге халық шаруашылығында отын-энергетика ресурстарының тиiмдi пайдаланылуын арттыру жөніндегі негiзгi бағыттар мен шаралар туралы» КПСС Орталық Комитетi мен СССР Министрлер Советiнiң 1981 жылғы 2 сәуірдегі № 328 қаулысын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетi мен Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1981 жылғы 25 мамырдағы № 241 қаулысы.
81. «Нормадан тыс және пайдаланылмаған материалдық игiлiктердi жүзеге асырудың тәртібі туралы» СССР Министрлер Советiнiң 1981 жылғы 30 шiлдедегi № 732 қаулысын жүзеге асыру туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң қаулысымен бекітілген Қазақ КСР Үкіметінiң шешiмдерiне енгiзiлген өзгерістер (Қазақ КСР ҚЖ, 1981 ж., № 20, 53-бап).
82. «Азаматтардың жеке қосалқы шаруашылықтарынан ауыл шаруашылық өнiмдерiн сатып алудың тұтыну кооперациясын ұлғайту және елiмiздiң қалалары мен өнеркәсiп органдарында олар мен сауданы кеңейту туралы» СССР Министрлер Советiнiң 1982 жылғы 7 қаңтардағы № 6 қаулысын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетi мен Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1982 жылғы 23 ақпандағы № 87 қаулысы.
83. «Он бірiншi бес жылдықта сауданы одан әрi дамыту және халыққа сауда қызметiн көрсетудi жақсарту шаралары туралы» СОКП Орталық Комитетi мен СССР Министрлер Советiнiң 1982 жылғы 14 қаңтардағы № 29 қаулысын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетi мен Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1982 жылғы 22 наурыздағы № 120 қаулысы.
84. «Жеңiл автомобильдермен сауданы реттеу жөніндегі қосымша шаралар туралы», СССР Министрлер Советiнiң 1982 жылғы 2 шiлдедегi № 626 қаулысын жүзеге асыру туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1982 жылғы 30 шiлдедегi № 309 қаулысы.
85. «Қазақ ССР-iнiң Мемлекеттік жоспарлау комитетi (Қазақ ССР Мемжоспаркомы) туралы Ереженi бекіту туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1982 жылғы 4 қазандағы № 409 қаулысы (Қазақ КСР ҚЖ, 1982 ж., № 21, 89-бап).
86. «Жобалау және iздестiру жұмыстарын орындау мен қора-қопсысы бар жеке тұрғын үй салуға арналған Типтiк шартты бекіту туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1982 жылғы 29 желтоқсандағы № 498 қаулысы (Қазақ КСР ҚЖ, 1983 ж., № 2, 6-бап).
87. «Өнiм беру жөніндегі шарттық мiндеттемелердi сақтаудағы және бұл iсте министрлiктердiң, ведомстволардың және кәсiпорындардың жауапкершiлiгiн арттырудағы елеулi кемшiлiктер туралы» КПСС Орталық Комитетi мен СССР Министрлер Советiнiң 1983 жылғы 11 сәуірдегі № 316 қаулысын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетi мен Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1983 жылғы 27 сәуірдегі № 180 қаулысы.
88. «Колхоз рыногындағы сауда мәселелерi жөніндегі Қазақ ССР Үкіметінiң шешiмдерiн бірiктiру туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1983 жылғы 23 маусымдағы № 262 қаулысы (Қазақ КСР ҚЖ, 1983 ж., № 15, 53-бап).
89. «КПСС Орталық Комитетi мен СССР Министрлер Советiнiң 1983 жылғы 5 тамыздағы № 759 қаулысын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетi мен Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1983 жылғы 27 қыркүйектегi № 390 қаулысы.
90. «Iшкi iстер органының жанындағы ведомстводан тыс күзеттiң пәтерлердi, азаматтардың жеке мүлкi бар және басқа үйлердi күзету туралы Типтiк шартты бекіту туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1983 жылғы 21 желтоқсандағы № 484 қаулысы (Қазақ КСР ҚЖ, 1984 ж., № 3, 5-бап).
91. «Республикада коллективтiк бау-бақшаны дамытудағы елеулi кемшiлiктер мен бұрмалаулар туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесi мен Қазақ Республикалық кәсiптiк одақтардың Қазақ республикалық Кеңесiнiң 1984 жылғы 26 қаңтардағы № 48 қаулысы.
92. «Қарағанды қаласында тұрғын үй шаруашылығын басқаруды жетiлдiру туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1984 жылғы 7 наурыздағы № 100 қаулысы (Қазақ КСР ҚЖ, 1984 ж., № 8, 27-бап).