Қазақстан Республикасының жер қойнауы жөніндегі ақпараттарды
(беру, айырбастау, сату) тарату тәртібі туралы ереженi бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің
8 желтоқсандағы 1992 ж. № 1034 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 04.08.03 ж. № 779 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасының жер қойнауы жөніндегі ақпараттарды тарату (беру, айырбастау, сату) тәртібі туралы ұсынылған Ереже бекітілсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1992 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 1034 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасының жер қойнауы жөніндегі
ақпараттарды (беру, айырбастау, сату) тарату
тәртібі туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
Ереже Қазақстан Республикасының жер қойнауы және минералдық шикiзатты ұқсату туралы Кодексiне негiзделiп әзiрлендi.
1. Жер қойнауы туралы ақпаратқа геологиялық барлау, ғылыми-зерттеу, пайдалану және басқа жұмыстар жүргiзу процесiнде алынған барлық геологиялық, геофизикалық, геохимиялық, әуеғарыштық, экономикалық және басқа да жер қойнауын сипаттайтын мәлiметтер енедi.
2. Ақпараттың меншiк иесi ақпарат алу жұмысын қаржыландыратын тапсырысшы болып табылады.
Осы жұмыстарды мемлекеттік бюджетпен қаржыландыратын мемлекет, жер қойнауын геологиялық зерделеу жұмысын өз жеке қаражаты есебiнен қаржыландыратын кәсiпорын, заңды ұйым мен жеке адам жер қойнауын геологиялық зерделеу тапсырысшысы бола алады.
3. Жер қойнауы жөніндегі ақпарат тауарға жатады және өзiнiң құндық сипаты (бағасы) болады. Ақпараттың бағасын коньюктура негiзiнде оның меншiк иесi анықтайды.
4. Жер қойнауы жөніндегі геологиялық және басқа ақпараттар қаржыландыру көзiне қарамастан мiндеттi түрде Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлігіне белгiленген стандарт бойынша ақысыз берiледi.
5. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және минералдық шикiзатты ұқсату туралы кодексiне (37-бап, 7-тармақ) сәйкес Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлігіне жер қойнауы жөніндегі ақпаратқа меншiк иесiнiң мiндеттерi мен хұқықтары бекітілген, егер ол мемлекеттік қаржы есебiнен алынған болса, осы Ережеде бекітілген тәртiп бойынша таратылады (берiледi, айырбасталады, сатылады). Жер қойнауы жөніндегі ақпаратты осы ақпаратты алу үшiн қаржыландырудың басқа көздерiнен қаржыландырылған басқа тапсырысшының жұмыс нәтижесiнен алынған осы тапсырысшылармен жасалған шарт бойынша Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі таратады. Меншiк иесi сияқты мемлекеттiң мүдделерi (мемлекеттік бюджет мүдделерi) Қазақстан Республикасының салық заңдарымен қорғалады.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.01.19.
№ 71 қаулысымен.
6. Ақпаратты сатудан түскен кiрiс көлемi Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі (не оның өкiлi) мен ақпараттың меншiк иесiнiң өзара комиссиялық шарты арқылы анықталады. Шартта геологиялық барлау немесе басқа жұмыстардың қандай сатыда қаржыландырылғаны анық белгiленедi және тiкелей сметалық-қаржылық есеппен жер қойнауы жөніндегі ақпараттың нақ осы бөлiгiнiң бағасы анықталады.
Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі ақпаратты сатуды меншiк иелерiнiң қатысуымен iске асырады және көрсетiлген қызмет үшiн таза кiрiстен өз үлесiн алады.
7. Жер қойнауы жөніндегі ақпарат таратудағы шарттар мен контракттар Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігінде есепке алынуға және тiркелуге тиiс.
Жер қойнауы жөніндегі ақпаратты тарату (беру, айырбастау, сату) шарттар мен контрактта ескерiлген жағдайлардан тыс беру, үшiншi жаққа қайта сату немесе ысыраптау хұқынсыз жүзеге асырылады.
8. Жер қойнауы жөніндегі ақпараттың меншiк иесiнiң хұқығы Қазақстан Республикасының жер қойнауы және минералды шикiзатты ұқсату туралы Кодексiнде және меншiк туралы азаматтық заңдар нормаларымен белгiленген тәртiппен қорғалады.
Бұл Ереже мемлекеттік құпиясына жататын, ақпараттарға таратылмайды.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.01.19.
№ 71 қаулысымен.
II. Жер қойнауы жөніндегі ақпаратты
тарату (беру, айырбастау, сату)
Геологиялық ақпаратты берудiң, айырбастаудың, сатудың келесi тәртібі осы Ережеде анықталады.
9. Жер қойнауы жөніндегі барлық ақпарат көздеген мақсатына қарай бес түрлi пакетке бөлiнедi;
мемлекеттік қорға тiркелген кен көздерiнiң тiзiмдерi; олар жыл сайын жарияланады, шетел фирмалары мен азаматтарын қосып айтқанда, ашық сатылуда үнемi бола алады;
жалпы (танысу) ақпарат орны, олардың геологиялық қысқаша сипаттамасы, пайдалы қазбаның жалпы ауқымы мен болашақ өндiрiстiң техникалық-экономикалық параметрлер енгiзiледi. Ондай проспекттер, шетел фирмалары мен азаматтарын қосып айтқанда, ашық сатылуда бола алады;
ақпарат шаруашылық құрылым құру үшiн құрылтай құжаттарының жобаларын жасап, осы өндiрiстi жүргiзуге негiз бередi. Бұл ақпарат сатып алушының нақты ұсыныстарын әзiрлеп, iске асырылуын (өндiрiстiң технологиясы мен ауқымын, күтiлетiнi пайданы, есептегi өзiндiк құнды, Республика қаржысына төленетiн күтiлетiн пайданы және басқа) қамтамасыз етуi тиiс. Мұндай пакеттер Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі жетекшiлерiнiң келісімi бойынша Қазақстан Республикасы iшіндегі заңды ұйымдар мен нақты адамдарға немесе Министрлiктiң кәсiпорындарымен ресми келiссөз жүргiзушi шетел фирмалары мен адамдарына сатылады;
кен көздерi (жер қойнауының бөлiгi) жөніндегі ақпараттың толық жағы, шетел фирмалары мен адамдарын қоса есептегенде, кен көздерiн пайдалану iсiн жүргiзу хұқысымен бiрге сатылады;
сатып алушылар мүдделi болған жер қойнауы немесе кен көзi жөніндегі ақпараттың белгiлi бөлiгi ерекше жағдайда ғана таратылуы мүмкiн.
10. Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі шаруашылық есептегi Геологиялық ақпарат Басқармасын құрады, ол заңды ұйымның ақпарат пакеттерiн сату алдындағы барлық дайындық хұқын иеленедi және оларды сату, айырбастау, берудi тек көрсетiлген Басқарма жүргiзедi.
11. Геологиялық барлау жұмыстарын қаржыландырушы барлық тапсырысшылар, олардың қандай ведомствоға және меншiктiң қандай нысандарына жататындарына қарамастан, алынған геологиялық ақпаратты тарату есебiмен тiркеудi жүргiзетiн Геологиялық ақпарат басқармасы арқылы ғана (сатады, бередi, айырбастайды) тарата алады. Мұнымен қатар геологиялық ақпаратты қабылдау және оны дайындау (пакеттерге айналдыру) алдын ала және комиссиялық төлемдердi ескере отырып, келешекте таратудан түсетiн ақшаға меншiк иесiнiң хұқын сақтау арқылы шарт жасау жағдайында жүзеге асырылады.
12. Геологиялық ақпаратты сату классикалық өзара қарым-қатынас: өндiрушi - сатушы - сатып алушы тәртiптерi бойынша жүргiзiледi, мұндағы өндiрушi - геологиялық барлау кәсiпорны (аттестацияланған), сатушы-басқарма, сатып алушы-кез келген заңды ұйым немесе жеке адам.
13. Егер жер қойнауы жөніндегі ақпарат бәсекелiк ұсыныстар процесiнде территорияны немесе кен көздерiн концессияларға табыстауға өткiзiп сатылатын болса, онда сату жағдайлары (баға, кiрiстi бөлу) бәсеке ережелерiмен Қазақстан Республикасы жер қойнауы және минералды шикiзатты ұқсату туралы Кодексiнiң 37 бабына сәйкес белгiленедi.
14. Жер қойнауы жөніндегі ақпаратты сату-сатып алу фактiсiн және ол ақпаратты жаңа иеленушiнiң көзделген мақсатқа пайдалану хұқығын дәлелдейтiн бiрден-бiр құжаттар сату-сатып алу актi (шарт) және ақпараттың толыққандылығы туралы төлқұжат-сертификат (кепiлдемелiк мiндеттеме) болып табылады. Ол екi құжат қатаң есепте болады және оларды Геологиялық ақпарат басқармасы дайындайды.
III. Геологиялық ақпараттарды
таратудағы хұқылық жағдайлар
15. Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлігіне жүктелетiн жауапкершiлiк:
жер қойнауы жөніндегі таратылатын мемлекеттік ақпараттың дұрыстығы үшiн;
жер қойнауы жөніндегі ақпараттың дұрыс дайындалуы және оны тарату тәртібінiң сақталуы үшiн;
ақпаратты таратудан мемлекет көзқарасымен қарағанда пайда түсуi үшiн.
16. Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлігінiң геологиялық ақпаратты тарату кезiнде:
айырбастың мәнi мен ретiн белгiлеуге;
маңыздылығына және конъюктураға байланысты таратылатын ақпараттың құнын белгiлеуге;
мемлекеттік және қоғамдық органдардың заңға қайшы барлық әрекеттерiн көрсетiп, сотқа шағым-арыз беруге және аралық сотқа талдауға хұқығы бар.
17. Егер жер қойнауы жөніндегі ақпаратты сатып алу-сату актi Геологиялық ақпарат басқармасынан тыс жүргiзiлген болса, онда барлық түсiм Республиканың валюталық қорына қайтарылады, ал жер қойнауы жөніндегі ақпарат сатып алушыдан жер қойнауын қорғау және пайдалану үшiн Мемлекеттік бақылау органдары арқылы қайтарылып алынады.
18. Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, кәсiпорындары, заңды ұйымдары мен азаматтары, ТМД республикалары, шет елдер арасында жер қойнауы жөніндегі ақпараттарды тарату жөнiнде туған даулар соттарда және арбитраждық соттарда Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген тәртiп бойынша қаралуға тиiс.