Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылған
деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1996 жылғы 15 шiлдедегi № 905 қаулысы
"Шетел инвестициялары туралы" Қазақстан Республикасының Заңын күшiне енгізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1994 жылғы 27 желтоқсандағы қаулысына сәйкес (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 23-24, 281-бап) Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
Қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрiнiң
орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1996 жылғы 15 шiлдедегi
№ 905 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір
шешiмдерiнiң күшi жойылған деп тану туралы
1. "Қазақ КСР территориясында шетелдiк инвестициялары бар кәсiпорындар мен ұйымдар құрудың және олардың қызметiнiң тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 31 қазандағы № 661 қаулысы (Қаз.КСР ҚЖ. 1991 ж., № 24, 178-бап).
2. "Қазақстан Республикасының шетелдiк инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 23 желтоқсандағы № 1073 қаулысы.
3. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу мәселелерi жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 13 қазандағы № 1327 қаулысымен бекітілген заңды тұлғалардың мемлекеттік тiркеу мәселелерi жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлген өзгертулер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 32, 407-бап).
4. "Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексiнiң (жалпы бөлiм) қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгізу, күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 19 қаңтардағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлген өзгертулер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 6, 26-бап).