Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 7 қарашадағы № 1357 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 4 тамыздағы № 779 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 251 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Мемлекет меншiгіндегі геологиялық ақпарат және оны оқу, ғылыми, коммерциялық және өзге де мақсаттарда пайдалану тәртібі туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 7 қарашадағы № 1357 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 45, 436-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Мемлекет меншiгіндегі геологиялық ақпарат және оны оқу, ғылыми, коммерциялық және өзге де мақсаттарда пайдалану тәртібі туралы ережеде:
1) 1-тармақта «жер қойнауы туралы, яғни жер қойнауының геологиялық құрылысы, ондағы пайдалы қазбалар, кен орындарының геологиялық параметрлерi, қорлардың ауқымы, игеру шарттары, сондай-ақ геологиялық есептердегi, карталардағы және өзге де материалдардағы жер қойнауының кез келген ерекшелiктерi туралы ақпаратты дайындаушылар, сақтаушылар мен тұтынушылар» деген сөздер алынып тасталсын;
2) 2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жер қойнауының геологиялық құрылысы, ондағы пайдалы қазбалар, кен орындарының геологиялық параметрлерi, қорлардың ауқымы, игеру шарттары, сондай-ақ геологиялық есептердегi, карталардағы және өзге де материалдардағы Жер қойнауының кез келген ерекшелiктерi туралы ақпарат, егер ол республиканың бюджет қаржысы есебiнен алынса, мемлекеттік меншiкте болады және егер ол Жер қойнауын пайдаланушының өз қаражаты есебiнен алынса, Жер қойнауын пайдаланушының меншiгiнде болады.
3. Жер қойнауы туралы геологиялық және өзге де ақпарат қаржыландыру көзiне қарамастан мiндеттi түрде белгіленген стандарт бойынша сақтауға, жүйелеуге және қорытуға жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік органға өтеусiз берiледi.
4. Келісім-шарттың қолданылуы тоқтатылған кезде бүкiл геологиялық ақпарат мемлекет меншiгiне көшедi. Жер қойнауын пайдаланушы барлық құжаттар мен геологиялық ақпараттың өзге де материалдық тасымалдаушыларын жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлеттi органға (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) өтеусiз беруге мiндеттi.»;
3) 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Жер қойнауын пайдаланушының қаражаты есебiнен алынған және ол осы Ереженiң 3-тармағына сәйкес уәкілеттi органға берген ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық және өзге де мақсаттарда пайдаланудың тәртібі ақпаратты меншiктенушi мен уәкілеттi орган арасындағы келісімде айқындалады.
Сондай-ақ бүкіл геологиялық ақпараттың немесе оның бiр бөлiгiнiң құпиялылық мерзiмi, сондай-ақ Келісім-шарттың қолданылуы кезеңiнде геологиялық ақпаратты Жер қойнауын пайдаланушының меншiгiнен Қазақстан Республикасының меншiгiне беру мүмкiндiгi мен оның шарттары да осы келісімде айқындалады.»;
4) 10-тармақтың төртiншi абзацындағы «лицензия» деген сөз «жер қойнауын пайдалану құқығын» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 14-тармақтың екiншi және үшiншi абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурсқа қатысушыларға - конкурстық пакет түрiнде;
жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурстың жеңiмпазына - жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурстың шарттарында айтылған жер қойнауы учаскесi бойынша - келісім-шарт аумағы бойынша толық пакет түрiнде»;
6) 16-тармақта:
үшiншi абзацта «жұмыс» деген сөз «құзыретті» деген сөзбен ауыстырылсын;
«Жер қойнауын пайдалануды лицензиялау» деген сөздер «Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарды жасасу және орындау» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 20-тармақта «Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануды лицензиялау туралы ережеге» деген сөздер «Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын беру ережесiне» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасының жер қойнауы жөніндегі ақпараттарды (беру, айырбастау, сату) тарату тәртібі туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 8 желтоқсандағы № 1034 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., № 48, 709-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (жалпы бөлiм) қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, күшi жойылған деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 19 қаңтардағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 6, 26-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |