10) 22-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде және жалға алынған шетелдiк кемелер тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркелуге жататын кеменің атауы, тiркелімге алынған пунктi, тіркеу нөмiрi, шақыру сигналы және кеменiң техникалық жарақтандырылуына қарай кемедегi жерсеріктік байланыс станциясының сәйкестендіру нөмiрi мен кеме станциясын iздеп шақыру нөмiрiнің болуы мiндеттi.
Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларына сәйкес, кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын шағын көлемді кеменің екі бортында да тiркеу нөмiрiнің болуы міндетті.»;
«3. Кеменi, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларына сәйкес аумақтық бөлiмше кеменiң тiркеу нөмiрiн бередi.»;
11) 23-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ішкi су жолдарымен кеме қатынасын жүзеге асыратын кемеде беру және жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын мынадай кеме құжаттары:»;
1) және 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын және кемеге (Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде тіркелуге жататын кемелер үшін) меншік құқығын растайтын кеме куәлігі;»;
«13) кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік (өздiгiнен жүзетiн кемелер үшін) болуға тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Ішкi су жолдарында және өзге де су айдындарында пайдаланылатын шағын көлемді кемеде мынадай құжаттар:
1) кеменiң жүзуге жарамдылығына арналған жыл сайынғы техникалық куәландырудан өткендігі туралы белгісі бар кеме билеті;
2) шағын көлемді кемеде меншік иесі болмаған кезде кеменің меншік иесінің жеке куәлігінің көшірмесімен бірге меншік иесінен шағын көлемдi кеменi басқару құқығына арналған сенімхаты болуға тиіс.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесiп өтуге байланысты жүзуді жүзеге асыратын, Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде немесе кеме кiтабында тiркелген кемеде, оның ішінде шағын көлемді кемеде осы баптың 1 және 1-1-тармақтарында көзделген құжаттардан басқа, Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгiленген құжаттар болуға тиiс.»;
12) 24-бапта:
6-тармақ алып тасталсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Кеменi жалға алынған шетелдiк кемелер тiзiлiмiне мемлекеттiк тiркеу кезiнде аумақтық бөлiмше кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы шешiмде көрсетiлген мерзiмге шетелдік кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлiк бередi.»;
8-тармақтағы «немесе кеме кiтабында» деген сөздер алып тасталсын;
10-тармақтағы «немесе кеме кiтабынан» деген сөздер алып тасталсын;
13) 25-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кемеге немесе кеменiң бір бөлiгiне меншiк құқығы осындай құқықты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде мемлекеттік тiркеген кезден бастап туындайды және аумақтық бөлiмше берген кеме куәлiгімен расталады.
Кеме куәлiгi жоғалған жағдайда, аумақтық бөлiмше кеменiң меншiк иесiнiң өтiнiшi бойынша оған аталған құжаттың телнұсқасын береді. Кеме куәлiгiнiң телнұсқасын беру тәртібі Кеменi, оның iшiнде шағын көлемдi кеменi және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларымен белгiленеді.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Шағын көлемді кемеге немесе шағын көлемді кеменің бір бөлігіне меншік құқығы осындай құқықты кеме кітабында мемлекеттік тіркеген кезден бастап туындайды және аумақтық бөлімше берген кеме билетімен расталады.
Кеме билетi жоғалған жағдайда, аумақтық бөлiмше шағын көлемді кеменiң меншiк иесiнiң өтiнiшi бойынша оған аталған құжаттың телнұсқасын береді. Кеме билетінің телнұсқасын беру тәртібі Кеменi, оның iшiнде шағын көлемдi кеменi және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларымен белгiленеді.»;
5-тармақ алып тасталсын;
14) 26-бапта:
4-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1. Егер оқиғаға ұшырау нәтижесінде немесе басқа бір себеппен кеме Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізіліміне немесе кеме кітабына бұрын енгізілген мәліметтерге сәйкес келмей қалған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен кемені мемлекеттік қайта тіркеу жүзеге асырылады.»;
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде жолаушылар, жүк-жолаушылар, мұнай құйылатын, сүйреткіш кемелер, құрғақ жүк кемелері, қалқымалы крандар және техникалық флот кемелері, сондай-ақ шағын көлемді кемелер болып табылмайтын кемелер тіркеледі.
6. Шағын көлемді кемелер кеме кітабында мемлекеттік тіркелуге жатады.
17-тармақтың 14) тармақшасының жетінші абзацы 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
Салмағы қоса алғанда екі жүз килограмға дейінгі және қозғалтқыштарының (орнатылған жағдайда) қуаты қоса алғанда сегіз киловатқа дейінгі шағын көлемді кемелер, сондай-ақ ұзындығы тоғыз метрден аспауға тиіс, қозғалтқыштары жоқ және демалуға арналған орындармен жабдықталмаған спорттық желкенді кемелер мемлекеттік тіркелуге жатпайды.
7-тармақтағы «Уәкiлеттi орган» деген сөздер «Аумақтық бөлімше» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 27-бапта:
тақырып және бірінші абзац «Кеменi» деген сөзден кейін «, оның ішінде шағын көлемді кемені» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша «кемеге» деген сөзден кейін «, оның ішінде шағын көлемді кемеге» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) кемеге, оның ішінде шағын көлемді кемеге меншік құқығын растайтын өзге де құжаттар болып табылады.»;
16) 28-бапта:
баптың тақырыбы «Кеменi» деген сөзден кейін «, оның ішінде шағын көлемді кемені» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кеменi және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы өтініш нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Кеменi және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы өтінішке мынадай құжаттар:
1) осы Заңның 27-бабына сәйкес кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеуге негіз болып табылатын құқық белгілейтін және өзге де құжаттар;
2) сыныптаушы куәлiк;
3) көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркегені үшiн алым сомасының бюджетке төленгенiн растайтын құжат қоса берілуге тиіс.»;
2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кемені жалға алынған шетелдік кемелер тізіліміне мемлекеттік тіркеу үшін кеменi жалға алушының кеменi мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiшiне осы баптың 1-тармағында көрсетiлген құжаттардан басқа, қосымша мынадай құжаттар:»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке мынадай құжаттар:
1) осы Заңның 27-бабына сәйкес кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеуге негіз болып табылатын құқық белгілейтін және өзге де құжаттар;
2) көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат қоса берілуге тиіс.»;
17) 29-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кеменi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнен немесе кеме кiтабынан шығару үшiн кеменiң меншiк иесi аумақтық бөлімшеге өтiнiшті және осындай шығаруға негiз болып табылған мән-жайларды растайтын құжаттарды беруге мiндеттi.»;
18) 31 және 32-1-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«31-бап. Кемеге тыйым салу және оны мәжбүрлеп сату
Егер сот кемеге тыйым салу түрiндегі қуынымды қамтамасыз ету туралы ұйғарым қабылдаған немесе кеме атқарушылық iс жүргiзу тәртiбiмен сатылған жағдайда, аумақтық бөлімше Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiне немесе кеме кiтабына тиiстi жазба енгiзедi. Бұл ретте аумақтық бөлімше кеменiң меншiк иесiн кемеге қуынымды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылданғаны немесе кемеден мұндай шаралардың алып тасталғаны туралы хабардар етуге тиiс.»;
«32-1-бап. Кеме ипотекасын мемлекеттік тiркеу
1. Кеме ипотекасын аумақтық бөлімше сол кеме тiркелген тiзiлiмге тiркейдi.
2. Осы Заңның 24-бабының 7 және 11-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы уақытша берiлген шетелдік кеменiң ипотекасы Қазақстан Республикасында тiркеле алмайды.
3. Кеме ипотекасы мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiш берілген күні тiркеледi.
4. Кеме ипотекасын мемлекеттік тiркеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
5. Кеме ипотекасын мемлекеттік тiркеу кеме ипотекасын мемлекеттік тiркеу туралы куәлік берумен куәландырылады.
6. Кеме ипотекасын мемлекеттік тiркегені және кеме ипотекасын мемлекеттік тiркеу туралы куәліктің телнұсқасын бергені үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде алым алынады.»;
19) 32-2-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Шағын көлемді кеме ипотекасын аумақтық бөлімше сол шағын көлемді кеме тiркелген кеме кітабына тіркейді.»;
5-тармақ «белгiленген тәртiппен» деген сөздерден кейін «және мөлшерде» деген сөздермен толықтырылсын;
20) 36-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) егер кеме экипажының мүшесi немесе жолаушы кеме жүзіп жүрген кезде көрсетілу мүмкiн емес шұғыл медициналық көмекке мұқтаж болған жағдайда, кеменiң меншiк иесiне және (немесе) кеме иесiне, ал кеме шетелдiк портқа кiрген кезде Қазақстан Республикасының консулы мен кеме иесiнiң агентiне (шетел портында мұндай агент болған кезде) де хабар бере отырып, ең жақын портқа кіруге;»;
21) 51-1-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «Жолаушылар мен багажды әлеуметтік мәні бар» деген сөздер «Жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар» деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 90-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тiркеп сүйретiлетiн объект зақымданған (бүлiнген) кезде тiркеп сүйретушiден тiркеп сүйретiлетiн объектiнi жөнелтушi немесе алушы айқындайтын, тiркеп сүйретiлетiн объектiнi жөндеу құны өндiрiп алынады. Келiспеушiлiктер туындаған кезде тiркеп сүйретiлетiн объектiнi жөндеу құнын тараптар айқындаған тәуелсіз сарапшы бағалауы мүмкiн.»;
4-тармақ алып тасталсын;
23) 97-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы алып тасталсын;
24) 103-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«103-бап. Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасын бұзушылық Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.».
18-тармақ 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
18. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 9-10, 47-құжат; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 17, 79, 81, 82-құжаттар; № 18, 84, 85-құжаттар; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21, 26-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 25-құжат; № 12, 84-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат):
16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«16-бап. Көлiк саласындағы қызметтi лицензиялау
Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметiмен айналысу үшiн, сондай-ақ теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензияның болуы талап етiледi.».
19. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 113-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 28-1) және 29-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«28-1) аэронавигациялық қызмет көрсету - әуе қозғалысына қызмет көрсетуге, радиотехникалық жабдықты және байланыс құралдарын пайдалануға, ұшуларды метеорологиялық және іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуге, аэронавигациялық ақпарат беруге байланысты кешенді қызмет көрсету;»;
«29-1) аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының және (немесе) радиотехникалық жабдығын пайдалану және байланыс қызметінің сертификаты - аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметінің сертификаттық талаптарға сәйкестігін куәландыратын белгіленген үлгідегі құжат;»;
42) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 53-1), 55-1), 60-1) және 68-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«53-1) әуе кемесін жалдау (чартер) шарты - тасымалдау (әуе кемесін жалдау) шарты, ол бойынша жалға беруші (әуе кемесін жалға беруші) жалға алушыға (әуе кемесін жалдаушыға) жолаушыларды, багажды, жүкті, почта жөнелтілімдерін тасымалдау немесе басқа да мақсаттар үшін бір әуе кемесінің (немесе бірнеше кемелердің) бүкіл сыйымдылығын немесе сыйымдылығының бір бөлігін ақысын алып уақытша иеленуге беруге және бір немесе бірнеше рейске пайдалануға беруге және өз күшiмен оны басқару және техникалық пайдалану бойынша қызметтер көрсетуге міндетті;»;
«55-1) инспекторлық нұсқама - анықталған бұзушылықтарды жою үшін жеке немесе заңды тұлғаларға мемлекеттік бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша мемлекеттік авиация инспекторы берген жеке сипаттағы акт;»;
«60-1) қайтарылмайтын өкілеттік - Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінен шығаруға (тіркеуден алып тастауға) және Жылжымалы жабдыққа қатысты халықаралық кепілдіктер туралы конвенцияға Авиациялық жабдық жөніндегі хаттамаға сәйкес әуе кемесін әкетуге талап қою құқығы соның пайдасына берілген жеке немесе заңды тұлғаның өкілеттігі;»;
«68-1) тұрақты қадағалау - халыққа қауіпсіз авиациялық қызметтерді ұсыну мақсаттарында сертификаттаудан өткен жеке және заңды тұлғалардың белгіленген талаптарды сақтауын мемлекеттік қадағалау түрі;»;
69) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«69) тұрақты рейс - авиакомпания белгілеген және жариялаған кестеге сәйкес орындалатын рейс;»;
мынадай мазмұндағы 78-1) және 85-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«78-1) ұшу сынақтары - әуе кемесінің, күш қондырғыларының, авиациялық және арнаулы жабдықтардың, қару-жарақтар мен басқа да авиациялық техниканың, аэродинамика және әуе кемелерінің, сондай-ақ олардың жүйелерінің беріктігі саласындағы зерттеулердің сипаттамаларын айқындау үшін және (немесе) азаматтық авиациялық техниканың ұшу жарамдылығы талаптарына сәйкестігін айқындау үшін орындалатын ұшу;»;
«85-1) іздестіру-құтқару жұмыстары - апатқа ұшыраған әуе кемелерінің жолаушылары мен экипаждарын іздестіру және құтқару, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде адамдарды іздестіру және оларға көмек көрсету мақсатында жүргізілетін іс-шаралар кешені;»;
2) 7-баптың 3-тармағындағы «техникалық реттеу туралы» деген сөздер «техникалық реттеу саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 10-баптың 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Азаматтық және эксперименттік авиацияның қызметін мемлекеттік бақылауды және қадағалауды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган мынадай нысанда:
1) осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген тексерулерді қоспағанда, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен жүргізу тәртібі айқындалатын азаматтық авиация ұйымдарын тексеру;
2) жеке және заңды тұлғалардың осы Заңмен жүргізу тәртібі айқындалатын әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік талаптарын сақтауын тексеру;
3) жеке және заңды тұлғалардың ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметін байқауды және талдауды қамтитын, бақылау мен қадағалаудың өзге де нысанында жүзеге асырады.
5. Жеке және заңды тұлғалардың ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметін, сондай-ақ авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру нәтижелері бойынша ұсынымдарды орындау мақсатында байқау және талдау, осы Заңның талаптарына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға жеке және заңды тұлғалар берген ақпарат, құжаттар мен материалдар негізінде жүзеге асырылады.»;
4) мынадай мазмұндағы 10-1 және 10-2-баптармен толықтырылсын:
«10-1-бап. Жеке және заңды тұлғалардың әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік талаптарын сақтауын тексерулер түрлері
1. Жеке және заңды тұлғалардың әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік талаптарын сақтауын тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:
1) жоспарлы;
2) жоспардан тыс.
Жоспарлы тексеруді тәуекелдерді бағалау жүйесіне сәйкес және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және (немесе) халықаралық стандарттарға сәйкестігіне жүргізілген бұрынғы тексерулерге қатысты белгіленген уақыт аралықтарын ескере отырып, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен тексерулер жоспары не тұрақты қадағалау бағдарламасы негізінде азаматтық авиация, әуе кемелері және (немесе) әуе кемелерінің ұшуын қамтамасыз ететін олардың компоненттері мен жабдықтары саласында қызметін жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаға қатысты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган тағайындайды.
Жоспардан тыс тексеруді Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және (немесе) халықаралық стандарттарға сәйкестігіне азаматтық авиация, әуе кемелері және (немесе) әуе кемелерінің ұшуын қамтамасыз ететін олардың компоненттері, жабдықтары саласында қызметін жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаға қатысты авиация саласындағы уәкілетті орган тағайындайды.
Мақсаттарына қарай жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:
1) азаматтық және (немесе) эксперименттік авиация саласында қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғаны, оның ішінде осындай адамның ұшуды ұйымдастыруын, дайындауын және орындауын тексеру;
2) азаматтық және (немесе) эксперименттік авиация саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаны тексеру;
3) шетелдік пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелерін перрондық тексеру.
2. Жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер, егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, ішкі еңбек тәртібінің қағидаларында белгіленген, тексерілетін субъектінің жұмыс уақытында жүзеге асырылады.
Жоспардан тыс тексеру бұзушылықтардың және олардың тікелей жасалуы кезінде жолын кесу қажет болған жағдайларда, жұмыстан тыс уақытта (түнгі уақыт, демалыс немесе мереке күндері) жүргізілуі мүмкін.
10-2-бап. Ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бақылау мен қадағалауға жататын қызмет
Азаматтық және эксперименттік авиация саласында ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бақылау мен қадағалауға жататын қызметке:
1) әуе кемелерін пайдалану, ұшуды жүргізу және соған дайындалу;
2) әуе қозғалысына қызмет көрсету;
3) аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету;
4) ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету;
5) әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету;
6) ұшуды әуеайлақпен қамтамасыз ету;
7) ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету;
8) ұшуды электрлі жарықпен техникалық қамтамасыз ету;
9) ұшуды орнитологиялық қамтамасыз ету;
10) авиация персоналын даярлау және қайта даярлау;
11) авиация персоналын дәрігерлік-ұшу сарапшылық комиссияларының куәландыруын ұйымдастыру;
12) ұшуды авариялық және іздестіру-құтқару қызметімен қамтамасыз ету;
13) азаматтық әуе кемелерін, әуежай объектілері мен қызметтерін жанар-жағармай материалдарымен және арнайы сұйықтықтармен қамтамасыз ету;
14) азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылар мен басқа да тұтынушыларды арнайы автокөлік құралдарымен және жабдықпен қамтамасыз ету;
15), осы Заңның 90-бабының 1-тармағында көзделген, ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызмет;
16) осы Заңның 105-бабының 2-тармағында көзделген авиациялық қауіпсіздік шаралары жатады.»;
5) 11 және 12-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«11-бап. Жеке және заңды тұлғалардың ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік талаптарын сақтауын тексерулер тәртібі
1. Жеке және заңды тұлғалардың ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік талаптарын сақтауын тексерулерді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган қажеттілік және жеткіліктілік қағидатына сәйкес жүргізеді.
2. Тексеруді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары тексеру парағына сәйкес жүргізеді. Тексеру парағы Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеке және заңды тұлғалардың қызметіне қойылатын талаптардың толық тізбесін қамтиды, оларды сақтамау ұшу қауіпсіздігіне және авиациялық қауіпсіздікке қатер төндіруге әкеп соғады және олар авиациялық оқиғаның немесе оқыс оқиғаның алғышарттары болуы мүмкін.
3. Тексеру азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның тексеруді тағайындау туралы актісі негізінде жүргізіледі. Тексеруді тағайындау туралы акт бір жеке немесе заңды тұлғаға ресімделеді.
Шетелдік пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелеріне перрондық тексерулер жүргізу үшін тексеру тағайындау туралы акт нақты жеке немесе заңды тұлға көрсетілместен, бірақ аумағының шегінде тексеру жүргізілетін әуежай (әуеайлақ) атауы міндетті түрде көрсетіле отырып жасалады.
4. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары тексеру кезінде:
1) тексеру тағайындау туралы актіні;
2) қызметтік куәлігін;
3) тексеру парағын көрсетуге міндетті.
5. Тексеру жүргізу мерзімі алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді және бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Тексеру бір рет бір айдан аспайтын мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін.
Жеке немесе заңды тұлғаны хабардар ету тексеру тоқтатыла тұрғанға дейін не қайтадан басталғанға дейін бір күн бұрын жүргізіледі.
Тексеруді тоқтата тұрған не қайтадан бастаған кезде тексеруді тоқтата тұру не қайтадан бастау туралы акт шығарылады. Тоқтатыла тұрған тексеруді жүргізу мерзімдерін есептеу ол қайтадан басталған күннен бастап жалғасады.
6. Тексеру тағайындау туралы актіні тексерілетін тұлғаға табыс еткен кез тексеру жүргізудің басталуы болып саналады.
7. Тексеру тағайындау туралы актіні қабылдаудан бас тартылған немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдарының объектілерге кіруіне және (немесе) тексеру жүргізу үшін қажетті материалдарға қол жеткізуіне кедергі келтірілген жағдайда, хаттама жасалады. Хаттамаға азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамы мен тексерілетін адам не оның уәкілетті өкілі қол қояды.
Тексерілетін адам бас тарту себебі туралы жазбаша түсініктеме бере отырып, хаттамаға қол қоюдан бас тартуға құқылы. Тексеру тағайындау туралы актіні алудан бас тарту тексеруді болдырмауға негіз болып табылмайды.
8. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамы тексеру нәтижелері бойынша тексеру нәтижелері туралы екі данада акт жасайды.
Тексеру нәтижелері туралы актіде:
1) актінің жасалған күні, уақыты және орны;
2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның атауы;
3) соның негізінде тексеру жүргізілген, тексеруді тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі;
4) тексеру жүргізген адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және лауазымы;
5) тексерілетін жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) не заңды тұлғаның атауы мен деректемелері, ал шетелдік пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелеріне тексеру жүргізілген жағдайда - барлық тексерілетін жеке немесе заңды тұлғалардың және тексеру жүргізу кезінде қатысқан өзге де адамдардың;
6) тексерудің жүргізілген күні, орны және кезеңі;
7) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар туралы, олардың сипаты туралы мәліметтер;
8) жеке немесе заңды тұлғаның, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде қатысқан адамдардың актімен танысуы немесе танысудан бас тартуы, туралы мәліметтер, олардың қолтаңбасы немесе қол қоюдан бас тартуы туралы жазба;