Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
(2014.29.12. берілген өзгерістермен)
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 10, 11, 13-құжаттар; № 4, 21-құжат; 2013 жылғы 25 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дербес деректер және оларды қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында:
446-1-баптың тақырыбы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 446-2-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«446-2-бап. Тасымалдаушының кінәсінан рейс орындалмаған немесе кідіртілген немесе әуе кемесінің кеш келуі, тасымалдау маршрутының өзгеруі салдарынан рейс кідіртілген, орындалмаған кезде жолаушыға қызметтер ұсыну жөніндегі міндеттерді тасымалдаушының орындамауы не тиісінше орындамауы»;
447-2-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«447-2-бап. Қазақстан Респбуликасында халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларға рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бұзу»;
мынадай мазмұндағы 447-6-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«447-6-бап. Халықаралық қатынаста тұрақты тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының аумағындағы пункттер арасында жолаушыларды тасымалдау»;
450, 452, 453, 454 және 458-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«450-бап. Теңіз және өзен көлігі кемелерінде жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын бұзу»;
«452-бап. Кемелердi, оның ішінде шағын көлемді кемелерді пайдалану қағидаларын бұзу, сондай-ақ кеменi, оның ішінде шағын көлемді кемені басқару құқығы жоқ адамның басқаруы
453-бап. Кемелердің жүзу қағидаларын, сондай-ақ шағын көлемді кемелерді пайдалану қағидаларын бұзу
454-бап. Кеме жүргізушінің немесе өзге де адамның алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқаруы»;
«458-бап. Кемелерді, оның ішінде шағын көлемді кемелерді тіркеу қағидаларын, сондай-ақ кемелерді жасау, техникалық пайдалану қағидаларын бұзу»;
мынадай мазмұндағы 458-1 және 458-2-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«458-1-бап. Порттағы құрылыстарды пайдалану жөніндегі талаптарды бұзу
458-2-бап. Кемелермен, оның iшiнде шағын көлемді кемелермен болған авариялық жағдайлар мен көлiк оқиғаларын тергеу қағидаларын бұзу»;
459, 463, 547, 629 және 630-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«459-бап. Көлiкте темекi шегу»;
«463-бап. Маршруттық көлік құралдарын тоқтату, тұрғын аймақтарда жүру, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қағидаларын сақтамау және жол жүрісі қағидаларын басқа да өрескел бұзу»;
«547-бап. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган»;
«629-бап. Көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқарудан шеттету және масаң күйін куәландыру
630-бап. Көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемдi кеменi ұстау, жеткiзу және пайдалануға тыйым салу»;
2) 439-бап мынадай мазмұндағы жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктермен толықтырылсын:
«7. Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларын жылжымалы теміржол құрамының қалпына келтіруге жатпайтын жағдайға дейін зақымдануына әкеп соққан бұзушылық -
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларын соның салдарынан жылжымалы құрамды ағыту және жөндеуге беру талап етілетін көлемде зақымдануына жол берілген бұзушылық -
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Тасымалдау процесіне қатысушылардың уәкілетті органға теміржолдарда жол берілген қауіпсіздікті бұзушылықтар туралы ақпаратты Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларында белгіленген мерзімдерде бермеуі -
лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
3) 446-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«446-бап. Әуе кемесіндегі мінез-құлық қағидаларын бұзу
1. Әуе кемесіндегі адамның әуе кемесі командирінің немесе басқа да экипаж мүшелерінің өкімдерін орындамауы, егер бұл адамның іс-әрекеттері ұшу қауіпсіздігіне қатер төндірмесе -
ескерту жасауға немесе екі айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ұшудың барлық кезеңдерінде әуе кемесінің бортында ұялы, транкингтік байланыс қызметтерін пайдалану, әуе кемесінің жермен жүруі, биіктікті алуы, қонуға бет алуы кезеңдерінде тұрмыстық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану -
ескерту жасауға немесе бір айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
4) 446-1-бап алып тасталсын;
5) мынадай мазмұндағы 446-2-баппен толықтырылсын:
«446-2-бап. Тасымалдаушының кінәсінан рейс орындалмаған немесе кідіртілген немесе әуе кемесінің кеш келуі, тасымалдау маршрутының өзгеруі салдарынан рейс кідіртілген, орындалмаған кезде жолаушыға қызметтер ұсыну жөніндегі міндеттерді тасымалдаушының орындамауы не тиісінше орындамауы
1. Тасымалдаушының кінәсінан рейс орындалмаған немесе кідіртілген немесе әуе кемесінің кеш келуі, тасымалдау маршрутының өзгеруі салдарынан рейс кідіртілген, орындалмаған кезде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жолаушыға қызметтер ұсыну жөніндегі міндеттерді тасымалдаушының орындамауы не тиісінше орындамауы -
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік) -
бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
6) 447-1-баптың бірінші бөлігінің бірінші, екінші, үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналарды:
1) қауiптi жүктердi автомобильмен тасымалдауды;
2) жолаушыларды, багажды және жүктердi автомобильмен халықаралық тасымалдауды;
3) жолаушылар мен багажды облысаралық қаларалық автомобильмен тұрақты тасымалдауды;
4) жолаушылар мен багажды облысаралық қаларалық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асырған кезде, жүргiзушiлердiң еңбек және демалыс режимiн тiркейтiн бақылау құрылғыларынсыз (тахографтарсыз) немесе ақауы жоқ осындай құрылғыларын ажыратып не толтырылмаған диаграммалық дискiлермен немесе бұрын пайдаланылған диаграммалық дискілерді қолдана отырып не электрондық (цифрлық) тахографтарды қолданған жағдайда электрондық карточкаларды пайдаланбай, сол сияқты жүгiзушiлердiң еңбек және демалыс режимiн күнделiктi тiркеу парақтарын жүргiзбей (бақылау құрылғысының ақауы болған жағдайда) автокөлiк құралын пайдалану -»;
7) 447-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«447-2-бап. Қазақстан Республикасында автомобильмен тасымалдаулардың рұқсат беру жүйесін халықаралық қатынаста қолдану қағидаларын бұзу
1. Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі туралы заңнамасында көзделген жағдайларда, шетелдіктердің немесе шетелдік заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында автомобильмен халықаралық тасымалдауларды рұқсатсыз немесе арнайы рұқсатсыз жүзеге асыруы -
автокөлік құралдарының жүргізушілеріне - жиырма бес, заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Отандық тасымалдаушының рұқсат карточкаларында көрсетілмеген автокөлік құралына отандық тасымалдаушының шетелдік рұқсатты пайдалануы -
дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Отандық тасымалдаушының шетелдік рұқсат бланкілерін басқа отандық тасымалдаушыға беруі -
дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Халықаралық қатынаста жолаушылар мен багажды тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жүргізушінің келісілген жол жүру маршрутының схемасын бұзуы -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Шетелдік тасымалдаушының Қазақстан Республикасында халықаралық қатынаста автомобильмен тасымалдауларға рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларына сәйкес рәсімделмеген отандық рұқсатты пайдалануы -
автокөлік құралдарының жүргізушілеріне айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
8) 447-4-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінген автокөлік құралдарымен тасымалдауды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан пункттер арасында шет мемлекеттің аумағында тіркелген автокөлік құралдарымен жолаушыларды, багажды немесе жүктерді тасымалдау -»;
9) мынадай мазмұндағы 447-6-баппен толықтырылсын:
«447-6-бап. Халықаралық қатынаста тұрақты тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының аумағындағы пункттер арасында жолаушыларды тасымалдау
1. Халықаралық қатынаста тұрақты тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының аумағындағы пункттер арасында жолаушыларды тасымалдау үшін жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру -
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Халықаралық қатынаста тұрақты тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының аумағындағы пункттер арасында автокөлік құралдарымен жолаушыларды тасымалдау -
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
10) 448-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Теңiз көлiгiнде кемелердiң маневр жасауының және жүзуінің белгіленген тәртібін бұзу, нұсқалған қозғалыс жылдамдығын, дыбыс және жарық сигналдарын беру, кеме жарықтары мен белгілерін алып жүру талаптарын сақтамау, тыйым салынған жерлерде кемені әдейі тоқтату немесе аялдату, кемелерді сүйретіп жүзу тәртібін бұзу, сондай-ақ диспетчердің міндетті талаптарын орындамау -»;
11) 450-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«450-бап. Теңiз және өзен көлiгi кемелерiнде жолаушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету қағидаларын бұзу
Құтқару және авариялық құралдар мен жабдықтардың болмауы, толық жинақталмауы немесе оларды куәландыру мерзімі өткен соң пайдалану, теңіз және өзен көлігі кемелеріндегі түскіштер мен траптарды жабдықтау жөніндегі талаптарды бұзу -
жеке тұлғаларға - жиырма, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
12) 451-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«лауазымды адамдарға - он бес, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«лауазымды адамдарға - он бес, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
«Ескерту. Осы Кодекстің 451 - 454, 457, 458, 458-2-баптарында шағын көлемді кемелер деп балық аулау, жүктерді тасымалдау, сүйретіп жүзу, пайдалы қазбаларды іздеуді, барлауды және өндіруді, құрылыс, жол, гидротехникалық және басқа да осыған ұқсас жұмыстарды, лоцмандық және мұзжарғышқа ілестіріп алып өтуді жүргізу, сондай-ақ су объектілерін ластану мен қоқыстанудан қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін жасалған немесе жабдықталған кемелерді қоспағанда, ұзындығы жиырма метрден аспайтын, бортына алуға болатын адамдар саны он екі адамнан аспайтын кемені түсіну керек.»;
13) 452, 453, 454, 456 және 457-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«452-бап. Кемелердi, оның ішінде шағын көлемді кемелерді пайдалану қағидаларын бұзу, сондай-ақ кеменi, оның ішінде шағын көлемді кемені басқару құқығы жоқ адамның басқаруы
1. Белгiленген тәртiппен тiркелмеген немесе техникалық қарап тексеруден (куәландырудан) өтпеген немесе борт нөмiрлерi мен белгiлерi жоқ немесе тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған немесе ақауы болғандықтан оны пайдалануға тыйым салынған немесе жолаушылар сыйымдылығы нормаларының тиеу қағидаларын, жүзу ауданы мен шарттары бойынша шектеулердi бұза отырып, кеменi, оның iшiнде шағын көлемді кеменi басқару -
ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кеменi, оның iшiнде шағын көлемді кеменi басқаруға құқығы жоқ адамның осы кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқаруы, сол сияқты осы кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқару құқығын растайтын құжаты жоқ адамның кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқаруы немесе басқару құқығы жоқ адамға осындай кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқаруға беру -
үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі жоқ адамның жолаушылар кемесін басқаруы -
бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені кеме құжаттары болмаған кезде, сондай-ақ кеме құжаттарына қойылатын талаптарды бұза отырып басқару -
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені көрінеу жалған немесе қолдан жасалған борттық тіркеу нөмірлерімен және белгілерімен
басқару -
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Кемеге, оның ішінде шағын көлемді кемеге көрінеу жалған немесе қолдан жасалған борттық тіркеу нөмірлері мен белгілерін салу -
жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға - он бес, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
453-бап. Кемелердің жүзу қағидаларын, сондай-ақ шағын көлемді кемелерді пайдалану қағидаларын бұзу
1. Өзен көлігі кемелеріндегі кеме жүргізушілерінің кемелер жүзуінің, дыбыстық және жарық сигналдарын берудің, кеме жарықтары мен белгілерін алып жүрудің белгіленген тәртібін бұзуы -
жеке тұлғаларға - үш, лауазымды адамдарға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерінің белгіленген жылдамдықты арттыруы, навигациялық белгілердің талаптарын сақтамауы, тыйым салынған жерлерде кемені әдейі аялдатуы немесе тоқтатуы, гидротехникалық құрылыстарды немесе техникалық құралдарды және кеме қатынасы мен навигациялық жағдай белгілерін зақымдауы, маневр жасау, дыбыс сигналдарын беру, борт жарықтары мен белгілерін алып жүру қағидаларын бұзуы -
ескерту жасауға немесе екі айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе бір жылға дейінгі мерзімге шағын көлемді кемені басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
3. Кеме жүргізушілердің өзен көлігі кемелерін орналастыру мен тоқтатудың белгіленген тәртібін бұзуы -
ескерту жасауға немесе үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерінің кеме билетінде көрсетілген кемені жинақтау және жабдықтау нормаларын бұзуы, навигациялық сигнал жарықтарымен жабдықталмай тәуліктің қараңғы уақытында жүзуге шығуы, жағажайлардағы суға түсу шекарасының қоршауына және басқа да ұйымдастырылған суға түсу орындарына елу метрден таяу жерге жақындауы -
ескерту жасауға немесе бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
454-бап. Кеме жүргізушінің немесе өзге де адамның кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы
1. Кеме жүргізушінің кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сондай-ақ осындай кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі кеме жүргізушінің басқаруына беру -
жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе бір жылға дейінгі мерзімге кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
2. Авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан нақ сол әрекеттер -
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе үш жылға дейінгі мерзімге кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
3. Кеме жүргізушілердің алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін белгіленген тәртіпке сәйкес куәландырудан өтуден жалтаруы -
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе бір жылға дейінгі мерзімге кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
4. Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамдардың басқаруына жол беру -
жеке тұлғаларға - он бес, кемелерді, оның ішінде шағын көлемді кемелерді пайдалануға жауапты лауазымды адамдарға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
«456-бап. Өзен порттары мен кемежайларда жүктерді тиеу, түсіру және қоймаға жинау қағидаларын бұзу
Өзен порттары мен кемежайларда жүктерді тиеудің, түсірудің және қоймаға жинаудың техникалық шарттарын, кемеде жүктерді бекiтудің техникалық шарттарын бұзу, жүкті тиеу (түсiру) актісін ресiмдемеу -
айлық есептiк көрсеткiштің екіге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
457-бап. Шағын көлемді кемелердің тұрағына арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидаларын бұзу
1. Шағын көлемді кемелердің тұрағына арналған базаларда (құрылыстарда) шағын көлемді кемелерді базаға қою нормаларын, базаларды (құрылыстарды) пайдалану қауіпсіздігіне арналған шарттар мен техникалық талаптарды бұзу, сол сияқты көрсетілген базаларда (құрылыстарда) белгіленген тәртіппен тіркелмеген шағын көлемді кемелерді ұстау -
жеке тұлғалар мен лауазымды адамдарға - он, дара кәсiпкерлерге, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Шағын көлемді кемелердің жүзуге шығуын және базаға қайтуын бақылаудың белгіленген режимін сақтамау -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғалар мен лауазымды адамдарға бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
14) 458-баптың тақырыбы және бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«458-бап. Кемелерді, оның ішінде шағын көлемді кемелерді тіркеу қағидаларын, сондай-ақ кемелерді жасау, техникалық пайдалану қағидаларын бұзу
1. Кемелерді, оның ішінде шағын көлемді кемелерді тіркеу қағидаларын бұзу, -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
15) мынадай мазмұндағы 458-1 және 458-2-баптармен толықтырылсын:
«458-1-бап. Порттағы құрылыстарды пайдалану жөніндегі талаптарды бұзу
Порттағы құрылыстарды тұрақты және кезеңдік техникалық қарап тексерулерден өткізу мерзімдерін бұзу немесе сақтамау, айлақтық құрылыстың арқандап байлау және кері итергіш құрылғыларының жарамсыз күйде болуы немесе өздерінің сипаттамалары бойынша сәйкес келмеуі, сондай-ақ порттағы құрылыстарды техникалық қарап тексеру журналының және теңіз порты паспортының болмауы -
лауазымды адамдарға бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
458-2-бап. Кемелермен, оның ішінде шағын көлемді кемелермен болған авариялық жағдайлар мен көлік оқиғаларын тергеу қағидаларын бұзу
1. Кеме капитанының, кеме иесінің, гидротехникалық құрылыстардың лауазымды адамының көліктік бақылау органдарына теңіз көлігі кемесімен болған авариялық жағдай туралы, өзен көлігі кемесімен болған көлік оқиғасы туралы ақпаратты бермеуі -