- жүк немесе теңдеме жүк зақымданған (бүлiнген) жағдайда - оның құны төмендеген сома мөлшерiнде, ал зақымданған жүктi немесе теңдеме жүктi қалпына келтiру мүмкiн болмаған жағдайда - оның құны мөлшерiнде;
- құндылығы жарияланып, тасымалдауға тапсырылған жүк немесе теңдеме жүк жоғалған жағдайда - жүктiң немесе теңдеме жүктiң жарияланған құны мөлшерiнде өтейдi.
Жүктiң немесе теңдеме жүктiң құны уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiтетiн ережелер (әдiстеме) бойынша тасымалдау және көлiк түрлерiне байланысты немесе Қазақстан Республикасы қосылған тиiстi халықаралық конвенциялардың принциптерi негiзiнде белгiленетiн бағасы негiзге алына отырып айқындалады.
Жүктiң немесе теңдеме жүктiң (коммерциялық акт, жалпы нысандағы акт және с.с.) сақталмауының себептерi туралы тасымалдаушы бiржақты тәртiппен жасаған құжаттарды, дау туған жағдайда, жүк немесе теңдеме жүк тасымалдаушының, жөнелтушiнiң не алушының жауапкершiлiгiне негiз болуы мүмкiн мән-жайларды куәландыратын басқа құжаттармен бiрге сот бағалауға тиiс.
Егер тасымалдаушы жауап беретiн бүлiну салдарынан жүктiң немесе теңдеме жүктiң сапасы мүлдем өзгерiп, ол тiкелей мақсатына пайдаланылмайтындай болып қалса, жүктi немесе теңдеме жүктi алушы одан бас тартуға және оны жоғалтқаны үшiн өтем талап етуге құқылы.
Жүк немесе теңдеме жүк жоғалған не жеткiзiп берiлмеген жағдайда тасымалдаушы өтем төлей отырып, жоғалған жүктi немесе теңдеме жүктi тасымалдағаны үшiн ақыны қайтарып бередi.
Егер тiркелген теңдеме жүктi немесе жүктi тасымалдаушы жоғалды деп мойындаса немесе осы теңдеме жүк не жүк жеткiзу мерзiмi өткеннен кейiн 7 күн iшiнде тиiстi жерiне келiп жетпесе, олар жоғалды деп есептеледi.
Алайда, егер жүк көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн келiп жеткен болса, жүк алушы жүктi қабылдауға және теңдеме жүктi не жүктi жоғалтқаны үшiн тасымалдаушы төлеген соманы қайтарып беруге құқылы.
Заң құжаттарымен жауапкершiлiктiң өзге де түрлерi көзделуi мүмкiн.
ҚР 28.12.98 ж. № 338-1 Заңымен 17-1-баппен толықтырылды; ҚР 06.12.01 ж. № 260-II Заңымен 17-1-бап өзгертілді
17-1-бап. Жүктердi және жолаушыларды тасымалдау бойынша талап қою мен талап-арыз беру
Тасымалдаушыға тасымалға байланысты дау жөнiнде талап-арыз бергенге дейiн оған мiндеттi түрде талап қойылады.
Талап үш айдың iшiнде, ал айыппұлдар мен өсiм төлеу туралы талап бiр айдың iшiнде қойылуы мүмкiн.
Егер қойылған талап қабылданбаса немесе жауап осы бапта белгiленген мерзiмде алынбаса, мәлiмдеушiнiң талап-арыз беру құқығы пайда болады.
Жүктi және (немесе) жолаушыларды тасымалдаудан туындайтын талаптар бойынша талап-арыз беру мерзiмi заңдарда белгiленген тәртiппен реттеледi.
Халықаралық тасымалдауға байланысты даулар бойынша талап-арыз беру мерзiмi және талап-арыз беру тәртібі халықаралық шарттарда, келісімдерде немесе конвенцияларда белгiленедi.
ҚР 28.12.98 ж. № 338-1 Заңымен 18-бап өзгертілдi
18-бап. Жолаушыны, жүк пен теңдеме жүктi жеткiзу мерзiмi және мерзiмiн өткiзгенi үшiн жауапкершiлiк
Тасымалдаушы жүктi немесе теңдеме жүктi уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiтетiн Жүк және теңдеме жүк тасымалдау ережелерiмен анықталған мерзiмде тиiстi жерiне жеткiзуге мiндеттi. Егер жеткiзу мерзiмi белгiленген тәртiпте анықталмаған болса, тараптар бұл мерзiмдi шартта белгiлеуге құқылы.
Тасымалдаушының кiнәсiнен жолаушы тасымалы кiдiрген жағдайда тасымалдаушы, егер зиян келтiрiлген болса, жолаушыға оны өтеумен бiрге, кiдiрстiң әрбiр сағаты үшiн билет құнының 3 процентi мөлшерiнде айыппұл төлейдi.
Жолаушы өндiрiп алған айыппұлдың сомасы сатып алынған билеттiң құнынан аспауға тиiс.
Теңдеме жүктi жеткiзiп берудi кешiктiргенi үшiн тасымалдаушы теңдеме жүктi алушыға кешiктiрген мерзiмнiң әрбiр тәулiгiне тасымал үшiн төленген ақының 10 процентi мөлшерiнде айыппұл төлейдi, бiрақ ол тасымалдау үшiн төленетiн ақының 50 процентiнен аспауға тиiс.
Жүктi жеткiзiп берудi кешiктiргенi үшiн тасымалдаушы жүктi алушыға кешiктiрген мерзiмнiң әрбiр тәулiгiне тасымал үшiн төленген ақының 5 процентi мөлшерiнде айыппұл төлейдi, бiрақ ол тасымалдау үшiн төленетiн ақының 50 процентiнен аспауға тиiс.
Егер жүктi немесе теңдеме жүктi жеткiзiп берудiң кешiктiрiлуi тасымалдаушының кiнәсiнен болмаса, ол кешiктiру жауапкершiлiгiнен босатылады.
Тасымалдаудың кiдiруiне байланысты, егер мұндай жағдай орын алған болса, теңдеме жүктi немесе жүктi жөнелтушi немесе алушы шеккен зиян үшiн тасымалдаушы жауапты болады.
Рейстер 10 сағатқа және одан да көп уақытқа кiдiрген жағдайда тасымалдаушы жолаушыларға өз есебiнен мейманханадан орын алып берiп тамақтандыруға мiндеттi.
Жолаушының өтiнiшi бойынша оған тасымалдың кiдiру себебi туралы ресми құжат берiледi немесе билетiне белгi соғылады.
Осы бапта көзделген зияндардың мөлшерi және оларды анықтау тәртібі уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiтетiн Жүк және теңдеме жүк тасымалдау ережелерiмен белгiленедi.
19-бап. Жолаушының, жүк немесе теңдеме жүк жөнелтушi мен алушының жауапкершiлiгi
Жолаушылар, жүк немесе теңдеме жүк жөнелтушi мен алушы өздерiнiң кiнәсiнен басқа адамдарға, тасымалдаушының мүлкiне және тасымалдаушы жауап беретiн басқа адамдардың мүлкiне келтiрген зияны үшiн жауапты болады.
Жүк жөнелтушi көлiк құжаттарында көрсетiлген мағлұматтардың дұрыс болмауына, дәл болмауына немесе толық болмауына байланысты тасымалдаушыға немесе тасымалдаушы жауап беретiн басқа адамға келтiрген зияны үшiн жауапты болады.
Жүк жөнелтушi көлiк құжаттарында көрсетiлген мағлұматтардың дәл болмауына, толық болмауына немесе дұрыс болмауына байланысты барлық зиян үшiн тасымалдаушының алдында жауапты болады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) 20-бап өзгертілдi (бұр. ред. қара)
20-бап. Тасымалдаушының жолаушыны өлiмге ұшыратқаны немесе оның денсаулығын зақымдағаны үшiн жауапкершiлiгi
Тасымалдау кезiнде жолаушыны өлiмге ұшыратуы немесе денсаулығының зақымдануы салдарынан болған зиян үшiн, егер бұл зиян зардап шегушiнiң терiс ниетi немесе дүлей күш салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, тасымалдаушыға мүлiктiк жауапкершiлiк жүктеледi.
ҚР 28.12.98 ж. № 338-1; 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 21-бап өзгертілдi
21-бап. Көлiк жүктерi мен объектiлерiн күзету
Көлiк жүктерi мен объектiлерiн күзетудi, сондай-ақ темір жол, әуе көлiгiнде өртке қарсы алдын алу жұмыстарын жүргiзудi және өрт зардаптарын жоюды Қазақстан Республикасы Үкіметі белгiлеген тәртiппен әскерилендiрiлген күзет қызметтерi мен өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi жүзеге асырады.
Әскерилендiрiлген күзет қызметiнiң бөлiмдерi атыс қаруымен және арнайы құралдармен қамтамасыз етiледi.
Қару мен арнайы құралдарды қолдану тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
Көлiктiң неғұрлым маңызды объектiлерi мен арнайы жүктердi күзетудi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлер бөлiмдерi, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң арнайы бөлiмдерi, сондай-ақ әскерилендiрiлген күзеттiң арнайы қызметтерi жүзеге асырады.
ҚР 28.12.98 ж. № 338-1 Заңымен 22-бап өзгертілдi
22-бап. Төтенше жағдайлар кезiнде көлiк жұмысын ұйымдастыру
Төтенше жағдайлар (жер сiлкiнiстерi, су басу, өрт, қар көшкiнi, мiндеттер және басқа дүлей апаттар) туындаған кезде апаттарды және олардың зардаптарын жою жөнiнде шаралар қолдану үшiн көлiк кәсiпорындарының шарттық қатынастары Қазақстан Республикасы Үкіметінiң, жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмiмен осы кезеңге тоқтатылуы мүмкiн.
Төтенше жағдайлар кезiнде көлiк кәсiпорындарының республикада жұмылдыру әзiрлiгiн қамтамасыз етуге байланысты тасымалдарды, азаматтың қорғаныс және авариялық-құтқару жұмыстары жөніндегі шараларын жүзеге асыру жөніндегі шығындары бюджеттен өтеледi.
Көлiк кәсiпорындары дүлей апаттар мен авариялардың, сондай-ақ төтенше санаттағы өзге де жағдайлардың зардаптарын жою жөнiнде дереу шаралар пайдалануға мiндеттi.
28.12.98 ж. № 338-1 ҚР Заңымен; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (орыс тіліндегі өзгерістерді қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2006.29.12 № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред.қара) Заңдарымен 23-бап өзгертілдi
23-бап. Көлiкте қауiпсiздiктi және экологиялық талаптарды қамтамасыз ету
Тасымалдаушылар азаматтардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн, көлiк құралдары қозғалысының, кеме қатынасы мен ұшу қауiпсiздiгiн, сондай-ақ айналадағы ортаны қорғауды қамтамасыз етуге мiндеттi.
Көлiк құралдары қозғалысы және жүк тиеу-түсiру жұмыстары жүзеге асырылатын стансалардың, кемежайлардың, айлақтардың, әуежайлардың, автокөлiк кәсiпорындары мен теміржол тораптарының аумақтары, сондай-ақ су жолдары аса қауiптi аймақтар болып табылады. Аса қауiптi аймақта болу және онда жұмыстар жүргiзу ережелерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi. Аталған ережелердiң бұзылуы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жауапкершiлiкке әкеп соқтырады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен тiзбе бойынша қауiптi жүктердi күзету мен алып жүрудi бүкiл жол бойында жүктi жөнелтушiлер немесе алушылар қамтамасыз етедi.
Жарылғыш, тез тұтанғыш, радиоактивтi, улы және басқа қауiптi жүктердi жөнелтушi және алушы клиенттер оларды тасымалдау қауiпсiздiгiне кепiлдiк беруге, жүктердi тасымалдау кезiнде апат жағдайларынан алдын-ала сақтандыруға, сондай-ақ авариялар зардаптарын жоюға қажеттi құралдар мен жедел қимылдайтын бөлiмдердi ұстауға мiндеттi.
Көлiк, оның iшiнде Қазақстан аумағында орналасқан немесе оны кесiп өтетiн шетел көлiктерi мен көлiк құралдары қызметi процесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген адам өмірі мен денсаулығы, қоршаған орта үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ететін талаптар сақталуға тиiс.
Пайдалы қазбалар қабаттары алаңдарында көлiк кәсiпорындарын жобалау мен салуға, олар жатқан жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға тыйым салынады. Айрықша жағдайларда бұларға геология мен жер қойнауын қорғаудың уәкiлеттi мемлекеттік органының рұқсаты бойынша жол берiледi.
Көлiк кәсiпорындары мен тасымалдаушылар табиғат қорғау шараларын жоспарлауға, ұйымдастыруға және қаржыландыруға, айналадағы табиғи орта мен жер қойнауын қорғау саласында өндiрiстiк және ведомстволық бақылау жасауға мiндеттi.
Тасымалдаушылар айналадағы ортаны, әуе бассейнiн, су қоймаларын, жердi қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөнінде белгіленген нормалардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Айналадағы ортаға келтiрiлген зиян үшiн тасымалдаушылар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпте жауапты болады.
ҚР Президентінің 27.01.96 ж. № 2832 Жарлығымен 24-бап жаңа редакцияда; ҚР 08.05.03 ж. № 414-II Заңымен 24-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
24-бап. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
5 бөлiм. Қорытынды ережелер
24.12.01 ж. № 276-II; 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 25-бап өзгертілдi; 2006.31.01. № 125-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 25-бап жаңа редакцияда; 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 25-бап өзгертілдi
25-бап. Көліктік бақылау және қадағалау
Көлік құралдарын пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамасының, қозғалыс қауіпсіздігі мен экология жөніндегі талаптардың сақталуына көліктік бақылауды және қадағалауды уәкілетті мемлекеттік орган және өзге де мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
Уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асыратын көліктік бақылау:
1) жолаушылар мен жүктерді, оның ішінде қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерінің сақталуын бақылауды;
2) темір жол көлігіндегі, оның ішінде магистральдық, стансалық және кіре беріс темір жолдарындағы қозғалыс қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін бақылауды;
3) темір жол қозғалыс құрамының мемлекеттік тіркелуін бақылауды;
4) кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін бақылауды және қадағалауды;
5) халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде рұқсат беру жүйесі талаптарының сақталуын бақылауды;
6) көліктік қызмет көрсету саласында Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасының сақталуын бақылауды;
7) сауда мақсатында теңізде жүзу үшін пайдаланылатын кемелердің мемлекеттік тіркелуін бақылауды;
8) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
9) ішкі су жолдарында жүзу қағидаларының сақталуын бақылауды және қадағалауды;
10) техникалық пайдалану ережелері мен кемелердегі қызмет жарғысының сақталуын бақылауды және қадағалауды;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
11) лоцмандық қызметті және өзге де теңіз қызметтерін бақылауды және қадағалауды;
12) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасуын бақылауды және қадағалауды;
13) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
14) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының өтуін бақылауды;
15) автокөлік құралдарын жүргізушілердің жолаушылар мен жүктерді, оның ішінде қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде белгіленген еңбек және демалыс режимін сақтауын бақылауды;
16) автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналып рұқсат етілген параметрлерінің сақталуын бақылауды;
17) жолаушылар мен жүктерді, оның ішінде қауіпті жүктерді тасымалдау саласында автокөлік құралдарын пайдалану кезінде шығарындыдағы ластаушы заттар құрамы нормативтерінің сақталуын бақылауды қамтиды.
Уәкілетті органның лауазымды адамдары көліктік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде нысанды киім (погонсыз) киіп, талап ету бойынша қызметтік куәлігін көрсетуге тиіс.
Нысанды киім (погонсыз) үлгілерін және оны киіп жүру тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.
Нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Уәкілетті мемлекеттік орган орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасайды, бірлескен бақылау және қадағалау шараларын қабылдайды, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік органдар уәкілетті мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көлік саласындағы қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуіне көліктік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындауда жәрдем көрсетуге міндетті;
18) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшудың негізгі ережелеріне сәйкес азаматтық авиация саласына жататын жеке және заңды тұлғалардың әуе кемелерімен ұшуларды орындауын бақылауды және қадағалауды;
19) азаматтық авиация ұйымдарының авиация қызметкерлерінің кәсіби дайындығы және денсаулық жағдайы мәселелері бойынша белгіленген талаптар мен нормаларды қамтамасыз етуін бақылауды және қадағалауды;
20) азаматтық авиация ұйымдарының азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдығы нормаларын қадағалап отыруын бақылауды және қадағалауды;
21) авиациялық техниканың және оған жерде қызмет көрсететін құралдардың ұшу және техникалық пайдалану талаптарына сәйкес болуын бақылауды және қадағалауды;
22) аэродромдар (вертодромдар) объектілерінің және ұшу-қону алаңдарының күтіп ұсталуын бақылауды;
23) азаматтық авиация аэродромы ауданында объектілерді таңбалаудың жүзеге асырылуын бақылауды және қадағалауды;
24) халықаралық әуе тасымалының жүзеге асырылуын бақылауды және қадағалауды;
25) авиациялық қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуін бақылауды және қадағалауды;
26) тасымалдаушылардың магистральды теміржол желісінің қызмет көрсетулеріне кемсітілмеген қол жетімділігін қамтамасыз етуге бақылауды;
27) тасымалдаушылардың, жүк жөнелтушілердің, контрагенттердің және басқа да тұлғалардың бәсеке кірме жолдары жоқ кірме жолдардың қызмет көрсетулеріне кемсітілмеген қол жетімділігін қамтамасыз етуге бақылауды;
28) жеке және заңды тұлғалардың теміржол көлігінің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтауын, оларды бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу жөнінде шаралар қолданылуын бақылауды қамтиды.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 25-1-баппен толықтырылды; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 25-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 25-1-бап өзгертілдi (бұр.ред.қара)
25-1-бап. Көлік саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау
1. Көлік саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 25-2-баппен толықтырылды
25-2-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 26-бап өзгертілдi
26-бап. Көлiк саласындағы халықаралық қатынастар
Уәкiлеттi мемлекеттік орган көлiк саласындағы мемлекетаралық қатынастарда келісімдер мен шарттар жасау құқығына ие бола отырып, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен республиканың мүддесiн бiлдiредi.
Тасымалдаушылар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес басқа мемлекеттердiң заңды және жеке тұлғаларымен сыртқы экономиканы және ынтымақтастықты дамыта отырып, өнiмдер (жұмыстар, қызметтер, экспортын (импортын) жүзеге асыра алады.
Қазақстан Республикасының