дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің он бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бестен елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 03.07.03 ж. № 464-II Заңымен 447-1-баппен толықтырылды; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 447-1-бап өзгертілді
447-1-бап. Жолаушыларды, багажды немесе жүктерді автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жүргізушілердің еңбек және демалыс режимінің бұзылуы
1. Жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін тіркейтін бақылау құрылғыларынсыз (тахографтарсыз) немесе ажыратылған осындай құрылғылармен, не толтырылмаған диаграммалық дискілермен, не электрондық (цифрлық) тахографтарды қолданған жағдайда электрондық карточкаларды пайдаланбай сол сияқты:
1) қауіпті жүктерді автомобильмен тасымалдауды;
2) жолаушыларды, багажды және жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды;
3) жолаушыларды, багажды облысаралық, ауданаралық (облысішілік қаларалық) және ауданішілік автомобильмен тасымалдауды жүзеге асырған кезде жүгізушілердің еңбек және демалыс режимін күнделікті тіркеу парақтарын жүргізбей автокөлік құралдарын пайдалануы,-
дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Автокөлік құралдарын жүргізушілердің жолаушыларды, багажды немесе жүктерді автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде еңбек және демалыс режимін бұзуы, -
айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 03.07.03 ж. № 464-II Заңымен 447-2-баппен толықтырылды; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 447-2-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
447-2-бап. Жолаушыларды, багажды немесе жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды рұқсатсыз немесе арнайы рұқсатсыз жүзеге асыру
Шетелдіктерге немесе шетелдік заңды тұлғаларға тиесілі автокөлік құралдарын жүргізушілердің, Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі туралы заңдарында көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасының аумағында автомобильмен халықаралық тасымалдауды рұқсатсыз немесе арнайы рұқсатсыз жүзеге асыруы, -
айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 03.07.03 ж. № 464-II Заңымен 447-3-баппен толықтырылды
447-3-бап. Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автокөлік құралдарын жүргізушілерде жолаушылар тізімінің болмауы
Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автокөлік құралдарын жүргізушілерде жолаушылар тізімінің болмауы, -
айлық есептік көрсеткіштің үштен беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 03.07.03 ж. № 464-II Заңымен 447-4-баппен толықтырылды; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 447-4-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
447-4-бап. Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль тасымалын шет мемлекетте тіркелген автокөлік құралдарымен жүзеге асыру
Шет мемлекеттің аумағында тіркелген, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінген, шет мемлекеттің тасымалдаушыларына тиесілі автокөлік құралдарымен Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан пункттер арасында жолаушыларды, багажды немесе жүктерді тасымалдау, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бестен қырыққа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 447-5-баппен толықтырылды
447-5-бап. Республикаішілік қатынаста жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асырған кезде автокөлік құралдары жүргiзушiлерінде тасымалдау шартының болмауы
Республикаішілік қатынаста жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асырған кезде автокөлік құралдары жүргiзушiлерінде тасымалдау шартының болмауы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
448-бап. Теңiз көлiгiнде қозғалыс қауiпсіздiгiн қамтамасыз ету ережелерiн бұзу
1. Теңiз көлiгiнде кемелердiң портқа кіру және одан шығу, порт суларында кемелердiң қозғалыс және тұру ережелерiн бұзуы, -
жетi айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Порт суларында суға сүңгу жұмыстарын тиiстi рұқсаттарсыз жүргiзу немесе осы жұмыстар кезiнде сигнал беру ережелерiн сақтамау, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 449-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
449-бап. Теңiз көлiгіндегі сигнал беру және байланыс құрылғылары мен қондырғыларын бүлдiру
Теңiз көлiгіндегі сигнал беру және байланыс құрылғылары мен қондырғыларын бүлдiру, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 450-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
450-бап. Теңiз және өзен көлiгi кемелерiнде, сондай-ақ шағын кемелерде жолаушылар қауiпсіздiгiн қамтамасыз ету ережелерiн бұзу
Жолаушыларды теңiз және өзен көлiгi кемелерiне, сондай-ақ шағын кемелерге отырғызу кезiнде, жол үстiнде және оларды сол кемелерден түсiру кезiнде олардың қауiпсіздiгiн қамтамасыз ету ережелерiн бұзу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы Кодекстiң 450-453, 457-баптарында шағын кемелер деп басты двигателiнiң қуаты 75 ат күшiнен аз, өздiгiнен жүретiн кемелердi және жалпы сыйымдылығы 80 тiркеулiк тоннадан аз, өздiгiнен жүрмейтiн кемелердi, жеке тұлғаларға тиесiлi моторлы кемелердi (двигательдерiнiң қуаттылығына қарамастан), желкендi кемелердi, сондай-ақ өздiгiнен жүрмейтiн кемелердi (жүк көтерiмдiлiгi - 100 килограмм және одан ауыр ескектi қайықтарды, 150 килограмм және одан да ауыр байдаркаларды және 225 килограмм және одан да ауыр үрленген кемелердi) түсiну керек.
2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 451-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
451-бап. Кеменi жүзуге шығару ережелерiн бұзу немесе тиiстi дипломы (куәлiгi, куәландыру қағазы) жоқ адамдарды кеме басқаруға жiберу
1. Кеменiң кiмге тиесiлiгiн, оның жүзуге жарамдылығын куәландыратын құжаттарсыз, жасақталмаған экипажбен, кеменiң техникалық жағдайы қолдағы құжаттарға сәйкес келмеген кезде, жүк тиеудiң белгiленген ережелерiн, жолаушылар сыйымдылығы нормаларын, жүзу ауданы мен шарттары жөніндегі шектеулердi бұза отырып, кеменi (шағын кемеден басқасын) жүзуге шығару (жiберу), сондай-ақ тиiстi дипломы (куәлiгi, куәландыру қағазы) жоқ адамдарды кеменi немесе оның механизмдерi мен жабдықтарын басқаруға жiберу, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Белгiленген тәртiппен тiркелмеген немесе техникалық байқаудан (куәландырудан) өтпеген, немесе ақауы болғандықтан оны пайдалануға тыйым салынған, немесе жабдықтармен жарақтандырылмаған, немесе тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған шағын кемелердi жүзуге шығару, сондай-ақ шағын кемелердi басқару құқығы жоқ адамдарды осындай кемелердi басқаруға жiберу, -
шағын кемелердi пайдалануға жауапты лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен елуге дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
452-бап. Кемелердi пайдалану ережелерiн бұзу, сондай-ақ басқару құқығы жоқ адамның кеменi басқаруы
1. Белгiленген тәртiппен тiркелмеген немесе техникалық байқаудан (куәландырудан) өтпеген, немесе бортында нөмiрлерi мен белгiлерi жоқ, немесе тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған, немесе ақауы болғандықтан оны пайдалануға тыйым салынған, немесе жүк тиеу ережелерiн, жолаушылар сыйымдылығы нормаларын, жүзу ауданы мен шарттары жөніндегі шектеулердi бұза отырып кеменi (соның iшiнде шағын кеменi) басқару, -
ескерту жасауға немесе бес айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кеме басқару құқығы жоқ адамның сол кеменi (соның iшiнде шағын кеменi) басқаруы, немесе басқару құқығы жоқ адамға сондай кеменi басқаруды беру, -
үш айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
453-бап. Кемелердiң жүзу, жүк тиеу және жүк түсiру ережелерiн бұзуы
1. Кеме жүргiзушiлерiнiң кемелердiң (шағын кемелерден басқа) қозғалыс және дыбыс пен жарық сигналдарын беру, кеме жарықтары мен белгiлерiн алып жүру ережелерiн, кемелерге жүк тиеу және олардан жүк түсiру ережелерiн бұзуы, сондай-ақ порттағы және гидротехникалық құрылыстар мен жабдықтарды бүлдiруi, -
айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Шағын кемелердiң кеме жүргiзушiлерiнiң белгiленген жылдамдықты арттырып жiберуi, навигациялық белгiлер талаптарын сақтамауы, тыйым салынған жерлерде кеменi әдейi тоқтатуы немесе тұрғызып қоюы, гидротехникалық құрылыстарды немесе техникалық құралдарды және кеме жүргiзу мен навигациялық жағдайдың белгiлерiн бүлдiруi, маневр жасау, дыбыс сигналдарын беру, борт жарықтары мен белгiлерiн алып жүру ережелерiн бұзу, -
ескерту жасауға немесе екi айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға немесе бір жылға дейiнгi мерзiмге шағын кеменi басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
3. Шағын кемелердi жүргiзушiлердiң шағын кемелердi пайдаланудың өзге де ережелерiн бұзуы, -
ескерту жасауға немесе бір айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 454-бап өзгертілді
454-бап. Кеме жүргiзушiнiң немесе өзге де адамның мас күйiнде кеменi
басқаруы
1. Кеме жүргiзушiнiң кеменi алкогольмен, есiрткiмен немесе уытқұмарлықпен масаю күйiнде басқаруы, сондай-ақ осындай кеменi алкогольмен, есiрткiмен немесе уытқұмарлықпен масаю күйіндегі кеме жүргiзушiнiң басқаруына беру, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бір жылға дейiнгi мерзiмге кеме басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
2. Жолаушылардың қауiпсіздiгiне қатер төндiрген нақ сол iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе екi жылға дейiнгi мерзiмге кеме басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
3. Кеме жүргiзушiлерiнiң белгiленген тәртiпке сәйкес алкогольмен, есiрткiмен немесе уытқұмарлықпен масаю күйiне куәландыру рәсiмiнен өтуден жалтаруы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң үштен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бір жылға дейiнгi мерзiмге кеменi басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
4. Кеменi басқару құқығы жоқ немесе алкогольмен, есiрткiмен немесе уытқұмарлықпен масаю күйіндегі адамның iшкi су жолдарында сол кеменi басқаруы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Алкогольмен, есiрткiмен немесе уытқұмарлықпен масаю күйіндегі адамдарды кеменi басқаруға жiберу, -
кемелердi пайдалануға жауапты лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 455-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
455-бап. Кемелердi iшкi су жолдарында пайдалану қауiпсіздiгiн
қамтамасыз ету ережелерiн бұзу
1. Тиiстi рұқсатсыз суға сүңгу жұмыстарын жүргiзу немесе осы жұмыстар кезiнде сигнал беру ережелерiн сақтамау, ағаш салдар тоқтайтын тосқауылдар мен айлақтар орнату мен құру тәртібін, тиiстi органдардың келісімiнсіз балық аулау мақсаты үшiн белгiленбеген орындарда балық аулауға бейiмделген шанышқы қондырғыларын және өзге де құралдар қою тәртібін бұзу, -
жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға - онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Навигациялық жабдықтардың, байланыс пен сигнал берудiң жүзбелi және жағалаудағы құралдарын жою, бүлдiру, жұлу, заңсыз орнын ауыстыру, көпiрлердегi, бөгеттердегi және басқа гидротехникалық құрылыстардағы навигациялық құралдарды күтiп-ұстау, пайдалану ережелерiн және олардың белгiленген жұмыс режимiн бұзу, тиiстi рұқсатсыз (келісімсіз) навигациялық белгiлер мен сигналдарды танып-бiлуге кедергi келтiретiн белгiлер, құрылыстар, дыбыс және жарық сигналдарын беретiн көздер орнату, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Кеме бортының сыртына қоқыс және өзге де заттар тастау, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң үштен бірiне дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
456-бап. Өзен порттары мен кемежайларда жүктердi тиеу, түсiру және
қоймада ұстау ережелерiн бұзу
Өзен айлақтары мен кемежайларда жүктердi тиеу, түсiру және қоймада ұстау ережелерiн бұзу, -
екi айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 457-бап өзгертілді
457-бап. Шағын кемелер тұруға арналған базаларды (құрылыстарды)
пайдалану ережелерiн бұзу
Тиiстi органдардың рұқсатынсыз шағын кемелер тұруға арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану немесе шағын кемелердiң базада тұру нормаларын, базаларды (құрылыстарды) қауiпсіз пайдалану шарттары мен техникалық талаптарын бұзу, сол сияқты аталған базаларда (құрылыстарды) белгiленген тәртiппен тiркелмеген шағын кемелердi күтiп-ұстау, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 458-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
458-бап. Кемелердi тiркеу мен есепке алу ережелерiн, сондай-ақ
кемелердi жасау, техникалық пайдалану ережелерiн бұзу
1. Кемелердi тiркеу мен есепке алу ережелерiн бұзу, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi, ал лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кемелердi жасау, техникалық пайдалану ережелерiн бұзу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
459-бап. Көлiкте белгiленбеген орындарда темекi шегу
Жергiлiктi жерде және алысқа қатынайтын поездарда, әуе, теңiз және өзен көлiктерi кемелерiнде, сондай-ақ қалалық, қалааралық автобустар, маршруттық таксилер мен қалалық электр көлiгi салондарында белгiленбеген орындарда темекi шегу, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң үштен бірiне дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 460-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
460-бап. Көлікте өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу
1. Көлікте белгіленген өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің екіге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үшке дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 03.07.03 ж. № 464-II; 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 461-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.24.01. № 399-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 461-бап өзгертілді
461-бап. Көлік құралдарын пайдалану ережелерiн бұзу
1. Мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгілері (белгісі) оқылмайтын немесе стандарт талаптары бұзыла отырып орнатылған, тiркелген көлiк құралдарын басқару, -
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгілері (белгісі) жоқ немесе оны пайдалануға тыйым салынғаннан кейін немесе белгіленген тәртіп бойынша тіркелмеген көлік құралдарын жүргізу -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Көлік құралына көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгілерін (белгісін) орнату -
жеке тұлғаларға - он бес, көлік құралдарының пайдаланылуына жауапты лауазымды адамдарға - елу, дара кәсіпкерлерге, шағын не-месе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3-1. Көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгілері (белгісі) бар көлік құралын жүргізу -
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе бір жыл мерзімге көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.
4. Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, жол қозғалысы қауiпсіздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген ережелерiне сай келмейтiн көлiк құралдарын басқару, -
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Тежегiш жүйесiнiң, басқару рулiнiң, жетектi-iлiнiстi құрылғысының ақауы бар көлiк құралдарын басқару, -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын басқару, -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6-1. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты немесе тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезінде рейс алдындағы техникалық тексеруден өтпеген автобусты, шағын автобусты басқару, -
жеке кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі, лауазымды адамдарға оннан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын жүргізу -
үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Осы баптың бірінші, төртінші және бесінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Кодекстiң осы тарауында көлiк құралдары деп автомобильдердiң, тракторлардың барлық түрлерiн және басқа да өздiгiнен жүретiн машиналарды, трамвайларды, троллейбустарды, сондай-ақ мотоциклдер мен өзге де механикалық көлiк құралдарын түсiну керек.
2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен 461-1-баппен толықтырылды
461-1-бап. Көлік құралын жүргізу кезінде жүргізушінің телефонды не радиостанцияны пайдалануы
1. Көлік құралын жүргізу кезінде жүргізушінің телефонды не радиостанцияны пайдалануы -
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Көлік құралын жүргізу кезінде телефонды не радиостанцияны тыңдауыш немесе қатты дауысты байланыс арқылы пайдалануға рұқсат етіледі.
09.12.04 ж. № 10-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 462-бап өзгертілді
462-бап. Көлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң қозғалыстың белгiленген жылдамдығын арттырып жiберуi
1. Көлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң қозғалыстың белгiленген жылдамдығын сағатына он километрден жиырма километрге дейiнгi шамаға арттырып жiберуi, -
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Көлiк құралы қозғалысының белгiленген жылдамдығын сағатына жиырма километрден қырық километрге дейiнгi шамаға арттыру, -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Көлiк құралы қозғалысының белгiленген жылдамдығын сағатына қырық километрден астам шамаға арттыру, -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
03.07.03 ж. № 464-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 463-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 463-бап өзгертілді
463-бап. Көлік құралдарын жүргізушілердің маршруттық көлік құралдарын тоқтатудың, тұрғын аймақтарда жүрудің, жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудың ережелерін сақтамауы және жол жүрісінің ережелерін басқа да өрескел бұзу
1. Көлік құралдарын жүргізушілердің маршруттық көлік құралдарын тоқтату, тұрғын аймақтарда жүру, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерімен жабдықталған көлік құралдарымен жүру кезінде қауіпсіздік белдіктерін, мотоциклдерді жүргізу және онымен жолаушыларды тасымалдау кезінде мотошлемдерді пайдалану, көлік құралдарын сүйретуге алу, тәуліктің қараңғы мезгілінде немесе анық көрінбейтін ала-көлеңке кезде жарық беретін аспаптарды пайдалану ережелерін сақтамауы -
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
1-1. 2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Қауiптi жүктердi автокөлiк құралдарымен не мамандандырылған автокөлiк құралдарымен белгiленген қағидаларды бұза отырып, сол сияқты 1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арналған арнайы рұқсатсыз тасымалдау -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан отызға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралдарының жүруі, сондай-ақ бөлінбейтін ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты жүктерді мамандандырылған автокөлік құралдарымен белгіленген ережелерді бұза отырып, сол сияқты арнайы рұқсатсыз тасымалдау, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыздан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен 463-1-баппен толықтырылды
463-1-бап. Жол қиылыстарынан өту ережелерін бұзу немесе жолдың жүру бөлігін кесіп өту
1. Көлденең бағыттағы көлік құралдарының жүрісіне кедергі келтіруге (кептеліске) әкеп соқтыратын кептеліс пайда болған жағдайда жол қиылысына шығу немесе жолдың жүру бөлігін кесіп өту -
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.