58-тармақтың 3) тармақшасына:
ІІІ баған бойынша куәландырылатындарда ас қорыту функциясының бұзылуынсыз, сирек (жылына 1 рет және сирек) асқынулармен ұлтабар баданасының шамалы деформацисы болған кезде асқазан немесе ұлтабардың жара ауруы;
І, ІІ бағандар бойынша куәландырылатындарда ремиссияның ұзақтығына (тұрақтылығына) қарамастан асқазан немесе ұлтабардың жара ауруы жатады.
59-тармақ. Асқазанның және ұлтабардың басқа да аурулары (жара ауруынан басқа), бауырдың, өт қабының, өт шығару жолдарының және ұйқы безінің аурулары, ас қорыту органдарының басқа да аурулары;
59-тармақтың 1) тармақшасына:
бауыр циррозы;
жоғары белсенділік дәрежесімен (биопсия деректері және (немесе) трансминаз белсенділігінің 10 рет және одан астам тұрақты артуы бойынша) және (немесе) METAVIR шкаласы бойынша (тікелей емес эластографияның нәтижелері бойынша) фиброздың F3 - F4 сатыдағы созылмалы гепатит;
айқын көрінген морфологиялық өзгерістермен (атрофия, кальцинат, түтіктердің деформациясы, кисталар) және (немесе) тамақтану жағдайының бұзылуымен болатын (ДСИ кемінде 18,5) ұйқы безі сыртқы секрециясы функциясының бұзылуымен және (немесе) глюкозаға шыдамдылықпен созылмалы панкреатит;
өт шығатын жолдарға операция жасағаннан кейінгі асқынулар (өт жыланкөздері);
ұйқы безіне операциядан кейінгі асқынулар (жыланкөздер және басқалар) жатады.
59-тармақтың 2) тармақшасына:
орташа белсенділік дәрежесімен (биопсия деректері және (немесе) трансминаз белсенділігінің 5-10 рет және одан астам тұрақты артуы бойынша) және (немесе) METAVIR шкаласы бойынша) фиброздың F2 сатыдағы созылмалы гепатит;
сәтсіз стационарлық емдеген кезде қайта және ұзақ (2 айдан артық) госпитальда емделуді қажет ететін, секреторлы, қышқылтүзуші функцияларының бұзылуымен, жиі асқынулармен және тамақтанудың төмендеуімен (ДСИ кемінде 18,5) гастриттер, гастродуодениттер;
стационарлық жағдайда емдеуді қажет ететін жиі асқынулармен (жылына үш және одан көп) созылмалы холецистит;
жиі (жылына 3 рет және одан көп) асқынулармен және (немесе) тамақтану мәртебесінің бұзылуынсыз ұйқыбездің секрециялық және инкреторлық функцияларының бұзылуымен айқын көрінген морфологиялық өзгерістермен (атрофия, кальцинаттар, түтіктердің, жылауықтың пішінінің бұзылуы) созылмалы панкреатит;
жалған жылауыққа (марсупилизацияға немесе басқаларға) ұласқан панкреатиттерді хирургиялық емдеудің салдары;
өт шығару жолдары мен ұйқы безінің науқастануларын реконструктивтік операцияларының салдары.
Ұйқы безінің немесе бауырдың бір бөлігін кескеннен кейін функциялардың бұзылуына қарай куәландыру осы тармақтың 2 немесе 3 тармақшалары бойынша жүргізіледі.
59-тармақтың 3) тармақшасына:
әлсіз белсенділік дәрежесімен (биопсия деректері және (немесе) трансминаз белсенділігінің 5 есеге дейінгі тұрақты артуы бойынша) және (немесе) METAVIR шәкілі бойынша F1 сатыдағы фиброзбен созылмалы гепатит.
секреторлық функциясының шамалы бұзылуымен және жиі (жылына үш және одан көп рет) асқынулармен созылмалы гастриттер, гастродуодениттер;
функцияның шамалы бұзылуымен және (немесе) жиі (жылына үш және одан көп рет) асқынулармен стационарлық емделуді қажет етпейтін созылмалы холециститтер;
жақсы емдеу нәтижелерімен тамақтану ұйқыбезі сыртқы секреция функциясының бұзылуынсыз созылмалы панкреатит жатады.
Өтқабын алып тастағаннан немесе жақсы нәтижемен өт ағындарын хирургиялық емдегеннен кейін І, ІІ, ІV бағандары бойынша, 3) тармақша бойынша, ал талаптардың ІІІ бағаны бойынша - осы тармақтың 4) тармақшасы бойынша жүргізіледі.
Стеатоз (бауырдың майлы дегенерациясы) кезінде куәландыру бауыр функцияларының бұзылуына байланысты осы тармақтың тиісті тармақшалары бойынша жүргізіледі;
59-тармақтың 4) тармақшасына:
ас қорыту функциясының бұзылуынсыз және сирек (жылына екі реттен көп емес) асқынулармен созылмалы гастриттер, гастродуодениттер;
функцияның бұзылуынсыз созылмалы холециститтер;
функцияның бұзылуынсыз өт шығару жолдарының дискинезиясы;
ферментопатиялық (қатерсіз) гипербилирубинемиялар жатады.
Бауыр функциясының бұзылуынсыз және (немесе) оның аз белсенділігімен созылмалы гепатит кезінде куәландыру осы тармақтың 3) тармақшасы бойынша жүргізіледі.
Созылмалы гепатит диагнозы мамандандырылған бөлімше жағдайында және пункциялық биопсия нәтижелерімен, ал биопсияны жүргізу мүмкін болмаған немесе одан бас тартқан кезде - бауырдың зақымдану тұрақтылығын куәландыратын клиникалық, зертханалық және құралдық деректермен және кемінде 6 ай бойы диспансерлік бақылау нәтижелерімен расталады.
Өтқабы, өт шығару жолдары және ұйқыбезі пішіндерінің, өлшемдерінің, қалыбының нұсқалары, сондай-ақ клиникалық көріністерсіз және функционалды бұзылуларсыз, аспаптық зерттеу кезінде ғана анықталатын созылмалы аурулар белгілері осы тармақты қолдану үшін негіздеме болып табылмайды.
60-тармақ. Жарық болған кезде талаптардың барлық бағандары бойынша куәландырылатындарға хирургиялық емдеу ұсынылады. Табысты емдеуден кейін олар әскери қызметке жарамды.
Осы тармақты қолдануға негіз қанағаттанарлықсыз емдеу нәтижелері (науқастанудың қайталануы) немесе емделуден бас тарту, сондай-ақ оны жүргізуге қарсы көрсетімдер болып табылады.
60-тармақтың 1) тармақшасына:
қолдың көмегімен немесе денені көлденең орналастырумен түзету үшін қажет ететін немесе ішкі мүшелердің функцияларын бұзатын үлкен көлемді, қайталанатын, сыртқы жарықтар;
кеуде қуысы мүшелерінің функциясын бұзатын, жиі (жылына екі және көп рет) қысылуымен құрсақ аймағының басқа диафрагмальды жарықтары (оның ішінде диафрагманың жүре пайда болған релаксациясы);
функцияларды елеулі бұзумен көптеген жарықтар;
орнына келмейтін вентральдық жарықтар жатады.
60-тармақтың 2) тармақшасына:
емдеудің қанағаттанарлық нәтижелерінде 60-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген бұзылу қоса болмайтын диафрагманың (оның ішінде өңеш тесігі) және құрсақ аймағының басқа да жарықтары;
дене жүктемелері, жөтел және басқалар кезінде дене тік тұрғанда пайда болатын қайталанатын сыртқы жарықтар;
бандаж киюді қажет ететін вентральдық жарықтар;
оперативті емдеуден бас тартқан кезде біржолғы, қайталанатын жарықтар жатады.
60-тармақтың 3) тармақшасына жеңіл орнына келетін, дененің көлденең жағдайы кезінде өздігінен жойылатын жарықтар жатады.
Физиологиялық шеңбер шегінде кіндік жарығы, іштің ақ сызығындағы іш пердесін май басу, сондай-ақ дене жүктемесі, күшену кезінде жарықтың томпаюынсыз шап сақиналарының кеңеюі осы тармақты қолдануға негіздеме болып табылмайды, әскери қызмет өткеруге, ӘОО-ларға түсуге кедергі келтірмейді.
61. Асқынған науқастанулардан, созылмалы науқастанулардан немесе хирургиялық емдеуден кейін ас қорыту органдарының уақытша функционалдық бұзылулары.
Асқынусыз іш қуысы органдарына жасалған эндоскопиялық операциядан (аппендэктомия, холецистэкомия, жарық пластикасы және басқалар) кейін әскери қызметшілерге 15 тәулікке қызметтік міндеттерін орындаудан толық босатылады.
Ас қорыту органдарының науқастануларын (аппендицит, жарықтар және басқалар) асқынусыз хирургиялық емдеуден кейін мерзімді әскери қызметке шақыру, келісімшарт бойынша әскери қызметке және ӘОО-ларға түсу кезінде азаматтар операциялық әрекеттен кейін үш айдан кем емес уақыт өткеннен кейін куәландырылады.
12-тарау. Тері және тері асты жасушаларының аурулары 62-тармақ. Тері және тері асты тіндері науқастануларының, оның ішінде туа біткен түрлерін көздейді
Шаштың ошақтанып түсуінің (алопеция) кең тараған түрі болып әрқайсысының диаметрі 10 см кем емес тақырбастықтың көптеген ошақтарының (3 және көп) болуы, ал тұтас тақырбастық кезінде бастың шаш бөлігінде 50 пайыздан астам ауданда шаштың өспеуін түсіндіреді.
Ақтаңдақтың ең тараған түрі болып кез келген анатомиялық бөліктер терілерінде көптеген (үш және одан астам), сондай-ақ бірлі-жарым, бірақ ірі (өлшемі науқастың алақанымен бірдей және одан үлкен) пигментті емес ақтаңдақтардың болуы түсіндіріледі. Осыған косметикалық ақау болып табылатын беттегі ақтаңдақ ошақтары да жатады.
Псориаздың немесе қызыл жалпақ теміреткеннің кең тараған түрі болып кез келген анатомиялық бөліктер терілерінде көптеген (үшеу немесе одан көп) бөртпелердің болуы саналады.
Атопиялық дерматит кезінде кең тараған лихенификация болып бет, мойын, шынтақ, тізе ойпаңдары құрғақ терлері аймақтарында күшейген суреттің болуы, сондай-ақ толық зақымданулар түсіндіріледі.
62-тармақ 1) тармақшасына: емдеуге келмейтін немесе емделуі қиын созылмалы экземаның кең таралған түрлері, псориаздың ауыр және асқынған түрлері, кең тараған тері жабынының лихенификациясымен атопиялық дерматит, буллездік бұзылулар (күлдіреуіктер, пемфигоид, және т.б.) жатады.
62-тармақтың 2) тармақшасына: ихтиоз, кең таралған псориаз, ошақты лихенификалық терілік жабынмен атопикалық дерматит, қызыл жегінің терілік түрлері, полимфорлық фотодерматоз, кең таралған және жиі қайталанатын қызыл жалпақ теміреткі, созылмалы васкулит, кең тарлаған абсцедирленген және созылмалы ойықжаралы пиодермия, қағынды пиодермия, бастық абсцедирленген және түбі қазылған фолликулиті және перифолликулиті, көптеген конглобатты безеулер;
алақанның, сондай-ақ жүруді және стандартты аяқ киім киюді қиындататын, табандардың функциясын бұзатын фалангтардың жүре пайда болған кератодермиялар (соның ішінде туа біткен);
экземаның, псориаздың шектеулі және жиі (жылына екі рет және одан астам) қайталанатын түрлері;
бірлі-жарым, бірақ ірі (көлемі науқастың алақанындай және одан үлкен) псориаз бөртпелері;
сәтсіз стационарлық емдеу және екі айдан кем емес уақыт бойы күлдіреуіктердің (уртикарий) үзіліссіз қайталануы жағдайларында жиі қайталанатын есекжем және (немесе) эритема жатады.
Төмен немесе жоғары температура ықпалынан пайда болған есекжем стационарлық жағдайларда сынамалармен расталады.
Тері ауруларының жиі қайталанатын түрлері деп өршулері соңғы 3 жылда жылына екі рет және одан астам туындайтын түрлері жатады.
62-тармақтың 3) тармақшасына шектеулі экзема мен псориаздың сирек қайталанатын түрі, ұялы алопецияның және ақтаңдақтың кең тараған және тотальды түрлері, сондай-ақ оқшауландырылуына, санына және зақымдану ошақтарының көлеміне қарамастан шектеулі склеродермияның бөртпелі түрі жатады.
Осы тармақшаға шектеулі және (немесе) сирек қайталанатын қызыл жалпақ теміреткі жатады.
Псориаздың шектеулі түрлері деп зақымдану ошағы әртүрлі жерде, соның ішінде әртүрлі анатомиялық аяда орналасқан, көлемі аурудың алақанына дейін болатын жекеше (үшке дейін) түрі түсіндіріледі. Экзема кезінде анатомиялық аяның біреуі (өкше, сирақ, білек, бас) шектеулі деп бағаланады.
Тері науқастануларының қайталанатын түріне соңғы үш жыл ішінде жылына бір рет болатын тері ауруларының асқынуы жатады.
62-тармақтың 4) тармақшасына бағандар бойынша талаптардың 37-тармағы бойынша куәландырылатын сыртқы есту жолының және құлақ қалқанының экземасын қоспағанда, соңғы үш жылда қайталануы болмаған кезде тұтас тақырбастық, ақтаңдақтық, ксеродермия, фолликулярлық кератоз, сондай-ақ экземаның шектеулі түрлері жатады.
Шынтақ және тізе буындары маңындағы ихтиоздың жеңіл түрлері және псориаздың бірлі-жарым түрлері ІІІ баған бойынша куәландырылатын адамдар үшін қарсы көрсеткіш болып табылмайды.
Мерзімді әскери қызмет өткеру кезеңінде туындаған псориаздың жеке ұсақ бөртпелері химиялық әскери бөлімдерден және кәсіптік зиянды жағдайлардағы жұмысты қоспағанда, әскери қызметке қарсы көрсеткіш болып табылмайды.
Экзема, қабыршық тәрізді теміреткі немесе басқа кең таралудың кез келген деңгейдегі созылмалы науқастанулар кезінде үміткерлер ӘОО-ларға түсуге жарамсыз деп танылады.
Соңғы үш жыл ағымында қайталануы болмаған кезде анамнезде атопиялық дерматиттің (экссудативті диатез, балалар экземасы, нейродерматиттер) болуы, сондай-ақ шектеулі склеродермияның әртүрлілігі «ақ даңдақтар ауруы» осы тармақты қолдануға негіздеме болып табылмайды, әскери қызмет өткеруге, ӘОО-ларға түсуге кедергі келтірмейді.
Себорея мерзімді әскери қызметке шақыруға және ӘОО-ларға түсуге кедергі келтірмейді.
63-тармақ. Жіті науқастануларға шалдыққаннан кейінгі, тері және тері асты жасушаларының созылмалы науқастануларының асқынуынан кейін уақытша функционалдық тұрғыдан уақытша бұзылулар.
13-тарау. Сүйек-бұлшықет жүйесінің және дәнекер тіннің аурулары
64-тармақ. Бұл тармақ жұқпалы артропатиялар (инфекциямен байланысты артриттер, реактивті артропатия және басқаларды), қабыну полиартропатиясын (ревматоидтық артриттерді, псоратикалық және энтеропатикалық артропатияларды, подагра және басқалар), дәнекерлік тіндердің жүйелік зақымдануын (түйінді полиартерит, басқа кротизирленбейтін васкулопатия, жүйелі қызыл жегі, дермотополимизоиттер, жүйелі склероз, дәнекерлік тіндердің басқа да жүйелік зақымданулары), спондилопатиялар (анкилозирленген спондилит, басқа қабыну спондилопатиялар, спондилездер, басқа спондилопатиялар) көздейді.
64-тармақтың 1) тармақшасына:
мүшелер мен жүйелер жағынан өзгерістердің айқын көрінуіне, асқыну жиілігіне және функционалдық бұзылудың дәрежесіне қарамастан дәнекерлік тіннің жүйелі зақымданулары;
функциялардың елеулі бұзылуымен қабыну полиартропатиясы және анкилоздаушы спондилоартрит (Бехтерев ауруы) немесе әскери қызмет міндеттерін орындау қабілетін тұрақты жоғалтумен немесе ревматикалық терапияға қарсы базистік фонда белсенділік белгілерін жоғалту кезінде олардың жүйелі формалары жатады.
64-тармақтың 2) тармақшасына:
стационарлық емделуді қажет ететін жиі (жылына екі рет және одан астам) асқынулармен жүйелі белгілері болмаған кезде орташа айқын көрінген экссудативті-пролиферативті өзгерістерімен буындардың, баяу үдейтін жұқпалы артропатиялардың, қабыну полиартропатияларының және басқа қабыну спондилопатияларының түрлері;
ревматоидтік терапияға қарсы базистік фондағы науқастану белсенділігінің белгілері және жүйелі көріністері болмаған кездегі ревматоидты артриттің және Бехтерев ауруының алғашқы түрлері жатады.
64-тармақтың 3) тармақшасына сирек (жылына бір реттен артық емес) асқынулармен болатын жұқпалы артропатиялар, қабыну полиартропатиялары және басқа қабыну спондилопатиялары жатады.
Осы тармақша бойынша буындардың экссудативті-пролиферативті өзгерістері, үдеріс белсенділігінің зертханалық белгілері сақталған және емдеудің табыссыз болуы кезінде жіті артриттердің (артропатиялардың) созылмалы (үш ай және артық) ағымымен мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілері куәландырылады.
Жұқпалы артропатияларда, қабыну полиартропатияларда және басқа спондилопатиялар кезінде әскери қызметке жарамдылық санаты басқа да мүшелер мен жүйелердің зақымдануына; буындар функциясының жай-күйіне, асқынулар жиілігіне байланысты осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшалары бойынша айқындалады.
Буындардағы қозғалыс (градустарда) ауқымын бағалау кестесі бағандар бойынша талаптардың 5-қосымшасына сәйкес мазмұндалған.
5 жылдан астам науқастанудың асқынуы және буындар функциясының бұзылуы болмаған кезде жұқпалы артропатиялар осы тармақты қолдануға негіздеме болып табылмайды, әскери қызмет өткеруге, ӘОО-ларға түсуге кедергі келтірмейді.
Буындардың жіті қабыну науқастануларына шалдыққаннан кейін медициналық куәландыру талаптарының 86-тармағы бойынша жүргізіледі.
65-тармақ. Бұл тармаққа артроздар (полиартроз, коксартроз, гонартроз және басқалар) және ірі буынның басқа зақымданулары (тізе тобығының, тізенің ішкі буындарының зақымданулары, буындардың айрықша зақымданулары және басқалар), бұлшықеттің, синовиальды қабықшалар мен сіңірлердің аурулары мен зақымданулары, сүйектердің қаттылығы мен құралымының бұзылуы, остеопатиялар (остеомиелит, остеонекроз және басқалар), хондропатиялар жатады.
Көрсетілген науқастанулар кезінде әскери қызметке жарамдылық санаты туралы қорытынды стационарлық тексерілуден және емделуден кейін шығарылады. Бұл ретте науқастанудың қайталануға немесе үдеуге бейімділігі және әскери қызметтің ерекшеліктері ескеріледі.
Қанағаттанарлықсыз емдеу нәтижелері немесе одан бас тартқан кезде қорытынды аяқ-қолдың немесе буынның функциясына байланысты шығарылады.
65-тармақтың 1) тармақшасына:
ірі буын анкилозы, фиброзды анкилоз;
тоталдық тұрақсыздық, қозғалысты елеулі шектейтін немесе ірі буынның тұрақты контрактурасы;
буын шеміршектерінің бұзылуымен (KeIIegren J.H. және Lawrence бойынша ІV рентгенограммалық сатыдағы) және (немесе) 5 градустан аса аяқ-қол осьтарының ауытқуымен ірі буындардың айқын көрінген артрозы;
жасанды буын;
төменгі аяқ-қол сүйектері буындары соңының асептикалық некрозы (ортан жілікбасының, жамбас немесе үлкен жіліншікасық, қайық тәрізді сүйектердің бұлшықеттері);
секвестрлі қуыстардың, секвестрлердің, ұзақ жазылмайтын немесе жиі (жылына екі рет және одан астам) ашылатын жыланкөздердің болуымен остеомиелит жатады.
Функционалдық тұрғыдан ыңғайлы орналасқан ірі буындардың анкилозы кезінде жасанды буынның жақсы функционалды қалпына келуі және әскери қызмет міндеттерін орындаудың сақтаулы қабілеттері кезінде әскери қызметте болудың шекті жасына жетпеген офицерлердің әскери қызметке жарамдылық санаты функциялардың бұзылуына қарай осы тармақтың 2), 3) тармақшалары бойынша айқындалады.
65-тармақтың 2) тармақшасына:
шамалы дене жүктемелері салдарынан пайда болатын ірі буындардың жиі (жылына үш рет және одан) шығулары;
ірі буындардың біреуіндегі артроз (ІІІ рентгенологиялық сатыдағы);
қозғалыс көлемін шамалы шектеумен ірі буын сүйектерінің жарақаттан кейін өзгеруі;
жыл сайын асқынулармен остеомиелит (соның ішінде бірінші созылмалы);
қозғалыс көлемін орташа шектейтін ірі буындардың біреуінің тұрақты контрактуралары;
аяқ-қолдың қозғалысына немесе әскери киім нысанын, аяқ киімді немесе киім-кешектерді киюге кедергі келтіретін гиперостоздар жатады.
Осы тармақша бойынша ірі буындарға операция жасаудың қанағаттанарлықсыз нәтижесі кезінде операциядан соң ең кемі алты ай өткен соң куәландырылады.
65-тармақтың 3) тармақшасына:
иық буынының сирек (жылына кемінде үш рет) шығулары, қалыпты дене жүктемесі немесе қайталанған жарақат салдарынан буындардың тұрақсыздығы мен синовиті;
ірі буындардың біреуіндегі артроз (0 - ІІ рентгенологиялық сатыдағы);
секвестрлі қуыстар және секвестрлер болмаған кезде сирек асқынулармен (2 - 3 жылда бір рет) остеомелит;
қозғалыс көлемін шамалы шектейтін ірі буындардың біреуінің тұрақты контрактуралары;
ұзақ және (немесе) бірнеше мәрте (үш айдан кем емес) емдеу жағдайларында жүктемелі периоститтері, төменгі аяқ-қолдардың түтікше сүйектерінің остеодистрофиялары жатады.
65-тармақтың 4) тармақшасына буын функциялары бұзылуынсыз сүйектің қаттылығы мен құралымдарының бұзылуы, синовиальды қабықшалар мен сіңірлер, бұлшықеттің аурулары мен зақымданулары, аурулардың бастапқы көріністері, хондропатия (Осгуд-Шлаттер және басқалар) жатады.
Аяқталмаған үдерісті хондропатиялар кезінде азаматтар әскерге шақыру учаскелеріне тіркелген, мерзімді әскери қызметке шақырылған, келісімшарт бойынша әскери қызметке кірген кезде талаптардың 86-тармағы бойынша әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылады, кейіннен аяқталмаған үдеріс кезінде әскери қызметке жарамдылық санаты туралы қорытынды емдеу нәтижелеріне байланысты осы тармақтың 3) немесе 4) тармақшалары бойынша шығарылады.
Үш және көп жылдар бойы асқынулар, секвестрлі қуыстар және секвестрлер болмаған кезде остеомиелиттік үдеріс аяқталған деп саналады.
Ірі буынның қайта шығуы медициналық құжаттармен және шығуға дейінгі және одан кейінгі буындарды орнықтыру рентгенограммаларымен расталады. Буын сіңірінің және қаптамасының зақымдануы салдарынан болған тұрақсыздық клиникалық және рентгенологиялық расталады.
Буындардың тұрақсыздығы себебінен куәландырылатындарға хирургиялық емделу ұсынылады. Сәтті емделгеннен кейін азаматтар мерзімді әскери қызметке шақырылған және келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін кезде талаптардың 86-тармағы бойынша алты айға әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылады.
Сәтті хирургиялық емдеуден кейін әскери қызметшілерге қатысты кейіннен саптық, дене дайындығынан және көлік құралдарының барлық түрлерін басқарудан 6 айға босатумен науқастануы бойынша демалыс беру қажеттілігі туралы қорытынды, сіңірлер мен қаптаманың зақымдануымен шарттасқан тізе буынының тұрақсыздығын емдегеннен кейін - 12 айға шығарылады.
Сүйектердің кистозды өзгеруімен, ірі буынның кесілген остеохондрозымен, фрагментация сатысында үлкен жіліншіктің дөңес асептикалық шіруімен (Осгуд-Шлаттер ауруы) адамдарға операциялық емдеу ұсынылады, аяқ-қол және буындар функцияларының бұзылуы болмаған кезде - куәландыру осы тармақтың 4) тармақшасы бойынша жүргізіледі.
Операциялық емдеуден бас тартқан немесе оның қанағаттанғысыз нәтижесі кезінде әскери қызметке жарамдылық санаты туралы қорытынды аяқ-қол немесе буын функциясының бұзылу дәрежесіне байланысты шығарылады.
Буындардағы қозғалыс көлемін бағалау кезінде бағандар бойынша талаптардың 5-қосымшасы басшылыққа алынады.
66-тармақ. Тармаққа пішіні өзгерген дорсопатиялар (кифоздар, лорзоздар, сколиоздар, омыртқаның остеохондроздары, басқа да деформацияланған дорсопатиялар), спондилопатиялар (басқа қабыну спондилопатиялары, спондилез, басқа спондилопатиялар), басқа дорсопатиялар (мойын бөлігінің омыртқа аралық дискілерінің зақымданулары, омыртқа аралық дискілердің басқа бөліктерінің зақымданулары, басқа дорсопатиялар, дорсалгиялар) жатады.
66-тармақтың 1) тармақшасына:
жиі (жылына 3 рет және одан астам) асқынулармен инфекциялы спондилит;
ІV, V дәрежелі спондилолистез;
омыртқа денелерінің рентгенологиялық сына тәрізді деформацияларымен расталған, олардың омыртқаның аса иілген жерлеріне орын ауыстыруымен (кифоздар, ІV дәрежелі сколиоздар) және көкірек торшасының (қабырға бүкірлігі) жүре пайда болған бекітілген омыртқа қисаюлары;
өрескел өткізгіштік немесе түбіршектік бұзылу қоса болатын жүре пайда болған арқа-ми арнасының қатты тарылуы (мойын бөлігі кемінде 13 мм, кеуде бөлігі кемінде 13 мм, бел бөлігі кемінде 16 мм);
бекітілетін лигаментоз (Форестье ауруы);
жарақатты спондилопатия (Кюммель ауруы);
тұрақсыздық болуы кезінде омыртқаның мойын бөлігінің остеохондрозы, омыртқаның кеуде және бел бөлігінің остеохондрозы, сфинктерлер функциясының бұзылуымен, бүйір амиотрофиялық склероз синдромымен, сондай-ақ тұрақты клиникалық тиімділіксіз ұзақ (жылына 3 реттен кем емес) емдеуден кейін полиомиелитикалық, каудальды, қантамырлы, компрессиялы және статодинамикалық бұзылумен терең пара және тетрапарездер қоса болатын деформацияланған спондилезі жатады;
Омыртқа функциясының статикалық және (немесе) қозғалыс бұзылуының маңызды деңгейі үшін:
біраз уақытқа тұл,аның көлденең күйін қолдап тұру мүмкіндігінің жоқтығы, омыртқа бойына арқаның бұлшық еттерінің айқын көрінген ширығулары мен ауырсыну, мойын және омыртқа лордозының кенеттен тіктелуі, ІІ дәрежелі және одан астам дегенеративті сколиоздың болуы, омыртқаның сегментарлы тұрақсыздығы;
омыртқаның мойын және (немесе) кеуде және бел бөліктерінде 50 пайыздан аса амплитуда қозғалысының шектелуі тән.
66-тармақтың 2) тармақшасына:
сирек (жылына кемінде үш рет) асқынулармен инфекциялы спондилит;
жүре пайда болған бекітілген омыртқа қисаюлары (кифоздар, ІІІ дәрежелі сколиоздар);
клиникалық белгілері қоса болатын (ауырсынулар, неврологиялық бұзылу) жұлын-ми арнасының жүре пайда болған қатты тарылуы;
ІІІ дәрежелі спондилолистез;
тұрақты ауыру синдромымен омыртқа аралық мүшелену аясында көптеген көлемді жидек тәріздес ұлғаюымен кең таралған пішіні өзгерген спондилез және омыртқа аралық остеохондроз;
неврологиялық тапшылықтың үдеюімен және (немесе) омыртқа өзегі стенозының дамуымен бір және одан аса деңгейлерде дискэктомияның салдары жатады.
Тыртықты жабыспа эпидуриті кезінде куәландыру осы тармақша бойынша жүргізіледі.
Функциялардың орташа деңгейдегі бұзылуларына:
1 - 2 сағаттан артық дененің көлденең күйін ұстап тұру мүмкіндігінің жоқтығы, арқаның ұзын бұлшық еттерінің орташа локальді ширығуы және ауырсынуы, мойын және бел лордозының майлануы, І - ІІ дәрежедегі дегенеративтік сколиоздың болуы, омыртқаның сегментарлы аса жұмылдырылуы;
омыртқаның мойын және (немесе) кеуде мен бел бөліктерінде 20 - 50 пайызға дейін қозғалыс амплитудасының шектелуі;
аяқ-қол бұлшықеттерінің әлсіздігі, олардың тез шаршауы, бұлшықеттің жекелеген топтарының олардың функцияларының компенсацияларынсыз парездері тән.
66-тармақтың 3) тармақшасына:
ІІ дәрежелі кифоз;
ІІ дәрежелі бекітілген сколиоз;
елеулі дене жүктемесі кезінде ауырсыну синдромымен және пішіні өзгерудің анық анатомиялық белгілерімен шектеулі пішіні өзгерген спондилез (үш омыртқаға дененің зақымдануы) және омыртқа аралық остеохондроз (үш омыртқа аралық дискілерге дейін зақымдану);
функциясының шамалы бұзылуымен көптеген Шморл жарықтары;
омыртқа науқастануының себебі бойынша ота жасалғаннан кейінгі шеттетілмеген металлды конструкциялар, оларды алу мүмкіндігі жоқ болғанда немесе одан бас тартқан кездегі;