неврологиялық тапшылықтың үдеуінсіз болған дискэктомия салдары жатады.
Бір және одан астам деңгейлердегі дискэктомия кезінде куәландыру І, ІІ бағандар бойынша куәландырылушылар емдеу нәтижесіне қарамастан осы тармақтың 2) тармақшасы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылады.
Омыртқа функцияларының шамалы бұзылу деңгейі үшін:
дене көлденең күйде болғанда статикалық бұзылулардың клиникалық көріністері 5 - 6 сағаттан кейін пайда болуы;
омыртқаның мойын, және (немесе) кеуде және бел бөліктеріндегі қозғалыс амплитудасының 20 пайызға дейін шектелуі;
бір невромер аймағында сезімталдықтың толық емес жоғалуымен, сіңірлік рефлекстің жоғалуымен немесе төмендеуімен, аяқ-қолдың кейбір бұлшықеттерінің олардың функцияларының толық компенсациялары кезінде бұлшықеттілік күшінің төмендеуі байқалатын қозғалыстық және сезімталдық бұзушылықтар тән.
66-тармақтың 4) тармақшасына:
омыртқаның жүре пайда болған белгіленген қисаюы (І дәрежелі кифоз, І дәрежелі сколиоз);
І дәрежелі спондилолистез;
неврологиялық тапшылық пен функциялардың бұзылуынсыз бір деңгейдегі дискэктомияның жекелеген салдарлары;
функциялардың бұзылуынсыз пішіні өзгерген спондилез бен омыртқа аралық остеохондроздың оқшауланған құбылыстары жатады.
Реконструктивті операция (транспедикулярлы бекіту, артқы пластиналармен, қапсырмалармен бекіту және т.б. бекіту), сондай-ақ науқастану бойынша спондило және корпородеза қолданумен омыртқасына операция жасатқан куәландырылушылардың әскери қызметке жарамдылық санаты операция нәтижелері мен омыртқа қызметіне байланысты, операциядан кейін кемінде үш айдан соң осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшалары бойынша анықталады.
Омыртқа аралық остеохондроздың симптомысыз ағымы (Шморль жарығы), сондай-ақ ішкі тыныс алу функциясының бұзылуынсыз І дәрежедегі бекітілмеген сколиоз бағандар бойынша талаптардың осы тармағын қолдану үшін негіздеме болып табылмайды, әскери қызмет өткеруге, ӘОО-ларға түсуге кедергі келтірмейді.
Омыртқаның патологиялық өзгерістерінің сипаты көпбілік, жүктемелік және функционалдық рентгенологиялармен, ал көрсеткіштер бойынша және басқа да зерттеулермен (компьютерлік томография, магниттік-резонанстық томография, радиоизотоптық зерттеулер, денситометрия және басқа да зерттеулер) расталуы қажет.
Спондилез омыртқа денесі деформациясымен және тұйықталу пластинкаларының барлық шеңберін қамтитын жидек тәрізді ұлғаюлармен анатомиялық көрінеді.
Рентгенограммалар бойынша пішіні өзгерген спондилез деңгейінің анықталуы:
І деңгей - омыртқа бойының шеттері бойынша деформацияланған өзгерістер (лимбуста);
ІІ деңгей - бітіп кету деңгейіне жетпеген және омыртқадан омыртқаға қарай өсетін жиектік ұлғаюлар;
ІІ деңгей - қапсырма түріндегі екі бір-бірімен байланысқан омыртқалар остеофиттерінің тұтасып кетуі
Остеохондроз шеміршектің бастапқы қабынбайтын дегенеративті зақымдануы оның некрозға дейін кейіннен жиектік остеофиттерінің қалыптасуымен және бір-бірімен байланысқан омыртқалардың (склероз) тұйықтырушы пластинкалары үрдісіне тартумен сипатталады.
Омыртқаның зақымдалған бөлігінің статикалық функцияларының бұзылуы - мойын (бел) лордозын тіктеу немесе кифоздың пайда болуы,тегіс лордоздың орнына локальды лордоз бен кифоздың үйлесуі хондроздың клиникалық көріністерінің белгілері болып табылады.
Омыртқа аралық хондроздың рентгенологиялық симптомдары:
омыртқа формасының бұзылуы (статикалық функциялардың бұзылуы), омыртқа аралық дисклер биіктігінің отыруы;
фиброздық сақина немесе пульпоздық ядроның алдыңғы учаскесінде әк тұздарының жиналуы;
стандартты рентгенография кезінде анықталатын алдыңғы, артқы, бүйірлік омыртқа бойының (спондилолистер) орын өзгертуі;
сегменттегі жылжымалылық патологиясы (динамикалық функцияның бұзылуы);
омыртқа бойының барлық үстіңгі қабатының анық контурларының сақталуы, оларда деструктивтік өзгерістің болмауы.
Омыртқа аралық остеохондроз кезінде тізілген белгілерге диск жазықтығында пайда болатын және омыртқа бойы жалғасушы алаңы, сондай-ақ құралымның анық бейнесімен рентгенограммаларда көрінетін субхондральды остеосклероз және жиектің ұлғаюы қосылады.
Дене жүктемесі кезіндегі ауырсыну синдромы куәландырылатын тұлғаның медициналық құжаттарында жазылған медициналық көмекке бірнеше рет қаралған өтініштермен расталуы қажет.
Тек шектеулі пішінсіздендіруші спондилез бен омыртқа аралық остеохондрозының аталған клиникалық және рентгенологиялық белгілерінің жиынтығы 66-тармақтың 3-тармақшасын қолдануға негіздеме болып табылады.
Омыртқа тұрақсыздығының әртүрлі формалары функционалды рентгенография (алға және артқа қарай еңкею) жүргізген кезде анықталады. Функционалдық рентгенограммаларда гипержұмылдырудың белгілері болып зерттелу сегментінде аралас тұйықталу платинкалары арысындағы бұрыштың едәуір ұлғаюы (жазылу кезінде) немесе кішіреюі (бүгілу кезінде) табылады. Гипержұмылдыру кезінде бейтарап күймен салыстыру бойынша жазылу және бүгілу уақытында бұрыштар мөлшерінің жиынтық айырмашылығы 10 градустан асады.
Зерттелетін омыртқа сегментіндегі тұрақсыздықты бейтарап күйден бір бағыттағы 3 мм және одан аса бір-біріне қатысты аралас омыртқа денелерінің ығысуы болған кезде белгілейді.
Сагитальді жазықтықта омыртқаның қозғалысы өте вариабельді, қалыпта VІІ мойын омыртқаның қылқанды өсінділері арасындағы және желке сүйегінің бұдырының арасындағы арақашықтық басты еңкейткенде 3 - 4 см ұлғаяды, ал шалқайтқанда (иілгенде) 8 - 10 см азаяды.
VІІ мойын және І сегізкөз омыртқасының қылқанды өсінділері арасындағы арақашықтық еңкейгенде әдеттегі келбеті 5 - 7 см ұлғаяды және артқа шалқайғанда 5 - 6 см азаяды. Бел және кеуде бөліктерінде (шалқайғанда) бүйір қозғалысы 25 - 30 градус шегінде болады.
Остеохондроз және спондилез мынадай болуы мүмкін:
оқшауланған - бір омыртқааралық дискі немесе екі аралық омыртқаның зақымдануы;
шектелген - екі дискінің немесе үш омыртқаның зақымдануы;
кең таралған - екі дискіден артық немесе үш омыртқадан артық зақымдануы.
Спондилолиз - бұл омыртқа доғасының буынаралық бөлігіндегі кемістік. Спондилолиз теріс даму нәтижесі болуы мүмкін - механикалық жүктемелер салдарынан дисплазиялар немесе шаршап сыну. Спондилолиз спондилолизтезсіз кездеседі және зақымданған сегменттің айқын көрінген тұрақсыздығы және ауырсыну синдромы қоса болуы мүмкін.
Спондилолистез - жоғары жатқан омыртқаның көлденең жазықтықта төмен жатқанға қатысты жылжуы. Қалыпта дискінің және байламдық аппараттың икемділігі себебінен көлденең жазықтықта омыртқалардың жылжуы 3 мм шегінде барынша бүгу немесе жазу кезінде болуы мүмкін.
Жылжу дәрежесі бүйір кескінде рентгенограмма бойынша айқындалады: төмен жатқан омыртқаның краниальды тұйықтау пластинасы шартты түрде төрт бөлікке бөлінеді, ал үстіңгі омыртқаның артқы-төменгі шетінен төменгінің тұйықталу пластинасына перпендикуляр төмендейді.
Спондилолистер дәрежесі перпендикуляр проекцияланатынаймақпен айқындалады:
І дәреже - 3 мм жоғары 1/4 омыртқа денесіне дейін жылжу;
ІІ дәреже - 1/4 - 1/2 дейін омыртқа денесіне жылжу;
ІІІ дәреже - 1/2 - 3/4 дейін омыртқа денесіне жылжу;
ІV дәреже - омыртқа денесінің еніне дейін жылжу 3/4-тен жоғары;
V дәреже (спондилоптоз) - қосымша каудальды жылжумен жоғарғы омыртқаның алға толық алдыңғы-артқы дене көлемімен байланысты жылжуы.
Сколиоз кезінде омыртқа деформациясы тұрған күйде мықын сүйектерінің қанаттарын ала отырып (І сегізкөз деңгейі), алдыңғы-артқы рентгенограмма бойынша бағаланады.
Сколиоттық доғалардың бұрыштық көлемін айқындау үшін Кобб әдісі пайдаланылады:
доғаның деформациясының краниальды және каудальды омыртқалы сегменттері айқындалады;
краниальды және каудальды омыртқа денелерінің параллель тұйықталу пластиналарына суретте түзу сызықтар жүргізіледі, олардың қиысу бұрышы доға деформациясының көлемі болып табылады. Омыртқа денелерінің мүмкін деформацияларын ескере отырып, сызу үшін аса иілген тұйықталу пластинасы алынады. Деформациялардың айқын көрінуін ескере отырып, таңдалған сызықтардың қиысу бұрышы геометриялық тәсілді пайдалана отырып, қарама-қарсы перпендикулярларды жүргізу жолымен есептеледі.
Егер пациент жатқан немесе тұрған күйде сколиоздың бұрышы өзгермесе, сколиоз бекітілген немесе тұрақты деп саналады. Егер омыртқаны жеңілдеткенде, яғни жатқан күйде ол кішірейсе - сколиоз бекітілмеген (тұрақсыз).
Омыртқаның сколиотикалық деформацияларының ауыр дәрежелері:
І дәреже - деформацияның доғасы 5 - 10 градусқа дейін;
ІІ дәреже - деформацияның доғасы 11 - 25 градусқа дейін;
ІІІ дәреже -деформацияның доғасы 26 - 40 градусқа дейін;
ІV дәреже - деформацияның доғасы 41 градус және одан астам.
Патологиялық көкірек кифозы кезінде омыртқаның деформациясы (ювенильді остеохондроз, Шойерман ауруы) тұрған күйде мықын сүйектерінің қанаттарын ала отырып (І сегізкөз деңгейі), омыртқаның бүйір рентгенограммасы бойынша бағаланады.
Кифоз доғаларының бұрыштық көлемін айқындау үшін Кобб әдісі пайдаланылады:
көкірек кифозының краниальды және каудальды омыртқа сегменттері айқындалады (ІІІ және ХІІ кеуде омыртқалары);
краниальды және каудальды омыртқа денелерінің параллель тұйықталу пластиналарына суретте түзу сызықтар жүргізіледі, олардың қиысу бұрышы доға деформациясының көлемі болып табылады. Омыртқа денелерінің айқын көрінген деформацияларын ескере отырып, сызу үшін аса иілген тұйықталу пластинасы алынады. Деформациялардың айқын көрінуін ескере отырып таңдалған сызықтардың қиысу бұрышы геометриялық тәсілді пайдала отырып, қарама-қарсы перпендикулярларды жүргізу жолымен есептеледі.
Омыртқаның кифоздық деформациясының ауыр дәрежесі:
І дәреже - кифоздың бұрышы 31 - 40 градусқа дейін;
ІІ дәреже - кифоздың бұрышы 41 - 50 градусқа дейін;
ІІІ дәреже - кифоздың бұрышы 51 - 70 градусқа дейін;
ІV дәреже - кифоздың бұрышы 70 градустан астам.
67-тармақ. Қол білезігі мен саусақтарының кемістіктері, пішіндерінің өзгеруі, жоқ болуы.
67-тармақтың 1) тармақшасына:
буындар деңгейінде екі қолдың (қол буындары деп қол мен білекті және кәрі жілік білезігі, білезік, алақан аралық, білезік-алақан және білезік аралық буындарды, сондай-ақ дистальдық кәрі жілік-шынтақ буындарын жалғаушы буындар кешені айтылады);
әр қолда алақан-саусақ буыны деңгейінде үш саусақтан;
әр қолда негізгі фалангтың дистальдық ұштары деңгейінде төрт саусақтан;
екі қолда алақан-саусақ буыны деңгейінде бірінші және екінші саусақтардың болмауы жатады;
67-тармақтың 2) тармақшасына:
білезік буындарының немесе алақан сүйектерінің деңгейінде бір қолдың болмауы;
бір қолда:
алақан-саусақ буыны деңгейінде үш саусақтың;
негізгі фалангтардың дистальдық ұштары деңгейінде төрт саусақтың;
алақан-саусақ буыны деңгейінде бірінші және екінші саусақтың;
фаланг аралық буын деңгейінде бірінші саусақтың және ортаңғы фаланг дистальдық ұштары деңгейінде екінші-бесінші саусақтардың;
екі қолда алақан-саусақ буын деңгейінде бірінші саусақтардың болмауы;
білезік пен саусақтардың қан айналымының күрт бұзылуымен шынтақ және кәрі жілік артериясының зақымдануы салдарынан білезіктің майда бұлшықеттерінің немесе оның әрқайсынының жекелегендегі контрактурасы;
үш және одан астам алақан сүйектерінің ескі шығулары немесе ақаулары;
артро-пластикадан кейін үш және одан артық алақан-саусақ буындарының бұзылуы, ақаулары және жай-күйі;
алақан сүйектерінің проксимальды деңгейіндегі үш немесе одан көп саусақтарының игіш сіңірлерінің бұрынғы зақымдары;
тұрақты контрактураға немесе трофиканың елеулі бұзылуына әкеп соқтыратын үш және одан астам саусақтардың бұрынғы зақымдарының жиынтығы (анестезия, гипостезия және басқа да бұзылу) жатады;
67-тармақтың 3) тармақшасына:
саусақ аралық буын деңгейінде бірінші саусақтың және негізгі фаланг деңгейінде екінші саусақтың немесе бір қолдағы ортаңғы саусақтың дистальдық ұштарының деңгейінде үшінші-бесінші саусақтардың;
бір қолда ортаңғы саусақтың дистальды ұштарының деңгейінде екінші-төртінші саусақтардың;
әр қолда ортаңғы саусақтың проксимальды ұштары деңгейінде үш саусақтан;
әр қолда алақан-саусақ буынының деңгейіндегі бірінші немесе екінші саусақтың,
оң қолда (солақайлар үшін - сол) немесе екі қолда саусақ аралық буын деңгейіндегі бірінші саусақтың;
бір қолда негізгі саусақтың проксимальды ұштарының деңгейіндегі екі саусақтың;
екі білезіктегі екінші-төртінші саусақтың дистальды фалангтарының болмауы;
оперативті емдеуден бас тартқан немесе оның қанағаттанарлықсыз нәтижесі кезіндегі бұрынғы шығулар, остеохондропатиялар және қол буыны сүйектерінің остеомиелиті;
екі алақан сүйектерінің кемістіктері;
оперативті емдеуден бас тартқан немесе оның қанағаттанарлықсыз нәтижесі кезіндегі алақан сүйегінің жалған буындары;
екі алақан-саусақ буындарының бұзылуы, кемістіктері және артропластикадан кейінгі жай-күй;
алақан сүйектерінің деңгейіндегі екі саусақтың иілдіргіш сіңірлерінің және бірінші саусақтың ұзын иілдіргішінің ескірген зақымдары;
кемінде екі саусақтың, қол функциясының орташа бұзылуы және трофикалық бұзылуы (анестезия, гипостезия және басқа да бұзылу) қоса болатын қол, қол буынының және саусақтар зақымдануларының жиынтығы жатады;
67-тармақтың 4) тармақшасына алдыңғы тармақшаларда көрсетілмеген қол мен саусақтар құрылымдарының зақымданулары жатады.
Кемістік жағдайында тұрақты контрактуралардың дамуына әкеп соқтыратын сүйектердің, сіңірлердің, қан тамырлардың немесе саусақ нервтерінің зақымданулары немесе науқастанулары саусақтың жоқтығы болып саналады.
Қолда саусақтың болмауы деп: бірінші саусақ үшін - тырнақ фалангысының болмауы, басқа саусақтар үшін - екі фалангтың болмауы саналады. Оның проксималды ұшы деңгейінде фалангтың болмауы фалангтың болмауы деп саналады.
68-тармақ. Табанның бекітілген, соның ішінде туа біткен өзгеруін көздейді. Тіреу жүктемесі кезінде оны жазықтыққа дұрыс қойған кезде артылған ұзына бойы күмбезімен табан норма болып табылады. Патологиялық майтабан деп биік ішкі және сыртқы күмбездер (кенеттен бұратылған табан) болған кезде бөліктің артқы супинациясының және алдыңғы пронациясының өзгерісі, табанның алдыңғы бөлігі жалпақ, біршама ішке бұрылған, орта бақайлар сүйектері басының мүйізгектері және саусақтардың тырнақты немесе балға тәрізді деформациялары саналады. Аса үлкен функционалдық бұзылу барлық табанның немесе оның бөлшектерінің сыртқа немесе ішке ауысуы түріндегі эверсионды-инверсионды компоненттердің деформациялары қоса болған кезде туындайды.
68-тармақтың 1) тармақшасына белгіленген әскери үлгідегі аяқ киімді киюге кедергі келтіретін табан, өкшелеп басатын, варусты, жалпақ, жалпақ-вальгусты, эквиндық-варусты табандар және басқа да жарақаттану немесе науқастану нәтижесінде орнына келмейтін кенеттен айқын көрінген табандардың қисаюы жатады;
68-тармақтың 2) тармақшасына:
айқын көрінген ауырсыну синдромымен, экзостоздармен, саусақтардың контрактурасымен және табанның ортаңғы бөлігіндегі буындарда артроздың болуымен ұзына ІІІ дәрежелі немесе көлденең ІІІ - ІV дәрежелі майтабан;
оның кез келген деңгейінде барлық саусақтардың немесе табан бөлігінің болмауы;
олардың тырнақты немесе балға тәрізді деформациясы кезінде екі табандағы барлық саусақтардың тұрақты аралас контрактурасы;
Белер бұрышының минус 10 градустан жоғары азаюымен, ауырсыну синдромымен және ІІ дәрежелі жіліншік-табан буыны артрозымен өкше сүйегінің жарақаттанудан кейінгі деформациясы жатады.
Табанда саусақтың болмауы буынның табандық фаланга деңгейінде оның болмауы, сондай-ақ саусақтың толық үйіп қалуы және қозғалмауы саналады.
68-тармақтың 3) тармақшасына:
шамалы ауырсыну синдромымен және статиканың бұзылуымен орташа айқын көрінген бұзылу кезінде белгіленген әскери үлгідегі аяқ киімді кию үшін икемдеуге болады;
өкше сүйегінің вальгусты қондырғысынсыз және жіліншік- табан жігінде және табанның ортаңғы бөлігінің буындарында деформацияланған артроз құбылыстарынсыз ІІІ дәрежелі ұзына майтабан;
жіліншік-табан жігінде және табанның ортаңғы бөлігінің буындарында деформацияланған ІІ сатылы артрозбен ІІ дәрежелі ұзын немесе көлденең майтабан;
табанды бүгу кемінде 10 градус және сыртқа бүгу кемінде 20 градус шегінде қозғалыстарды шектеумен бірінші табан буынының ІІІ сатылы деформацияланған артрозы;
бір табанда бірінші немесе екі саусақтың; екі табанда ортаңғы фаланг деңгейінде екінші-бесінші саусақтардың болмауы;
Белер бұрышын минус 0 - 10 градусқа дейін азайтумен және табан буынында артроздың болуымен өкше сүйегінің жарақаттанудан кейінгі деформациялары жатады.
68-тармақтың 4) тармақшасына табан бармақтары контрактуралары және экзостоздар болмаған кезде ауырсыну синдромынсыз жіліншік-табан буындарының және табанның ортаңғы бөлігінің І сатылы артрозымен ұзына бойымен немесе көлденең І немесе ІІ дәрежелі майтабан жатады.
Ұзына бойы майтабан және өкше сүйегінің балға тәрізді деформациясы жүктемемен тұрған күйінде кескінді рентгенограммалар бойынша бағаланады. Рентгенограммаларда үшбұрышты құру жолымен ұзын күмбездің және күмбез биіктігінің бұрышы айқындалады. Қалыпта күмбез бұрышы 125 - 130 градусқа тең, күмбездің биіктігі - 35 мм артық.
Бойлық майтабан деңгейлері:
І дәреже: ұзына бойы ішкі табан күмбезінің бұрышы 131 - 140 градус, күмбездің биіктігі 35 - 25 мм;
ІІ дәреже: ұзына бойы ішкі күмбезінің бұрышы 141 - 155 градус, күмбездің биіктігі 24 - 17 мм;
ІІІ дәреже: ұзына бойы ішкі күмбезінің бұрышы 155 градустан жоғары, күмбездің биіктігі 17 мм кем.
Майтабан дәрежесін бағалау кезінде жетекші мәнге күмбез биіктігі ие.
Өкше сүйегінің жарақаттанудан кейінгі деформацияларын айқындау үшін екі сызықтың қиылысуынан түзілген, олардың біреуі табан буыны алдыңғы бұрышының аса жоғары нүктесін артқы буын фасеткасының төбесін жалғайтын, екіншісі өкше сүйегі бұдырының көлденең жоғары бетінен өтетін Белер бұрышын есептейді (өкше сүйегі бұдырының буынды бөлігінің бұрышы). Қалыпта бұл бұрыш 20 - 40 градусты құрайды, оның азаюы әдетте жарақаттанудан кейінгі майтабанды көрсетеді. Табан буыны жай-күйін бағалау үшін аса ақпаратты болып коронарлы жазықтықта, өкше сүйегі артқы буынды фасеткасына перпендикуляр орындалған компьютерлік томография табылады.
Көлденең майтабан тура кескінде жүктемемен табанның алдыңғы және ортаңғы бөліктері рентгенограммалары бойынша бағаланады.
Рентгенограммаларда І - ІІ табан сүйектерінің көлденең осьтеріне және бірінші бақайдың негізгі фалангысына сәйкес келетін үш түзу сызықтар жүргізіледі. І және ІІ табан сүйектері диафездерінің білік олдарымен пайда болған І табан сүйектері ауытқулары бұрышының нормасы 9 градустан аспайды, ал І табан сүйектері диафиздарының білік жолдарымен пайда болған
І бармақтың ауытқу бұрышы және І бармақтың негізгі фалангтарының ауытқу бұрышы 14 градустан аспайды.
Көлденең ұзына майтабан деңгейлері:
І деңгей - І табан сүйегі ауытқуының бұрышы 10 - 12 градус, ал бірінші бақайдың ауытқу бұрышы 15 - 20 градус;
ІІ деңгей - І табан сүйегі ауытқуының бұрышы 13 - 15 градус, ал бірінші бақайдың ауытқу бұрышы 21 - 30 градус;
ІІІ - деңгей - І табан сүйегі ауытқу бұрышы 16 - 20 градус, ал бірінші бақайдың ауытқу бұрышы - 31 - 40 градус;
ІV деңгей - І табан сүйегінің ауытқу бұрышы 20 градустан артық, ал бірінші табан бақайдың ауытқу сүйегі 40 градустан артық.
Табан буындарының І сатылы артрозы рентгенологиялық буын саңылауының кемінде 50 пайызға тарылуымен және буын саңылауы шетінен 1 мм аспайтын жиекті сүйек өсінділерімен сипатталады. ІІ сатылы артроз буын саңылауының 50 пайыздан астам тарылуымен, буын саңылауы шетінен 1 мм асатын жиекті сүйек өсінділерімен, жалғамалы сүйектердің деформациясымен және буын ұштарының субхондральды остеосклерозымен сипатталады. ІІІ дәрежелі артроз кезінде буынды саңылау рентгенологиялық айқындалмайды, айқын көрінген жиекті сүйек өсінділері, жалғайтын сүйектердің буынды ұштарының өрескел деформациясы және субхондральды остеосклерозы болады.
І немесе ІІ дәрежелі ұзынына майтабан, сондай-ақ жіліншік-табан жігінде және табанның ортаңғы бөлігінің буындарында артрозсыз І дәрежелі көлденең майтабан, бақайлардың контрактуралары және экзостоздар осы тармақты қолдану үшін негіздеме болып табылмайды, әскери қызмет өткеруге, ӘОО-ларға түсуге кедергі келтірмейді.
Куәландырылатын тұлғаның бір аяғында ІІ деңгейдегі майтабан және басқа аяғында І деңгейдегі майтабан бар болғанда қорытында ІІ деңгейлі майтабан бойынша шығарылады.
69-тармақ. Тармақ жүре пайда болған аяқ-қолдың қысқаруын және пішіні өзгеруін, оның ішінде сынулардан кейінгі сүйектердің бұрыштық өзгеруінің салдарын көздейді.
69-тармақтың 1) тармақшасына қол немесе аяқтың 8 см астам қысқаруы жатады;
аяқ пен қолдың 30 градустан астам ротацияланған деформациясы;
69-тармақтың 2) тармақшасына қолдың немесе аяқтың 5 - 8 см қоса алғандағы қысқалығы жатады;
аяқ пен қолдың 15 - 30 градусқа дейінгі ротацияланған деформациясы;
69-тармақтың 3) тармақшасына аяқтың 2 - 5 см қоса алғандағы қысқалығы;
аяқтың (сирақтың, өкшенің) перифериленген сегментінің 5 - 15 градусқа дейінгі ротацияланған деформациясы жатады;
69-тармақтың 4) тармақшасына қолдың 5 см дейін немесе аяқтың 2 см дейін қысқалығы;
аяқтың (сирақтың, өкшенің) перифериленген сегментінің 5 градустан кем ротацияланған деформациясы жатады.
Аяқтың қысқалығы және пішінінің өзгеруі болған кезде куәландырылушыларға остеосинтезді қолдана отырып емделу ұсынылады. Емдеуден бас тартқан немесе оның қанағаттанғысыз нәтижесі кезінде әскери қызметке жарамдылық санаты туралы қорытынды осы тармақтың тармақшалары бойынша шығарылады.
70-тармақ. Аяқ-қолдың болмауы.
Қатерлі ісіктер немесе қан тамыры аурулары (эндартериит, атеросклероз) себебінен кез келген деңгейдегі аяқ-қолдың кесілген басы болған кезде қорытынды негізгі науқастануды көздейтін бағандар бойынша талаптардың тармақтары бойынша шығарылады.
Протездеуге кедергі келтіретін теріс сынық ұшын емдеудің қанағаттанғысыз нәтижесі кезінде куәландыру осы тармақтың 1) тармақшасы бойынша жүргізіледі.
14-тарау. Несеп-жыныс жүйесінің аурулары
71-тармақ. Тармақ бүйректің гломерулярлы (тез үдемелі гломерулонефрит, созылмалы нефритті синдром, нефротикалық синдром, тұқымқуалаушылық нефропатия және өзге де гломерулярлы зақымданулар), бүйректің тубулоинтерстициалды науқастануларын (созылмалы тубулоинтерстициалды нефрит, басқа да интерстициалды аурулар), бүріскен бүйректі, бүйрек амилоидозын, сондай-ақ белгісіз генезді созылмалы бүйрек жеткіліксіздігін көздейді.
Әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу және мерзімді әскери қызметке шақыру, келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру кезінде бүйректің науқастануы себебінен әскери қызметшілерді куәландыру стационарлық тексеруден және емдеуден кейін жүргізіледі.
Бүйрек функцияларының жай-күйін анықтау екі көрсеткіштерге негізделген - шумақша фильтрациясының жылдамдыңына және бүйректік зақымдану белгілеріне. Қан, несеп талдауларында (альбуминурия, протеинурия немесе гематурия) анықталған бүйректің құралымдық және функционалдық өзгеруі «бүйректің зақымдануы» деген ұғымды білдіреді. Бүйректің созылмалы ауруы бүйректің зақымдануы болуы және (немесе) ШФЖ 3 ай және одан астам ішінде ең кемі минутына 60 мл/1,73м төмендеу кезінде қойылады.
Олардың үйлесуіне қарай БСА бес деңгейі бөлінеді:
1-деңгей - ШФЖ қалыпты немесе артық (90 және одан астам) бүйректің зақымдануы;
2-деңгей - ШФЖ жеңіл төмендеуі (60 - 89);
3-деңгей - ШФЖ орташа төмендеуі (30 - 59)
4-деңгей - ауыр төмендеуі (15 - 29);
5-деңгей - бүйректік жеткіліксіздік (14 және одан кем);
ШФЖ 3 - 5 деңгейлері созылмалы бүйректік жеткіліксіздік анықтамасына сәйкес келеді.
1 - 5 деңгейдің БСА-мен куәландырылатын ШФЖ есептобы СКD-EPI формуласы бойынша есептоп әдісімен немесе эндогендік креатининнің тәуліктік клиренсі (Реберг - Тареев сынамасы) бойынша анықталады.
Созылмалы пиелонефрит диагнозы дерматовенерологтың, урологтың (әйелдер үшін одан басқа гинекологтың) қатысуымен тексеруден және міндетті рентгенурологиялық зерттеуден кейін зәр шығару жолдарының және жыныс мүшелерінің қабыну науқастануларын жоққа шығару жағдайлары кезінде лейкоцитурия және бактериурия болған кезде белгіленеді.
71-тармақ 1) тармақшасына (БСА 4 - 5 деңгейлері) созылмалы бүйрек жеткіліксіздігімен асқынған бүйректердің созылмалы науқастанулары жатады;
71-тармақтың 2) тармақшасына созылмалы бүйрек жеткіліксіздігімен асқынған (БСА 3 деңгейі) немесе бүйрек функциясының бұзылуы болуына қарамастан үздіксіз қайталанатын ағыммен бүйрек функциясының орташа бұзылуымен (12 айдан астам сақталатын тұрақты несеп синдромы немесе зәрдің салыстырмалы тығыздығы тербелісі амплитудасының тұрақты төмендеуі немесе радийизотопты ренография деректері бойынша секреция-экскреторлық функциясының орташа бұзылуы немесе аурудың (жылына екі реттен астам) жиі қайталануы) бүйректердің созылмалы аурулары жатады.