операциялық емделудің қанағаттанғысыз нәтижелері жатады.
Мұрын маңындағы созылмалы іріңді науқастану диагнозы екі проекцияда қарама-қарсылықпен мұрын маңындағы қуыстардың рентгенотомографиялық және (немесе) рентгенографиялық риноскоптикалық мәліметтермен (іріңді бөлу) расталады, ал жоғарғыжақ сүйектік синуситте - емдеу-диагностикалық пункциямен расталады. Медициналық көрсеткіштер бар болған кезде КТ немесе МРТ немесе бейнескопикалық зерттеулер жүргізіледі. Жылына үш мәрте және одан астам болатын асқынуларды жиі асқынулар деп ұғыну қажет.
Созылмалы қалпына келмейтін тонзиллит деп жиі асқынулармен (кемінде жылына екі рет), тонзиллогенді интоксикацияның болуымен (субфебрилитет, тез шаршау, әлсіздік, делсалдылық), бадамша безі тінінің, аймақтық лимфатүйіншіктерінің (паратонзиллярлы абсцесс, аймақтық лимфоденит) және метатонзиллярлы асқынуларының қабыну үдерісіне қатысуымен сипатталатын созылмалы тонзиллиттің түрін түсіну керек. Объективті белгілеріне шпательмен басқан немесе зонд салған кезде іріңнің қуыстан бөлінуі, таңдай бадамша бездерінде өрескел тыртықтардың болуы, таңдай доғаларының гиперемиясы мен ісінуі және олардың бадамша безімен тұтасуы, іріңді фолликулдардың эпителий астындағы қатпарларда болуы, лимфа түйіншектерінің ұлғаюы жатады. Созылмалы тонзиллиттің тек осы түрі ӘОО-ларға түсуге қарсы көрсеткіш болып табылады. Басқа түрлері болған кезде кандидаттар ӘОО-ларға түсуге жарамды деп танылады.
49-тармақтың 3) тармақшасына үстіңгі тыныс алу жолдары тіндерінің дистрофиясы белгілерінсіз, жиі асқынуларсыз мұрын маңы қуыстарының созылмалы іріңсіз науқастанулары (катаралды, серозды, вазомоторлы және синуситтердің басқа да іріңсіз түрлері), сондай-ақ жоғарғы жақ қуыстарының 1/3 көлемінен астамын алып жатқан жоғарғы жақ қуыстарының гиперпластикалық синуситтері мен кисталары жатады.
Осы тармақшада көрсетілген мұрын маңы қуыстарының созылмалы іріңсіз науқастанулары бар азаматтар әскерге шақыру учаскелеріне тіркелген кезде емделуге жіберіледі.
Созылмалы синуситтер операциялық (радикалды немесе эндоскопиялық гайморотомия) емдеуге жатады.
Сәтті операциялық емдеу кезінде І-ІІ бағандар бойынша куәландырылатындар әскери қызметке жарамды деп танылады.
Мұрын маңы қуыстары барофункциясының бұзылуы куәландырылатынның шағымдары, мұрын қуысының, дабыл жарғағының жай-күйі, сынауға дейін және одан кейін мұрын маңы қуыстарын рентгенологиялық зерттеулермен барокамерада қысымның күрт өзгерістеріне төзімдігіне сынаулар, әскери қызметшінің денсаулығының жай-күйі мен қызметтік әрекеті туралы мағлұматтар негізінде белгіленеді.
Поллинозы және аллергиялық риниттері бар әскерге шақырылушыларды тексеру дәрігер-аллергологты міндетті тартумен жүргізілуі тиіс.
Мұрынмен еркін тыныс алған кезде мұрын кеңсірігінің қисаюы, үстіңгі тыныс алу жолдары шырышының тұрақсыз субатрофиялық құбылыстары, егер диагностикалық пункция кезінде ірің немесе транссудат алынбаса және үстіңгі жақ қуысы сағасының өткізгіштігі сақталса үстіңгі жақ қуыстары шырышының қабырғаға қарай жуандауы, сондай-ақ үстіңгі жақ қуыстарына операциядан кейін қалдықты құбылыстары (ауыз алдындағы өтпелі қатпардың сызықты тыртығы, мұрын қуысымен операция жасалған сағасы (екі және одан астам айлар өткен соң) немесе рентгенограммада перде), сондай-ақ жоғарғы жақсүйек қуысында, оның барофункциясының бұзылуынсы, ең кемі 1/3 көлемді алатын жоғарғы жақсүйек қуысы жылауығының болуы осы тармақты қолдануға негіздеме болып табылмайды, әскери қызмет өткеруге, ӘОО-на түсуге кедергі келтірмейді.
50-тармақ. Тармақта туа біткен және жүре пайда болған аурулар, емдеудің қанағаттанғысыз нәтижелері немесе одан бас тартқан кездегі көмейдің немесе кеңірдектің мойын бөлігінің зақымдану салдарлары көзделеді.
50-тармақтың 1) тармақшасына дауыс шығудың, табиғи тыныс алу жолдары арқылы тыныс алудың, көмей-жұтқыншақ бөлу функциясының тұрақты болмауы, көмей ортасының тарылуы жатады;
50-тармақтың 2) тармақшасына обструктивті тип бойынша ІІ дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігімен тұрақты тыныс алудың қиындауы және (немесе) жүргізілген емдеуден кейін үш және одан көп ай бойы сақталатын дауыс дыбысын бірнеше рет (тексеру кезеңінде кемінде үш рет) тексерумен расталған дауыс шығаруының тұрақты қиындауы (функционалды афония, қарлығу, дауыс дыбысының төмендеуі) жатады;
50-тармақтың 3) тармақшасына обструктивті тип бойынша І дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігімен тыныс алудың тұрақты бұзылуы жатады.
51-тармақ. Өкпе мен плевраның созылмалы тән емес науқастанулары, өкпенің туберкулездік емес этиологиясының диссеминирленген аурулары.
51-тармақтың 1) тармақшасына:
бронх-өкпе аппаратының және плевраның созылмалы науқастанулары, соның ішінде созылмалы бронхит, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, өкпенің панацинарлы (буллездық) эмфиземасы, бронхоэктитикалық ауруы, ІІІ дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігімен (өкпе) өкпенің іріңді науқастанулары;
өкпеде айқын көрінген фиброзды өзгерістермен саркоидоз, сондай-ақ саркоидоздың генерализденген түрі;
альвеолярлы протеиноз, өкпедегі альвеолярлы микролитиаз, гистологиялық зерттеу нәтижелерімен расталған тыныс алу жеткіліксіздігінің дәрежесіне қарамастан идиопатиялық өкпе фиброзы жатады;
51-тармақтың 2) тармақшасына:
ІІ дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігімен (өкпе) бронх-өкпе аппаратының және плевраның созылмалы науқастанулары, өкпенің іріңді науқастанулары;
І және ІІ бағандар бойынша куәландырылатын азаматтарда бронх-эктазды ауру және қайталанған бронх-эктазбен асқынған (тыныс алу жеткіліксіздігінің деңгейіне қарамастан) өкпе науқастанулары, гистологиялық зерттеу нәтижелерімен расталған кеуде қуысы лимфа түйіндерін және (немесе) өкепені оқшаулап зақымдаумен саркоидоз, өкпенің басқа диссеминирленген науқастанулары жатады.
ІІІ баған бойынша куәландырылатын азаматтардың әскери қызметке жарамдылық санаты тыныс алу (өкпе) жеткіліксіздігінің дәрежесіне байланысты айқындалады.
51-тармақтың 3) тармақшасына:
І дәрежелі тыныс алу (өкпе) жеткіліксіздігімен бронх-өкпе аппаратының және плевраның созылмалы науқастанулары, өкпенің іріңді науқастанулары, жатады.
Шектеулі пневмофиброз, плевральді қабысу түріндегі спонтанды пневмотораксқа шалдыққан тұлғалар ТӘ (өкпелік) дәрежесіне байланысты куәландырылады.
Куәландырылатын морфологиялық верификациядан бас тарқан кезде диагноз клиникалық, аспаптық және зертханалық деректердің жиынтығы бойынша белгіленеді.
ТӘ (өкпелік) дәрежелерінің көрсеткіштері бағандар бойынша талаптардың 4 қосымшасында келтірілген:
52-тармақ. Бронх демікпесінің алғаш айқын көрінген белгілері кезінде куәландыру тек стационарлық тексерілуден кейін жүргізіледі.
Стационарлық емделу және медициналық көмекке жүгінулері туралы медициналық құжаттармен расталған бронх демікпесі болған кезде І және ІІ бағаны бойынша куәландырылатын азаматтардың (мерзімді қызметтің әскери қызметшілерінен басқалары) әскери қызметке жарамдылық санаттары туралы қорытынды стационарлық тексерусіз шығарылады.
Науқастану анамнезін құжаттамалай растау жоқ болған кезде тұрақты ремиссия кезіндегі бронхтық демікпе диагнозының верифицирленген тесті болып фармакологиялық және (немесе) физикалық бронхты арандату тестілеуі табылады. Қандағы жалпы және (немесе) ерекше Е иммуноглобулинін зерттеу қосымша критерий бола алады.
Бронхоспастикалық синдромдар (обтурациялық, эндокринді-гуморальды, неврогенді, уытты) басқа науқастанулардың белгілері немесе асқынуы болып табылатын жағдайда әскери қызметке жарамдылық санаты негізгі науқастану ағымына байланысты бағандар бойынша талаптардың тиісті тармақтары бойынша айқындалады.
Бронх демікпесінің ауыр дәрежесін айқындаған кезде қабынуға қарсы дәрілік заттармен негізгі емдеу алатын адамдарда жүргізілетін терапияның көлемі және жүргізілетін емдеуге жауабы міндетті түрде ескеріледі.
52-тармақтың 1) тармақшасына жүргізілген терапияның үлкен көлеміне қарамастан соңғы жыл ішінде жиі асқынулармен немесе демікпелік жай-күймен болатын бақылауға келмейтін ауыр бронх демікпесі және ауыр ұзақ сақталушы бронх демікпесі: симптомдары тұрақты, дене белсенділігі шектеулі: түнгі симптомдары жиі; ұстама аралық кезеңде 1ЖТА немесе ТҮЖ<60% нормасында, ТҮЖ тәуліктік вариативтілігі > 30% жатады.
Емделуде әрекеті ұзартылған әрекетті бронхолитикалық дәрмектер мен ингаляциялық кортикостероидтерді жоғары дозада үнемі үйлестіре қабылдау немесе жүйелі кортикостероидтерді қолдану немесе үшінші дәрмекпен үйлестіру (антилейкотриендік немесе баяу босату теофиллині) қажет етіледі.
52-тармақтың 2) тармақшасына орташа ауырлықтағы ұзақ сақталушы бронх жатады: симптомдары күн сайын, асқынулар белсенділік пен ұйқыны бұзады, түнгі симптомдары аптасына бір реттен астам, күн сайын қысқа уақытқа әрекет етуші В2-агонистер ингаляциясын қабылдау, 1ЖТА немесе ТҮЖ тиісті мәннен 60-80 %, ұстама аралық кезеңде ТҮЖ немесе 1ЖТА түрленгіштігі > 30%; базистік терапия тиімсіз және стационарлы жағдайларда емделу қажет болған жағдайда (жыл ішінде үш мәрте немесе одан көп).
Орташа немесе төмен дозада ингаляциялық кортикостероидтермен және әрекеті ұзартылған бронхолитикалық дәрмектермен күн сайын аралас емдеу немесе антилейкотриендік препарат немесе баяу босату теофиллині қажет.
52-тармақтың 3) тармақшасына жеңіл ұзақ сақталушы бронх демікпесі жатады: симптомдары аптасына бір реттен жиірек, бірақ күніне бір реттен сирек, асқыну белсенділік пен ұйқыны бұзады, түнгі симптомдары айына екі реттен көбірек, 1ЖТА немесе ТҮЖ тиісті мәннен>80 %, ұстама аралық кезеңде ТҮЖ немесе 1ЖТА тәуліктік түрленгіштігі 20-30 %;
Төмен дозада ингаляциялық кортикостероидтармен және қажет болған жағдайда қысқа әрекет ететін бронхолитикалық дәрмектермен күн сайын емдеуді қажет етеді.
52-тармақтың 4) тармақшасына интермиттерленген бронх демікпесі жатады: симптомдары аптасына бір реттен сирек, қысқа мерзімді асқынулар, түнгі симптомдары айына екі реттен жиі емес, 1ЖТА немесе ТҮЖ тиісті мәннен>80%, ТҮЖ немесе 1ЖТА тәуліктік түрленуі >20%;
Емдеу: қажет болған жағдайда қысқа уақыт әрекет ететін бронхолитикалық дәрмектермен.
Осы тармақшаға сондай-ақ 5 және одан көп жыл ішінде симптомдары болмаған, арандатушы ингаляциялық тестілермен расталған, бронхтың өзгерген реактивтілігі сақталған кездегі анамнездегі бронх демікпесі жатады.
53-тармақ. Жіті пневмониялардың асқынған ағымы (инфекциялық уытты соққы, іріңдеу, плевриттер, ателектаздар, кең жайылған плевралық таңулар, және басқалар) жағдайында бронх-өкпе аппаратына операциядан кейін әскери қызметшілерге қатысты науқастануы бойынша демалысқа мұқтаждығы туралы, әскерге шақыру учаскелеріне тіркелу кезінде азаматтарға - егер емдеу аяқталған соң 6 айдан кем уақыт өткен болса, әскери қызметке уақытша жарамсыздығы туралы қорытынды шығарылады.
Жіті науқастануларға шалдыққаннан, өкпенің созылмалы науқастануларының асқынуынан, сондай-ақ жоғарғы тыныс алу жолдарына операция жасағаннан кейін қалдықты құбылыстар кезінде әскери қызметшілерге қатысты босату беру туралы қорытынды шығарылады.
11-тарау. Ас қорыту мүшелерінің аурулары
54-тармақ. Тістердің шығуы мен дамуының бұзылуы, тісжегілер.
54-тармақтың 3) тармақшасы тіс жегісі, пломбы салынған және жұлынған тістердің жалпы саны тоғыздан көп, бұл ретте кемінде төрт тіс, түбір арналарына пломба салынған тістерді қоса алғанда пульпа мен периодонттың зақымдануымен созылмалы қабынулардың клиникалық немесе рентгенологиялық белгілері болғанда қолданылады.
Тістің жалпы санын есептеген кезде, ақыл тістер (18,28,38,48) есепке алынбайды. Тіс түбірлері, егер оларды протездеу үшін пайдалану мүмкін болмаса, жоқ тістер болып есептеледі. Алынбайтын протезбен ауыстырылған тістер жоқ деп есептелмейді.
55-тармақ. Тармақ куәландырылатындарда жиі асқынулармен (жылына 3 мәрте және одан көп) және (немесе) іріңдеулермен пародонтиттің немесе парадонтоздың генерализденген түрлері болған кезде қолданылады.
Пародонтит, пародонтоз диагнозы рентгенографиямен және ілеспе науқастануларды айқындаумен барлық тіс-жақ жүйесін зерделеуден кейін қойылады. Пародонтоз және пародонтит кезінде азаматтар әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу кезінде емдеуге жолданады.
55-тармақтың 1) тармақшасына тіс қызыл иегінің қалта тереңдігі 5 мм астам пародонтит жатады, бұл ретте ІІ-ІІІ дәрежелі тіс қозғалысымен тамырдың 1/2 ұзындығынан астам жеке тістердің аясына жететін альвеолярлық өсіндінің сүйек тінінің араласқан тегіс емес түрі анықталады.
55-тармақтың 2) тармақшасына:
тамырдың 1/2 ұзындығынан астам жеке тістердің аясына жететін альвеолярлық өсіндінің сүйек тіні құрылымы бұзылуының араласқан тегіс емес түрі анықталған кездегі 3,5-тен 5 мм дейінгі тіс қызылиегі қалташасының тереңдігімен болған пародонтит, ІІ дәрежелі тіс қозғалысы;
емделмейтін ауыз қуысы шырышты қабығының науқастанулары жатады.
Стоматиттер, хейлиттер, гингивиттер, лейкоплакиялар және преканцероздарды қоса алғанда басқа да науқастанулар болған кезде азаматтар әскерге шақыру учаскелеріне тіркелген кезде оларға емделу тағайындалады.
55-тармақтың 3) тармақшасына тіс арасындағы басымырақ тіс қызылиегі қалтасының 3,5 дейінгі тереңдігімен жеңіл дәрежелі пародонтит жатады, тістер қозғалмаған кезде тістер аясы түптерінің жанындағы периодонтальдық кеңею, тіс арасындағы кедергілер ұшының жинақ пластинкаларының деструкциялары, түбірдің 1/3 ұзындығы шегінде альвеолярлар арасы ұштарының остеопорозы анықталады.
Пародонтиттің ауырлығын бағалау үшін Рассель бойынша (1,0-ге дейін жеңіл деңгей, 4,0-ге дейін орташа деңгей, 8,0-ге дейін ауыр деңгей) пародонтальдық индекс мәні қолданылады.
56-тармақ. Жақ-бет аномалиялары (туа біткен даму кемістіктерінен басқа), басқа да аурулар және тістердің және олардың тіреу аппаратының өзгерістері, жақ, сілекей бездері, тіл аурулары.
56-тармақтың 1) тармақшасына:
хирургиялық емдегеннен кейін трансплантанттармен ауыстырылмаған үстіңгі және (немесе) төменгі жақ сүйектерінің кемістіктері;
емдеуден тиімділік болмаған кезде (соның ішінде хирургиялық) немесе одан бас тартқанда самай - төменгі жақ буындарының анкилоздары, төменгі жақ сүйектері контрактуралары және жалған буындары жатады.
Әскери қызмет міндеттерін нақты орындау қабілетіне, әскери бөлім қолбасшылығы мен дәрігерінің пікіріне байланысты, жүре пайда болған жақ-бет саласындағы кемістіктерімен және өзгерістерімен ІІІ баған бойынша куәландырылған әскери қызметшілер қанағаттанарлық нәтижелермен емдеудің ортопедиялық әдістерінен кейін осы тармақтың 2) немесе 3) тармақшалары бойынша куәландырылады.
56-тармақтың 2) тармақшасына:
шайнау тиімділігі есепке алынбай тістүйістің 10 мм астам сәйкес келмеуімен ІІІ дәрежелі тістүйіс аномалиясы;
шайнау тиімділігі ең кемі 60% тістүйістің 5-тен 10 мм дейін сәйкес келмеуімен ІІ дәрежелі тістүйіс аномалиясы;
жиі асқынулармен болатын (жылына үш және одан көп) жақтың, сілекей безінің, тілдің, самай-жақ тамырларының созылмалы науқастанулары;
секвестрлі қуыстардың және секвестрлердің болуымен жақтың созылмалы остеомиелиті;
І, ІІ бағандар бойынша куәландырылатындарға хирургиялық емдеуден кейін трансплантанттармен ауыстырылған төменгі жақ кемістіктері жатады.
Көрсетілген науқастанулары бар азаматтар әскерге шақыру учаскелеріне тіркелген кезде емделуге жіберіледі. Әскери қызметшілер емделгеннен кейін бағандар бойынша талаптардың 61-тармағы бойынша куәландырылады. операциялық емдеуден бас тартқан немесе операцияның қанағаттанарлықсыз нәтижесі кезінде куәландыру осы тармақтың 1) немесе 2) тармақшалары бойынша жүргізіледі.
56-тармақтың 3) тармақшасына сирек асқынулармен болатын (жылына ең кемі үш мәрте) жақтың, сілекей безінің, тілдің, самай-жақ тамырларының созылмалы науқастанулары жатады.
56-тармақтың 4) тармақшасына тістүйістің 5-тен 10 мм дейін сәйкес келмеуімен, шайнау тиімділігі ең кемі 60 пайыз және одан астам ІІ дәрежелі тіс түйіс аномалиясы жатады.
Егер тіс түйісу аномалиясы себебінен операциялық емдеуден кейін кемінде 6 ай өтсе, азаматтар әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу, мерзімді әскери қызметке шақыру, келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру кезінде әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылады.
І дәрежелі (тістер қатарының 5 мм дейін қоса алғанда жылжуы) тіс түйіс аномалияларының болуы, тістүйісті түзеу үшін ортодонтикалық аппараттарды (пластинкалар, брекет-жүйелер) тағып жүру, жеке тістердің орналасу аномалияларының болуы осы тармақты қолдануға негіздеме болып табылмайды, әскери қызмет өткеруге, ӘОО-на түсуге кедергі келтірмейді.
Ортодонтикалық аппараттар тағып жүретін әскерге шақырылушыларды тағайындау, әскери командалар бойынша, әскери қызмет өткеру кезеңінде стомотолог-ортодонттың қабылдауында болу мүмкіндігін есепке алумен жүзеге асырылады.
57-тармақ. Өңештің, ішектердің (он екі ішектен басқа) және ішперде аурулары.
57 тармақтың 1) тармақшасына:
жүре пайда болған өңеш-кеңірдек немесе өңеш-бронх жыланкөздері;
жүйелі ұлғайтуды, баллонды дилятациялауды немесе хирургиялық емдеуді қажет ететін елеулі клиникалық белгілерімен, сонымен қатар АӨРА асқынулары өңештің тыртықты тарылуы немесе нерв-бұлшықет науқастанулары;
ас қорыту функциясының кенеттен бұзылуымен созылмалы ерекшеліксіз жара колиттері мен энтериттерінің ауыр түрлері;
ас қорытудың бұзылуымен және тамақтанудың бұзылуымен (ДСИ 18,5 төмен) қоса болатын ашішекті (кемінде 1,5 метр) немесе тоқішекті (30 см кем емес) кескеннен кейін жоқ болуы;
3-сатыдағы тікішектің барлық қатпарларының түсуі;
хирургиялық емдеудің соңғы сатысы ретінде өрескел анус, ішек немесе нәжіс жыланкөзі;
ІІІ дәрежелі анус сфинктерінің жеткіліксіздігі.
57-тармақтың 2) тармақшасына:
ІV сатыдағы АӨРА (Savary Miller бойынша жіктелу);
Өңеш жарасының жиі қайталануларымен (2 және одан көп) немесе постгеморрагиялық анемияның дамумен қан ағу асқынуымен немесе өңештің перфорациясымен, сондай-ақ өңеш жарасының ұзақ уақыт (2 айдан аса) тыртықталмауы кезіндегі ІІІ сатыдағы АӨРА;
хирургиялық емдеуден кейін пайда болған ІІ-ІІІ сатыдағы АӨРА қайталануы;
консервативті емдеудің қанағаттанарлық нәтижелері кезінде өңештің тыртықты тарылуы, бітелісі және нерв-бұлшықет науқастанулары;
стационарлық емдеудің нәтижесіздігі кезінде қайта және ұзақ уақыт госпитальға жатқызуды (2 айдан астам) қажет ететін жиі асқынулармен және тамақтанудың бұзылуымен (ДСИ 18,5-тен кем) секрециялық, қышқыл түзуші функциялардың бұзылуымен энтериттер;
ауырлығы орташа және жеңіл түрдегі созылмалы ерекшеліксіз жара колиттері, ас қорыту функцияның бұзылу дәрежесіне және асқыну жиілігіне қарамастан Крон ауруы;
аш ішекті (кемінде 1 м) немесе тоқ ішекті кесуден (кемінде 20 см) кейін жоқ болуы, демпинг-синдромның сирек белгілерімен асқазан-ішек анастомозын салу;
қайта стационарлық емдеуді қажет ететін эвакуаторлы функцияның бұзылуымен іш қуысының (жабысу үдерісі рентгенологиялық немесе эндоскопиялық зерттеу мәліметтерімен немесе лапаротомия, лапароскопия жасау кезінде расталады) жабысу үрдісі;
2 сатыдағы тікішектің түсіп қалуы;
І - ІІ дәрежелі анус сфинктерінің жеткіліксіздігі;
Тұрақты немесе жиі ашылатын жыланкөздермен (ең кемі жылына 2 мәрте) созылмалы парапроктит;
57-тармақтың 3) тармақшасына:
сирек өршулермен және асқынуларсыз ІІІ сатыдағы АӨРА;
І-ІІ сатыдағы АӨРА;
1 сатыдағы тікішектің түсіп қалуы;
сирек асқынулармен өтетін созылмалы парапроктит.
Өңештің, ішектің және ішастардың басқа ауруларын диагностикалау кезінде куәландыру функцияларының бұзылуына байланысты осы тармақтың тиісті тармақшалары бойынша жүргізіледі.
Тікішектің түсуі, ішек немесе нәжіс жыланкөздері, көтеншектің тарылуы немесе сфинктері жеткіліксіздігі кезінде куәландырылатындарға хирургиялық емделу ұсынылады. Операциядан кейін әскери қызметшілерге қатысты талаптардың 61-тармағы бойынша науқастануы бойынша демалыс беріледі, ал азаматтар әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу және мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде, егер операциядан кейін кемінде 6 ай өтсе, 6 айға әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылады. Әскери қызметке жарамдылығы санаты емдеу нәтижелеріне байланысты айқындалады. Науқастану қайталанған немесе емдеуден бас тартқан кезде қорытынды осы тармақтың 1), 2) немесе 3) тармақшалары бойынша шығарылады.
57-тармақтың 4) тармақшасына өңеш нысандарының, өлшемдерінің, орналасуының нұсқалары, клиникалық белгілерсіз және функционалдық бұзылусыз құралдық зерттеулер (эзофагогастродуоденофиброскопия, рентгенологиялық зерттеу) кезінде айқындалған мүшелердің жеңіл деформациясы, сондай-ақ ішектің функционалдық бұзылуларын қоса алғанда, функцияның бұзылуынсыз өңештің, ішектің және ішастардың зақымдануы жатады.
58-тармақ. Асқазанның, аш ішектің ойық жара аурулары.
Асқазанның немесе он екі елі ішектің жара ауруы диагнозы эндоскопиялық зерттеумен (суретін немесе бейнематериалдарды ұсынумен) және (немесе) жасанды гипотония жағдайларындағы рентгенологиялық зерттеулермен расталады.
І баған бойынша куәландырылатын азаматтарда анамнезде асқазанның немесе ұлтабардың жара ауруы болған кезде диагноз эндоскопиялық және (немесе) рентгенологиялық зерттеулері толық жазылған аурудың стационарлық, амбулаторлық медициналық картасынан үзінділермен расталады, оған медициналық (әскери-медициналық) денсаулық сақтау ұйымы құрылымдық бөлімшесінің тиісті дәрігер-мамандары және бастығы (меңгерушісі) қол қояды және оған денсаулық сақтау ұйымының мөрі басылады.
Асқазанның немесе ұлтабардың жарасына шалдығудың нақты себебі асқазанның немесе ұлтабардың жасанды гипотония жағдайларында эндоскопиялық зерттеу және (немесе) рентгенологиялық зерттеу кезінде айқындалған жарадан кейінгі тыртықты деформация болып табылады.
Асқазанның немесе ұлтабар жарасының қайталануы (асқынуы) -асқазанның немесе ұлтабардың жара ауруы диагнозы бұрын қойылған пациентте клиникалық белгілер аясында немесе оларсыз сол немесе басқа оқшаулауда жара (эрозия) кемістігі диагностикаланады.
Асқынбаған асқазанның немесе ұлтабардың симптомдық жаралары кезінде әскери қызметке жарамдылық санаты негізгі науқастанудың ауыртпалығына және ағымына байланысты бағандар бойынша талаптардың сәйкес тармақшалары бойынша айқындалады.
Асқынған симптомдық жаралар кезінде І, ІІ, ІІІ бағандары бойынша куәландырылатындарға қатысты әскери қызметке жарамдылық санаты туралы қорытынды ас қорыту функциясының бұзылуына байланысты 58-тармақтың 1), 2) немесе 3) тармақшалар бойынша шығарылады.
Ұлтабардың тыртықты-жара деформациясының айқын көрінуінің мынадай дәрежелері айқындалады:
шамалы - буылтық қалыпты көлемде, бір қабырға тығызданған және пішіні өзгерген;
орташа - екі қабырғаның пішіні өзгерген;
өрескел - дұрыс формада емес, буылтығы көлемі жағынан айтарлықтай кішірейген;
Жасанды гипотония жағдайында толығымен орындалған дуоденография кезінде анықталатын екі сағаттан аса асқазандағы 1/3 бариялық қоймалжыңның тұрып қалуы он екі елі ішектің функциясының эвакуаторлық орташа бұзылуы деп бағаланады.
Пилоробульбарлық аймақтың стенозы кезінде асқазанда бариялық қоймалжық алты сағаттан астам тұрып қалады: компенсирленген түрі 6 сағаттан 12 сағатқа дейін, субкомпенсирленген түрі - 12-14 сағат, декомпенсирленген түрі 24 сағаттат астам.
58-тармақтың 1) тармақшасына:
хирургиялық емдеуге қарсы көрсеткіштер болған немесе одан бас тартқан кезде тамақтанудың төмендеуі (ДСИ кемінде18,5) болатын пенетрациямен, қақпаның тарылуымен немесе пилоробульбарлық аймақтың стенозымен асқынған асқазанның және ұлтабардың жара ауруы;
көрсетілген асқынудан кейін көлемі 2 литрден астам (қан айналымы көлемінің 30 пайызға дейін төмендеуі) қансыраумен, массивті қайталанған гастродуоденальді қан кетулермен асқынған жара ауруы;
асқазан экстирпациясы немесе оны субтотальды кесу;
асқазанды резекциялау салдары, тамақтанудың елеулі бұзылуымен асқазан-ішек сағасы баспаларымен,ас қорыту функциясының елеулі бұзылуымен (емделмейтін демпинг-синдром, тұрақты іш өтулер, тамақтанудың бұзылуы, ДСИ кемінде 18,5) тұрақты анастомозиттер, анастомоздар жарасы және басқалар) асқазан-ішек анастомоздарын салумен бағана немесе іріктемелі ваготомия жатады;
58-тармақтың 2) тармақшасына:
соңғы екі жыл ішінде жиі (жылына 2 рет және одан астам) және асқынулармен асқазан немесе ұлтабар жарасы;
аса ірі жаралармен (асқазанда 3 см және одан астам немесе ұлтабарда 2 см және одан астам) жара ауруы;
каллезді асқазан жара ауруы;
буылтықтан тыс жарамен жара ауруы;
12 елі ішектің көптеген (үш және одан астам) жарамен асқазан жарасы;
ұзақ тыртықтанбайтын жаралармен асқазан жарасы (асқазанда оқшаулануы - 3 ай және одан астам, ұлтабарда оқшаулануы - 2 ай және одан көп);
перфорациямен немесе қан ағумен асқындатылған, геморрагиялық анемияның дамуымен (аталған асқынулардан соң 5 жыл ішінде) немесе компенсирленген стенозбен немесе эвакуаторлық функцияның орташа бұзылуымен он екі елі ішек баданының тыртықталып пішіні өзгеруімен жара ауруы;
аш ішектің үздіксіз қайталанатын (жара жазылған соң, екі ай мерзімінде жараның қайталануы) жара ауруы;
ұлтабардың үздіксіз қайталанатын жара ауруы (жара жазылғаннан кейін екі айға дейінгі мерзімде қайталануы);
осы тармақтың 1 тармақшасында аталғаннан басқа, ас қорыту функцияларының орташа бұзылу симптомдары болған кезде, асқазан-ішек сағасын салудың, асқазанды кесудің, бағаналық және сұрыптамалық ваготомияның салдарыжатады;