Жіті ревматитті безгекке шалдыққан І бағаны бойынша куәландырылатындар медициналық мекемеден шығарылғаннан кейін бағандар бойынша талаптардың 48-тармағы бойынша әскери қызметке 12 айға уақытша жарамсыз деп танылады. Кейіннен жүректің және басқа да мүшелердің зақымдануы белгілері болмаған, сондай-ақ науқастанудың қайталануы болмаған кезде осы тармақтың 4) тармақшасы бойынша куәландырылады.
ЭхоКГ нәтижелерін ресімдеу, оларды талдау жөніндегі талаптар, талаптардың 80-тармағын түсіндірулерде көрсетілген.
Синусты аритмия, жүрек ырғағы мен өткізгіштік бұзылулары болмаған кезде миокардитке шалдыққандар, миокардиосклероз, ІІ дәрежелі СА-блокада (І тип), функционалды І дәрежелі АV-блокада (АV-өткізгіштік дене жүктемесі кезінде немесе көктамырға 0,5-1 мг атропин сульфатын енгізгеннен кейін қалпына келеді), Гис будасы оң жақ аяқшасының толық емес блокадасы, ЭКГ миниторлау деректері бойынша ырғақтың пароксизмалы бұзылуы қоса болмайтын Клерк-Леви-Кристеско синдромы (СLС), клиникалық белгілерінсіз жүрек қуысындағы қосымша хорда, қарынша іші өткізгіштігінің жергілікті бұзылуы, ырғақты жүргізушінің жүрекшеге көшуі, осы тармақты қолдануға негіздеме болып табылмайды, әскери қызмет өткеруге, ӘОО-на түсуге кедергі келтірмейді.
43-тармақ. Артериялық гипертензия - систолиялық АҚ 140 мм с.б. және одан жоғары және (немесе) диастолиялық АҚ 90 мм с.б. немесе одан жоғары болған кездегі созылмалы тұрақты АҚ-ның көтерілуі. Егер систолиялық АҚ мен диастолиялық АҚ-ның мәндері әртүрлі санаттарға сәйкес келсе, онда артериялық гипертензияның дәрежесі АҚ-ның анағұрлым жоғары көрсеткіштері бойынша қойылады. АҚ-ның көтерілуі белгілі немесе жойылатын себептерге байланысты болған кездегі артериялық гипертензия симптоматикалық (қайталанған) артериялық гипертензия ретінде қаралады.
43-тармақтың 1) тармақшасына:
артериялық гипертензияның тез үдемелі (қатерлі) түрі;
гипертензивтік синдроммен (ІІ-ІV ФК созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі, аортаның қатпарлану аневризмасы, геморрагиялық инсульт, қан құйылумен немесе көз түбіндегі жалқықтармен және көру нервісі дискісінің ісінуімен артерия торлы қабығының генерализацияланған тарылуы, 4 және одан жоғары сатыдағы СБА) тығыз және тікелей байланысты ауыр тамырлық бұзылулардың клиникалық бейнесінде басымдылықпен болатын 3 дәрежелі артериялық гипертензия жатады.
Тез үдемелі (қатерлі) түрі деп ІV дәрежелі ретинопатияның дамуымен, көздің тор қабықшасында ишемиялық немесе геморрагиялық ошақтармен жанама жүретін көру нервтері дискілерінің ісінуімен 220/130 мм с.б. төмен емес АҚ түсіндіріледі.
43-тармақтың 2-тармақшаға гипотензивті терапияға тұрақты үйлестірілген рефрактерлі артериялық гипертензия:
3-дәрежелі артериялық гипертензия, 4 тәуекел (өте жоғары);
3-дәрежелі артериялық гипертензия, 3 тәуекел (жоғары);
2-дәрежелі артериялық гипертензия, 4 тәуекел жатады.
43-тармақтың 3) тармақшасына:
2-дәрежелі артериялық гипертензия, 3 тәуекел;
2-дәрежелі артериялық гипертензия, 2 тәуекел (орташа);
1-дәрежелі артериялық гипертензия, 4 тәуекел;
1-дәрежелі артериялық гипертензия, 3 тәуекел жатады.
1-дәрежелі артериялық гипертензия кезінде 3 тәуекел былай анықталады:
тәуекелдің үш немесе одан аса факторлары немесе НМЗ, СБА және қант диабеті болған кезде жасы 50-ге дейінгі әскери қызметшілерге;
тәуекелдің үш немесе одан аса факторлары немесе НМЗ, СБА және қант диабеті болған кезде жасы 50-ден асқан әскери қызметшілерге;
43-тармақтың 4) тармақшасына 1 дәрежелі артериялық гипертензия, 1-2 тәуекел (төмен-орташа).
Артериялық гипертензияның дәрежесі қайталанған тәуліктік бақылаудың нәтижелерімен расталған, келесі артериялық қысымның көрсеткіштерімен сипатталады:
3-дәреже - тыныштықта систолиялық - 180 мм с.б. және одан жоғары, диастолиялық - 110 мм с.б. және одан жоғары;
2-дәреже - тыныштықта: систолиялық - 160-179 мм с.б., диастолиялық - 100-109 мм с.б.;
1-дәреже - тыныштықта: систолиялық - 140-159 мм с.б.; диастолиялық - 90-99 мм с.б.
Миокард инфарктісіне немесе инсультке шалдыққан тұлғаларда артериялық гипертензия дәрежесін бағалау алдыңғы бақылаудың мәліметтерін есепке алумен жүзеге асырылады.
Артериялық гипертензия диагнозы стационарлық жағдайларда медициналық тексерумен, ал І, ІІ бағандары бойынша куәландырылатындарда - міндетті түрде артериялық қысымның тәуліктік бақылауын бірнеше мәрте орындаумен кемінде 6 ай ішінде алдағы диспансерлік бақылаудың құжаттай расталған нәтижелерімен расталады.
Бақылау мерзімі жеткіліксіз артериялық гипертензия алғаш айқындалған жағдайда азаматтар әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу, мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде бағандар бойынша талаптардың 48-тармағы бойынша 6 айға әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылады.
Артериялық гипертензияның әрбір жағдайында симптомдық артериялық гипертензиямен дифференциалды диагностика жүргізіледі. Симптомдық артериялық гипертензиясы бар адамдарды медициналық куәландыру кезінде симптомдық артериялық гипертензияның этиологиялық себебі болып табылатын науқастануға сәйкес бағандар бойынша талаптардың тармағынан басқа, бағандар бойынша талаптардың 43 тармағы қолданылады: 3 дәрежелі АҚ деңгейі бойынша сәйкес келетін симптоматикалық артериялық гипертензия кезінде 1) тармақша, 2 АҚ - 2) тармақша, 1 АҚ - 3) тармақша қолданылады.
Бар болуы тікелей артериялық гипертензиямен байланысты емес клиникалық манифесттік жүрек-тамырлық немесе бүйрек науқастанулары кезінде КМЖТжБН айқын көрінісіне және зақымдалған орган функцияларының бұзылу дәрежесіне байланысты бағандар бойынша талаптардың сәйкес тармақтары қолданылады.
Әскери қызмет өткерудің алғашқы 3 айында АҚ-ның транзиторлы көтерілуін, анамнезінде артериялық гипертензия болмаған кезде бейімделу синдромының көрінісі ретінде бағалану қажет. Әскери қызметшілерінің осы санатына дене жүктемесінің жеке режимін тағайындай отырып, әскери бөлім дәрігерінде динамикалық диспансерлік бақылауға, ал медициналық көрсеткіштер бар болған кезде стационарлық жағдайларда тексерілуге жатады.
Вегетативтік бұзылудың (қол білектерінің гипергидрозы, «қызыл» тұрақты дермографизм, дене қалпын ауыстырған кезде артериялық қысымның және пульстың тұрақсыздығы және тағы басқалар) бар болуымен тығыз байланысты жоғары артериялық қысым синдромы болған кезде куәландыру бағандар бойынша талаптардың 47-тармағы бойынша жүргізіледі.
Артериялық гипертензия кезінде жалпы жүрек-тамырлық тәуекелді стратификациялау, КМЖТжБН, симптомсыз НМЗ, тәуекел факторларын, сондай-ақ қант диабетін сипаттау бағандар бойынша талаптардың 3- қосымшасына сәйкес мазмұндалған.
44-тармақ. Жүректің ишемиялық ауруының болуы аспаптық зерттеу әдістерімен расталады (міндеттілер - тыныштықта және жүктеме сынамаларымен ЭКГ, ЭхоКГ, ЭКГ тәуліктік бақылау; қосымшалар - стресс-ЭхоКГ, коронарография, магниттік-резонаннстық томография, позитронды-эмиссиондық томография), коронарлық артериялардың компьютерлік (мультиспиральдік) томографиясы, бірфотондық эмиссиондық компьютерлік томография), перфузионды сцинтиграфия, миокарда және басқалар).
Тұрақты күшейту стенокардиясының 4 ФС ажыратады:
1 ФС - қалыпты дене жүктемесі (жүріс немесе баспалдақпен көтерілу) стенокардия ұстамаларын тудырмайды. Ауырсыну өте қарқынды, және өте жылдам, немесе ұзаққа созылған дене жүктемелері кезінде туындайды. Төзімділік жүктемесінің қуаты жоғары - 600 кгм/мин астам (ДПр = ЧСС х САД: 100) 270-тен көп шартты бірлікті екі реттен жасау;оттегін пайдалану 7 МЕТ астам;
2 ФС - қалыпты дене белсенділігінің шағын шектелуі байқалады, бұл стенокардияның пайда болуын білдіреді, жылдам жүру немесе баспалдақпен көтерілу кезінде, суықта немесе желді күні, тамақтанған соң, эмоциялық ширығуда, немесе ұйқыдан оянғаннан кейінгі алғашғы бірнеше сағаттарда; жазық жерде 200 метрден (екі квартал) асатын қашықтыққа жүру кезінде немесе қалыпты жағдайлар кезінде бірқалыпты қарқынмен бір саты аралығынан асатын баспалдақпен көтерілу кезінде пайда болған стенокардияның пайда болуын білдіреді. Төзімділік жүктемесі қуатының шегі 400-600 кгм/мин шегінде; 220 - 270 астам шартты бірлікті екі реттен жасау; оттегін пайдалану 5-тен 7 МЕТ-ке дейін;
3 ФС - байқалатын қалыпты дене белсенділігінің шектелуімен сипатталады - стенокардия жазық жермен (100 - 200 м) бір кварталдан екі кварталға дейін қашықтыққа жайбарақат жүру немесе қалыпты жағдайда бірқалыпты қарқынмен бір саты аралық баспалдақ бойынша көтерілу нәтижесінде пайда болады. Төзімділік жүктемесі қуатының 150 - 300 кгм/мин шегінде; 160 - 210 шартты бірлікті екі реттен жасау; оттегін пайдалану 3,3 - 4,7-ге дейін МЕТ;
4 ФС - қандай да бір дене жүктемесін жайсыздық белгілерінсіз орындай алмау немесе стенокардия шамалы дене жүктемелері кезінде тыныштықта да пайда болуы мүмкін.
Орындалған жүктеменің қуаты 150 кгм/мин кем; 160 шартты бірліктен кем екі реттен шығару; МЕТ саны 3,0 кем (сынамалар жиі жүргізілмейді).
Егер ФС-ның сапалы критерийлері көрші сыныптар арасындағы аралық орналасса және екі реттен шығару көрсеткіштері клиникалық деректерге қарама-қайшы келсе, соңғысы таңдалады.
44-тармақ 1) тармақшаға:
3 ФС - 4 ФС тұрақты күшейту стенокардиясы;
ЖСЖ ІІІ - ІV ФС болуы кезінде ФС 2 тұрақты күшейту стенокардиясы;
жіті тәж синдромы түріндегі ишемиялық аурудың жиі (жылына 2 және одан көп) тұрақсыздануы көріністерімен 2 ФС тұрақты күшейту стенокардиясы;
ЭхоКГ нәтижелері бойынша дискенезия учаскелерімен байланысты сол (оң) жақ қарыншаның тұрақты дисфункциясымен 2 ФС тұрақты күшейту стенокардиясы жатады.
Осы тармақшаға (стенокардияның айқын көрінуіне және қан айналымының жеткіліксіздігіне қарамастан) сондай-ақ мыналар жатады:
трансмуральды, ірі ошақты немесе қайталанған миокард инфарктісі нәтижесінде дамыған жүрек аневризмі немесе ірі ошақты кардиосклероз;
кең тараған тарылу үдерісі (екі және одан көп тәж артерияларында (75 пайыз және одан астам); сол жақ тәж артериялары бағаналарының тарылуы (50 пайыз және одан астам) және (немесе) сол жақ тәж артерияларының алдыңғы қарынша аралық бағаналарының жоғары оқшауланған тарылуы (50 пайыз және одан астам); миокардты қанмен қамтамасыз етудің оң типі кезінде оң жақ тәж артерияларының тарылуы (75 пайыз және одан астам).
Зерттеу нәтижелері бойынша ишемия аясы 10% астам (БФЭКТ бойынша 10% астам; жүректің МРТ бойынша перфузияның жаңа ақауларымен 2/16 астам сегменттер; 3 және одан астам дисфункцияның добутамин-ынталандырылған сегменттері, 3 және одан астам стресс эхокардиографияның сол жақ қарыншаларының сегменттері) болған кезде куәландыру осы тармақша бойынша жүргізіледі.
44-тармақтың 2) тармақшасына:
2 ФС тұрақты стенокардия;
ЭхоКГ нәтижелері бойынша дискенезия учаскелерімен байланысты сол (оң) жақ қарыншаның тұрақты дисфункциясымен 1 ФС тұрақты күшейту стенокардиясы;
өздігінен емделген стенокардия;
шалдыққан ұсақ ошақты миокард инфарктісі;
бір ірі тәж артериясының (1) тармақшада көрсетілгендерден басқа) окклюзиясы немесе тарылуы (75 пайыз және одан астам) жатады;
Ишемия аясы 1 - 10% арасында (функция бұзылуының 2 добутамин-ынталандырылған сегментінен көп емес, осы стресс эхокардиография бойынша сол жақ қарыншаларының 2-ден артық емес сегменттері).
Осы тармақша бойынша тәжді шунттауға және (немесе) екі және одан астам тамырлы тәждік ангиопластикаға (стентирлеу) шалдыққан тұлғалар куәландырылады.
ФС стенокардиясына және ЖСЖ байланысты, сондай-ақ әскери қызмет міндеттерін орындау қабілеттеріне байланысты біртамырлы тәждік ангиопластикке (стентирлеу) шалдыққан тұлғаларға қорытынды операциядан соң ең кемі 3 айдан кейін осы тармақтың 2), 3) тармақшалары бойынша шығарылады.
44-тармақтың 3) тармақшасына:
1 ФС тұрақты стенокардиясы;
стресс-ЭхоКГ нәтижелері бойынша локальды (1 сегментке дейін) дискенезия учаскелерімен байланысты сол (оң) жақ қарыншаның транзиторлы дисфункциясы жатады;
Бір ірі тәж тамырының (50 - 74-%-ға дейін) тарылуы (1 тармақшада көрсетілгендерден басқасы); үш тәж тамырын 30-%-дан астам стенозирлеу.
Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, жүрек ырғағының және (немесе) өткізгіштігінің бұзылуы болған кезде медициналық куәландыруда бағандар бойынша талаптардың 42-тармағы бойынша жүргізіледі.
Миокардтың ауырмайтын (мылқау) ишемиясы, Х ең басты синдромы (кішкентай тармырлы стенокардия), бұлшықет көпірі (бридж синдромы) болуы кезінде қорытынды коронография мәліметтері және (немесе) дене жаттығуларымен электрокардиография (стресс - ЭхоКГ) жүргізу нәтижелері бойынша тәж тамырлары атеросклерозының айқын көріну деңгейіне қарай 1,2 немесе 3 тармақтары бойынша шығарылады.
45-тармақ. Осы тармақпен көзделген науқастанулар болуы кезінде куәландырылатындарға көрсеткіштер бойынша хирургиялық емдеу ұсынылады. Емдеуден қанағаттанғысыз нәтижелері немесе одан бас тартқан кезде әскери қызметке жарамдылық санаты патологиялық үдерістің айқын көрінуіне байланысты айқындалады.
45-тармақтың 1) тармақшасына:
магистральды тамырлардың артериялық және артериялық-веноздық аневризмдері;
аяқ-қолдардың ишемиялық қалпына келмеуі кезінде бітелген атеросклероз, эндартериит, тромбангиит, аортоартериит (гангреналы-некротикалық саты);
оның висцералды тармақтары саңылауының, мүшелер мен дисталды қан айналымы функцияларының кенеттен бұзылуымен мықын артериясының жартылай немесе толық бітелуімен аортаның ішкі бөлігінің атеросклерозы;
қақпа немесе қуыс көктамыр тромбозы;
жиі қайталанбалы тромбофлебиті, флебтормбоз, тамырлардың созылмалы аурулары С5-С6 (СЕАР бойынша жіктелулер: жазыла бастаған веноздық ойық жараның немесе ашық веноздық ойық жараның болуы кезінде);
имплантантты кава-фильтрдің болуы;
ІV дәрежелі шораяқтық;
ІІІ сатылы (гангренозды-некротикалық) ангиотрофоневроздар;
қан айналымының айқын көрінген бұзылуы сақталған және науқастанудың үдемелі ағымы кезінде ірі магистралды (аорта, мықын, сан, брахиоцефалды артериялар, қақпалы немесе қуыс көктамырлар) және перифериялық қан тамырларға реконструктивті операциялар салдары жатады;
45-тармақтың 2) тармақшасына:
бітелген эндартериит, тромбангиит, аортоартериит және ІІ сатылы аяқ тамырларының атеросклерозы;
қан ағумен асқынған өңеш тамырының варикоздық кеңеюі;
С4 тамырдың созылмалы аурулары (СЕАР бойынша жіктелу: қалыптан тыс пигменттелу және/немесе веноздық экзема, липодерматосклероз және/немесе терінің ақ түсті болып семуі);
ІІІ дәрежелі элефантиаз;
нәтижесіз қайта стационарлық емдеу кезінде жалғасқан ауырсыну синдромымен, саусақтардың көгеруімен, суықта қозғалыстың еркінсіздігімен ІІ сатылы ангиотрофоневроздар;
қан айналымының шамалы бұзылуымен магистралды және перифериялық қан тамырларға реконструктивті операциялардың салдары жатады;
45-тармақтың 3) тармақшасына:
бітелген эндеартериит, тромбангиит, І сатылы аяқ тамырларының атеросклерозы;
С3 тамырдың созылмалы аурулары (СЕАР бойынша жіктелу: ісіну);
ІІ дәрежелі шораяқтық;
3-сатыдағы шәуһет бауы көктамырының түйінді кеңеюі (шоқтанған өрімді венаның айқын кеңуі, аталық ұрық безінің кішіреюі және оның консистенциясының өзгеруі);
куәландырылатындарда шәуһет бауы көктамырының қайталанған (қайта хирургиялық емделуден кейін) варикозды кеңеюі болған кезде І, ІІ бағандар бойынша куәландырылады, ал келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер деңгейіне байланысты 3), 4) тармақшалар бойынша куәландырылады.
І сатылы ангиотрофоневроздар;
қан айналымының бұзылуынсыз магистральді және перифериялы тамырларға қайта қалпына келтіру эндоваскулярлық операция жасау жатады;
45-тармақтың 4) тармақшасына:
С2 тамырларының созылмалы аурулары (СЕАР бойынша жіктелу:3 мм астам диаметрде варикозды өзгерген тері асты тамырлары);
І дәрежелі шораяқтық;
шәуһет бауы көктамырының 2-деңгейдегі (венаның кеңеюі көзбен қарау арқылы анықталады және атабездің өлшемі мен консистенциясы өзгермеген) варикозды кеңеюі жатады.
Осы тармақ бойынша тамыр операцияларын: флебэктомия, варикозды-кеңейген аяқ-қол теріасты тамырларының беріштенуі, тромбэндартерэктомиялар және басқаларды жасатқан тұлғалар куәландырылады.
Бұғана асты тамырлы-жүйке будасының экстравазальді жаншылуын, «кеуденің шығу» синдромын диагностикалау кезінде куәландыру екіншілік асқынулардың және қызмет бұзуларының болуына байланысты осы тармақтың тиісті тармақшалары бойынша куәландырылады.
Қан айналымын және функцияларын толық қалпына келтірумен ірі магистральды артериялардың жаралануы және басқа да зақымдануларынан кейін куәландыру кезінде І, ІІ бағандар бойынша осы тармақтың 3) тармақшасы, ал ІІІ-ІV бағандар бойынша 4) тармақша қолданылады.
Науқастану және тамырлардың зақымдану салдарының диагнозы функционалдық бұзылулар үдерісінің сатысын және дәрежесін көрсетеді. Сараптама қорытындысы объективті көрсеткіштер беретін әдістерді қолдана отырып тексерулерден кейін шығарылады ангио, флебо, лимфография, ультрадыбысты доплерография және ультрадыбысты ангиосканерлеу).
С0-С1 тамырларының созылмалы аурулары (СЕАР бойынша жіктелу: СТА көзге көрінетін және пальпириялық белгілері жоқ, бірақ сипатты шағымдары бар, телеангиоэктазия немесе ретикулярлық варикоздық көктамырлар), 1 сатыдағы варикоцеле (варикозды көктамыр денесі көлденеңінен жатқан қалыпта науқасты күшендірген кезде тек пальпаторлы күйде анықталады), осы тармақты қолдануға негіздеме болып табылмайды, ӘОО-на түсуге, әскери қызмет өткеруге кедергі келтірмейді.
46-тармақ. Геморрой.
ІV сатысы кезінде, геморроидальды түйіндер тоқ ішектің шырышты қабығымен қоса тыныштықта түседі және орнына келмейді немесе орнына келтіргеннен кейін дереу қайта түседі (қан ағумен немесе ағусыз).
2-тармақшаға ауырлығы орташа дәрежедегі екіншілік анемиямен немесе жиі асқынатын ІІ және ІІІ сатылар жатады;
ІІІ сатысы кезінде геморроидальды түйіндер тек қолмен орнына келеді (қан ағумен немесе ағусыз).
ІІ сатысы кезінде геморроидальды түйіндер күшенген кезде түседі және өз бетімен орнына келеді (қан ағумен немесе ағусыз).
Куәландырылатын тұлға жылына 3 мәрте немесе одан астам қан ағу, тромбоз немесе геморроидальды түйіннің түсуі бойынша стационарлы жағдайда емделуде болса, бұл жағдай геморройдың жиі асқынуына жатады.
І сатыда геморроидальды түйін түспейді, дефекация кезінде тек артқы өтістен қызғылт қан бөліну тән.
Куәландырылатындарға көрсеткіштер бойынша хирургиялық немесе консервативті емдеу ұсынылады. Емдеудің қанағаттанғысыз нәтижесі немесе одан бас тартқан кезінде медициналық куәландыру 46 тармақтың тиісті тармақшалары бойынша жүргізіледі.
Шағымы жоқ болған кезде қабыну белгілерінсіз шамалы ұлғайған жеке геморроидальды түйіннің болуы, ал анамнезде соңғы 3 жыл ішінде науқастанудың өршуі туралы мәліметтердің болмауы бұл тармақты қолдануға негіздеме болмайды, әскери қызмет өткеруге және ӘОО-на түсуге кедергі келтірмейді.
47-тармақ. Жүректің және жүрек-қан тамырлары жүйесінің соматоформалық вегетативтік дисфункциясы (бұдан әрі - ЖЖҚТСВД) қандай да бір тітіркендіргіштерге артериялық қысымы және (немесе) жүрек ырғағының бұзылуы тиісті емес реакциясы бар вегетативті-қан тамырлы бұзылулар синдромымен сипатталады.
Гипотензивті типіндегі ЖЖҚТСВД ешқандай шағымдары жоқ, артериялық қысым көрсеткіштері 90/50 - 100/60 мм. с.б. кезінде еңбекке қабілетін және әскери қызмет міндеттерін орындау қабілеттігін сақтайтын дені сау адамдардың физиологиялық гипотониясынан ажырату керек. Осындай адамдар әскери қызметке жарамды деп танылады. Міндетті түрде аурулар, соның ішінде эндокриндік жүйе, асқазан-ішек жолы, өкпе аурулары себепші болған симптоматикалық гипотонияны алып тастау керек.
Әскерге шақыру учаскелеріне тіркелген кезде ЖЖҚТСВД кез келген түрі бағандар бойынша талаптардың 48 тармағы бойынша бар азаматтар әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылады және емделуге жіберіледі.
47-тармақтың 1) тармақшасына ЖЖҚТСВД-нің мынадай түрлері жатады:
ұдайы шағымдар және еңбекке қабілеті мен әскери қызмет міндеттерін орындау қабілетін елеулі төмендететін (әскери қызметке шақыру кезіндегі азаматтарға қатысты - ең кемі 6 ай ішінде және медициналық құжаттармен расталғанда) емделмейтін, тұрақты кенеттен айқын көрінген вегетативті-қан тамырлы бұзылулар болған кездегі артериялық қысымның тұрақсыздығымен гипертензивті түрі;
ұдайы шағымдар, еңбекке қабілеті мен әскери қызмет міндеттерін орындау қабілетін елеулі төмендететін тұрақты кенеттен айқын көрінген вегетативті-тамырлы бұзылулар болған кезде артериялық қысымды 100/60 мм.с.б. төмен тұрақты белгіленуімен гипотензивті түрі;
қайта стационарлық емдеу нәтижесіз кезінде айқын көрінген вегетативті-тамырлы бұзылулары, жүрек ырғағының тұрақты бұзылулары қоса болатын тұрақты кардиалгиялар болған кездегі кардиалды түрі (жүрек ырғағының тұрақты бұзылуларының сипаттамасы бағандар бойынша талаптардың 42-тармағына түсіндірмелерде келтірілген).
47-тармақтың 2) тармақшасына орташа айқын көрінген белгілермен, соның ішінде еңбекке қабілеті мен әскери қызмет міндеттерін орындау қабілетін төмендетпейтін жүрек ырғағының өтпелі бұзылуымен кез келген түрдегі ЖЖҚТСВД жатады.
Жүрек ырғағының ауыспалы бұзылуы анықталған кезде, әскери қызметке жарамдылығын анықтау ЭКГ тәуліктік бақылауының нәтижелері бойынша жүргізіледі.
Тыныш кездегі (сағатына 1 - 5 және/немесе ЭКГ тәуліктік бақылау мәліметтері бойынша 24 сағатта 100) сирек жекелеген қарынша үстілік экстрасистолдар, функционалдық сипаттағы синусты аритмиясы, шамалы белгілері бар ЖЖҚТСВД осы тармақты қолдануға негіздеме болып табылмайды, әскери қызмет өткеруге, ӘОО-на түсуге кедергі келтірмейді.
Ырғақтың және (немесе) өткізгіштіктің бұзылуларының сипаттамасы бағандар бойынша талаптардың 42-тармағында көрсетілген.
Миокардтың органикалық өзгеруі салдарынан ырғақтың және (немесе) өткізгіштіктің бұзылуы (электрокардиография, эхокардиография сәулелік диагностика және т.б. әдістерінің мәліметтері бойынша) кезінде медициналық куәландыру бағандар бойынша талаптардың 42-тармағы бойынша жүргізіледі.
48-тармақ. Әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер жүрек зақымының (қан айналымының жеткіліксіздігі, жүрек ырғағының және өткізгіштігінің әртүрлі түрлері) тұрақты белгілері анықталмаған ревматитті емес миокардиттер себебінен стационарлық емделу аяқталғаннан кейін әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылады.
І, ІІ бағандар бойынша куәландырылатындар ревматитті емес миокардитке шалдыққаннан кейін медициналық мекемеден шығарылғаннан кейін 6 айға әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылады.
ІІІ баған бойынша куәландырылатындарға қатысты белсенді ревматизмнен, ревматитті емес миокардиттерден, миокард инфарктісінен кейін, сондай-ақ жүрекке, негізгі тамырларға, ірі магистральды және функциялардың уақытша сипаттағы бұзылуымен перифериялық қан тамырларына операциялардан кейін, емдеуді аяқтау және әскери қызмет міндеттерін орындау қабілетін толық қалпына келтіру үшін кемінде бір ай мерзім қажет болғанда, науқастануы бойынша демалыс беру туралы қорытынды шығарылады.
ІІІ баған бойынша куәландырылатындарға қатысты созылмалы ишемиялық аурудың асқынуынан (стенокардияның ұзаққа созылған ұстамалары, жүрек ырғағының және өткізгіштігінің өтпелі бұзылуы, созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің өтпелі түрлері), артериялық гипертензиядан (гипертониялық криздерден кейінгі жай-күй), жүрек аритмияларын тоқтатқан кездегі электр-импульсті терапиядан кейін босатуға мұқтаждығы туралы қорытынды шығарылады.
10-тарау. Тыныс алу мүшелерінің аурулары
49-тармақ. Мұрын қуысы, мұрын маңындағы қуыстардың, жұтқыншақтың аурулары.
49-тармақтың 1) тармақшасына: сасық тұмау (сасық самал), склерома жатады.
Сасық самал диагнозы мұрынмен тыныс алудың қиындауына, мұрын қуысындағы сасық қабықтарға және мұрыннан бөлінулерге шағымдар, мұрын қуысы шырышты қабықшаларында және жақын жатқан қабырға тіндерінде дистрофиялық өзгерістер, бактериологиялық зерттеу кезінде озенді қоздырғыштың бөлінуі негізінде қойылады. Науқастанудың бастапқы сатыларында көрсетілген клиникалық белгілер болмауы мүмкін. Ондай жағдайларда диагноз тек комплементті сасық самалдың антигенімен байланыстыру реакциясы мен бактериологиялық зерттеу кезінде озена қоздырғышын бөлінуімен расталады.
Склероманың клиникалық өтуінде науқастанудың мынадай түрлері ажыратылады: жасырын, инфильтративті, тыртықты, аралас. Диагноз пациенттің шағымдары негізінде науқастану түрі бойынша эндоскопиялық белгілер, серологиялық зерттеулердің деректері (комплементті склеромалы антигенмен байланыстыру реакциясы) бойынша және бактериологиялық зерттеу кезінде склерома клебсиеласының бөлінуі нәтижесінде белгіленеді. Инфильтративті түрі гистологиялық зерттеумен де расталады.
49-тармақтың 2) тармақшасына:
мұрынмен тыныс алудың бұзылуы бар үстіңгі тыныс алу жолдары шырышты қабығының атрофиялық немесе гипертрофиялық үдерістері қоса болатын іріңді және (немесе) полипозды синуситтер;
жиі асқынулармен өтетін асқынусыз созылмалы іріңді және (немесе) полипозды синуситтер;
денсаулық сақтау ұйымының мамандандырылған бөлімшесінде стационарлық жағдайда қайта емдеудің нәтижесіздігі кезінде жылдың барлық жылы уақыты (көктем, күз) ішінде мұрынмен тыныс алудың тұрақты, айқын көрінген бұзылуымен, риниттің клиникалық белгілері бар поллиноздар;
тұрмыстық аллергендерге сенсибилизациямен жиі (жылына үш және одан көп рет) асқынулармен, денсаулық сақтау ұйымының мамандандырылған бөлімшесінде стационарлық жағдайда қайта емдеудің нәтижесіздігі кезінде айқын көрінген клиникалық белгілерімен және еңбекке қабілетінің бұзылуымен өтетін аллергиялық риниттер;