Бүйректің жіті қабыну науқастануларына шалдыққаннан кейін кемінде 4 ай ішінде айқындалатын несепте патологиялық өзгерістер (протеин, қанның нысанды элементтері) болған кезде әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер осы тармақтың 3) тармақшасы бойынша куәландырылады.
Әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу және мерзімді әскери қызметке шақыру, келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру кезінде азаматтар, егер бүйректің жіті қабыну науқастануларына шалдыққаннан кейін 12 ай ішінде оларда тұрақты патологиялық несеп синдромы сақталса, 2) тармақша бойынша куәландырылады.
71-тармақтың 3) тармақшасына бүйрек функциясының шамалы бұзылуымен бүйректің созылмалы науқастанулары (1 - 2 деңгейлі БСА), микрогематурия түрінде оқшауланған несеп синдромы, этиопатогенетикалық терапия жүргізгеннен кейін жойылуы мүмкін бір грамға дейінгі тәуліктік протеинурия, бүйректің несепті араластыру және концентрациялау қабілеті шамалы бұзылған, радийизотопты ренография кезінде секреция-экскреторлық функциясының шамалы бұзылуы) жатады.
Әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілер жіті гломерулонефрит себебінен стационарлық емделуден кейін осы тармақтың 3) тармақшасы бойынша куәландырылады.
71-тармақтың 4) тармақшасына бүйректің бөлу функцияларының бұзылуынсыз және несепте патологиялық өзгерістер мен рентгенологиялық бұзушылықтар жоқ болмағандағы созылмалы науқастанулар жатады.
Осы тармақта көрсетілген бүйрек науқастануларымен байланысты симптоматикалық артериялық гипертензия кезінде әскери қызметке жарамдылық санаты туралы қорытынды бүйрек функциясының бұзылу дәрежесіне байланысты осы тармақтың 1), 2) немесе 3) тармақшалары бойынша және АҚ деңгейіне байланысты бағандар бойынша талаптардың 43-тармағының 1), 2) немесе 3) тармақшалары бойынша шығарылады.
Әскери қызметшілерге бүйректің жіті қабыну науқастануларынан кейін науқастануы бойынша демалыс немесе босату беру қажеттігі туралы қорытынды талаптардың 78-тармағы бойынша шығарылады.
72-тармақ. Тармақ бітелген уропатия және рефлюкс-уропатия (гидронефроз, пионефроз), пиелонефрит (қайталанған), несеп-тас ауруы, бүйректің және несеп ағардың басқа да аурулары, цистит, қуықтың басқа да науқастанулары несеп шығару жолдарының төменгі бөліктерінің тастарын) (белгісіз себептер бойынша кішкентай бүйрек, бүйректің гипертрофеясын, нефропатоз бен басқалары) венерологиялық емес уретрит, үрпі стриктурасы, үрпінің басқа да ауруларын көздейді.
72-тармақтың 1) тармақшасына:
бүйректердің бөлу функцияларының елеулі айқын көрінген бұзылу немесе созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі қоса болатын науқастанулары (БСА 4 - 5 деңгейлері);
емдеудің қанағаттанарлықсыз нәтижесі кезінде қос бүйректің зақымдануымен несеп-тас ауруы (тастар, гидронефроз, пионефроз, емделмейтін калькульезді пиелонефрит);
3-деңгейлі гидронефроз;
ІІІ дәрежелі екі жақты нефроптоз;
құрсақ қуысының және (немесе) қынап мүшелеріндегі несептік жыланкөздер;
қызмет етуші нефростома, эпицистостома, уретеростома;
қызмет атқармайтын бүйрек немесе қалған бүйрек функциясының кез келген бұзылуы дәрежесі болған кезде ауыру себебінен алынып тасталған бір бүйректің болмауы;
қуықты резекциялау немесе пластикалаудан кейінгі жай-күй;
қуық-несепағар рефлюксі және екінші қайтара екі жақты созылмалы пиелонефрит немесе гидронефроз, микроциститпен қоса болатын қуық мойынының склерозы жатады.
72-тармақтың 2) тармақшасына:
бүйректің бөлу функцияларының бұзылулары орташа айқын көрінумен немесе 3-деңгейлі БСА көріністерімен ілесетін науқастанулар;
бүйрек шаншуының жиі (жылына үш рет және одан астам) ұстамаларымен, тастардың қайтуымен, бүйректердің бөлу функциясының орташа бұзылуымен несеп-тас ауруы;
қызмет атқармайтын бүйрек немесе басқа бүйрек функциясының бұзылуынсыз, ауыру себебінен алынып тасталған бір бүйректің болмауы;
2-деңгейлі гидронефроз;
үнемі ауырсыну синдромымен, екінші қайтара пиелонефритпен немесе симптоматикалық гипертензиямен ІІ дәрежелі екі жақты нефроптоз;
ІІІ дәрежелі біржақты нефроптоз;
несеп бөлу жүйесінің екінші қайтара бір жақты өзгерістері кезінде қуық мойынының склерозы (біржақты гидроуретер, гидронефроз, екінші қайтара пиелонефрит);
жүйелі сүмбілеуді талап ететін үрпі стриктурасы жатады.
72-тармақтың 3) тармақшасына:
2-сатылы БСА көріністерімен немесе бүйректің бөлу функцияларының шамалы бұзылуымен айқын көріністерімен ұласқан науқастанулары;
несепте патологиялық өзгерістер болған кезде сәуленену әдістерінің зерттеулерімен расталған бүйрек шаншуының сирек (жылына кемінде үш рет) ұстамаларымен бүйректің, несепағардың жекелеген (0,5 см дейін) тастары;
бөлу функциясының бұзылуынсыз бүйректердің, несепағардың жекелеген (0,5 см және одан астам) тастары;
шамалы клиникалық белгілерімен және бүйректің бөлу функциясының шамалы бұзылуымен ІІ дәрежелі екі жақты нефроптоз;
екінші қайтара пиелонефритпен ІІ дәрежелі біржақты нефроптоз;
жылына үш мәрте және одан астам стационарлық емдеуді қажет ететін асқынулармен несеп бөлу жүйесінің созылмалы аурулары (цистит, уретрит);
емдеудің қанағаттанарлық нәтижесі кезінде жылына екі реттен көп болмайтын сүмбілеуді қажет ететін үрпі стриктурасы жатады.
72-тармақтың 4) тармақшасына:
тастың қайта түзілуінсіз несеп шығару жолдарынан (бүйрек қуысы, несепағар, қуық) жекелеген тасты құралдық алып тастағаннан немесе өз еркімен шығуынан кейінгі жай-күй;
несеп бөлу жолдарындағы тастарды бөлшектеуден кейінгі жай-күй (ІІІ - ІV бағандар бойынша куәландырылушылар үшін);
тек ультрадыбысты зерттеумен расталған, несепте патологиялық өзгерістерсіз бүйректің, несепағардың ұсақ (0,5 см дейін) жекелеген конкременттері жатады.
І деңгейлі бір жақты немесе екі жақты нефроптоз;
Бүйректің жиынтық бөлу функцияларының бұзылуы қан мен несепті зертханалық талдау деректерімен, рентгендік (экскреторлық урография, компъютерлі томография, ангиография), ультрадыбыстық немесе радионуклидтік әдістер (ренография, нефросцинтиграфия, тікелей емес ангиография) деректерімен расталады.
Нефроптоз сатысын рентгенолог тексерілуші тік тұрған кезде рентгенограмма бойынша айқындайды:
І дәреже - бүйректің төменгі полюсінің 2 омыртқаға төмендеуі;
ІІ дәреже - 3 омыртқаға;
ІІІ дәреже - 3 омыртқадан артық төмендеуі.
Бір қалыптағы бүйректің физиологоиялық қозғалысы болып бүйрек кескіндемесінің төменге қарай 1 омыртқа денесінен биік түспеуі табылады.
Осы тармақта көрсетілген бүйрек науқастануларымен байланысты симптоматикалық артериялық гипертензия болған кезде әскери қызметке жарамдылық санаты туралы қорытынды бүйрек функцияларының бұзылу дәрежесіне байланысты осы тармақтың 1), 2) немесе 3) тармақшалары бойынша және АҚ деңгейіне байланысты бағандар бойынша талаптардың 43-тармағының 1), 2) немесе 3) тармақшалары бойынша шығарылады.
73-тармақ. Гиперплазияны, қуық түбі безінің қабынуы және басқа да ауруларды, ен шеменін, орхитті және эпидидимитті, күпектің аса артық болуын, фимозды және парафимозды, еркек жыныс мүшелерінің басқа да ауруларын көздейді.
Еркек жыныс мүшелерінің науқастанулары себебінен көрсеткіштер бойынша куәландырылатындарға хирургиялық емдеу ұсынылады. Емдеудің қанағаттанғысыз нәтижелері немесе одан бас тартқан кезде медициналық куәландыру функционалдық тұрғыдан бұзылу дәрежесіне байланысты жүргізіледі.
73-тармақтың 1) тармақшасына:
емдеудің қанағаттанарлықсыз нәтижесі немесе одан бас тартқан кезде несеп бөлудің елеулі бұзылуымен ІІІ сатылы қуық түбі безінің гиперплазиясы, бұл ретте несепқағар функциясының толықтай декомпенсациясы дамиды, пародоксальды ишурия пайда болады және бүйрек функциясы бұзылады;
проксималдық деңгейдегі тәждік жүлгедегі жыныс мүшесінің болмауы жатады.
73-тармақтың 2) тармақшасына:
несеп бөлудің орташа бұзылуымен қуық түбі безінің ІІ сатылы қатерсіз гиперплазиясы, несеп қалдығының мөлшері 50 мл астам;
науқасты жылына үш рет және одан астам стационарлық емдеуді қажет ететін созылмалы простатит (соның ішінде калькулезді);
ауыру (ерекшеліксіз және қатерсіз сипаттағы), жаралану немесе басқа да зақымданулар себебінен алып тастағаннан кейін екі еннің болмауы;
екі атабездің атрофиясы;
50 мл астам сұйықтық көлемімен ен қабығының немесе шәуһет бауының қайталанбалы (қайта хирургиялық емдегеннен кейін) бір жақты немесе екі жақты шемені;
тәждік жүлге деңгейіне дейін жыныс мүшесінің болмауы жатады.
73-тармақтың 3) тармақшасына:
қуық түбі безінің І сатылы гиперплазиясы;
симптомсыз ағым кезінде қуық түбі безінің тастарымен созылмалы простатит;
оперативті емдеуден бас тартқан кезде 50 мл астам сұйықтық мөлшерімен атабез қабығы немесе шәуһет бауы шеменінің бір мәрте қайталануы;
сперматогенезде бұзылу болған кезде еннің (екі еннің) гипоплазиясы жатады.
73-тармақтың 4) тармақшасына 50 мл кем сұйықтық көлемімен атабез қабығы немесе шәуһет бауы шемені, фимоз, шәуһет бауы, шамалы клиникалық белгілерімен еркек жыныс мүшелерінің басқа да аурулары жатады.
Науқастану себебі бойынша бір атабезді шеттетуден кейін, оның болмауы (айрықша емес және қатерсіз сипаттағы), оның эндокриндік функциясының сақталуы кезінде жара немесе басқа зақымдану жоқ болғанда осы тармақты қолдану үшін негіздеме болып табылмайды, әскери қызмет өткеруге кедергі болмайды.
Эндокриндік бұзылу болған кезде ауыру (ерекшеліксіз және қатерсіз сипаттағы), жаралану немесе басқа да зақымданулар себебінен алып тасталуынан кейін еннің болмаған кезде бағандар бойынша талаптардың 13-тармағы қолданылады.
Гинекомастия анықталған кезде куәландырылушылар эндокринологтың тереңдетілген зерттеп-қаралуынан өтеді. Эндокриндік жүйесі тарапынан патология жоқ болғанда олар осы тармақтың 4) тармақшасы бойынша куәландырылады.
15-тарау. Әйел жыныс мүшелері жүйесінің аурулары
74-тармақ. Тармақ әйел жамбас мүшелерінің қабыну ауруларын (аналық бездің, жатыр мойнының, жамбас талшықтарының, ішпердесінің, қынаптың, сарпайдың созылмалы қабыну ауруларын) көздейді.
74-тармақтың 1) тармақшасына кемінде бес жыл науқастану мерзімімен стационарлық емделуді талап ететін, айқын көрінген клиникалық белгілері, жиі асқынулары бар (жылына үш және одан көп) ауырған әйел жыныс мүшелерінің қабыну науқастанулары жатады.
74-тармақтың 2) тармақшасына орташа клиникалық белгілері, жиі асқынулары (жылына екі мәртеге дейін), стационарлық емдеуді қажет ететін кемінде үш жыл ауырған әйел жыныс мүшелерінің қабыну аурулары жатады.
74-тармақтың 3) тармақшасына стационарлық жағдайда емдеуді қажет етпейтін шамалы клиникалық белгілерімен және сирек асқынуларымен әйел жыныс мүшелерінің қабыну аурулары жатады.
75-тармақ. Эндометриоз.
75-тармақтың 1) тармақшасына радикальды емдеуден бас тартқан немесе оның қанағаттанарлықсыз нәтижесі кезінде хирургиялық емдеуді қажет ететін айқын көрінген клиникалық құбылыстары бар (төртінші сатылы) эндометриоз жатады.
Хирургиялық емдеу қанағаттанарлық нәтиже берген кезде куәландыру осы тармақтың 2) тармақшасы бойынша жүргізіледі.
75-тармақтың 2) тармақшасына консервативті емдеу қанағаттанарлық нәтиже берген кездегі орташа айқын көрінген клиникалық белгілері бар (үшінші сатылы) эндометриоз жатады.
75-тармақтың 3) тармақшасына шамалы клиникалық белгілерімен (бірінші, екінші сатылары) және сирек асқынулар болатын эндометриоз жатады.
Эндометриоздың клиникалық көріністері таралу үдерісінің дәрежесін, көп ошақтығын, бұзылу белгілерінің ұзақтығын: етеккір функциясын (гиперполименорея, метроррагия, етеккір кезеңі алдында және кейін қан аралас шығындылар, анемияның дамуы, ауыршаңдық белгілерімен бедеулік, ауыршаңдық белгісі); дизуриялық (несепті ұстамау); гастроинтестиналды (іш қату, іштің желденуі), сондай-ақ жүргізілетін емдеу іс-шараларының тиімділігі ескеріле отырып бағаланады.
Эндометриоздың сыртқы сатысын белгілеген кезде 1996 жылғы (R-AFS) Америка құрықтылық қоғамының жіктемесі қолданылады.
76-тармақ. Әйел сүт бездерінің ауруларын, жыныс мүшелерінің қабынбайтын аурулары (әйел жыныс мүшелерінің толық түсуі, жыланкөздері, жылауықтары, түймешіктері, мүжілуі, дисплазия, жыныс қуысының мойнағының лейкоплакиясы; жыныс қуысының, анабездің,жатырдың жалпақ байламының, жатыр мойнағының, қынаптың, сарпайдың және бұтаралық басқа да қабынбайтын ауруларын көздейді.
76-тармақтың 1) тармақшасына емдеудің қанағаттанғысыз нәтижелері немесе одан бас тартқан кезде жатырдың немесе қынаптың толық түсуі, шаттың толық айырылуы, жыныс мүшелерінің жыланкөзі (несепжыныстық, ішекті жыныстық) жатады.
Жатырдың түсуі - тұрып тұрған кезде (немесе жатып күшенген кезде) қынаптың қабырғаларын айналдырып, жыныс қуысы шегінен жатырдың толық сыртқа шыққан кездегі жай-күй саналады.
Шаттың толық айырылуы - шат бұлшықеттерінің тұтастығы толық бұзылған және олар анус қабырғаларымен байланысатын тыртықты тінге ауысқан, анус үңірейген және дұрыс кескіндемесінің болмауы кезіндегі айырылу саналады.
76-тармақтың 2) тармақшасына:
әйел жыныс мүшелерінің төмендеуі;
хирургиялық емдеуді қажет ететін, одан бас тартқан кездегі, сүт безінің қатерсіз дисплазиясы (мастопатия, фиброаденоз және т.б.);
жақын жатқан мүшелердің функциялары бұзылумен және ауырсыну синдромымен кіші жамбас маңындағы тыртықтық және жабыспа үрдістер жатады.
Жатыр мен қынаптың төмендеуі - күшенген кезде жыныс қуысының үңіреюі және одан жатыр мойынының немесе қынаптың алдыңғы және артқы қабырғаларының көрінуі кезіндегі жай-күй саналады, бірақ олар оның шегінен шықпайды.
Несепті ұстай алмаушылықпен асқынған жыныс мүшелерінің төмендеуі кезінде медициналық куәландыру емдеу нәтижелеріне байланысты
76-тармақтың 1) немесе 2) тармақшалары бойынша жүргізіледі.
76-тармақтың 3) тармақшасына:
қынап қабырғаларының шамалы төмендеуі;
ауырсыну синдромынсыз және жақын орналасқан мүшелер функцияларының бұзылуынсыз кіші жамбас аймағында тыртықты және жабысқақтық үдерістері;
хирургиялық емдеуді қажет етпейтін сүт безінің қатерсіз дисплазиясы;
меноррагиялар, іш қату, сегізкөз аймағында және іштің төменгі жағының ауруы қоса болатын жатырдың дұрыс орналаспауы жатады.
Функциясы бұзылмай жатырдың дұрыс орналаспауы осы тармақты қолдануға негіздеме болып табылмайды, әскери қызмет өткеруге, ӘОО-ға түсуге кедергі болмайды.
77-тармақ. Бұл тармақтың анабездік-етеккір функциясының бұзылуын (аменореяны, меноррагияны, метроррагияны, гипоменореяны, альгодисменореяны) көздейді.
77-тармақтың 1) тармақшасына:
анемияға әкелетін органикалық жағынан негізсіз тұрақты қан кетулер;
айқын көрінген вазомоторлы, эмоциональды-вегетативтік бұзушылықтармен, урогенитальдік бұзушылықтармен, тері және оның қосалқыларының зақымдануымен ілесетін ауыр деңгейдегі климактериялық синдром жатады.
77-тармақтың 2) тармақшасына олигоменореямен, аменореямен (операциядан кейінгі емес) белгіленетін, соның ішінде Штейн - Левенталь синдромы кезінде анабездік-етеккір функцияларының бұзылуы;
Климактериялық синдромның клиникалық көріністері болған кездегі жатырдың және аналық бездің болмауы жатады.
Жұмыс қабілеттілігін едәуір нашарлататын ауырлығы орташа деңгейдегі климактериялық синдром.
77-тармақтың 3) тармақшасына жалпы қанағаттанарлық даму кезінде жыныс инфантилизмі, бедеулік жатады.
Жұмыс қабілеттілігін төмендетпейтін және бар науқастанулардың ағымын күшейтпейтін климактериялық синдромның жеңіл түрлері осы тармақты қолдануға негіздеме болып табылмайды.
78-тармақ. Жіті науқастанудан немесе созылмалы науқастанудың асқынуынан немесе хирургиялық емдегеннен кейін несеп-жыныс жүйесінің функционалдық тұрғыдан уақытша бұзылуы.
Әскерге шақыру учаскелеріне тіркелген, мерзімді әскери қызметке шақырылған, келісімшарт бойынша әскери қызметке кірген, ӘОО-ға түскен кезде азаматтар, егер оларда бүйректердің жіті қабыну науқастануларына шалдыққаннан кейін несебінде патологиялық өзгерістер сақталса, 12 айға әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылады.
Жіті диффузды гломерулонефритке шалдыққан мерзімді қызмет әскери қызметшілері бағандар бойынша талаптардың 71-тармағы бойынша куәландырылады.
Кеілісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге науқастануы бойынша демалыс беру туралы қорытынды тек жіті пиелонефриттердің созылған асқынған ағымы кезінде жіті гломерулонефриттерден кейін, сондай-ақ әйел жыныс мүшелерінің (бартолинит, вульвит, кольпит, эндометрит, аднексит) жіті (емдеу мерзімі 2 айдан аспайтын) қабыну науқастануларынан кейін, операциялық емдеуден кейін шығарылады.
Бүйректердің жіті қабыну науқастануынан кейін бүйрек функциясының бұзылуы және несепте патологиялық өзгерістер туралы деректер болмаған кезде куәландырылушылар әскери қызметке жарамды деп танылады. Созылмалы нефриттің (пиелонефриттің) болуы немесе болмауы туралы түпкілікті сараптамалық шешім стационарлық жағдайда қайта тексеруден кейін шығарылады және бір немесе екі кезеңде жүргізіледі.
16-тарау. Жүктілік, бала туу және бала туудан кейінгі кезең
79-тармақ. Жүктілік, бала туу және бала туудан кейінгі кезең.
Жеңіл және орта дәрежелі ауыртпалықтағы жүктілік токсикозы кезінде босатуды беру, ал ауыр дәрежелі ауыртпалықта науқастануы бойынша демалыс беру қажеттігі туралы қорытынды шығарылады.
Жүктіліктің тоқтатылуына қатер төнген кезде науқастануы бойынша демалыс беру қажеттігі туралы қорытынды стационарлық емделуден кейін шығарылады. Әскери қызметші әйелдер оларда жүктілік белгіленген кезде РЗ, ИСК, ЗОҚ, ЭМӨ көздерімен, лазерлік сәулеленумен қызметке уақытша жарамсыз деп танылады.
Дәрігер (акушер-гинеколог) жүктілікті белгілеген сәттен бастап декреттік бала туу демалысының мерзіміне дейін (жүктіліктің 30 аптасы) саптық және дене даярлығынан, тәуліктік нарядтардан және далалық сабақтардан босатылады.
Әскери қызметші әйелдерге жүктілік мерзімі 12 (он екі) апта болған кезде жабдықсыз еркін әскери киім нысанын және қыспайтын төмен өкшелі аяқ киім киюге рұқсат етіледі.
17-тарау. Туа біткен кемістіктер (даму кемістіктері), өзгерістер мен хромосомды бұзылулар 80-тармақ. Психикалық бұзушылықтардан, нерв жүйесі ауруларынан, көздің, көмейдің, трахеяның, тері және тері асты жасушаларының ауруларынан басқа, мүшелер мен жүйелердің туа біткен ауытқушылықтарын (даму кемістіктерін), пішінінің өзгерулері мен хромосомалық бұзылуларын көздейді, бұл кезде куәландыру бағандар бойынша талаптардың сәйкес тармақтары бойынша жүргізіледі
Тармақ дамудың туа біткен кемістіктері мен ауытқушылықтарын емдеу мүмкіндігі жоқ болған кезде, емдеуден бас тартқан немесе оның қанағаттанарлықсыз нәтижелері жағдайларында қолданылады.
80-тармақтың 1) тармақшасына:
айқын көрінген клиникалық көріністермен және функциялардың күрт бұзылуымен беттің, мойынның, құлақтың туа біткен ауытқушылықтары (даму кемістіктері), (құлақ жарғағының, евстахиев түтігінің және т.б. болмауы);
СЖӘ І-ІV ФС болған кездегі (жүрек камералары мен қосылған жерінің, жүрек жүрекшеаралықтардың, қақпашалары және т.б.) және ірі қан тамырларының (аортаның стенозы, аплазиясы, аневризмасы, өкпе артериясының, қуыс көктамырдың және т.б.) жүректің аралас немесе үйлескен туа біткен кемістіктері;
СЖӘ ІІ-ІV ФС болған кезде жүректің немесе ірі қан тамырларының оқшауланған туа біткен ақаулары (аортаның тарылуы, өкпе артериясының тарылуы, сол жақ атриовентрикулярлық қуыстың тарылуы, аорталы (қосжармалы) қақпақшаның жеткіліксіздігі, аорталы қақпақша жармасының ілінуі, бикуспидальды аорталы қақпақша, миксоматоз, жүрекше аралық бөгелістің, қарынша аралық бөгелістің немесе Вальсальва синусының аневризмасы, қан регургитациясымен қақпақша жармаларының фенестрациясы, Боталлов түтіктерінің өспеуі, жүрекше аралық және қарынша аралық бөгелістің кемістігі және т.б.;
ІІІ дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігімен тыныс алу мүшелерінің туа біткен ақаулары (даму кемістіктері);
айқын көрінген клиникалық көріністермен және функциялардың күрт бұзылуымен ас қорыту мүшелерінің туа біткен ауытқушылықтары, ерін мен таңдай саңылаулары;
жыныс мүшелерінің туа біткен кемістіктері (даму кемістіктері) (жыныс мүшесінің болмауы, қынап атрезиясы), жыныстың екі ұштылығы және жалған қосжыныстылық;
қалған бір бүйрек функциясының бұзылуы кезінде, оның айқын көрінісінің деңгейіне қарамастан болатын бір бүйректің агенезиясы (болмауы);
БСА 4-5-сатылы көріністері бар бүйректің кистозды ауруы (поликистоз, бір жақты мультикистоз, дисплазиялар және т.б.);
екі бүйректің жамбастық, мықындық дистопиясы;
ІІІ сатыдағы туа біткен гидронефроз;
ІІІ сатыдағы таға тәрізді бүйрек;
деңгейі бойынша ІІІ дәрежелі АГ-ға сәйкес келетін және (немесе) бөлу функциясының елеулі бұзылуымен симптоматикалық артериалды гипертензиямен бүйректің және (немесе) бүйрек тамырларының (ангиография мәліметтерімен расталған) және (немесе) зәрағардың ауытқушылықтары;
зәр шығару функцияларының елеулі бұзылуы бар қуықтың ауытқушылықтары;
айқын көрінген өзгерістерімен, функциялардың елеулі бұзылуларымен бассүйектің, беттің және жақтың туа біткен пішіндерінің өзгерулері (жаншылған бет, долихоцефалия, краниосиностоз және т.б.);
ІІІ сатылы тыныс алу жеткіліксіздігімен рестриктивті тип бойынша омыртқаның, төстің туа біткен деформациялары (ауытқушылықтары) (қабысыңқы немесе ішке кіріп кеткен кеуде, бүкірлік, қисық және т.б.);
жамбас-мықын буындарындағы қозғалысты елеулі шектеумен ұласатын мықын мен жамбастың туа біткен өзгерулері;
8 см астам аяқ-қолдардың қысқаруымен сүйек пішінінің өзгерулері;
аяқ-қол сегменттерінің болмауы;
туа біткен остеохондроидисплазиялар (остеопетроз және т.б.);
мүше анатомияларын және (немесе) оның функцияларының бұзылуымен бірнеше жүйелерді жанап өтетін (Элерс-Данло синдромы, Марфан синдромы және т.б.)туа біткен ауытқушылықтар синдромдары және сүйек-бұлшықет жүйесінің басқа да туа біткен ауытқушылықтары (даму кемістіктері) жатады.
80-тармақтың 2) тармақшасына:
бір жақтағы құлақ жарғағының болмауы немесе бір жақтан немесе екі жақтан да құлақ жарғағын көріксіздендіретін өзгеруі;
СЖӘ болмаған кезде жүректің және ірі қан тамырларының (аортаның, өкпе артериясының) туа біткен аралас немесе жанама ақаулары;
СЖӘ І ФС болған кезде жүректің оқшауланған туа біткен ақаулары;
жүректің қос жармалы немесе басқа да қақпақшаларының ІІІ дәрежелі пролапсы (9 мм астам), жүрек іші гемодинамикасының бұзылуымен жүректің қос жармалы немесе басқа да қақпақшаларының ІІ дәрежелі пролапсы (6-8,9 мм), сондай-ақ жармалардың миксоматозды дегенерациясымен асқынған қақпақшалар пролапсы;
бағандар бойынша талаптардың 42-тармағының 1), 2) 3) тармақшаларында көрсетілген асқазанның диастолиялық функциясының бұзылуы (ЭхоКГ нәтижелері бойынша) және (немесе) жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылуы қоса болатын сол (оң) жақ қарынша қуысының геометриясын өзгертетін жүректің кіші кемістіктері (қарыншалардың артық трабекулярлығы) немесе олардың жанамаласуы;
ІІ дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігімен тыныс алу мүшелерінің туа біткен ақаулары (даму кемістіктері);
функциялардың шамалы бұзылуымен ас қорыту мүшелерінің туа біткен ауытқушылықтары (даму кемістіктері);
туғаннан атабездердің болмауы;
ұма немесе шатаралық гипоспадия, толықтай (тотальды) эписпадия;
қалған бүйректің қалыпты функциясы кезінде бір бүйректің агенезиясы;
3-сатылы БСА көріністерімен бүйректің кистозды ауруы;
І - ІІ сатылы туа біткен гидронефроз;
І - ІІ сатылы таға тәрізді бүйрек;
деңгейі бойынша ІІ дәрежелі АГ-ға сәйкес симптоматикалық артериялық гипертензиямен бүйрек және (немесе) бүйрек тамырларының немесе зәрағардың кемістігі;
зәр бөлу функциясының орташа бұзылуымен несепағардың немесе қуықтың кемістігі;
бүйректің біржақты жамбастық, мықындық дистопиясы;
функциясының орташа бұзылуымен тұрақты немесе баяу үдемелі өзгерістер болған кезде бассүйек дамуының ақаулары мен кемістіктері (краниостеноз, платибазия, базиллярлы импрессиялар, макро немесе микроцефалия);
кеуде қуысының өзгеруімен және рестриктивті типі бойынша ІІ дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігімен омыртқаның, кеуде қуысының туа біткен қисаюлары (кемістіктері);
жамбас-мықын буындарында қозғалысты орташа шектеу қоса болатын жамбас пен мықынныңтуа біткен өзгерулері;
аяқтың 5-8 см дейін қысқаруымен деформациясы;
ортан жілік ішкі айдаршығының шығыңқы жерінің арасы 20 см астам аяқтардың О тәрізді қисаюы немесе жіліншік-тобық арасы 15 см астам Х тәрізді қисықтығы жатады;
80-тармақтың 3) тармақшасына:
І - ІІ дәрежелі екі жақты микротия;
екінші құлаққа сыбырлап сөйлеуді 3 м астам қашықтықта қабылдау кезінде есту жолының атрезиясы;
СЖӘ болмаған кезде оқшауланған туа біткен жүрек ақаулары;
СЖӘ белгілерінсіз жүрек қалқаларының ақауларын шеттету бойынша табысты жасалған операцияның салдары;
жүрек іші гемодинамикасының бұзылуынсыз жүректің қос жармалы немесе басқа да қақпақшаларының ІІ дәрежелі пролапсы (6 - 8, 9 мм);
ІІ дәрежелі және одан астам регургитациямен жүректің қос жармалы немесе басқа да қақпақшаларының І дәрежелі пролапсы (3 - 5, 9 мм дейін);
сол (оң) жақ қарынша қуысының геометриясын өзгертетін және ЭЕМ нәтижелері бойынша орындалған жүктеме қуатының төмендеуі қоса болатын жүректің шағын кемістіктері немесе олардың жанамаласуы;