34-тармақ. Рефракция мен аккомодацияның бұзылуы.
Рефракция ауытқуының түрі және дәрежесі скиаскопияның немесе рефрактометрияның көмегімен айқындалады.
Осы тармақта көрсетілген рефракция ауытқуларында әскери қызметке жарамдылықты дербес бағалау көзделген жағдайларда шешуші мән көру өткірлігіне беріледі.
Тұрақты түйілу, парез немесе аккомодацияның параличі кезінде невропатологтың, терапевтің және басқа да мамандықтар дәрігерлерінің қатысуымен тексеру жүргізіледі. Егер тұрақты түйілу, парез немесе аккомодация парезі нерв жүйесінің, ішкі мүшелердің науқастануларына байланысты болса, онда медициналық куәландыру негізгі науқастанулары бойынша жүргізіледі.
Циклоплегия кезінде айқындалған рефракция, циклоплегияға дейінгі оңтайлы теріс түзететін линзаның күшінен әлсіз болғанда аккомадацияның түйілуі функционалдық науқастану болып табылады.
Бір немесе екі көздегі түйілу, аккомодация парезі кезінде нәтижесіз стационарлық емдеуден кейін әскери қызметке жарамдылық санаты бірнеше рет циклоплегия жасағаннан кейін бастапқы деңгейге қайтып келетін аметропия түзетуімен және дәрежесімен көру өткірлігіне байланысты бағандар бойынша талаптардың 34 немесе 35-тармақтары бойынша айқындалады.
Бір көздегі аккомадацияның тұрақты парезі кезінде әскери қызметке жарамдылық санаты, әскери-есептік мамандық бойынша жарамдылығы көз функцияларына байланысты айқындалады.
3,0 дптр-ден артық анағұрлым үлкен аметропия меридианында жақыннан көрумен немесе алыстан көрумен, екі басты меридиандарда 2,0 дптр рефракция айырмашылығымен кез келген түрдегі астигматизммен ІV баған бойынша куәландырылатын кіші сержанттар мен қатардағы жауынгерлер құрамы санынан келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер ДШӘ-де, АМБ-да және ӘТК-де әскери қызметке жарамсыз деп танылады.
35-тармақ. Соқырлық, нашар көру, түсті көру кемістігі.
Әр көздің көру өткірлігі кез келген, соның ішінде құрастырылған шынылармен, сондай-ақ түйіспелі линзалармен (төзімділігі жақсы жағдайда (кемінде 20 сағат), диплопия, көздің тітіркенуі болмаған жағдайда), ІІІ баған бойынша куәландырылатын әскери қызметшілерде бұдан басқа интраокулярлы линзалармен ескеріледі.
Түйіспелі линзаларды пайдаланатын адамдарда көру өткірлігі кәдімгі көзілдіріктермен тексеріледі.
І, ІІ бағандар бойынша куәландырылатын адамдар үшін әскери қызмет өткеруге кедергі келтірмейтін көру өткірлігі түзетумен алыстан көру үшін бір көзге 0,5-тен және екінші көзге 0,1-ден төмен емес немесе әр көзге 0,4-тен төмен емес болып айқындалады. Күмәнді жағдайларда көру өткірлігі зерттеудің бақылау әдістерінің көмегімен айқындалады.
Кәдімгі сфералық шынылармен түзету кезінде, сондай-ақ түзетілмеген анзиметропия кезінде талаптардың барлық бағандардың бойынша куәландырылатындарда көру өткірлігі іс жүзінде төзімді бинокулярлық түзетумен, яғни екі көз үшін шынылар күшінің айырмашылығы 2,0 дптр-дан артық емес есептеледі. Астигматизмнің кез келген түрін түзету барлық меридиандар бойынша цилиндрлік немесе құрастырылған шынылармен жүргізіледі.
ӘОО-ға түсетін азаматтарда бағандар бойынша талаптардың 3- қосымшасында көрсетілген рефракция шегінен аспайтын көру өткірлігі тек алыстан көрмеушілік, қарапайым және күрделі алыстан көрмеушілік астигматизмі бар болған кезде, ал көру өткірлігі төмендеудің өзге де себептері кезінде (соның ішінде алыстан көру, алыстан көргіштік немесе аралас астигматизм кезінде) - түзетусіз айқындалады.
ІV баған бойынша куәландырылатындар көру өткірлігі түзетулерсіз алыс үшін бір көзге 0,5-тен төмен және екінші көзге 0,4-тен төмен кезінде қызметке жарамсыз деп танылады.
Түсті сезінудің төмендеуі түрлерін, дәрежелерін диагностикалау кезінде медициналық практикада қолдануға рұқсат етілген түсті көруді зерттеу үшін шек кестелеріне әдістемелік нұсқауларды басшылыққа алу қажет. «С» типіндегі аномальді трихомазияға куәландырылатындар ХVІІІ кестені дұрыс оқу кезінде Рабкиннің полихроматикалық кестелеріндегі 12 және одан көп кестені дұрыс таныған кездегі жай-күйлер жатады.
8-тарау. Құлақ пен емізік өскінінің аурулары
37-тармақ. Сыртқы құлақ ауруларын: сыртқы есту жолының және құлақ қалқанының экземасын, созылмалы диффузды сыртқы отитті, есту жолының экзостозын, жүре пайда болған есту жолының тарылуын көздейді. Сыртқы есту жолының және құлақ қалқанының экземасы, микоздар кезінде сыртқы отит диагнозы дерматовенеролог-дәрігермен бірлесіп қойылады.
Сыртқы есту жолының және құлақ қалқанының экземасы, созылмалы диффузды сыртқы отиті, микоздар кезінде сыртқы отиті бар әскерге шақырылушыларға талаптардың 41-тармағы бойынша кейіннен медициналық куәландырумен 6 айға дейін әскерге шақыруды кейінге қалдыру беріледі.
Естудің бұзылуымен есту жолының жүре пайда болған тарылуы, экзостозы кезінде, олардың нашарлау дәрежесіне байланысты куәландыру бағандар бойынша талаптардың 40-тармағы бойынша жүргізіледі.
38-тармақ. Ортаңғы құлақтың және емізік өскінінің аурулары. Ортаңғы құлақтың созылмалы іріңді науқастанудың (эпитимпано-антральды, туботимпанальды орта отит) диагнозы отоскопиялық (іріңді бөлінулер, дабыл жарғақтарының перфорациясы, грануляциялар, полиптер, холестеотомды қоймалжындар) деректермен, самай сүйектерін рентгенологиялық, КТ-зерттеулермен, есту функциясын және құлақ барофункциясын зерттеумен, сондай-ақ емдеуді талап ететін жиі асқынулармен (жылына кемінде екі рет) расталады.
Ортаңғы құлақтың созылмалы аурулары кезінде барлық куәландырылатындарға емделу ұсынылады.
38-тармақтың 1) тармақшасына:
риноманометриямен расталған тыныс алудың тұрақты қиындауы қоса болатын екі жақты немесе біржақты созылмалы іріңді орта отит;
операциядан кейін 30 және одан көп тәулік бойы ірің, грануляциялар немесе холестеатомды қоймалжыңдар болған кезде операциядан кейінгі қуыстарды толық емес эпидермизациялаумен ортаңғы құлақтың созылмалы ауруларын хирургиялық емдеуден кейінгі жай-күй жатады.
38-тармақтың 2) тармақшасына:
операциядан кейінгі қуыстарды толық эпидермизациялау кезінде дабыл жарғағының екіжақты тұрақты құрғақ перфорациялары, оның ішінде жарақаттан кейінгі немесе екі құлаққа радикалды операциялардан кейінгі жай-күй жатады.
Дабыл жарғағының тұрақты құрғақ перфорациясын 12 және одан көп ай ішінде ортаңғы құлақтың қабынуы болмаған кезде дабыл жарғағы перфорациясының болуы деп түсіну қажет.
Созылмалы іріңді орта отиттің болуы отоскопиялық деректермен (дабыл қуысынан бөлінетін, дабыл жарғағының перфорациясы), дабыл жарғағынан бөлінетінді микрофлораға себумен, самай сүйектерінің рентгенографиясымен, КТ-мен расталады.
3) тармақшаға дабыл жарғағының біржақты тұрақты құрғақ перфорациялары, оның ішінде жарақаттан кейінгі, адгезивті орта отит, тимпаносклероз, операциядан кейінгі қуысты толық эпидермизациялау кезінде 12 және одан көп ай бұрын бір құлаққа радикалды операция жасалғаннан кейінгі жай-күй жатады.
Жауынгер жүзгіштер мен сүңгуірлер құрамына барофункцияны зерттеу барокамерада (рекомпрессиялы камерада) жүргізіледі. Жауынгерлік жүзгіштер, сондай-ақ сүңгуірлер мамандығына оқуға іріктелетін және оқитын адамдар, оларда есту түтігінің жақсы өткізгіштігі (І және ІІ дәрежелі барофункция) болған кезде жарамды, ал барофункцияның ІІІ дәрежелі тұрақты бұзылуымен жарамсыз деп танылады.
Құлақ барофункциясының тұрақты бұзылуы қайталанған зерттеулер деректері бойынша айқындалады.
Барофункцияның ІІІ дәрежелі тұрақты бұзылуы кезінде әскери-есептік сүңгуір және жауынгерлік жүзгіштер әскери-есептік мамандығы бойынша қызмет өткеретіндердің жарамдылығы дербес айқындалады, ал барофункцияның ІV дәрежелі бұзылуы кезінде олар жарамсыз деп танылады.
Ортаңғы құлаққа радикалды немесе реконструктивті-қалпына келтіру операцияларынан кейін жақсы нәтижелері бар әскери қызметшілерге босату беріледі, ал азаматтар әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу, мерзімді әскери қызметке шақыру және келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін кезде егер стационардан шыққаннан кейін кемінде 3 ай өтсе, бағандар бойынша талаптардың 41-тармағы бойынша 6 айға әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылады. Операциядан кейінгі қуысты толық эпидермизациялау кезінде куәландыру осы тармақтың 3) тармақшасы бойынша жүргізіледі.
39-тармақ. Вестибулярлық бұзылулар кезінде осы тексерулер невропатологпен бірлесіп бағаланады.
39-тармақтың 1) тармақшасына кенеттен айқын көрінген меньер тәрізді науқастанулар, сондай-ақ ұстамалары стационарлық тексеру кезінде байқалған және медициналық құжаттармен расталған вестибулярлық бұзылулардың басқа да түрлері жатады.
39-тармақтың 2) тармақшасына ұстамалары қысқа мерзімде орташа байқалатын вестибулярлы-вегетативті бұзылумен өтетін меньер тәрізді науқастанулардың жағдайлары және вестибулярлық бұзылулардың басқа да түрлері жатады.
39-тармақтың 3) тармақшасына вестибулярлық бұзылулар симптомдары және басқа да мүшелердің науқастанулары болмаған кезде тербеліске күрт жоғары сезімталдық жатады.
ӘТК-де әскери қызметке жарамдылығы туралы мәселені шешу кезінде тербеліске дағдылану ескеріледі.
Тербеліс салдарынан әскери-есептік мамандық бойынша әскери қызмет міндеттерін орындау қабілетін жоғалту және кемінде бір жыл кезеңінде оң нәтижелер болмаған кезде (арнайы жаттықтырулардан, жорықтарға қатысудан) ӘТК-де әскери қызметке жарамсыздығы туралы қорытынды шығарылады.
ӘДК ӘТК-де қызметке жарамсыздығы туралы қорытындыны вестибулярлық-вегетативті сезімталдықты зерттеу нәтижелеріне, үш жазықтықта отолит реакциясы тәжірибесіне, айналатын креслода немесе Хилов әткеншегінде тітіркенуді, Кориолис үдеулерінің үздіксіз кумуляциясы сынамасының сомалануы (кумуляциясы) нәтижелеріне негізделе отырып шығарады.
Вестибулометрия нәтижелері невропатологпен бірлесіп бағаланады. Вестибулярлық бұзылулардың уақытша сипаты көрсетілген кезде жан-жақты тексеру мен емдеу жүргізіледі.
ӘТК-ге іріктеу кезінде тербеліске төзімділіктің өлшемшарты отолитті реакция зерттеулерінің немесе Кориолис үдеткішінің үздіксіз кумуляциясын сынау нәтижелері болады. Осы зерттеулер кезінде ІІІ дәрежелі вестибулярлы реакцияны беретін адамдар ӘТК-де қызметке жарамсыз.
Вестибулярлы функцияны зерттеу нәтижелерін бағалау ІІІ дәрежелі қорғаныстық қозғалыстарды ескере отырып жүргізіледі. Қарқынды вегетативті реакциялардың болмауы ӘТК-де қызметке жарамсыздығы туралы қорытынды шығаруға негіздеме бола алмайды, өйткені вестибулярлы аппаратқа тітіркенудің осы реакциясы тұрақты болып табылмайды және, әдетте, тиісті жаттықтырулар кезінде жоғалып кетеді.
Парашютпен даярлыққа байланысты адамдарды медициналық куәландыру кезінде НКУК әдісімен үш минут ішінде Кориолис үдеткіш әсерімен немесе ПКУК әдісімен екі минут ішінде сынау жүргізіледі. Нашар көрінген вегетативтік реакция алынған кезде сынауды бір-екі күннен кейін қайталаған дұрыс. Вестибулярлық аппараттың кумулятивтік әсерге төмен тұрақтылығы қайта анықталса, олар жарамсыз деп танылады. Адекватты тітіркендіргіштердің кумулятивтік әсеріне вестибуляторлық аппаратты зерттеуді тамақ ішкен соң екі сағаттан кейін күннің бірінші жартысында жүргізу қажет. Сынау кезінде айқын көрінген вегетативтік реакция (кенеттен пайда болған нистагм, вестибулды-окулярлы және оптокинетикалық рефлекстер асимметриясы және оларды басу реакциялары, күрт бозарып кету, лоқсу, құсу және т.б.) зерттелетіндер вестибулярлық тітіркендіргіштерге тұрақсыз деп саналады және жарамсыз деп танылады.
40-тармақ. Кереңдік, кереңдік-мылқаулық, естудің төмендеуі.
І, ІІ бағандар бойынша куәландырылатын адамдар үшін әскери қызмет өткеруге кедергі келтірмейтін сыбырлап сөйлеуді қабылдау бір құлаққа кемінде 2 м қашықтықта және екінші құлаққа кемінде 4 м қашықтықта немесе екі құлаққа кемінде 3 м қашықтықта айқындалады.
Екі құлақтың кереңдігін немесе кереңдік-мылқаулықты денсаулық сақтау мекемелері, ұйымдары немесе керең-мылқауларға арналған оқу орындары қосымша растайды. Кереңдік деп құлақ қалқаны алдындағы айқайды қабылдамау саналуы тиіс.
Екі құлағына кохлеарлық имплантат қою арқылы жандандыру бойынша операция жасатқан тұлғалар осы тармақтың 1) тармақшасы бойынша, ал бір құлағына операция жасатқандар 2) тармақшасы бойынша куәландырылады.
Естудің төмендеуі дәрежесін айқындау кезінде мынадай арнайы зерттеу әдістері жүргізіледі: сыбырлап сөйлеумен және сөйлеумен, камертондармен, құлақтың барофункциясын міндетті түрде анықтай отырып объективті аудиометриямен (шақырылған потенциалды естуді тіркеу, отоакустикалық эмиссия және тағы басқа).
Әскери қызметке жарамдылық санатын өзгертуді айқындайтын естудің төмендеуі кезінде көрсетілген зерттеулер бірнеше рет жүргізіледі (тексеру кезеңінде кемінде үш рет). Бір немесе екі құлаққа кереңдікке күмән келтірген кезде кереңдікті объективті айқындаудың мынадай қосымша тәсілдерін қолданады: Барани сылдырмағын пайдалану, Говсеев, Попов, Штенгер, Хилов тәжірибелері. Естудің едәуір (үш метрден асатын) құлақ аралық айырмашылығы кезінде Стенверс әдісі бойынша шеке сүйектерінің рентгенографиясы немесе шеке сүйектерінің компьютерлік томографиясы жүргізіледі.
Осы тармақ бойынша әскери қызметке жарамдылық санаты туралы қорытынды сурдолог тексергеннен кейін шығарылады.
Әскери қызметке жарамдылық санатын дербес бағалаған кезде әскери қызметшілердің нақты әскери қызмет жағдайлары, әскери бөлім қолбасшылығы мен дәрігерінің мінездемелері, байланыстың электроакустикалық құралдарын (телефон, радиобайланыс) пайдалану кезінде құлаққап арқылы естуді тексеру жолымен функционалдық зерттеу деректері ескеріледі.
Естудің тұрақты төмендеуі кезінде, егер сыбырлап сөйлеуді қабылдау бір құлаққа кемінде 6 м болса, ӘОО-на (мектепке) түсушілер, сондай-ақ тәрбиеленушілер жарамсыз деп танылады.
41-тармақ. Бір ортаңғы құлаққа радикалды операциядан кейін жақсы нәтижелері бар азаматтар І, ІІ бағандаы бойынша куәландырылатындар жасалған операциядан кейін 12 ай мерзімге әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылады. Осы мерзім аяқталғаннан кейін операциядан кейінгі қуыстың толық эпидермизациясы кезінде талаптардың 38-тармағының 3) тармақшасы бойынша қорытынды шығарылады.
9-тарау. Қан айналымы жүйесінің аурулары
Қан айналымы жүйесінің науқастанулары кезінде созылмалы жүрек жеткіліксіздігі Нью-Йорк жүрек ассоциациясының (NYHA, 1964 ж.) жіктеуіне сәйкес функционалдық сыныптар бойынша, стенокардия - Канада кардиоваскулярлық қауымның жіктемесіне сәйкес (1976) бағаланады.
42-тармақ. Жүректің қосжармалы және (немесе) басқа да қақпақшаларының (дәнекер тін дисплазиясының көріністері сияқты) алғашқы проллапсы кезінде азаматтарды медициналық куәландыру бағандар бойынша талаптардың 80-тармағы бойынша, ал жүректің қосжармалы және (немесе) басқа да қақпақшаларының қайталанған проллапсы кезінде (жүректің ишемиялық ауруы, миокардит, кардиомиопатия, жарақаттануы және басқа да науқастанулар кезінде қалыптасатын) осы тармақ бойынша жүргізіледі.
42-тармақтың 1) тармақшасына:
СЖӘ ІІІ-ІV ФС жүрек-қан тамырлары жүйесінің науқастанулары;
жүрек жеткіліксіздігі болған немесе болмаған кездегі аралас (жүректің бірнеше қақпақшаларының зақымдануы) немесе құрамдас (жүректің бір қақпақшасының зақымдануы: тарылуы және жеткіліксіздігі) жүре пайда болатын жүрек ақаулары;
СЖӘ І-ІV ФС болған кезде оқшауланған аорталы жүрек ақаулары;
перикардтың ауқымды бітелуі;
сол жақ атриовентрикулярлық тесіктің оқшауланған тарылуы;
трикуспидальді қақпақшаның тарылуы;
өкпе артериясының тарылуы;
сол жақ қарыншадан шығатын жолдар бітелулері бар дилатациялық және рестриктивті кардиомиопатиялар, гипертрофиялық кардиомиопатия;
СЖӘ І-ІV ФС болған кезінде жүргізушінің жасанды ырғағының имплантациясы, жүректің қақпақша аппаратына операциялық араласу салдары;
науқастанулардың айқын байқалуына қарамастан, оларға әкеп соқтыратын өмірге қауіпті ырғақ пен өткізгіштіктің бұзылуларының жекелеген түрлері (қарыншалар фибрилляциясы, асистолия, пароксизмалы қарынша тахикардиясы, (30 секундтан аса немесе гемодинамикалық бұзылулар салдарын тоқтатуды қажет етеді) толық АV-блокада);
тұрақты, қиын емделетін жүрек ырғағының бұзылу түрлері (жүрекше фибрилляциясының тұрақты түрі, фибрилляцияның қайталанған пароксизмдері немесе жүрекшелер дірілі),жүрек ырғағын қалпына келтіру үшін электрлі кардиоверсияны қолданылады.
егер олар дәрі-дәрмекпен индукцияланбаса ЭКГ-да немесе ЭКГ тәуліктік мониторингілеу деректері бойынша 3 секундтан астам үзіліске әкеп соқтыратын, клиникалық көріністеріне қарамастан ырғақтың және өткізгіштіктің тұрақты бұзылулары;
Бругад синдромы;
шағын емес миокард;
оң жақ қарыншаның аритмогенді дисплазиясы жатады.
42-тармақтың 2) тармақшасына СЖӘ ІІ ФС қоса болатын жүрек науқастануларынан басқа мыналар жатады:
жүрек іші гемодинамикасының бұзылуымен жүректің қосжармалы немесе басқа да қақпақшаларының ІІІ дәрежелі (9 мм және одан астам) ІІ дәрежелі (6-8,9 мм) пролапсы;
СЖӘ І ФС болған кезде оқшауланған жүре пайда болған жүрек ақаулары 42-тармақтың 1) тармақшада көрсетілгендерден басқа) жатады.
СЖӘ 1 ФС болған кезде сол жақ қарыншадан шығу жолдарының бітелуінсіз гипертрофиялық кардиомиопатия;
жіті ревматитті безгектің қайталанған көріністері;
синусты түйін әлсіздігінің синдромы;
ырғақтың пароксизмалы бұзылулары бар тұрақты сипаттағы Q-T ұзартылған аралығының туа біткен және жүре пайда болған синдромы Q-T ұзартылған аралығы синдромының ЭКГ-критерийі болып оларды қабылдау Q-T аралығын ұзартуға әсер ететін, дәрілік заттарды қабылдамайтын, науқастардың тыныштықтағы ЭКГ-да Q-T аралығын 0,44 секунд астам түзетілген көлемі болып табылады;
жекелеген тұрақты, қиын емделетін ырғақтың бұзылу түрлері (фибрилляцияның жиі пароксизмдері немесе жүрекше дірілі, жылына 3 рет және одан жиі суправентрикулярлық тахикардияның жиі пароксизмдері жылына 3 рет және одан жиі, жиі политопты қарынша экстрасистолиясы, жұп қарынша экстрасистолиясы, соның ішінде стационарлық жағдайларда қайталанған емделудің нәтижесіздігі кезінде ЭКГ тәуліктік мониторингілеу деректері бойынша);
егер олар дәрі-дәрмекпен индукцияланбаса, ЭКГ-да (соның ішінде ЭКГ-нің тәуліктік мониторингілеу деректері бойынша) 2-3 секундтік үзілістердің пайда болуына әкеп соқтыратын және клиникалық симптоматика (бас айналу, синкопальды жай-күй және басқалар) қоса болатын ырғақтың және өткізгіштіктің тұрақты бұзылулары.
42-тармақтың 3) тармақшасына СЖӘ І ФС жүрек науқастануларын қоспағанда:
қайталанған ревматизм шабуылдары;
СЖӘ І ФС және (немесе) өткізгіштің, жүрек ырғағының, өткізгіштігінің тұрақты бұзылулары қоса болатын өзіндік кардиомиопатиялар;
СЖӘ белгілерінсіз гипертрофиялық кардиомиопатия;
жүрек іші гемодинамикасының бұзылуынсыз жүректің қосжармалы немесе басқа да қақпақшаларының ІІ дәрежелі пролапсы (6-8,9 мм);
ІІ дәрежелі және одан жоғары регургитациясы бар жүректің қосжармалы немесе басқа да қақпақшаларының І дәрежелі пролапсы (3-тен 5,9 мм дейін);
ырғақтың пароксизмалық бұзылуымен Вольф-Паркинсон-Уайт синдромы;
ырғақ бұзылуынсыз тұрақты сипаттағы Q-T ұзартылған аралығының туа біткен және жүре пайда болған синдромы;
өткізгіштіктің жекелеген тұрақты бұзылулары (егер ол дәрі-дәрмекпен индукцияланбаса (ІІ дәрежелі АV-блокадасы, Гис будалары оң жақ бұтағының және Гис будалары сол жақ артқы бұтағы тармағының толық блокадасы);
ЭКГ-ны тәуліктік мониторингілеу деректері бойынша анықталған қайталана беретін ІІ дәрежелі органикалық АV-блокадасы;
СЖӘ белгілері болмаған кезде жүректің қақпақша аппаратына операциялық араласу салдары, ырғақ жүргізушісінің жасанды имплантациясы;
жекелеген ырғақ пен өткізгіштіктің бұзылулары: жиі монотопты қарынша экстрасистолиясы (ЭКГ-ны тәуліктік мониторингілеу деректері бойынша сағатына 30 және одан көп эктопиялық кешендер, бір тәулік ішінде кемінде 12 сағат); жиі суправентрикулярлы экстрасистолия (ЭКГ-ны тәуліктік мониторингілеу деректері бойынша сағатына 30 және одан астам эктопиялық кешендер, бір тәулік ішінде кемінде 12 сағат); 3 ай бойы қайта ЭКГ-ны тәуліктік мониторингілеу кезінде расталатын жұп және (немесе) топтық суправентрикулярлы экстрасистолия; ауыстыратын ырғақтың жиілігі минутына 40-тан кем ІІІ дәрежелі СА-блокадасы: Гис будалары оң жақ аяқшаларының тұрақты толық блокадасы; Гис будалары сол жақ артқы бұтағы тарамының тұрақты блокадасы; І дәрежелі тұрақты АV-блокадасы жатады.
Сол жақ қарыншаның шығу жолының бітелуінсіз гипертрофиялық кардиомиопатиясы кезінде қорытынды СӘЖ функционалдық сыныбына, ырғақ пен өткізгіштіктің түріне байланысты қабылданады.
СӘЖ белгілері болмаған кезде жүргізушінің жасанды ырғағының имплантациясы,жүректің қақпашалық аппаратына операциялық әрекет қолданудың салдары;
Әскери қызметте болудың шекті жасына толмаған офицерлер мен аға шенді және жоғары шенді сержанттар құрамы туа біткен немесе жүре пайда болған жүрек ақаулары себебінен хирургиялық емделуден кейін әскери қызметке жарамдылығы санатын айқындау үшін, операциядан кейін кемінде 3 ай өткен соң куәландыруға жіберіледі.
СЖӘ І-ІІ ФС эхокардиография кезінде айқындалатын кардиогемодинамикалық көрсеткіштермен (54 пайызға және одан кем шығару фракциясының төмендеуі және (немесе) сол жақ қарыншның диастоликалық функцияларының бұзылуы, сол жақ қарынша мен жүрекшенің систолиялық және диастолиялық өлшемдерінің ұлғаюы, қосжармалы және аорта қақпақшаларында регургитация ағындарының пайда болуы), велоэргометрия немесе тредмил-тестілерінің, сондай-ақ науқастанудың клиникалық көріністерін талдаумен үйлестіре отырып 6 минуттік жүріс жүру тестінің нәтижелері бойынша дене жүктемесіне шыдамдылықтың азаюымен расталады.
Жүрек ырғағының тұрақты бұзылуларына, аритмияға қарсы терапияны қажет ететін және емдеу тоқтатылғаннан кейін қайталанатын немесе оған рефрактерлі, ұзақтығы 7 тәуліктен асатын аритмиялар жатады.
І, ІІ бағандар бойынша СЖӘ-мен немесе онсыз пайда болған оқшауланған жүрек ақаулары бар куәландырылатындарға (осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілгенді қоспағанда), қорытынды СЖӘ функционалдық сыныбына байланысты 42-тармақтың 2) немесе 3) тармақшалар бойынша шығарылады.
ІІІ баған бойынша оқшауланған аорта жүрек ақаулары бар куәландырылатындарға 1) тармақшада көрсетілгендерден басқа) қорытынды бағандар бойынша талаптардың 42-тармағының 3) тармақшасы бойынша шығарылады.
Жүректің зақымдану белгілері сақталатын жіті ревматиттік безгекке шалдыққан адамдар созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің бар болуына және айқын көрінуіне, ырғақтың және (немесе) өткізгіштіктің бұзылуларына байланысты осы тармақтың 1), 2) немесе 3) тармақшалар бойынша куәландырылады.
Жіті ревматиттік безгекке шалдыққан ІІ бағаны бойынша куәландырылатындар осы тармақтың 3) тармақшасы бойынша әскери қызметке бейбіт уақытта жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды деп танылады.
42-тармақтың 4) тармақшасына жүрек бұлшықеттері науқастануларының тұрақты қалпына келу нәтижелерінен басқа:
жүрек іші гемодинамикасының бұзылуларынсыз жүректің қосжармалы немесе басқа да қақпақшаларының І дәрежелі пролапсы (3 - 5,9 мм дейін);
бағандар бойынша талаптардың 42-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген эмболия, жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұдан бұрын болған жағдайларынсыз І дәрежелі региргутациясы бар жүректің қосжармалы және басқа да қақпақшаларының І дәрежелі пролапсы (3 - 5,9 мм);
І дәрежелі транзиторлы (тұрақсыз) регургитациясы бар (соның ішінде жүктеме сынамаларын орындау кезінде) жүректің қосжармалы немесе басқа да қақпақшаларының І дәрежелі пролапсы;
сирек қарыншалық экстрасистолиялар;
Гис будасы сол жақ аяқшасының артқы тармағының толық блокадасы;
ІІ дәрежелі СА-блокадасы (ІІ тип);
ырғақтың пароксизмалы бұзылуынсыз, Вольф-Паркинсон-Уайт синдромы жатады.
Осы тармақша бойынша атриовентрикулярлы түйінді реципрокты тахикардия, миокардтың аритмогендік бөліктерінің, өткізудің қосымша жолдары және басқа мәселелері бойынша (радиожиілік және басқалар) абляциясын табысты өткізген әскери қызметшілер куәландырылады.
1 немесе одан көп ай уақыт аралығында кемінде екі мәрте жүргізілген ЭКГ тәуліктік бақылаудың мәліметтері бойынша ырғақ бұзылуының болмауы табысты абляцияның көрсеткіштері болып табылады.
І баған бойынша куәландырылатын азаматтар (соңғы 3 жылда ЭхоКГ, жүктеме сынама және динамикада ЭКГ-ны тәуліктік мониторингілеу нәтижелері болмаған кезде) бақылау зерттеулер: ЭхоКГ, жүктеме сынама және ЭКГ-ны тәуліктік мониторингілеу жүргізе отырып, бағандар бойынша талаптардың 48-тармағы бойынша 12 айға әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылады. Құбылу және (немесе) регургитация дәрежесі көтерілмеген жағдайда куәландыру осы тармақтың 4) тармақшасы бойынша жүргізіледі, ал егер құбылу және (немесе) регургитация дәрежесі көтерілсе медициналық куәландыру осы тармақтың 2) немесе 3) тармақшасы бойынша анықталған құбылу мен регургитацияның дәрежесіне байланысты жүргізіледі.