17-тармақтың 1) тармақшасына ұзақ емдеуді және (немесе) диспансерлік бақылауды талап ететін созылмалы психикалық бұзылулар, әлеуметтік бейімделуді тұрақты қиындататын қайта госпитальға жатқызу (жылына екі реттен артық) жай-күйі (ұзаққа созылған ағыммен реактивті психоздар, психогенді параноидты психоз, сананың өзгеруімен есіріктік психоздар, реактивті депрессия), сондай-ақ емделмейтін кенеттен айқын көрінген невротикалық, соматоформды бұзылулар жатады.
17-тармақтың 2) тармақшасына:
қысқа мерзімді және қолайлы ағыммен психотиялық бұзылулар, сондай-ақ ауырлығы жеңіл депрессивтік эпизодтар;
стационарлық жағдайларда жүргізілген емдеуге қарамастан, ауырсыну белгілері тұрақты сақталған және куәландырылушының әскери қызмет міндеттерін орындауды қиындататын дәрежеде айқын көрінген жағдайдағы шамалы айқын көрінген, ұзаққа созылған немесе қайталанған невротикалық бұзылулар жатады.
17-тармақтың 3) тармақшасына теңгерумен аяқталған, қолайлы ағыммен вегетативті нерв жүйесінің соматоформды дисфункцияларын қоса алғанда, орташа айқын көрінген, қысқа мерзімді невротикалық және соматоформды бұзылулар жатады. Осы тармақша бойынша қысқа мерзімді қолайлы ағыммен реактивті психозға немесе жеңіл астениямен аяқталған орташа айқын көрінген невротикалық бұзылуға шалдыққан әскери қызметшілер куәландырылады.
Осы тармақша куәландырылушылардың әлеуметтік бейімделуі қиындағанда және оларды одан әрі диспансерлік бақылау қажет болғанда қолданылады.
17-тармақтың 4) тармақшасына негізінен эмоционалдық ерік, вегетативті бұзылулармен сипатталатын, жақсы емделетін, сауығумен және толық әлеуметтік бейімделумен аяқталған вегетативті нерв жүйесінің соматоформды дисфункцияларын қоса алғанда, шамалы айқын көрінген, қысқа мерзімді невротикалық және соматоформды бұзылулар жатады.
18-тармақ. Тармақ адамның және мінез-құлықтың ерекше және басқа да, оның ішінде балалық шақта және жасөспірім жасында басталатын бұзылуларды (психопатиялар, адамның патологиялық дамуы, психикалық инфантилизм, тикозды бұзылулардан басқа); мидың зақымдануымен немесе науқастануымен байланысты емес тұрақты тұлғалық өзгерістерді; әдеттер мен әуестігінің бұзылуын; жыныстық сәйкестіктің бұзылуларын; сексуалдық талғамның бұзылуын; сексуалдық дамумен және бейімделумен байланысты психологиялық және мінез-құлық бұзылуларын көздейді.
18-тармақтың 1) тармақшасына ауыр декомпенсациялар кезінде стационарлық жағдайларда қайта және ұзақ емдеуді және (немесе) диспансерлік бақылауды талап ететін адамның және мінез-құлықтың бұзылуы (психопатияның ядролық түрлері, адамның патологиялық дамуы), сондай-ақ коморбидті психиатриялық патология қоса болатын бұзылулар жатады.
18-тармақтың 2) тармақшасына тұлғалық бұзылудың орташа айқын көрінген түрлері, психопатиялар, аффективті кедергілермен, реактивті жай-күйдің жеңіл дамуымен, вегетативті нерв жүйесінің айқын байыпсыздығы белгілерімен адамның патологиялық дамуы (адамның және мінез-құлықтың компенсацияланған және тұрақсыз компенсацияланған (қызмет ету деңгейін төмендететін отбасылық, еңбек және әлеуметтік бейімделуді қиындататын бұзылуы) жатады. Сонымен қатар тұрақты және айқын көрінген патологиялық реакцияларға бейім психикалық инфантилизм және жыныстық сәйкестік пен сексуалдық талғамның бұзылуы жатады.
Осы тармақша бойынша транссексуалдықпен зардап шегетін және Қазақстан Республикасының азаматы төлқұжатында немесе жеке басын куәландыратын өзге де құжатта көрсетілген жынысын өзгерткен және (немесе) оларға қатысты жынысына гормоналды және (немесе) хирургиялық түзету жүргізілген азаматтар куәландырылады.
18-тармақтың 3) тармақшасына медициналық ұйымдардан, оқу орындарынан, жұмыс орнынан құжаттармен расталатын эмоционалдық-ерікті және басқа да патологиялық белгілерінің тұрақты (үш жылдан астам) компенсациясымен мінез-құлықтың, эмоциялардың шамалы айқын көрінген бұзылуы, әдетте балалық шақта және жасөспірім жасында басталатын (психикалық инфантилизм, адамның басқа да бұзылуы (транзиторлық, парциалды) мінез-құлық пен эмоциялардың аралас бұзылуы, сондай-ақ тұлғаның бұзылуы айқын көріну дәрежесіне жетпеген мінез-құлық ерекшеліктері жатады.
Нақты сыртқы зияндармен (инфекциялармен, уланулармен, жарақаттармен) себепті байланысқан, психопатиялық тәріздес жай-күйде болатын адамдар, елігушілігі бұзылған бар адамдар нервті-психикалық патологияның нозологиялық түрлерін көздейтін бағандар бойынша талаптардың тармақтары бойынша куәландырылады.
Белгіленген, қасақана мінез-құлық жағдайлары, адамның барлық патологиялық құрылымынан шықпаған тәртіпсіздік белгілері жеке тұлғалық бұзылудың белгілері болып бағаланбайды.
19-тармақ. Тармақ ауырлығы түрлі (тәуелділік синдромынсыз зиянды салдармен асыра пайдаланудан бастап психоздар мен деменцияларға дейін), бірақ бұл ретте олар бір немесе бірнеше психоактивті заттарды тұтыну салдары болып табылатын психикалық және мінез-құлық бұзылуын көздейді.
19-тармақтың 1) тармақшасына психоактивті заттарды тұтыну салдарынан туындаған айқын көрінген психикалық, мінез-құлық бұзылуы:
жылына екі реттен көп госпитальға қайта жатқызумен ұзақ белсенді емдеуді және (немесе) диспансерлік бақылауды талап ететін, әлеуметтік бейімделуді тұрақты қиындататын созылмалы психикалық бұзылу (созылмалы маскүнемдік психоздар, созылмалы маскүнемдік, адамның айқын көрінген өзгерістерімен, интеллектуалды-мнестикалық бұзылумен нашақорлық пен уытқұмарлық) жатады.
19-тармақтың 2) тармақшасына:
адамның орташа айқын көрінген өзгерістерімен жіті маскүнемдік психоздар, созылмалы маскүнемдік, нашақорлық, уытқұмарлық;
тұлғалық бұзылу, өзгерген реактивтілік пен дене тәуелділігі құбылыстары болмаған кезде нашақорлықтың, уытқұмарлықтың алғашқы белгілері;
есірткі және уытты заттарды асыра пайдалану (тәуелділік синдромы болмаған кезде психикалық және дене денсаулығы үшін айқын зиянды салдар қоса болатын психоактивті заттарды қайта қабылдау жағдайлары) жатады.
19-тармақтың 3) тармақшасына жеке тұлғалық бұзылу, өзгерген реактивтілік және дене тәуелділігі құбылыстары болмаған кезде созылмалы маскүнемдіктің алғашқы белгілері жатады.
ІІІ баған бойынша куәландырылатын әскери қызметшілер қолбасшылықтың пікірін ескере отырып, емделуге қатал ұстаным болған кезде әскери қызметке шамалы шектеулермен жарамды деп танылады.
Алкогольді, есірткі заттарын, басқа да уытты заттарды психологиялық бұзылусыз бірлі-жарым немесе мезгіл-мезгіл тұтыну осы тармақты қолдану үшін негіздеме болып табылмайды.
Есірткі және психоактивті заттарды тұтынуға тестілеудің нәтижесі оң болған кезде мерзімді әскери қызметке шақырылатын, ӘОО-ға түсетін және келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін азаматтар әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылады және наркологқа тексеруге жіберіледі.
20-тармақ. Ақыл-ой кемістігі.
20-тармақтың 1) тармақшасына терең, ауыр және орташа ақыл-ой кемістігінің барлық түрлері жатады.
Интеллектінің елеулі және анық кемістіктері кезінде І баған бойынша куәландырылатындардың әскери қызметке жарамсыздығы туралы мәселе стационарлық тексерусіз шешіледі.
20-тармақтың 2) тармақшасына жеңіл дәрежедегі ақыл-ой кемістігі жатады (психометриялық зерттеу нәтижелері бойынша ақыл-ой дамуының коэффициенті 50-69 диапазонында). Диагнозды белгілеу кезінде ойлау қабілеті мен парасатты эксперименталдық-психологиялық зерттеу нәтижелерімен үйлесімділікте клиникалық диагностикалық өлшемшарттардың айқындаушы мәні бар. Егер осы диагнозды белгілеу кезінде дәрігерлік тексеру нәтижелері куәландырылатынның мінез-құлқын сипаттайтын деректерге сәйкес келмесе, тексеру стационарлық жағдайларда жүргізіледі.
6-тарау. Нерв жүйесінің аурулары
Нерв жүйесі функцияларының елеулі бұзылуы үшін аяқ-қол бұлшықеттері күшінің 0-ден 2 балға дейін төмендеуі, айқын көрінген дисфагия, афония, жамбас бұзылуы, айқын көрінген мишықты және экстрапирамидалы бұзылулар, праксистің, гнозистің, сөйлеудің айқын көрінген бұзылулары тән.
Нерв жүйесі функцияларының орташа бұзылуы үшін аяқ-қол бұлшықеттері күшінің 3 балға төмендеуі, нейровизуализация әдісімен, сондай-ақ су бағанының (су бағ.) 200 мм астам ликворлы қысым санымен қайталанған люмбальды пункциялармен расталған (зерттелушінің жатқан қалпында) немесе көздің түбіндегі көру нервісінің іркілу дискісінің бар болуымен ликворлық гипертензияны бір мәрте растаған кезде орташа айқын көрінген дисфагия, дизартрия, мишықты және экстрапирамидалы бұзылулар, гипертензионды-гидроцефальды синдром тән.
Нерв жүйесі функцияларының шамалы бұзылуы үшін аяқ-қол бұлшықеттері күшінің 4 балға төмендеуі, жеңіл дисфагия, дизартрия, мишықты және экстрапирамидалы бұзылулар тән.
Мазмұндалған реттілік бойынша функциялардың бұзылу дәрежелері, егер басқасы бағандар бойынша талаптардың тиісті тармағында ескерілмесе, ал аяқ-қол бұлшықеттері күшінің төмендеуі бұлшықет күшін бағалаудың 6 балдық шәкілі бойынша (L.McPeak, 1996; М.Вейсс, 1986) айқындалады.
21-тармақ. Тармақ эпилепсияны, эпилептикалық күйді, бас сақинасын, бас ауруының басқа да синдромдары мен ұйқының бұзылуын қамтиды.
Эпилепсия - дереу қандай да бір айқындалған себептермен арандатылмаған, қайталанатын (2 және/немесе одан көп) эпилептикалық ұстамалармен сипатталатын жай-күй. Эпилептикалық ұстама - ми нейрондарының аномальды немесе артық разрядының клиникалық көрінісі. Клиникалық көрініс кенеттен болатын және транзиторлық патологиялық феномендермен көрсетіледі (пациент немесе бақылаушы байқаған сананың өзгеруі, қозғалыс, сезімталдық, вегетативті, психикалық симптомдар).
Симптоматикалық эпилепсия кезінде куәландыру тырысу синдромының дамуына әкеп соқтырған науқастану бойынша жүргізіледі.
Ұстаманың бар болуы дәрігерлік қадағалаумен расталады, сондай-ақ эпилептикалық ұстаманы растайтын басқа да медициналық құжаттар назарға алынады. Жекелеген жағдайларда, егер куәгерлердің жазбаша куәліктерінде (куәгерлердің актісінде) сипатталған талма және одан кейінгі жай-күй талманы эпилептикалық деп санауға негіздеме болатын болса, ол назарға алынады. Бұл ретте эпилептикалық ұстаманың куәгерлері қойған қолдардың түпнұсқалығын нотариат куәландыруға немесе әскери бөлім командирі жазбаша растауға тиіс. Күмәнді жағдайларда тұрғылықты жері, оқу, жұмыс, қызмет орны бойынша деректер сұрату қажет.
Жиі (жылына үш және одан көп) болатын эпилептикалық талмалар немесе тырыспа талмалардың психикалық эквиваленттері, сондай-ақ психиканың үдемелі бұзылуы болған кезде куәландыру осы тармақтың 1) тармақшасы бойынша жүргізіледі.
Эпилепсия диагнозы стационарлық жағдайда расталған эпилептикалық күйді бастан кешкен адамдар эпилептикалық ұстаманың жиілігіне қарамастан 21-тармақтың 1) тармақшасы бойынша куәландырылады.
Жекелеген сирек (жылына үш реттен кем) эпилептикалық талмалар, оның ішінде эквиваленттерсіз және эпилепсияға тән басқа да психикалық өзгерістерсіз, тырыспасыз пароксизмдер кезінде куәландыру осы тармақтың 2) тармақшасы бойынша жүргізіледі.
Медициналық мекеменің құжаттарымен бұрын белгіленген эпилепсия диагнозы расталған, бірақ соңғы 5 жылда эпилептикалық ұстамалар байқалмаған жағдайларда, куәландыру тексеру кезінде электроэнцефалография нәтижелеріне қарамастан осы тармақтың 2) тармақшасы бойынша жүргізіледі.
Медициналық құжаттармен және динамикалық бақылаумен расталған, стационарлық жағдайларда емдеуді талап ететін (диагнозды растау үшін ангиобағдарламамен бас миына МРТ жүргізу міндетті) жиі (жылына үш және одан көп) және ұзақ (бір тәулік және одан көп) бас сақинасы ұстамалары бар бас сақинасы, бас ауруының тұрақты синдромдары және ұйқының бұзылуы кезінде куәландыру осы тармақтың 2) тармақшасы бойынша жүргізіледі.
Клиникалық белгілерсіз электроэнцефалография нәтижелері (шыңдар, жіті толқындар, шың-толқындар жиынтығының барлық түрлері, көпжабыспалар, фотопароксизмальдық реакциялар) бойынша анықталған эпилептиформалық белсенділік болған кезде куәландыру осы тармақтың 3) тармақшасы бойынша жүргізіледі.
Бұрын кез келген сипаттағы бір мәрте талмаларда (эпилептикалық реакция) немесе әлсіз айқын көрінген және сирек туындайтын аз талмалар, тырысуларсыз пароксизмдер немесе көңіл-күйдің ерекше бұзылуы жағдайларында әскери қызметке жарамдылық санаты туралы мәселе стационарлық тексерілуден кейін айқындалады. Эпилептикалық пароксизмдері бар адамдар көлік құралдарын басқаруға, биіктікте, жылжымалы механизмдерде, отта және суда жұмыс істеуге жарамсыз.
22-тармақ. Тармақ орталық нерв жүйесінің инфекциялық және паразитарлық ауруларын, жалпы инфекциялар, жіті және созылмалы уланулар кезінде бас миының немесе жұлынның зақымдануларын (менингококкты менингит, серозды менингит, полиомиелит кене және маса вирустарының энцефалиттері, туберкулез, мерез және басқа аурулар кезінде нерв жүйесінің зақымданулары, демиелиндену аурулары) көздейді.
22-тармақтың 1) тармақшасына:
қатты сал болумен немесе парездер, айқын көрінген қайталанған паркинсонизм, жиі (жылына 3 және одан көп) эпилептикалық талмалар, айқын көрінген кең таралған гиперкинездер, Кожевников немесе Джексон эпилепсиясының жиі талмалары, атаксикалық бұзылу, айқын көрінген гидроцефалия, айқын көрінген ликворлы гипертензия қоса болатын нерв жүйесінің аурулары;
көрудің бұзылуымен оптикалық-хиазмальдық арахноидит;
ұмытшақтық склероз;
сал немесе айқын көрінген парез құбылыстарымен миелитке шалдығу салдары;
ерте және кеш нейромерез кезінде нерв жүйесі зақымдануының ауыр түрлері, тубуркулезді миненгит, нерв жүйесінің паразитарлы зақымданулары жатады.
22-тармақтың 2) тармақшасына орталық нерв жүйесі функциясының бұзылу дәрежесі бойынша әскери қызмет өткеру қабілетін шектейтін (бұлшықеттер күшінің төмендеуі, бұлшықет тонусының артуы түрінде орташа айқын көрінген гемипарезбен энцефалиттің, арахноидиттің қалдықты құбылыстары; орташа гидроцефалия, орташа ликворлы гипертензия), сондай-ақ ауырсыну бұзылуының жиі (жылына екі және одан көп рет) және ұзақ (әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтар үшін кемінде 6 ай, әскери қызметшілер үшін кемінде 4 ай) декомпенсациясыларымен қалдықты құбылыстар және науқастанулар салдары жатады.
22-тармақтың 3) тармақшасына емдеудің нәтижесіздігі кезінде вегетативті-қан тамырлы тұрақсыздықпен, астениялық-невротикалық белгілермен үйлесетінн, функцияның шамалы бұзылуымен, жекелеген органикалық белгілермен орталық нерв жүйесінің зақымдану салдары және қалдықты құбылыстары жатады. Жай-күйі жақсарған және әскери қызмет міндеттерін орындау қабілеттілігі қалпына келтірілген кезде медициналық куәландыру осы тармақтың 4) тармақшасы бойынша жүргізіледі.
Туберкулезді менингитке шалдыққан адамдар ОНЖ функциясының бұзылу дәрежесіне байланысты 22-тармақтың 1), 2) немесе 3) тармақшалары бойынша куәландырылады.
22-тармақтың 4) тармақшасына астенизацияның шамалы құбылыстары, вегетативті-қан тамырлы тұрақсыздығы және жекелеген тұрақты шашыраңқы органикалық белгілері болған кезде, қозғалыстың, сезімталдықтың, үйлестірудің және нерв жүйесінің басқа да функцияларының бұзылуы қоса болмайтын нерв жүйесінің зақымдану салдары және қалдықты құбылыстары жатады.
Осы тармақта көрсетілген бұзылудың болуы жұмыс, оқу немесе әскери қызмет орнынан еңбекке қабілеттілігіне немесе әскери қызмет міндеттерін орындауға көрсетілген бұзылудың ықпалы туралы медициналық құжаттармен, мәліметтермен, ал диагнозы клиникалық және арнайы зерттеулердің нәтижелерімен расталады. Бұл ретте әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу, мерзімді әскери қызметке шақыру, келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру кезінде азаматтардың әскери қызметке жарамдылығы санаты туралы қорытынды тек стационарлық тексерілуден кейін шығарылады.
Жұлын-ми сұйықтығы қысымының көрсеткіштерінен басқа (дене көлденең орналасқан кезде жұлын-ми қысымының нормасы су бағанымен 100-ден 150 мм дейін құбылады), бассүйек ішіндегі гипертензия синдромының айқын көрінуін бағалаған кезде науқастану клиникасы, окклюзивті-гидроцефальды пароксизмдердің, көз түбінде іркілген өзгерістердің болуы эхоэнцефалоскопия деректері, КТ немесе МРТ деректері бойынша мидың қарыншалы жүйесінің ұлғаю дәрежесі ескеріледі.
Бассүйек ішіндегі қысымның көтерілу синдромының айқын көрінген клиникалық көріністері:
бас ауруының, құсудың болуы, көз қозғалтқыш бұзылулары, когнитивтік бұзылулар, жүріп-тұрудың бұзылуы, жамбас мүшелері функцияларының, көру нервісінің іркілу дискілерінің бұзылуы немесе көру нервісі дискілерінің екінші рет семуі;
беломыртқа тесуі кезінде көлденең жатқан күйдегі ликворлық қысым 300 мм су бағ. жоғары;
перивентрикулярлы ісу.
Бассүйек ішіндегі қысымның көтерілу синдромының орташа айқын көрінген клиникалық көріністері:
бас ауруының, көз түбінде іркілудің бастапқы құбылыстарының болуы;
беломыртқа тесуі кезінде көлденең жатқан күйдегі ликворлық қысым 200 мм су бағ. жоғары.
Бас мидың қарыншалық жүйесінің кеңеюі компьтерлік (магниттік-резонанстық) томографияның мәліметтері бойынша бағаланады. Гидроцефалия (атабез қабығы шеменінің) белгілері болып алдыңғы мүйіздің осы деңгейде маңдай сүйектерінің ішкі пластинкалары арасындағы арақашықтыққа барынша көп ендік қатынасы 0,5 жоғары (0,4-тен кем - қалыпты, 0,4-0,5 - шекаралық мән, 0,5-тен жоғары - гидроцефалия (атабез қабығының шемені) есептеледі, Эванс индексі (төбе сүйектің ішкі пластикалары арасындағы барынша ұзақ арақашықтыққа алдыңғы мүйіздің ендік қатынасы) 26-дан жоғары, ІІІ қарыншалық индексі (20 жасқа дейін - 3,0-ден жоғары, 50 жасқа дейін - 3,9-дан жоғары, 50 және одан үлкен - 4,5-тен астам). Перивентикулярлық ісінудің болуы компьютерлік томографияның (перивентикулярлық ақ зат тығыздығының төмендеуі), магниттік-резонанстық томографияның (Т2 бейнелерінде жоғары қарқынды сигнал) деректері бойынша бағаланады.
Бас миының органикалық зақымдануына, жұқпалы науқастануға немесе улануға шалдығу салдарынан пайда болған, айқын көрінген эмоционалдық-ерікті немесе интеллектуалды-мнестикалық бұзылулар кезінде куәландыру бағандар бойынша талаптардың 14-тармағы бойынша жүргізіледі.
23-тармақ. Тармақ мынадай аурулар топтарын: басымдылықпен ОНЖ зақымдайтын жүйелік атрофияларды, экстрапирамидалы және басқа қозғалыс бұзылуларын, нервтік жүйенің басқа дегенеративтік ауруларын, церебральды сал ауруын және сал ауруының басқа да синдромдарын, нерв-бұлшықетті синапсы мен бұлшықеттің ауруларын, нерв жүйесінің басқа бұзылуларын, бас және жұлын миының ісіктерін, нерв жүйесінің туа біткен (даму кемістігін) ауытқушылықтарын көздейді.
Сонымен қатар оларға: тұқым қуалайтын атаксиялар, арқа бұлшықеттің семуі, Паркинсон ауруы, эссенциальды тремор, Альцгеймер ауруы, бұлшықет дистрофиясы, балалық церебральды сал, гидроцефалия, уыттылық немесе нақтыланбаған, соның ішінде қалдықты энцефалопатия, церебралды киста, сиренгомиелия, сиренгобульбия және осы тармақта көрсетілген басқа да аурулар жатады.
23-тармақтың 1) тармақшасына нерв жүйесінің туа біткен ауыр кемістіктері (даму кемістіктері) және аурулары, сондай-ақ тез үдемелі ағыммен немесе функциясының елеулі бұзылуымен аурулар жатады.
Осы тармақшаға даму сатысына және емдеу тиімділігіне қарамастан, бас және жұлын миының ісігі, жазудың өрескел бұзылуы (куәландырылушының жазғанын оқу, оның қол қоюы мүмкін болмағанда), өзіне өзі қызмет көрсету қабілетінің (түймесін тағу, бауын байлау, тамағын ішу және басқалар) бұзылуы, сондай-ақ сурет тестілерін орындау кезінде айқын көрінген өзгерістер (спиралограмм, параллель сызықтары және басқалар) қоса болатын эссенциальды тремор жатады.
23-тармақтың 2) тармақшасына сезгіштіктің бұзылуымен бұлшықет атрофиясы симптомдарының өсуімен ұзақ уақыт бойы (кемінде бір жыл), баяу өтумен сипатталатын, функциялардың орташа бұзылуымен аурулар, бассүйек іші гипертензиясы синдромымен краниостеноз жатады.
23-тармақтың 3) тармақшасына науқастанудың объективті белгілері шамалы дәрежеде айқындалған немесе науқастану симптомдары ұзақ сақталған, сол бір күйде ұсталып тұру кезінде нерв жүйесінің жеңіл, өте баяу үдемелі (үш және одан көп жылдар бойы) аурулары жатады.
23-тармақтың 4) тармақшасына:
қызметтік міндеттерін орындауға кедергі келтірмейтін, функцияның бұзылуынсыз эссенциальды тремор;
функциялардың бұзылуынсыз туа біткен церебральды және жұлын кисталары, гидроцефалия синдромы;
неврологиялық күйде жеңіл астеноневротикалық құбылыстар және (немесе) вегетативті-тамырлы тұрақсыздық анықталған кезде, бассүйек іші қысымы артуының белгілерінсіз энцефалопатия жатады.
Бас миының және жұлынның қатерсіз ісіктерін радикалды алып тастағаннан кейін куәландыру функциялардың бұзылу дәрежелеріне байланысты осы тармақтың 1), 2) немесе 3) тармақшалары бойынша жүргізіледі.
24-тармақ. Тармақ субарахноидты, миға қан кетулерді, басқа да бассүйекке қан кетулерді, ми инфарктісін, мидың транзиторлы ишемиясын, бас, жұлын миы қан тамырларының зақымдану салдарын көздейді.
24-тармақтың 1) тармақшасына:
функциялардың бұзылу дәрежесіне қарамастан қайталанған инсульттар;
қайталанған субарахноидты қан кетулер (этиологиясына қарамастан);
церебральды немесе жұлын миы қан айналымының жіті бұзылуы салдарынан пайда болған нерв жүйесі функцияларының тұрақты төмендеуі;
ІІІ сатылы дисциркуляторлы энцефалопатия;
І - ІІ бағандары бойынша куәландырылушыларда бас миының спонтандық (жарақаттық емес) субарахноидты қан кетулері;
операциялық емделуден бас тартқан немесе операция жасау мүмкін емес болған кезде, ми қан айналымы және нерв жүйесі функцияларының бұзылуының қалдық құбылыстарының айқын көріну дәрежесіне қарамастан ми қан айналымының бұзылуына себеп болған бас және жұлын миы қан тамырларының аневризмдері мен артериялық-венозды мальформациялары жатады.
24-тармақтың 2) тармақшасына:
оларды қан айналымынан шығарғаннан кейін көптеген артериялық аневризмдер;
эмболизациялаудан, жасанды тромбылау немесе интракраниалды алып тастаудан кейін артериялық-венозды аневризмдер;
орташа өтетін және ошақтық төмендеулер орташа айқын көрінген бас немесе жұлын миының қан тамырларының зақымданулары;
церебральды атеросклероз кезінде ІІ сатылы дисциркуляторлы энцефалопатия;
ми қан айналымының жиі (жылына үш және одан көп рет) өтпелі бұзылуы (мидың транзиторлық ишемиялары, гипертониялық церебральды криздер);
сезгіштіктің бұзылуы немесе аяқ-қолдардың жеңіл парезі түріндегі жұлын қан айналымының бұзылу салдары;
ІІІ баған бойынша куәландырылушыларда бас миының спонтандық (жарақаттық емес) субарахноидты қан кетулері жатады.
Бас миы тамырларының аневризмі, басқа да бас немесе жұлын миы тамырларының зақымданулары себебінен хирургиялық емдеуден кейін І, ІІ бағандар бойынша куәландырылушыларға қатысты қорытынды осы тармақтың 1) тармақшасы бойынша, ал ІІІ баған бойынша куәландырылушыларға қатысты операция радикалдылығына, оның тиімділігіне, бассүйектеріне операция жасаудан кейінгі кемістіктерінің көлеміне, бұзылған функцияларды қалпына келтіру динамикасына байланысты 24-тармақтың тиісті тармақшалары бойынша шығарылады. Бассүйек кемістіктері болған кезде бағандар бойынша талаптардың 81-тармағының тармақшалары қосымша қолданылады.
24-тармақтың 3) тармақшасына:
бассүйек ішін клиппирлеуден немесе баллонға қосу немесе жасанды тромбылау көмегімен қан айналымынан ажыратқаннан кейінгі жеке артериялық аневризмдер;
бір тәуліктен артық емес тұрақтайтын және нерв жүйесі функцияларының бұзылуынсыз немесе бар бұзылудың ұлғаюынсыз өтетін, орталық нерв жүйесі тарапынан тұрақсыз ошақтық симптомдар (парездер, парестезиялар, сөйлеудің бұзылуы, мишықты құбылыстар) қоса болатын ми қан айналымының сирек (жылына екі реттен артық емес) өтпелі бұзылуы (мидың транзиторлық ишемиялары, гипертониялық церебральды криздер);
құжаттармен расталған мидың жіті қан аздығымен (қарапайым және тырыспалы талулар) айқындалатын жиі (жылына үш және одан көп рет) немесе қайталанған (айына екі және одан көп рет) криздер;
симптомсыз артериялық аневризмдер және артериялық-венозды мальформациялар жатады.
24-тармақтың 4) тармақшасына:
құжаттармен расталған мидың жіті қан аздығымен (қарапайым және тырыспалы талулар) айқындалатын (жылына екі реттен көп емес) криздер;
бас мидың қан айналымы жеткіліксіздігінің бастапқы көріністері;
І дәрежедегі дисциркуляторлы энцефалопатия жатады.
Мидың қанмен қамтамасыз етілу жеткіліксіздігінің бастапқы көріністері және дисциркуляторлы энцефалопатия диагнозын қою кезінде мынадай шарттарды басшылыққа алу қажет:
этиологиялық факторлардың біреуінің болуы (церебральды тамырлардың атеросклерозы, артериялық гипертензия, қант диабеті, гиперхолестеринемия, гипергомоцистеинемия, жүрек аурулары (жүректің ишемиялық ауруы, ревматикалық зақымданулар, жүрек ырғағының бұзылуы және т.б.), қан аурулары, жарақаттардың, инфекциялық және жүйелік аурулар салдарынан болған бас ми тамырларының зақымдануы, тамыр дамуының ауытқулары, омыртқаның мойын бөлігінің патологиясы, бас миының жарақаты және т.б.);