10-тармақтың 1) тармақшасына:
дәрі-дәрмекті терапия аясында клиникалы-гормональды декомпенсация күйіндегі эндокриндік (қалқанша безінен басқа) бездерінің қатерсіз ісіктері;
тыныс алу және (немесе) дауыс шығару функцияларының елеулі бұзылуымен үстіңгі тыныс алу жолдарының қатерсіз ісіктері;
елеулі клиникалық белгілерімен көкірекаралықтың (средостенияның) қатерсіз ісіктері (кеуде қуысы мүшелерін жылжыту, басу);
айқын көрінген клиникалық белгілері (қан түкіру, бронхостеноз немесе ателектаз) қоса болатын тыныс алу мүшелерінің қатерсіз ісіктері;
тамақтанудың төмендеуі қоса болатын немесе жұту актісін және тамақтың өтуін елеулі қиындататын ас қорыту мүшелерінің қатерсіз ісіктері;
әскери киім нысанын, аяқ киімді немесе киім-кешекті киюге мүмкіндік бермейтін терінің, іргелес тіндердің, қан таратушы немесе лимфа қан тамырларының қатерсіз ісіктері;
әскери киім нысанын, аяқ киімді немесе киім-кешекті киюге мүмкіндік бермейтін немесе жақын жатқан мүшелер мен жүйелердің функцияларын едәуір бұзатын сүйек және шеміршек тіндерінің қатерсіз ісіктері;
айқын көрінген дизуриялық бұзылу немесе қайталанатын қан кету қоса болатын несеп-жыныс жүйесінің қатерсіз ісіктері;
жедел емдеудің қанағаттанарлықсыз нәтижелері кезінде мүше функцияларының елеулі бұзылуымен сүт бездерінің (фиброаденома, түтікішілік папилломмалары, жылауықтар, липомалар), жатырдың, аналық бездің және басқа да әйел жыныс мүшелерінің қатерсіз ісіктері жатады.
10-тармақтың 2) тармақшасына:
Insitu жаңа өскіндері;
дәрі-дәрмекті терапия аясында клиникалы-гормональды компенсация күйіндегі эндокриндік (қалқанша безінен басқа) бездердің қатерсіз ісіктері;
мүше функцияларының бұзылуымен көкірекаралықтың (средостенияның) қатерсіз ісіктері;
орташа клиникалық белгілерімен тыныс алу мүшелерінің қатерсіз ісіктері;
тамақтанудың төмендеуінсіз орташа клиникалық белгілермен ас қорыту мүшелерінің қатерсіз ісіктері;
әскери киім нысанын, аяқ киімді немесе киім-кешекті киюді қиындататын терінің, іргелес тіндердің, қан таратушы немесе лимфа қан тамырларының қатерсіз ісіктері;
әскери киім нысанын, аяқ киімді немесе киім-кешекті киюді қиындататын немесе жақын жатқан мүшелер мен жүйелердің функцияларын орташа бұзатын сүйек және шеміршек тіндерінің қатерсіз ісіктері;
ұзын түтікше тәрізді сүйектерді алып тастағаннан кейін, сүйек тіндерінің кемістігі сүйектің жартысын немесе одан астам диаметрін құрайтын, оның қатерсіз ісіктері;
орташа дизуриялық бұзылумен несеп-жыныс жүйесінің қатерсіз ісіктері жатады.
10-тармақтың 2) тармақшасына, сондай-ақ операциялық емдеуді қажет ететін сүт безінің және әйел жыныс мүшелерінің қатерсіз ісіктері жатады, одан бас тартқан кезде, соның ішінде: жүктіліктің 12 апталық және одан көп өлшемі кезінде жатыр миомасы, жатыр миомасының қайталануы немесе анемияға әкеп соқтыратын қан кетулер қоса жүретін миома, сондай-ақ олардың қанмен қамтылуының бұзылуымен, тез өсуімен (ісіктің бір жылда жүктіліктің бестен астам аптасына сәйкес келетін өлшеміне дейін ұлғаюы) субмукозды немесе субсерозды түйіндер болған кездегі жатыр миомалары жатады.
10-тармақтың 3) тармақшасына:
гормональды бұзылусыз эндокриндік бездердің (қалқанша безінен басқа) қатерсіз ісіктері;
тыныс алу және (немесе) дауыс шығару функцияларының шамалы бұзылуымен үстіңгі тыныс алу жолдарының қатерсіз ісіктері;
шамалы клиникалық белгілерімен (көкірекаралықтың) средостенияның қатерсіз ісіктері;
шамалы клиникалық белгілерімен тыныс алу мүшелерінің қатерсіз ісіктері;
диспептикалық бұзылу қоса болатын шамалы клиникалық белгілерімен ас қорыту мүшелерінің қатерсіз ісіктері;
шамалы дизуриялық бұзылумен несеп-жыныс жүйесінің қатерсіз ісіктері;
жақын жатқан мүшелер мен жүйелер функцияларын шамалы бұзумен сүйек және шеміршек тіндерінің қатерсіз ісіктері;
ең үлкен сызықты өлшемі 20 см астам болатын үлкен пигментті қалдар;
жақын туыстарында медициналық құжаттамамен расталған меланома жағдайлары болған кезде көптеген қалдар (50-ден астам);
әскери киім нысанын, аяқ киімді немесе киім-кешекті киюмен байланысты жарақаттануы мүмкін аймақтарда оларды оқшаулау кезінде қабыну және (немесе) жаралану белгілерімен жиі жарақаттанатын қалдар (жарақаттану фактілерін медициналық құжаттармен растаумен) жатады.
10-тармақтың 3) тармақшасына сондай-ақ операциялық емдеуді қажет етпейтін сүт безінің, әйел жыныс мүшелерінің қатерсіз ісіктерін жатқызу керек, сонымен қатар клиникалық белгілерінсіз 11 апталық және одан кем жүктілікке сәйкес келетін өлшемі бар жатыр миомалары жатады.
10-тармақтың 4) тармақшасына мүшелер мен мүшелер жүйесі функцияларының бұзылуы қоса болмайтын, әскери киім нысанын, аяқ киімді немесе киім-кешекті киюді қиындатпайтын қатерсіз ісіктер немесе оларды радикалды емдеу салдары жатады.
10-тармақтың 5) тармақшасы бойынша науқастануы бойынша демалыс беруге туралы қорытынды қатерсіз ісіктер себебінен операциялық емдеуден кейін, стационарлық жағдайларда емделу аяқталғаннан кейін функцияларды толық қалпына келтіру үшін кемінде 1 ай мерзім қажет болған кезде шығарылады.
Бас және жұлын миының қатерсіз ісіктері бар адамдар бағандар бойынша талаптардың 23-тармағы бойынша, перифериялық нерв жүйесінің қатерсіз ісіктерімен бағандар бойынша талаптардың 26-тармағы бойынша куәландырылады.
Мұрын жанындағы қойнаулардың остеомасын диагностикалау кезінде куәландырылатындардың жарамдылық санаты олардың функцияларының бұзылуына қарай осы тармақтың тиісті тармақшалары бойынша айқындалады.
Мүшелер мен мүшелер жүйесі функцияларының бұзылуымен ілеспейтін, әскери киім нысанын, аяқ киімді немесе киім-кешекті киюді қиындатпайтын қатерсіз ісіктер (липоматоз, қан тамыры ісіктері, остеомалар, шеміршек ісіктері, папилломалар мен пигментті қалдар, 3-тармақшада көрсетілген қалдардан басқалары) немесе оларды радикалды емдеудің салдары осы тармақты қолдануға негіздеме болып табылмайды және де қызмет өткеруге немесе ӘОО-ларға түсуге кедергі келтірмейді.
3-тарау. Қан, қан түзетін мүшелердің аурулары және иммундық механизмді туындататын жекелеген бұзылулар 11-тармақ: Мамандандырылған зерттеп-қарау кезінде белгіленген қан және қан түзетін мүшелердің аурулары, иммундық тапшылық жай-күй
11-тармақтың 1) тармақшасына жүргізілетін емдеуден тиімділік болмаған кезде немесе уақытша сипат бергендегі қан және қан түзетін мүшелердің аурулары:
терапияның тиімділігіне және функциялар бұзылуының дәрежесіне қарамастан болатын, гипо немесе апластикалық анемиялар;
қайталанылатын қан кетулермен, қан ағулармен, тамыр тромбозымен, тромбоэмболиялық асқынулармен тромбоциттердің сапалық бұзылуы, гемофилиялар, қан ұю дерттері;
инфекциялық асқынулардың жиі қайталануы қоса болатын пайда болған немесе туа біткен тұрақты иммундық тапшылық жай-күй (АИТВ-ны тудыратын аурудан басқа) жатады.
Тек глюкокортикоидты терапиямен ремиссияға қол жеткізген жағдайда қан және қан түзетін мүшелердің науқастанулары кезінде әскери қызметшілер немесе жақсы тиімділікпен спленэктомияға шалдыққандар 3) тармақша бойынша куәландырылады, ал жүргізілген емдеудің тиімділігі жеткіліксіз болған жағдайда 2) тармақша бойынша куәландырылады.
11-тармақтың 3) тармақшасына:
функциялардың орташа және шамалы бұзылуымен ұзақ жағымды тиімділікпен гемолитикалық анемия;
емдеудің жеткіліксіз тиімділігі кезінде тамақтанумен байланысты болатын (темір тапшылығы, В12-дәруменінің тапшылығы, фолий тапшылығы), орта, ауыр дәрежелі анемиялар;
тромбозсыз, геморрагиялық белгілерсіз емдеуден кейінгі ұзақ жағымды әсермен тромбоциттердің сапалық бұзылуы (тромбоцитопатиялар), қан ұю дерті (коагулопатиялар) және демеуші гормондық терапия жүргізу үшін медициналық көрсеткіштердің болмау жағдайлары жатады;
11-тармақтың 4) тармақшасына функцияның шамалы бұзылудың сақталу немесе көкбауырды алып тастау (спленэктомия) жағдайында, терапияның толық курсы аяқталған соң қанның жүйелі емес ауруларынан кейінгі функционалдық тұрғыдан уақытша бұзылуы жатады.
Қан ұюының бұзылуы, бөртпе және басқа геморрагиялық жай-күйлер (Виллебранд, Шенлейн-Генох және басқа аурулар) кезінде функцияның бұзылу дәрежесіне және науқастанудың ағымына байланысты куәландыру 11-тармақтың 1), 2) немесе 3) тармақшалары бойынша жүргізіледі.
Қайталанатын ағыммен аралас түрдегі геморрагиялық васкулиті (Шенлейн-Генох ауруы) бар куәландырылушылар осы тармақтың 3) тармақшасы бойынша куәландырылады.
Келісімшарт бойынша әскери қызметке, ӘОО-ларға түсетіндер, медициналық куәландыру кезінде қан немесе қан түзетін мүшелердің науқастану белгілері алғаш рет анықталғандар гематологқа кеңес алуға жіберіледі. Науқастануды айқындау жағдайында куәландыру стационарлық тексеруді қажет етпейді.
І, ІІ бағандары бойынша куәландырылатындар, қанында гемоглабин құрамы 120 г/л кем болатын болса 6 айға дейін уақытша жарамсыз деп танылады.
Басқа мүшелер мен жүйелердің науқастануы кезінде байқалатын екінші иммундық тапшылық жай-күйі, қан құрамының өзгеруі, қан ұюының бұзылуы кезінде (басқа да созылмалы, аутоиммунды, онкологиялық, инфекциялық аурулар, саркоидоз және басқа гранулематоздар, гистиоцитоздар, жүктілік пен босану патологиялары, жарақаттар мен олардың асқынулары, оларды емдеу) әскери қызметке және әскери-есептік мамандық бойынша жарамдылық санаты зақымданған мүше немесе мүшелер жүйесі функцияларының бұзылу дәрежесіне байланысты бағандар бойынша талаптардың тиісті тармақтары бойынша айқындалады.
4-тарау. Эндокринді жүйенің аурулары, тамақтану мен зат алмасудың бұзылуы
12-тармақ. Эутиреоидты зоб.
Дәрежелер бойынша зобтың көлемін анықтау үшін келесі шкала пайдаланылады: 0 - қалқанша без саусақпен басқанда сезілмейді; І - без қылтасы ұлғайған, саусақпен ұстағанда анық сезіледі және жұтқан кезде байқалады; ІІ - без құрамының бүйір бөліктері және қылтасы саусақпен басқанда да және жұтқан кезде де анық көрінеді; ІІІ - без анық көрінеді, мойынның алдыңғы бөліктерін тегістейді (жуан мойын); ІV - без мойынның түрін өзгертеді; V - без көлемі өте үлкейген.
12-тармақтың 1) тармақшасына ІV-V дәрежелі эутиреоидты зоб жатады.
12-тармақтың 2) тармақшасына ІІІ дәрежелі эутиреоидты зоб жатады.
Куәландырылатын тұлғада 12 тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген науқастанулар анықталған жағдайда хирургиялық емдеу ұсынылады. Көрсетілген тармақшалар бойынша қорытынды хирургиялық емдеудің қанағаттанғысыз нәтижелері кезінде немесе операциядан бас тартқан жағдайда шығарылады.
12-тармақтың 3) тармақшасына ІІ дәрежелі эутиреоидты зоб жатады.
ІІ дәрежелі эутиреоидты зоб алғаш рет анықталған кезде мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтар дәрі-дәрмекті терапия жүргізу үшін 12 айға әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылады. Қайта куәландыру емдеу нәтижелеріне байланысты 12 айдан кейін жүргізіледі.
Тұрақты эндокринді бұзылу болған кезде куәландыру функциялардың бұзылу дәрежесіне байланысты бағандар бойынша талаптардың 13-тармағы бойынша жүргізіледі.
0-І дәрежелі эутиреоидты зоб, ұзақ бақылау (3 жылдан аса) туралы мәліметтер болған кезде, осы тармақты қолдану үшін негіздеме болып табылмайды.
13-тармақ. Эндокринді жүйенің басқа да аурулары, тамақтанудың және зат алмасудың бұзылуы.
Әскерге шақыру учаскелеріне тіркеген, мерзімді әскери қызметке шақырған кезде, 13-тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларына жататын науқастанулар алғаш рет анықталған кезде азаматтарды медициналық куәландыру стационарлық жағдайларда тексергеннен және емдегеннен кейін жүргізіледі.
13-тармақтың 1) тармақшасына:
гипофиз, бүйрекүсті безі, қалқанша жанындағы без және жыныс бездері науқастанулары, сондай-ақ бағандар бойынша талаптардың 12-тармағына кірмеген, функцияларының елеулі бұзылуымен, дәрі-дәрмекті терапия аясында клиникалық-гормональды субкомпенсация немесе декомпенсация жай-күйіндегі қалқанша безінің науқастанулары;
Толықтырушы (алмастырғыш) терапия аясында клиникалық-гормональды субкомпенсация немесе декомпенсация жай-күйіндегі эндокринді безге (операциялық, соның ішінде ішінара алып тастау, сәулелік терапия және басқалар) медициналық процедуралардан кейінгі жай-күй (салдары);
дәрі-дәрмекті терапия аясында клиникалық-гормональды субкомпенсация немесе декомпенсация жай-күйіндегі эндокринді мүшелер функцияларының елеулі бұзылуымен генетикалық синдромдар;
1-типті қант диабеті;
ұдайы инсулиндік терапияны, соның ішінде қантты төмендететін таблеткалы препараттарды аралас тағайындауды талап ететін 2-типті қант диабеті;
мынадай асқынулардың ең болмаса біреуі болған кезде: препролиферативті және пролиферативті ретинопатия (көзді зақымдаумен), созылмалы бүйрек функциясының жеткіліксіздігі дамитын диабеттік нефропатия (бүйректі зақымдаумен), автономды (вегетативті) нейропатия (неврологиялық асқынулармен), аяқтардың диабеттік ангиопатиясы (трофикалық жаралармен, табан гангренасымен, невропатиялық ісінулермен, остеоартропатиямен (диабеттік табан синдромы) пайда болатын перифериялық қан айналымының бұзылуымен), сондай-ақ қайталанатын гипогликемиялық және кетоацидодты жай-күй, гипогликемиялық және диабеттік есінен тану кезінде ұдайы инсулиндік терапияны тағайындауды талап етпейтін (гипергликемия деңгейіне және емдеу сипатына қарамастан) 2-типті қант диабеті жатады.
13-тармақтың 2) тармақшасына:
гипофиз, бүйрекүсті безі, қалқанша жанындағы без және жыныс бездері науқастанулары, сондай-ақ бағандар бойынша талаптардың 12-тармағына кірмеген, дәрі-дәрмекті терапия аясында клиникалық-гормональды компенсация жай-күйінде функцияларының орташа бұзылуымен қалқанша безінің науқастанулары;
толықтырушы (алмастырғаш) терапия аясында клиникалық-гормональды компенсация жай-күйінде эндокринді безге жасалған медициналық процедуралардан кейінгі жай-күй (салдары);
дәрі-дәрмекті терапия аясында клиникалық-гормональды субкомпенсация немесе декомпенсация жай-күйіндегі эндокринді мүшелер функцияларының орташа бұзылуымен генетикалық синдромдар;
көмірсутек алмасуды қалпына келтіруге диетотерапия аясында қантты төмендететін таблеткалы препараттарды ұдайы қабылдаумен ғана қол жеткізілетін 2-типті қант диабеті;
бір тәулік ішінде гликемия 8,9 ммоль/литрден асатын және (немесе) гликозилденген гемоглобин 7,5-тен аса пайызды құрайтын 2-типті қант диабеті;
пролиферативті емес ретинопатия, 3 (микроальбуминуриялық) немесе 4-сатылы (протеинуриялық) нефропатия, орташа айқын көрінген перифериялық невропатия және ангиопатия болған кезде көмірсутек алмасуды қалпына келтіруге ұдайы диетотерапияны тағайындаумен қол жеткізілетін 2-типті қант диабеті;
ІІІ дәрежелі экзогенді-конституционалдық семіздік;
ұдайы емделуді, арнайы тамақтануды, еңбек пен демалыстың арнайы режимін сақтауды талап ететін зат алмасудың бұзылуы (фенилкетонурия, галактоземия, гликогеноз, Вильсон-Коновалов ауруы, Гоше ауруы және басқалар) жатады.
Мерзімді әскери қызметке шақырылған кезде азаматтарда ІІ дәрежелі экзогенді-конституционалдық семіздік алғаш анықталған кезде олар 13-тармақтың 4) тармақшасы бойынша 12 айға әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылады, ал семіздікті сәтсіз емдеген кезде медициналық куәландыру 13-тармақтың 3) тармақшасы бойынша жүргізіледі.
13-тармақтың 3) тармақшасына:
диффузды уытты зобтың жеңіл емделетін түрлері (жеңіл невроз тәрізді симптоматика, дене жүктемесіне төзімділіктің төмендеуі, тамыр соғысы жиілігі минутына 100-ге дейін, І-ІІ дәрежелі қалқанша безінің ұлғаюы кезінде негізгі алмасудың жоғарылауы 30 пайыздан аспайды);
терапияны тағайындауды талап етпейтін, клиникалық-гормональдық компенсация кезінде эндокринді безге медициналық процедураларды жасағаннан кейінгі жай-күй;
көмірсутек алмасуды қалпына келтіруге ұдайы диетотерапияны тағайындаумен қол жеткізілетін, ал гликемия тәулік ішінде 8,9 ммоль/литрден аспайтын және (немесе) кеш асқынулар болмаған кезде гликозденген гемоглобин 7,5 пайызға тең немесе одан кем 2-типті қант диабеті;
бүйрек диабеті;
қайталанатын ағыммен жіті емес тиреоидит;
ІІ дәрежелі экзогенді-конституционалдық семіздік жатады.
Созылмалы фиброзды және аутоиммунды тиреоидит кезінде медициналық куәландыру қалқанша без функциясының бұзылу дәрежесіне байланысты 13-тармақтың 1), 2) немесе 3) тармақшалары бойынша (функцияның бұзылуынсыз - бағандар бойынша талаптардың 12-тармағының 3) тармақшасы бойынша) жүргізіледі.
Зат алмасудың басқа бұзылуларын диагностикалау кезінде (кистозды фиброз, амилоидоз, альбинизм және басқалар) куәландыру клиникалық көріністеріне және функциялардың бұзылуына байланысты осы тармақтың тиісті тармақшалары бойынша жүргізіледі.
13-тармақтың 4) тармақшасына эндокринді безге медициналық процедураларды (операциялық алып тастау, соның ішінде ішінара, сәулелік терапия және басқалар) жасағаннан кейінгі жай-күй, жіті және жіті емес тиреоидитті емдегеннен кейінгі жай-күй жатады. Азаматтар мерзімді әскери қызметке шақырылған, келісімшарт бойынша әскери қызметке кірген кезде 13-тармақтың 4) тармақшасы бойынша алты ай мерзімге әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылады.
Жеткіліксіз дене салмағы - ДСИ 18,5-тен аз болған кезде әскерге шақырылушылар дәрігер-терапевтің және дәрігер-гастроэнтерологтың консультациясынан кейін дәрігер-эндокринологтың консультациясын алуы тиіс. Эндокринді патология айқындалған кезде әскерге шақырылушыларды медициналық тексеру және емдеу стационарлық жағдайларда жүзеге асырылады. Азаматтар мерзімді әскери қызметке шақырылған кезде 13-тармақтың 4) тармақша бойынша алты ай мерзімге әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылады. Егер алты айдан кейін азаматтарда дене салмағын төмендететін науқастанулар айқындалмаса, ДСИ-дің теріс динамикасы болмаса (ай сайынғы тексеру деректері бойынша), дене еңбегіне қабілеті сақталса (функционалдық жүктеме сынамаларының деректері бойынша), онда олар 13-тармақтың 5) тармақшасы бойынша куәландыруға жатады. ДСИ-дің теріс динамикасы болған, дене еңбегіне қабілеті төмендеген кезде азаматтар 3) тармақша бойынша куәландыруға жатады.
18 жасқа толған азаматтардың тамақтану жай-күйін (жеткіліксіз тамақтану, семіздік дәрежесі) бағалау үшін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органы айқындаған ДСИ мынадай формула бойынша пайдаланылады:
ДСИ (кг/м²) = дене салмағы (кг)/бой өлшемінің квадраты (м²).
Норма - 18,5-24,9 кг/м2;
Артық дене салмағы - 25,0 - 29,9 кг/м2;
І дәрежелі семіздік - 30,0 - 34,9 кг/м2;
ІІ дәрежелі семіздік - 35,0 - 39,9 кг/м2;
ІІІ дәрежелі семіздік - 40 кг/м2 және артық.
18 жасқа толмаған тұлғаларды куәландыру кезінде тамақтанудың жай-күйін бағалау үшін Қазақстан Республикасында қабылданған балалар мен жасөспірімдердің дене дамуының стандарттары пайдаланылады.
5-тарау. Психикалық бұзылу
Өзіне-өзі қол жұмсау әрекетін жасағаны немесе дене мүшесін зақымдағаны қызметтік, медициналық құжаттамалармен, куәгерлердің актілерімен расталған, психикалық бұзушылықтарымен тұлғалар бағандар бойынша талаптардың нервтік-психикалық патологияның тиісті нозологиялық түрін көздейтін тармақтары бойынша куәландырылады. Сонымен бірге сараптамалық диагнозда өзіне-өзі қол жұмсау әрекетін жасау немесе дене мүшесін зақымдау дерегі көрсетіледі.
Психикалық бұзушылықтары алғаш рет анықталған әскери қызметшілер мен азаматтарды медициналық куәландыру стационарлық тексеруден (емдеуден) кейін жүргізіледі, психиатрда диспансерлік есепте тұрған азаматтар амбулаторлы куәландырылады.
Әскери қызметке жарамдылығы туралы қорытынды, егер өзгесі клиникалық хаттамаларда айтылмаса, стационарлық тексеруден (емделуден) кейін бір айдан соң шығарылады.
14-тармақ. Тармақ бас миының жарақаты, бас миды тікелей немесе таңдамалы зақымдайтын ми қызметінің бұзылуына әкеліп соқтыратын инсульт, бас миының ісіктері, энцефалит, менингит, нейромерез, сондай-ақ кәрілік және кәрілік алды психоздар, қан тамырлы, дегенеративті, басқа да органикалық науқастанулар және бас миының зақымдануы сияқты аурулардың салдарынан болған психикалық бұзылуды көздейді.
Осы тармаққа эпилепсия салдарынан туындаған психикалық бұзылу және адамның ерекше өзгерістері жатады.
14-тармақтың 1) тармақшасына айқын көрінген, ұзаққа созылған психотиялық жай-күй, сондай-ақ тұрақты интеллектуалды-мнестикалық бұзылулармен немесе психоорганикалық тип бойынша адамның кенеттен айқын көрінген өзгерістерімен көрінген психикалық бұзылулар, әлеуметтік бейімделуді тұрақты қиындататын қайта госпитальға жатқызу жай-күйі (жылына 2 реттен көп) жатады.
14-тармақтың 2) тармақшасына орташа айқын көрінген тұрақты астениялық, аффектілі, диссоциативті, когнитивті, тұлғалық және басқа да бұзылу болатын жай-күй, сондай-ақ қолайлы ағыммен өтетін психотиялық жай-күй, жылына екі реттен астам жиі декомпенсациямен және (немесе) амбулаторлық жағдайларда емдеуді жалғастыруды талап ететін психотиялық емес жай-күй жатады.
14-тармақтың 3) тармақшасына диспансерлік бақылауды және емдеуді жалғастыруды талап етпейтін, емдеу ұзақтығы 1 айға дейінгі өтпелі, қысқа уақытты психотиялық және психотиялық емес бұзылулар, әлеуметтік бейімделуді қиындатпайтын, бас миының жіті органикалық науқастанулары немесе жарақаттары салдарынан туындайтын, орталық нерв жүйесінің органикалық зақымдану белгілері болмаған кезде сауығумен немесе шамалы айқын көрінген астениямен аяқталған жай-күй жатады.
Әскери қызметшілерге кейіннен медициналық куәландырумен науқастануы бойынша демалыс беріледі. Әскерге шақырылушыларға ауырсыну белгілерінің компенсациясына байланысты 14-тармақтың 2) немесе 4) тармақшалары бойынша кейіннен стационарлық жағдайларда тексерумен және медициналық куәландырумен 12 ай мерзімге мерзімді әскери қызметке шақырудан шеттету беріледі.
14-тармақтың 4) тармақшасына психикалық бұзылулар және орталық нерв жүйесінің органикалық зақымдану құбылыстары болмаған кезде, тек функциялардың бұзылуынсыз жекелеген шашыраңқы органикалық белгілер болған кезде ғана, бас миының жіті науқастануынан немесе жарақатынан кейін психотиялық емес жеңіл психикалық бұзылулар кезіндегі тұрақты компенсация (кемінде екі жыл) немесе сауыққан жай-күй жатады.
Осы тармақшаға, сондай-ақ нервтік-психикалық орта және ішкі мүшелер жағынан патология болмаған кезде тармақта көрсетілген психикалық бұзылулардың анамнезде болуы жатады. Көрсетілген психикалық бұзылулардың оң нәтижесі медициналық мекеме жағдайларында стационарлық (амбулаторлық) тексеру нәтижелерімен расталады.
15-тармақ. Шизофрения, шизотиптік және сандырақтық бұзылулар, көңіл-күйдің бұзылуы ( аффективті бұзылулар).
Шизофренияның барлық түрлерін, маниакальды-депрессивті психоздың жеңіл, кенеттен айқын көрінген немесе ұзаққа созылған түрлерін, жіті полиморфты психотиялық бұзылуларды, жиі қайталанатын фазалармен, «толық психикалық денсаулықтың» сирек ұстамаларымен және ұзақ аралықтарымен (бірнеше жыл) циклотимияларды көздейді.
Мамандандырылған медициналық мекемеде емдеу және бақылау туралы медициналық құжаттармен расталған эндогенді психоз болған кезде І баған бойынша куәландырылатын азаматтардың, сондай-ақ келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін азаматтардың әскери қызметке жарамдылық санаты туралы мәселе стационарлық тексерусіз шешіледі.
16-тармақ. Тармақ бас миы басқа мүшелермен және жүйелермен қоса патологиялық процеске тартылғанда церебральды дисфункцияға әкеп соқтыратын жүйелі науқастанулардың немесе бұзылулардың салдарынан болатын психикалық бұзылуларды көздейді. Оған зиянды факторлардың әсеріне байланысты психикалық бұзылулар да жатады.
Тексеру және медициналық куәландыру нәтижелері туралы медициналық құжаттарда психикалық бұзылулардың дамуына әкеп соққан себеп көрсетіледі.
16-тармақтың 1) тармақшасына кенеттен айқын көрінген клиникалық белгілерімен және өту ағымы ұзақ, оның ішінде жеке тұлғаның айқын көрінген өзгерістерімен психотиялық бұзылулар жатады.
16-тармақтың 2) тармақшасына органикалық тип бойынша адамның патологиялық өзгерістеріне немесе айқын көрінген ұзақ (3 айдан астам) астениялық жай-күйіне (церебрастенияға) әкелетін, оның ішінде орталық нерв жүйесінің органикалық зақымдану құбылыстарымен орташа айқын көрінген немесе қайталанған психотиялық және психотиялық емес бұзылулар жатады.
Науқастанудың қалыпты өтуі кезінде, орталық нерв жүйесінің шамалы зақымдануымен ауырсыну белгілерінің тұрақты компенсациясы басталғанда әскери қызметшілер осы тармақтың 3) тармақшасы бойынша куәландырылады.
16-тармақтың 3) тармақшасына инфекцияға шалдыққаннан немесе соматикалық науқастанудан кейін орталық нерв жүйесінің органикалық зақымдану құбылыстары болмаған кезде орташа немесе шамалы айқын көрінген, ұзаққа созылған (3 айға дейін) астениялық жай-күй жатады.
Алкогольден немесе есірткі (токсикологиялық) заттарынан жіті уланған адамдарға науқастануы бойынша демалыс берілмейді.
16-тармақтың 4) тармақшасына жіті науқастану нәтижесінде туындайтын, жеңіл және қысқа мерзімді (2-3 аптаға дейін) астениямен өтетін және сауығумен аяқталатын психикалық бұзылу жатады.
Осы тармақшаға нервті-психикалық орта және ішкі мүшелер жағынан патология болмаған кезде тармақтарда көрсетілген анамнездегі психикалық бұзылулардың болуы жатады. Осы психикалық бұзылулардың қолайлы нәтижесі медициналық мекемелерде тексерумен расталады.
17-тармақ. Тармақ үрей-фобиялық, обсессивті-компульсивті, үрей, диссоциативті (конверсиялы), соматоформды бұзылуларды, ауыр күйзеліске реакцияларды, бейімделудің бұзылуын және басқа да невротикалық бұзылуларды көздейді. Осы тармаққа, сонымен қатар тамақтанудың бұзылуы, органикалық емес текті ұйқының бұзылуы, органикалық бұзылулармен немесе аурулармен дәлелденбеген сексуалды функцияның бұзылуы, тикозды бұзылулар жатады.