Бағандар бойынша азаматтардың (әскери қызметшілердің) денсаулық жағдайының сәйкес келуіне қойылатын талаптар (бұдан әрі - Бағандар бойынша талаптар) аурулардың халықаралық жіктемесіне сәйкес науқастанулардың, мертігулердің (жараланулардың, жарақаттанулардың, контузия алудың) атаулары бар тармақтар, тармақшалар түрінде аурулар жіктемелері бойынша жазылған.
Бағандар бойынша азаматтардың (әскери қызметшілердің) әскери қызметке денсаулық жағдайының сәйкес келуіне қойылатын талаптарға түсініктемелер осы Бағандар бойынша талаптардың 1-қосымшасында айқындалған.
Бағандар бойынша азаматтардың (әскери қызметшілердің) әскери қызметке денсаулық жағдайының сәйкес келуіне қойылатын талаптарда және оларға берілген түсініктемелерде пайдаланылған қысқартулар осы Бағандар бойынша талаптардың 2-қосымшасында келтірілген.
Жүрек-қан тамырының жалпы қауіп-қатерін стратификаттау, ЖҚТБАКА-ны, симптомсыз НМЗ-ны, тәуекел факторларын, сондай-ақ артериялық гипертензия кезіндегі қант диабетін сипаттау осы Бағандар бойынша талаптардың 3-қосымшасында жазылған.
Тыныс алу (өкпе) жеткіліксіздігі дәрежелерінің көрсеткіштері осы Бағандар бойынша талаптардың 4-қосымшасында жазылған.
Буындардың қозғалыс ауқымын бағалау кестесі (градуспен) осы Бағандар бойынша талаптардың 5-қосымшасында келтірілген.
Бағандар бойынша азаматтардың
(әскери қызметшілердің)
денсаулық жағдайының сәйкес
келуіне қойылатын талаптарға
1-қосымша
Бағандар бойынша азаматтардың (әскери қызметшілердің) әскери қызметке денсаулық
жағдайының сәйкес келуіне қойылатын талаптарға
түсініктемелер
1-тарау. Инфекциялық және паразитарлық аурулар
1-тармақ. Бөртпелер қоса шығатын ішек инфекциялары, бактериялы зооноздар, басқа да бактериялы аурулар, вирусты аурулар, буынаяқтылармен берілетін вирусты және басқа да аурулар (орталық нерв жүйесінің инфекцияларынан басқа), вирустардан және хламидиялардан туындайтын басқа да аурулар, риккетсиоздар, басқа да инфекциялық және паразитарлық аурулар.
Жіті науқастанулар кезінде әскери қызметшілердің әскери қызметке жарамдылық санаты мүшелер мен жүйелер функцияларының бұзылу дәрежесіне байланысты емдеу аяқталғаннан кейін айқындалады.
1-тармақтың 1) тармақшасы емделмейтін немесе қиын емделетін науқастанулардың созылмалы қайталанатын түрлерін көздейді.
Кемінде 12 ай бұрын бруцеллездің немесе токсоплазмоздың жіті түріне шалдыққандар, І баған бойынша куәландырылатындар, 1-тармақтың 2) тармақшасы бойынша ремиссия тұрақтылығын бағалау үшін әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылады, қайталанған кезде қорытынды 1-тармақтың 1) тармақшасы бойынша шығарылады.
Мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілері бруцеллездің немесе токсоплазмоздың қайталануынан соң немесе жіті түрінен кейін әскери қызметке жарамсыз деп танылады.
Алғашқы латентті бруцеллез (клиникалық белгілері болмаған кезде Райттың оң реакциясы) белгіленген кезде әскерге шақырылушыларға әскерге шақыруды 6 айға кейінге қалдыру беріледі, келісімшарт бойынша әскери қызметке немесе әскери ӘОО-на түсетіндер жарамсыз деп танылады.
Созылмалы бруцеллез немесе токсоплазмоз кезінде куәландыру 1-тармақтың 1) тармақшасы бойынша шығарылады.
Созылмалы дизентериямен ауыратын, сондай-ақ іш сүзегінің, паратифтің және сальмонеллездің бактериялары бар әскери қызметшілер стационарлық емделуге жатады. Үш ай және одан астам уақыт ішінде тұрақты бактерияның болуы жағдайында 1-тармақтың 1) тармақшасы бойынша куәландырылады, ал І баған бойынша куәландырылатындар емделу үшін 1-тармақтың 2) тармақшасы бойынша 6 айға әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылады, зертханалық зерттеумен расталған бактерияның болуы 6 айдан астам сақталған кезде 1-тармақтың 1) тармақшасы бойынша куәландырылады.
Зерттеудің зертханалық-құралдық әдістерімен расталған ішкі мүшелердің эхинококкозы, альвеококкозы, септикопиемиялық метастаздардың болуымен сепсистің жіті, жіті емес және созылмалы түрлері кезінде алғашқы ошақты оқшауландыруға және емдеу нәтижелеріне қарамастан, І - ІІ бағандары бойынша куәландырылатындардың әскери қызметке жарамдылық санаты 1-тармақтың 1) тармақшасы бойынша айқындалады.
Зерттеудің зертханалық-құралдық әдістерімен расталған ішкі мүшелердің асқынған немесе қайталанатын эхинококкозы, альвеококкозы, септикопиемиялық метастаздардың болуымен сепсистің жіті, жіті емес және созылмалы түрлері кезінде ІІІ баған бойынша куәландырылатындардың әскери қызметке жарамдылық санаты осы тармақтың 1-тармақшасы бойынша айқындалады.
Ауыр дәрежелі, ұзаққа созылған ағымдағы В, С, Д вирусты гепатитімен, бауырдан тыс белгілерімен (аутоиммунды тиреоидит, Шегрен синдромы, лимфоцитарлы сиаладенит), микст-гепатиттермен ауырған мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілері әскери қызметке жарамсыз деп танылады.
Жеңіл және орта дәрежелі вирусты гепатитпен ауырған мерзімді әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер зиянды факторлармен жұмысқа, ДШӘ, АрнМақБ қызметке және сүңгуір жұмыстарында жұмыс істеуге жарамсыз деп танылады.
ІV баған бойынша куәландырылатын асқынбаған жеңіл немесе орташа ауырлықтағы вирусты гепатитке, іш сүзегіне, паратифке шалдыққан әскери қызметшілер 6 айдан кейін қайта куәландырумен парашютпен секірулерге уақытша жарамсыз деп танылады. Осы мерзім аяқталғаннан кейін бауыр және асқазан-ішек жолы функцияларының бұзылуы болмаған кезде көрсетілген адамдар парашютпен секірулерге, сүңгуір жұмыстарына және зиянды факторлармен жұмыс істеуге жіберіледі.
ІV баған бойынша куәландырылатын вирусты гепатитке, іш сүзегіне шалдыққан, паратифтің ауыр және (немесе) ұзаққа созылған түріне шалдыққан әскери қызметшілер 12 айдан кейін қайтадан куәландырумен парашютпен секірулерге, сүңгуір жұмыстарына, зиянды факторлармен жұмыс істеуге уақытша жарамсыз деп танылады.
Бұл жағдайда әскери қызметшілерге 60 метрге дейін тереңдіктегі сүңгуір жұмыстарына рұқсат беріледі, 60 метрден асатын тереңдіктегі сүңгуге рұқсат куәландырудан бір жыл өткен соң ғана беріледі.
В вирусты гепатитінің үстірт антигенін және С гепатитінің вирусына антиденелерді анықтау жасырын өтетін созылмалы вирусты гепатитті болдырмау мақсатында егжей-тегжейлі тексеру үшін негіздеме болып табылады.
Созылмалы вирусты гепатит расталғаннан кейін азаматтар бағандар бойынша талаптардың 59-тармағы бойынша бауыр функциясының бұзылуы бар болуы және белсенділік дәрежесі есепке алынумен куәландырылады.
Зерттеп-қараудың қосымша әдістерінің (УДС, ИФА, ПЦР және басқалар) нәтижелерімен расталған В немесе С вирусты гепатит маркерлерін симптомсыз (белсенді емес) тасымалдау бағандар бойынша талаптардың тармақтарын қолдануға негіздеме болып табылмайды.
Вирусты гепатитпен, іш сүзегімен, жеңіл дәрежелі паратифпен ауырған ӘОО-на түсетін азаматтар, оларда бауыр және асқазан-ішек жолдары функцияларының бұзылуы болмаған кезде, емделу аяқталғаннан кейін кемінде 6 айдан кейін ӘОО-на түсуге жарамды деп танылады.
Сүзектің, паратифтің, геморрагиялық безгектердің, риккетсиоздардың, зоонозды инфекциялардың ауыр түрлеріне шалдыққан, сондай-ақ науқастанудың ауыр дәрежесіне қарамастан, науқастанудың асқынуы дамыған кезде (ішек перфорациясы, ішек қан кетуі, парапневмониялық плевритпен пневмония), емделгеннен кейін тұрақты әлсіреу сақталған кезде, әскери қызметшілер бағандар бойынша талаптардың 1-тармағының 1) тармақшасы бойынша куәландырылады.
Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер, шақыру бойынша офицерлер осы тармақта көрсетілген науқастану мәселесі бойынша хириургиялық емделуден немесе асқынған науқастанулардан кейін, мүшелер мен жүйелер функцияларының бұзылулары есепке алынумен талаптардың сәйкес тармақтары бойынша емделу және оңалту аяқталған соң куәландырылады.
Орталық нерв жүйесі, жүрек-қантамырлары, сүйек-буын жағынан ауыр асқынулар кезінде мүшелер мен жүйелердің зақымдануына байланысты қосымша аурулар бағандар бойынша талаптардың тиісті тармақтары бойынша куәландырылады.
1-тармақтың 2) тармақшасына шалдыққан жіті инфекциялық, паразитарлық науқастанулардан кейін, функционалдық тұрғыдан уақытша бұзылулар болған кезде стационарлық емделу аяқталғаннан кейін науқаста жалпы әлсіреу, күшінің төмендеуі, жеткіліксіз тамақтану сақталған функционалдық тұрғыдан уақытша бұзылулар жатады.
Науқастануы бойынша демалыс беру қажеттілігі туралы қорытынды тек науқастанудың ауыр немесе асқынған ағымы кезінде (ішек перфорациясы, ішектен қан кету, миокардит, парапневмониялық плевритпен пневмония) госпитальдық емделгеннен кейін әлсіреу сақталған кезде қалған өзгерістердің тұрақтылығын бағалау және куәландырылушының әскери қызмет міндеттерін орындау қабілеттілігін толық қалпына келтіру үшін кемінде бір ай мерзім қажет болған кезде ғана шығарылады.
Науқастанудың жеңіл немесе орта ауыртпалықта асқынбаған түрлеріне шалдыққан әскери қызметшілерге қатысты науқастануы бойынша демалыс беру қажеттілігі туралы қорытынды шығарылмайды. Осы санатты қалпына келтіріп емдеу оңалту іс-шаралары кешені ұйымдастырылған әскери бөлімдердің медициналық бөлімшелерінде аяқталады. Әскери бөлімдерде медициналық бөлімшелер болмаған жағдайда әскери-медициналық мекемелердің инфекциялық немесе терапевтік бөлімшелерінде оңалту жүргізуге рұқсат етіледі.
ӘОО-ның курсанттары мен тыңдаушылары вирусты гепатиттің, іш сүзегінің және паратифтердің жеңіл түрлері себебінен госпитальдық емделгеннен кейін жұмыстардың кейбір түрлерінен, тәуліктік кезекшіліктерден, дене дайындығынан босату туралы ұсынымдармен шығарылады.
Жіті вирусты гепатитке, іш сүзегіне және паратифтерге шалдыққан азаматтар әскери қызметке әскерге шақырылған немесе келісімшарт бойынша әскери қызметке кірген кезде стационарлық емделу аяқталғаннан кейін 6 айға әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылады.
2-тармақ. Тыныс алу мүшелерінің тубуркулезі.
2-тармақтың 1) тармақшасына:
бактерияны бөлудің және (немесе) ыдыраудың болуымен тыныс алу мүшелерінің белсенді туберкулезінің барлық түрлері;
уланудың айқын көрінген симптомдарымен тыныс алу мүшелерінің белсенді туберкулезінің түрлері;
көкірекортаны жылжыта отырып, ІІ дәрежелі тыныс алу (өкпе) жеткіліксіздігі қоса болатын өкпенің және плевраның үлкен қалдықты өзгерістері;
туберкулездің мультирезистентті түрлері, сондай-ақ ІІ дәрежелі тыныс алу (өкпе) жеткіліксіздігімен хирургиялық емдеудің салдары;
плевраның эмпиемасы;
бронхтардың фистулезді (жыланкөзді) зақымданулары жатады.
2-тармақтың 2) тармақшасына:
туберкулездің микобактерияларын бөлусіз және ыдыратуынсыз тыныс алу мүшелерінің белсенді туберкулезінің барлық түрлері;
емдеу үдерісінде трансформацияланған жұқа қабырғалы білезік тәрізді қуыстар (ашық тип бойынша кавернаның жазылуы);
І дәрежелі тыныс алу (өкпе) жеткіліксіздігі қоса болатын хирургиялық емдеудің салдары;
І дәрежелі тыныс алу (өкпе) жеткіліксіздігі қоса болатын өкпенің және плевраның үлкен қалдықты өзгерістері;
Үлкен қалдықты өзгерістерге:
өлшемі 1 см аз (5 және одан астам) алғашқы кешеннің көптеген құрамдастары (Гон ошағы және кальцийленген лимфа түйіндері), өлшемі 1 см және одан астам алғашқы кешеннің жеке және (немесе) көптеген құрамдастары (Гон ошағы және кальцийленген лимфа түйіндері);
өлшемі 1 см аз көптеген (5 және одан астам) қарқынды айқын көрінген ошақтар;
өлшемі 1 см және (немесе) одан астам жеке және көптеген қарқынды айқын көрінген ошақтар мен фокустар;
кең таралған фиброз (екі сегменттен артық);
кез келген ұзақтықтағы цирротикалық өзгерістер;
қуысты санациялау;
фиброторакс;
бронхоэктаздары бар плевропневмосклероз;
жуандығы 1 см астам ауқымды плевральды қатпарланулар (плевраның кальцийленуі немесе онсыз);
пульмонэктомиядан, торакопластикадан, плевроэктомиядан, кавернотомиядан, экстраплевральды пневмолизден кейінгі өзгерістер;
шолу рентгенограммаларымен және (немесе) рентгентомограммалармен объективтенген, аз қалдықты өзгерістерге тән екі және одан астам белгінің үйлесуі жатады.
2-тармақтың 3) тармақшасына:
табысты жүргізілген емдеудің стационарлық кезеңінен кейін (кемінде үш ай) клиникалық-рентгенологиялық сәттілікке қол жеткізген кезде тыныс алу мүшелерінің туберкулезі: бактерияны бөлудің тоқтауы, ыдырау қуыстарының жабылуы, улану симптомдарының жойылуы, өкпедегі инфильтрацияның таралуы және плевральды қуыстағы сұйықтықтың сорылуы;
негізгі емдеу курсы аяқталғаннан кейін тыныс алу мүшелерінің клиникалық емделген туберкулезі;
тыныс алу жеткіліксіздігінсіз хирургиялық емделу салдары (2 және одан көп сегменттерді немесе бөлігін кескеннен кейін);
тыныс алу жеткіліксіздігінсіз өкпедегі және плеврадағы үлкен қалдықты өзгерістер жатады.
Туберкулезді этиологиядағы жалқықты плеврит және басқа да серозиттер (перикардит, полисерозит) болған кезде куәландыру цитологиялық, иммунологиялық, микробиологиялық зерттеулердің және пункциялы биопсияның нәтижелерін ескере отырып жүргізіледі. Құрғақ плевриттердің туберкулездік этиологиясы туберкулинді және иммунодиагностика әдістерімен, сынақты емдеумен және зертханалық көрсеткіштер қарқынымен, плевральды қуысты ультрадыбыстық зерттеумен дәлелденеді.
Негізгі емдеу курсы аяқталғаннан кейін жақын арадағы үш жыл ішінде өкпенің және плевраның қалдықты өзгерістері болған немесе болмаған кезде І, ІІ бағандар бойынша куәландырылатын тұлғаларға осы тармақша қолданылады.
Оң клиникалық-рентгенологиялық динамикасымен туберкулезді этиологиядағы жалқықты плевритке және басқа да серозиттерге шалдыққан адамдар емдеуден және диспансерлік есептен алынғаннан кейін ОДКК қорытындысы негізінде 2-тармақтың 4) тармақшасы бойынша куәландырылады.
Емдеудің тиімсіздігі немесе одан бас тартқан кезде әскери қызметшілер осы тармақтың 2-тармақшасы бойынша куәландырылады.
ІІ баған бойынша куәландырылатындар сипатына, ағымына және нәтижесіне қарамастан, түпкілікті диагнозы және емделуі белгіленгеннен, үдерісі тұрақтандырылғаннан кейін үш айдан ерте емес ӘДК-ға ұсынылады.
2-тармақтың 4) тармақшасына тыныс алу мүшелерінің туберкулезіне шалдыққаннан кейін клиникалық емделген (соның ішінде асығыс емделген) туберкулез тобында бақылау аяқталғаннан және диспансерлік есептен алынғаннан кейінгі аз қалдықты өзгерістер жатады.
Аз қалдықты өзгерістерге:
алғашқы генездегі аз қалдықты өзгерістер - өлшемі 1 см аз (төрт және одан аз) алғашқы кешеннің жеке құрамдастары (Гон ошағы және кальцийленген лимфа түйіндері);
өлшемі 1 см аз санаулы (төрт және одан аз) қарқынды айқын көрінген ошақтар;
екі сегмент шегінде шектеулі фиброз;
біріккен синустар, бөлікаралық шварталар, плевралық-диафрагмалық және плевралық-медиастиналдық бітіп тұтасулар, жуандығы 1 см дейін бір немесе екі жақты плевралық-апикальдық және плевралық-қабырғалық қатпарланулар (плевраның кальцийленуімен немесе онсыз).
Осы тармақшаға өкпе сегментін кесу салдары да немесе тыныс алу жеткіліксіздігінсіз оның қалыптан тыс кесілуі жатады.
Туберкулезбен ауырған тұлғаларға медициналық қайта куәландыру негізгі емдеу курсы аяқталғаннан кейін диспансерлік есептен алынған кезде кемінде үш жылдан кейін жүргізіледі.
Өкпеде немесе кеуде ішіндегі лимфа түйіндерінде жеке ұсақ петрификаттардың (үштен артық емес) болуы осы тармақты қолдану үшін негіздеме болып табылмайды, әскери қызмет өткеруге, ӘОО-ға түсуге кедергі келтірмейді.
2-тармақтың 5) тармақшасына емдеудің стационарлық кезеңінен кейін (консервативті немесе операциялық) функционалдық тұрғыдан уақытша бұзылу жатады. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге емдеудің интенсивті фазасынан кейін күнтізбелік 60 күнге дейін науқастануы бойынша демалыс беріледі. Бұл ретте кейіннен медициналық куәландырумен және әскери қызметке жарамдылығын айқындаумен амбулаторлық жағдайларда дәрігер-фтизиатрдың бақылауында емделуді жалғастыру үшін науқастануы бойынша демалыс беру қажеттілігі туралы қорытынды шығарылады.
3-тармақ. Басқа мүшелер мен жүйелердің туберкулезі
3-тармақтың 1) тармақшасына:
өту сипатына, бұрынғы болуына және нәтижесіне қарамастан, әртүрлі мүшелер мен жүйелердің зақымдануымен генерализацияланған туберкулез;
ақпа іріңдігі немесе жыланкөз қоса болатын омыртқаның, түтікше тәрізді сүйектердің және буындардың үдемелі туберкулезі;
көру функцияларының үдемелі төмендеуімен көз туберкулезі;
тері туберкулезінің кең тараған және көріксізденген түрлері;
ыдыраумен және (немесе) бактерия бөлумен несеп-жыныс мүшелерінің туберкулезі;
перикардтың, іштің, іштегі лимфа түйіндерінің, асқазанның, ішектердің, бауырдың, көк бауырдың, ЛОР-мүшелердің немесе басқа да оқшауланған жерлердің үдемелі туберкулезі;
метатуберкулезді нефросклероз, несеп бөлу жүйесі мүшелерінің туберкулезіне шалдығудың қалдықты өзгерістері мен салдары, қалған бүйректің функциясы бұзылған кезде бір бүйректі алып тастағаннан кейін оның болмауы, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі немесе бөлу функциясының елеулі бұзылуы болған кезде бүйректі және несеп бөлу жолдарын басқа да хирургиялық емдеудің салдары;
несеп шығарудың елеулі бұзылуымен қуықтың тыртықты өзгерістері;
туберкулез себебінен екіжақты тарттырғаннан кейін еннің болмауы жатады;
3-тармақтың 2) тармақшасына:
омыртқаның, сүйектердің және буындардың, несеп-жыныс мүшелерінің және үдеріс тынышталғанға дейін басқа да кеудеден тыс оқшауланған белсенді шектеулі туберкулезі;
ыдыраусыз, жыланкөздерсіз және бактерия бөлусіз перифериялық лимфа түйіндерінің белсенді шектеулі туберкулезі;
несеп бөлу жүйесі мүшелерінің туберкулезіне шалдыққан кезде қалдықты құбылыстар немесе салдар, бүйрек пен несеп шығарудың бөлу функциясының орташа бұзылуы қоса болатын бүйрек және несеп шығару жолдарының туберкулезін хирургиялық емдеу салдары;
олардың функцияларының орташа бұзылуымен туберкулезді хирургиялық емдеу салдары жатады.
3-тармақтың 3) тармақшасына табысты жүргізілген стационарлық емдеу сатысынан кейін клиникалық-рентгенологиялық сәттілікке жеткен кезде кеудеден тыс оқшауландырылған туберкулез жатады;
Емдеудің тиімсіздігі немесе одан бас тартқан кезде әскери қызметшілер 3-тармақтың 1) немесе 2) тармақшалары бойынша куәландырылады.
Емделуден бас тартқан кезде немесе емделу тиімсіз болса, әскери қызметшілер 1 және 2) тармақшалар бойынша куәландырылады.
3-тармақтың 4) тармақшасына негізгі емдеу курсы аяқталғаннан және куәландырылушыны диспансерлік есептен алғаннан кейін үш жыл ішінде белсенділік белгілері болмаған кезде кеудеден тыс оқшауландырылған туберкулездің қалдықты өзгерістері (омыртқаның, түтікше тәрізді сүйектердің, буындардың туберкулезі кезінде - бес жыл ішінде) жатады.
Кеудеден тыс оқшауландырылған туберкулезбен адамдарға қатысты ӘДК қорытындысы сондай-ақ зақымданған мүшенің немесе жүйенің функциясына байланысты бағандар бойынша талаптардың тармақтары негізінде шығарылады.
3-тармақтың 5) тармақшасына емдеудің стационарлық (консервативті немесе операциялық) кезеңінен кейін функционалдық тұрғыдан уақытша бұзылу жатады.
Келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге кейіннен ӘДК-да медициналық куәландырумен амбулаторлық жағдайларда дәрігер-фтизиатрдың бақылауында емделуді жалғастыру үшін күнтізбелік 60 күнге дейін науқастануы бойынша демалыс беріледі.
4-тармақ бойынша алапес диагнозы белгіленген кезде әскери қызметшілер әскери есептен алумен әскери қызметке жарамсыз деп танылады.
Әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу, мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде азаматтар, отбасында тиісті денсаулық сақтау органымен алапеспен ауырғандар тіркелген әскери қызметшілер әскери есептен алумен әскери қызметке жарамсыз деп танылады.
Анамнезінде алапеспен ауыратын отбасылықпен байланысты емес азаматтар тексерілуге жіберіледі және жұқтыру болмаған кезде әскери қызметке жарамды деп танылады.
5-тармақ. ЖИТС аурулары әскери есептен алумен әскери қызметке жарамсыз деп танылады.
6-тармақ. Мерез және көпшілігі жыныс мүшелерімен берілетін басқа да инфекциялар.
Азаматтар әскери есепке алғаш рет тұрған, әскери қызметке әскерге шақырылған немесе келісімшарт бойынша әскери қызметке кірген кезде, сондай-ақ әскери қызметшілер, оларда басымы жыныс жолдарымен берілетін инфекциялар анықталған жағдайларда емделуге жатады. Олар табысты емделгеннен және диспансерлік есептен алынғаннан кейін әскери қызметке жарамды деп танылады.
Венерологиялық уретриттердің созылмалы немесе асқынған түрлері кезінде мерзімді әскери қызметке шақырылған немесе келісімшарт бойынша әскери қызметке кірген және ӘОО-ға түскен кезде азаматтар, егер емдеуді аяқтау үшін 6 айдан астам мерзім қажет болса, алты айға дейін әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылады, ал алғашқы, қайталанған немесе жасырын мерез кезінде 12 айға әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылады.
Создың және мерездің емделу критерийі венерологиялық науқастанудың клиникалық белгілерінің шешілуі және зертханалық бақылау кезінде үш рет теріс нәтиженің болуы және диспансерлік есептен алынуы болып саналады.
Егер мерезді толық емдегеннен кейін 12 айдан соң классикалық серологиялық реакциялардың терістенуі болмаса, куәландыру 6-тармақтың 2) тармақшасы бойынша жүргізіледі.
Ішкі мүшелердің, сүйектердің, нерв жүйесінің мерезбен зақымдануы кезінде олардың функцияларының бұзылуы дәрежесіне байланысты куәландыру бағандар бойынша талаптардың тиісті тармақтары бойынша жүргізіледі.
7-тармақ. Дерматофитиямен ауыратын тұлғалар емделуге жатады. Мерзімді әскери қызметке шақыру, келісімшарт бойынша әскери қызметке және ӘОО-ларға түсу кезінде олар мерзімі алты айға дейін әскери қызметке жарамсыз деп танылады.
Дерматофитиямен ауыратын әскери қызметшілер емделуге жатады, ол аяқталғаннан кейін олар әскери қызметке жарамды деп танылады.
Микоз диагнозы зертханалық зерттеулермен расталады.
7-тармақтың 1) тармақшасына емделуге келмейтін жақ-сүйек тұсындағы актиномикоздар жатады.
2-тарау. Жаңа өскіндер
Қатерлі ісіктері бар әскери қызметшілер жаңа өскіннің түріне, ағымының сипатына және емдеу нәтижесіне қарамастан, диагноз қойылған сәттен бастап 4 айдан кешіктірілмей әскери қызметке жарамдылығын анықтау үшін медициналық куәландыруға жіберіледі.
8-тармақ. Қатерлі ісіктер (нерв жүйесінің, лимфалы, қан түзетін және оларға жақын тіндердің ісіктерінен басқа).
8-тармақтың 1) тармақшасына:
таралуына және сатысына қарамастан, сүйектердің және буын сіңірлерінің қатерлі ісіктері;
радикалды емес хирургиялық емдеуден кейін ұзақ мерзімді метастаздармен басқа мүшелердің және жұмсақ тіндердің қатерлі ісіктері немесе бұрын жүргізілген емдеуден кейін науқастанудың үдеуі;
ісіктің сатысына және таралуына қарамастан, науқастың қатерлі ісікті емдеуден бас тартқан жағдайлары жатады.
8-тармақтың 2) тармақшасына:
төменгі еріннің немесе терінің қатерлі ісіктерін радикалды емдегеннен кейінгі тыртықтар;
мүшелер мен жұмсақ тіндерді, соның ішінде аймақтық метастаздармен қатерлі ісіктерді (сүйектерден, буын сіңірлерінен басқа) радикалды емдегеннен кейінгі басқа да жай-күй жатады.
Қатерлі үдерістің оқшаулануына, сатысына және таралуына, сондай-ақ науқастану басталған уақытқа қарамастан, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге және шекті жасқа толғаннан кейін немесе ұйымдық-штаттық іс-шаралар бойынша алдағы уақытта әскери қызметтен шығарылуына байланысты куәландырылатындарға қорытынды 8-тармақтың 2) тармақшасы бойынша шығарылады. Метастаздарсыз төменгі ерін, тері ісігін радикалды емдеу жағдайлары ерекшелік болып табылады, онда әскери қызметшілердің осы санаты 8-тармақтың 2) тармақшасы бойынша куәландырылады.
Қатерлі ісіктермен науқастарды стационарлық емдеу аяқталғаннан кейін ІІІ-ІV бағандар бойынша куәландырылатындарға 8-тармақтың 3) тармақшасы бойынша науқастануы бойынша демалыс беріледі.
9-тармақ. Лимфоидты, қан түзетін және оларға жақын тіндердің қатерлі науқастанулары (лейкоздар, Ходжкин ауруы, ходжкиндік емес лимфомалар, қатерлі қорғаныш пролиферативті аурулар, көптегн миелома және қатерлі плазможасушалы жаңа өскіндер және басқалар).
9-тармақтың 1) тармақшасына жүргізілген емдеуден нәтиже болмаған кезде лимфоидты, қан түзетін және оларға жақын тіндердің қатерлі науқастанулары жатады.
9-тармақтың 2) тармақшасына баяу үдемелі өтетін науқастанулар жатады, ал емдеу нәтижесі уақытша сипатта болады.
Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге және шекті жасқа толғаннан кейін, ұйымдық-штаттық іс-шаралар бойынша алдағы уақытта әскери қызметтен шығарылуына байланысты куәландырылатындарға қорытынды қатерлі үдерістің оқшаулануына, сатысына және таралуына, сондай-ақ науқастану басталған уақытқа қарамастан 9-тармақтың 1) тармақшасы бойынша шығарылады.
9-тармақтың 3) тармақшасына қан және қан түзетін мүшелердің, лимфоидты, қан түзетін және оларға жақын тіндердің қатерлі ісіктері себебінен сәулелік немесе цитостатикалық терапиядан кейінгі жай-күй жатады.
Науқастануы бойынша демалыс беру қажеттілігі туралы қорытынды сәулелік немесе цитостатикалық терапияның тек бірінші курсын өткізгеннен кейін ғана шығарылады.
10-тармақ. Қатерсіз ісіктер болған кезде куәландырылатындарға операциялық емделу ұсынылады. Тармақ емдеудің қанағаттанарлықсыз нәтижелері жағдайларында немесе одан бас тартқан кезде қолданылады.