Әскери қызметшілерге науқастануы бойынша демалыс беру туралы қорытынды стационарлық емдеу аяқталғаннан кейін қабынудың клиникалық, зертханалық белгілері болмаған кезде дене жүктемесінен кейін буындарда орташа, өтпелі ауырсыну сезімдері сақталатын және әскери қызмет міндеттерін орындау қабілетін қалпына келтіру үшін бір ай және одан артық мерзім қажет болған жағдайларда шығарылады.
Әскери қызметшілерге науқастануы бойынша демалыс беру туралы қорытынды сүйектерге және буындарға, пластикаға немесе сіңір тендолизіне (қол және табан саусақтарынан басқа) операциядан кейін қозғалысты уақытша шектеу кезінде, сүйек сынғаннан кейін қатпаған сүйек мүйізгегі кезінде әскери қызмет міндеттерін орындау қабілетін қалпына келтіруге бір ай және одан артық мерзім қажет болған жағдайларда шығарылады.
Түтікше сүйектердің сынықтарын емдеудің тұрақты қанағаттанарлықсыз нәтижелері, салдары кезінде науқастануы бойынша демалыс беру туралы қорытынды шығарылмайды, ал әскери қызметке жарамдылығы туралы мәселе бағандар бойынша талаптардың 82-тармағының 1), 2) немесе 3) тармақшалары бойынша шешіледі.
Қолдың, табанның, сондай-ақ жіліншіктің майда сүйектері сынған кезде ІІ баған бойынша куәландырылатын әскери қызметшілерге науқастануы бойынша демалыс беру туралы қорытынды шығарылмайды. Бұл жағдайларда емдеу аяқталғаннан кейін қажетті емдеу іс-шараларын көрсете отырып босату туралы қорытынды шығарылады.
І баған бойынша куәландырылатындарға қатысты ұзын түтікшелі сүйектің, жамбас сүйегінің, табан қоспасы сүйектерінің, табан сүйектерінің, өкше, топайсүйегінің, бұғананың, жауырынның, алақан сүйектерінің және білезіктің сынулары бітелгеннен кейін пластиналарды, интрамедуллярлы штифті, болттар-тартқыштарды және басқа да металл құрастырғыштарды (бірлі-жарым шуруптардан, сымдардан, біздерден, микровинттерден және микропластиналардан басқа) алып тастау бойынша операция жасау үшін алты айға әскери қызметке жарамсыздығы туралы қорытынды шығарылады. Операциядан бас тартқан кезде медициналық куәландыру бағандар бойынша талаптардың 82-тармағы бойынша жүргізіледі.
Жарықшақты және (немесе) бір-екі көлденең омыртқаның өсінділері сынғаннан, омыртқаларды соғып алудан, штифті, пластинканы немесе басқа да құрастырғыштарды алып тастағаннан кейін келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге қатысты қызметтік міндеттерінен босату қажеттігі туралы қорытынды шығарылады.
Майда сүйектердің асқынбаған стационарлық емдеуді қажет етпейтін жабық сынықтары кезінде келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге науқастануы бойынша демалыс беру немесе босату қажеттігі туралы қорытынды шығара отырып амбулаторлық куәландыруға рұқсат етіледі.
Сүйек мүйізгегінің пайда болу белгілерінен кейін, тек гипспен таңуды қажет ететін, түтікше немесе басқа да сүйектердің асқынбаған жабық сынықтары кезінде ІІІ баған бойынша куәландырылатын әскери қызметшілерге гипс таңғышын алғанға дейін амбулаторлық емделу үшін науқастануы бойынша демалыс беру немесе босату туралы қорытынды шығара отырып медициналық мекемеден шығарылады. ӘОО курсанттары мен тыңдаушылары емдеуді жалғастыру үшін ӘОО лазареттеріне, ал мерзімді әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерді әскери бөлімдердің медициналық пунктеріне, онда осы науқастардың болуы үшін жағдайлар болған кезде, госпиталь хирургінің (травматологының) кемінде айына бір рет міндетті тексеруімен орналастыру орынды. Емдеу аяқталғаннан кейін әскери қызметші ауруы бойынша демалыс алу (босатылу) үшін медициналық қайта куәландыруға жіберіледі.
Жақ сүйегінің және беттің жұмсақ тіндерінің жарақаттары салдарынан науқастануы бойынша демалыс беру туралы қорытынды шығаруға негіздеме сынықтардың баяу консолидациясы, хирургиялық немесе ортопедиялық емдеудің күрделі әдістерін қажет ететін тығыз тыртықтардың немесе сынықтардың болуы, сондай-ақ жарақаттар остеомиелиті бар сынықтар болып табылады.
Буындардағы қозғалыс көлемін бағалау кезінде бағандар бойынша талаптардың 5-қосымшасы басшылыққа алынады.
Жіті экзогенді әсер етуі мен уланудан кейін қалдықты құбылыстар кезінде талаптардың І бағаны бойынша куәландырылатындар 6 айға әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылады. Бұдан әрі олардың әскери қызметке жарамдылығы мүшелер мен жүйелер функцияларының қалпына келуі дәрежесіне байланысты бағандар бойынша талаптардың 85-тармағы бойынша айқындалады.
19-тарау. Басқа да аурулар
87-тармақтың. Жеткіліксіз дене дамуы.
Жақсы дене дамуымен және тамақтанумен, теңбе-тең дене бітімімен, дене салмағы кемінде 45 кг және бойы кемінде 150 см І, ІІ бағандар бойынша куәландырылатындар әскери қызметке жарамды деп танылады.
Дене салмағы 45 кг аз және бойы 150 см төмен І баған бойынша куәландырылатындар эндокринологтың тексерілуіне жатады. Бұл адамдар 2) тармақша негізінде 12 айға әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылады. Сақталған жеткіліксіз дене дамуы болған кезде медициналық куәландыру осы тармақтың 1) тармақшасы бойынша жүргізіледі.
Бойы 160 см кем болу кезінде ІІ баған бойынша куәландырылатын әскери қызметке келісім шарт бойынша түсетіндер, ал 165 см кем болғанда - ІV баған бойынша куәландырылатындар осы тармақтың 2) тармақшасы бойынша келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге жарамсыз деп танылады.
88-тармақ. Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеген және мерзімді әскери қызметке шақырған кезде, сондай-ақ энурезбен ауыратын әскери қызметшілерді тексеру мен емдеу стационарлық жағдайларда урологтың, невропатологтың, дерматовенерологтың, медициналық көрсеткіштер болған кезде психиатрдың қатысуымен жүргізіледі.
Бақылаулар мен тексерулер нәтижелері, сондай-ақ қорғаныс істері жөніндегі басқармалардан (бөлімдерден), әскери бөлімдерден алынған деректер түнгі зәрді ұстай алмаушылықтың (энурездің) болуын және емдеу тиімділігінің болмауын растайтын жағдайлар кезінде І - ІІ бағандар бойынша куәландырылатындар әскери қызметке жарамсыз деп танылады.
Егер түнгі зәрді ұстай алмаушылық (энурез) қандай да бір науқастанудың белгісі болып табылса, қорытынды негізгі науқастануды көздейтін бағандар бойынша талаптардың тармағы бойынша шығарылады.
89-тармақ. Сөйлеудің бұзылуы.
89-тармақтың 1) тармақшасына тыныс алудың бұзылуымен және невротикалық көріністермен болатын барлық сөйлеу аппаратын қамтитын кекештенудің (тұтығудың) жоғары дәрежесі, сондай-ақ сондай-ақ, сөзді түсініксіз қылатын сөйлеудің басқа да бұзылулары жатады.
89-тармақтың 2) тармақшасына І, ІІ бағандар бойынша куәландырылатындардағы сонымен қатар тұрақты, жүйелі ұзақ емделмейтін функционалдық тектегі афония жатады.
Кекештеніп (тұтығып) сөйлеу бұзылуы болған кезде куәландырылушы невропатологтың, психиатрдың, оториноларингологтың және логопедтің терең тексеруіне жатады. Әскери қызметке жарамдылық санаты туралы қорытынды тексеру деректері және әскери бөлімнен, қорғаныс істері жөніндегі басқармадан (бөлімнен), әскери қызметке кіргенге дейін оқу орнынан немесе жұмысынан алынған және оның денсаулық жағдайын сипаттайтын құжаттарды мұқият зерделеу негізінде шығарылады.
Сөйлеу бұзылуының айқындылық дәрежесі әртүрлі жағдайларда сөйлеу функциясының жай-күйін қарқынды бақылау жолымен айқындалады және науқастанудың аса айқын көрінген сәттеріндегі жай-күйі бойынша бағаланады. Әскери қызметке жарамдылық санаты туралы қорытынды куәландырылушының әскери қызмет міндеттерін орындау қабілетін ескере отырып шығарылады. Қолбасшылық мінездемесінің және куәландырылатынның әскери қызмет міндеттерін орындауда кекештену (тұтығу) қандай дәрежеде көрінетіні туралы нұсқамасының сараптамалық бағалауда елеулі маңызы бар.
Әскери қызмет өткеруге кедергі келтірмейтін жеңіл түрдегі кекештену (тұтығу) бөгеліп сөйлеу, сөйлемнің басында «кідіру», аз сөйлемнің (бір рет ауа шығаруда) басқа да сөздерді еркін айту немесе шамалы тоқталып, бірақ қайталаусыз айтуы болып табылады.
Егер мүшенің немесе мүше жүйелерінің науқастануы басқа мүшенің немесе мүше жүйесі қызметінің бұзылуына әкелетін жағдайда әскери қызметке жарамдылық санаты туралы сараптама қорытындысы кесте бойынша талаптардың тиісті тармақтарына сәйкес шығарылады.
Кесте бойынша талаптарда және диагностика мен емдеудің тиісті клиникалық хаттамаларында (бұдан әрі - клиникалық хаттамалар) келтірілген зерттеу әдістерінен басқа, азаматтарды тексеру кезінде анағұрлым ақпараттық әдістерді пайдалануға жол беріледі.
Осы талаптарда жазылмаған операциялық араласуларды қоса алғанда, науқастанулар, даму ауытқулары, жарақат салдарлары, уланулар және басқа да сыртқы факторлардың әсер етуі кезінде азаматтардың (әскери қызметшілердің) жарамдылық санаттарын айқындау халықаралық аурулар жіктемесіне сәйкес мүше немесе мүшелер жүйесі қызметінің бұзылуына байланысты кесте бойынша талаптардың тиісті тармақтарының тармақшалары бойынша жүргізіледі.
Бағандар бойынша азаматтардың
(әскери қызметшілердің)
денсаулық жағдайының сәйкес
келуіне қойылатын талаптарға
2-қосымша
Бағандар бойынша азаматтардың (әскери қызметшілердің) денсаулық жағдайының сәйкес келуіне
қойылатын талаптарда және оларға түсініктемелерде қолданылған қысқартулар
1. АГ - артериялық гипертензия;
2. ӘДК - әскери-дәрігерлік комиссия;
3. АИВ - адам иммуналдық тапшылық вирусы;
4. АӨРА - асқазан-өңештік рефлюксті ауруы;
5. БФЭКТ - бір фотонды эмиссиялық компьютерлік томография;
6. БСЖ - бүйректің созылмалы ауруы;
7. ВЭМ - велоэргометрия;
8. ДСИ - дене салмағының индексі;
9. дптр - диоптрия;
10. ЖБМЖ - жабық бассүйек-ми жарақаты;
11. ЖИТС - жұқтырылған иммундық тапшылығы синдромы;
12. ЖЖЖСВД - жүректің және жүрек-қан тамырлары жүйесінің соматоформдық вегетативті дисфункциясы;
13. СЖЖ -созылмалы жүрек жеткіліксіздігі;
14. ЗОҚ - зымыран отындарының құрамдас бөлігі;
15. ИСК - иондаушы сәулелену көзі;
16. ИФТ-иммуноферменттік талдау;
17. кг - килограмм;
18. кг/м2 - шаршы метрге килограмм;
19. кгм/мин - килограммометр/минут;
20. КАЖҚнБА - клиникалық айқын жүрек-қан тамырлары немесе бүйрек аурулары;
21. КҮЕЖ- Кориолисті үдетудің еміс-еміс жиынтықталуы;
22. КҮҮЖ - Кориолисті үдетудің үздіксіз жиынтықталуы;
23. кПа - килоПаскаль;
24. КТ - компьютерлік томография;
25. ҚСА - қан тамырларының созылмалы аурулары;
26. м - метр;
27. мг - миллиграмм;
28. МЕТ - метаболизмдік эквивалент;
29. мкмоль/л - литрге микромоль;
30. мл - миллилитр;
31. МРТ - магнитті-резонансты томография;
32. НМЗ - нысана мүшелерін зақымдау;
33. ОДКК - орталықтандырылған дәрігерлік-консультативтік комиссия;
34. ОНЖ - орталық нерв жүйесі;
35. ӨЖТА - өкпенің жеделдетілген тыныс алу ауқымы;
36. ПТР - полемеразды тізбекті рекция;
37. ПЭТ - позитрондық-эмиссиялық томография;
38. РЗ - радиоактивті заттар;
39. РИ - реовазографиялық индекс;
40. СА-блокада - синоаурикулярлы блокада;
41. с.б.мм.- сынап бағанасымен миллиметр;
42. см - сантиметр;
43. су бағ.мм - су бағанының миллиметрі;
44. СС - сыбырлап сөйлеу;
45. ТҮЖ - тыныс шығарудың үдемелі жылдамдығы;
46. ТЖ - тыныс алу жеткіліксіздігі;
47. УДЗ - ультрадыбыстық зерттеу;
48. ФС - функционалдық сынып;
49. ШСЖ - шумақтық сүзілу жылдамдығы;
50. ш. см - шаршы сантиметр
51. ЭКГ - электр-кардиография;
52. ЭМӨ - электр-магниттік өріс;
53. ЭхоКГ - эхокардиография;
54. 1ЖТА - 1 секундта жедел тыныс алу ауқымы;
55. AV-блокада - атриовентрикулярлық блокада;
56. CKD-EPI - Сhronic Kidney Desease Epidemiology Collaboration;
57. СЕАР - Clinikal Etiology Anatomy Patology.
58. PaCO2 - көмірқышқыл газының парциалдық қысымы;
59. PaO2 - артериялық қандағы оттегінің парциалдық қысымы;
Бағандар бойынша азаматтардың
(әскери қызметшілердің)
денсаулық жағдайының сәйкес
келуіне қойылатын талаптарға
3-қосымша
Жүрек-қан тамырының жалпы қауіп-қатерін стратификаттау, ЖҚТБАКА-ны, симптомсыз НМЗ-ны,
тәуекел факторларын, сондай-ақ артериялық гипертензия кезіндегі қант диабетін сипаттау
Жүрек-қан тамырының жалпы қатерін жіктеу |
Басқа қатерлер факторлары, симптомсыз НМЗ немесе науқастану | Артериялық қысым (с.б.мм.) |
1-сатылы АГ САД 140-159 немесе ДАД 90-99 | 2-сатылы АГ САД 160-179 немесе ДАД 100-109 | 3-сатылы АГ САД≥180 немесе ДАД≥110 |
ҚФ жоқ | Төменгі қатер | Орташа қатер | Жоғары қатер |
ҚФ1-2 | Орташа қатер | Орташа/ жоғары қатер | Жоғары қатер |
ҚФ ≥3 | Орташа/жоғары қатер | Жоғары қатер | Жоғары қатер |
3-сатылы НМЗ, БСА немесе СД | жоғары қатер | Жоғары қатер | Жоғары қатер/ өте жоғары қатер |
НМЗ/РФ бар болғанда Клиникалық ЗССС, 4 және жоғарғы сатылы БСА | Өте жоғары қатер | Өте жоғары қатер | Өте жоғары қатер |
Тәуекел факторлары |
жасы | 55 жастан асқан ерлер |
65 жастан асқан әйелдер |
Темекі шегу |
дислипидемия (және/немесе) | жалпы холестерин 4,9 ммоль/л (190 мг/дл) астам |
тығыздығы төмен липопротеиндер холестерині 3,0 ммоль/л (115 мг/дл) астам |
тығыздығы жоғары липопротеиндер холестерині: ерлерде 1,0 ммоль/л (40 мг/дл) төмен және әйелдерде 1,2 ммоль/л (46 мг/дл) төмен |
Үш глицеридтер 1.7 ммоль/л (150 мг/дл) астам |
аш қарынға плазма глюкоза 5.6 - 6.9 ммоль/л; |
глюкозаға шыдамдылықтың бұзылуы; |
семіздік (ДСИ≥30 кг/м²; |
абдоминалды семіздік (бел маңайында ерлерде 102 см және одан астам, әйелдерде 88 см және одан астам). |
ерте басталған жүрек-қан тамырлары ауруларының отбасылық анамнезі (ерлерде 55 жасқа дейін, әйелдерде 65 жасқа дейін); |
Нысана мүшелерінің симптомсыз зақымдануы |
СҚГ (сол жақ қарынша гипертрофиясы) электр кардиографиялық белгілер (Соколов-Лайон индексі >3,5 мВ, RaVL >1,1 мВ; Корнелл индексі>244 мв х мсек) |
СҚГ (сол жақ қарынша гипертрофиясы) эхо-кардиографиялық белгілер (СҚМ индексі: ерлерде >115 г/м², әйелдерде >95 г/м² (ДБА - дене бетінің ауданы) |
ұйқы артериялары қабырғаларының жуандауы (ішкі қабық медиа қалыңдығы>0,9 мм) немесе түйіртпек (бляшка) |
күретамыр-феморальды соғу толқының жылдамдығы >секундына 10 м; |
тобық-иық индексі<0,9; |
ШСеЖ бар СБА 30-60 мл/мин/1,73 м²(ДБА); |
микроальбуминурия (тәулігіне 30-300 мг) немесе альбуминнің креатининмен қатынасы (30-300 мг/г; 3,4-34 мг/ммоль) (зәрдің таңғы бөлігі дұрыс) |
Қант диабеті |
және/немесе | аш қарынға плазма глюкоза≥7,0 ммоль/л (126 мг/дл) қатарынан екі өлшеммен |
HbA1c >7% (53 ммоль/моль) |
жүктемеден кейінгі плазма глюкоза>11,0 ммоль/л (198 мг/дл) |
Айқын клиникалық жүрек-қан тамырлары немесе бүйрек аурулары |
Цереброваскулярлы ауру: ишемиялық инсульт, миға қан құйылу, ишемиялық өткінші шабуыл |
ЖИА: миокард инфаркты, стенокардия, тері арқылы қан тамырына кірісу әдісімен қан тамырын қайта тамырландыру (бұдан әрі - ТҚК) немесе аортокоронарлы шунттау |
сақталған шығару фракциясы бар СЖЖ-ны қоса алғанда, СЖЖ |
<30 мл/мин/1,73м² дене бетінің ауданына (ДБА) шумақтық сүзілу есептік жылдамдығымен (бұдан әрі - ШСЖ) бүйректің созылмалы аурулары; протеинурия (>тәулігіне300 мг) |
шеткі күретамырлардың клиникалық айқын зақымдануы |
ауыр ретинопатия: қан құйылу немесе экссудаттар (жалқықтар), көру нерві емізігінің ісінуі |
Бағандар бойынша азаматтардың
(әскери қызметшілердің)
денсаулық жағдайының сәйкес
келуіне қойылатын талаптарға
4-қосымша
Тыныс алу (өкпе) жеткіліксіздігі дәрежелерінің көрсеткіштері*
Көрсеткіштері | Норма | ТАЖ (өкпе) деңгейлері |
I деңгей (шамалы) | II деңгей (орташа) | III деңгей (айқын көрінген) |
1. Клиникалық: |
1) Демікпе | жоқ | бұрын күш салғанда қолжетімді кезде | орташа (әдеттегі) жүктемелерде | ұдайы тыныштықта |
2) Цианоз | жоқ | жоқ немесе шамалы, жүктемеден кейін күшейетін | анық, кейде елеулі | кенеттен айқын көрінген диффузды |
3) тыныштықтағы пульс (минутына) | 80-ге дейін | жиі емес | жиіленуге бейім | елеулі жиіленеді |
2. Аспаптық: |
1.Оттегінің парциалды қысымы Ра О2 (мм. с.б) | 80-нен астам | 80 | 79-65 | 65-тен кем |
2.ӨЖТА тиісті өлшемдерден пайызбен | 80-нен астам | 80-70 | 69-50 | 50-ден кем |
3.1ЖТА тиісті өлшемдерден пайызбен | 80-нен астам | 80-70 | 69-50 | 50-ден кем |
4.Генслар индексі (1ЖТА/ ӨЖТА қатынасы пайызбен) | 70-тен астам | 70-тен кем | 70-тен кем | 70-тен кем |
* - көрсеткіш бронходилятациялық тест нәтижесімен бағаланады.
Бағандар бойынша азаматтардың
(әскери қызметшілердің)
денсаулық жағдайының сәйкес
келуіне қойылатын талаптарға
5-қосымша
Буындардың қозғалыс ауқымын бағалау кестесі (градуспен)
Буын | Қозғалыс | Норма | Қозғалысты шектеу |
шамалы | орташа | елеулі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Иық (иінмен) | Бүгу | 180 | 115 | 100 | 80 |
Жазу | 40 | 30 | 20 | 15 |
Созу | 180 | 115 | 100 | 80 |
Шынтақ | Бүгу | 40 | 80 | 90 | 100 |
Жазу | 180 | 150 | 140 | 120 |
Пронация | 180 | 135 | 90 | 60 |
Супинация | 180 | 135 | 90 | 60 |
Қол (Білезік) | Бүгу | 75 | 35 | 20-25 | 15 |
Жазу | 65 | 30 | 20-25 | 15 |
Шеттету: |
Радиалды | 20 | 10 | 5 | 2-3 |
Ульнарлы | 40 | 25 | 15 | 10 |
Жамбас | Бүгу | 75 | 100 | 110 | 120 |
Жазу | 180 | 170 | 160 | 150 |
Созу | 50 | 25 | 20 | 15 |
Тізе | Бүгу | 40 | 60 | 90 | 110 |
Жазу | 180 | 175 | 170 | 160 |
Жіліншік-табан | Табанды бүгу | 130 | 120 | 110 | 100 |
Сыртқа бүгу (жазу) | 70 | 75 | 80 | 85 |
Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштерінде, басқа да
әскерлері мен әскери құралымдарында
қызмет ету үшін адамдар денсаулық
жағдайының сәйкес келуіне
қойылатын талаптарға
2-қосымша
Әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу, мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде азаматтардың Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің түрлері мен әскер тектері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары бойынша әскери қызметке жарамдылық санаттары
Тағайындау көрсеткіші | А-1 | А-2 | А-3 | А-4 | Б-1 | Б-2 | Б-3 | Б-4 |
Дене бітімі дамуының көрсеткіштері, аурулардың, бағандар бойынша талаптар тармақтары мен тармақшаларының тізбесі | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Объектілерді қорғау қызметі | ҚР ҚК ДШӘ, барлау, тау-егерьлік бөлімдері, теңіз жаяу әскері, арнайы мақсаттағы бөлімдері | Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының (бұдан әрі - ҚР ҰҰ) арнайы және жедел мақсаттағы бөлімдері | Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бөлімдері, ӘТК | Әскери полиция, ҚР ҚК химиялық, инженерлік, жалпыәскери, артиллериялық бөлімдері | Жүргізушілер, жаяу әскердің жауынгерлік машиналары, танкілер мен тартқыштар экипаждарының мүшелері | Әуе қорғанысы күштерінің, ҚР ҰҰ байланыс, айдауыл бөлімдері | ҚР ҚК, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қалған бөлімдері |
Бойы (см) | мынадан ұзын емес | 195 | - | - | ӘТК- 186 | - | 175 | - | - |
мынадан төмен емес | 180 | 170 | 165 | 160 | 165 | 160 | 160 | 155 |
ДСИ | мынадан аз емес | 19,0 | 18,5 | 18,5 | 18,5 | - | - | - | - |
мынадан төмен емес қашықтан көру өткірлігі | түзетусіз | 0,6/0,6 | 0,5/0,4 | 0,5/0,4 | 0,5/0,4 | 0,5/0,2 | 0,5/0,2, жүргізу-шілер - 0,8/0,4 | 0,5/0,1 | - |
түзетумен | - | - | - | - | - | - | - | 0,5/0,2 немесе 0,4/0,4 |
Түсті сезу | дихромазия | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | Жүргізушілер - ЖЗ |
Түсті әлсіз сезіну | ІІІ дәр. (А) немесе ІІ дәр. (В) | ЖЗ | ЖЗ | Жүргізушілер - ЖЗ |
І дәр. (С) | - | - | - | - | хим-ЖЗ | - | - | - |
Есту: мынадан кем емес сыбырлап сөйлеу (м) | 6/6 | 6/6 | 6/6 | 6/6 | 5/5 | 6/6 | 5/5 | 3/4 |
Инфекциялық және паразитарлық науқастанулар |
Толық сауығу нәтижесімен және 12 ай бойы ремиссияның тұрақтылығымен вирусты гепатиттерге, сүзектік-қылаулық ауруларға шалдыққаннан кейінгі жай-күй | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | ЖЗ | - | - |
6-тармақ, 3-тармақша анамнезде | ЖЗ | - | - | - | - | - | - | - |
Эндокриндік жүйе аурулары, тамақтану мен зат алмасуының бұзылулары |
12-тармақ, 3-тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | - | - | - |
жеткіліксіз дене салмағы | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ДСИ кемінде 18,0 кг/м2 |
I дәрежелі семіздік | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | - | - | - |
Психикалық бұзылулар |
14-тармақ, 4-тармақша 16-тармақ, 4-тармақша 17-тармақ, 4-тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - |
Нерв жүйесінің аурулары |
21-тармақ, 3-тармақша 22-тармақ, 4-тармақша 24-тармақ, 4-тармақша 25-тармақ, 4-тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | - | - | - |
26-тармақ, 4-тармақша 27-тармақ, 4-тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | ЖЗ | - | - |
Көз және оның қосалқы аппаратының аурулары |
29-тармақ, 3-тармақша 30-тармақ, 3-тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | хим-ЖЗ | ЖЗ | - | - |
33-тармақ, 2-тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | | ЖЗ | - | - |
Құлақ пен емізікше өсінділерінің аурулары |
37-тармақ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | хим-ЖЗ | - | - | - |
38-тармақ, 3-тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | ЖЗ | - | - |
39-тармақ, 3-тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | ЖЗ | - | - |
Қан айналымы жүйесінің аурулары |
42-тармақ, 4-тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | - | - | - |
45-тармақ, 4-тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | - | - | - |
46-тармақ, 4-тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | ЖЗ | - | - |
47-тармақ, 2-тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | - | - | - |
Тыныс алу мүшелерінің аурулары |
49-тармақ, 3, 4, 5-тармақшалар | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | хим-ЖЗ | - | - | - |
51-тармақ, 3-тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | хим-ЖЗ | ЖЗ | - | - |
Ас қорыту мүшелерінің аурулары |
54-тармақ, 2, 3-тармақшалар | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | - | - | - |
55-тармақ, 3-тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | - | - | - |
56-тармақ, 3-тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | - | - | - |
56-тармақ, 4-тармақша | ЖЗ | ЖЗ | - | - | - | - | - | - |
59-тармақ, 4-тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | хим-ЖЗ | - | - | - |
60-тармақ, 3-тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | ЖЗ | - | - |
Тері және теріасты өзегінің аурулары |
62-тармақ, 4-тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | хим-ЖЗ | - | - | - |
Сүйек-бұлшықет жүйесінің және дәнекер тін аурулары |
65-тармақ, 4-тармақша 66-тармақ, 4-тармақша 67-тармақ, 4-тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | - | - | - |
Буындар функцияларының бұзылуынсыз Осгуд-Шлаттер ауруы (соңғы сатысы) | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | - | - | - |
68-тармақ, 4-тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | - | - | - |
69-тармақ, 4-тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | ЖЗ | - | - |
Несеп-жыныс жүйесінің аурулары |
71-тармақ, 4-тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | - |
72-тармақ, 4-тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | - |
73-тармақ, 4-тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | - | - | - |
Туа біткен кемістіктер, өзгерістер мен хромосомды бұзылулар |
80-тармақ, 4-тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | - | - | - |
Жарақаттар, уланулар және сыртқы факторлардың басқа да әсерлерінің салдарлары |
82-тармақ, 4-тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | - |
83-тармақ, 4-тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | - |
| | | | | | | | | | | | |
Ескертпе: Оқу-жаттығу бөлімдеріндегі әскери қызмет үшін тағайындау көрсеткіші Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың түріне және әскер тегіне сәйкес белгіленеді.
Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштерінде, басқа да
әскерлері мен әскери құралымдарында
қызмет ету үшін адамдар денсаулық
жағдайының сәйкес келуіне
қойылатын талаптарға
3-қосымша
Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын ӘОО-ға түсуге азаматтардың
(әскери қызметшілердің) жарамдылық санаттары
Дене бітімі дамуының көрсеткіштері, аурулардың, бағандар бойынша талаптар тармақтары мен тармақшаларының тізбесі | Республикалық әскери мектеп-интернаттары (лицейлер) | Кадет корпусы | офицерлерді даярлау бойынша жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ӘОО-лар | Запастағы офицерлерді даярлау бойынша жоғары оқу орындарының әскери кафедралары | Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ӘОО-лар |
Десанттық-шабуылдау әскерлері, әскери-теңіз күштері және әскери барлау | Шекаралық, мотоатқыштар, танк әскерлері және артиллерия | Ұлттық ұлан, инженерлік-авиациялық қызмет, зениттік-зымыран, радиотехникалық, арнайы (инженерлік, химиялық, байланыс және басқалар) әскерлер | Материалдық-техникалық қамтамасыз ету (тылды, көлікті, қару-жарақты, медицинаны және басқаларды), ақпарат қауіпсіздігі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Бойы (см) | мынадан ұзын емес | - | - | ӘТК - 185 | - | - | - | - | - |
мынадан төмен емес | - | 160 | 165 | 160 | 160 | 160 | 155 | - |
ДСИ | мынадан аз емес | - | 18,5 | 18,5 | 18,5 | 18,5 | 18,5 | 18,5 | - |
мынадан төмен емес қашықтық тан көру өткірлігі | түзетусіз | 0,8/0,8 | 0,6/0,6 | 0,6/0,6 | 0,5/0,4 | 0,5/0,4 | 0,5/0,4 | 0,5/0,2 | - |
түзетумен | - | - | - | - | 0,8/0,5 | 0,8/0,5 | 0,8/0,5 | 0,4/0,4 |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
мынадан артық емес рефракция (дптр-да) | алыстан көрмеу | 1,0/1,0 | 2,0/2,0 | 2,0/2,0 | 2,0/2,0 | 3,0/3,0 | 3,0/3,0 | 4,0/4,0 | 4,0/4,0 |
жақыннан көрмеу | 2,0/2,0 | 2,0/2,0 | 3,0/3,0 | 3,0/3,0 | 3,0/3,0 | 3,0/3,0 | 6,0/6,0 | 6,0/6,0 |
екі басты меридиандағы рефракциялық айырмашылығы бар астигматизм | 1,0/1,0 | 1,0/1,0 | 1,0/1,0 | 2,0/2,0 | 2,0/2,0 | 2,0/2,0 | 2,0/2,0 | 2,0/2,0 |
Түсті сезу | дихромазия | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ |
аномальды трихромазия А, В | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ |
аномальды трихромазия С | - | - | - | - | хим - ЖЗ | - | - | - |
Есту: мынадан кем емес сыбырлап сөйлеу (м) | 6/6 | 6/6 | 6/6 | 6/6 | 6/6 | 6/6 | 6/6 | 5/5 |
Эндокринді жүйе аурулары, тамақтану және зат алмасуының бұзылуы |
12-тармақ, 3-тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - |
I дәрежелі семіздік | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | - |
Психикалық бұзылулар |
14-тармақ, 4-тармақша 16-тармақ, 4-тармақша 17-тармақ, 4-тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ |
Нерв жүйесінің аурулары |
21-тармақ, 3-тармақша 22-тармақ, 4-тармақша 24-тармақ, 4-тармақша 25-тармақ, 4-тармақша 26-тармақ, 4-тармақша 27-тармақ, 4-тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | - |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Көз және оның қосалқы аппаратының аурулары |
29-тармақ, 3-тармақша 30-тармақ, 3-тармақша 33-тармақ, 2-тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | - |
Құлақ пен емізікше өсінділерінің аурулары |
37-тармақ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | - | - |
38-тармақ, 3-тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | - |
39-тармақ, 3-тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | - |
Қан айналымы жүйесінің аурулары |
42-тармақ, 4-тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | - | - |
45-тармақ, 4-тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | - | - |
46-тармақ, 4-тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | - |
47-тармақ, 2-тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | - | - |
Тыныс алу мүшелерінің аурулары |
49-тармақ, 3, 4, 5-тармақшалар | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | - |
51-тармақ, 3-тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ |
Ас қорыту мүшелерінің аурулары |
54-тармақ, 1, 2-тармақшалар | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ |
54-тармақ, 3-тармақша | ЖЗ | - | ЖЗ | ЖЗ | - | - | - | - |
55-тармақ, 2-тармақша | - | - | - | - | - | - | - | ЖЗ |
55-тармақ, 3-тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | - |
56-тармақ, 3-тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | - |
56-тармақ, 4-тармақша | | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | - | - | - |
59-тармақ, 3-тармақша | - | - | - | - | - | - | - | ЖЗ |
59-тармақ, 4-тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | - | - |
60-тармақ, 3-тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - |
Тері және теріасты өзегінің аурулары |
62-тармақ, 3-тармақша | - | - | - | - | - | - | - | ЖЗ |
62-тармақ, 4-тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Сүйек-бұлшықет жүйесінің және дәнекер тін аурулары |
64-тармақ, 3-тармақша 65-тармақ, 3-тармақша 66-тармақ, 3-тармақша | - | - | - | - | - | - | - | ЖЗ |
65-тармақ, 4-тармақша 66-тармақ, 4-тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | - |
67-тармақ, 4-тармақша | | | ЖЗ | ЖЗ | - | - | - | - |
68-тармақ, 4-тармақша 69-тармақ, 4-тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | - |
Несеп-жыныс жүйесінің аурулары |
71-тармақ, 3-тармақша 72-тармақ, 3-тармақша 73-тармақ, 3-тармақша | - | - | - | - | - | - | - | ЖЗ |
71-тармақ, 4-тармақша 72-тармақ, 4-тармақша 73-тармақ, 4-тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | - |
Туа біткен кемістіктер, өзгерістер мен хромосомды бұзылулар |
80-тармақ, 3-тармақша | - | - | - | - | - | - | - | ЖЗ |
80-тармақ, 4-тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | |
Жарақаттар, уланулар және сыртқы факторлардың басқа да әсерлерінің салдарлары |
81-тармақ, 3-тармақша 82-тармақ, 3-тармақша 84-тармақ, 3-тармақша | - | - | - | - | - | - | - | ЖЗ |
82-тармақ, 4-тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | - |
83-тармақ, 4-тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | - |