І дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігімен тыныс алу мүшелерінің туа біткен ақаулары;
функциялардың шамалы бұзылуымен ас қорыту мүшелерінің туа біткен ақаулары (даму кемістіктері);
жыныс мүшесінің эписпадиясы;
іш қуысында, шап арналарында немесе олардың сыртқы саңылауларында аналық бездің тұрып қалуы;
іш қуысында бір еннің тұрып қалуы;
эндокринді бұзылулар болған кезде бір атабездің туа біте болмауы немесе еннің (атабездің) гипоплазиясы;
деңгейі бойынша І дәрежелі АГ-ға сәйкес симптоматикалық артериялық гипертензиямен бүйрек және (немесе) бүйрек тамырларының кемістігі;
зәр бөлу функциясының шамалы бұзылуымен немесе 1 - 2-сатылы БСА көріністері болған кездегі қуық жүйесінің (бүйректі, зәрағарды толығымен алып тастау және т.б.) туа біткен ауытқушылықтары (даму кемістіктері);
бүйрек функциясының шамалы бұзылуымен бүйректің жекелеген солитарлы кисталары;
бүйрек функциясының шамалы бұзылуымен бүйректің белдік дистопиясы;
функциясының шамалы бұзылуымен тұрақты өзгерістер кезінде бассүйек дамуының ақаулары мен кемістіктері;
І дәрежелі сыртқы тыныс алу функциясының бұзылуымен кеуде қуысының деформациясы;
аяқталған үдеріспен және шамалы клиникалық белгілерімен остеохондродисплазиялар (қалыпты дене жүктемесі кезінде функция шамалы зардап шегеді);
аяғының 2-5 см дейін қысқаруымен сүйектердің деформациясы;
ортан жілік ішкі айдаршығының 10 - 20 см дейін шығыңқы жерінің аралығы кезінде аяқтың О тәрізді немесе 10 - 15 см дейін ішкі жіліншік тобық аралығы кезінде Х тәрізді қисаюы;
құйымшақты бірнеше рет (үш және одан көп рет) радикалды хирургиялық емдегеннен кейін қайталанатын дермоидты кисталар жатады.
80-тармақтың 4) тармақшасына:
І, ІІ дәрежелі бір жақты микротия;
бағандар бойынша талаптардың 42-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген қос жармалы қақпақшаның пролапсы кезінде отбасылық жағдайларсыз, алдағы эмболия жағдайларынсыз, жүректің ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылуынсыз І дәрежелі регургитациямен жүректің қос жармалы немесе басқа да қақпақшаларының І дәрежелі пролапсы (3 - 5,9 мм дейін);
жүрек іші гемодинамикасының бұзылуынсыз жүректің қос жармалы немесе басқа да қақпақшаларының І дәрежелі пролапсы (3 - 5,9 мм дейін);
сол (оң) жақ қарынша қуысының геометриясын өзгертпейтін, бірақ ЭЕМ нәтижелері бойынша орындалған жүктеме қуатының төмендеуі қоса болатын жүректің кіші кемістіктері немесе олардың жанамаласуы;
эндокриндік бұзылулар болмағанда шап арнасында немесе олардың сыртқы саңылауларында бір еннің тұрып қалуы;
жалғыз аталық бездің сақтаулы қызметі кезіндегі бір аталық бездің туа біткен болмауы;
функцияларының бұзылуынсыз бүйректердің (бүйректердің және олардың элементтерінің толық емес қосарлануы), несепағардың және қуықтың туа біткен ақаулары;
бүйрек функцияларының бұзылуынсыз солитарлы бірлі-жарым ұсақ (диаметрі 20 мм дейін) кисталар;
функциясының бұзылуынсыз бассүйек дамуының ақаулары мен кемістіктері;
қолдың 5 см дейін және аяқтың 2 см дейін қысқаруымен сүйек деформациясы жатады.
Жалғамалы тіннің тұқым қуалаушылық бұзылуының жіктемесі белгісі ретінде регургитациямен немесе регургитациясыз жүректің қос жармалы немесе басқа да қақпақшаларының пролапсы айқындалған кезде (толық емес остеогенезді және басқа да Марфан, Элерс - Данло синдромы) куәландыру негізгі науқастануы бойынша жүргізіледі.
Қос жармалы қақпақшаның пролапсы кезінде зерттеу хаттамасы бойынша хордалардың сырылуы аймағынан тыс ортаңғы бөлігінде диастола фазасын айқындау қажет қақпақша жармасының жуандығын бағалау міндетті болып табылады. Жарма жуандығының 2 мм астам ұлғаюы патологиялық өзгерістер (миксоматоз) туралы куәландырады.
Қос жармалы және трикуспидальды регургитация дәрежесін бағалауды пациенттің анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты жүрекшелердің түрлі өлшемдерін ескере отырып жүргізу және жүрекше қуысын шартты түрде 4 бөлікке бөліп және бөлінгенге сәйкес регургитацияның 4-дәрежесін (1-дәреже - жүрек қуысының 1/4 тереңдігіне регургитация, 2-дәреже - жүрек қуысының
1/2 тереңдігіне регургитация, 3-дәреже - жүрек қуысының 3/4 тереңдігіне регургитация, 4-дәреже - жүрек қуысының толықтай тереңдігіне регургитация) айқындай отырып, жүрек қуысына регургитациялық ағымның өту тереңдігі бойынша айқындау қажет.
ЭхоКГ-тексеру хаттамасына ілініп тұру және (немесе) регургитацияның айқындалған дәрежесін растайтын графикалық бейне міндетті түрде қоса беріледі. ЭхоКГ-тексеру хаттамасы ультрадыбысты (функционалдық) диагностика дәрігерінің қолымен расталады.
Жүрек іші гемодинамикасының бұзылуы деп І дәрежелі және одан астам тұрақты регургитация саналады. Қақпақша алды (ең төменгі) регургитация І дәрежелі регургитацияға жатады.
Өкпе гипертензиясы болмаған кезде өкпе артериясы қақпақшасында, қақпақша жармаларының органикалық өзгерістері болмаған кезде трикуспидальды, қос жармалы қақпақшада осы қақпақшалардың жармаларының ілініп тұруынсыз, осы қақпақшалардың ақауларынсыз, жүрек қуыстарының өлшемдері мен геометрияларының бұзылуынсыз, ырғақ пен өткізгіштіктің бұзылуынсыз, ВЭМ нәтижелері бойынша орындалған жүктеме күшінің төмендеуі қоса болмайтын І дәрежелі регургитация функционалды болып саналады және осы тармақты қолдануға негіздеме болып табылмайды.
Аорталы қақпақшада І дәрежелі регургитация анықталған кезде оны қалған көрсеткіштерге қарамастан аорталы қақпақшаның жеткіліксіздігі ретінде бағалау қажет.
Сол (оң) жақ қарыншаның геометриясын өзгертпейтін және ВЭМ нәтижелері бойынша орындалған жүктеме күшінің төмендеуі қоса болмайтын жүректің кіші ақаулары және олардың жанамаласуы осы тармақты қолдануға негіздеме болып табылмайды.
Тыныштықта ЭКГ, жүктеме сынамалары деректері немесе ЭКГ тәуліктік мониторингі және (немесе) өңеш арқылы сол жақ жүрекшенің электрокардиостимуляциясы деректері бойынша жүрек ырғағының және (немесе) өткізгіштігінің бұзылуы қоса болатын жүректің шамалы ақауларын және олардың жанамаласуын диагностикалаған кезде медициналық куәландыру сонымен қатар бағандар бойынша талаптардың 42-тармағы бойынша жүргізіледі.
Еңбегінің бітпеуі салдарынан сүйек кемістіктері бағандар бойынша талаптардың 81-тармағы бойынша куәландырылады.
V бел омыртқасының сакрализациясы немесе І сегізкөздің люмбализациясы, аталған омыртқа иіндерінің бітпеуі, коронарлы жылғадағы гипоспадия осы тармақты қолдануға негіздеме болып табылмайды, әскери қызмет өткеруге, ӘОО-ға түсуге кедергі келтірмейді.
18-тарау. Жарақаттанулар, уланулар және басқа да сыртқы факторлар әсер етуінің салдары
81-тармақ. ОНЖ органикалық зақымдану белгілерінсіз, бассүйектің жарақаттанудан кейінгі және операциядан кейінгі зақымдануларды (ақауларды) қамтиды.
81-тармақтың 1) тармақшасына:
бассүйек ішінде бөгде дененің болуымен байланысты ақаулар;
пластикалық материалмен ауыстырылған, бассүйек күмбезі сүйектерінің 40 см астам ақаулары;
пластикалық материалмен ауыстырылмаған, бассүйек күмбезі сүйектерінің 10 см астам ақаулары;
трансплантанттармен ауыстырылмаған, мертігуден, жарақаттанулардан кейінгі жақ-бет маңының кемістіктері мен бұзылуы;
жақ-самай буындарының анкилоздары;
төменгі жақтың жалған буындары; емдеуден тиімділік болмаған, оның ішінде хирургиялық немесе одан бас тартқан кезде бет-жақ сүйектерінің кескіндемелері жатады.
81-тармақтың 2) тармақшасына:
пластикалық материалмен ауыстырылған, бассүйек күмбезі сүйектерінің 40 см астам ақаулары;
пластикалық материалмен ауыстырылмаған, бассүйек күмбезі сүйектерінің 10 см астам ақаулары жатады.
81-тармақтың 3) тармақшасына орталық нерв жүйесінің функциялары бұзылмай күмбез сүйектерінің және (немесе) бассүйек түбінің сызықша сынықтары, ескі жаншылған сынықтары жатады.
Осы тармақшаға сонымен қатар тығыз дәнекерлі тін тыртығымен ауыстырылған, 6 шаршы см асатын бассүйек күмбезі сүйектерінің ақаулары да жатады.
Сүйек-пластикалық трепанация операциясынан кейін бассүйек күмбезінің кемістігі (аутосүйекпен, титанды тормен, сүйек цементімен және т.б.) пластикалық материалмен ауыстырылған бассүйектің кемістігіне жатады.
Диагностикалау немесе емдеу мақсатында жасалған диагностикалық фрезді қуыстар, жалғау-тін тыртығымен ауыстырылатын бассүйек күмбезінің кемістігіне сомаланады және пластикалық материалмен ауыстырылмаған болып айқындалады.
Бассүйек ақауының ауқымы компьютерлік томография (оның ішінде, үш өлшемді реконструкциялар бойынша) немесе краниография мәліметтері бойынша бағаланады;
Осы тармақта көрсетілмеген көзұяның сүйек қабырғаларында, бет-жақ маңының зақымданулары салдары бар адамдар бағандар бойынша талаптардың тиісті тармақтары бойынша куәландырылады.
Әскери (арнаулы) оқу орындарына түсетін, кез келген өлшемдегі және оқшаулаудағы бассүйегі кемістіктері бар адамдар ӘОО-ға түсуге жарамсыз.
Сәтті нәтижемен ОНЖ-ның органикалық зақымдану белгілерінсіз жаншылған сипаттағы бассүйек күмбезі пластинкасының сыртқы-кортикалды зақымданулары кезінде ІІІ баған бойынша куәландырылушылардың әскери қызметке жарамдылық санаты науқастануы бойынша демалыстан кейін 3) тармақша бойынша анықталады, ал шыны тәріздес пластинканың зақымдануы кезінде операциялық емдеумен немесе онсыз шешім осы тармақтың 2) тармақшасы бойынша қабылданады.
Жағымды нәтижемен ОНЖ органикалық зақымдану белгілерінсіз сызықты сипаттағы бассүйектің сынығы кезінде демалыстан кейін ІІІ бағаны бойынша куәландырылатындардың әскери қызметке жарамдылық санаты осы тармақтың 3) тармақшасы бойынша айқындалады.
82-тармақ. Тарма қомыртқаның, дене сүйектерінің, жоғарғы және төменгі аяқ-қолдың сынулары (жамбас, жауырын, бұғана, төссүйек, қабырғалар, тоқпанжілік,кәріжілік және шынтақсүйегінің, сан мойны және ортанжіліктің, үлкен жіліншік және жілік шыбығы сүйектерінің, басқа да түтік тәрізді сүйектердің сынықтары) және олардың салдарын енгізеді.
Жалған буындар болған кезде куәландырылатындарға операциялық емдеу ұсынылады. Әскери қызметке жарамдылық санаты туралы қорытындыемдеу аяқталғаннан кейін оның нәтижелеріне байланысты шығарылады. Операциядан бас тартқан жағдайда медициналық куәландыру осы тармақтың 1) тармақшасы бойынша жүргізіледі.
82-тармақтың 1) тармақшасына:
емдеу нәтижелеріне қарамастан, ІІ - ІІІ дәрежелі компрессиялы екі және көп омыртқа денелерінің көптеген терең тұрақсыз сынықтары;
кенеттен айқын көрінген деформациямен екі және одан көп омыртқа денелерінің жарықшақты (жарылғыш) сынықтары немесе жарықшақты (жарылғыш) сынықтардың салдары;
осы сегментте тұрақсыздықтың клиникалық синдромымен екі және одан көп омыртқа доғаларын алып тастағаннан кейінгі жай-күй (салдар);
омыртқаның айқын көрінген сколиоздық немесе кифоздық бұзылуымен омыртқа денелерінің көптеген сынықтарының бұрынғы салдары;
жамбас сақинасы тұтастығының өзгеруімен жамбас сүйектерінің дұрыс бітпеген көптеген тік сынықтары;
ортан жілік ұршығының орталық шығуы салдары (Lawrence J.S. және KeIIegren J.H. бойынша ІV рентгенологиялық сатыдағы жамбас-мықын буынының анкилозы немесе артрозы);
аяқ-қол функциясының елеулі бұзылуымен ұзын түтікше сүйектерінің асқынған сынықтары;
ұзын түтікше сүйектерінің жалған буындары жатады.
82-тармақтың 2) тармақшасына:
бір омыртқа денесінің жарықшақты (жарылғыш) сынықтары немесе жарықшақты (жарылғыш) сынықтардың салдары;
бір және (немесе) көп омыртқа денелерінің ІІ - ІІІ дәрежелі компрессиялы сынықтары және (немесе) бір және одан көп омыртқа доғаларының сынықтары;
айқын көрінген деформациямен бір және одан көп омыртқалардың ІІ - ІІІ дәрежелі компрессиялы сынықтарының салдары;
омыртқалардың сынықты-шығулары;
І және (немесе) ІІ мойын омыртқаларының сынықтары;
ІІ мойын омыртқасы тісінің сынығы;
дегенеративті өзгерістердің үдеуімен бір және одан жоғары деңгейлерде омыртқа аралық дискілердің жарықтарын алып тастау салдары;
осы сегментте тұрақсыздықтың клиникалық синдромынсыз екі және одан көп омыртқа доғаларын алып тастау салдары;
реконструктивті операцияны (транспедикулярлы бекіту, артқы пластиналармен, қапсырмалармен бекіту және т.б. бекіту), спондило және корпородезді пайдалана отырып, омыртқа денелерінің сынықтары, шығулары және сынықты-шығулары салдары (ІІІ баған бойынша куәландырылатындардың әскери қызметке жарамдылық санаты омыртқа функциясына байланысты осы тармақтың 1), 2) немесе 3) тармақшалары бойынша алдыңғы сүйектік бөгеліс қалыптасқан соң немесе сынық біткен соң айқындалады);
емдеудің қанағаттанарлықсыз нәтижелері кезінде жамбас сақинасы тұтастығының бұзылуымен жамбас сүйектерінің біржақты сынықтарының салдары;
функциясының орташа бұзылуымен ортан жілік ұршығының орталық шығуы салдары;
емдеудің қанағаттанарлықсыз нәтижелері кезінде жамбас мойнының сынықтары;
аяқ-қол функциясының орташа бұзылуымен ұзын түтікше сүйектерінің асқынған сынықтары жатады.
82-тармақтың 3) тармақшасына:
І дәрежелі компрессиялы омыртқа денелерінің компрессиялы сынықтары және шамалы ауырсыну синдромымен және омыртқалардың ІІ дәрежелі кифоздық бұзылуымен олардың салдары;
омыртқа денелерінің жоғарғы және (немесе) төменгі «рентген бұрыштарының» сынықтары;
бір немесе одан көп бел немесе мойын немесе үш және одан көп кеуде омыртқалары буынды өскіндерінің бір және (немесе) екі жақты сынықтары;
функциясының бұзылуына қарамастан бір омыртқа доғасының сынықтары;
бір немесе одан көп омыртқа денесінің І дәрежелі компрессиялы сынықтары салдары;
дегенеративті өзгерістердің үдеуінсіз бір және одан жоғары деңгейлерде омыртқа аралық дискілердің жарықтарын алып тастау салдары;
ауырсыну синдромымен және деформациямен құйымшақ сынықтары;
оларды алып тастаудан бас тартқан кезде сынықтардан немесе түзететін остеотомиядан кейін алынбаған пластиналар, интрамедуллярлы штифттер, болттар-тартқыштар және басқа да металл құрастырғыштар (бірлі-жарым шуруптардан, сымдар, біздерден, микровинттерден және микропластиналардан басқа);
емделгеннен кейін омыртқа функциясының шамалы бұзылуы және ауырсыну синдромы болған кезде омыртқа доғаларының, өскіндерінің сынықтары салдары;
мойын омыртқаларының асқынбаған шығулары;
жамбас-мықын буыны функциясының шамалы бұзылуы кезінде остеосинтезді қолдана отырып жамбас мойнының сынықтары;
аяқ-қол функциясының шамалы бұзылуымен ұзын түтікше сүйектерінің асқынған сынықтары жатады.
82-тармақтың 4) тармақшасына:
жарықшақты және (немесе) 1 - 2 көлденең омыртқалардың сынықтарының салдары;
омыртқа функцияларының бұзылуынсыз және пішінін өзгертпеген омыртқа денесінің компрессиялық сынығының салдары;
алынып тасталмаған жекешелеген шұрыптар, сымдар, спицалар, шағын бұрандалар мен кішкене пластиналар жатады.
Сәтті нәтижемен омыртқа денелерінің, доғаларының, буын өскіндерінің сынуларынан, омыртқа аралық дискілерінің жарықтарын алып тастағаннан кейін ІІІ баған бойынша куәландырылушылар үшін талаптардың 86-тармағы қолданылады.
Жамбас сақинасының бұзылуынсыз өсіп біткен оқшауланған жамбас сүйектерінің жекелеген сынықтары осы тармақты қолдану үшін негіздеме болып табылмайды, әскери қызмет өткеруге, ӘОО-ға түсуге кедергі келтірмейді.
83-тармақ. Кеуде, ішперде қуысы және жамбас ішкі мүшелерінің жарақаттары (жарақаттық пневмо және гемоторакс, жүректің, өкпенің, асқазан-ішек жолдарының, бауырдың, көк бауырдың, бүйректің, жамбас мүшелерінің, ішперде қуысының басқа да мүшелерінің жарақаты, көптеген ауыр жарақаттар) және олардың салдары;
83-тармақтың 1) тармақшасына мынадай жараланулардың және жарақаттанулардың жай-күйі мен салдары:
ІІІ дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігімен бронх-өкпе аппаратының; жүрекқаптың жалпы бітелуі;
жүректің немесе аортаның кеңеюі;
функцияларының бұзылуымен байланыссыз жүре пайда болған өңеш-көмей немесе өңеш-бронх жыланкөздері;
олардың функцияларының орташа бұзылуымен (екі және одан көп) мүшелер полижарақаттарының салдары;
өңешті, асқазанды резекциялау немесе асқазан-ішек сағаларын салу, ас қорыту функциясының елеулі бұзылуымен (емделмейтін демпинг-синдром, қатты іш өтулер) немесе тамақтанудың айқын көрінген төмендеуімен (ИМТ 18,5) ашішекті (кемінде 1,5 м) немесе тоқішекті (кемінде 30 см) резекциялау);
билиодигестивті анастомоздарды салу;
емдеудің қанағаттанғысыз нәтижелерінде өтті немесе панкреатитті жыланкөздер;
бауыр бөлігін немесе ұйқы безі бөлігін резекциялау;
қалған бүйрек функциясының бұзылуы болған кезде оның айқын көріну дәрежесімен байланыссыз бір бүйректің болмауы;
шаттың толық жыртылуы (жыртылу - шат бұлшықетінің тұтастығы толық бұзылған және олар тікішектің қабырғасына өтетін тыртықты тінмен алмастырылған, анус үңірейген және дұрыс келбеті жоқ);
жыныс мүшесінің болмауы жатады.
ІІ, ІІІ дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігі кезінде өкпе түбінде, жүректе немесе ірі қан тамырлары жанында орналасқан бөтен зат болған кезде асқыну немесе функционалдық тұрғыдан бұзылудың болуына қарамастан әскерге шақыру учаскелеріне тіркелген, мерзімді әскери қызметке шақырылған кезде азаматтар және мерзімді қызмет әскери қызметшілері 1) тармақша бойынша куәландырылады. ІІІ баған бойынша куәландырылатын әскери қызметшілердің әскери қызметке жарамдылық санаты осы тармақтың 2) тармақшасы бойынша айқындалады.
Жүректі, үлпершекті жаралау салдары, ірі қан тамырлары маңындағы аралықта бөтен денелерді операциялық алып тастаған кезде куәландырылатындардың әскери қызметке жарамдылық санаты туралы қорытынды СЖӘ-ның айқын көріну дәрежесіне, жүрек іші гемодинамикасының ырғағы мен өткізгіштігінің болуына және айқын көріну дәрежесіне байланысты бағандар бойынша талаптардың 42-тармағы бойынша айқындалады. Тыныс алу жеткіліксіздігі болған кезде бағандар бойынша талаптардың 51-тармағының 1), 2) немесе 3) тармақшалары бойынша шығарылады. Бұл ретте бір уақытта осы тармақ қолданылады.
83-тармақтың 2) тармақшасына мынадай жараланулар мен жарақаттанулар салдары мен жай-күйі:
ІІ дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігімен бронх-өкпе аппаратының;
тыныс алу жеткіліксіздігі дәрежесімен байланыссыз өкпенің болмауы;
асқазанды, ашішекті (кемінде 1 м) немесе тоқішекті (кемінде 20 м) резекциялау, сирек демпинг-синдром (тұрақсыз нәжіс, тамақтанудың орташа төмендеуі) белгілерімен асқазан-ішек сағасын таңу;
көкбауырдың болмауы;
қалған бүйректің қалыпты функциясы кезінде бүйректің болмауы жатады.
83-тармақтың 3) тармақшасына функциясының шамалы бұзылуымен хирургиялық науқастанулардан кейінгі жай-күй, кеуде және ішперде қуысы мүшелерін операциялық емдеу, жаралану немесе жарақаттану салдары жатады.
Осы тармақшаға сонымен қатар жараланулар, жарақаттанулар салдарынан көкбауырды алып тастаудан соң оның болмауы да жатады.
Жараланудан, жарақаттанудан соң немесе донорлық мақсатта бауырдың бір бөлігін немесе ұйқыбездің бір бөлігін кескеннен кейін функциялардың бұзылуына қарай куәландыру осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшалары бойынша жүргізіледі.
83-тармақтың 4) тармақшасына (І бағаны бойынша куәландырылатындар үшін жаралану немесе жарақат алғаннан бастап 6 айдан ерте емес) сауығу нәтижесімен қан кетуді тоқтату, пневмо немесе гемотораксты жою, ішек, асқазан, бауыр жараларын тігу мақсатында, тыныс алу жеткіліксіздігінсіз, торакотомия немесе лапаротомиясыз өкпені типтік емес резекциялаудан кейінгі жай-күй жатады.
Әскери қызметшілерге қатысты тыныс алу жеткіліксіздігінсіз өкпені типтік емес резекциялаудан кейін стационарлық емдеу аяқталғаннан кейін бағандар бойынша талаптардың 53-тармағы бойынша науқастануы бойынша демалыс беру қажеттігі туралы қорытынды шығарылады.
Бағандар бойынша талаптардың 83-тармағы бойынша, сондай-ақ қабыну науқастанулары мен кемістігін операциялық емдеу салдары бар адамдар куәландырылады.
84-тармақ. Тері және тері асты жасушалары жарақаттарының салдары.
84-тармақтың 1) тармақшасына:
буындардың қимылын елеулі шектейтін немесе стандартты әскери киім нысанын, аяқ киімді немесе жабдықтарды киюді қиындататын немесе кедергі келтіретін емдеудің қанағаттанғысыз нәтижелері немесе одан бас тартқан кезде ойықжара немесе жеңіл жараланатын және жиі ойықжара болатын, жақын жатқан тіндермен жалғастырылған мойын, дене және аяқ-қол маңындағы массивті келлоидті, гипертрофиялық тыртықтар;
тері беті маңының 20 және көп пайыз терең күюден кейінгі жай-күй немесе бүйрек амилоидозымен асқынуы жатады.
84-тармақтың 2) тармақшасына:
буынның қозғалысын орташа шектейтін немесе стандартты киім нысанын, аяқ киімді немесе жабдықтарды киюге елеулі кедергі келтіретін ойықжара келлоидты және гипертрофиялық тыртықтар, сондай-ақ емдеудің қанағаттанарлықсыз нәтижелері немесе одан бас тартқан кезде беттің көріксізденуі;
аяқ терісі бетінің 50 және көп пайыз терең күю салдары жатады.
84-тармақтың 3) тармақшасына:
буынның қозғалысын шамалы шектейтін немесе стандартты әскери киім нысанын, аяқ киімді немесе жабдықтарды киюге шамалы кедергі келтіретін, ұзақ жүргенде және денеге басқа да күш салғанда білінбейтін эластикалық тыртықтар;
қол терісінің 70 пайыздан көп бөлігін пластикалаумен терең күю салдары жатады.
Буындардағы қозғалыс көлемін бағалау кезінде бағандар бойынша талаптарға 10-қосымшасы басшылыққа алынады.
Сәтсіз хирургиялық емдегеннен кейін каузалгия құбылыстарымен тыртықтар болған кезде әскери қызметке жарамдылық санаты туралы қорытынды бағандар бойынша талаптардың 26-тармағы бойынша шығарылады.
Көзді, қолды немесе табанды зақымдаумен күю және үсу салдары бар адамдар бағандар бойынша талаптардың тиісті тармақтары бойынша куәландырылады.
Стандартты әскери киім үлгісін, аяқ киімді және керек-жарақтарды киіп жүруге қиындық тудырмайтын, буынның қозғалысын шектемейтін және жақын жатқан мүшелер мен жүйелердің функцияларын бұзбайтын эластикалы тыртықтардың, соның ішінде отадан кейінгі тыртықтардың болуы бағандар бойынша талаптардың тармақтарын қолдануға негіздеме болып табылмайды.
85-тармақ. Тармақ дәрілік заттармен, ЗОҚ-мен, басқа уытты заттармен, ЭМӨ-ның өткір немесе созылмалы әсер етуімен, лазерлік сәулеленумен, иондаушы сәулеленумен улану салдарын, басқа да сыртқы факторлармен улануды және себептерін, аллергиялық реакцияларды көздейді. Медициналық куәландыру стационарлық жағдайларда емделу аяқталғаннан кейін жүргізіледі.
Сәулелену ауруына шалдыққан әскери қызметшілерді медициналық куәландыру кезінде қан құрамындағы перифериялық өзгерістер ғана емес, сонымен бірге аурудың басқа да клиникалық белгілері ескеріледі.
І дәрежелі сәулелену ауруының шамалы қалдықты құбылыстары болған кезде мерзімді әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерді, ал ІІ дәрежелі сәулелену ауруына шалдыққаннан кейін келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерді медициналық куәландыру 85-тармақтың 2) тармақшасы бойынша жүргізіледі.
Қандай да бір салдарсыз өткір сәулелену ауруына шалдыққан адамдар 85-тармақтың 3) тармақшасы бойынша куәландырылады және РЗ-мен, ИСК-мен қызметке (жұмысқа) жарамсыз деп танылады.
РЗ, ИСК-мен жұмыс істейтін және жылдық шекті дозадан 5 есе артық сәулеленуге шалдыққан әскери қызметшілер стационарлық тексерілуге жіберіледі.
Сәулелену ауруының белгілері болмаған кезде мерзімді әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер РЗ-мен және ИСК-мен қызметке (жұмысқа) 3) тармақша бойынша жарамсыз деп танылады, ал келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің жарамдылығы дербес айқындалады.
ІІ-ІІІ дәрежелі ЭМӨ созылмалы әсер етуі синдромы қайталанған кезде аурудың сәтті нәтижесі кезінде әскери қызметшілер ЭМӨ көздерімен жұмысқа жарамсыз деп танылады.
Әскери қызметшілердің жабдықталым нормалары бойынша негізгі тағамдарға клиникалық белгілері бар тамақ аллергиясына шалдыққан адамдар (стационарлық жағдайларда медициналық тексеру нәтижелерімен расталған) осы тармақтың 2) тармақшасы бойынша куәландырылады. Басқа да аллергиялық науқастанулар кезінде (бөртпе, поллиноз, аллергиялық риниттер, дерматиттер) медициналық куәландыру зақымданған мүше немесе жүйе функциясының жай-күйіне байланысты бағандар бойынша талаптардың тиісті тармақтары бойынша жүргізіледі.
Қатты уланулардан, токсикологиялық-аллергиялық әсер етулерден, жіті аллергиялық науқастанулардан (анафилактикалық шок, сарысу ауруы, Лайел, Стивенсон - Джонсон синдромы, Квинке ісінуі), басқа да сыртқы себептердің әсер етуінен кейін әскери қызметке және әскери-есептік мамандық бойынша қызметке жарамдылық санаты науқастанудың нәтижесіне және зақымданған мүшелер немесе жүйелер функциясына байланысты бағандар бойынша талаптардың тиісті тармақтары бойынша айқындалады.
86-тармақ. Буындардың жіті қабыну науқастануларына шалдыққан талаптардың І бағаны бойынша куәландырылатындар және мерзімді әскери қызметке шақыру, ӘОО-ға, келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру кезінде азаматтар емдеу аяқталғаннан кейін 6 айға әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылады. Буындардың қабыну науқастануларының жіті түрлеріне шалдыққаннан кейін 6 ай ішінде қабыну белгілері болмаған кезде олар әскери қызметке жарамды деп танылады.