Діни бірлестікті мемлекеттік тіркеуден және қайта тіркеуден бас тартудың қосымша негіздері «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.
Филиалды (өкілдікті) есептік тіркеуден және қайта тіркеуден бас тартуға филиалды (өкілдікті) құрудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртібі бұзылған, есептік тіркеуге ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмеген жағдайларда жол беріледі.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеуден немесе қайта тiркеуден, филиалды (өкiлдіктi) есептік тiркеуден немесе қайта тiркеуден бас тартылған жағдайда, тiркеушi орган осы Заңның 9-бабында көзделген мерзiмде оған ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заң актілерiнің талаптарына сәйкес келмейтiндігiне сiлтеме жасалған дәлелдi жазбаша бас тарту құжатын бередi.
Заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн мемлекеттік (есептiк) тiркеуден немесе қайта тiркеуден өткізу үшін төленген алымды қайтару Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген реттерде жүргiзіледi.
ҚР 05.01.01 ж. № 135-II; 29.10.02 ж. № 348-II; 18.03.04 ж. № 537-II (бұр. ред. қара); 2010.20.01 № 239-ІV (бұр. ред. қара) Заңдарымен 12-бап өзгертілді
12-бап. Мемлекеттік (есептік) тiркеу немесе қайта тіркеу немесе қайта тіркеу туралы куәлік
Мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігімен заңды тұлғаның құрылу (қайта тіркелу) және филиалы мен өкілдігінің тіркелу (қайта тіркеу) фактісі куәландырылады.
Мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікте тіркеуші орган, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, тіркеу (қайта тіркеу) күні, заңды тұлғаның, филиал мен өкілдіктің атауы (оның ішінде филиал мен өкілдікті құрушы заңды тұлғаның атауы) және орналасқан жері туралы мәліметтер қамтылады.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлiк немесе филиалды және өкілдікті есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік табыс етiлген жағдайда ғана банкте есеп шоты ашылуы мүмкiн.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу туралы куәлiк беру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялар алуды талап ететiн қызметтi бастау үшiн негiз болып табылмайды. Заңды тұлғаның лицензияланатын қызмет саласындағы құқықтық қабiлетi тиiстi лицензия алған сәттен бастап пайда болады және Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіппен оның қолданылуы тоқтатылған немесе жарамсыз деп танылған кезiнен бастап тоқтатылады.
ҚР 15.07.96 ж. № 30-1 Заңымен 13-бап толықтырылды; ҚР 19.06.97 ж. № 132-1 Заңымен 13-бап жаңа редакцияда; 18.03.04 ж. № 537-II (бұр. ред. қара); 2006.05.06 № 146-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 13-бап жаңа редакцияда
13-бап. 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
16.07.99 ж. № 436-1; 23.03.00 ж. № 40-II; 05.01.01 ж. № 135-II; 24.12.01 ж. № 276-II; 29.10.02 ж. № 348-II; 13.03.03 ж. № 394-II (бұр. ред. қара); 18.03.04 ж. № 537-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 174-III (бұр.ред.қара); 2006.11.12. № 201-III (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.04.07 № 54- ІV (бұр. ред. қара); 2008.10.12. № 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2008.25.12. № 113- ІV (бұр.ред.қара); 2008.29.12. № 116- ІV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 14-бап өзгертілді; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
14-бап. Заңды тұлғаны, филиал мен өкілдікті қайта тіркеу
Қазақстан Республикасының заң актілерiнде көзделген жағдайларда заңды тұлға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қайта тiркеуге жатады.
Бұл орайда тіркеуші органға мынадай құжаттар табыс етіледі: заңды тұлғаның мөрі басылған құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды тұлғаның уәкiлеттi органының шешімі не шешімінен үзінді, Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда нотариат тәртібімен куәландырылған өзгерістер енгізілген құрылтай құжаттары, заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркегенi және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені үшiн бюджетке алым төлегенiн растайтын құжат.
Заңды тұлғаға қатысушылар (акционерлік қоғамның акционерлері) құрамына жаңа қатысушы-заңды тұлға кірген жағдайда, тіркеуші органға құрылтай құжаттармен бірге жаңа қатысушының - заңды тұлғаның салық берешегінiң жоқ екендiгi (бар екендігі) туралы салық органының анықтамасы табыс етіледі.
Шаруашылық серiктестiгі қатысушыларының тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiктерiн қоспағанда, қатысушылар құрамының өзгеру негіздемесi бойынша шаруашылық серiктестiктерiн қайта тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына және құрылтай құжаттарына сәйкес шығып кететiн қатысушының, мүлiктегi (жарғылық капиталдағы) үлеске құқығы оның иелiгiнен шығарылғанын (басқа бiреуге берiлгенiн) немесе басқаға ауысқанын растайтын құжат ұсынылады.
Табиғи монополия субъектілерін қайта тіркеу үшін табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның келісімі талап етіледі; тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерін, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (үлестерінің) елу проценттен астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын олармен аффилиирленген тұлғаларды, мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, қайта тіркеу үшін монополияға қарсы органның келісімі талап етіледі.
Заңды тұлға қайта ұйымдастырылатын жағдайда тiркеушi органға қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның мiндеттемелерi бойынша мұрагерлiк туралы ережелердi көрсете отырып, беру актiсi немесе бөлу балансы да табыс етiледi.
Заңды тұлға бөліну арқылы қайта ұйымдастырылған жағдайда тіркеуші органға салық органының қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның салықтық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқтығы туралы анықтамасы да табыс етіледі.
Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тиісінше Қазақстан Республикасының банк заңдарында, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңдарында және Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Филиалдар мен өкілдіктер атауы өзгерген жағдайда қайта тіркеуге жатады.
24.12.01 ж. № 276-II; 29.10.02 ж. № 348-II; 2006.11.12. № 201-III (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 15-бап өзгертілді; 2008.04.07 № 54- ІV (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда; 2010.20.01 № 239-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 15-бап өзгертілді
15-бап. Заңды тұлға жарғысының (ережесінің) және (немесе) оны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің телнұсқаларын беру
Тіркеуші орган заңды тұлғаның өтініші бойынша үш жұмыс күні ішінде заңды тұлға жарғысының (ережесінің) және (немесе) оны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің телнұсқаларын беруді жүзеге асырады.
Заңды тұлға жарғысының (ережесінің) және (немесе) оны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы және филиал мен өкілдікті есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің телнұсқасын беру үшін мына құжаттар:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш;
2) заңды тұлға жарғысының (ережесінің) және (немесе) оны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы және филиал мен өкілдікті есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің түпнұсқасының жоғалғаны туралы ақпараттың мерзімді баспа басылымында жарияланғанын растайтын құжат;
3) жарғының (ереженің) телнұсқасын беру жағдайларын қоспағанда, заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің телнұсқасын беру үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе құжат табыс етіледі.
ҚР 23.03.00 ж. № 40-II; 05.01.01 ж. № 135-II; 29.10.02 ж. № 348-II; Заңдарымен 16-бап өзгертілді және толықтырылды; 18.03.04 ж. № 537-II ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 174-III (бұр.ред.қара); 2006.11.12. № 201-III (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.04.07 № 54- ІV (бұр. ред. қара); 2008.29.12. № 116- ІV (бұр.ред.қара); 2009.08.12. № 225- ІV (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 16-бап өзгертілді; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 16-бап өзгертілді
16-бап. Заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылуын тiркеу
Заңды тұлғаларды тiркеудi жүзеге асырушы орган заңды тұлғаны тарату немесе қайта ұйымдастыру туралы шешiмдi алғаннан кейiн Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген тарату немесе қайта ұйымдастыру тәртібінiң сақталуын тексередi.
Заңды тұлғаның таратылу негiздемесi бойынша қызметiнiң тоқтатылуын тiркеу үшiн:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша таратылуды тiркеу туралы өтініш;
2) заңды тұлға мүлкi меншік иесiнiң немесе меншік иесі уәкілеттік берген органның не оған заңды тұлғаның мөрi басылған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берген заңды тұлға органының шешімі;
3) құрылтай құжаттары, мемлекеттік тіркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк;
4) заңды тұлғаның таратылуы, кредиторлар қойған талаптарды мәлiмдеудiң тәртібі мен мерзiмдері туралы баспасөз басылымдарында ақпараттың жарияланғанын растайтын құжат;
5) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6) тарату балансы;
7) заңды тұлға мүлкi меншiк иесiнiң немесе заңды тұлғаны тарату туралы, заңды тұлғаның мөрi басылған тарату балансын бекіту туралы шешiмдi қабылдаған өзге де органның шешiмi;
8) заңды тұлға мөрiнiң жойылғандығы туралы құжат;
9) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
10) салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екендігі туралы анықтамалар;
11) кедендік төлемдер бойынша берешектерінің жоқ екендігі туралы кеден органдарының анықтамасы;
12) акция шығарылымдарының (акционерлік қоғамдар үшiн) күшi жойылғандығы туралы Ұлттық Банктің хабарламасы;
13) заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелгені және филиалдар мен өкілдіктердің есептік тіркелгені үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе құжат табыс етіледі.
Сот шешімі бойынша таратылған заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын тіркеу сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
Егер тексеру процесінде таратудың немесе қайта ұйымдастырудың белгіленген тәртібін бұзушылықтар анықталмаса, тіркеуші орган заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын он күн ішінде тіркейді. Табиғи монополия субъектісі қызметінің тоқтатылуын тіркеуді табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның алдын ала келісімімен тіркеуші орган жүзеге асырады.
Заңды тұлғаны таратудың немесе қайта ұйымдастырудың белгіленген тәртібін бұзушылықтар анықталған жағдайда тіркеуші орган тіркеуден бас тарту туралы шешім шығарады.
Заңды тұлға қызметін тоқтатқандығы туралы заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркеліміне жазба енгізілгеннен кейін ол өз қызметін тоқтатқан болып есептеледі.
Басқа заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде құрылған заңды тұлғаны тіркеу осы Заңның 6-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Акционерлік қоғамды қайта ұйымдастырған жағдайда тіркеуші органға, Ұлттық Банктің осы акционерлік қоғам акцияларының барлық шығарылымдарының күшін жою туралы хабарламасы қосымша табыс етіледі.
ҚР 29.10.02 ж. № 348-II Заңымен 16-1-баппен толықтырылды; 18.03.04 ж. № 537-II (бұр. ред. қара); 2006.11.12. № 201-III (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.10.12. № 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ); 2009.08.12. № 225- ІV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 16-1-бап өзгертілді; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 16-1-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
16-1-бап. Заңды тұлғаның филиалы мен өкілдігін есептік тіркеуден шығару
Филиал (өкілдік) филиалдың (өкілдіктің) қызметін тоқтату туралы заңды тұлға шешімі, есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің және филиал (өкілдік) туралы ереженің түпнұскалары, заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелгені және филиалдар мен өкілдіктердің есептік тіркелгені үшін алым төлегенін растайтын квитанция немесе құжат негізінде есептен шығарылуға жатады.
Шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) бойынша осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарға қоса салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екендігі туралы анықтама табыс етіледі.
2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
17-бап. Дауларды қарау
Мемлекеттік тiркеуден және есептік тіркеуден бас тарту, сондай-ақ мұндай тiркеуден жалтару заңды тұлға құрылтайшылары мен тiркеудi жүзеге асырушы мемлекеттік орган арасындағы өзге де даулар бойынша сотқа шағым жасауға болады.
ҚР 05.01.01 ж. № 135-II; 29.10.02 ж. № 348-II; 18.03.04 ж. № 537-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 18-бап өзгертілді
18-бап. Заңды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
Мемлекеттік тiркеусiз заңды тұлға ретіндегі қызметке жол берiлмейдi. Мемлекеттік тiркеуден өтпей жасалған қызметтен алынған табыстар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес республикалық бюджеттiң кiрiсiне алынады.
Заңда белгiленген тәртiппен қайта тiркелуге тартылатын заңды тұлға деректерiнiң өзгергенi туралы мәлiметтi бiр ай мерзiмде бермегенi үшiн заңдарға сәйкес жауапкершiлiк күшiне енедi.
Тiркеушi орган заңды тұлғаны тiркеуден және филиалды (өкілдікті) есептік тіркеуден және қайта тіркеуден заңсыз бас тартқан жағдайда арыз берушi өзi шеккен залалдың орнын толтыруды сот тәртібімен талап етуге қақылы.
Акционерлік қоғам акциялар шығарылымын мемлекеттік тiркеуге немесе ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн алуға құжаттарды Ұлттық Банкке белгiленген мерзiмде табыс етпеген жағдайда, осы қоғам Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiппен таратылуға немесе қайта құрылуға тиiс.
19-бап. Осы Заңның күшiне ену тәртібі
Осы Заң жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының