2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
4) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру қағидалары;
5) депоненттерге есептілік табыс ету тәртібі;
6) бағалы қағаздар рыногының субъектiлерiмен өзара iс-қимыл тәртібі;
7) 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8) депоненттер мен оның клиенттерiнiң ақшасын есепке алу тәртібі;
9) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де ережелер болуға тиiс.
82-бап. Орталық депозитарийдiң қызметiн шектеу
1. Орталық депозитарий:
1) Қазақстан Республикасының заңдарына және орталық депозитарийдiң ережелер жинағына сәйкес өз функцияларын орындауды басқа да тұлғаларға беруге;
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертiлдi (бұр.ред. қара)
2) өз депоненттерiнiң, сауда-саттықты ұйымдастырушының тиісті бұйрықтары немесе уәкілетті органның тиісті шешімі болмаса да қаржы құралдарымен мәмiлелердi тiркеудi жүзеге асыруға;
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2010 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енді)
2-1) тармақшаға өзгерістерді қара - 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңы (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-1) тіркеушінің тиісті өкімі болмаса да жеке шоттардың бірыңғай жүйесіне өзгерістер енгізуге;
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред. қара)
3) депонент (оның клиентi) туралы, депоненттiң (оның клиентiнiң) жеке шотында (қосалқы шотында) ескерiлетiн қаржы құралдары туралы коммерциялық құпияны жария етуге;
4) депоненттер мен олардың клиенттерiнiң құқықтарын және мүдделерiн бұзатын iс-әрекеттер жасауға құқылы емес.
2. Уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген жағдайларды қоспағанда, орталық депозитарий заңды тұлғаларды құруға және оның қызметiне қатысуға құқылы емес.
17-тарау. Сауда-саттықты ұйымдастырушы
83-бап. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымы
1. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 2-тармақ өзгертiлдi
2. Қор биржасының сауда жүйесінде қаржы құралдарымен жасалған мәмілелерге мониторинг жүргізуді және талдауды жүзеге асыру мақсатында қор биржасының ұйымдық құрылымына қор биржасының сауда жүйесiнде жасалатын мәмiлелердi қадағалау жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшесi кіруге тиіс.
Қор биржасының аталған құрылымдық бөлiмшесiнiң қызметiн жүзеге асыру тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 84-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 309-III ҚР Заңымен 84-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара )
84-бап. Сауда-саттықты ұйымдастырушыны басқару
1. Сауда-саттықты ұйымдастырушының органдары, олардың функциялары және өкілеттіктері, олардың шешімдерді қалыптастыру және қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен, сауда-саттықты ұйымдастырушының жарғысымен және оның ішкі құжаттарымен айқындалады.
2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред. қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара); 2012.26.11 № 57-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Уәкілетті орган акционері болып табылатын жағдайды қоспағанда, сауда-саттықты ұйымдастырушының әрбір акционерінің өзінің үлестес тұлғаларымен бірлескен үлесі орналастырылған акциялардың жалпы санының жиырма пайызынан аспауға тиіс.
Сауда-саттықты ұйымдастырушының капиталындағы уәкілетті органның үлесі сауда-саттықты ұйымдастырушының дауыс беретін акцияларының жалпы санының елу пайызынан астамын құрайды.
2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Сауда-саттықты ұйымдастырушының әрбір акционері, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, «бір акция - бір дауыс» принципі бойынша дауыс береді.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
4. Сауда-саттықты ұйымдастырушының директорлар кеңесінің құрамына уәкілетті органның өкілі тұрақты негізде дауыс беру құқығымен кіреді.
Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңы болып белгіленген қор биржасы директорлар кеңесінің құрамына уәкілетті органның өкілі де тұрақты негізде дауыс беру құқығымен кіреді.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 5 тармақ өзгертiлдi (бұр.ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
5. Листинг, делистинг немесе бағалы қағаздар тiзiмiнiң санаттарын алмастыру мәселелерi бойынша шешiмдерді қор биржасының листинг комиссиясы қабылдайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары эмитенттердің бағалы қағаздарын жеңілдетілген рәсім бойынша қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың онда болу мәселелеріне қолданылмайды, олар бойынша шешімдерді қор биржасының атқарушы органы қор биржасының қағидаларында айқындалған тәртіппен қабылдайды.
Листинг комиссиясының құрамына қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленедi. Листинг комиссиясының құрамына тұрақты негiзде дауыс беру құқығымен уәкiлеттi органның өкiлi кiредi.
Листинг, делистинг немесе бағалы қағаздар тiзiмiнiң санаттарын алмастыру мәселелерi бойынша шешiмдер қабылдау кезінде:
1) көрсетілген шешiмге сәйкес бағалы қағаздары қор биржасының тiзiмiне енгiзiлетiн, осы тiзiмнен шығарылатын немесе осы тiзiмнiң өзге санатына ауыстырылатын эмитенттiң (осы тармақта бұдан әрi - мүдделi эмитент);
2) мүдделi эмитентке қатысты еншiлес ұйымдар немесе тәуелдi акционерлiк қоғамдар болып табылатын ұйымдардың;
3) оларға қатысты мүдделi эмитент еншiлес ұйым немесе тәуелдi акционерлiк қоғам болып табылатын ұйымдардың;
4) үшiншi ұйымға қатысты мүдделi эмитентпен бiрге еншiлес ұйымдары немесе тәуелдi акционерлiк қоғамдары болып табылатын ұйымдардың;
5) мүдделі эмитентке қызметтер көрсететін қаржы консультантының, маркет-мейкердің, андеррайтердің;
6) осы бөліктің 1) - 5) тармақшаларында аталған тұлғалармен үлестес тұлғалардың қызметкерлері және (немесе) өкілдері болып табылатын листинг комиссиясы мүшелерінің дауыс беруге құқығы жоқ.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды
6. Листинг комиссиясы шығару проспектісінде ұйымдастырылған рынокта олардың айналымы көзделген облигацияларды шығаруды жоспарлаушы эмитентке беру үшін инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге қажетті қосымша шектеулерді эмитенттің бағалы қағаздар шығару проспектісіне енгізу жөнінде ұсынымдар әзірлейді. Листинг комиссиясының ұсынымдарын эмитенттің қабылдағаны не қабылдамағаны туралы ақпарат қор биржасының интернет-ресурсында орналастырылады.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 85-бап жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
85-бап. Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидалары
1. Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидаларын оның атқарушы органы әзiрлейдi, сауда-саттықты ұйымдастырушының директорлар кеңесi бекiтедi және уәкiлеттi органмен келiсіледi.
2. Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидалары олар уәкiлеттi органмен келiсiлгеннен кейін күшіне енеді.
3. Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидалары қор биржасының сауда жүйесінде немесе бағалы қағаздардың биржадан тыс рыногындағы баға белгілеу ұйымының баға белгілеуді айырбастау жүйесінде айналымға жiберiлген қаржы құралдарымен мәмiлелер жасаған кезде сауда-саттықты ұйымдастырушы мүшелерiнiң қызметiн, сондай-ақ сауда-саттықты ұйымдастырушы мен оның мүшелерi (клиенттерi) арасында туындайтын қатынастарды реттейдi.
4. Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидалары сауда-саттықты ұйымдастырушының функцияларына кiретiн мәселелердi реттейтiн сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарын қамтиды.
5. Қор биржасының қағидалары:
1) қор биржасындағы мүшелiк санаттарын, қор биржасының мүшелiгiне кiру шарттары мен тәртiбiн, қор биржасы мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, қор биржасындағы мүшелiктi тоқтата тұрудың және тоқтатудың шарттары мен тәртiбiн;
2) қор биржасының мүшесі атынан қор биржасының сауда жүйесі айналымындағы бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауда-саттыққа қатысатын, сондай-ақ осы қор биржасының сауда жүйесін пайдаланып, өзге де іс-әрекеттерді орындайтын трейдерлерге қойылатын талаптарды;
3) сауда жүйесін пайдалануға қор биржасы трейдерлерін міндетті оқыту тәртібін;
4) қор биржасы трейдерлерін сауда-саттыққа қатысуға жіберудің тәртібін және оларды сауда-саттыққа қатысудан шеттету негіздерін;
5) бағалы қағаздары қор биржасының тiзiмiне енгiзілуі көзделетін және енгiзiлген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды;
6) бағалы қағаздарды қор биржасының тiзiмiне енгiзудiң, оларды осы тiзiмнен алып тастаудың және тiзiм санатын алмастырудың шарттары мен тәртiбiн;
7) бағалы қағаздары қор биржасының тiзiмiне енгiзiлген эмитенттердiң мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн (оның iшiнде ақпаратты ашып көрсету бойынша);
8) қор биржасында айналымға жіберілген бағалы қағаздар эмитенттерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында және қор биржасының ішкі құжаттарында талап етілетін көлемде ақпаратты ашып көрсету мониторингін жүзеге асыру тәртібін;
9) бағалы қағаздармен биржалық сауда-саттық өткiзу тәртiбiн;
10) биржалық сауда-саттықта қаржы құралдарымен жасалған мәмiлелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру тәртiбiн;
11) қор биржасындағы сауда-саттықты тоқтата тұрудың және қайта бастаудың шарттары мен тәртібін;
12) қор биржасының сауда жүйесiнде айналымға жiберiлген қаржы құралдарын бағалаудың әдiстемесiн;
13) биржалық сауда қағидаларын бұзғаны үшiн қор биржасы мүшелерiнiң және қор биржасы трейдерлерінің жауапкершiлiгiн, қор биржасы өндiрiп алатын айыппұлдарды төлеудiң мөлшерi мен тәртiбiн;
14) қаржы құралдарымен мәмiлелердi жүзеге асыру процесінде туындайтын даулар мен жанжалдарды шешу тәртiбiн;
15) қор биржасының сауда жүйесiнде жасалатын мәмілелерді қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қор биржасының құрылымдық бөлімшесі қызметінің тәртібін;
16) листинг комиссиясы қызметінің тәртібін;
17) бағалы қағаздармен мәмілелер айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тану мәселелерін қарау мақсатында құрылған қор биржасының сараптама комитеті қызметінің тәртібін;
18) инсайдерлік ақпаратты заңсыз қолдану, бағалы қағаздар рыногында айла-шарғы жасау жағдайларын анықтау және болғызбау қағидаларын;
19) қор биржасы мүшелерінің қаржылық жағдайына мониторингті жүзеге асыру тәртібін, мұндай мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті, қор биржасының мүшелері беретін ақпараттың тізбесін және ақпарат беру мерзімдерін;
20) қор биржасының интернет-ресурсында барлық корпоративтік оқиғалар, қор биржасының ресми тізіміне кіретін эмитенттердің және қор биржасы мүшелерінің тоқсан сайынғы қаржылық есептілігі туралы ақпаратты жариялау тәртібін;
21) қор биржасының атқарушы органының эмитенттердің бағалы қағаздарын жеңілдетілген рәсім бойынша қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың онда болу мәселелерін қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау тәртібін;
22) осы Заңда белгіленген өзге де ережелер мен рәсімдерді айқындауға тиіс.
86-бап. Қор биржасының мүшелерi
1. Бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, бағалы қағаздардан басқа, өзге қаржы құралдарымен мәмiлелердi жүзеге асыру құқығы бар өзге де заңды тұлғалар қор биржасының мүшелерi болып табылады.
2. Қор биржасында бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушыларының кемiнде он мүшесi болуға тиiс.
3. Қор биржасының мүшелерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген талаптарға сай келетiн шетелдiк заңды тұлғалар болуы мүмкiн.
4. Қор биржасының мүшелiгiне кандидаттарға қойылатын талаптар, мүшелiкке қабылдау, мүшелiктi тоқтата тұру және одан айыру тәртібі, сондай-ақ қор биржасы мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттемелерi Қор биржасының ережелерiнде белгiленедi.
5. Қор биржасының мүшелерi мәмiлелердi жасау осы мүшелер үшiн қор биржасының ережелерiнде жол берiлетiн қаржы құралдарының түрлерi бойынша сауда-саттыққа қатысуға құқылы.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды
6. Қор биржасының мүшелері қор биржасына қаржылық есептілікті және тізбесі мен беру мерзімдері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және қор биржасының қағидаларында айқындалатын өзге де ақпаратты беруге міндетті.
87-бап. Сауда-саттықты ұйымдастырушының қызметiн қаржыландыру
1. 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды ( бұр. ред. қара)
2. Сауда-саттықты ұйымдастырушы мынадай жағдайларда:
1) сауда-саттықты ұйымдастырушының мүшелiгiне кiргенi үшiн;
2) сауда-саттықты ұйымдастырушының мүлкiн пайдаланғаны үшiн;
3) бағалы қағаздар листингi үшiн және олардың сауда-саттықты ұйымдастырушысының тiзiмiнде болғаны үшiн;
4) мәмiлелердi тiркеу және ресiмдеу үшiн;
5) ақпараттық қызмет көрсеткенi үшiн;
6) сауда-саттықты ұйымдастырушының ережелерiмен көзделген өзге де жағдайларда ақшалай жарналар мен алымдар алады.
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2007.21.07. № 309-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 88-бап жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
88-бап. Қор биржасының қызметi
1. Қор биржасы Қазақстан Республикасының заңнамасына және қор биржасының iшкi құжаттарына сәйкес бағалы қағаздардан да өзге қаржы құралдарымен де сауда-саттық ұйымдастыруға және өткiзуге құқылы.
2. Қор биржасы мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) сауда жүйелерiн пайдалану және қолдау;
2) бағалы қағаздары қор биржасының тiзiмiне енгiзілуі көзделетін немесе енгiзiлген эмитенттерге, сондай-ақ қор биржасында айналымға жiберiлетiн (жiберiлген) бағалы қағаздарға және өзге де қаржы құралдарына қойылатын талаптарды белгілеу;
3) қор биржасында айналымға жiберiлген бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасау мақсатында өз мүшелерінің сауда жүйелерiне кіруіне мүмкiндiк жасау;
4) қор биржасының сауда жүйесі айналымындағы бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауда-саттыққа қор биржасының мүшесі атынан қатысатын қор биржасы трейдерлерін оқыту;
5) қор биржасының трейдерлеріне сауда-саттыққа қатысуға рұқсат беру және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының талаптарын, қор биржасының қағидаларын бұзған жағдайларда, сондай-ақ қор биржасының қағидаларында белгіленген өзге де жағдайларда оларды сауда-саттыққа қатысудан шеттету;
6) сауда-саттыққа жіберілген, сауда-саттыққа қатысудан шеттетілген (шеттету себебін көрсете отырып) қор биржасы трейдерлерінің тізілімін жүргізу және оны қор биржасының интернет-ресурсында орналастыру;
7) қор биржасында айналымға жiберiлген бағалы қағаздар және өзге де қаржы құралдары бойынша сауда-саттықты ұйымдастыру және өткiзу;
8) қор биржасының сауда жүйесінде бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерге мониторингті және талдауды жүзеге асыру;
9) бағалы қағаздармен мәмілелер айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тану мәселелерін қарау мақсатында құрылған қор биржасының комитетінің қызметін ұйымдастыру;
10) уәкілетті органға қор биржасының сауда жүйесінде жасалған мәмілелерді мониторингтеудің және талдаудың нәтижелері туралы, сондай-ақ қор биржасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының талаптарын, қор биржасының қағидаларын бұзуы туралы ақпаратты уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен беру;
11) қор биржасында айналымға жіберілген бағалы қағаздар эмитенттерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында және қор биржасының ішкі құжаттарында талап етілетін көлемде ақпаратты ашып көрсетуіне мониторингті жүзеге асыру және уәкілетті органға мұндай мониторингтің нәтижелері туралы ақпарат беру;
12) қор биржасында айналымға жіберілген бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүзеге асыру не мұндай есеп айырысуларды жүзеге асыруға қажетті ақпаратты әзірлеу;
13) лицензияланатын қызмет түрі шеңберінде консультациялық, ақпараттық және өзге де қызметтер көрсету;
14) бағалы қағаздар рыногы және өзге де қаржы құралдары мәселелерi бойынша талдамалық зерттеулер жүргiзу;
15) Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгiленген тәртiппен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыру;
16) қор биржасындағы сауда-саттықты тоқтата тұрудың және қайта бастаудың шарттары мен тәртiбiн айқындау;
17) қор биржасы мүшелерінің қаржылық жағдайына мониторинг;
18) интернет-ресурста барлық корпоративтік оқиғалар, бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген эмитенттердің және қор биржасы мүшелерінің тоқсан сайынғы қаржылық есептілігі туралы ақпаратты қор биржасының қағидаларында белгіленген тәртіппен жариялау;
19) қор биржасының ішкі құжаттарында көзделген өзге де функциялар.
89-бап. Қор биржасының тiзiмi
2006.05.06 № 146-III ҚР Заңымен 1-тармақ толықтырылды; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
1. Бағалы қағаздарды қор биржасының тiзiмiне енгізудiң талаптары мен тәртібі оның ережелерiмен белгiленедi.
Уәкiлеттi орган эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жiберiлетiн (жiберiлген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тiзiмiнiң жекелеген санаттарына талаптар белгiлейдi.
Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде қаржы құралдарын қаржы орталығының арнайы сауда алаңы сауда-саттық ұйымдастырушысының тізіміне енгізу үшін қосымша талаптар мен шарттар белгіленуі мүмкін.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 1-1 тармақпен толықтырылды; 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 1-1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1-1. Акциялары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген қор биржасы тізімінің санатына енгiзiлген эмитенттер, сондай ақ оларға рұқсат беруге бастамашы болғандар орналастырылған және еркiн айналыстағы акциялардың қор биржасының ережелерiнде белгiленген ең төменгi көлемiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды
1-2. Эмитенттің бағалы қағаздарын қор биржасының тізіміне енгізу үшін эмитент брокермен және (немесе) дилермен осы Заңның 64-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында аталған қызметтердің көрсетілуіне шарт жасасуға міндетті.
Осы тармақтың талабы қаржы ұйымы болып табылатын эмитентке қолданылмайды.
2. Эмиссиялық бағалы қағаздары қор биржасының тiзiмiне енгiзiлген эмитенттер, сондай-ақ сол бағалы қағаздарға рұқсат етудiң бастамашылары осы Заңда, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде және эмитенттiң қызметi мен қор биржасының тiзiмiне енгiзiлетiн (енгiзiлген) бағалы қағаздар туралы ақпаратты ашу жөніндегі қор биржасының ережелерiнде белгiленген талаптарды сақтауға мiндеттi.
2006.05.06 № 146-III ҚР Заңымен 3 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред. қара)
2006.05.06 № 146-III ҚР Заңымен 4 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред. қара)
90-бап. Биржадан тыс рыноктың баға белгiлейтiн ұйымының қызметi
1. Биржадан тыс рыноктың баға белгiлейтiн ұйымының (бұдан әрi - баға белгiлейтiн ұйым) негiзгi мақсаты оның клиенттерi арасындағы бағалы қағаздарға баға белгiлеудiң алмасу жүйесiн ұйымдастыру болып табылады.
Бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары ғана баға белгiлейтiн ұйымның клиенттерi бола алады.
Егер бұған Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаса, баға белгiлейтiн ұйым да уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілеріне және баға белгiлейтiн ұйымның iшкi құжаттарына сәйкес бағалы қағаздардан басқа, өзге қаржы құралдарымен баға белгiлеудiң алмасуын ұйымдастыруға құқылы.
2. Баға белгiлейтiн ұйым мынадай:
1) бағалы қағаздарға баға белгiлеудiң алмасу жүйесiн (бұдан әрi ақпараттық жүйе) пайдалану және қолдау;
2) баға белгiлейтiн ұйымның айналысына жiберiлген бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер жасасу мақсатында ақпараттық жүйеге кіруге өз клиенттерiне мүмкiндiк беру;
3) баға белгiлейтiн ұйымның клиенттерi арасында бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарының бағасын белгiлеумен тұрақты алмасып отыруды ұйымдастыру;
4) баға белгiлейтiн ұйымның клиенттерi арасында бағалы қағаздар және өзге де қаржы құралдарымен мәмiле жасасу туралы хабарлама алмасуды ұйымдастыру;
5) өз клиенттерiне баға белгiлейтiн ұйымында айналысқа жiберiлген бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiле жасасу үшiн қажеттi ақпараттар беру функцияларын;
6) осы Заңда, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде және баға белгiлейтiн ұйымның iшкi құжаттарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3. 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред. қара)
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен тақырыб жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар және өзара сақтандыру қоғамдары
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 91-бап жаңа редакцияда ( бұр. ред. қара)
91-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мiндеттерi
Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның негiзгi мiндетi өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асырудың бiрыңғай жағдайларын жасауды қамтамасыз ету болып табылады.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен ( бұр. ред. қара); 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 92-бап өзгертілді; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 92-бап жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
92-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымдардың құқықтық жағдайы
Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның атауы осы ұйым мүшелерiнiң негiзгi қызмет түрiн көрсетуге, сондай-ақ «қауымдастық», «одақ» немесе «бiрлестiк» деген сөздерді қамтуға тиiс.
93-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның функциялары
1. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның функциялары:
1) уәкiлеттi органға бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыру тәртібін белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары, нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар беру;
2) бағалы қағаздар рыногында өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелерi арасында туындайтын дауларды және мүшелерi мен олардың клиенттерi арасындағы дауларды қарау;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді ( бұр. ред. қара)
3) бағалы қағаздар рыногында қызметтi жүзеге асыруға ниет бiлдiрген адамдарға оқу бағдарламаларын әзiрлеу және оларды оқытуды жүргiзу;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда ( бұр. ред. қара)
4) өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң кәсiби қызметiнiң бiрыңғай ережелерi мен стандарттарын белгiлеу;
5) өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң рейтингтерiн жасау және жариялау;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда ( бұр. ред. қара)
6) өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң қызметiне тексеру жүргiзу;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды; 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 6-1) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
6-1) уәкiлеттi органға өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшесiнiң лицензиясын тоқтата тұру және одан айыру туралы өтiнiштер жiберу;