Заңды тұлға осы тармақтың бірінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген әрекеттерді жүзеге асырмаған жағдайда, ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп қайта ұйымдастыруға не таратуға жатады.
2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16-бап. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұру, тоқтату не одан айыру үшін негіздер
1. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысы мынадай негіздердің бірі бойынша алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады:
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) қызметін осы Заңның 14-бабының 5 және 6-тармақтарында, 14-1-бабының 3, 5 және 7-тармақтарында көзделген талаптарды бұза отырып жүзеге асырған;
2) пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзу;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептілікті бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) ұсынбау;
4) анық емес қаржылық немесе өзге де есептілікті ұсынғаны үшін бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) әкімшілік жауаптылыққа тартылу;
5) уәкілетті органның жазбаша нұсқамасын орындамау;
6) тексеруді белгіленген мерзімдерде жүргізуге мүмкіндік бермеуге алып келетін оны жүргізуге кедергі келтіру;
7) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) бұзу;
8) микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін ұсынылған құжаттарда анық емес мәліметтер мен ақпараттың анықталуы.
2. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыру мынадай негіздердің бірі бойынша жүргізіледі:
1) микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия қолданысының жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) тоқтата тұрылуы;
2) қызметін Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын, сондай-ақ уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) бұза отырып жүзеге асыру;
3) уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) орындамау;
4) осы Заңда көзделмеген қызмет түрлерін жүзеге асыру;
5) анық емес қаржылық немесе өзге де есептілікті ұсынғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) тартылу;
6) микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияны алған күннен бастап қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде қызметті жүзеге асырмау;
7) микроқаржы ұйымының қызметін тоқтату туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі;
8) қайта ұйымдастыру немесе тарату арқылы өз қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдау.
Микроқаржы ұйымы микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтатуға өтініш бергенге дейін өзінің барлық міндеттемесін орындауға тиіс. Өтінішке бір мезгілде барлық міндеттеменің орындалғанын растау туралы хат қоса беріледі;
9) тексеруді белгіленген мерзімдерде жүргізуге мүмкіндік бермеуге алып келетін оны жүргізуге екі реттен артық кедергі келтіру.
3. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданылуын тоқтата тұру не одан айыру түріндегі санкцияларды қолданудың орындылығын айқындау кезінде мыналар:
1) тәуекел деңгейі, бұзушылықтардың және (немесе) анықталған кемшіліктердің сипаты және олардың салдары;
2) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) анықталған кемшіліктердің ауқымы мен маңыздылығы және олардың салдары;
3) бұзушылықтардың және (немесе) анықталған кемшіліктердің жүйелілігі мен ұзақтығы;
4) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) анықталған кемшіліктердің микроқаржы ұйымының қаржылық жағдайына ықпалы;
5) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) анықталған кемшіліктердің туындауына негіз болған себептер;
6) анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жоюға бағытталған дербес шаралар қабылдауы ескеріледі.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысын тоқтату мынадай жағдайларда:
1) микроқаржы ұйымы банк болып мемлекеттік қайта тіркелген кезден бастап;
2) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
5. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысы мұндай шешім микроқаржы ұйымының назарына жеткізілген күннен бастап тоқтатыла тұрды деп есептеледі.
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы қабылданған шешім жөніндегі ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.
6. Уәкілетті органның микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұру не одан айыру туралы шешіміне сот тәртібімен шағым жасалады.
Уәкілетті органның микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы шешіміне шағым жасау мұндай шешімнің орындалуын тоқтата тұрмайды.
7. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұру микроқаржы ұйымының микрокредит беру туралы жаңа шарттар жасасуына, оның ішінде микрокредит беру туралы қолданыстағы шарттардың қолданылу мерзімін ұзартуына және оларды микроқаржы ұйымының міндеттемелері мен жауапкершілігін, сондай-ақ қарыз алушының міндеттемелері мен жауапкершілігін ұлғайтуды көздейтіндей етіп өзгертуіне тыйым салуға алып келеді. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы тоқтатыла тұрған микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы бұрын жасалған шарттар бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындауға міндетті.
8. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айырылған не оның қолданысы тоқтатыла тұрған микроқаржы ұйымы микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға құқылы емес.
9. Микроқаржы ұйымы уәкілетті орган микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өзінің атауынан «микроқаржы ұйымы», «кредиттік серіктестік», «ломбард» деген сөздерді, олардан туындайтын, көрсетілген заңды тұлғаның микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратынын болжайтын сөздерді немесе аббревиатураны алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға міндетті.
17-бап. Микрокредиттер беру қағидалары
Микрокредиттер беру қағидаларында мынадай мәлiметтер:
1) микрокредит беруге арналған өтінішті беру тәртібі және оны қарау тәртібі;
2) микрокредит беру туралы шартты жасасу тәртібі;
3) микрокредиттiң шекті сомалары және оны беру мерзiмдерi;
4) берiлетiн микрокредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің шектi шамалары;
5) берiлген микрокредиттер бойынша сыйақы төлеу тәртiбi;
6) микроқаржы ұйымы қабылдайтын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
7) берілетін микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу қағидалары;
8) микрокредитті өтеу әдістері қамтылуға тиіс.
Микрокредиттер беру қағидаларында микрокредит берудің өзге де шарттары және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін мәліметтер де қамтылуы мүмкін.
18-бап. Iшкi бақылау қызметi
1. Микроқаржы ұйымы өзiнiң қаржы-шаруашылық қызметiн бақылауды жүзеге асыруы үшiн iшкi бақылау қызметiн құруы мүмкін.
2. Iшкi бақылау қызметiнiң жұмыс тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ микроқаржы ұйымының iшкi қызметiн реттейтiн қағидаларда, ережеде және өзге де құжаттарда айқындалады.
19-бап. 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20-бап. 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
21-бап. Микрокредит беру құпиясы
1. Микрокредит беру құпиясы қарыз алушылар, микрокредиттердiң мөлшерлерi туралы, микрокредит беру туралы шарттың қарыз алушыға қатысты өзге де талаптары туралы және микроқаржы ұйымының операциялары туралы (микрокредиттер беру қағидаларын қоспағанда) мәлiметтердi қамтиды.
Тарату процесіндегі микроқаржы ұйымының микрокредиттер беру туралы жасасқан шарттары жөнiндегi мәлiметтер микрокредит беру құпиясына жатпайды.
2. Микроқаржы ұйымдары микрокредит беру құпиясына кепiлдiк бередi.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Микрокредит беру құпиясы Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес берілген микрокредиттер бойынша қарыз алушыға, қарыз алушының жазбаша нысанда, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы берген келісімі негізінде үшінші тұлғаға, кредиттік бюроға, сондай-ақ осы баптың 4, 5, 5-1 жəне 6-тармақтарында көрсетілген тұлғаларға ғана ашылуы мүмкін.
4. Қарыз алушылар, микрокредиттердiң мөлшерлерi туралы, микрокредит беру туралы шарттың қарыз алушыға қатысты өзге де талаптары туралы, микроқаржы ұйымы жүргiзген операциялар туралы мәлiметтер:
2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) қылмыстық қудалау функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға: олар жүргiзiп жатқан қылмыстық iстер бойынша мөрмен расталған және прокурор санкция берген жазбаша сұрау салу негiзiнде;
2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
1-1) прокурордың санкциясымен Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына және Мемлекеттік күзет қызметіне: барлау және (немесе) нұқсан келтіру акцияларының алдын алу, оларды әшкерелеу және жолын кесу үшін қажетті ақпаратты беру туралы олардың талап етуі бойынша;
2023.12.07. № 23-VІІІ ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
1-2) активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органға бірінші басшы не оның міндетін атқарушы адам қол қойған, «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілген тізілімнің үзінді-көшірмесі қоса берілген жазбаша сұрау салу бойынша;
2) соттарға: олар жүргiзiп жатқан iстер бойынша соттың ұйғарымы, қаулысы, шешiмi және үкiмi негiзiнде;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 24 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді
3) мемлекеттік және жеке сот орындаушыларына: олар жүргізіп жатқан атқарушылық іс жүргізу істері бойынша әділет органдарының мөрімен немесе жеке сот орындаушысының мөрімен расталған, сот орындаушысының прокурор санкциялаған қаулысы негізінде;
4) прокурорға: оның құзыретi шегiнде өзінің қарауында жатқан материал бойынша тексеру ісін жүргізу туралы қаулы негiзiнде;
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) салықтық әкімшілендіру мақсатында ғана мемлекеттік кіріс органдарына: тексерiлетiн тұлғаға салық салуға байланысты мәселелер бойынша нұсқама негiзiнде;
2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда
6) қарыз алушының өкiлдерiне: сенімхат негізінде, жеке тұлға болып табылатын қарыз алушы бойынша нотариат куәландырған сенімхат негізінде;
2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды; 2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органға: өзі жөнінде соттың банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген шешімі бар тұлғаға қатысты, банкроттық және (немесе) оңалту туралы іс қозғалғанға дейін бес жыл ішіндегі кезең үшін прокурордың санкциясымен;
2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
8) Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы бойынша мемлекеттік басқару саласындағы уәкілетті органға: «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рәсімдерді қолдану туралы арыз берген азаматқа қатысты сұрау салу негізінде осындай сұрау салу берілгенге дейінгі үш жыл ішіндегі кезең үшін;
2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
9) қаржы басқарушысына: төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс қозғалған азаматқа қатысты сұрау салу негізінде прокурордың санкциясымен беріледі. Өкілеттіктерді растау мақсатында сұрау салуға соттың рәсімді қолдану туралы іс қозғау жөніндегі ұйғарымы қоса беріледі.
5. Қарыз алушы, микрокредит мөлшерi туралы, микрокредит беру туралы шарттың қарыз алушыға қатысты өзге де талаптары жөнiндегi мәлiметтер қарыз алушы қайтыс болған жағдайда, осы баптың 4-тармағында көзделген тұлғалардан басқа, жазбаша сұрау салу негiзiнде, сондай-ақ:
1) қарыз алушы өсиетте көрсеткен тұлғаларға;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) нотариустарға: өздерінің іс жүргізуіндегі мұрагерлік істер бойынша нотариустың сұрау салуы негізінде беріледі.
3) шетелдiк консулдық мекемелерге: олар жүргiзiп жатқан мұрагерлiк iстер бойынша берiледi.
2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды; 2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен 5-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5-1. Микрокредит беру құпиясы банк омбудсманына өзінің қарауында жатқан, қарыз алушы - жеке тұлғалардың микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) осы Заңның 9-1-бабының 4-тармағында және 5-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаға берілген осы шарттан туындайтын келіспеушіліктерді реттеу жөніндегі өтініштері бойынша ашылуы мүмкін.
6. Мыналар:
1) кредиттік бюроларға микроқаржы ұйымдарының теріс ақпарат беруі және күнтізбелік жүз сексен күннен асатын мерзімі өткен берешегі жөнінде кредиттік тарих субъектісі туралы кредиттік бюролардың теріс ақпарат беруі;
2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) басқаға берілген (қайта берілген) кезде осы Заңның 9-1-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғалардың микрокредит беру туралы шарт (берілген микрокредит) бойынша ақпаратты осы Заңның 9-1-бабының 4-тармағында және 5-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаларға беруі;
2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) осы Заңның 9-1-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғалардың коллекторлық агенттікпен жасалған, нысанасы берешекті сотқа дейін өндіріп алу жəне реттеу, сондай-ақ қарыз алушының берешегіне байланысты ақпарат жинау жөніндегі қызметтерді көрсету болып табылатын шарт шеңберінде осы коллекторлық агенттікке немесе осы Заңның 9-1-бабына сәйкес сенімгерлік басқару шарты шеңберінде сервистік компанияға микрокредит жөнінде ақпарат беруі;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен уәкілетті орган арасында ақпарат, оның ішінде микрокредит беру құпиясын құрайтын мәліметтер алмасу;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе микроқаржы ұйымында басқарушылық функцияларды орындайтын адамның қылмыстық қудалау органына қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабар жіберілген кезде растау құжаттары мен материалдары ретінде микрокредит беру құпиясын қамтитын құжаттар мен мәліметтерді ұсынуы;
2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
6) алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректер алмасу орталығы, микроқаржы ұйымдары, өзге де қаржы ұйымдары, төлем ұйымдары, ұялы байланыс операторлары, қылмыстық қудалау органдары, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, уәкілетті орган арасында микрокредит беру құпиясын құрайтын, алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша мәліметтер алмасу микрокредит беру құпиясын ашу болып табылмайды.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
22-бап. Бухгалтерлiк есепті жүргiзу және қаржылық есептiлiкті жасау
Микроқаржы ұйымының бухгалтерлік есепті жүргізуі және қаржылық есептілікті жасауы, бухгалтерлік есептің жүргізілуін автоматтандыру Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
23-бап. Құжаттарды сақтау
Микроқаржы ұйымының қызметiне байланысты құжаттарды сақтау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
24-бап. Микрокредиттер беру жөнiндегi қызметке және шындыққа сай келмейтiн жарнамаға тыйым салу
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер, ломбардтар ретiнде тiркелмеген заңды тұлғалардың микрокредиттер беру жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға құқығы жоқ.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Микроқаржы ұйымдарына:
1) өздерiнiң қызметі туралы жарнаманы жариялау күніне шындыққа сәйкес келмейтін жарнама жасауға;
2) Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасына сәйкес келмейтін шарттарда микрокредит ұсынумен байланысты жарнама жасауға тыйым салынады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Уәкілетті орган микроқаржы ұйымынан шындыққа сәйкес келмейтін жарнамаға өзгерістер енгізуді, оны тоқтатуды немесе оны теріске шығару туралы жариялауды талап етуге құқылы.
Осы талап уәкілетті орган белгілеген мерзімде орындалмаған жағдайда, уәкілетті орган жарнамадағы мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтіні туралы ақпаратты жариялауға не осындай жарнаманы жариялаған микроқаржы ұйымы есебінен оларды нақтылауға құқылы.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы жоқ заңды тұлғалардың микроқаржылық қызмет санатына жататын, жүзеге асырылатын қызмет көрсетулерді жарнамалауына тыйым салынады.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 25-бап жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
25-бап. Микроқаржы ұйымдарын қайта ұйымдастыру және тарату
1. Микроқаржы ұйымдарын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында қайта ұйымдастыру осы Заңда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
2. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру (бұдан әрі - микроқаржы ұйымын банкке айналдыру) деп осы Заңда және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес банк мәртебесін алу және қызметті жүзеге асыру мақсатында микроқаржы ұйымының қызметін өзгертуге бағытталған іс-шаралар кешені түсініледі.
Акционерлік қоғам нысанында қызметін жүзеге асыратын микроқаржы ұйымдары ғана микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға жатады.
Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нәтижесінде құрылған банк оның барлық құқықтары (талаптары) мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болып табылады.
3. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру шеңберінде микроқаржы ұйымын банк етіп мемлекеттік қайта тіркеуді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға уәкілетті органның рұқсаты және микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуы туралы ол мақұлдаған есеп негізінде жүзеге асырады.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 25-1-баппен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
25-1-бап. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға уәкілетті органның рұқсаты
1. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру уәкілетті органның рұқсатымен микроқаржы ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Уәкілетті орган микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға рұқсат беру туралы өтінішті уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген құжаттар берілген күннен бастап алпыс бес жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру тәртібі, сондай-ақ микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға уәкілетті органның рұқсатын беру үшін қажетті құжаттардың тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Уәкілетті орган микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға рұқсат берумен бір мезгілде «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-1 және 17-1-баптарында көзделген тәртіппен рұқсат және келісім береді.
2. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға рұқсаттың уәкілетті орган банкке банк операцияларын жүргізуге лицензия беру туралы шешім қабылдағанға дейін заңды күші болады.
3. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға берілген рұқсаттың мынадай:
1) микроқаржы ұйымы өзге нысанда қайта ұйымдастыру немесе тарату арқылы өз қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдаған;
2) сот микроқаржы ұйымының қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған;
3) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабында көзделген тәртіппен банк операцияларын немесе өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алынбаған жағдайларда күші жойылды деп есептеледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-1 және 17-1-баптарында көзделген тәртіппен бұрын берілген рұқсат беру құжаттарының күші жойылды деп есептеледі.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 25-2-баппен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
25-2-бап. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға рұқсат беруден бас тарту негіздері
1. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға рұқсат беруден бас тарту мынадай негіздердің кез келгені бойынша жүргізіледі:
1) банк атауының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының талаптарына сәйкес келмеуі;
2) микроқаржы ұйымы акционерлерінің қаржылық жағдайының орнықсыздығы.
Қаржылық жағдайдың орнықсыздығы деп «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-1-бабының 10-тармағында белгіленген белгілердің болуы түсініледі;