73. Егер ұйым активтің алдыңғы кезеңдердегіден айырмашылығы бар ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірлікке тиесілі екенін немесе ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірлікпен біріктірілген активтер тұрпаттарының өзгергенін анықтаса, онда 130-тармақ, егер бірлікке қатысты құнсызданудан болатын шығын танылған немесе қайта топтастырылған жағдайда, осы қозғалысқа келтіретін бірлікке қатысты ақпаратты ашып көрсетуді талап етеді.
Қозғалысқа келтіретін бірліктің қаржылық жағдай туралы есептік құны мен өтеу сомасы
74. Ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірліктің өтелетін сомасы сатуға және пайдалану құндылығына шыққан шығындар шегерілген оның әділ құнынан алынған үлкен мәніне тең болады. Ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірліктің өтелетін сомасын анықтау үшін 19-57-тармақтардағы «активке» барлық сілтемелерді «ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірлікке» сілтеме ретінде оқыған жөн.
75. Ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірліктің қаржылық жағдай туралы есептік құны қозғалысқа келтіретін бірліктің өтелетін сомасын анықтау тәсіліне сәйкес анықталуы тиіс.
76. Ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірліктің қаржылық жағдай туралы есептік құны:
(а) ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірлікке негізделіп және жүйелі негізде тікелей жатқызылуы немесе бөлінуі және ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірлікті пайдалану құндылығын анықтауға қатысатын ақшалай қаражаттардың болашақ түсімдерін өндіретін активтердің ғана қаржылық жағдай туралы есептік құнын қамтиды; және
(b) ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірліктің өтелетін сомасы, осы міндеттемені есепке алмай анықтау мүмкін болмайтын жағдайларды қоспағанда, кез келген танылған міндеттеменің қаржылық жағдай туралы есептік құнын қамтымайды.
Бұл ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірліктің сатуға және пайдалану құндылығына шыққан шығындар шегерілген әділ құны ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірлікке кірмеген активтерге және танылған міндеттемелерге қатысты ақшалай қаражаттардың ағындары ескерілмей анықталатынына байланысты (28 және 43-тармақтарды қараңыз).
77. Активтер өтелетіндігін бағалау үшін топтастырылған кезде, ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірлікке ақшалай қаражаттардың тиісті түсімдерін өндіретін және өндіру үшін пайдаланылатын барлық активтің кіруі маңызды. Олай болмаған жағдайда іс жүзінде құнсызданудан шығындар орын алып отырған кезде, ақша қаражатын қозғалысқа келтірілетін бірлік толық өтелетіндей болып көрінуі мүмкін. Кейбір активтер қозғалысқа келтіретін бірліктің ақшалай қаражаттарының болашақ ағындарын құруға қатысып отырған кезде, кейбір жағдайларда олар негізді және жүйелі түрде осы бірлікке жатқызыла алмайды. Ондай жағдай гудвиллге немесе бас кеңсенің активтері сияқты корпорациялық активтерге қатысты орын алуы мүмкін. 80-103-тармақтарда ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірліктің құнсыздану мәніне сынақтаған кезде бұл активтер қалай есепке алынатыны түсіндіріледі.
78. Ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірліктің өтелетін сомасын анықтау үшін белгілі бір танылатын міндеттемелерді қарау қажеттілігі болуы мүмкін. Бұл, егер ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірлікті шығару сатып алушыдан өзіне міндеттеме қабылдауды талап еткен жағдайда болуы мүмкін. Бұл жағдайда ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірліктің сатуға шыққан шығындар шегерілген әділ құны (немесе түпкілікті шығарудан ақшалай қаражаттардың бағалау ағыны) шығару шығындары шегеріле отырып, міндеттемемен бірге ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін осы бірліктің активтерге арналған бағалаушы сату құнын қамтиды. Ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірліктің қаржылық жағдай туралы есептік құны мен оның өтелетін өлшемінің арасында мәнді салыстыру жүргізу үшін міндеттеменің қаржылық жағдай туралы есептік құны ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірліктің пайдалану құнын да, сол сияқты оның қаржылық жағдай туралы есептік құнын да анықтаған кезде шегеріледі.
Мысал |
Ұйым шахтаны қазу аяқталғаннан кейін меншік иесінен жер учаскесін қалпына келтіруді заңнама талап ететін елдегі шахтаны пайдаланады. Қалпына келтіру құны шахта қазуды бастау алдында алып тасталатын жер қыртысын орнына қайтаруды қамтиды. Жер қыртысын қайтару жөніндегі шығындарды жабуға арналған бағалау міндеттемесі олар алынып тасталғаннан кейін дереу танылады. Резерв сомасы шахтаның бастапқы құнының бір бөлігі ретінде танылған және шахтаның пайдалы қызмет мерзімі бойы амортизацияланды. Қалпына келтіру жөніндегі шығындарды жабуға арналған бағалау міндеттемелерінің қаржылық жағдай туралы есептік құны 500 а.б.-ке(а) тең, бұл қалпына келтіру шығындарының дисконтталған құнына барабар. |
Ұйым шахтаны құнсыздануға тексереді. Тұтас алғанда шахтаның өзі шахта үшін ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірлік болып табылады. Ұйым шахтаны 800 а.б.-ке жуық баға бойынша сату жөнінде әр түрлі ұсыныстар алды. Бұл баға сатып алушының жер қыртысын қалпына келтіруді қамтамасыз етуге міндеттенетінін білдіреді. Шахта үшін шығару шығындары шамалы болып табылады. Шахтаны пайдалану құндылығы қалпына келтіру шығындарын есепке алмағанда шамамен 1, 200 а.б.-ке тең болады. Шахтаның қаржылық жағдай туралы есептік құны 1, 000 а.б.-ті құрайды. |
Ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірліктің әділ құны 800 а.б.-ке тең. Бұл сомада резервте көзделген қалпына келтіру шығындары ескеріледі. Осының салдары ретінде ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірлікті пайдалану құндылығы қалпына келтіру шығындары есепке алынғаннан кейін анықталады және 700 а.б.-ке (1,200 а.б. алу 500 а.б.) тең болып бағаланады. Ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірліктің қаржылық жағдай туралы есептік құны 500 а.б.-ке тең, бұл шахтаның қалпына келтіру жөніндегі шығындарын жабуға арналған бағалау міндеттемелерінің қаржылық жағдай туралы есептік құнын (500 а.б.) шегергендегі қаржылық жағдай туралы есептік құнын (1, 000 а.б.) құрайды. |
(a) Осы Стандартта ақшалай сомалар ақша бірлігі (а.б.) ретінде беріледі '. |
79. Нақты пайымдаулар бойынша, ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірліктің өтелетін сомасы кейде ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірліктің бір бөлігі болып табылмайтын активтерді (мысалы, дебиторлық берешек немесе басқа қаржылық активтер), немесе танылған міндеттемелерді (мысалы, кредиторлық берешек, зейнетақы немесе басқа бағалау міндеттемелері) есепке алғаннан кейін анықталады. Мұндай жағдайларда ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірліктің қаржылық жағдай туралы есептік құны осы активтердің қаржылық жағдай туралы есептік құнына ұлғайтылады және осы міндеттемелердің қаржылық жағдай туралы есептік құнына азайтылады.
Гудвилл
Гудвиллды қозгалысқа келтіретін бірліктерге бөлу
80. Құнсыздану мәнін сынақтау мақсатында, ұйымдар біріккен кезде сатып алынған гудвилл сатып алынған күннен бастап әрбір қозғалысқа келтіретін бірлікке немесе сатып алушы ұйымның қозғалысқа келтіретін тобына бөлінуі тиіс, оларды пайдалану тиімділігі, осы бірліктерге немесе бірліктер топтарына сатып алатын тараптың активтері немесе міндеттемелері берілетініне немесе берілмейтініне қарамастан, бұл бірігудің синергетикалық әсерінің салдары ретінде арттырылатындығынан күтілетін болып табылады. Жоғарыда сипатталғандай, гудвилл бөлінетін әрбір бірлік немесе бірліктер тобы:
(а) ішкі басқару қажеттіліктері үшін ұйымның гудвилл мониторингі жүзеге асырылатын ең төменгі деңгейін көрсетуі тиіс; және
(b) 8 Операциялық бөлімдер ХҚЕС-ның (IFRS) 5 -тармағында анықталғандай біріккенге дейін операциялық бөліктен үлкен болмауы тиіс.
81. Ұйымдардың бірігуінде танылған гудвилл ұйымдардың бірігуі нәтижесінде сатып алынған жеке бірегейлене және бөлек таныла алмайтын басқа активтерінен туындайтын болашақ экономикалық пайдаларды көрсететін актив болып табылады. Гудвилл ақшалай қаражаттар ағындарын басқа активтерден немесе активтер топтарынан бөлек жүргізбейді, бірақ көп жағдайларда көптеген қозғалысқа келтіретін бірліктермен ақшалай ағындарды құруға қатысады. Кейбір жағдайларда гудвилл, өз бетімен жасалғандардан басқа, қозғалысқа келтіретін жеке бірліктерге бөліне алмайды, және сондықтан қозғалысқа келтіретін бірліктер топтарына ғана бөлінуі тиіс. Нәтижесінде, ішкі басшылық қажеттері үшін гудвилл мониторингі жүзеге асырылатын ұйымның ең төменгі ішкі деңгейі кейде құрамына гудвилл жататын, бірақ оларға бөліне алмайтын қозғалысқа келтіретін бірліктердің қалың тобын қамтиды. 83-99-тармақтардағы және С Қосымшасындағы гудвилл қолданылатын қозғалысқа келтіретін бірліктерге сілтемелерді гудвилл бөлінетін қозғалысқа келтіретін бірліктер тобына да сілтемелер ретінде оқу керек.
82. 80-тармақтың талаптарын қолданған ретте, гудвиллді құнсыздану мәніне сынақтау ұйымның өз қызметін қалай басқаратынын және гудвилл онымен табиғи түрде қалай қауымдасатынын көрсететін деңгейде жасалады. Тиісінше, есептіліктің қосымша жүйелерін қалыптастыруда, әдетте, қажеттілік туындамайды.
83. Құнсыздануға сынақтау мақсаттарында гудвилл бөлінетін қозғалысқа келтіретін бірлік 21 Валюталық багам өзгерісінің әсері ХҚЕС-ына (IAS) сәйкес шетелдік валютамен операциялар бойынша пайдалар мен шығындарды анықтау мақсаттарында гудвилл бөлінетін деңгеймен сәйкес келмеуі мүмкін. Мысалы, егер ұйым 21 ХҚЕС-ының (IAS) талаптарын орындай отырып, сәйкес шетелдік валютамен операциялар бойынша пайдалар мен шығындарды анықтау мақсаттарында гудвиллді едәуір төмен деңгейде бөлуі тиіс болса, онда осы гудвиллді тап сондай деңгейде құнсыздануға сынақтау талап етілмейді, бұған ішкі басшылықтың қажеттері үшін ұйым гудвиллге тап сол деңгейде мониторингті жүзеге асыратын жағдайлар кірмейді.
84. Егер ұйымдар біріккен кезде сатып алынған гудвиллді бастапқы бөлуді ондай бірігу жасалған жылдық кезеңнің соңына дейін аяқтау мүмкін болмаса, онда осы бастапқы бөлу сатып алынған күннен кейін басталған бірінші жылдық кезеңнің соңына дейін жүзеге асырылуы тиіс.
85. 3 Бизнес бірлестіктері ХҚЕС-на (IFRS) сәйкес, егер ұйымдар біріккен кезеңнің соңына қарай бұл бірлестікті бастапқы есепке алу алдын-ала жүргізілуі мүмкін болса, сатып алушы-ұйым:
(а) осы алдын-ала мәндерді пайдалана отырып, аталған бірігуді есепте көрсетеді; және
(b) сатып алынған күннен бастап он екі айдың ішінде аяқталған бастапқы есептің нәтижелері бойынша осындай алдын-ала мәндердің кез келген түзетулерін таниды.
Ондай жағдайларда, бәлкім, осы бірігу жасалған жылдық кезеңнің соңына дейін ұйымдар біріккен кезде танылған гудвиллді бастапқы бөлуді аяқтау мүмкін болмас. Бұл жағдайда ұйым 133-тармақтың талаптарына сәйкес ақпаратты ашып көрсетеді.
86. Егер гудвилл қозғалысқа келтіретін бірлікке бөлінген болса, және ұйым осы бірліктің құрамындағы қызметтің бір түрін сатса, онда осы шығып қалған қызмет түріне байланысты гудвилл:
(а) шығып қалудан пайданы немесе шығынды анықтаған кезде осы қызмет түрінің қаржылық жағдай туралы есептік құнына енгізілуге; және
(b) шығып қалған қызмет түрі құнының және қозғалысқа келтіретін бірліктің ұйым өзінде сақтап қалған бөлігі құнының салыстырмалы мәндері негізінде бағалануы тиіс, бұған ұйым шығып қалған қызмет түріне байланысты гудвиллді жақсырақ көрсететін басқа әдіс бар екендігін көрсетуі мүмкін жағдайлар кірмейді.
Мысал |
Ұйым гудвилл бөлінген қозғалысқа келтіретін бірліктің құрамындағы қызмет түрін 100 а.б.-ке сатады. Осы бірлікке бөлінген гудвиллді өз бетінше болмаса, басқаша бірегейлендіруге немесе бұл бірлікке қарағанда неғұрлым төмен деңгейдегі активтер тобымен байланыстыруға болмайды. Сатушы-ұйымның қозғалысқа келтіретін бірліктің бөлігінде сақталған өтелетін сомасы 300 а.б. құрайды. |
Қозғалысқа келтіретін бірлікке бөлінген гудвиллді өз бетінше болмаса, басқаша бірегейлендіруге немесе бұл бірлікке қарағанда неғұрлым төмен деңгейдегі активтер тобымен байланыстыруға болмайтындықтан, шығып қалған қызмет түрімен ұқсастырған гудвилл шығып қалған қызмет түрі құнының және қозғалысқа келтіретін бірліктің сақталған бөлігінің салыстырмалы мәндері негізінде анықталады. Тиісінше, осы қозғалысқа келтіретін бірлікке бөлінген гудвиллдің 25 пайызы сатылған қызмет түрінің қаржылық жағдай туралы есептік құнына қосылады. |
87. Егер ұйым өз есептілігін ол гудвилл бөлінген бір немесе бірнеше қозғалысқа келтіретін бірліктердің құрамын ауыстыратындай етіп бөлсе, онда бұл гудвилл осы өзгерістерге қатысты бірліктерге бөлінуі тиіс. Ондай қайта бөлуді ұйым қозғалысқа келтіретін бірліктің құрамындағы қызмет түрін сатқан кезде пайдаланылатын тәсілдеме сияқты салыстырмалы мәннің негізіндегі тәсілдемені пайдалана отырып жүргізу керек, бұған осы ұйым қайта құрылымдалған бірліктермен ұқсастырған гудвиллді жақсырақ көрсететін басқа әдіс бар екендігін көрсете алатын жағдай кірмейді.
Мысал |
Гудвилл бұрын А қозғалысқа келтіретін бірлікке бөлінген болатын. А бірлікке бөлінген гудвиллді өз бетінше болмаса, басқаша бірегейлендіруге немесе А бірлікке қарағанда неғұрлым төмен деңгейдегі активтер тобымен ұқсастыруға болмайды. А бірлік басқа үш қозғалысқа келтіретін: B, C және D бірліктерге бөлінуге және кіріктірілуі тиіс. А бірлікке бөлінген гудвиллді өз бетінше болмаса, басқаша бірегейлендіруге немесе А бірлікке цараганда негүрлым төмен деңгейдегі активтер тобымен щсастыруга болмайтындықтан, ол осы бөліктер B, C және D бірліктерге кіріктірілгенге дейін А бірлігінің осы үш бөлігінің салыстырмалы мәндерінің негізінде B, C және D бірліктеріне қайта бөлінеді. |
Гудвиллі бар қозгалысқа келтіретін бірліктерді құнсыздану мәніне сынақтау
88. 81-тармақта айтылғандай, гудвилл қозғалысқа келтіретін бірлікке жатқызылған, бірақ оған бөлінбеген кезде, бұл бірлік оның мүмкін болатын құнсыздануының кез келген белгісі болған жағдайда, гудвилл есепке алынбай, оның қаржылық жағдай туралы есептік құнын оның өтелетін сомасымен салыстыру арқылы құнсыздануға сынақталуы тиіс. Құнсызданудан болған кез келген шығын 104-тармаққа сәйкес танылуы тиіс.
89. Егер 88-тармақта сипатталған қозғалысқа келтіретін бірліктің қаржылық жағдай туралы есептік құны шектеусіз пайдалы қызмет мерзімі бар немесе әлі пайдалануға келмейтін материалдық емес активті қамтитын болса, және мұндай актив құнсыздануға қозғалысқа келтіретін бірліктің құрамында ғана сынақтала алатын болса, онда 10-тармақтың талабына сәйкес, ондай бірлік жыл сайынғы негізде сынақталуға жатқызылады.
90. Гудвилл бөлінген қозғалысқа келтіретін бірлік құнсыздануға жыл сайын сынақталуы тиіс, ал бұл бірліктің құнсыздану белгісі пайда болған кезде гудвилл есепке алынбай, оның қаржылық жағдай туралы есептік құнын оның өтелетін сомасымен салыстыру арқылы құнсыздануға сынақталуы тиіс. Егер бірліктің өтелетін сомасы оның қаржылық жағдай туралы есептік құнынан асатын болса, онда ол бірлікті, оған бөлінген гудвилл сияқты құнсызданбаған деп есептеу керек. Ал егер бірліктің қаржылық жағдай туралы есептік құны оның өтелетін сомасынан асатын болса, онда ұйым құнсызданудан болған шығынды 104-тармаққа сәйкес тануға міндетті.
91. −
95. [Жойылған]
Құнсыздану мәніне тексеріс жасау мерзімі
96. Гудвилл бөлінген қозғалысқа келтіретін бірліктің құнсыздану әрекетін жыл сайынғы сынақтауды, ондай жыл сайынғы сынақтау алдағы уақытта ылғи бір мезгілде жүргізілетін жағдайда, жылдық кезеңнің ішінде кез келген уақытта жүргізуге болады. Қозғалысқа келтіретін әртүрлі бірліктер құнсыздануға әртүрлі уақытта сынақталуы мүмкін. Бірақ, егер қозғалысқа келтіретін бірлікке бөлінген гудвилл ағымдағы жылдық кезеңнің ішінде ұйымдар біріктірілген кезде ішінара немесе толық сатып алынған болса, ондай қозғалысқа келтіретін бірлік осы ағымдағы жылдық кезең аяқталғанға дейін құнсыздануға сынақталуы тиіс.
97. Егер гудвилл бөлінген қозғалысқа келтіретін бірлікті құрайтын активтер өзінде гудвилл жасалған бірлік сияқты тап сол уақытта құнсыздануға сынақталатын болса, онда олар өзінде гудвилл жасалған бірліктен бұрын құнсыздануға сынақталуы тиіс. Сол сияқты, егер гудвилл бөлінген қозғалысқа келтіретін бірліктер тобын құрайтын қозғалысқа келтіретін бірліктер өзінде гудвилл жасалған бірліктер тобы сияқты тап сол уақытта құнсыздануға сынақталатын болса, онда жекелеген бірліктер өзінде гудвилл жасалған бірліктер тобынан бұрын құнсыздануға сынақталуы тиіс.
98. Гудвилл бөлінген қозғалысқа келтіретін бірлікті сынақтау кезінде өзінде гудвилл жасалған бірліктің құрамындағы сол немесе басқа активтің құнсыздану белгісі пайда болуы мүмкін. Ондай жағдайларда ұйым бұл активті бірінші кезекте сынақтайды және өзінде гудвилл жасалған қозғалысқа келтіретін бірлікке қатысты құнсыздануға сынақтау өткізілгенге дейін ол бойынша құнсызданудан болған кез келген шығынды таниды. Сол сияқты, өзінде гудвилл жасалған бірліктер тобының құрамындағы қозғалысқа келтіретін бірліктің құнсыздану белгісі пайда болуы мүмкін. Ондай жағдайларда ұйым тап осы қозғалысқа келтіретін бірлікті құнсыздануға бірінші кезекте сынақтайды және өзінде гудвилл бөлінген қозғалысқа келтіретін бірліктер тобына қатысты құнсыздануға сынақтау өткізілгенге дейін осы бірлік бойынша құнсызданудан болған кез келген шығынды таниды.
99. Гудвилл бөлінген қозғалысқа келтіретін бірліктің өтелетін сомасына қатысты алдыңғы кезеңде жүргізілген ең соңғы егжей-тегжейлі есептеулердің нәтижесі мынадай өлшемдер қанағаттандырылатын жағдайда осы бірлікті құнсыздануға сынақтаған кезде пайдаланылуы мүмкін:
(а) осы бірлікті құрайтын активтер мен міндеттемелер өтелетін сома ең соңғы есептелген кезден бастап елеулі өзгерістерге ұшырамаған;
(b) өтелетін соманы ең соңғы есептеу нәтижесінде осы бірліктің қаржылық жағдай туралы есептік құнынан едәуір асатын сома алынған; және
(c) өтелетін сома ең соңғы есептелген кезден бастап болған оқиғаларды және өзгерген мән-жайларды талдау ағымдағы кезге анықталған өтелетін соманың қозғалысқа келтіретін бірліктің қаржылық жағдай туралы есептік құнынан аз болуы неғайбіл екендігін дәлелдейді.
Корпорациялық активтер
100. Корпорациялық активтер штаб-пәтер үйі немесе ұйымның бөлімшелері, электронды-есептеу техникасы немесе зерттеу орталығы сияқты топтардың немесе бөлімшелердің активтерін қамтиды. Ұйымның құрылымы активтің ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін нақты бірлікке қатысты осы Стандартта корпорациялық активтерге берілген анықтаманы қанағаттандыратынын не қанағаттандырмайтынын анықтайды. Корпорациялық активтердің басты сипаттамалары олардың, басқа активтерге немесе активтер топтарына қарамастан, ақшалай қаражаттар ағындарын қамтамасыз етуге қабілетсіздігі және олардың қаржылық жағдай туралы есептік құны қаралып отырған қозғалысқа келтіретін бірлікке толық жатқызылуы мүмкін еместігі болып табылады.
101. Корпорациялық активтер ақшалай қаражаттардың жекелеген түсімдерін қамтамасыз етпейтіндіктен, егер ұйымның басшылығы осы активті пайдаланудан шығару туралы шешім қабылдамаса ғана, жеке корпорациялық активтің өтелетін сомасы анықтала алмайды. Тиісінше, егер корпорациялық активтің мүмкін болатын құнсыздану белгісі анықталса, онда ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірлік немесе осы актив тиесілі қозғалысқа келтіретін бірліктер тобы үшін өтелетін сома анықталады, одан кейін ол қозғалысқа келтіретін осы бірліктің немесе қозғалысқа келтіретін бірлік тобының қаржылық жағдай туралы есептік құнымен салыстырылады. Құнсызданудан болған кез келген шығын 104-тармаққа сәйкес танылуы тиіс.
102. Ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірлікті құнсыздануына сынақтау кезінде ұйым қаралып отырған қозғалысқа келтіретін бірлікке жататын корпорациялық активтердің барлығын бірегейлендіруге міндетті. Егер корпорациялық активтің қаржылық жағдай туралы есептік құнының бір бөлігі:
(a) негізді және жүйелі түрде осы бірлікке бөлінуі мүмкін болса, онда ұйым корпорациялық активтің қаржылық жағдай туралы есептік құнының осы бірлікке бөлінген бөлігін қоса, осы бірліктің қаржылық жағдай туралы есептік құнын, оның өтелетін сомасымен салыстыруға міндетті.
Құнсызданудан болған кез келген шығын 104-тармаққа сәйкес танылуы тиіс;
(b) негізді және жүйелі түрде осы бірлікке бөлінуі мүмкін болмаса, ұйым:
(i) осы бірліктің қаржылық жағдай туралы есептік құнын, корпорациялық активті есепке алмай, оның өтелетін сомасымен салыстыруға және құнсызданудан болған кез келген шығынды 104- тармаққа сәйкес тануға;
(ii) қаралып отырған бірлік құрамына кіретін және корпорациялық активтің қаржылық жағдай туралы есептік құнының бір бөлігі негізді және жүйелі түрде бөлінуі мүмкін қозғалысқа келтіретін бірліктердің ең шағын тобын бірегейлендіруге; және
(ііі) корпорациялық активтің қаржылық жағдай туралы есептік құнының бірліктің осы тобына бөлінген бөлігін қоса, қозғалысқа келтіретін бірліктің осы тобының қаржылық жағдай туралы есептік құнын осы топтың өтелетін сомасымен салыстыруға міндетті. Құнсызданудан болған кез келген шығынды 104-тармаққа сәйкес танылуы тиіс.
103. Көрнекі 8-мысал осы талаптарды корпорациялық активтерге қалай қолданған жөн екендігін көрсетеді.
Қозғалысқа келтіретін бірліктердің құнсыздануынан болған залал
104. Құнсызданудан болған залал ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірлікке қатысты (гудвилл немесе корпорациялық актив бөлінген қозғалысқа келтіретін бірліктердің ең шағын тобы), егер де осы бірліктің (бірліктер тобының) өтелетін сомасы осы бірліктің (бірліктер тобының) қаржылық жағдай туралы есептік құнынан аз болса ғана, танылуы тиіс. Бірлік (бірлік топтары) активтерінің қаржылық жағдай туралы есептік құнын азайту үшін құнсызданудан болған залал былайша бөлінуі тиіс:
(а) алдымен ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін осы бірлікке (бірліктер тобына) бөлінген кез келген гудвиллдің қаржылық жағдай туралы есептік құнын азайту үшін; және
(b) одан кейін бірліктің (бірліктер тобының) құрамындағы әрбір активтің қаржылық жағдай туралы есептік құнына тепе-тең етіп бірліктің (бірліктер тобының) басқа да активтеріне.
Қаржылық жағдай туралы есептік құнды осы азайтулар жекелеген активтер бойынша құнсызданудан болған залалдар ретінде ескерілуге және 60-тармаққа сәйкес танылуы тиіс.
105. 104-тармаққа сәйкес құнсызданудан болған шығынды бөлу кезінде, ұйым активтің қаржылық жағдай туралы есептік құнын мыналардың:
(а) сатуға шыққан шығындар шегерілген оның әділ құнының (егер ол анықтауға келсе);
(b) оның пайдалану құндылығының (егер ол анықтауға келсе); және
(c) нөлдің ең көп мәнінен төмен азайтуға құқылы емес.
Олай болмаған жағдайда активке жатқызылатын құнсызданудан болған шығынның өлшемі бірліктің (бірліктер тобының) құрамындағы басқа активтерге тепе-тең негізде бөлінуі тиіс.
106. Егер ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірліктің әрбір жеке активінің өтелетін сомасын бағалау мүмкін болмаса, онда, осы Стандартқа сәйкес, қозғалысқа келтіретін бірліктің барлық активтері бірге жұмыс істейтіндіктен, осы бірліктің гудвиллден өзгеше активтерінің арасында құнсызданудан болған шығынды еркін бөлу қажет.
107. Егер жеке активтің өтелетін сомасын анықтау мүмкін болмаса (67-тармақты қараңыз):
(а) актив үшін, егер оның қаржылық жағдай туралы есептік құны сатуға шыққан шығындар шегерілген оның әділ құны және 104 және 105-тармақтарда сипатталған бөлу рәсімдері нәтижелері мәндерінің ең көбінен асатын болса, құнсызданудан болған шығын танылады; және
(b) актив үшін, егер ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін тиісті бірліктің құны азаймаса, құнсызданудан болған ешқандай шығын танылмайды. Бұл ереже, тіпті егер сатуға шыққан шығындар шегерілген активтің әділ құны оның қаржылық жағдай туралы есептік құнынан аз болған кезде де қолданылады.