Құнсыздану залалын үлестіру
С5 104 тармақ кез-келген анықталған құнсыздану шығынын, үлестірілген гудвиллдің қаржылық жағдай туралы есептік құнын азайту үшін, бірінші ретте ақша қаражатын өндіретін активке, және сосын бірліктің басқа активтеріне пропорциялық түрде бірліктегі әрбір активтің қаржылық жағдай туралы есептік құны негізінде үлестіруді талап етеді.
С6 Егер бақыланбайтын пайызы бар еншілес ұйым, немесе еншілес ұйымның бөлігі үлкенірек ақша қаражатын өндіретін бірліктің бөлігі болса, құнсыздану шығыны бас ұйым мен бақыланбайтын пайыз арасында пайда немесе шығын үлестірілетін негізбен бірдей негізде үлестіріледі.
С7 Егер бақыланбайтын пайызы бар еншілес ұйым, немесе еншілес ұйымның бөлігі үлкенірек ақша қаражатын өндіретін бірліктің бөлігі болса, гудвиллдың құнсыздану шығыны ақша қаражатын өндіретін бірліктің бақыланбайтын пайызы бар бөліктеріне және пайызы жоқ бөліктеріне үлестіріледі. Құнсыздану шығындары ақша қаражатын өндіретін бірліктің бөліктеріне төмендегі негіздерде үлестірілуі тиіс:
(а) Құнсызданудың ақша қаражатын өндіретін бірліктегі гудвиллмен, бөліктердің құнсыздануға дейінгі гудвиллінің салыстырмалы қаржылық жағдай туралы есептік мәндерімен байланысты болу дәрежесіне қарай,
(b) Құнсызданудың ақша қаражатын өндіретін бірліктегі анықталатын активтермен, бөліктердің құнсыздануға дейінгі таза анықталатын активтердің салыстырмалы қаржылық жағдай туралы есептік мәндерімен байланысты болу дәрежесіне қарай. Кез-келген осындай құнсыздану әрбір бірліктің бөліктерінің активтеріне пропорциялық түрде бөліктегі әрбір активтің қаржылық жағдай туралы есептік құны негізінде үлестіріледі. Бақыланбайтын пайыздары бар бөліктерде, құнсыздану шығыны бас ұйым мен бақыланбайтын пайыз арасында пайда немесе шығын үлестірілетін негізбен бірдей негізде үлестіріледі.
С8 Егер бақыланбайтын пайызға жатқызылатын құнсыздану шығыны бас ұйымның шоғырландырылған қаржылық есептілігінде танылмайтын гудвиллмен (С4 тармағын қараңыз) байланысты болса, сол құнсыздану гудвиллдің құнсыздану шығыны ретінде танылмайды. Осындай жағдайларда, тек бас ұйымға үлестірілетін гудвиллмен байланысты құнсыздану шығыны ғана гудвиллдің құнсыздану шығыны ретінде танылады.
С9 7 көрнекі мысалда гудвиллы бар толығымен иеленбеген ақша қаражатын өндіретін бірлікті құнсыздануға сынау көрсетілген.
[1] Материалдық емес активтерді айтқанда «құнсыздану» орнына «амортизация» термині жалпы қолднылады. Екі терминнің мағынасы бірдей.
[2] Актив сатылу үшін ретінде сыныпталған кезде (сатылуға деп сыныпталып, жою тобына кіретін),
осы Стандарттың қодану аясына кірмейді және 5 ХҚЕС (IFRS) Сатуга арналган ұзақ мерзімді активтер және тоқтатылган қызмет бойынша есептілік тапсырылады.