33. Пайдалану құндылығын анықтау кезінде ұйым:
(а) басшылықтың активтің пайдалы қызметінің қалған мерзімі ішінде болатын экономикалық жағдайлар жиынына қатысты барынша жақсы бағалауын білдіретін ұйғарынның негізді және бекітілген дәлелдемелеріне сүйене отырып, ақшалай қаражаттар ағындарын болжауға міндетті. Сыртқы көздерден алынған деректерге үлкен мән берілуі тиіс;
(b) басшылық бекіткен ең соңғы қаржы сметаларына/болжамды бағалауларға сүйене отырып, бірақ, күтілуіне сәйкес, болашақ қайта құрылымдауға немесе активтің өнімділігін жақсарту немесе арттыру жөніндегі шараларға байланысты пайда болатын ақшалай қаражаттардың кез келген болашақ түсімдерін немесе жылыстауларын болғызбай, ақшалай қаражаттар ағындарын болжауға. Осы сметаларға/болжау бағаларына негізделген болжамдар, неғұрлым ұзақ кезең ақталатын жағдайларды қоспағанда, ең көп ұзақтығы бес жыл болатын кезеңді қамтуы тиіс;
(c) ең соңғы сметалармен/болжау бағаларымен қамтылған кезең шегінен тысқары шығарылатын ақшалай қаражаттар ағындарының болжамдары, көтеріліп келе жатқан өсу қарқыны ақталуы мүмкін болатын жағдайларды қоспағанда, келесі жылдарға арналған тұрақты немесе төмендейтін өсу қарқынының көмегімен, сметаларға/болжау бағаларына негізделген болжамдарды экстраполяциялау жолымен бағалануы тиіс. Неғұрлым жоғары қарқын ақталуы мүмкін болатын жағдайларды қоспағанда, осы өсу қарқыны тауарлар, салалар, ел немесе ұйым өз қызметін жүзеге асыратын елдер үшін немесе актив пайдаланылатын нарық үшін ұзақ мерзімі өсу қарқынынан аспауы тиіс.
34. Ұйым басшылығы ақшалай қаражаттар ағындарының ағымдағы болжаулары негізделген ұйғарынның негізділігін ақшалай қаражаттар ағындарының бұрынғы болжауларының ақшалай қаражаттардың нақты болжауларымен сәйкес келмейтінін білдіретін себептерді зерделеу арқылы бағалайды. Ұйым басшылығы ақшалай қаражаттар ағындарының ағымдағы болжаулары негізделген ұйғарынның негізділігін ақшалай қаражаттар ағындарының өткен кезеңдердегі нақты нәтижелермен сәйкес келуін, бұл ақшалай қаражаттардың осы нақты ағындары пайда болған кезде әлі жасалмаған одан арғы оқиғалардың немесе мән-жайлардың салдарларымен келісілген жағдайда, қамтамасыз етуі тиіс.
35. Ұзақтығы бес жылдан асатын кезеңдерге арналған ақшалай қаражаттардың болашақ ағындарының толық, анық және сенімді қаржылық сметалары/болжау бағалары, әдетте, жоқ. Сол себепті ұйым басшылығы ақшалай қаражаттардың болашақ ағындарын барынша ұзақтығы бес жыл болатын кезеңдерге арналған ең соңғы қаржылық сметаларға/болжау бағаларына сүйеніп алуға үміттенеді. Ұйым басшылығы, егер ол осы болжамдардың беріктігіне сенімді болса және өткен тәжірибеге сүйеніп, неғұрлым ұзақ уақыт кезеңдеріндегі ақшалай қаражаттардың ағындарын дұрыс болжауға өз мүмкіндігін көрсете алатын болса, ұзақтығы бес жылдан асатын кезеңнің қаржылық сметаларға/болжау бағаларына негізделген ақшалай қаражаттары ағындарының болжамдарын пайдалана алады.
36. Активтің пайдалы қызмет мерзімінің соңына дейінгі ақшалай қаражаттар ағындарының болжамдары келесі жылдар үшін өсу қарқындарын пайдаланатын қаржылық сметаларға/болжау бағаларына негізделген ақшалай қаражаттар болжамдарын сыртқа шығару арқылы бағаланады. Осы қарқын, егер өсу қарқыны өнімнің және саланың жұмыс істеу циклінің кестесі туралы шынайы ақпаратқа сәйкес келмесе ғана, орнықты немесе төмендеген болып табылады. Егер осы орынды болса, өсу қарқыны нөлге тең немесе оның теріс өлшемі болады.
37. Қолайлы жағдайлар болған кезде бәсекелестердің нарыққа еніп кету ықтималдығы болады, бұл өсуді шектейді. Сөйтіп, ұйым тауарлар, салалар немесе ел, немесе ұйым жұмыс істейтін елдер, немесе актив пайдаланылатын нарықтар үшін ұзақ кезең бойына (жиырма жыл делік) орташа тарихи өсу қарқынының артуында қиындықтарға тап болады.
38. Қаржылық сметалардан/болжау бағаларынан алынатын ақпаратты пайдалану кезінде ұйым осындай ақпарат негізді және расталатын ұсынысты көрсету-көрсетпеуін және активті пайдалы қызметтің қалған мерзімі ішінде болатын экономикалық жағдайлар жиынтығына қатысты басшылықтың ең жақсы бағалауын білдіру-білдірмеуін ескереді.
Ақшалай қаражаттардың болашақ ағындарын бағалау құрылымы
39. Ақшалай қаражаттардың болашақ ағындарын бағалау мыналарды қамтуы тиіс:
(а) активті одан әрі пайдаланудан ақшалай қаражаттар түсімдерінің болжамдары;
(b) активті одан әрі пайдаланудан ақшалай қаражаттардың түсімдерін қозғалысқа келтіру үшін міндетті түрде туындайтын және активке тікелей жатқызылуы немесе негізді және жүйелі түрде бөлінуі мүмкін ақшалай қаражаттар жылыстауының (активті пайдалануға даярлауға арналған ақшалай қаражаттардың жылыстауын қоса) болжамдары; және
(c) активтің пайдалы қызмет мерзімінің соңында жойған кезде алу (немесе төлеу) көзделіп отырған ақшалай қаражаттардың таза ағындары (егер осындайлар бар болса).
40. Ақшалай қаражаттардың болашақ ағындары және дисконт мөлшерлемесі жалпы инфляциядан туындаған бағалардың өсуіне қатысты жүйелі ұйғарындарды көрсетеді. Сөйтіп, егер дисконт мөлшерлемесі жалпы инфляциядан туындаған бағалардың өсу әсерін қамтитын болса, онда ақшалай қаражаттардың болашақ ағындары атаулы құнымен бағаланады. Егер дисконт мөлшерлемесі жалпы инфляциядан туындаған бағалардың өсу әсерін қамтымайтын болса, онда ақшалай қаражаттардың болашақ ағындары нақты көрсетумен бағаланады (бірақ бағалардың ерекше өсуі мен кемуін қамтиды).
41. Ақшалай қаражаттар ағындарының болжамдары активке күнделікті қызмет көрсетуге талап етілетін ақшалай қаражаттарды, сондай-ақ активті пайдалануға тікелей жатқызылуы немесе негізді және жүйелі түрде бөлінуі мүмкін болашақ үстеме шығыстарды қамтиды.
42. Активтің қаржылық жағдай туралы есептік құны актив пайдалануға немесе сатуға дайын болатын кезге дейін туындауы тиіс ақшалай қаражаттардың барлық ағындары әлі қамтылмаған кезде, ақшалай қаражаттардың болашақ ағындарын бағалау актив пайдалануға немесе сатуға дайын болатын кезге дейін туындауы көзделіп отырғандай, ақшалай қаражаттардың кез келген қосымша жылыстауын бағалауды қамтиды. Мысалы, бұл құрылысы жүріп жатқан үйге немесе аяқталмаған әзірлеу жобасына байланысты орын алады.
43. Қосарлап есептеуді болғызбау үшін ақшалай қаражаттардың болашақ ағындарын бағалау мыналарды қамтымайды:
(а) қаралып отырған активтен (мысалы, дебиторлық берешек сияқты қаржылық -активтер) ақшалай қаражаттар түсімдерінен көп дәрежеде тәуелсіз, ақшалай қаражаттар түсімдерін қозғалысқа келтіретін активтен ақшалай қаражаттардың түсуін; және
(b) міндеттеме ретінде танылған (мысалы, кредиторлық берешек, зейнетақылар немесе бағалау міндеттемелері) берешекке қатысты ақшалай қаражаттардың жылыстауын.
44. Ақшалай қаражаттардың болашақ ағындары актив үшін оның ағымдағы жағдайында бағалануы тиіс. Ақшалай қаражаттардың болашақ ағындарын бағалау төменде берілген жаңдайлардан туындауы күтілетін ақшалай қаражаттардың болашақ түсімі мен жылыстауын қамтымау керек:
(а) ұйым өзінің міндеттілігіне әлі алмаған ұйымның құрылымының келешектегі қайта құрылуы; немесе
(b) активтің пайдалану тиімділігін жақсартуды немесе арттыруды.
45. Ақшалай қаражаттардың болашақ ағындары актив үшін оның ағымдағы жай-күйіне қатысты бағаланатын болғандықтан, пайдалану құндылығы мыналарды көрсетпейді:
(а) ақшалай қаражаттардың болашақ жылыстауын немесе шығындарды тиісті үнемдеуді (мысалы, қызметкерлерге жұмсалатын шығындарды қысқарту) немесе туындауы ұйым әлі кіріспеген болашақ қайта құрылымдаудан күтілетін пайданы; немесе
(b) активтің өнімділігін жақсартатын немесе арттыратын ақшалай қаражаттардың болашақ жылыстауларын немесе осындай жылыстауларға байланысты туындауы күтілетін ақшалай қаражаттардың тиісті түсімдерін.
46. Қайта құрылымдау - бұл басшылық жоспарлайтын және бақылайтын және, не ұйымның қызмет саласын не іс жүргізу тәсілін елеулі түрде өзгертетін бағдарлама. 37 Міндеттемелер, шартты міндеттемелер және шартты активтер (IAS) ХҚЕС-ында ұйым қайта құрылымдауды қашан жүргізуі тиіс екендігін түсіндіретін ұсыныстар бар.
47. Ұйым қайта құрылымдауды бастаған кезде кейбір активтерге осы процесс зор қозғау салуы мүмкін. Қайта құрылымдау басталған кезден бастап:
(а) пайдалану құндылығын анықтау мақсаттарында ақшалай қаражаттардың болашақ түсімдері мен жылыстауларын ұйымның бағалауы шығындарды үнемдеуді және қайта құрылымдаудан болатын басқа да пайдаларды көрсетеді (басшылық бекіткен ең соңғы қаржылық сметалар/болжау бағалары негізінде); және
(b) қайта құрылымдауға арналған ақшалай қаражаттардың болашақ жылыстауларын оның бағалауы 37 ХҚЕС-ына (IAS) сәйкес қайта құрылымдау жөніндегі бағалау міндеттемесіне қосылады.
Көрсетілген 5-мысалда болашақ қайта құрылымдаудың пайдалану құндылығын есептеуге ықпалы көрсетілген.
48. Ұйымда активтің өнімділігін жақсартатын немесе арттыратын ақшалай қаражаттардың жылыстауы туындағанға дейін ақшалай қаражаттардың болашақ ағындарын бағалау ақшалай қаражаттардың жылыстауына байланысты туындауы экономикалық пайдалардың ұлғаюынан күтілетін ақшалай қаражаттардың болашақ есептік түсімдерін қамтымайды (Көрсетілген 6-мысалды қараңыз).
49. Ақшалай қаражаттардың болашақ ағындарын бағалау активтен оның ағымдағы жағдайында күтілетін экономикалық пайдалар деңгейін ұстап тұруға қажетті ақшалай қаражаттардың болашақ жылыстауларын қамтиды. Егер қозғалысқа келтіретін бірлік пайдалы қызметтің бағалау мерзімдері әртүрлі активтерден тұратын болса, және олардың барлығы осы бірліктің ағымдағы қызметі үшін маңызды болса, онда активтерді қызмет мерзімі неғұрлым қысқа активтермен ауыстыру осы бірлікке байланысты ақшалай қаражаттардың болашақ ағындарын бағалау контексінде осы бірліктерге күнделікті қызмет көрсетудің бір бөлігі ретінде қаралады. Осылайша, егер жеке алынған актив пайдалы қызметті бағалау мерзімі әр түрлі компоненттерден тұратын болса, онда қызмет мерзімі неғұрлым қысқа компоненттермен ауыстыру осы актив қозғалысқа келтіретін ақшалай қаражаттардың болашақ ағындарын бағалау контексінде күнделікті қызмет көрсетудің бір бөлігі ретінде қаралады.
50. Ақша қаражаттарының болашақ ағындарын бағалау төмендегі жағдайларды қамтымайды:
(а) қаржы қызметінен ақша қаражаттарының ағындарын (келетін және кететін); немесе
(b) кіріске салынатын салық немесе төлемдер.
51. Ақшалай қаражаттардың бағалаушы болашақ ағындары дисконттау мөлшерлемелерін анықтау тәсіліне сәйкес келетін ұйғарындарды көрсетеді. Олай болмаған жағдайда кейбір ұйғарындардың әсері екі рет есепке алынады немесе ескерілмейді. Ақшаның уақытша құны ақшалай қаражаттардың көзделген болашақ ағындарын дисконттау арқылы ескерілетін болғандықтан, ақшалай қаражаттардың бұл ағындары ақшалай қаражаттардың қаржы қызметінен түсімі мен жылыстауын қамтымайды. Тап осылайша, дисконт мөлшерлемесі салықтар шегерілгенге дейінгі соманың негізінде анықталатын болғандықтан, ақшалай қаражаттардың болашақ ағындары да сондай негізде бағаланады.
52. Активті оның пайдалы қызмет мерзімінің соңында жою кезінде алынуға (немесе төленуге) жататын ақшалай қаражаттардың таза ағындарының бағалау өлшемі ұйым жақсы хабардар, осындай мәмілені жасағысы келетін және бір-біріне тәуелді емес тараптардың арасында мәміле жасау кезінде, шығып қалу шығындарын шегере отырып, осы активті шығарудан алу күтіліп отырған сома болуы тиіс.
53. Активті оның пайдалы қызмет мерзімінің соңында жою кезінде алынуға (немесе төленуге) жататын ақшалай қаражаттардың таза ағындарының бағалау өлшемі де сату шығындары шегерілген әділ құн сияқты анықталады, бұған ақша қаражаттарының бұл таза ағындарын бағалау кезінде мыналар кірмейді:
(а) ұйым пайдалы қызмет мерзімінің соңында қол жеткен және осы актив пайдаланылатынға ұқсас жағдайларда пайдаланылған осындай активтер бағалау күні басым болатын бағаларды қолдану;
(b) ұйым бұл бағаларды жалпы инфляция салдарынан туындаған болашақ өсуі ретінде, сондай-ақ айрықша көтерілуі немесе төмендеуі ретінде де түзетеді. Алайда, егер ақшалай қаражаттардың активті пайдалануды жалғастыруы нәтижесінде туындайтын болашақ ағындарын бағалау және дисконт мөлшерлемесі жалпы инфляцияның әсер етуін ескермесе, бұл әсер ету активті шығарудан ақшалай қаражаттардың таза ағындарын бағалау кезінде де ескерілмейді.
53A Әділ құн пайдалану құнынан ерекшеленеді. Әділ құн нарық қатысушыларының активіті бағалау кезіндегі болжамдарын білдіреді. Ал пайдалану құны, керісінше, ұыймдарға емес, тұлғаларға әсер ететін факторларды білдіреді. Мысалы, әділ құн пайдаланушыларға тиімді төмендегі факторлардың ешбірін көрсетпейді:
(a) қосымша құн активтерді топтаудан туындайды (мысалы, әр түрлі жердегі инвестициялық объектілердің портфолиосы);
(b) бағаланған активтер мен басқа активтердің арасындағы синергия;
(c) активтің ағымдағы иесіне берілген заңнамалық құқықтар немесе заңнамалық шектеулер; және
(d) активтің ағымдағы иесіне берілген салық жеңілдіктері немесе салық ауртпалығы.
Шетел валютасындағы ақшалай қаражаттардың болашақ ағындары
54. Ақшалай қаражаттардың болашақ ағындары олар қозғалысқа келтірілетін валютада бағаланады, ал одан кейін осы валютаға сәйкес келетін дисконт мөлшерлемесінің көмегімен дисконтталады. Ұйым пайдалану құндылығын есептеу күнгі ағымдағы айырбастау бағамы бойынша дисконтталған құнды аударады.
Дисконттау мөлшерлемесі
55. Дисконт мөлшерлемесі (мөлшерлемелері) салық шегерілгенге дейінгі, мынадай ағымдағы нарықтық бағалауды көрсететін мөлшерлеме (мөлшерлемелер) болуы тиіс:
(a) ақшаның уақытша құнын; және
(b) болашақ ақшалай ағындарды бағалау кезінде түзету жасалмаған осы активке айрықша тән тәуекелдіктерді.
56. Ақшаның уақытша құнын және осы активке айрықша тән тәуекелдіктерді ағымдағы нарықтық бағалауды көрсететін мөлшерлеме, егер ұйым осы активтен алуды көздеп отырғандарға балама өлшемі, уақытша және тәуекелдік құрылымы бар ақшалай қаражаттардың қозғалысқа келтіретін инвестицияларын қалаған жағдайда инвесторлар талап ететін пайданың нормасына тең болады. Бұл мөлшерлеме осындай активтер үшін ағымдағы нарықтық операцияларда көзделген мөлшерлеменің негізінде немесе мүмкін болатын пайдалы қызмет мерзімдері және тәуекелдіктері бойынша осы активке ұқсас бір активі (немесе активтер қоржыны) бар баға белгілейтін ұйым капиталының орташа өлшенген құнының негізінде бағаланады. Алайда активті пайдалану құндылығын бағалау үшін пайдаланылатын дисконт мөлшерлемесі (мөлшерлемелері) ақшалай қаражаттардың болашақ ағындарын бағалау кезінде түзету жүргізілген тәуекелдіктерді көрсетпеуі тиіс. Олай болмаған жағдайда кейбір ұйғарымдардың әсері екі рет есептелетін болады.
57. Активке тән мөлшерлеме тікелей нарықта алынбайтын кезде, ұйым дисконт мөлшерлеме бағалау үшін алмастырғыштарды пайдаланады. А Қосымшада ондай жағдайларда дисконт мөлшерлемесін бағалау жөнінде қосымша ұсыныстар бар.
Құнсызданудан болған залалды тану және бағалау |
58. 59-64-тармақтарда, гудвиллден басқа, жекелеген активтердің құнсыздануынан болған залалдарды тануға және бағалауға қойылатын талаптар белгіленеді. Қозғалысқа келтіретін бірліктердің құнсыздануынан болған залалдарды тану және бағалау мәселелері 65-108-тармақтарда қаралады.
59. Егер активтің өтелетін сомасы оның қаржылық жағдай туралы есептік құнынан аз болған кезде ғана, қаржылық жағдай туралы есептік құн активтің өтелетін сомасына дейін азайтылуы тиіс. Бұл азайтылу құнсызданудан болған залал болып табылады.
60. Егер актив басқа Стандартқа сәйкес (мысалы, 16 Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар ХҚЕС-ына (IAS) сәйкес қайта бағалау үлгісі бойынша) қайта бағалану бойынша көрсетілмесе, құнсыздану залалы пайдалар мен залалдар туралы есептің өзінде танылуы тиіс. Қайта бағаланған актив бойынша құнсызданудан болған кез келген залал осындай басқа Стандартқа сәйкес қайта бағалаудан болған құнның азаюы ретінде есепке алынуы тиіс.
61. Қайта бағаланбаған актив бойынша құнсызданудан болған шығын пайдалар мен шығындар туралы есепте танылады. Алайда, қайта бағаланған актив бойынша құнсызданудан болған шығын, құнсызданудан болған шығын осы активті қайта бағалаудан болған кіріс өлшемінен аспаған дәрежесінде, басқа толық табыс арқылы танылады. Осындай бағаланбаған актив бойынша құнсызданудан болған шығын осы активті қайта бағалаудан болған кіріс өлшемін азайтады.
62. Құнсызданудан болған залалдың бағалау өлшемі ол жатқызылған активтің қаржылық жағдай туралы есептік құнынан көп болған кезде, егер мұны басқа Халықаралық қаржы есептілігі стандарты талап етсе ғана, ұйым міндеттемені тануы тиіс.
63. Құнсызданудан болған шығын танылғаннан кейін осы актив бойынша амортизациялық аударымдар активтің өзгертілген қаржылық жағдай туралы есептік құнын бөлу үшін, оның жою құнын шегере отырып (егер ондайлар бар болса), оның қалған пайдалы қызмет мерзімінің ішінде жүйелі негізде болашақ кезеңдерде түзетілуі тиіс.
64. Құнсызданудан болған шығындар танылған жағдайда, кейінге қалдырылған барлық салықтық активтер немесе міндеттемелер 12 Пайдага салынатын салықтар ХҚЕС-ына (IAS) сәйкес активтің өзгертілген қаржылық жағдай туралы есептік құнын оның салықтық базасымен салыстыру арқылы анықталады (Көрнекі 3-мысалды қараңыз).
Ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірліктер және гудвил |
65. 66-108-тармақтарда және С Қосымшасында ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін, актив тиесілі болатын бірлікті бірегейлендіруге, сондай-ақ қозғалысқа келтіретін бірліктердің және гудвиллдің қаржылық жағдай туралы есептік құнын анықтауға және олардың құнсыздануынан болған шығындарды тануға қойылатын талаптар белгіленеді.
Ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін, актив тиесілі болатын бірлікті бірегейлендіру
66. Егер актив құнсыздануының қандай да болсын белгісі бар болса, онда жеке алынған осы актив үшін өтелетін сома бағалануы тиіс. Егер жеке актив үшін өтелетін соманы бағалау мүмкін болмаса, онда ұйым ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін, актив тиесілі болатын бірліктің (осы активтің қозғалысқа келтіретін бірлігі) өтелетін сомасын анықтауға міндетті.
67. Жеке активтің өтелетін сомасы мынадай жағдайларда айқындала алмайды, егер:
(а) активті пайдалану құндылығы, сатуға шыққан шығын шегерілген оның әділ құнына мәні жағынан жуық ретінде бағалана алмаса (мысалы, ақшалай қаражаттардың болашақ ағындары активті одан әрі пайдаланудан шамалы ретінде бағалана алмаса); және
(b) активті одан әрі пайдаланудан басқа активтер жүргізген ақшалай ағындарға қатысты емес елеулі дәрежеде ақшалай қаражаттардың ағындарын қамтамасыз етпесе.
Ондай жағдайларда пайдалану құндылығы және, тиісінше, өтелетін сома осы активті қозғалысқа келтіретін бірлік үшін ғана анықталуы мүмкін.
Мысал |
Көмір ұйымы өзінің көмір өндіру қызметінде пайдаланылатын жеке теміржолды иеленген. Бұл жеке теміржол тек «металл сынығы құны» бойынша ғана сатылуы мүмкін, және ол шахтаның басқа активтері өндіретін ақшалай қаражаттардың ағындарына тәуелді болмайтын елеулі дәрежедегі ақшалай қаражаттардың ағындарын қамтамасыз етпейді. Осы жеке теміржол үшін өтелетін соманы багалау мүмкін емес, өйткені оның пайдалану құндылыгы анықталмайды және, бәлкім, оның «металл сыныгы құнынан» айырмашылыгы бар болар. Сөйтіп, үйым осы жеке теміржол, ягни түтас алганда көмір өндіру кешені жататын қозгалысқа келтіретін бірліктің өтелетін сомасын багалайды. |
68. 6-тармақтың анықтамасына сәйкес активтің қозғалысқа келтіретін бірлігі - бұл осы активті қамтитын, және оны пайдалануды жалғастырудан басқа активтер немесе активтер тобы өндіретін ақшалай қаражаттардың ағындарына елеулі дәрежеде тәуелді емес ақшалай қаражаттардың ағындарын қозғалысқа келтіретін активтердің ең шағын тобы. Активтің қозғалысқа келтіретін бірлігін бірегейлендіру білікті түрде пайымдауды талап етеді. Егер жеке актив үшін өтелетін соманы анықтау мүмкін болмаса, онда ұйым елеулі дәрежеде ақшалай қаражаттардың тәуелсіз ағындарын қозғалысқа келтіретін активтердің ең аз жиынтығын анықтайды.
Мысал |
Автобус ұйымы муниципалитетпен келісімшарт бойынша қызмет көрсетеді; ол бес жеке бағдардың әрқайсысында барынша аз қызмет көрсетуді талап етеді. Әрбір бағдарға арналған активтер және әрбір бағдардан алынатын ақшалай қаражаттардың ағындары жеке бірегейлендірілуі мүмкін. Бағдарлардың бірі едәуір шығынмен жұмыс істейді. Автобус багдарларының бір де бірін цысцартуга ұйымның мүмкіндігі болмагандықтан, басқа активтерден немесе активтер тобынан алынатын ақшалай қаражаттар агындарына елеулі дәрежеде тәуелді емес одан әрі пайдаланудан ақшалай қаражаттардың бірегейлендірілетін агындарын неғұрлым аз саны қоса алганда бес бағдар қозгалысқа келтіретін ақшалай қаражаттардың агыны болып табылады. Тұтас алганда автобус ұйымы бағдарлардың әрқайсысы үшін қозгалысқа келтіретін бірлік болып табылады. |
69. Ақшалай қаражаттардың түсімдері ұйымға ақшалай қаражаттардың және олардың баламаларының сыртқы тараптардан келіп түсуін білдіреді. Активтен (немесе активтер тобынан) ақшалай қаражаттардың түсімдері басқа активтер (немесе активтер тобы) өндіретін ақшалай қаражаттардың түсімдерінен елеулі дәрежеде тәуелсіз болу-болмауын анықтау кезінде ұйым әр түрлі факторларды, оның ішінде басшылық ұйымның қызметін қалай бақылайтынын (тауар желілері, қызмет бағыттары, жеке орналасқан жері, аудандар немесе аймақтық өңірлер бойынша), немесе басшылық активтер мен операцияларды пайдалануды жалғастыруға немесе тоқтатуға қатысты шешімдерді қалай қабылдайтынын назарға алады. Көрнекі 1-мысалда ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірлікті бірегейлендіру реттері көрсетілген.
70. Егер актив немесе активтер тобы шығаратын өнім үшін белсенді нарық бар болса, онда осы актив немесе активтер тобы, тіпті егер шығарылған өнім ішінара немесе толық ұйымның ішінде пайдаланылғанның өзінде, ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірлік ретінде бірегейлендірілуі тиіс. Егер актив немесе қозғалысқа келтіретін бірлік шығарған ақшалай қаражаттардың түсімдеріне фирма ішіндегі аудару бағалары әсер ететін болса, ұйым:
(a) активті немесе қозғалысқа келтіретін бірлікті пайдалану құндылығын анықтауға қатысатын ақшалай қаражаттардың болашақ түсімдерін; және
(b) фирма ішіндегі аудару бағалары кез келген басқа активтерді немесе қозғалысқа келтіретін бірліктерді пайдалану құндылығын анықтауға қатысатын ақшалай қаражаттардың болашақ жылыстауларын бағалау үшін бір-біріне тәуелді емес тараптардың арасында мәмілелер жасаған кезде өткізілуі мүмкін болатын болашақ бағаға (бағаларға) қатысты басшылықтың ең жақсы бағасын қолдануға міндетті.
71. Егер тіпті актив немесе активтер тобы шығарған өнімнің бір бөлігін немесе барлығын ұйымның басқа бөлімшелері пайдаланғанның өзінде (мысалы, өндірістік процестің аралық кезеңіндегі өнім), осы өнімді белсенді нарықта сатуға ұйымның мүмкіндігі бар болған жағдайда, осы актив немесе активтер тобы ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бөлек бірлікті қалыптастырады. Бұл осы актив немесе активтер тобы ақшалай қаражаттардың түсімдерін басқа активтер немесе активтер тобы шығаратын ақшалай қаражаттардың түсімдеріне едәуір дәрежеде тәуелсіз болатын пайдалануды жалғастыру есебінен қозғалысқа келтіре алатынымен түсіндіріледі. Осындай қозғалысқа келтіретін бірлікке немесе фирма ішіндегі аударым бағаларының ықпалындағы кез келген басқа активке немесе қозғалысқа келтіретін бірлікке қатысты қаржылық сметаларға/болжау бағаларына негізделген ақпаратты пайдаланған кезде, егер фирма ішіндегі аударым бағалары бір-біріне тәуелді емес тараптардың арасында мәміле жасаған кезде өткізілуі мүмкін болатын болашақ бағаларды басшылықтың ең жақсы бағалауын көрсетпесе, ұйым бұл ақпаратты түзетеді.
72. Ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірліктерді бірегейлендіру тап сол активтер немесе актив тұрпаттары үшін, ондай тәртіпті өзгерту ақталған жағдайларды қоспағанда, кезеңнен кезеңге жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.