19-шы Халықаралық Қаржылық Есептілік Стандарты (IAS)
Қызметкерлерге берілетін сыйақылар
1. Осы Стандарттың мақсаты есеп тәртібін орнату және қызметкерлерге берілетін сыйақы туралы ақпаратты ашу болып табылады. Стандарт ұйымнан мыналарды тануды талап етеді:
(а) міндеттемені - егер қызметкер болашақта төленуі тиіс сыйақы орнына қызмет көрсеткен жағдайда; және
(b) шығысты - қызметкердің сыйақы орнына қызмет көрсету нәтижесінен шығатын ұйымның экономикалық пайданы пайдаланған жағдайда.
2. Осы Стандарт оларға қатысты 2 Акция негіздегі төлемдер ХҚЕС-та (IFRS) қолданылатындарды қоспағанда, жұмыс беруші қызметкерлерге беретін барлық сыйақыларды есепке алу үшін қолданылуы тиіс.
3. Осы Стандарт қызметкерлерге сыйақы төлеу жоспарлары бойынша есептілікке қатысты емес (26 Зейнетақымен Қамсыздандыру Бағдарламалары және Зейнетақы Жоспарлары бойынша Есептілік ХҚЕС-ын (IAS) қараңыз).
4. Оларға қатысты осы Стандарт қолданылатын қызметкерлерге сыйақылар мыналарды қамтиды:
(а) жасалған ресми жоспарларға немесе ұйым және жеке қызметкерлер, қызметкерлер тобы немесе олардың өкілдерінің арасындағы басқа да жасалған келісімдерге сәйкес;
(b) заңнамалық талаптарға сәйкес немесе ұйым ұлттық, мемлекеттік, салалық немесе басқа да жұмыс берушілер тобына жарналар төлеуді жүзеге асыруға тиісті сала ішіндегі шарттарға байланысты; немесе
(c) жүктелген міндеттеменің шығуына әкеліп соқтыратын ұйым тәжірибесінің қалыптасуына сәйкес. Егер ұйымның қызметкерлерге төлеулерді жүзеге асыруына нақты баламасы болмаса, қалыптасқан тәжірибе жүктелген міндеттемеге әкеліп соқтырады. Жүктелген міндеттеменің мысалы ұйымның қалыптасқан тәжірибесінің өзгеруі оның қызметкерлерімен қарым-қатынасында тиімсіз зиянға әкеліп соқтыратын жағдайы болуы мүмкін.
5. Қызметкерлерге берілетін сыйақы төмендегілерден тұрады:
(а) егер олар кезең аяқталғаннан кейін 12 ай ішінде толығымен төленетін болса, қызметкерлерге келесідей қысқа мерзімді сыйақылар қарастырылады:
(і) жұмысшыларға және қызметкерлерге берілетін жалақы, еңбекақы және әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған жарналар;
(іі) жыл сайынғы ақы төленетін демалыс және ауруына байланысты ақылы демалыс;
(ііі) пайда және сыйлықақыларға қатысу;
(іv) ақшалай емес нысандағы сыйақылар сияқты (медициналық қызмет, үймен және көлікпен қамтамасыз ету, ақысыз немесе күні белгіленген тауарлар немесе қызметтер сияқты) қызметкерлерге берілетін қысқа мерзімді сыйақылар;
(b) зейнетке шыққаннан кейін берілетін басқа сыйақылар:
(і) еңбек қызметінің аяқталуына байланысты берілетін сыйақы(зейнетақы мен бір жолғы төлем); және
(іі) еңбек қызметі аяқталған соң өмірді сақтандыру және медициналық қызмет көрсету сияқты еңбек қызметінің аяқталуына байланысты берілетін сыйақы;
(c) басқа да ұзақ мерзімді сыйақылар:
(і) жұмыс өтілі қызметкерлер үшін ақы төленетін демалыс немесе ақы төленетін шығармашылық демалыс;
(іі) мерейтойларға арналған немесе ұзақ жұмыс өтілі үшін берілетін сыйақылар; және
(ііі) еңбекке жарамсыздығы үшін ұзақ мерзімді жәрдемақылар; және сондай-ақ пайдаға және сыйлықақыға қатысуға, егер көрсетілген төлемдер кезең аяқталғаннан кейінгі 12 айдан астам кезеңде жүзеге асырылмаса, қызметкерлерге берілетін; және
(d) қызметті аяқтау жәрдемақылары.
6. Қызметкерлерге берілетін сыйақы қызметкерлерге берілетін, сол сияқты асырауындағы адамдарға берілетін сыйақы сияқты, және/не қызметкерлердің, олардың жұбайларының, балаларының немесе басқа асырауындағы адамдардың, не, мысалы, сақтандыру ұйымдары сияқты басқа тұлғалардың тікелей пайдасына іске асырылатын төлем жасау (немесе тауарлар немесе қызмет көрсету үшін) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
7. Қызметкер ұйымға толық және толық емес жұмыс күні негізінде, тұрақты, біржолғы немесе уақытша негізде ішінара жұмыспен қамту қызметін көрсете алады. Осы Стандарттың мақсаты үшін қызметкерлер санына директорлар және басқа да басқару саласының қызметкерлері кіреді.
8. Төмендегідей терминдер осы Стандартта белгіленген мағынада қолданылады:
Қызметкерге берілетін сыйақылардың анықтамалары:
Қызметкерлерге берілетін сыйақы - ұйымның қызметкерлерге олар көрсеткен қызметтің орнына ұсынылатын сыйақылардың және төлемдердің барлық түрлері.
Қызметкерлерге берілетін қысқа мерзімді сыйақылар - (шығу жәрдемақыларын қоспағанда) қызметкердің тиісті қызмет көрсеткен кезең аяқталғаннан кейін 12 ай ішінде төленуге тиісті, қызметкерлерге берілетін сыйақы.
Еңбек қызметі аяқталған кезде төленетін сыйақылар - еңбек қызметі аяқталғанда төленетін қызметкерлерге берілетін сыйақылар (шығу жәрдемақыларын қоспағанда).
Қызметкерлерге берілетін басқа да ұзақ мерзімді сыйақылар - (еңбек қызметі аяқталуы бойынша төленетін сыйақылар, шығу жәрдемақыларды қоспағанда) қызметкердің тиісті қызмет көрсеткен кезең аяқталғаннан кейін 12 ай ішінде төленуге тиісті емес қызметкерлерге берілетін сыйақы.
Демалыс жәрдемақылары:
(а) қызметкерді зейнеткерлік жасқа толмағанға дейін ұйымның шешімімен жұмыстан шығарса; не
(b) қызметкердің өз еркімен осындай сыйақыға айырбастауға жұмыстан шығу салдары болып табылатын қызметкерлерге берілетін сыйақылар.
Жоспарларды сыныптаумен байланысты анықтамалар:
Еңбек қызметі аяқталған кездегі сыйақылар жоспары - ресми немесе бейресми түрде келетін жоспардың аясындағы кәсіпорынның бір немесе одан да көп қызметкерге төлейтін еңбек қызметі аяқталған кезедегі сыйақылар жопары.
Белгіленген жарналары бар сыйақы жоспарлары - егер ұйымның белгіленген жарнаны бөлек қорға төлеуді жүзеге асыруын және қосымша жарналар төлеу бойынша қандай да болмасын заңды және жүктелген міндеттемелері болмаса, белгіленген жарнасы бар сыйақы жоспарларынан ерекшеленетін сыйақы жоспарларын қамтамасыз етуді болжайтын сыйақымен қамсыздандыру жоспары.
Белгіленген төлемдері бар сыйақы жоспарлары - белгіленген жарналары бар сыйақы жоспарларынан айырмашылығы бар сыйақымен қамсыздандыру жоспары.
Жұмыс берушілер тобының сыйақы жоспарлары - бұл:
(а) жалпы бақылауда тұрмайтын әртүрлі ұйымдар енгізген активтерді біріктіретін; және
(b) сыйақы жарнасы және көлемі сыйақыны алушы қызметкердің қандай ұйымда жұмыс істеуіне тәуелсіз анықталу шартымен бірнеше ұйымдардың қызметкерлерін сыйақымен қамсыздандыру үшін бұл активтер пайдаланылатын белгіленген жарналары бар сыйақы жоспарлары (мемлекеттік сыйақы жоспарларынан басқа) немесе белгіленген төлемдері бар сыйақы жоспарлары (мемлекеттік сыйақы жоспарларынан басқа).
Белгіленген таза сыйақы міндеттемелерімен (актив) байланысты анықтамалар
Белгіленген төлемдердің таза міндеттемесі (актив) активтің жоғары деңгейінің белгіленген төлемінің шектеулі әсеріне келтірілген дефицит немесе артылу болып табылады.
Дефицит немесе артылу:
(а) белгіленген сыйақы міндеттемелерінің ағымдағы құны
(b) активтер жоспарының әділ құны (болған жағдайда).
Активтердің жоғары деңгейі жоспардың өтеу құны немесе жоспардағы болашақ салымдардың қысқартылуы түрінде кездесетін кез келген экономикалық пайданың келтірілегн құны болып табылады.
Белгіленген төлемдері бар сыйақы жоспары бойынша міндеттемелердің ағымдағы құны - ағымдағы немесе өткен кезеңдерде көрсетілген қызметкерлердің қызметіне байланысты шығатын міндеттемені орындау үшін қажетті күтіліп отырған болашақ төлемдердің дисконтталған құны (жоспар активтерін есептеп шығарғанға дейін).
Активтер жоспарына:
(а) қызметкерлердің ұзақ мерзімді сыйақылары қорларының активтері; және
(b) белгілі бір талаптарды қамтамасыз ететін сақтандыру полистері жатады.
Қызметкерлерге берілетін ұзақ мерзімді сыйақы қорының активтері (есеп беруші ұйым шығарған жіберілуге тиісті емес қаржы құралдарынан басқа) - бұл активтер мыналар:
(а) есеп беретін ұйымнан заңды түрде оқшауланған, тікелей қызметкерлерді қаржыландыруды және сыйақы төлеуді жүзеге асыру мақсатында жұмыс істейтін ұйымға (қорға) жатады; және
(b) тек қана қызметкерлерді қаржыландыруды және сыйақы төлеуді жүзеге асыру үшін пайдаланылуы мүмкін, ұйым кредиторларының талаптарын қанағаттандыру үшін пайдаланылуы мүмкін емес (банкроттық жағдайда да) және мынадай жағдайларды қоспағанда, есеп беруші ұйымға қайтарылуы мүмкін емес:
(і) қорда қалатын активтер қызметкерлерге сыйақы беру бойынша барлық міндеттемелер жоспарымен немесе есеп беруші ұйымдар міндеттемелерімен байланысты қанағаттандыруы үшін жеткілікті; немесе
(іі) активтер есеп беруші ұйымдарға қызметкерлерге төленіп қойған сыйақыны өтеу ретінде қайтарылады.
Белгілі бір талаптарды қанағаттандыратын сақтандыру полисі[1] - полистен келіп түсетін табыс есеп беруші ұйым тарабына (24 Байланысты тараптар туралы ақпаратты ашып көрсету ХҚЕС-тағы (IAS) анықтамаға сәйкес) байланысты болып табылмайтын сақтандырушы шығарған сақтандыру полисі.
(а) белгіленген төлемдері бар сыйақы жоспары бойынша тек қызметкерлерге берілетін сыйақыны қаржыландыру және төлеу үшін пайдалануы мүмкін; және
(b) ұйым кредиторларының (банкрот жағдайында да) талаптарын қанағаттандыру үшін қолданыла алмайды және есеп беруші ұйымға мынадай жағдайларды есептемегенде қайтарылмайды:
(і) түсімдер қызметкерлерге сыйақы беру бойынша барлық тиісті міндеттемелерді қанағаттандыру үшін қажет емес қосымша активтерді білдіреді; немесе
(іі) есеп беруші ұйымға қызметкерлерге төленіп қойған сыйақыны өтеу ретінде түсімдер қайтарылады.
Әділ құн - қатысушылардың арасындағы активті сатудан немесе нарық қатысушыларының арасындағы қарапайым мәміледе міндеттемені ұсынудан түскен, бағалау күніне сәйкес құн(13 Әділ Құнды Бағалау ХҚЕС-ты қараңыз).
Белгіленген сыйақыларды қаматамасыз ету шығындарымен байланысты анықтамалар
Қызмет көрсету шығындары келесілерден тұрады:
(a) қызметкерге ағымдағы кезеңде көрсетілген қызметтен туындайтын белгіленген сыйақы міндеттемесінің келтірілген құнының өсімі түріндегі ағымдағы қызмет көрсету құны;
(b) өткен кезеңдегі қызмет көрсету құны - жоспарға енгізілген өзгерістерден(белгіленген сыйақы жоспарын ұсыну, өзгерту немесе жою) немесе секвестрден(жоспар бойынша кәсіпорынның қызметкерлерінің маызды бөлігін қысқарту) туындайтын бұрынғы көрсетілген қызметтің белгіленген сыйақы міндеттемесінің келтірілегн құнындағы өзгерістер; және
(c) реттелген кез келген пайда немесе залал.
Белгіленген таза сыйақы міндеттемесінің таза пайызы уақыт ағымымен бірге өзгеретін кезең ішіндегі белгіленген таза сыйақы міндеттемесінің(актив) өзгерісі.
Белгіленген таза сыйақы міндеттемелерін(актив) қайта бағалау келесілерден тұрады:
(a) актуарлық пайда мен залал;
(b) белгіленген таза сыйақы міндеттемелеріне (актив)қосылған таза пайыздың сомасын алғандағы активтер жоспарының қайтарылымы; және
(c) белгіленген таза сыйақы міндеттемелеріне (актив)қосылған таза пайыздың сомасын алғандағы активтердің жоғары деңгейінің әсеріндегі кез келген өзгерістер.
Актуарлық пайдалар және залалдар - актуарлық пайдаға және шығынға мыналар кіреді:
(а) тәжірибе негізіндегі түзету (алдыңғы жағдайларға қатысты алғашқы актуарлық жорамалдаржәне негізінде болған жағдайлар арасындағы айырма нәтижелері); және
(b) актуарлық жорамалдағы өзгеріс нәтижесі.
Актив жоспарының қайтарылымы актив жоспарының жүзеге асырылған және асырылмаған пайда мен залалынан қоса туындайтын пайыз, дивиденд және басқа табыстан:
(a) актив жоспарын басқаруға кететін шығындарды; және
(b) белгіленген сыйақы міндеттемесінің келтірілегн құнын есептеуге қолданылатын актуарлық болжамдардың құрамына кіретін салықтан басқа жоспар бойынша төленетін салықты шегергенге тең.
Реттеу дегеніміз - актуарлық болжамға кіретін, қызметкерге белгіленіп қойған жоспардың аясындағы төлемдерден басқа, белгіленген сыйақы жоспары аясындағы барлық алдыңғы заңнамалық және жүктелген міндеттемелерді жоятын транзакция.
Қызметкерлерге төленетін қысқа мерзімді сыйақылар |
9. Егер жылдық кезең аяқталғаннан кейін он екі ай ішінде төленетін болса, көрсетілген қызмет үшін қысқа мерзімді сыйақыларға мынадай баптар кіреді:
(a) жалақы, еңбекақы және әлеуметтік қамтамасыз ету жарналары;
(b) жыл сайынғы төленетін демалыс және ауруына байланысты демалыс;
(c) табыс және сыйлықақылар; және
(d) ағымдағы қызметкерлер үшін ақшалай емес сыйақылар (мысалы, медициналық қызмет көрсету, үймен, автокөлікпен және ақысыз немесе күні белгіленген тауарлармен немесе қызметтермен қамтамасыз ету).
10. Егер кәсіпорынның реттеу уақыты уақытша деп күтілсе, қызметкерлердің қысқа мерзімді сыйақыларын қайта сыныптаудың қажеті жоқ. Дегенмен, егер сыйақы жоспарының ерекшелігі өзгерсе(жинақталмайтын сыйақылардың жинақталатын сыйақыларға өзгерісі) немесе реттеу уақыты уақытша мерзімде болмаса, кәсіпорын сыйақылардың қысқа мерзімді сыйақылардың анықтамасына сәйкестігін тексеруі тиіс.
Тану және бағалау
Қызметкерлерге төленетін барлық қысқа мерзімді сыйақылар
11. Есеп беру кезең ішінде қызметкер ұйымға қызмет көрсеткен кезде ұйым осы:
(а) кез келген төленіп қойған соманы ұстап қалғаннан кейін міндеттемелер ретінде (есептелген шығыстың). Егер төленіп қойған сома төлеулердің дисконтталмаған шамасынан асып кетсе, ұйым осындай асып кету аванстық шығыстардың әкеліп соқтыратын шамасына қарай актив ретінде (аванс шығыстарының) тану керек, мысалы, болашақ төлемдерді қысқарту немесе қарызды қолданыстағы ақшамен қайтару.
(b) активтің өзіндік құнына қосуға талап ететін немесе рұқсат беретін басқа Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарты сол сыйақылар сомаларынесептемегенде шығыс ретінде (қараңыз: мысалы, 2 Босалқылар ХҚЕС (IAS) және 16 Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар ХҚЕС (IAS) ) қызметтердің орнына төленуі тиісті қызметкерлерге берілетін қысқа мерзімді сыйақылардың дисконтталмаған шамасын тануға тиіс.
12. 13, 16 және 19-тармақтарда ұйымның бұл талаптардың төленетін демалыс нысанындағы қысқа мерзімді сыйақылар мен табыс және сыйлықақы жоспарларына қалай қолданылуы тиіс екені түсіндіріледі.
Қысқа мерзiмдi төленетін рұқсатнамалар.
13. Ұйым 11-тармаққа сәйкес қызметкерлерге төленетін демалыс нысанындағы қысқа мерзімді сыйақыларды төленуі күтілетін шығындарды мынадай:
(а) жинақталатын ақы төленетін демалыс кезінде - болашақ ақы төленетін демалысты пайдалануға қатысты олардың құқықтарын күшейтетін қызметкерлердің қызмет көрсету кезінде;
(b) жинақталмайтын ақы төленетін демалыс кезінде - тікелей демалыс басталған кезде тануы тиіс.
14. Компания қызметкерлердің әртүрлі себептермен, соның ішінде жыл сайынғы демалыс жағдайын, ауруы және қысқа мерзімді жұмыс жасауға жарамсыздығын, бала бағу кезінде, ант берген отырыс төрағасы ретінде қызметке немесе әскер қызметін өтеу кезінде болмауын төлей алады. Ақы төленетін демалыс екі санатқа бөлінеді:
(а) жинақталатын; және
(b) жинақталмайтын.
15. Жинақталатын ақысы төленетін демалыстарды, егер ағымдағы кезең ішінде толықтай пайдаланылмаған болса, мерзімі кейінгіге жылжытылып, келесі кезеңдерде пайдалануға болады. Жинақталатын ақысы төленетін демалыстар не өтем жасалатын (басқаша айтқанда, қызметкерлердің пайдаланбаған демалыстардың орнына ақшалай төлем құқығына ие), не өтем жасалмайтын (қызметкердің пайдаланбаған демалыстардың орнына ақшалай төлеулерді алуға құқығына ие болмаса) болуы мүмкін. Міндеттеме қызметкерлердің қызметті қалай көрсеткені, болашақта олардың пайдалана алатын ақы төленетін демалыстардың ұзақтығы ненің нәтижесінен көбейетініне байланысты шығады. Қызметкерлер өтем жасалмайтын жинақталған демалыс алу құқығын пайдаланғанға дейін жұмыстан шығу мүмкіндігі осы міндеттемені бағалауға ықпал еткен жағдайда да міндеттеме ақы төленетін демалыс өтелетін болып табылатын жағдайдың өзінде де күшін жоймайды және танылады.
16. Ұйым жинақталатын ақысы төленетін демалыстарды төлеуге күтілетін шығындарды қызметкерге төлеу болжанатын қосымша сома және есеп беру күнгі жағдайға байланысты жинақталған пайдаланбаған демалыстар ретінде бағалауы тиіс.
17. Алдыңғы тармақта анықталған әдіске сәйкес міндеттеме тек қана ерекшелік ретінде төлемдердің жинақталуына байланысты пайда болатын қосымша төлем шамасы бойынша бағаланады. Көпшілік жағдайда ұйымда пайдаланбаған ақысы төленетін демалыстарға қатысты елеулі міндеттемелердің жоқ екендігі туралы қорытындыға келу үшін толық есептеу қажеттілігі жоқ. Мысалы, ауруына байланысты демалысқа қатысты міндеттеме ауруына байланысты пайдаланбаған демалыс ақысы төленетін демалыс ретінде алынуы мүмкін ресми немесе ресми емес болжауға негіз болған жағдайда ғана маңызды болады.
16 және 17-тармақтарды түсіндіретін мысал |
Ұйымда 100 қызметкер жұмыс істейді. Әрқайсысы ұзақтығы бес жұмыс күні болатын ауруына байланысты ақысы төленетін жыл сайынғы демалысқа құқығы бар. Ауруына байланысты пайдаланбаған демалыс бір жылға кейінгіге шегерілуі мүмкін. Ауруына байланысты демалыс, ең алдымен ағымдағы жылға қатысты күн есебінен алынып, одан кейін алдыңғы жылдан жылжытылған демалыс есебінен алынады (ЛИФО негізінде). 20Х1 жылдың 31 желтоқсандағы жағдайы бойынша орташа есеппен ауруына байланысты ақысы төленетін пайдаланбаған демалыс бір қызметкерге екі күннен келеді. Негізгі тенденциялары болашақта сақталуы болжанатын өткен тәжірибе негізінде ұйым 20Х2 жылы ауруына байланысты ақысы төленетін демалысты 92 қызметкердің бес күннен көп алмайтынын, ал қалған сегізі орта есеппен әрқайсысы алты жарым күннен алатынын күтеді. 20Х1 жылдың 31 желтоқсандағы жағдайы бойынша жиналған демалысты пайдаланбау нәтижесінде ұйым қосымша ауруына байланысты он екі күн демалысты төлейтінін болжайды (әрбір сегіз адамға шаққанда бір жарым күннен). Осылайша ұйым ауруға байланысты демалысты он екі күн көлемінде төлеу міндеттемесін таниды. |
18. Жинақталмайтын ақысы төленетін демалыстар болашақ кезеңге ауыстырылмайды: ағымдағы жылы толық пайдаланылмаған жағдайда олар жойылады, және қызметкерлерге пайдаланбаған демалыс үшін ақшалай төлемдерді алуға құқық бермейді. Әдетте бұл ауруына байланысты демалысқа (өткен кезеңдердегі демалысты қаншалықты пайдаланбаса, болашақ кезеңдерде демалыстардың ұлғаймауы сондай дәрежеде болады), бала күтімі бойынша демалыс және ант берген отырыс төрағасы ретінде қызметке немесе әскери қызметін өтеу кезінде берілетін демалысқа қатысты. Ұйым қызметкер көрсеткен қызметіне сыйақы сомасының көбеюіне әкеліп соқтырмайтындықтан, демалыс кезеңі басталғанға дейін міндеттемелерді немесе шығыстарды танымайды.
Пайдаға және сыйлықақы жүйесіне қатысу жоспары
19. Ұйым 11-тармаққа сәйкес пайдаға қатысуға және сыйлықақыларды төлеуге жұмсалуы күтілетін шығындарды:
(а) ұйымның ағымдағы шартқа немесе заңнамаға сай туындайтын немесе өткен оқиғаларға байланысты осындай төлемдерді жүзеге асыруға міндеттемесі бар; және
(b) міндеттеме сенімді бағалануы мүмкін болған жағдайда ғана тануы тиіс.
Ағымдағы міндеттеме ұйымның төлемдерді жасамауға нақты мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана болуы мүмкін.
20. Пайдаға қатысудың кейбір жоспарлары бойынша қызметкерлер белгіленген кезең ішінде ұйымда жұмыс істеуге қалған жағдайда ғана пайда үлесін алады. Осындай жоспарлар, егер қызметкерлер белгіленген кезең аяқталғанға дейін ұйымда жұмысын жалғастырып, олар төлеуге тиісті соманы ұлғайтатын қызметтерді көрсеткендіктен, жүктелген міндеттеменің пайда болуына әкеліп соқтырады. Осы сияқты жүктелген міндеттемені бағалау кейбір қызметкерлердің тиісті пайда үлесінсіз жұмыстан кету мүмкіндігін ескереді.
20-тармақты түсіндіретін мысал |
Пайданы бөлу жоспарыс ұйымның ағымдағы жыл ішінде жұмыс істеген қызметкерлерге жыл ішіндегі оның таза пайдасының белгілі бір бөлігін беруді талап етеді. Жыл ішінде қызметкерлердің ешқайсысы жұмыстан шықпаса, онда пайданы бөлу жоспары бойынша төлемдердің жалпы сомасы бір жылдың таза пайдасының 3% құрайды. Ұйым кадр тұрақсыздығы таза төлем пайдасын 2,5% дейін төмендететінін есептен шығарады. Ұйым міндеттемені және таза пайданың 2,5% мөлшеріндегі шығысты таниды. |
21. Ұйым сыйлықақыларды төлеуге заңды міндеттемелерінің болмауы да мүмкін. Алайда, кей жағдайларда ұйымда сыйлықақыларды төлеу тәжірибесі болуы да мүмкін. Осындай жағдайларда ұйымның сыйлықақыларды төлемеуге нақты мүмкіндігі болмағандықтан, жүктелген міндеттемесі болады. Жүктелген міндеттемені бағалау бұл жағдайда кейбір қызметкерлердің ұйымнан сыйлықақы алмай кету мүмкіндігін есептейді.
22. Ұйым пайдаға және сыйлықақыға қатысу жоспарына сәйкес өзінің заңды түрдегі және жүктелген міндеттемелерін мынадай жағдайларда ғана сенімді бағалауы мүмкін:
(a) жоспардың белгіленген талаптарының ішіне сыйақы шамасының анықтама формулалары кіргенде;
(b) ұйым қаржы есептілігін шығаруға бекіткенге дейінгі төленуі тиіс сыйақы көлемін анықтағанда; не
(c) өткен жылдар тәжірибесі ұйымның жүктелген міндеттемесінің шамасын нақты анықтауға мүмкіндік бергенде.
23. Пайдаға және сыйлықақыларға қатысу жоспарлары бойынша міндеттемелер ұйым иеленушілермен мәміле нәтижесіне емес, қызметкерлердің көрсеткен қызметіне байланысты шығады. Сондықтан да ұйым пайдаға қатысу және сыйлықақыны төлеу жоспары бойынша жұмсалған шығындарды таза пайданы бөлу ретінде емес, шығыс ретінде таниды.
24. Егер пайдаға және сыйлықақыларға қатысу жоспарлары бойынша төленуі тиісті сома қызметкерлердің қызметтерді көрсеткен кезеңі аяқталғаннан кейінгі 12 ай ішінде толықтай төленбесе, олар қызметкерлерге берілетін басқа ұзақ мерзімді сыйақылар болып табылады (153-158 тармақтарын қараңыз).
Ақпаратты ашу
25. Осы Стандарт қызметкерлерге қысқа мерзімді төленетін сыйақыларға қатысты ақпаратты арнайы ашып көрсетуді талап етпейтініне қарамастан, оны басқа Стандарттар талап етуі мүмкін. Мысалы, 24 Байланысты тараптар туралы ақпаратты ашып көрсету ХҚЕС (IAS) стандарты негізгі басқарушыға төлемдер туралы ақпаратты ашып көрсетуді талап етеді. 1 Қаржы есептілігін ұсыну ХҚЕС (IAS) стандарты қызметкерлерге сыйақы төлеуге жұмсалған шығыстарды ашып көрсетуді талап етеді.
Еңбек қызметінің аяқталуына байланысты берілетін сыйақы: белгіленген жарналары бар сыйақы жоспарлары және белгіленген төлемдері бар сыйақы жоспарлары арасындағы айырмашылық |
26. Еңбек қызметінің аяқталуы бойынша сыйақыларға, мысалы:
(а) зейнет демалысына шыққан кездегі сыйақылар сияқты сыйақылар; және
(b) еңбек қызметінің аяқталуы бойынша жұмыс істеу кезеңінің аяқталуы бойынша өмірді сақтандыру және медициналық қамтамасыз ету сияқты басқа да сыйақылар жатады.
Ұйым осыған сәйкес еңбек қызметінің аяқталуы бойынша сыйақыны қамтамасыз ететін келісім еңбек қызметінің аяқталуы бойынша сыйақы жоспары деп аталады. Ұйым осы Стандартты, олардың жарналар алуы немесе сыйақы төлемдерін жүзеге асыруы үшін жеке заңды тұлға құруды көздейтін-көздемейтіндігіне қарамастан, осы сияқты барлық келісімдерге қолданылады.
27. Сыйақы жоспарлары оның негізгі талаптарынан келіп шығатын жоспардың экономикалық мазмұнына байланысты белгіленген жарналары бар сыйақы жоспарларына және белгіленген төлемдері бар сыйақы жоспарларына бөлінеді.
28. Белгіленген төлемдері бар сыйақы жоспарлары аясында кәсіпорынның заңнамалық және жүктелген міндеттемелері қорға салынуға дайын сомамен шектеледі. Осылайша, қызметкерге табысталған еңбек қызметінің аяқталуынан кейін берілетін сыйақылар кәсіпорынның (немесе қызметкердің) еңбек қызметінің аяқталуынан кейінгі сыйақы жоспарына салынған жарналары мен сақтандыру компаниясына салынған жарналарымен қоса инвестициялық табыспен анықталады. Нәтижесінде, актуарлық тәуекел (күтілетін сомадан төмен сыйақы) мен инсвестициялық тәуекел (күтілетін пайданы қанағаттандырмайтын салынған активтер) қызметкерге түседі.
29. Ұйымның заңды түрдегі немесе жүктелген міндеттемесі болған жағдайда қорға салуға келісімін берген ұйым міндеттемесі сомасымен шектелмейтін жағдайға мысал:
(а) тек жарналармен ғана байланысты емес сыйақы жоспары бойынша төлеу формуласымен;
(b) сыйақы жоспарлары арқылы не жанама, төлеуге арналған табыстың нақты мөлшері арқылы не тура кепілдігімен; не
(c) жүктелген міндеттеменің пайда болуына әкеліп соқтыратын сол қалыптасқан тәжірибе. Мысалы, тиісті заңды түрдегі міндеттеме болмаса да, инфляцияның ықпалын жою мақсатымен ұйымда бұрынғы қызметкерлердің сыйақысын көтеру дәстүрі қалыптасқан жағдайда жүктелген міндеттеменің пайда болуы мүмкін.
30. Белгіленген төлемдері бар сыйақы жоспарлары бойынша:
(а) ұйым міндеттемесі жұмыс істеп жүрген немесе бұрынғы қызметкерлерге келісілген сыйақы мөлшерін қамтамасыз етуден тұрады; және