2-ші Халықаралық Қаржылық Есептілік Стандарты (IAS 2)
Босалқылар
Мақсаты
1. Осы Стандарттың мақсаты босалқылар есебін жүргізу тəртібін орнату болып табылады. Босалқылар есебін жүргізудегі негізгі мəселе актив ретінде танылуға жататын жəне тиісті түсімдерді танығанға дейінгі келесі кезеңдерге көшірілетін шығындардың шамасын анықтау. Стандарт шығынды анықтау жəне сатудың ықтимал таза бағасының шамасына дейінгі құнның кез келген азаюын қоса алғанда, оларды кейіннен шығыстар ретінде тану бойынша нұсқау береді. Сондай-ақ, ол босалқылардың өзіндік құнын анықтау үшін пайдаланылатын өзіндік құнды есептеу тəсілдері жөнінде түсінік береді.
Қолдану аясы
2. Осы стандарт барлық босалқыларға қатысты, мынадан басқа:
(a) қызмет көрсетулерге тікелей байланысты келісімшарттарды қоса алғанда, құрылыс салуға жасалған шарттар бойынша туындаған, аяқталмаған өндірістерді (11-ші Құрылысқа жасалған келісімшарттар ХҚЕС-ы (IAS) қараңыз );
(b) қаржы құралдары (32-ші Қаржы құралдары: Ұсыну ХҚЕС-ты (IAS) және 9-шы Қаржы құралдары ХҚЕС-ты (IFRS) қараңыз) және;
(c) ауылшаруашылығы қызметі жəне жиын-терін кезінде ауылшаруашылығы өнімімен байланысты биологиялық активтерді қоспағанда (41-ші ХҚЕС (IAS) Ауылшаруашылығы қараңыз ) басқа барлығы босалқыларға қатысты қолданылады.
3. Осы стандарт босалқыларды бағалау үшін мыналарға қатысты емес:
(a) ауыл жəне орман шаруашылығы өнімін, жиналғаннан кейінгі ауылшаруашылығы өнімін, сондай-ақ осы өнеркəсіп салаларында қабылданған есеп практикасына сəйкес іске асырудың мүмкін болатын таза құны бойынша бағаланатын пайдалы қазбаларды өндірушілер қолданатын босалқыларды бағалауға қолданылмайды. Іске асырудың мүмкін болатын таза құны бойынша бағаланатын осындай босалқылар осы құнның өзгерістері болған кезеңде пайда жəне шығындар туралы есепте танылады.
(b) сатуға жұмсалған шығындарды есептемегенде, өзінің босалқыларын əділ құн бойынша бағалайтын тауар брокерлері жəне трейдерлер қолданатын босалқыларды бағалауға қолданылмайды. Осындай босалқыларды сатуға жұмсалған шығындарды шегеріп тастағанда, əділ құн бойынша бағалаған кезде, сатуға жұмсалған шығындарды шегеріп тастағанда əділ құнның өзгеруі өзгерістер болған кезеңдегі пайда жəне шығындар туралы есепте танылады.
4. Стандарттың 3(a)-тармағында айтылған босалқылар өндірістің белгілі бір кезеңдерінде өткізудің ықтимал таза құны бойынша бағаланады. Бұл, мысалы, ауылшаруашылығы дақылдарының өнімі жиналған немесе пайдалы қазбалар өндірілген кезде жəне сату форвардтық келісімшарт немесе мемлекеттің кепілдік беруі арқылы расталған немесе белсенді нарық пен сату тоқтап қалатын тəуекелдіктің алдын алу мүмкіндігі болған жағдайларда болады. Мұндай босалқылар осы Стандартты бағалау бойынша талаптардан ғана алынып тасталады.
5. Брокерлер-трейдерлер – тауарларды басқалар үшін немесе жеке өз есебіне сатып алатын немесе сататын тұлғалар болып табылады. 3(b)-тармағында айтылған босалқылар негізінен жақын болашақта сату мен бағаның немесе брокерлер жəне трейдерлер маржасындағы ауытқулардан пайда табу мақсатында сатып алынады. Осындай босалқыларды сатуға жұмсалған шығындарды шегеріп тастағанда, əділ құн бойынша бағалаған кезде олар осы Стандарттың бағалау бойынша талаптарынан ғана алынып тасталады.
Анықтамалар
6. Осы стандартта төменде көрсетілген мəндерінде мынадай терминдер:
Босалқылар - бұлар:
(a) қалыпты қызмет барысында сатуға арналған;
(b) осындай сату үшін өндіріс үрдісіндегі; немесе
(c) өндіріс үрдісінде немесе қызмет көрсетулері кезінде пайдалануға арналған шикізат немесе материалдар нысанындағы активтер.
Өткізудің ықтимал таза құны - бұл жұмысты орындауға жұмсалған ықтимал шығындар мен өткізуге арналған ықтимал шығындарды шегеріп тастағанда əдеттегі іс барысындағы болжамды сату бағасы.
Əділ құн - бұл активтерді олармен айырбастаған немесе осындай мəмілені жасаудан жақсы хабары бар, мəміле жасағысы келетін жəне бір-бірінен тəуелсіз тараптар арасында мəміле жасалған кезде міндеттемелерді реттеуге болатын сома. (13-ші Әділ құнның бағасы ХҚЕС - ын қараңыз.)
7. Өткізудің ықтимал таза құны ұйым əдеттегі қалыпты қызмет барысында босалқыларды сатудан өтеуді күтетін таза сомаға байланысты. Əділ құн мəмілені жасау кезінде, нарықта жақсы хабардар, осындай мəмілені жасағысы келетін сатып алушылар жəне сатушылардың арасында ұқсас босалқыларға ауыстыруға болатын соманы көрсетеді. Біріншісі нақты ұйымға тəн болып табылатын құн; соңғысы ондай болып табылмайды. Босалқыларды өткізудің ықтимал таза құны сатуға жұмсалған шығындарды шегеріп тастағанда əділ құнға тең болмауы да мүмкін.
8. Босалқыларға қайта сату үшін сатып алынған жəне сақталатын тауарлар кіреді. Оларға, мысалы, бөлшек саудамен айналысатын сатушының алған тауарлары, немесе қайта сатуға арналған жер немесе басқа мүлік кіреді. Сонымен қоса босалқылар дайын немесе ұйым шығарған жəне шикізат пен өндіріс процесінде одан кейінгі пайдалануға арналған материалдар кіретін жартылай дайын өнім. Қызмет көрсету аясының ұйымы 19-тармақта сипатталғандай, ұйым тиісті түсім шамасын осы уақытқа дейін танымаған қызмет көрсетудің құны босалқыға кіргізілген жағдайда (18 Табыс ХҚЕС-ын (ІAS) қараңыз) алады.
Босалқыларды бағалау
9. Босалқылар міндетті түрде ең кемі екі деңгей бойынша: өткізудің өзіндік құны мен ықтимал таза құнында өлшенуі тиіс.
Босалқылардың өзіндік құны
10. Босалқылардың өзіндік құнына міндетті түрде сатып алуға, қайта өңдеуге жұмсалған барлық шығындар жəне босалқыларды ағымдағы жай-күйіне жəне орналасқан жерге дейін жеткізу мақсатында жұмсалған шығындар жатады.
Сатып алуға жұмсалған шығындар
11. Босалқыларды сатып алуға жұмсалған шығындарға сатып алу бағасы, импорттық баж салықтары мен басқа да салықтар (ұйымдар кейіннен салық органдары арқылы өтейтін салықтардан басқалары), сондай-ақ тасымалдауға, өңдеуге арналған шығыстар жəне объектіні сатып алумен тікелей байланысты шығыстар жатады. Сауда жеңілдіктері, төлемдерді қайтару жəне басқа да осындай баптар сатып алуға жұмсалған шығындарды анықтаған кезде шегеріп тасталады.
Қайта өңдеуге жұмсалған шығын
12. Босалқыларды қайта өңдеу шығындарына еңбекақы төлеуге жұмсалған тікелей шығындар сияқты өнім бірліктерімен тікелей байланысты шығындар кіреді. Сонымен қоса, оларға шикізаттан дайын өнім жасап шығару кезінде орын алған тұрақты жəне ауыспалы үстеме өндірістік шығыстарды жүйелі түрде бөлу кіреді. Тұрақты үстеме өндірістік шығыстар амортизация мен үйлерге қызмет көрсету жəне жабдықтар мен əкімшілік-басқару шығыстары сияқты өндіріс көлемінен тəуелсіз салыстыра алғанда өзгеріссіз болып қалатын жанама өндірістік шығындар болып табылады. Ауыспалы үстеме өндірістік шығыстар шикізаттың жанама шығындары мен еңбектің жанама шығындары сияқты өндіріс көлемінің өзгеруінен тікелей немесе тікелей дерлік тəуелді жанама өндірістік шығыстар болып табылады.
13. Тұрақты жəне үстеме өндірістік шығыстарды қайта өңдеу бойынша шығындарға бөлу қалыпты жағдайда жұмыс істеу барысында ұйымның өндірістік қуаттылығына негізделеді. Қалыпты өндірістік қуаттылық - жоспарлы техникалық қызмет көрсету нəтижесінде қуат ысырабын есепке ала отырып, істің қалыпты орындалуы барысында жұмыстың бірнеше кезең немесе мезгілінде орташа көрсеткіштер негізінде есептелетін өндірістің күтілетін көлемі. Өндірістің нақты деңгейі қалыпты жағдайдағы қуаттылыққа жуық мəнде сəйкес келгенде ғана пайдаланыла алады. Өнімнің əрбір бірлігіне қатысты тұрақты үстеме өндірістік шығыстар сомасы өндіріс деңгейінің төмендеуі немесе ұйымның тоқтап қалуы салдарынан өспейді. Бөлінбеген үстеме шығыстар оның пайда болуы кезеңіндегі шығыстар ретінде танылады. Өндіріс деңгейі ерекше жоғары болған кезеңде өнімнің əрбір бірлігіне қатысты тұрақты үстеме өндірістік шығыстар сомасы босалқылар өзіндік құнынан жоғары бағаланбайтын мөлшерде азаяды. Өндірістік қуаттылықты шын мəнінде пайдалану негізінде ауыспалы өндірістік үстеме шығыстар өнімнің əрбір бірлігіне жатқызылады.
14. Өндірістік үрдіс нəтижесінде бір мезгілде бір өнімнен артық өнімдер шығарылуы мүмкін. Мысалы, бұл бұйымды бірігіп шығару жағдайында, немесе негізгі өнімнің өндірісі қосымша өнімді өндірумен қатар жүріп отырған жағдайда болады. Əрбір өнімге жұмсалған шығындарды бөлек анықтай алмаған жағдайда, оларды өнімдердің арасында теңбе-тең жəне бірінен соң бірін бөледі. Бөлу, мысалы, не өндіріс процесі кезеңінде өнімдер ұқсас болғанда, не дайын өнім шығарылған кезде анықталатын əрбір өнімді сатудың салыстыра алғандағы құнына негізделуі мүмкін. Қосалқы өнімдердің көбісі табиғатынан мардымсыз. Осындай жағдайларда оларды көбінесе сатудың ықтимал таза бағасы бойынша бағалайды жəне бұл шама негізгі өнімнің өзіндік құнынан шегеріледі. Нəтижесінде негізгі өнімнің қаржылық жағдай туралы есептік құны оның өзіндік құнынан аз ғана ерекшеленеді.
Басқа да шығындар
15. Басқа да шығындарға босалқыларды қазіргі орналасқан жеріне дейін жеткізуге жəне жай-күйіне байланысты деңгейдегі олардың өзіндік құны ғана жатады. Мысалы, босалқылардың өзіндік құнына өндірістік емес үстеме шығыстарды немесе нақты клиенттерге арналған өнімді əзірлеу жөніндегі шығындарды жатқызуға қатысты болуы мүмкін.
16. Төменде босалқылардың өзіндік құнынан алынып тасталатын жəне олардың пайда болуы кезеңінде шығыстар ретінде танылатын шығындардың мысалдары келтірілген:
(a) шикізаттың, жұмсалған еңбектің нормативтен тыс ысырабы немесе басқа да өндірістік шығындар;
(b) олар тек өндірістік процестің келесі кезеңіне көшу үшін осы өндірістік процессте қажет болмағанда ғана сақтауға жұмсалатын шығындар;
(c) босалқыларды қазіргі орналасқан жеріне жəне жай-күйіне дейін жеткізуге байланысты емес əкімшілік үстеме шығыстар; жəне
(d) сатуға жұмсалатын шығындар.
17. 23-ші Қарыздар бойынша шығындар ХҚЕС (IAS) босалқылардың өзіндік құнына қарыз бойынша шығындар кіретін сирек жағдайларды анықтайды.
18. Ұйым босалқыларды төлем мерзімін кейінге қалдыру шартымен сатып ала алады. Осындай келісімде іс жүзінде қаржыландыру элементі болғанда, бұл элемент, мысалы, əдеттегі сауда кредиті шартымен сатып алу бағасы жəне төленген сома арасындағы айырмашылық қаржыландыру кезеңіндегі пайыздар бойынша шығыс ретінде танылады.
Қызмет көрсету саласындағы ұйымдар босалқыларының өзіндік құны
19. Қызмет көрсету саласының ұйымдарындағы босалқылардың болу дəрежесінде оларды өндіруге жұмсалған шығындар бойынша бағалайды. Бұл шығындарға, ең алдымен, жалақы төлеу жəне қызметтер көрсетуге, оның ішінде бақылауға тікелей қатысатын қызметкерлерге жұмсалатын басқа да шығындар, сондай-ақ тиісті үстеме шығыстары жатады. Жалақы жəне сауда жəне жалпы əкімшілік қызметкерлерге жұмсалатын басқа да шығындар босалқының өзіндік құнына кіргізілмейді, бірақ олар туындаған кезеңдегі шығыстар ретінде ескеріледі. Қызмет көрсету саласы ұйымдарының босалқылардың өзіндік құнына көп жағдайда ұйымдар көрсететін қызметтердің бағасына кіретін пайда немесе үстеме шығыстарға жатпайтын нормалар кірмейді.
Биологиялық активтерден жиналған ауылшаруашылығы өнімінің өзіндік құны
20. 41 Ауылшаруашылығы ХҚЕС-қа (IAS) сəйкес ұйым биологиялық активтерден жинаған ауылшаруашылығы өнімдерінен тұратын босалқылар бастапқы тану кезінде жинау орнында сатуға жұмсалған шығындары шегерілген əділ құны бойынша бағаланады. Бұл осы Стандартты қолдану мақсатында босалқылардың сол күнгі өзіндік құны болып табылады.
Өзіндік құнды айқындау əдістері
21. Егер нəтижелері өзіндік құнға жуықтап сəйкес келетін болса, қолайлылық үшін нормативтік шығындар бойынша есепке алу əдісі жəне бөлшек баға бойынша есепке алу əдісі сияқты босалқылардың өзіндік құнын айқындаудың əр алуан əдістері пайдаланылуы мүмкін. Нормативтік шығындар шикізаттар мен материалдарды, еңбекті пайдаланудың, тиімділік пен өнімділіктің қалыпты деңгейін ескереді. Олар ұдайы тексеріледі жəне қажет болған жағдайда, ағымдағы жағдайларға қарай қайта қаралады.
22. Бөлшек саудада тез арада өзгеретін көптеген бұйымдардан тұратын, олар үшін өзіндік құнды бағалаудың басқа əдістерін пайдалану орынды болып табылмайтын босалқыларды бағалау үшін көбінесе бөлшек баға əдісі пайдаланылады. Босалқылардың өзіндік құны сатылған босалқылардың жалпы құнын жалпы маржаның тиісті пайызына азайту арқылы анықталады. Пайдаланған пайыздың шамасында бағасы бастапқы сату бағасынан төмен бағаға азайтылған босалқыны ескереді. Бөлшек сауданың əрбір бөлімшесі үшін пайыздың орташа мəні жиі пайдаланылады.
Өзіндік құнды есептеу тəсілдері
23. Бірін-бірі алмастырмайтын босалқылардың жекелеген баптарының, сондай-ақ арнаулы жобалар үшін өндірілген жəне оларға арналған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің өзіндік құны оларға жұмсалатын жеке шығындарды ерекше сəйкестендіру арқылы анықталуы тиіс.
24. Іс жүзіндегі шығыстардың нақты анықтамасы белгілі бір шығындар босалқылардың белгілі бір баптарына жататынын білдіреді. Есепке алудың бұл тəртібі, олардың сатып алынғанына немесе өндірілгеніне қарамастан, арнаулы жобаларға арналған бұйымдар үшін сəйкес келеді. Алайда, іс жүзіндегі шығындардың нақты анықтамасы босалқылардың бір-бірін алмастыра алатын бірліктері аса көп болған жағдайда бұған лайықты болмайды. Мұндай жағдайларда пайда немесе шығынға есептің əсерін тигізу үшін босалқыларда қалатын баптар таңдау əдісін пайдаланар еді.
25. 23-тармақта қарастырылғанға жатпайтын босалқылардың өзіндік құны екі əдістің: алғашқы түскен өнім - алғашқы жөнелтілген өнім (ФИФО) немесе орташа өлшемді құн əдістерінің көмегімен анықталады. Ұйым сипаты жəне олардың ұйымдарда пайдалануы жағынан ұқсас барлық босалқылар үшін бағалаудың бірдей формулаларын пайдалану міндетті. Əртүрлі сипаттағы немесе пайдаланудағы босалқылар үшін əртүрлі бағалау формулаларын қолдану өзін-өзі ақтауы мүмкін.
26. Мысалы, бір шаруашылық сегментте пайдаланатын босалқылар пайдалану тəсілі жағынан ерекше бірдей босалқыларды ұйым басқа шаруашылық сегментте пайдалана алады. Алайда, бағалаудың əртүрлі формулаларын қолдануды ақтау үшін босалқылардың географиялық орналасуындағы (жəне тиісті салық ережелеріндегі) айырмашылықтардың жеке өзі жеткіліксіз.
27. ФИФО əдісі бойынша алғаш сатылып алынған жəне алғаш өндірілген босалқылардың баптары бірінші кезекте сатылады жəне өндіріледі, жəне тиісінше, кезеңнің соңында қалған босалқылардың баптары ертерек сатып алынған жəне өндірілген болып болжанады. Орташа алынған құн формуласы бойынша əрбір баптың құны кезеңнің басындағы осындай баптардың орташа алынған құнынан жəне кезең ішінде сатып алынған немесе өндірілген осындай баптардың құнынан анықталады. Орташа мəн ұйымдағы жағдайларға қарай мезгіл-мезгіл немесе əрбір қосымша топтың алынуына қарай есептелуі мүмкін.
Өткізудің ықтимал таза құны
28. Егер осы босалқылар зақымдалған болса, егер олар толығымен немесе ішінара ескірген болса, немесе олардың сату бағасы төмендесе босалқылардың өзіндік құны өтелмеуі мүмкін. Сонымен қоса сатуды аяқтауға немесе жүзеге асыруға арналған ықтимал шығындар ұлғайған жағдайда, босалқылардың өзіндік құны өтелмеуі мүмкін. Босалқыларды өзіндік құнынан төмен ықтимал таза сату бағасына дейін есептен шығару тəжірибесі активтер алынуы сатудан немесе пайдаланудан күтілетін сомадан жоғары есептелмеуі керек деген пікірге сай келеді.
29. Босалқылар əдетте баптар бойынша ықтимал таза сату бағасына дейін есептен шығарылады. Алайда, кейбір жағдайларда ұқсас немесе бір-бірімен байланысты баптарды топтаған қолайлы болуы мүмкін. Осындай жағдай бірдей мақсатқа арналған немесе түпкі пайдалану бірдей, бірдей географиялық аймақта шығарылған жəне сатылатын жəне осы ассортименттің басқа баптарынан бөлек бағалануы іс жүзінде мүмкін емес бұйымдардың бір ассортиментіне жатқызылатын босалқы баптарға тəн болуы мүмкін. Босалқыларды, мысалы, дайын өнімді немесе нақты саладағы немесе географиялық бөліктегі барлық босалқыларды жіктеу негізінде есептен шығару қолданылмайды. Қызмет көрсету саласындағы ұйымдар əдетте шығындарды бөлек сату бағасы белгіленетін əрбір жеке қызмет бойынша топтастырады. Осылайша, осындай əрбір қызмет көрсету бөлек бап ретінде көрсетіледі.
30. Өткізудің ықтимал таза құнын бағалау үшін есептеулер ең сенімді дəлелдемеге, яғни есепті орындау уақытында өткізуге арналған босалқылар шамасына негізделеді. Бұл есептеулер, аяқталған кезеңнен кейінгі кезеңнің соңында өтіп жатқан оқиғаларға тікелей байланысты бағаның немесе өзіндік құнның ауытқуын кезең аяғында болған жағдайларды осындай оқиғалар растайтын дəрежеде ескереді.
31. Өткізудің ықтимал таза құнын есептеу кезінде сондай-ақ қолда бар босалқылардың қандай мақсатқа арналғаны ескеріледі. Мысалы, белгіленген баға бойынша тауарлар немесе қызмет көрсетулерді сатуға жасалған шарттарды орындауға арналған қандай да бір мөлшердегі босалқыларды өткізудің ықтимал таза құны осы шарттарда белгіленген бағаға негізделеді. Егер осы шарттар бойынша сату көлемі қолда бар босалқылардың көлеміне қарағанда кем болса, онда босалқылардың қалған бөлігін өткізудің ықтимал таза құны өткізу бағасының жалпы деңгейіне негізделеді. Қолда бар босалқылардың қалдықтарынан артық белгіленген бағалар бойынша жеткізу шарттарын немесе белгіленген бағалар бойынша тауарлар сатып алуға шарттарды жасау нəтижесінде бағалау міндеттемелері туындауы мүмкін. Осындай бағалау міндеттемелері 37 Міндеттемелер, шартты міндеттемелер жəне шартты активтер ХҚЕС-ына (IAS) сəйкес қаралады.
32. Босалқылардағы шикізаттар мен басқа да материалдар, егер олар кіретін дайын өнім алдын ала болжам бойынша оның өзіндік құны немесе одан жоғары құнда сатылатын болса, өзіндік құнынан төмен бағада есептен шығарылмайды. Алайда шикізат бағасының төмендеуі дайын өнімнің өзіндік құнын өткізудің ықтимал таза өткізу құнына дейінгі артатынын көрсететін болса, шикізат өткізудің ықтимал таза құнына дейін есептен шығарылады. Мұндай жағдайларда шикізатты алмастыруға арналған шығын өткізудің ықтимал таза құнының қазіргі өлшемдерінен ең ұтымдысы болып шығуы мүмкін.
33. Əрбір келесі кезеңде өткізудің ықтимал таза құнын бағалау қайтадан жүргізіледі. Бұрын босалқылардың өзіндік құнынан төмен бағамен есептен шығару қажеттігін туғызған жағдайлар жойылған кезде немесе экономикалық конъюнктураның өзгеруіне байланысты өткізудің таза ықтимал құнының ұлғайғанының айқын дəлелі болса, жаңа қаржылық жағдай туралы есептік құнды екі өлшемнің - өзіндік құн мен қайта қаралған өткізудің ықтимал таза құны өлшемінің ең аз шамасына дейін келтіру үшін есептен шығарудың тиісті сомасы қайтарылады (яғни қайтару бастапқы есептен шығару мөлшерімен шектеулі). Бұл, мысалы, өткізудің ықтимал таза құны бойынша сату бағасының төмендеуі салдарынан ескерілген босалқылар бабы келесі кезеңде əлі өткізілмей қалған, ал оның сату бағасы өсіп кеткен кезде болады.
Шығыстарды тану
34. Босалқыларды сатқаннан кейін осы босалқылардың қаржылық жағдай туралы есептік құны тиісті түсім танылған кезеңдегі шығыс ретінде танылуы тиіс. Босалқылардың құнын өткізудің ықтимал таза құнына дейін ішінара есептен шығарудың шамасы жəне босалқылардың барлық ысырабы есептен шығару жүзеге асырылған немесе ысыраптың пайда болуы кезеңіндегі шығыс ретінде танылуы тиіс. Өткізудің ықтимал таза құнының ұлғаюынан пайда болған босалқылардың есептен шығарылған құнын қалпына келтірудің кез келген сомасы құнды қалпына келтіру кезеңіндегі шығыс ретінде танылған босалқылар шамасының азаюы ретінде танылуы тиіс.
35. Кейбір босалқылар басқа активтердің шотына жатқызылуы мүмкін, мысалы, өздігінен жүргізілген негізгі құралдардың компоненті ретінде пайдаланылған босалқы. Мұндай жолмен бөлінген босалқылар осы активті пайдалану мерзімі ішіндегі шығыс ретінде танылады.
Ақпаратты ашып көрсету
36. Қаржы есептілігі міндетті түрде мыналарды ашып көрсетуі керек:
(a) өзіндік құнын есептеудің пайдалану тəсіліне қоса босалқыларды бағалау үшін бейімделген есеп саясатын;
(b) осы ұйым қабылдаған босалқылардың жалпы қаржылық жағдай туралы есептік құнын жəне саралау баптары бойынша қаржылық жағдай туралы есептік құнын;
(c) өткізудің ықтимал таза құны бойынша ескерілген босалқылардың қаржылық жағдай туралы есептік құнын;
(d) кезең ішінде шығыстар ретінде танылған босалқылардың тиісті сомасын;
(e) 34-тармаққа сəйкес кезең ішінде шығыс ретінде танылған босалқылар құнының кез келген арзандау сомасын;
(f) 34-тармаққа сəйкес есепті кезеңде шығыс ретінде танылған босалқылар сомасының төмендеуі ретінде танылатын баға кемітуге қатысты реверсивті жазылудың кез келген сомасын;
(g) және 34-тармаққа сəйкес шығынға есептелген босалқылардың қалпына келуіне əкелген жағдайларды жəне оқиғаларды; жəне
(h) міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде салынған босалқылардың қаржылық жағдай туралы есептік құнын ашу керек.
37. Əртүрлі жіктелген босалқылардың қаржылық жағдай туралы есептік құны жəне осы активтердің өзгеру дəрежесі туралы ақпарат қаржы есептілігін пайдаланушылар үшін маңызды болып келеді. Босалқылардың қалыптағы жіктелуі тауарлар, шикізат, материалдар, аяқталмаған өндіріс жəне дайын өнім болады. Қызмет көрсету аясындағы ұйымның босалқылары деп аяқталмаған өндірісті атауға болады.
38. Көбінесе сатудың өзіндік құны деп аталатын, кезең ішінде шығыстар ретінде танылған босалқылар сомасы бұрын дəл осы кезде сатылған босалқыларды бағалауға енгізілген шығындардан жəне өндірістік үстеме шығыстардың бөлінбеген бөлігінен жəне босалқыларды өндірудің өзіндік құнының нормадан тыс шамасынан тұрады.
39. Кейбір ұйымдар пайда жəне шығындар туралы есептерінде жыл бойы шығыс ретінде танылатын босалқылардың өзіндік құнының орнына басқа шамалардың ашылуына əкеліп соқтыратын форматты пайдаланады. Бұл форматқа сəйкес шығыстар сипатына негізделген жіктемені пайдалана отырып, ұйым шығыстардың талдауын ұсынады. Осы жағдайда ұйым кезең ішінде босалқылардың таза өзгеру шамасымен бірге шикізат жəне шығыс материалдары үшін, жалақы жəне басқа да шығындарды, шығыстар ретінде танылатын шығындарды ашып көрсетеді.
Күшіне ену күні
40. Ұйым осы Стандартты 2005 жылдың 1 қаңтарынан басталатын немесе осы күннен кейінгі кезеңдерді қамтитын жылдық кезеңдерде пайдалануға міндетті. Осы Стандартты мерзімінен бұрын пайдаланған жағдайда қолдау көрсетіледі. Егер осы Стандартты ұйым 2005 жылдың 1 қаңтарына дейін басталатын мерзімде қолданса, онда бұл ақпарат ашып көрсетілуі тиіс.
40A [Жойылған]
40B [Жойылған]
40C 2011 жылдың мамыр айында жарияланған 13 ХҚЕС әділ құн анықтамасы 6 және 7 тармағында жарияланды. Ұйым 13 ХҚЕС-ны қолдануы тиіс.
40D 2013 жылдың қараша айында түзету енгізілген 9 ХҚЕС (IFRS) 2(b) тармағына түзету енгізді жəне 40А мен 40B тармақтарын жойды. Ұйым 2013 жылы қараша айында түзету енгізілген 9 ҚЕХС-ты (IFRS) қолданған кезде осы өзгерістерді қолдануы тиіс.
Басқа құжаттардың күшін жою
41. Осы Стандарт 2 Босалқылар ХҚЕС-тың (IAS) (1993 жылғы редакциясы бойынша қайта қарастырылған) орнына пайдаланылады.
42. Осы Стандарт 1 Бірізділік - босалқылар үшін өзіндік құнының əртүрлі формулалары ТТК-тың (SIC) орнына пайдаланылады.