анағұрлым тиімді нарық | Келісім бойынша шағындарды және жол шығындары есепке алынғаннан кейін активті сатудан алынуы мүмкін соманы барынша көтеруге және міндеттемені беруде төленетін соманы азайтуды мүмкін ететін нарық. |
міндеттемелерді орындамау тәуекелі | Ұйымның міндеттемені орындамау тәуекелі. Міндеттемені орындамау тәуекелі сонымен қатар ұйымның өзінің тәукелін де қамтиды. |
бақыланатын бастапқы деректер | Нарықтық деректер пайдаланылып жасалатын бастапқы деректер, мысалы, фактілі жағдай немесе операция туралы жалпы рұқсат етілген ақпарат сияқты нарыққа қатысушылардың активке немесе міндеттемеге баға қоюда пайдаланылуы мүмкін жорамалдарды көрсететін деректер. |
ерікті негіздегі операциялар | Осында активтер немесе міндеттемелер қатысатын операцияларға қатысты қалыпты немесе жалпы мақұлданған нарықтық қызметті бақылауға жеткілікті бағалау күніне дейінгі белгілі бір кезең бойында нарықта жүргізілетін операциялар түрлері; бұл мәжбүрленген операция емес (мысалы, күштеп ликвидациялау немесе мәжбүрлеп іске асыру). |
негізгі нарық | Актив немесе міндеттемеге қатысты ең үлкен көлемді және деңгейлі қызметі бар нарық. |
тәуекел үшін сыйлық ақы | Актив немесе міндеттемемен байланысты, қаржы ағынына тән белгісіздікті алғандығы үшін, тәуекелге баруға ықыласы жоқ нарыққа қатысушылардың талап ететін сыйақысы. Сонымен қатар «тәуекел есепке алынып түзету» деп аталады. |
келісім шығындары | Актив немесе міндеттеме үшін негізгі (немесе ең тиімді) нарықта активті сатуға немесе міндеттемені беруге жұмсалған шығын, олар тікелей активтің шығуына немесе міндеттемені беруге қатысты және төмендегі критерияларға сай: (a) Олар тікелей операциялардан туады және ол үшін маңызды болып табылады. (b) Егер де активті сату немесе міндеттемені беру шешімі қабылданбаған болса, ұйымның мұндай шығындары болмас еді (5 ХҚЕС - та (IFRS) ұсынылған сатуға шығындардың анықтамасына барабар). |
жол шығындары | Активті қазіргі орнының оның негізгі (немесе анағұрлым тиімді) нарығының орнына тасымалдау кезінде шығатын шығын. |
есептеу бірлігі | ХҚЕС- та тану мақсатында активтер немесе міндеттемелердің біріктіру немесе ажырату деңгейі. |
бақыланбайтын бастапқы деректер | Нарықтың деректерге рұқсаты жоқ және де нарыққа қатысушылардың актив немесе міндеттемеге баға қоюда пайдаланатын жорамалдар туралы барлық қол жетімді ақпаратты қолданып жасалған бастапқы деректер. |
B Қосымшасы
Қолдануға нұсқаулық
Бұл нұсқаулық осы стандарттың ажырамас бөлігі болып табылады. Нұсқаулық 1 - 99- тармақтардың қолданылуын сипаттайды және оның күші осы стандарттың басқа бөлімдеріне тең келеді.
B1 Түрлі бағалау жағдайларында қолданылатын пікірлер әр түрлі болуы мүмкін. Бұл қосымша ұйымның түрлі бағалау жағдайында әділ құнды бағалауға қолданылуы мүмкін пікірлерді сипаттайды.
B2 Әділ құнды бағалаудың мақсаты, қазіргі нарықтық жағдайларда бағалау күніне нарыққа қатысушылар арасында ерікті негізде активті сату немесе міндеттемені беру бойынша операция жүргізілуі мүмкін бағаны анықтау. Әділ құнды бағалау ұйымнан төменде көрсетілген барлық жағдайлардың анықталуын талап етеді:
(a) бағалау объектісі болып табылатын нақты актив немесе міндеттеме (оның есептеу бірлігіне сәйкес).
(b) қаржылық емес активке қатысты баға үшін қолайлы болып табылатын бағалаудың бастапқы шарты (оның ең дұрыс және ең тиімді пайдаланылуына сәйкес).
(c) актив немесе міндеттеме үшін негізгі (немесе анағұрлым тиімді) нарық.
(d) нарыққа қатысушылар актив немесе міндеттемеге баға қоюда және де осы бастапқы деректер жататын әділ құн иерархиясының деңгейін анықтауда пайдаланылуы мүмкін жорамалдарды көрсететін, бастапқы деректерді жасау үшін деректердің болуын есепке алғандағы, әділ құнды анықтауға қолайлы бағалау әдісі немесе әдістері.
B3 Басқа активтермен активтер тобы ретінде қосылып қолданылатын (пайдалану үшін басқа конфигурация немесе инсталляция кезінде) немесе басқа активтер және міндеттемелер қосылғанда қолданылатын (мысалы, бизнес), қаржылық емес активтің әділ құнын бағалауда, бағалаудың бастапқы шартының ықпалы нақты жағдайларға тәуелді. Мысалы:
(a) актив жеке әлде басқа активтер немесе басқа міндеттелермен қосылып қолданылуына тәуелсіз активтің әділ құны бірдей болуы мүмкін. Бұл мынадай жағдайда болуы мүмкін, нарыққа қатысушылар жүргізе беретін бизнес актив болып шықса. Мұндай жағдайда операция бизнесті жалпы бағалауды болжайтын еді. Активтерді топ ретінде жүргізілетін бизнес жағдайында қолдану - нарыққа қатысушыларға қол жетімді болуы мүмкін синергияларды тудырушы еді (нарыққа қатысушылардың синергиясы жеке активтің немесе басқа активтермен немесе басқа активтер мен міндеттемелермен қосылғандағы әділ құнына ықпал етуі керек).
(b) активті басқа активтермен немесе басқа активтер мен міндеттемелермен комбинацияда қолдану әділ құнды бағалауға жеке қолданылатын активтің құнының түзетілуі жолымен қолданылуы мүмкін Егер де актив станок болатын болса, осылай болуы мүмкін, және де әділ құнды бағалау барабар станокқа (орнатылмаған және конфигурацияланбаған) транспорттық және орнатушылық шығындары есепке алынып түзетілетін бақыланатын бағаны пайдаланумен жүзеге асады; әділ құнның бағасы станоктың қазіргі жағдайын және орнын көрсетуі үшін (пайдалану үшін орнатылған және басқаша конфигурацияланған)
(c) Активті басқа активтермен немесе басқа активтермен және міндеттемелермен комбинацияда қолдану, нарыққа қатысушылардың активтің әділ құнын бағалау үшін қолданылатын тәуекелдердің көмегімен әділ құнды бағалауға қосылуы мүмкін. Мысалы, егер де актив бірегей аяқталмаған өнім болса, және де нарыққа қатысушылар мұндай өнімді дайын өнімге ауыстырып жасайтын болса, онда мұндай өнімнің әділ құнын бағалау үшін нарыққа қатысушылар осындай өнімді дайын өнім етіп шығаратын әдейі жабдық алғандығы немесе алуы мүмкіндігі жорамалы қабылданатын еді.
(d) Активті басқа активтер немесе басқа міндеттемелер қосылуында пайдалану осы активтің әділ құнын бағалау үшін қолданылатын бағалау әдісіне қосылуы мүмкін. Мұндай жағдай материалды емес активтің әділ құнын бағалау үшін дисконттелнен қаржы ағындарының әдісін қолдану орын алуы мүмкін, бұл бағалау әдісі арнайы түрде түрлі активтер және олармен байланысты міндеттемелерді осы материалды емес актив қолданылуы мүмкін топқа енгізуі мүмкін салымды есепке алады.
(е) Бұдан шектеулі жағдайларда, ұйым активті активтер тобы аясында пайдаланғанда, ұйым активті топтың жеке активтері арасында, активтер тобының әділ құнын бөлуде оның әділ құнына шамамен тең болатын сомамен бағалауы мүмкін. Мұндай жағдайда, егер баға жылжымайтын мүлікке қатысты болса, ол жақсартылған мүліктің әділ құны (демек, активтер тобы) оның құрамына кіретін активтер арасында таратылып бөлінеді (мысалы, жер және көріктендіру элементтері сияқты).
B4 Бастапқы тануда әділ құн операцияның бағасына тең болатындығын анықтауда, ұйым осы операцияға және осы актив немесе міндеттемеге ерекше болып келетін факторларды есепке алуы керек. Мысалы, операцияның бағасы төменде көрсетілген шарттардың қайсібірі болғанда бастапқы тануда активтің немесе міндеттеменің әділ құны болып табылмайды:
(a) байланысқан жақтармен болатын операция бағасы әділ құнды бағалау үшін бастапқы деректер ретінде қолданылса да, егер де ұйымның операция нарықтық жағдайда жүргізілгендігі дәлелі болса,операция байланысқан жақтар арасында жүзеге асады,
(b) операция мәжбүрлеп жүзеге асырылады немесе сатушы осы операцияда қолданылатын бағаны қабылдауы керек. Мысалы, егер сатушы қаржы жағынан қиындыққа душар болса, осылай болуы мүмкін.
(c) операцияның бағасымен көрсетілген есептеу бірлігі әділ құн бойынша бағаланатын актив немесе міндеттемеге қатысты қабылданған есептеу бірлігінен айырмашылығы болады.Әділ құн бойынша бағаланатын актив немесе міндеттеме операцияның бір ғана элементі болатын болса (мысалы, бизнесті біріктіруде) осындай жағдай орын алуы мүмкін, басқа қандай да бір ХҚЕС- қа сәйкес бағаланатын жарияланбаған құқықтар мен артықшылықты қосады, немесе операцияның бағасы келісімге жұмсалған шығынды қосады.
(d) операция жүзеге асатын нарық негізгі нарық (немесе анағұрлым тиімді нарық) болып табылмайды. Мысалы, көрсетілген нарықтардың бір -бірінен айырмашылығы болуы мүмкін, егер ұйым көтерме нарықта клиенттермен операцияға қатысатын делдал болып табылса, бірақ, операция үшін шығу бойынша негізгі (немесе анағұрлым тиімді) нарық болып делдалдық нарықта басқа делдалдармен болатын операция.
Нарықтық жол
B5 Нарықтық жолда ұқсас немесе салыстырмалы (демек, барабар) активтермен, міндеттемелермен немесе бизнес сияқты активтер және міндеттемелер топтары бар нарықтық операциялармен басқарылатын баға және басқа релевантты ақпарат қолданылады.
B6 Мысалы, нарықтық жолмен үйлесетін бағалау әдістерінде салыстырылатын көрсеткіштер жинағынан пайда болатын нарықтық көбейткіштер жиі қолданылады. Көбейткіштер әр салыстырылатын көрсеткіш бойынша басқа көбейткішпен бір диапазондарда бола алады. Диапазоннан тиісті көбейткішті таңдау үшін, бағалау үшін ерекше сапалық және сандық факторларды есепке алатын пайымдамаларды қолдану керек.
B7 Нарықтық жолмен үйлесетін бағалау әдістері матрицалық баға жасауды қосады. Матрицалық баға жасау - бұл қарыздық бағалы қағаздар сияқты көбінесе кейбір Қаржы құралдарыды бағалауға қолданылатын математикалық әдіс, ол белгілі бір бағалы қағаздардың кесілетін бағаларына негізделмейді, бірақ, бағалы қағаздардың бағдар ретінде қолданылатын басқа кесілетін бағалы қағаздардың қатынасына негізделеді.
Шығындық жол
B8 Шығындық жолда қазіргі уақытта активтің өнімділік қабілеттілігін ауыстыру үшін қажет болуы мүмкін сома көрсетіледі( ол ауыстырудың қазіргі бағасы деп жиі аталады).
B9 Нарыққа қатысушы ретіндегі сатушының көзқарасына байланысты актив үшін алынуы мүмкін баға моральді тозу есепке алынып, салыстырмалы пайдасы бар активтің орнына бола алатын активті алу немесе салу үшін сатып алушы нарыққа қатысушы ретінде төлейтін сомаға негізделеді. Мұның себебі, сатып алушы нарыққа қатысушы ретінде актив үшін осы активтің өнімділік қабілеттілігін айырбастауы мүмкін соманы төлеуі ықтимал. Моральді тозу - нақты нашарлауды, функционалды (техникалық) ескіруді және экономикалық (сыртқы) ескіруді қамтиды және дайындық пен финанстық есеп беру(тарихи құнның бөлінуі) немесе салықтық мақсаттардағы тозуға (пайдалы қызметтің белгілі мерзімдерін пайдалану) қарағанда кең ұғым болып табылады. Көптеген жағдайларда ауыстыру құнының ағындағы әдісі басқа активтермен немесе басқа активтер мен міндеттемелермен комбинацияда қолданылатын материалды активтердің әділ құнын бағалауға қолданылады.
Табыстық жол
B10 Табыстық жолды пайдаланғанда келешек сомалар (мысалы, қаржылардың ағыны немесе табыстар және шығындар) қазіргі жағдайдағы бірыңғай сомаға (демек, дисконттелген) айналдырылады. Табыстық жолды пайдалануда әділ құнды бағалау мұндай болашақ сомаларға қатысты қазіргі нарықтық күтуді көрсетеді.
B11 Мұндай бағалау әдістері, мысалы, мынаны қамтиды:
(a) Келтірілген құн бойынша бағалау әдістері (B12-B30 тармақтарды қара);
(b) Блэка-Шоулс-Мертон формуласы сияқты опционды бағалау үлгілері немесе биномиальді үлгі (демек, кестелік үлгі), олар келтірілген құн бойынша бағалау әдістерін қамтиды және опционның уақытша құны сияқты ішкі құнын да көрсетеді; және
(c) Кейбір материалды емес активтердің әділ құнын бағалау үшін қолданылатын дисконттелген қаржылық ағындардың әдісін қамтиды.
Келтірілген құн бойынша бағалау әдісі
B12 B13-B30 тармақтарында әділ құнды бағалау үшін келтірілген құн бойынша бағалау әдісін қолдану сипатталады. Бұл тармақтарда үлкен мағына дисконттау ставкаларын түзету әдісіне және қаржы ағынының ықтималдылылығы әдісіне бөлінеді (ықтималды келтірілген құнның). Бұл тармақтар келтірілген баға бойынша бір жақты бағалау әдісін қолдануға мәжбүрлемейді және де сипатталған әдістермен әділ құнды бағалау үшін келтірілген баға бойынша бағалау әдістерін қолдануды шектемейді. Әділ құнды анықтау үшін пайдаланылатын келтірілген баға бойынша бағалау әдісі - бағаланатын актив немесе міндеттемеге ерекше болып табылатын (мысалы, нарықта салыстырылатын активтер немесе міндеттемелерге бағалар бақыланады ма) факторлар мен және жеткілікті деректердің болуына тәуелді.
Келтірілген баға бойынша бағалаудың компоненттері
B13 Келтірілген құн (демек, табыстық жолды қолдану) - болашақ сомаларды дисконттау ставкаларын қолданып, бар сомамен байланыстыруға қолданылатын құрал. Келтірілген құн бойынша бағалау әдісін қолданып, активтің немесе міндеттеменің әділ құнын анықтау, нарыққа қатысушылардың көзқарасына байланысты бағалау күніне барлық көрсетілген элементтерді қамтиды:
(a) бағаланатын активтен немесе міндеттемеден болашақ қаржы ағындарын бағалау.
(b) ақша ағындарына тән белгісіздікті көрсететін соманың өзгеруі ықтималдылылығына қатысты күту және қаржы ағындарын алу үшін күту.
(c) өшіру мерзімі мен жұмыс мерзімі қаржының ағындарымен қамтылған мерзіміне сәйкес келетін және мерзімдерге және оларды ұстаушыларға ешқандай дефолт тәуекеліне қатысты ешқандай белгісіздік көрсетпейтін, тәукелсіз монетарлы активтер ставкалары бойынша көрсетілетін ақшаның уақытша құны(демек, тәукелсіз сыйақы ставкасы).
(d) қаржы ағынына тән белгісіздікті қабылдау үшін төленетін баға (демек, тәуекел үшін сыйлық ақы).
(e) нарыққа қатысушылар қалыптасқан жағдайларда қабылдауы мүмкін басқа да факторлар.
(f) міндеттемеге қатысты, ұйымның өзіндік тәуекелін қосатын, осы міндеттемеге жататын міндеттемелерді орындамау тәуекелі ( демек, өзіне міндеттеме алған тұлғалар).
Жалпы принциптер
B14 Келтірілген құн бойынша бағалау әдістерінің В13-тармағында сипатталған элементтерді қалай қолданылуына байланысты бір - бірінен айырмашылығы болады. Дегенмен, төменде көрсетілген жалпы принциптер әділ құнды бағалау үшін қолданылатын келтірілген құн бойынша кез келген бағалау әдісін қолдануды реттейді:
(a) Қаржы ағындары және дисконттау ставкалары нарыққа қатысушылардың актив немесе міндеттемеге баға қоюда қолданылуы мүмкін жорамалдарды көрсетуі керек.
(b) Қаржы ағындары және дисконттау ставкалары үшін тек бағаланатын актив немесе міндеттемеге қатысы бар факторлар ғана есепке алынуы керек.
(c) Екі жақты есептен ада болу және тәуекел факторларын назардан түсіріп алмау үшін, дисконттау ставкалары қаржы ағындарына тән жорамалдармен үйлесетін жорамалдарды көрсетуі керек. Мысалы, болашақ дефолтқа қатысты белгісіздік күтуді көрсететін дисконттау ставкасы, келісімшартпен көрсетілген ссудадан қаржы ағындарын қолдануда тиімді болады (демек, дисконттау ставкасын түзету әдісі), осы ставка түзетілетін (ықтималдылығы есепке алынып өлшенген) қаржы ағындарын пайдалануда қолданылуы керек, өйткені, күтілетін қаржы ағындары келешек дефолтқа қатысты қазірдің өзінде белгісіздік жөнінде жорамалды көрсетеді; мұның орнына, күтілетін қаржы ағындарына тән тәуекелмен шамалас дисконттау ставкасы қолданылуы керек.
(d) Қаржы ағындарына қатысты және дисконттау ставкаларына қатысты жорамалдар өзара дәйекті болуы керек. Мысалы, инфляция эффектісін қосатын қаржының номиналды ағыны инфляция эффектісін қосатын ставка бойынша дисконттелуі керек. Номаналды тәукелсіз сыйақы ставкасы инфляция эффектісін қамтиды. Инфляция эффектін шығаратын қаржының фактілі ағындары инфляция эффектін шығаратын ставка бойынша дисконттелуі керек. Барабар жолмен, салықты есептемегендегі қаржы ағындары - салықты есептемегендегі дисконттау ставкасы пайдаланылып дисконттелуі керек. Салық төлегенге дейінгі қаржы ағындары көрсетілген қаржы ағындарымен үйлесетін ставка бойынша дисконттелуі керек.
(e) Дисконттау ставкалары- қаржы ағындары көрсетілген валютамен байланысты негізгі экономикалық факторларды есепке алуы керек.
Тәуеукел және белгісіздік
B15 Келтірілген құн бойынша бағалау әдістері қолданылып әділ құнды бағалау белгісіздік жағдайларда жүзеге асады, өйткені, қолданыстағы қаржы ағындары белгілі сомаларға емес, есептеу көлемдері болып табылады. Көптеген жағдайларда сома да, қаржы ағындарын алу мерзімдері де белгісіз болып табылады. Несие бойынша төлемдер сияқты, келісімшартпен белгіленген тиянақталған сомалар егер де дефолт тәуекелі болатын болса, белгісіз болып табылады.
B16 Нарыққа қатысушылар белгісіздікті қабылдағаны үшін сыйақы талап етеді (демек, тәуекел үшін сыйлық ақы). Әділ құнды бағалау - қаржы ағындарына тән, нарыққа қатысушылар белгісіздікті қабылдағаны үшін өтемақы ретінде талап етуі мүмкін соманы көрсететін тәуекел үшін сыйлық ақыны қамтуы керек. Керісінше жағдайда, бағалау әділ құнды дәйекті түрде көрсетпейді. Кейбір жағдайларда, тәуекелге сәйкес сыйлық ақыны айқындау қиынға соғады. Дегенмен, қиындық деңгейі тәуекел үшін сыйлық ақыны болдырмауға жеткілікті себеп болып табылмайды.
B17 Келтірілген баға бойынша бағалау әдістері тәукелді есепке алғанда қандай түзетулер қосатынына байланысты қаржы ағындарының түріне байланысты айырмашылығы болады, мысалы:
(a) Дисконттау ставкасы түзету әдісін қолдануда (B18-B22 тармақтарды қара) тәуекел есепке алынып, түзетілген дисконттау ставкасы және келісімшартпен белгіленген, уәде етілген немесе анағұрлым ықтималды қаржы ағындары қолданылады
(b) Күтілетін келтірілген құн бойынша бағалау әдісін қолдануда (B25 тармақты қара) тәуекел есепке алынып түзетілген күтілетін қаржы ағыны мен тәукелсіз ставка пайдаланылады.
(c) Күтілетін келтірілген баға бойынша 2 бағалау әдісін қолдануда тәуекелді есепке алып түзетілмеген күтілетін қаржы ағындары және нарыққа қатысушылар талап ететін тәуекел үшін сыйлық ақыны есепке алып түзетілген дисконттау ставкасы қолданылады. Мұдай ставканың дисконттау ставкасының түзету әдісін қолдануда пайдаланылатын ставкадан айырмашылығы болады.
Дисконттау ставкасын түзету әдісі
B18 Дисконттау ставкасының түзету әдісін қолдануда келісімшарпен көрсетілген немесе уәде етілген (облигация сияқты) анағұрлым ықтималды қаржы ағындары сияқты немесе ықтималды есеп сомалары диапазонынан қаржы ағындарының бір жинағы қолданылады. Барлық жағдайлрда көрсетілген қаржы ағындары шартты болып табылады және белгілі бір жағдайлардың тууына тәуелді (мысалы, облигация бойынша келісімшартпен белгіленген немесе уәде етілген қаржы ағындары шартты болы табылады және дебитор жақтан дефолт жағдайының тууына тәуелді). Дисконттау ставкаларын түзету әдісі үшін қолданылатын дисконттау ставкасы салыстырылатын активтер немесе міндеттемелер бойынша табыстық бақыланатын ставкалардан туады. Сәйкесінше, келісімшартпен көрсетілген, уәде етілген немесе анағұрлым ықтимал қаржы ағындары мұндай шартты қаржы қаржы ағындары үшін бақыланатын немесе есептік нарықтық ставка бойынша дисконттеледі (демек, пайдалылықтың нарықтық ставкасы).
B19 Дисконттау ставкасын түзету әдісі салыстырылатын активтер нмесе міндеттемелер бойынша нарықтық деректердің анализін талап етеді. Салыстырмалылық қаржы ағындарының мінезін қарастыру жолымен (мысалы, қаржы ағындары келісімшартпен көрсетіледі ме, жоқ па, және олардың экономикалық жағдайының өзгеруіне бірдей жауап қайтару ықтималдылығы), және де басқа факторлар жолымен, (мысалы, несиелік жағдай, кепілдегі мүлік, мерзімдер, шектеу шарттары және ликвидтілік) анықталады. Альтернатива ретінде, егер жеке салыстырылатын актив немесе міндеттеме кейбір салыстырылатын активтер нмесе міндеттемелер деректердің тәуекелсіз қисық пайдалылықпен бірге қолдана отырып, дисконттау ставкасын анықтауға болады (демек, «кумулятивті жасаудың» әдісін қолдана отырып).
B20 Кумулятивті жасау әдісін иллюстрациялау үшін А активті келісімшартпен көрсетілген 800 а.б.[1] бір жылдан кейін алуға құқығын көрсетеді (демек, мерзімдерге қатысты белгісіздік жоқ). Салыстырылатын активтердің қалыптасқан нарығы бар, және, осы активтер туралы ақпарат, бағалар туралы ақпаратты қосқанда да қол жетімді болып табылады. Көрсетілген салыстырылатын активтерден: Осы ХҚЕС қаржы сомалары «ақша бірліктерінде (а.б.) көрсетілген».
(a) B активі келісімшарпен белгіленген бір жылдан кейін 1200 а.б. алуға құқығын көрсетеді, ал оның нарықтық бағасы 1083 а.б. болып табылады. Осылайша, тұспалданатын пайдалылықтың жылдық ставкасы (демек, пайдалылықтың 1 жыл ішіндегі нарықтық ставкасы) 10,8 пайызды құрайды [(1 200 а.б./1 083 а.б.) - 1].
(b) С активі 2 жылдан кейін келісімшарпен белгіленген бір жылдан кейін 700 а.б. алуға құқығын көрсетеді, ал оның нарықтық бағасы 566 а.б. құрайды. Осылайша, тұспалданатын пайдалылықтың жылдық ставкасы (демек, пайдалылықтың 2 жыл ішіндегі нарықтық ставкасы) 11,2 пайызды құрайды [(700 а.б./566 а.б.) ^0,5 - 1].
(c) Барлық 3 актив тәуекелге қатысты салыстырылады (демек, мүмкін төлемдердің және несиенің дисперсиясы).
B21 А активіне қатысты алынуы мүмкін төлемдер келісімшартпен келісілген мерзімдер анализі негізінде А активі және С активі үшін белгіленген мерзімдерге қатысты (демек, B активі үшін бір жыл C активі үшін 2 жылға қарама-қарсы),В активі А активіне анағұрлым салыстырмалы болып табылады. А активіне қатысты алынатын (800 а.б.) келісімшартпен келісілген төлемді және В активімен байланысты көрсетілген 1 жыл үшін нарықтық ставканы (10,8 пайыз) қолдануда. А активінің әділ құны 722 а.б. құрайды. (800 қ.еб./1,108). Альтернатива ретінде В активі бойынша рұқсат етілген нарықтық ақпараттың болмауында, нарықтық ставка кумулятивтік жасау әдісі қолданылған С Активі жөніндегі ақпараттан алынуы мүмкін еді. Мұндай жағдайда, С Активі үшін белгіленген (11,2 пайыз) 2 жыл үшін нарықтық ставка тәуекелсіз қисық пайдалылықтың уақытша құрылымын қолдана отырып, 1 жыл үшін нарықтық ставканы алғанға дейін түзетілуі мүмкін еді.Біржылдық және екіжылдық активтер үшін тәуекел сыйлық ақылары бірдей болып табылады ма, осыны анықтауға қосымша ақпарат қажет болуы мүмкін. Егер де біржылдық және екіжылдық активтер үшін тәуекел сыйлық ақылары бірдей болмайтыны анықталса, пайдалылықтың 2 жыл ішіндегі нарықтық ставкасы осындай ықпалды есепке ала отырып қосымша түзетілуі керек.