B22 Егер де тиянақталған түсімдер мен төлемдерге дисконттау ставкасының түзету әдісі қолданылса, бағаланатын актив немесе міндеттемемен байланысты қаржы ағындарына тән тәуекел есепке алынғандағы түзету дисконттау ставкасына қосылады. Кейбір жағдайларда қаржы ағындарына түсім немесе төлем болып табылмайтын дисконттау ставкасының түзету әдісін қолдану ол туралы ақпараттан дисконттау ставкасы алынған бақыланатын актив немесе міндеттемемен салыстырмалылыққа жету үшін қаржы ағындарының түзетілуі қажет болуы мүмкін.
Күтілетін келтірілген құн бойынша бағалау әдісі
B23 Ықтималдылықты келтірілген құн бойынша бағалау әдісін шығу нүктесі ретінде пайдалану кезінде барлық мүмкін болатын қаржы ағындарының ықтималдылығы есепке алынып өлшенген орта мағынасын көрсететін қаржы ағындарының топтамасы қолданылады (демек, қаржы ағындарының күтілетін ағындары). Нәтижесінде алынатын есеп айырысу мөлшерлемесі - статистикалық көрсетуде - сәйкес өлшенетін ықтималдылықпен дискретті кездейсоқ айнымалысының ықтимал құнының орта өлшенген мағынасы болып табылатын күтілетін мағынаға сәйкес. Барлық мүмкін болатын қаржы ағындары ықтималдылық есепке алынып өлшенетін болғандықтан, нәтижесінде алынатын күтілетін қаржы ағыны шартты емес және қандай да бір белгілі бір жағдайдың тууынан тәуелсіз (дисконттау ставкаларын түзету әдістері үшін қолданылатын қаржы ағындарына қарағанда).
B24 Инвестициялау туралы шешімді қабылдағанда, тәуекелді қабылдауға дайын емес нарыққа қатысушылар - қаржының фактілі ағындары күтілетін қаржы ағындарынан айырмашылығы болатындығы тәуекелін есепке алуы керек. Портфелді таңдау теориясында 2 тәуекел түрі ажыратылады:
(a) Нақты актив немесе міндеттемеге ерекше болып табылатын систематикалық емес (диверсифицияланатын) тәуекел.
(b) Диверсифицияланатын портфелде актив немесе міндеттмеге және басқа бірліктерге жалпы болып табылатын систематикалық (диверсифицияланбайтын) тәуекел.
Портфелді таңдау теориясында тепе - теңдікте болатын нарықта нарыққа қатысушыларға тек қаржылық ағындарға тән систематикалық тәуекелді қабылдау ғана қайтарылады. (тиімді нарықтарда және тепе -теңдікте емес нарықтарда табыстың немесе компенсацияның басқа түрлері де қол жетімді болуы мүмкін).
B25 Күтілетін келтірілген құн бойынша 1-бағалау әдісі тәуекел үшін қолма -қол сыйлық ақыны есептеп шығару жолымен систематикалық (демек, нарықтық) тәуекелді есепке ала отырып, активпен байланысты күтілетін қаржылық ағындарды түзетеді (демек, тәуекел есепке алынып түзетілетін қаржылық ағындары). Қаржылық ағындардың сенімді эквивалент нарыққа қатысушы қаржының күтілетін ағынына белгілі бір қаржының ағынынан тәуелсіз, осылайша, тәуекел есепке алынып түзетілетін - күтілетін ақша ағынын көрсетеді (анықтамаға сәйкес). Мысалы, егер нарыққа қатысушы күтілетін қаржы ағынының 1200 а.б. мөлшерінде 1000 а.б. мөлшеріндегі нақты қаржы ағынына ауыстырғысы келсе, онда 1000 а.б. сома 1200 а.б. сомаға сенімді эквивалент болып табылар еді (демек, 200 а.б. сома тәуекел үшін қолма -қол сыйлық ақы болар еді). Мұндай жағдайда нарыққа қатысушы ұсталатын активпен тәуелсіз болар еді.
B26 Жоғарыда көрсетілгеннен өзгеше, күтілетін келтірілмеген құн бойынша 2-бағалау әдісі систематикалық (демек, нарықтық) тәуекелді есепке алып түзетулер енгізеді, тәукел үшін сыйлық ақыны тәуекелсіз сыйақыны қолдана отырып. Сәйкесінше, күтілетін ақша ағындары ықтималдылық есеппен өлшенген, қаржы ағындарымен байланысты күтілетін ставкаға сәйкес ставкамен дисконттеледі (демек, пайдалылықтың күтілетін ставкасы). Тәуекелді активтердің бағасын жасау үшін пайдаланылатын үлгілер пайдалылықтың күтілетін ставкасын бағалау үшін пайдаланылуына болады. Дисконттау ставкасын түзету әдісіне қолданылатын дисконттау ставкасы қаржының шартты ағындарына жататын пайдалылықтың ставкасы болып табылғандықтан, ол мүмкін ықтималдылық есепке алынып, күтілетін қаржы ағындарына немесе өлшенетін қаржы ағындарына жататын пайдалылықтың күтілетін ставкасы болып табылатын , күтілетін келтірілген құн бойынша 2 бағалау әдісінде қолданылатын дисконттау ставкасынан жоғары болады.
B27 1 және 2-әдістерді иллюстрациялау үшін, төменде көрсетілген мүмкін болатын қаржы ағындары және ықтималдылықтар негізінде анықталатын, активке қатысты 780 а.б. мөлшерінде бір жылдан кейін қаржы ағынын алу көзделді делік. Қолданылатын бір жылдық шегі бар қаржы ағындарына қолданылатын тәукелсіз сыйақы ставкасы 5 пайызды құрайды, ал актив үшін тура осындай тәуекел профилімен тәуекел үшін систематикалық сыйлық ақы 3 пайызды құрайды.
Ықтималды қаржы ағындары | Ықтималдылық | Ықтималдылық есепке алынып өлшенген қаржы ағындары |
500 а.б. | 15% | X75 а.б. |
800 а.б. | 60% | 480 а.б. |
900 а.б. | 25% | 225 а.б. |
Ықтималды қаржы ағындары | | 780 а.б. |
B28 Осы оңай мысалда күтілетін қаржы ағындары (780 а.б.) ықтималдылық есепке алынып өлшенген 3 мүмкін нәтиженің орта мағынасы болып табылады. Анағұрлым шындыққа жақын жағдайларда көптеген мүмкін болатын нәтижелер болады. Дегенмен, күтілетін келтірілген құн бойынша бағалау әдісін қолднану үшін қиын үлгілер мен әдістерді қолданып мүмкін болатын қаржы ағындарын әрқашан бөлуді есепке алу қажет емес. Оның орнына, көптеген мүмкін болатын қаржы ағындарын қамтитын дискретті сценариялар мен ықтималдылықтардың шектеулі мөлшерін дамыту керек. Мысалы, ұйым нарыққа қатысушылардың жорамалдарын есепке алғанда кез келген өткен сәйкес кезең үшін өткізілген ақша ағындарын пайдалану мүмкін кейін болған жағдайларда өзгеруді есепке алып түзетілген (мысалы, сыртқы факторлардың өзгеруі, экономикалық немесе нарықтық шарттарды қосқанда, салаларда тенденциялар және бәсекелістікті қосқанда, және ұйымға ерекше түрде әсер ететін ішкі факторлардың өзгеруі).
B29 Теорияда 1-Әдіс немесе 2-Әдіс қолданылуынан тәуелсіз, активпен байланысты қаржы ағындарының келтірілген құны (демек, әділ құн) тең болып қала береді, нақтырақ айтсақ:
(a) 1-Әдісті қолданғанда күтілетін қаржы ағындары систематикалық (демек, нарықтық) тәуекел. Тәуекелді есепке алып түзетуді тура көрсететін сома сияқты нарықтық деректердің болмауы жағдайында мұндай түзету сенімді эквиваленттер ұғымы қолданылып, активтер құнын анықтау үлгісі көмегімен алынуы мүмкін. Мысалы, тәуекелді есепке алып түзету (22 а.б. мөлшеріндегі тәуекел үшін қолма - қол сыйлық ақы ), 3 пайыздық мөлшерде (780 а.б. - [780 а.б. × (1,05/1,08)]) мөлшеріндегі тәуекел үшін систематикалық сыйлық ақыны қолданумен анықталуы мүмкін, бұл тәуекелді есепке алып түзетілген 758 а.б. (780 а.б. - 22 а.б.) мөлшеріндегі күтілетін қаржы ағындарына алып келеді. 758 а.б. сома 780 а.б. сомаға сенімді эквивалент болып табылады, және тәуекелсіз сыйақы ставкасы бойынша (5 пайыздық) дисконттеледі. Активтің келтірілген құны (демек, әділ құн ) 722 а.б. болып табылады (758 а.б./1,05).
(b) 2-Әдісті қолданғанда күтілетін қаржы ағындары систематикалық (демек, нарықтық) тәуекел қолданылып түзетілмейді. Мұның орнына, мұндай тәуекел есепке алынып түзету дисконттау ставкасына қосылады. Осылайша күтілетін қаржы ағындары 8 пайыздық мөлшердегі күтілетін пайдалылық ставкасымен дисконттеледі (демек, 5 пайыздық тәуекелсіз сыйақы ставкасына 3 пайыздық тәуекел үшін сыйлық ақы қосылады ). Активтің келтірілген құны (демек, әділ құн ) 722 а.б. (780 а.б./1,08) құрайды.
B30 Әділ құнды бағалау үшін күтілетін келтірілген құн бойынша бағалау әдісін қолдануда не 1-Әдіс немесе 2-Әдіс қолданылуы мүмкін. 1-Әдісті немесе 2-Әдісті ме, қай әдісті қолдану, бағаланатын актив немесе міндеттеме ерекше болып келетін, фактілер мен жағдайларға тәуелді болады, және де деректердің жеткілікті мөлшері мен қолданылатын пікірлерге тәуелді.
Келтірілген құн бойынша бағалау әдістерінің басқа жақтармен актив ретінде ұсталмайтын (40 және 41 тармақтарды қара) ұйымның міндеттемелерге және жекеменшік үлестік құралдарға қатысты қолданылуы
B31 Басқа жақпен актив ретінде ұсталынбайтын міндеттеменің әділ құнын бағалау үшін келтірілген құн бойынша бағалау әдісін қолдануда (мысалы, объектілерді жұмыстан шығару жөнінде міндеттеме) ұйым басқадан басқа, міндеттемені орындау үшін нарыққа қатысушылардан күтілетін қаржының болашақтағы шығуын бағалау керек. Мұндай қаржының болашақтағы шығуы нарыққа қатысушы міндеттемені қабылдағаны үшін талап ететін нарыққа қатысушылардың міндеттемені орындауға және компенсацияға шығындарына қатысты күтулерін қосу керек. Мұндай сыйақы нарыққа қатысушы мынадай жағдайларда талап етуі мүмкін табысты қосады:
(a) Қызметті жүзеге асыру үшін (демек, міндеттемені орындау құны; мысалы, басқа қызметті жүзеге асыру үшін қолданылуы мүмкін ресурстарды қолданғанда); және
(b) Міндеттемемен байланысты тәуекелді қабылдау (демек, қаржы ағындарының фактілік шығуы қаржы ағындарының күтілетін шығынынан өзгеше болуы мүмкіндігі тәуекелін көрсететін тәуекел үшін сыйлық ақы; B33 тармақты қара).
B32 Мысалы, қаржылық емес міндеттемеде келісімшартпен көрсетілген пайдалылықтың ставкасы жоқ, және, бұл міндеттеме үшін бақыланатын нарықтық пайдалылық болмайды. Кейбір жағдайларда нарыққа қатысушылар талап етуі мүмкін пайдалылықтың компоненттері жеке түрде бір - бірінен айырмашылығы болмайды (мысалы, мердігер - үшінші жақ тиянақталған гонорар ретінде талап етуі мүмкін бағаны пайдалануда). Басқа жағдайларда ұйым мұндай компоненттерді жеке түрде бағалауы керек (мысалы, мердігер - үшінші жақ «қосу шығын» принципі бойынша талап етуі мүмкін бағаны қолдануда, өйткені осы жағдайда мердігер шығындардың болашақтағы тәуекеліне бармайды ).
B33 Ұйым төмендегі тәсілдердің біреуін қолдана отырып, басқа жақпен актив ретінде ұсталынбайтын міндеттемесінің немесе өзіндік үлестік құралының әділ құнын бағалауға тәуекел үшін сыйлық ақыны қосуы мүмкін:
(a) Қаржы ағындарын түзете отырып (қаржының шығу сомасының көбеюі сияқты); немесе
(b) Олардың келтірілген бағасына дейін болашақ қаржы ағындарын дисконттау үшін пайдаланылатын ставканы түзете отырып (демек, дисконттау ставкасын төмендету сияқты).
Ұйым тәуекелді есепке алып 2-рет түзетпегеніне және осындай түзету жіберіп алмағанына сенімді болуы керек. Мысалы, егер қаржының есеп ағындары міндеттемемен байланысты тәуекелді қабылдағаны үшін сыйақыны есепке алып көбейтілсе, дисконттау ставкасы осы тәуекелді көрсету үшін түзетілмеуі керек.
B34 Кейбір активтерге немесе міндеттемелерге қатысты бастапқы деректер бақыланатын болуы мүмкін нарықтар мысалы (мысалы, Қаржы құралдары) мынаны қамтиды:
(а) Валюталық нарықтар. Валюталық нарықта нарықты жабу бағасы оңай қолжетімді болады және әдетте әділ құн болып табылады. Мұндай нарықтың мысалы - Лондондық қор биржасы.
(b) Дилерлік нарықтар. Дилерлік нарықта дилерлер әрқашан да сауда - саттық жасауға дайын (өз есебінен сату немесе сатып алуға дайын), осылайша олар үшін нарық жасайтын бірліктер қоры болуы үшін өз капиталын қолдана отырып өтімділікті қамтамасыз етеді. Әдетте, сатып алушының бағасы мен сатушының бағасы нарықты жабу бағасына қарағанда анағұрлым оңай қол жетімді болады. Биржадан ада нарықтар (жариялап хабар берілетін бағаларда) делдалдық нарықтар болып табылады. Дилерлік нарықтар сонымен қатар басқа активтер мен міндеттемелер үшін де өмір сүреді, бұған кейбір Қаржы құралдары, тауарлар мен нақты активтер қосылады (мысалы, пайдаланудағы құрал).
(c) Делдалдық нарықтар. Делдалдық нарықтарда брокерлер сатып алушыларды сатушылармен байланыстыруға тырысады, бірақ өз есептерінен сатуға дайын емес. Басқаша айтқанда, брокерлер олар нарық жасайтын бірліктердің қоры болуы үшін өз жекеменшік капиталын қолданбайды. Брокер басқа сәйкес жақтар ұсынатын және сұрайтын бағаларды біледі, бірақ, бұл жақтардың әрқайсысы, әдетте, басқа жақтың баға талабын біле бермейді. Аяқталған операциялардың бағалары туралы мағлұмат кейде қол жетімді болады. Брокерлік нарықтардың сатып алуға және сатуға жиналатын электрондық коммуникациялық желілері және коммерциялық және тұрғын үй мүліктерінің нарықтары болады.
(d) «Принципалдан принципалға нарықтары». Принципалдан принципалға нарығында жақтар бастапқы операцияларды да, қайталап сату операцияларын да өз күшімен делдалдарсыз жүзеге асырады. Мұндай операциялар туралы мағлұмат аз көлемде ғана қол жетімді болады.
2 -деңгейдің бастапқы деректері (81-85 тармақтар)
B35 Нақты активтер мен міндеттемелер үшін 2-деңгейдің бастапқы деректерінің мысалдары мынаны қамтиды:
(a) Лондондық банкаралық ұсыныс ставкасының (LIBOR) своп курсына негізделген, бекітілген кірістер мен өзгеретін төлемдер бар пайыздық своп. 1- деңгейдің бастапқы деректері LIBOR, своп курсын көрсетеді, егер де берілген ставка әдеттегі кесілетін интервалдармен своптың барлық жұмыс уақыты барысында бақыланса.
(b) Шет ел валютасында көрсетілген, қисық пайдалылыққа негізделген бекітілген кірістер мен өзгеретін төлемдер бар пайыздық своп. 2-деңгейдің бастапқы деректері қисық пайдалылыққа негізделген, шет ел валютасында көрсетілген, әдеттегі кесілетін интервалдармен барлық своптың жұмыс мерзімі кезінде бақыланатын своп курсын көрсетеді. Егер де своптың мерзімі 10 жыл болатын болса, осындай жағдай орын алады, және, кез келген негізделген қисық пайдалылықтың экстраполяциясы 10 жыл мерзім ішінде жалпы своптың әділ құнының бағасына маңызды болмаған шартта, берілген ставка 9 жыл мерзім бойында әдеттегі кесілетін интервалдармен бақылануында, осындай жағдай орын алады
(c) Белгіленген банктің базистік ставкасына негізделген белгіленген түсімдер және өзгермелі төлемдері бар пайыздық своп. 2-деңгейдің бастапқы деректері егер де экстраполяцияланатын мағыналар бақыланатын нарықтық деректермен дәлелденсе, экстраполяция көмегімен алынған банктің базистік ставкасы болады, мысалы, іс жүзінде своптың жалпы жұмыс мерзімінің бойында бақыланатын сыйақы ставкасы жолымен.
(d) Биржалық айналымдағы акцияларға үшжылдық опцион. 2- деңгейдің бастапқы деректері төменде көрсетілген екі шарттың болуында 3 - жылға қарай экстраполяция жолымен алынған акциялардың тұспалданатын құбылмалылығы болады:
(i) Акцияларға біржылдық және екіжылдық бағалар бақыланатын болып табылады.
(ii) Үшжылдық опционның экстраполяцияланатын тұспалданатын құбылмалылығы опционның іс жүзіндегі жалпы жұмыс мерзімінің бойында бақыланатын нарықтық деректермен дәлелденеді.
Осы жағдайда тұспалданатын құбылмалылық акцияға біржылдық және екіжылдық опциондардың тұспалданатын құбылмалылығынан экстраполяцияның көмегімен алынуы мүмкін еді және біржылдық және екіжылдық тұспалданатын құбылмалылық корреляцияны анықтау шартында салыстырылатын ұйымдардың акцияларының үшжылдық оциондары үшін тұспалданатын құбылмалылықпен дәлелденуі мүмкін.
(e) Лицензиялық келісім. Алынған ұйымның (лицензиялық келісім бойынша жақтардың бірі болып саналатын) байланысты емес жақпен жақында бизнестің бірігуі нәтижесінде алынып жасалған лицензиялық келісім үшін 2 -деңгейдің бастапқы деректері келісім бойынша іс - әрекетті жүргізу басына байланысты емес жақпен шартта роялти ставкасы болып табылады.
(f) Бөлшек сауда нүктесіндегі дайын өнімнің қоры. Бизнестің бірігуі нәтижесінде алынған дайын өнімнің қоры үшін 2-деңгейдің бастапқы деректері не бірнеше нарықта сатып алушыдан сұралатын баға болады, немесе көтерме нарықта бөлшек сатушылардан сұралатын, қор бірліктері мен салыстырылатын (демек, барабар) қор бірліктері арасында жағдай және орын айырмашылығы есепке алынып түзетілген баға болып табылады, бұл әділ құнның бағасы сатуға байланысты қажетті іс -әрекетті аяқтайтын басқа бөлшек сатушыға қорларды сату оперциясына алынуы мүмкін бағаны көрсету үшін жасалған шара. Негізінде, әділ құнның бағасы бөлшек баға (кішірею жағына) немесе көтерме баға (үлкею жағына) түзетілуіне тәуелсіз бірдей болады, әдетте, әділ құнды бағалау үшін субъективті түзетулердің ең кіші мөлшерін талап ететін баға қолданылуы тиіс.
(g) Ұсталатын және пайдаланылатын ғимарат. 2- деңгейдің бастапқы деректері барабар орны бар салыстырмалы (демек, барабар) ғимараттармен бақыланатын операцияларда қолданатын бағаларға негізделген, мысалы, көбейткіштер сияқты бақыланатын нарықтың деректер негізінде алынған ғимараттың шаршы метрі үшін бағасы (бағаның көбейткіші) болып табылады.
(h) Қаржыны басқаратын бірлік. 2-деңгейдің бастапқы деректері бақыланатын нарықтық деректер негізінде алынған, мысалы, операциялық нарықтың қаржылық және қаржылық емес факторлар есепке алынып салыстырмалы (демек, барабар) бизнеспен бақыланатын операцияларда пайдаланылатын бағаларға негізделген көбейткіштер мысалында бағаның көбейткіші (мысалы, пайданың немесе түсімнің көбейткіші немесе жұмыс нәтижесінің барабар шаралары) болып табылады.
3 - деңгейдің бастапқы деректері (86-90 тармақтар)
B36 Нақты активтер мен міндеттемелер үшін 3- деңгейдің бастапқы деректерінің мысалдары мынаны қамтиды:
(a) Ұзақ мерзімді валюталық своп. 3 - деңгейдің бастапқы деректері бақыланатын болып табылмайтын және әдеттегі кесілетін интервалдарымен басқа жолмен валюталық своптың іс жүзінде барлық іс мерзімі бойында бақыланатын нарықтық деректермен дәлелдене алмайтын белгілі бір валютадағы сыйақы ставкасы болып табылады. Валюталық своптың сыйақы ставкасы - сәйкес елдердің пайдалылықтарының қисығы негізінде есептелген своп ставкалары.
(b) Биржалық айналымдағы акцияларға үшжылдық опцион. 3- деңгейдің бастапқы деректері тарихи құбылмалылық болып табылады, демек, акцияларға тарихи бағалардың негізінде алынған акциялар бойынша құбылмалылықты көрсетеді. Тарихи құбылмалылық, әдетте, опционға баға қою үшін қол жетімді жалғыз ақпарат көзі болса да, болашақ құбылмалылыққа қатысты қазіргі жағдайда нарыққа қатысушылардың күтуін көрсетпейді.
(c) Пайыздық своп. 3- деңгейдің бастапқы деректері тікелей бақыланатын болып табылмайтын және қандай да бір жолмен бақыланатын нарықтық деректермен дәлелденуі мүмкін емес деректер қолданылып дамытылған свопқа орта нарықтық келісілген (міндетті емес) бағаның түзетуі болып табылады.
(d) Бизнесті біріктіруде қабылданған, объектіні пайдаланудан шығару жөнінде міндеттеме. 3- деңгейдің бастапқы деректері нарыққа қатысушылар басқа жорамалдарды пайдалануы мүмкіндігі жайында дәлелденген қол жетімді ақпараттың болмауы шартында, міндеттемені орындау үшін қажет болатын (нарыққа қатысушылардың міндеттемені орындауға қатысты талап ететін және нарыққа қатысушылардың активті демонтаждау бойынша міндеттемені қабылдағаны үшін талап ететін сыйақыны қосқанда), қаржының болашақ шығыны жайлы ұйымның өзіндік деректері қолданылған қазіргі жағдайдағы есептік мөлшерін көрсетеді. Мұндай 3- деңгейдің бастапқы деректері басқа бастапқы деректермен бірге келтірілген құн бойынша бағалау әдісін пайдалануда қолданылуы мүмкін еді, мысалы, ағымдағы тәуекелсіз сыйақы ставкасы немесе несиеге қабілеттілігі есепке алынып түзетілген тәуекелсіз ставка, егер де ұйымның несиелік жағдайының міндеттеменің әділ құнына ықпалы қаржының болашақ шығынының есептік мөлшерінде емес, дисконттау ставкасында көрсетілсе.
(e) Қаржыны басқаратын бірлік. 3- деңгейдің бастапқы деректері нарыққа қатысушылар басқа жорамалдарды пайдалану мүмкіндігін көрсететін дәлелденген қол жетімді ақпараттың жоқ болуы жағдайында ұйымның өз деректерін пайдаланып дамытылған қаржылық болжамы (мысалы, қаржы ағындарына немесе табыс немесе шығынға қатысты) болып табылады.
Актив немесе міндеттемеге қатысты көлемнің немесе іс деңгейінің анағұрлым төмендеуі жағдайында әділ құнды бағалау
B37 Активтің немесе міндеттеменің әділ құнына осы берілген актив немесе міндеттемеге қатысты (немесе, барабар активтер мен міндеттемелерге) нарықтағы қалыпты жұмысқа қатысты осы берілген актив немесе міндеттемеге қатысты көлемнің немесе жұмыс деңгейінің анағұрлым төмендеуі әсер етуі мүмкін. Ұйым, бар дәлелдемелер негізінде осы берілген актив немесе міндеттемеге қатысты көлемнің немесе жұмыс деңгейінің анағұрлым төмендеуі орын алғандығын анықтау үшін, төменде көрсетілгендей факторлардың маңыздылығы мен релеванттығын бағалауы керек:
(a) Соңғы уақытта операция аз ғана мөлшерде жүргізілсе.
(b) Бағаның кесілуі қазіргі кездегі ақпараттың негізінде дамытылмайды.
(c) Бағаның кесілуі анағұрлым маңызды дәрежеде не уақыт өте келе, не нарыққа қатысушыларға байланысты өзгереді (мысалы, кейбір делдалдық нарықтарда)
(d) Активтің немесе міндеттеменің әділ құнымен бұрын жоғары корреляцияланған болып табылатын көрсеткіштер қазіргі кезде берілген активтің немесе міндеттеменің әділ құнының уақыт бойынша соңғы көрсеткіштерімен қатынаспайтындығы айқын.
(e) өтімділік тәуекелі табыс немесе жұмыс нәтижелері үшін тұспалданатын сыйлық ақылардың анағұрлым көбеюі орын алады (мысалы, мерзімнен бұрын депозитті алғандығы немесе облигацияны өшіру немесе шығындардың қиындығы үшін штрафтық пайыздық ставкалар сияқты), бақыланатын операциялар немесе кесілетін бағаларға қатысты, ұйым күтілетін қаржылық ағындардың есептік бағасымен салыстырғанда, осы активпен байланысқан несиелік тәукел және басқа міндеттемелерді орындамау тәукелі жайлы барлық қол жетімді деректерді есепке алады.
(f) сұраныс пен ұсыныс бойынша кең спрэд немесе сұраныс пен ұсыныс бойынша спрэдтің маңызды көбеюі орын алады.