(d) тозу мен амортизацияның.
(e) пайыздық кірістің.
(f) пайыздық шығыстың.
(g) пайдаға салынатын салық бойынша кіріс немесе шығыстың
B14 B12 және B13-тармақтарына сәйкес ұсынылған сома осы ХҚЕС сәйкес дайындалып ұсынылған жинақталған қаржылық ақпарат бірлескен немесе қауымдасқан кәсіпорынның қаржылық есептілігіне кірістірілген сомаларды (осы сомалардағы кәсіпорынның үлесін емес) ұсынуы тиіс. Егер кәсіпорын есепте үлестік қатысу әдісін пайдалана отырып, бірлескен немесе қауымдасқан кәсіпорындардағы өзінің үлесін көрсетсе:
(a) ХҚЕС сәйкес дайындалып ұсынылған бірлескен немесе қауымдасқан кәсіпорынның қаржылық есептілігіне кірістірілген сомалар үлестік қатысу әдісін пайдалану кезінде сатып алу сәтінде енгізілген әділ құн түзетулері сияқты және есеп саясатындағы айырмашылықтарды ескеру арқылы жасалған түзетулер кәсіпорын енгізген түзетулерді көрсету үшін түзетілуі тиіс.
(b) кәсіпорын бірлескен немесе қауымдасқан кәсіпорындарда қатысу үлесі туралы теңгерімдік құны бар ұсынылған жинақталған қаржылық ақпараттың салыстыруын ұсынуы тиіс.
B15 Кәсіпорын B12 және B13-тармақтарына сәйкес талап етілетін жинақталған қаржылық ақпаратты бірлескен немесе қауымдасқан кәсіпорынның қаржылық есептілігі негізінде ұсына алуы мүмкін, егер:
(a) кәсіпорын бірлескен немесе қауымдасқан кәсіпорындардағы өзінің қатысу үлесін 28 ХҚЕС (IAS) (2011 жылғы түзетулерін ескергенде) сәйкес әділ құн бойынша бағалайды;және
(b) бірлескен немесе қауымдасқан кәсіпорын ХҚЕС-қа сәйкес қаржылық есептілікті дайындамайды және ұсынбайды және осы негіздегі дайындау іс жүзінде мүмкін болмағанда немесе негізсіз шығындарға әкелуі мүмкін болғанда.
Мұндай жағдайда кәсіпорын жинақталған қаржылық ақпараттарды дайындаудың негізін ашып көрсетуі тиіс.
B16 Кәсіпорын барлық бірлескен немесе қауымдасқан кәсіпорындардағы жеке алғанда елеусіз, үлестік қатысу әдісін пайдалану арқылы есепте көрініс табатын өзінің қатысу үлесінің жиынтық теңгерімдік құнын ашып көрсетуі тиіс. Кәсіпорын сонымен қатар, бірлескен немесе қауымдасқан кәсіпорындарға берілген төмендегі өзінің жиынтық сомасын жеке ашып көрсетуі тиіс:
(a) жалғасатын қызметтен түсетін пайда немесе залалдағы
(b) тоқтатылған қызметтен түскен салықтардан кейінгі пайдалар немесе залалдағы
(c) басқа да жиынтық кірістегі
(d) жалпы жиынтық кірістегі.
Кәсіпорын бірлескен кәсіпорындарға қатысты ақпаратты қауымдасқан кәсіпорындарға қатысты ақпараттардан жеке ашып көрсетуі тиіс.
B17 Егер еншілес, бірлескен немесе қауымдасқан кәсіпорындардағы кәсіпорынның қатысу үлесі (немесе бірлескен немесе қауымдасқан кәсіпорындардағы оның қатысу үлесінің бөлігі) 5 «Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер мен тоқтатылған қызмет» ХҚЕС (IFRS) сәйкес сату үшін арналған болып жіктелсе, B10-B16-тармақтарына сәйкес кәсіпорын осы еншілес, бірлескен немесе қауымдасқан кәсіпорын бойынша жинақталған қаржылық ақпаратты ашып көрсетуге міндетті емес.
B18 Кәсіпорын бірлескен кәсіпорындардағы өзінің қатысу үлесіне қатысты есептік кезеңде (бірлескен кәсіпорынға бірлескен бақылау жүргізетін басқа инвесторлармен бірге қабылданған міндеттемелеріндегі үлесін қоса алғанда) қабылдаған, бірақ әлі танымаған міндеттемелердің жалпы сомасын ашып көрсетуі тиіс. Ақша қаражаттарының немесе басқа ресурстардың болашақтағы шетктетілуіне әкелуі мүмкін міндеттемелер міндеттеме болып саналады.
B19 Ақша қаражаттарының немесе басқа ресурстардың болашақтағы шеттетілуіне әкелуі мүмкін танылмаған міндеттемелер төмендегілерді қарастырады:
(a) мысалы, төмендегілерге байланысты туындаған қаражаттарды немесе ресурстарды ұсыну бойынша танылмаған міндеттемелерді:
(i) бірлескен кәсіпорынды құру немесе сатып алу туралы келісімдерге (мысалы, белгілі бір кезең ішінде кәсіпорыннан қаражат салуды талап ететін).
(ii) бірлескен кәсіпорындар жүргізетін күрделі қаржы сыйымдылығы бар жобаларға.
(iii) кәсіпорынның бірлескен кәсіпорыннан немесе оның атынан сатып алуға міндетті жабдықтарды, босалқылар мен қызметтерді сатып алуды қоса алғандағы сатып алу бойынша сөзсіз міндеттемелерге
(iv) бірлескен кәсіпорынға несие немесе басқа қаржылық қолдау ұсыну бойынша танылмаған міндеттемелер.
(v) бірлескен кәсіпорындардағы активтер немесе қызметтер сияқты ресурстарды енгізу бойынша танылмаған міндеттемелерге.
(vi) бірлескен кәсіпорынға қатысты басқа да күші жойылмаған танылмаған міндеттемелерге.
(b) егер белгілі бір оқиға туындайтын немесе болашақта туындамайтын жағдайдағы бірлескен кәсіпорындардағы басқа тараптың қатысу үлесін тікелей сатып алу бойынша танылмаған міндеттемелер (немесе мұндай тікелей қатысу үлесінің бөлігі).
B20 B18 және B19-тармақтарында баяндалған талаптар мен мысалдар 24 «Байланысты тараптар туралы ақпараты ашып көрсету» ХҚЕС (IAS) 18-тармағына сәйкес талап етілетін ақпараттарды ашып көрсетудің кейбір түрлерін сипаттайды.
Құрылымдық кәсіпорын
B21 Құрылымдық кәсіпорын бұл- мысалы, егер дауыс беру құқығы тек қана әкімшілік міндеттермен байланысты болса, ал елеулі қызмет әкімшілігі келісімшарттық келісімдер негізінде жүргізілетін кәсіпорынды кімнің бақылауын анықтау кезінде дауыс беру құқығы немесе ұқсас құқықтар басымдылық танытатын фактор болып табылмайтындай ұйымдастырылған кәсіпорын.
B22 Құрылымдық кәсіпорынның төмендегі ерекшеліктері немесе белгілерінің барлық немесе кейбір түрлері болады:
(a) шектелген қызмет.
(b) арнайы және нақты анықталған мақсаты, мысалы, салық салу тұрғысынан алғанда тиімді жалдауды жүзеге асырады, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізеді, кәсіпорын капиталының немесе қаржыландыру дереккөзі барын қамтамасыз етеді немесе құрылымдық кәсіпорынның, инвестордың активтеріне байланысты тәуекелдер мен сыйақыларды табыстай отырып, инвесторларға инвестициялық мүмкіндіктер ұсынады.
(c) субординацияланған қаржылық қолдаусыз құрылымдық кәсіпорынға өзінің қызметін қаржыландыруға мүмкіндік бермейтін капиталдың кем шығуы.
(d) несиелік немесе басқа да тәуекелдердің (траншилердің) концентрациясын құратын инвесторларды құралдар келісімшарты бойынша көпмәртелі байланысты түрдегі қаржылындыру.
B23 Құрылымдық кәсіпорын сияқты қарастырылатын кәсіпорындардың үлгілері басқалармен бірге төмендегілерді қарастырады:
(a) ұйымдар бойынша секьюритизациялар.
(b) қаржыландыру активтерімен қамтылған.
(c) кейбір инвестициялық қорлар.
B24 Дауыс беру құқығының көмегімен басқарылатын кәсіпорын құрылымдық кәсіпорын болып табылмайды, өткені, ол мысалы қайта құрылғаннан кейін үшінші тұлғадан қаржыландыру алады.
Шоғарландырылмаған құрылымдық кәсіпорындардағы қатысуға байланысты тәуекелдердің сипаты (29-31-тармақтары)
B25 Кәсіпорын 29-31-тармақтарына сәйкес талап етілетін ақпараттардан басқа 24 (b) тармағына сәйкес ақпараттарды ашып көрсету мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті қосымша ақпаратты ашып көрсетуі тиіс.
B26 Егер шоғырландырылмаған құрылымдық кәсіпорында оның қатысу үлесі болған жағдайда кәсіпорын ұшырайтын тәуекелдерді бағалау үшін релевантты болып шығуы мүмкін жағдайларға байланысты қосымша ақпараттардың үлгілері келтірілген:
(a) келісім шарты кәсіпорыннан шоғырландырылмаған құрылымдық кәсіпорынға қаржылық қолдау көрсетуді (мысалы: жою туралы келісім және құрылымдық кәсіпорынның активтерін сатып алуға немесе қаржылық қолдау көрсетуге арналған міндеттемелерге байланысты несие қабілеттілігіне әсер етуші факторлар) төмендегілерді қоса талап етуі мүмкін:
(i) есеп беруші кәсіпорында шығынның туындау тәуекеліне әкелуі мүмкін оқиғалардың немесе міндеттемелердің сипаттамасын.
(ii) міндеттемені шектеуі мүмкін қандай да бір жағдайлар бар ма.
(iii) қаржылық қолдау көрсететін қандай да бір басқа тараптар бар ма, егер бар болса, мұндай басқа тараптардың міндеттемелері бар есеп беруші кәсіпорынның міндеттемесінің арақатынасы қандай.
(b) оның шоғырландырылмаған құрылымдық кәсіпорындардағы қатысуымен байланысты есеп беру кезеңінің ішінде кәсіпорынның ұшыраған шығындары.
(c) оның шоғырландырылмаған құрылымдық кәсіпорындардағы қатысуымен байланысты есеп беру кезеңінің ішінде кәсіпорынға түскен кірістердің түрлері.
(d) кәсіпорын басқа тараптардың оларды жұтуына дейін шоғырландырылмаған құрылымдық кәсіпорынның шығындарын жұтуын міндеттенеді ме, кәсіпорын үшін мұндай шығындардың ең жоғарғы лимиті, және саралау (егер ол тиімді болса) мен тараптар ұшыраған әлеуетті шығындардың сомалары шоғырландырылмаған құрылымдық кәсіпорындардағы кәсіпорынның қатысу үлесі қайсысының қатысу үлесінен ең төмен сараланады.
(e) шоғырландырылмаған құрылымдық кәсіпорындағы кәсіпорынның қатысуына байланысты әділ құнға немесе тәуекелге әсер етуі мүмкін үшінші тұлғалар алдындағы өтімділік туралы, кепілдемелер немесе басқа да міндеттемелер туралы кез келген келісімдер туралы ақпарат.
(f) есептік кезең барысында өз қызметін қаржыландыруда құрылымдық кәсіпорын байқаған кез келген қиындықтар.
(g) шоғырландырылмаған құрылымдық кәсіпорынды қаржыландыруға қатысты қаржыландыру түрлері (мысалы, коммерциялық қағаздар немесе жеделдігі орташа билеттер) және олардың орташа өлшенген кезеңдері. Мұндай ақпарат егер құрылымдық кәсіпорынның ең қысқа мерзімді қаржыландыру қаражаттары есебінен қаржыландырылатын үлкен мерзімді активтері болса мерзімдері бойынша активтерді талдауын және шоғырландырылмаған құрылымдық кәсіпорындарды қаржыландыруды қарастыруы мүмкін.
C қосымшасы
Күшіне ену күні мен есепке алудың жаңа тәртібіне көшу
Аталған қосымша осы стандарттың маңызды бөлігі болып табылады және өз күші бойынша осы стандарттың басқа бөлімдерімен тең мәнде қолданылды.
Күшіне ену күні мен есепке алудың жаңа тәртібіне көшу
C1 Кәсіпорын осы стандарты 2013 жылдың 1-қаңтарынан немесе осы күнен кейін басталатын жылдық кезеңдерге қатысты қолдануы тиіс, мерзімінен бұрын қолдану рұқсат етілген.
С1А 2012 жылы маусым айында шыққан Шоғырландырылған Қаржылық Есептілігі, Бірлескен қызмет және Басқа кәсіпорындардағы қатысулар туралы ақпараттарды ашып көрсету (10 ХҚЕС(IFRS), 11 ХҚЕС(IFRS) және 12 ХҚЕС(IFRS) түзетулер), C2A-C2B тармақтарын енгізді. 2013 жылдың 1 қаңтар немесе бұдан кейінгі күннен бастап жылдық кезеңдер үшін қолданылуы тиіс. Егер 12-ші ХҚЕС ертерек мерзім үшін қолданылса, өзгерістер сол мерзім үшін пайдаланылуы қажет.
С1В 2012 жылы қазан айында жарияланған Инвестициялық ұйымдар (10 ХҚЕС(IFRS), 12 ХҚЕС(IFRS), және 27 ХҚЕС(IAS)), 2 және A қосымшасы өзгертілді және 9A-9B, 19A-19G, 21A мен 25A тармақтары енгізілді. Ұйым бұл түзетуді осы күннен немесе 2014 жылдың 1 қаңтарынан кейін қолдануға тиіс. Ертерек қолданысқа рұқсат беріледі. Егер ұйым түзетуді ертерек қолданса, ұйым бұл жайтты ашып көрсетуі тиіс және Инвестициялық ұйымдар-ға енгізілген барлық түзетулер қолданысқа енеді.
C2 Кәсіпорынға осы стандарт талап ететін ақпаратты 2013 жылдың 1-қаңтарынан немесе осы күннен кейін басталатын жылдық кезең басталғанға дейін мерзімінен бұрын тапсыру ұсынылады. Осы стандарт талап ететін қандай да бір ақпаратты ашып көрсету кәсіпорынға осы стандарттың барлық талаптарын сақтауды немесе 10 ХҚЕС (IFRS) және 11 ХҚЕС (IFRS), 27 (IAS) ХҚЕС (2011 жылғы түзетулерді есепке алғанда), 28(IAS) ХҚЕС (2011 жылғы түзетулерді есепке алғанда) қолдануды міндеттемейді.
С2А Осы ХҚЕС ашып көрсету талаптары талаптары 12-ші ХҚЕС қолданылатын бірінші жылдық кезеңге бірден жалғасушы жылдық кезеңнен бұрын болатын кез келген мерзім үшін қолданылмауы тиіс.
С2В 12-ші ХҚЕС қолданылатын бірінші жылдық кезеңнен бұрынғы кезеңдер үшін 24-31 тармақтарындағы ашып көрсету талаптары мен B21-B26 тармақтарындағы сәйкес басқару талаптары қолданылмауы тиіс.
C3 Егер кәсіпорын осы стандарты қолданатын бола, бірақ 9 ХҚЕС (IFRS) әлі қолданбайтын болса, 9 ХҚЕС (IFRS) кез-келген сілтемесі 39 «Қаржы құралдары: тану және бағалау» ХҚЕС (IFRS) сілтемелері сияқты түсіндірілуі тиіс.