Бiрлескен қызмет - үлестiк қатысу әдiсінен активтер мен мiндеттемелердi есепке алуға көшу
C7 Бiрлескен операциядағы қатысу үлесіне қатысты үлестiк қатысу әдiсiнен активтер мен мiндеттемелердi есепке алуға көшу кезінде бірден жалғасушыбірден жалғасушымерзімнің басында кәсiпорын бұрынырақ үлестiк қатысу әдiсі пайдаланыла отырып, көрсетілген инвестицияларды сондай-ақ, 28ХҚЕС (IAS) 38-тармағына сәйкес (2011 жылғы түзетулерді есепке ала отырып) кәсiпорынның қызметке салынатын таза инвестицияларының құрамына кіретін кез келген басқа баптардың тануын тоқтатуы тиіс және бірлескен қызметтегі өзінің қатысу үлесіне байланысты әрбір актив пен міндеттемелердегі, сонымен қатар инвестицияның теңгерімдік құнының бір бөлігі болуы мүмкін кез келген гудвилдегі өзінің үлесін тануы тиіс.
C8 Кәсiпорын бiрлескен операциямен байланысты активтер мен мiндеттемелердегi өзінің қатысу үлесін келісімшартқа сәйкес бекітілген байланыстағы өз құқықтары мен мiндеттемелеріне сүйене отырып анықтауы керек. Кәсiпорын активтер және мiндеттемелерiнiң бастапқытеңгерімдік құнын үлестік қатысу әдiсiн қолданғанда кәсiпорын пайдаланатын ақпарат негізінде бірден жалғасушы мерзiмнiң басында инвестициялардың теңгерімдік құнын ыдырату арқылы бағалайды.
C9 Бұрын үлестiк қатысу қолданылған есепке алуда көрсетілген инвестициялардың нәтижесі болып табылатын айырмашылық 28ХҚЕС (IAS) (2011 жылғы түзетулер есепке алына отырып) 38-тармағына сәйкес кәсiпорынның қызметке салынатын таза инвестициялары құрамына кiретін кез келген басқа баптармен бiрге және активтер мен мiндеттемелердiң таза танылған сомасы, сонымен қатар кез келген гудвил төмендегілерді іске асыруға міндетті:
(a) қалған айырмашылығы бірден жалғасушыбірден жалғасушы мерзiмнің басында бөлiнбеген пайданы түзетеді, егер таза активтер және мiндеттеменiң, сондай-ақ гудвилдың танылған шамасы танылуы тоқтатылған инвестициялардан (және кәсiпорынның таза инвестицияларының құрамына кiретiн кез келген басқа баптар) жоғары болған жағдайда инвестицияларға қатысты кез келген гудвилдың есебiне қосылуы тиіс.
(b) егер гудвилды қоса алғандағы таза активтер мен міндеттемелердің шамасы танылуы тоқтатылған инвестициялардан (кәсіпорынның таза активтерінің құрамына кірген кез келген басқа да баптар) төмен болса, бірден жалғасушы кезең басындағы бөлiнбеген пайданы түзетуі тиіс.
C10 Үлестiк қатысу әдiсінен активтер және мiндеттемелердi есепке алуға көшкен кезде кәсiпорын танылуы тоқтатылған инвестициялардың және танылған активтер және мiндеттемелерiнiң салыстырып тексеруін көрсетуі тиіс, сонымен бiрге қалған айырмашылығы бөлiнбеген пайданы бірден жалғасушымерзiміне қатысты түзетіледі.
C11 Егер кәсiпорын бiрлескен операциядағы оның қатысу үлесімен байланысты активтер мен мiндеттемелердi таныса, онда 12ХҚЕС (IAS) 15-және 24- тармақтарында қарастырылған бастапқы танудағы ескерту қолданылмайды.
Кәсiпорынның жеке қаржылық есептілігіндегі есепке алудың жаңа тәртібіне көшушарттары
C12 27ХҚЕС (IAS) 10-тармағына сәйкес өзінің қатысу үлестерін жеке қаржылық есептілігнде бiрлескен операцияда өзiндiк құн бойынша инвестиция ретінде немесе 9ХҚЕС (IFRS) сәйкес көрсеткен кәсіпорын төмендегілерді іске асыруға тиiс:
(a) C7-C9-тармақтарына сәйкес анықталған өзінің қатысу үлесіне қатысты бірлескен операциялардағы сомада инвестицияларды тануды және активтер мен міндеттемелерді тануды тоқтатуы.
(b) танылуы тоқтатылған инвестициялардың және танылған активтер және мiндеттемелердің салыстырып тексерілуін ұсынуы, бұл кезде қалған айырмашылық бірден жалғасушыкезеңнің басындағы бөлiнбеген пайданы түзетуі тиіс.
«Бірден жалғасушы кезеңге» сілтеме
C12A C2-C12тармағындағы бастапқы қолданудың мерзіміне бірден жалғасушы жылдық кезеңге(«бірден жалғасушы кезең») көрсетілген сілтемеге қарамастан, кәсіпорын, сонымен қатар, кез келген алдыңғы кезеңдерге сәйкес салыстырмалы ақпаратты ұсынуы мүмкін, бірақ талап етілмейді. Егер кәсіпорын C2-C12тармағындағы бастапқы қолданудың мерзіміне бірден жалғасушы жылдық кезеңге «бірден жалғасушы кезең» көрсетілген сілтемемен бірге кез келген алдыңғы кезеңдерге сәйкес салыстырмалы ақпаратты ұсынса, бұл «ұсынылған ең ерте мерзімдегі келістірілген салыстырмалы кезең» деп оқылуы тиіс.
C12B Егер кәсіпорын кез келген алдыңғы кезеңдер үшін келістірілмеген салыстырмалы ақпарат ұсынса, ол келістірілмеген ақпаратты анықтап, оның басқа негізде дайындалғанын дәлелдеп, негізді түсіндіруі тиіс.
C13 Егер кәсiпорын С12-тармағында ескерілген бiрлескен операциядағы қатысу үлесімен байланысты бірлескен оперцияларға қатысты есепке алудың жаңа тәртібіне көшу талаптарын қолданудың нәтижесінде өзінің жеке қаржы есептілігінұсынудағы активтер мен мiндеттемелердi танитын болса, 12ХҚЕС (IAS) 15 және 24-тармақтарында қарастырылған бастапқы танудағы ерекшелік қолданылмайды.
9 ХҚЕС (IFRS) сілтемелері
C14 Егер кәсiпорын осы стандартты қолданса, бiрақ 9ХҚЕС (IFRS) әлі қолданбаған болса, осы стандарттағы кез келген сiлтеме 39«Қаржы құралдары: тану және бағалау» ХҚЕС (IAS) сілтеме сияқты түсіндірілмеуі тиіс.
Басқа ХҚЕС стандарттарында қолданылуының тоқтатылуы
C15 Осы стандарт өздігінен келесі ХҚЕС-қаөзгертулер енгізеді:
(a) 31 ХҚЕС (IAS) «Бірлескен кәсіпкерлікке қатысу үлесі» ;және
(b) 13ТТК түсіндірмесі (SIC)«Бірлесе басқарылатынұйымдар - Бірлескен қызметке қатысушылардың ақшалай емес салымдары».