(b) егер бірлескен қызметте жекекәсіпорынның құрылымы болған жағдайда:
(i) жекекәсіпорынның ұйымдастырушылық-құқықтық формасын (B22-B24 -тармақтарын қараңыз);
(ii) келісімшарттық келісімнің шарттарын (B25-B28-тармақтарын қараңыз); және
(iii) қажетілігіне орай басқа фактілер мен жағдайларда (B29-B33-тармақтарынқараңыз).
Бірлескен қызметтің құрылымы
Жеке кәсіпорынның құрылымы жоқ бірлескен қызмет
B16 Жекеұйымның құрылымы жоқ бірлескен қызмет бірлескен операция болып табылады. Мұндай жағдайда келісімшартты келісімдер қызметпен байланысты кәсіпкерлердің активке құқын және кәсіпкерлердің міндеттемелерге жауапкершілігін орнатады, сонымен қатар кәсіпкерлердің сәйкес түсімге құқын және сәйкес шығындарға міндеттемелерін орнатады.
B17 Келісімшартты келісімдер көбіне қызметтің мәні болып табылатын әрекеттің түрін сипаттайды, сонымен қатар қандай жолмен кәсіпкер мұндай әрекеттерді хабар бере отырып қабылдауға ниет білдіретінінсипаттайды. Мысалы, бірлескен қызметтің кәсіпорындары әрбір кәсіпорын белгілі бір тапсырмаға жауап беретін, өз активтерін пайдаланатын және өз міндеттемелерін алып жүретін өнімді бірлесе өндіру туралы келісімге келе алады. Келісімшарттық келісім сонымен қатар қандай тәсілмен кәсіпорындарға ортақ болып табылатын кәсіпорындар арасында түсім мен шығындарды бөлуге болатынын көрсете алады. Мұндай жағдайда бірлескен операцияның әрбір қатысушысы өзінің қаржылық есептілігінде белгілі бір тапсырманы орындау үшін пайдаланылған активтер мен міндеттемелерді таниды және келісімшарттық келісімдерге сәйкес түсімдер мен шығындардағы өз үлестерін таниды.
B18 Басқа жағдайларда бірлескен қызметтің тараптары мысалы қатысу туралы және активтерде бірлесе басқару сияқты келісімдерге келуі мүмкін. Мұндай жағдайда келісімшартты келісімдер басқару бірлесе жүзеге асатын кәсіпкерлердің активке құқын орнатады, сонымен қатар өнімдерді немесе активтерден түсімді және кәсіпкерлер арасындағы операциялық шығынды бөлу тәсілі. Бірлескен операцияның әрбір қатысушысы өз үлесін бірлескен активте және өзінің кез-келген міндеттемелердегі келісілген үлесін көрсетеді, сонымен қатар келісімшартты келісімдерге сәйкес өнімдерден, түсімдер мен шығындардан өз үлесін таниды.
Жеке кәсіпорынының құрылымы бар бірлескен қызмет
B19 Қызметпен байланысты активтер мен міндеттемелеркезіндегі бірлескен қызмет жеке ұйымның, не бірлескен кәсіпорынның, небірлескен операцияның бақылауында болуы мүмкін.
B20 Кәсіпкер бірлескен операцияның немесе бірлескен кәсіпорынның қатысушысы болып табылуы кәсіпкерлердің жекеұйымның бақылауындағы қызметпен байланысты тараптардың активтерге құқығы мен міндеттемелер бойынша тараптардың жауапкершілігіне байланысты болады.
B21 В15-тармақта көрсетілгендей егер тараптар бірлескен қызметті жекеұйым түрінде құрса, тараптар жеке ұйымның ұйымдастырушылық-құқықтық формасын ұсынатынын, келісімшарттық келісімнің шартын және қажет болған жағдайда кез келген фактілер мен мінддеттемелерді бағалауы тиіс:
(a) қызметке байланысты активтерге құқығы мен міндеттемелер бойынша жауапкершілікті (яғни, қызмет бірлескен операция болып табылады); немесе
(b) қызметтің таза активтеріне құқығы (яғни, қызмет бірлескен кәсіпорын болып табылады)
Бірлескен қызметті жіктеу: қызмет барысында туындағын
тараптардың құқықтары мен міндеттемелері
Жеке кәсіпорынның ұйымдастырушылық-құқықтық формасы
B22 Жекеұйымның ұйымдастырушылық-құқықтық формасыбірлескен қызметтің түрін бағалау үшін маңызды фактор болып табылады. Ұйымдастырушылық -құқықтық формаға кәсіпкерлердің активке құқығын алғашқы бағалауда және жеке кәсіпорындардың міндеттемелері бойынша кәсіпкерлердің жауапкершіліктерінде көмектеседі, мысалы жеке кәсіпорынның тәртібінде орналасқан активтерге қатысуында үлестері бар ма және кәсіпкер жеке кәсіпорында қабылданған міндеттемелер бойынша жауапкершілігі бар ма.
B23 Мысалы, тараптар жеке ұйымды дербес ретінде (яғни, жеке ұйымның басқаруында тұрған активтер мен міндеттемелер тараптардың активтері мен міндеттемелері емес, жеке ұйымның активтері мен міндеттемелері болып табылатынын) қарастыруға негіздеме беретін ұйымдастырушылық-құқықтық формасы жеке ұйым арқылы бірлескен қызметті жүргізуі мүмкін. Мұндай жағдайда жеке ұйымның ұйымдастырушылық-құқықтық формасына байланысты тараптарға бөлінетін құқықтар мен міндеттемелерді бағалау қызметтің бірлескен кәсіпорын болып табылатынын көрсетеді. Алайда, келісімшарттық келісімде тараптармен келісілген шарттар (B25-B28-тармақтарын қараңыз) және қажеттілігіне орай басқа да фактілер мен жағдайлар (B29-B33 -тармақтарын қараңыз) жеке ұйымның ұйымдастырушылық-құқықтық формасымен байланысты тараптарға бөлінетін құқықтар мен міндеттемелерді бағалауға «үстемдік» етуі мүмкін.
B24 Кәсіпкерлер жеке кәсіпорынның ұйымдастырушылық-құқықтық формасына байланысты бөлінетін құқықтар мен міндеттемелердің бағасы қызмет бірлескен операция болып табылатынын бекіту үшін жеткілікті болып табылады, егер ұйымдастырушылық-құқықтық форма кәсіпкерлер мен жеке кәсіпорындар арасындағы бөлінуді болжамайтын кәсіпкерлер жеке кәсіпорында бірлескен қызметті жүргізсе (яғни жекеұйымныңбасқаруындағы активтер мен міндеттемелер кәсіпкерлердің активтері мен міндеттемелері болып табылады).
Келісімшарттық келісім шартын бағалау
B25 Көп жағдайларда тараптардың келісілген келісімшарттық келісімдердегі активтер мен міндеттемелер жалғастырмалы болып табылады немесе қызметті жүргізу үшін пайдаланылатын құрылым жеке ұйымның ұйымдастырушылық-құқықтық формасымен байланысты тараптарға бөлінетін құқықтар мен міндеттемелерге қайшы келмейді.
B26 Басқа жағдайда тараптар келісімшарттық келісімді құрылымы қызметті жүргізу үшін пайдаланылатын, кәсіпкерлер жекеұйымдастырушылық-құқықтық формасымен байланысты бөлінетін құқықтар мен міндеттемелерді болдырмау немесе өзгерту ету үшін пайдаланады.
Қолдану мысалдары |
4-мысал |
Компанияның құрылымын пайлану арқылы заңды тұлға ретінде тіркелген екі кәсіпкер бірлескен қызметті жүргізеді деп есептейік. Әрбір тарапқа тіркелген компанияға қатысуынан Тіркелген компаниядағы тараптардың әрқайсысына 50 пайыздық тікелей қатысу үлесі тиесілі. Заңды тұлға ретінде тіркелу көсіпорын мен оның меншіктерін бөлуді жүргізуге мүмкіндік береді және сәйкесінше кәсіпорынның басқаруындағы активтер мен міндеттемелер тіркелген компанияның активтері мен міндеттемелері болып табылады. Мұндай жағдайда тараптар жеке ұйымның ұйымдастырушылық-құқықтық формасымен байланысты бөлінетін құқықтар мен міндеттемелер қызметтің таза активтеріне тараптардың құқығы барын көрсетеді. |
Алайда, тараптар келісімшарттық келісімдердің көмегімен тіркелген компания активтерінде әрбір тараптың қатысу үлесі болатындай және әрбір тарап белгіленген теңдікте тіркелген компания міндеттемелері бойынша жауапкершілікте болатындай тіркелген компаниялардың сипаттамаларын өзгерткен болса. Келісімшарттық келісімдермен ресімделген тіркелген компания сипаттамаларының мұндай өзгерісі қызметтің бірлескен операция болып табылатына әкелуі мүмін. |
B27 Төменде көрсетілген кесте бірлескен операция кәсіпкерлері арасындағы келісімшарттық келісім шарттарының салыстырмалы талдауы мен бірлескен кәсіпорынның кәсіпкерлері арасындағы келісімшарттық келісімнің жалпы шарттарынан тұрады. Кестеде берілген келісімшартты келісімнің мысалдар түпкілікті болып саналамайды.
Келісімшарттық келісімдерді бағалау |
| Бірлескен операция | Бірлескен кәсіпорын |
Келісімшарттық келісім шарты | Келісімшарттық келісім бірлескен қызмет тараптарының активтерге берілетін құқықтары мен қызметке байланысты міндеттемелер бойынша бірлескен қызмет тараптарының жауапкершіліктерін қарастырады. | Келісімшарттық келісім қызметтің таза активтеріне берілетін бірлескен қызмет тараптарының құқықтарын (яғни, тараптар емес, жекекәсіпорынның активтерге деген құқығы болады және қызметке байланысты міндеттемелер бойыншажауапкершілікке тартылады) қарастырады. |
Активтерге берілетін құқықтар | Келісімшарттық келісімдер бірлескен қызмет тараптары бекітілген қатынастардағы (мысалы, тиісті тараптарға тура байланысты тараптардың тікелей үлеске пропорционал тараптардың қызметке қатысуы және бірлескен қызмет аясында орындалатын жұмыс көлеміне пропорционал) қызметпен байланысты активтердегі барлық мүдделерді (мысалы, ортақ мүліктік және үлестік құқықтар) бөлетінін бекітеді | Келісімшарттық келісімдер қызметке енгізілген немесе бірлескен қызмет салдарынан сатып алынған активтер қызмет активтері болып табылатынын анықтайды. Тараптардың қызмет активтерінде ешқандай мүдделері (мысалы, ортақ, мүліктік және үлестік құқықтары) болмайды. |
Міндеттемелер бойынша жауапкершілік | Келісімшарттық келісім бекітілген қатынастағы (мысалы, тиісті тараптарға тура байланысты тараптардың тікелей үлеске пропорционал тараптардың қызметке қатысуы және бірлескен қызмет аясында орындалатын жұмыс көлеміне пропорционал) бірлескен қызмет тараптарының барлық міндеттемелерін, міндеттерін, шығындары мен шығыстарын анықтайды. | Келісімшарттық келісім қызметтің қарыздары мен міндеттемелері бойынша бірлескен қызмет жауапкершілікте болатынын анықтайды. |
Келісімшарттық келісімдер бірлескен қызмет тараптары қызметтегі тиісті инвестициялар немесе қызметтегі кез келген төленбеген не қосымша капитал және тағы басқа сол сияқты олардың тиісті инвестициялары немесе тиісті міндеттемелері аясында ғана жауапкершілікте болатынын анықтайды. |
Келісімшарттық келісімдер үшінші тұлғалардың көрсеткен шағымдары бойынша бірлескен қызмет тараптары жауапкершілікте болатынын анықтайды. | Келісімшарттық келісім бірлескен қызмет кредиторларының қызметтің қарыздары немесе міндеттемелеріне қатысты кез келген тараптарға қарсы регресс құқығы болмайтынын анықтайды. |
Түсім, шығыстар, пайда немесе залал | Келісімшарттық келісімдер бірлескен қызметтің әрбір тараптарының тиісті нәтижелері негізіндегі түсімдер мен шығындарды бөлу тәртібін анықтайды. Мысалы, келісімшарттық келісімдер бірлесіп басқарылатын зауытта әрбір тарап пайдаланатын және бірлескен қызметке мұндай тараптардың қатысуы тікелей үлестен ерекшеленуі мүмкін түсімдер мен шығыстар өндірістік қуаттылық негізінде бөлінетінін анықтай алуы мүмкін. Басқа бір жағдайларда тараптар қызметтегі тараптардың тікелей үлестік қатысуы сияқты бекітілген қатынастар негізіндегі қызметпен байланысты пайдалар немесе залалдарға қатысу туралы келісімге келуі мүмкін. Бұл егер тараптардың активтерге берілетін құқығы болса және қызметпен байланысты міндеттемелер бойынша жауапкершілікте болса қызметті бірлескен операция сияқты қайта бағалауға кедергі болмайды | Келісімшарттық келісім қызметпен байланысты пайдалар немесе залалдардағы әрбір тараптың үлесін анықтайды. |
Кепілдіктер | Бірлескен қызмет тараптары көбінесе мысалы, бірлескен қызметтен қызмет алатын немесе бірлескен қызметті қаржыландыруды қамтамасыз ететін үшінші тұлғаларға кепілдіктер беруі тиіс. Мұндай кепілдіктерді беру немесе мұндай кепілдіктерді беру туралы тараптардың қабылдаған міндеттемелерінің өзі бірлескен қызметтің бірлескен операция болып табылатынын растайды. Қызметпен байланысты (кепілдікті беруі немесе бермеуі мүмкін кейбір тараптарға қатысты) міндеттемелер бойынша тараптар жауапкершілігінің болуы бірлескен қызметтің бірлескен операция немесе бірлескен кәсіпорын болып табылатынын, табылмайтынын анықтайтын фактор болып табылады. |
B28 Егер келісімшарттық келісім қызметпен байланысты міндеттемелер бойынша активтерге құқығы бар және жауапкершілікте болатынын көрсеткен жағдайда тараптар бірлескен операциялардың тараптары болып табылады және басқа да фактілер мен міндеттемелерді (В29-B33) қарастыруға міндетті емес.
Басқа фактілер мен міндеттемелерді бағалау
B29 Егер келісімшарттық келісімнің шарттары тараптардың активтерге құқығы барын және қызметпен байланысты міндеттемелер бойынша жауапкершілікте болмайтынын көрсетпеген жағдайда тараптар қызметтің бірлескен операция немесе бірлескен кәсіпорын болып табылатынын, табылмайтынын бағалауы үшін тараптар басқа да фактілер мен міндеттемелерді қарастыруы тиіс.
B30 Бірлескен қызмет жеке кәсіпорынды қолдану арқылы тараптар мен жеке кәсіпорындар арасындағы бөлуді болжайтын ұйымдастырушылық -құқықтық формада жүргізілуі мүмкін. Тараптар арасында келісілген келісімшарттық шарттар тараптардың активтерге құқықтары мен міндеттемелер бойынша тараптардың жауапкершілігін анықтамауы мүмкін, онда басқа да фактілер мен міндеттемелерді талдау қызметтің бірлескен операция сияқты жіктелетіндігі туралы қорытынды жасауға әкелуі мүмкін. Бұл басқа да фактілер мен міндеттемелер тараптардың активтерге құқық бергенде және қызметпен байланысты міндеттемелер бойынша жауапкершілікті жинайтын жағдайда туындайды.
B31 Егер тараптарды өнімдермен қамтамасыз ету үшін арналған қызметтер аясында жүргізілген әрекеттер жағдайындаалдымен, бұл іс жүзінде активтердің қызметінен түскен барлық экономикалық пайдаларға тараптардың құқығы барын көрсетеді. Мұндай қызметтің тараптары көбінесе қызметтер аясында шығарылатын өнімдерге үшінші тұлғаларға өнімдерді сатуына кедергі келтіре отырып, өзінің рұқсатын кепілдендіреді.
B32 Мұндай құрылымы мен мақсаты бар мәні бойынша қызметпен жасалынған міндеттемелер олардың өнімдерді сатып салу нәтижесінде тараптардан алынған ақша қаражаттарының ағындарымен өтелетін қызметтің әсері. Егер тараптар мәні бойынша қызметтің үздіксіздігін анықтайтын ақша қаражаттары ағымының жалғыз көзі болып табылған жағдайда бұл тараптардың қызметпен байланысты міндеттемелер бойынша жауапкершілікте болатынын көрсетеді.
Қолдану мысалы |
|
5 -мысал |
Мысалы, екі тарап тіркелген кәсіпорындар (С кәсіпорыны) құрылымын пайдалана отырып, бірлескен қызметті жүргізеді дейік, мұнда әрбір тарап қатысудың 50- дық үлесіне ие болады. Қызметтің мақсаты тараптарға олардың меншікті, жеке, өндірістік қажеттіліктеріне арналған қажетті материалдарды өндіруден тұрады. Өнімдердің саны мен сапасына тараптардың қоятын талаптарына сәйкес материалдар өндіретін зауытты басқаратынын тараптар қызметті кепілдендіреді. |
С кәсіпорнына қарасты активтер мен міндеттемелер С кәсіпорнының активтері мен міндеттемелері болып табылатынын, қызмет арқылы жүргізілетінін алдымен көрсететін С кәсіпорнының(тіркелген кәсіпорынның) ұйыдастырушылық-құқықтық формасы. Тараптар арасындағы келісімшарттық келісім тараптардың активтерге құқылы болатынын немесе кәсіпорынның міндеттемелері бойынша жауапкершілікте болатынын көрсетпейді. Сәйкесінше, С кәсіпорнының ұйымдастырушылық-құқықтық формасы және келісімшарттық келісімнің шарты қызметтің бірлескен кәсіпорын болып табылатынын көрсетеді. |
Алайда, сонымен қатар тараптар қызметтің төмендегі аспектілірін қарастырады: |
• Тараптар С кәсіпорындары өндірген барлық өнімдерді 50:50 қатынасында сатып алу туралы келісімге келеді. Егер қызметтің екі тарабы мақұлдамаса, С кәсіпорны өнімді үшінші тұлғаларға сата алмайды. Қызметтің мақсаты тараптарды өнімдермен қамтамасыз етуден тұратындығына қарамастан үшінші тұлғаларға сату сирек және елеусіз болады. |
• Тараптарға сатылған өнімдердің бағасы С кәсіпорнынан кеткен өндірістік шығындар мен әкімшілік шығындарды жабатын деңгейде екі тарапен анықталады. Қызметтің сипатталған операциялық үлгісі пайдалылықтың нөлдік деңгейіндегі жұмысты ұсынады. |
Төмендегі фактілер мен міндеттемелер жоғарыда сипатталған жағдайлар үшін елеулі болып табылады: • С кәсіпорындары өндіріген барлық өнімдерді сатып алу туралы тараптардың міндеттемесі ақша қаражаттарының ағынын генерациялау мәселесіндегі тараптардан С кәсіпорнының нақты тәуелділігін көрсетеді және осылайша С кәсіпорындарының міндеттемелерін өтеуді қаржыландыру міндеттемесі болады. • С кәсіпорындары өндірген барлық өнімдерге тараптардың құқығы болу фактісі тараптардың С кәсіпорындарынан түскен активтердің барлық экономикалық пайдаларға жұмсайтын және сәйкесінше мұндай пайдаларға құқығы болатынын білдіреді. |
Аталған фактілер мен мінденттемелер қызметтің бірлескен операциялар екенін көрсетеді. Аталған жағдайда бірлескен қызметтегі жіктеу туралы қорытындысы егер, тараптар өнімдерінің үлестерін өз бетінше пайдаланудың орнына кейінгі өндірістегі өнімдердің үлесін үшінші тұлғаларға сатқанда өзермес еді. |
Егер де тараптар қызметтің өнімдерді үшінші тұлғаларға сата алуы үшін келісімшарттық келісімнің шарттарын өзгерткен болса, бұл C кәсіпорнының сұраныстар мен босалқылар, сондай-ақ несиелік тәуекелдерге байланысты тәуекелдерді қабылдауына әкелуі мүмкін. Фактілер мен міндеттемелердің өзгерістерінде көрсетілген өзгеріс оқиғаларының осылайша дамуы кезінде бірлескен қызметтің жіктемелерін қайта бағалау талап етілуі мүмкін. Мұндай фактілер мен міндеттемелер қызметтің бірлескенкәсіпорын болып табылатынын көрсете алуы мүмкін. |
B33 Бірлескен қызмет жеке кәсіпорынның құрылымы болған жағдайда қызметті жіктеу үшін төменде ұсынылған сызба кәсіпорын орындайтын бағалау үрдісін көрсетеді.
| | | |
| | Жеке кәсіпорынның құрылымы бар бірлескен қызметтің жіктемесі | | |
| | | |
| |
Бірлескен қызмет тараптарының қаржылық есептілігі (22-тармақ)
Бірлескен операциялардағы сауданың немесе активтердің жарналарын есепке алу
B34 Егер кәсіпорын сауда немесе активтердің жарналары сияқты қатысушы болып табылатын бірлескен операциямен мәміле жасаған жағдайда ол бірлескен операциялардың басқа тараптарымен мәмле жасайды және осының күшіне орай бірлескен операциялардың қатысушысы мұндай мәмледен түскен пайда мен шығынды тек бірлескен қызметтегі басқа тараптардың қатысу үлестері шамасында ғана тануы тиіс.
B35 Мұндай мәмлелер активтердің жүзеге асуының таза құнының төмендеуін қамтамасыз еткен жағдайда бірлескен қызметке сатылатын немесе енгізілетін немесе мұндай активтердің құнсыздануынан болған шығындардың дәлелдемелері көрсетілген шығындарды бірлескен операциялардың қатысушылары толық көлемде тануы тиіс.
Бірлескен операциялардан активтерді сатып алуды есепке алу
B36 Егер кәсіпорын активтерді сатып алу сияқты қатысушы болып табылатын бірлескен операциямен мәмле жасаған жағдайда, ол пайдалар мен шығындардағы үлесін активті үшінші тұлғаға сатып жібергенінше тануы тиіс.
B37 Мұндай мәмлелер активтердің жүзеге асуының таза құнының төмендеуін қамтамасыз еткен жағдайда сатып алынатын немесе мұндай активтердің құнсыздануынан болған шығынның дәлелдемесін бірлескен қызметтің қатысушысы мұндай шығындардан өзінің үлесін тануы тиіс.
C Қосымшасы
Күшіне ену күні, есепке алудың жаңа тәртiбіне көшу және басқа ХҚЕС-тың жұмысын тоқтату
Осы қосымша осы стандарттың маңызды бөлiгi болып табылады және қолдану күші і бойынша осы Стандарттың (ХҚЕС) басқа бөлiмдерiмен тең дәрежеде қолданады.
C1 Кәсiпорын осы стандартты 2013 жылдың 1-қаңтары немесе осы мерзімнен кейін басталатын мерзiмдерге қатысты қолдануы керек. Егер кәсiпорын осы стандартты бірден жалғасушымерзiмге қатысты қолданса, онда ол бұл айғақты ашуы және мұнымен бiр уақытта 10ХҚЕС (IFRS), 12«Басқа кәсіпорындарға қатысулар туралы ақпаратты ашып көрсету» ХҚЕС (IFRS), 27ХҚЕС (IAS) (2011 жылдың түзетулернін есепке ала отырып), және 28ХҚЕС (IAS) (2011 жылдың түзетулерін есепке ала отырып) қолдануы керек.
C1A 2012 жылы қазан айында шыққан Шоғырландырылған Қаржылық Есептілігі, Бірлескен қызмет және Басқа кәсіпорындардағы қатысулар туралы ақпараттарды ашып көрсету (10 ХҚЕС(IFRS), 11 ХҚЕС(IFRS) және 12 ХҚЕС(IFRS) түзетулер), C2-C5, C7-C10 мен C12тармақтарын өзгертті және C1B мен C12A-C12B тармақтарын енгізді. 2013 жылдың 1 қаңтар немесе бұдан кейінгі күннен бастап жылдық кезеңдер үшін қолданылуы тиіс. Егер 11-шы ХҚЕС ертерек мерзім үшін қолданылса, өзгерістер сол мерзім үшін пайдаланылуы қажет.
Жаңа есепке алу тәртібіне көшу
С1В 8-ші ХҚЕС-ң (IFRS) 28-ші тармағына сәйкес ХҚЕС алғаш қолданылғанда, немесе Есеп саясаты, бухгалтерлік есеп бағалауларында болатын өзгерістер мен қателеросы ХҚЕС-на қолданылғаннан кейін, кәсіпорын 8-ші ХҚЕС-ң (IFRS) 28-ші (f) тармағына сәйкес осы 11-ші ХҚЕС-ң (пайдалану мерзімінің бірден жалғасушы мерзімінде)сандық ақпаратты ұсынуы тиіс. Кәсіпорын осы ақпаратты ағымдағы кезеңде немесе ерте салыстырмалы кезеңдер үшін ұсына алады, бірақ талап етілмейді.
Бiрлескен қызмет - пропорционал шоғырландырудан үлестiк қатысу әдісіне көшу
C2 Пропорционал шоғырландырудан үлестiк қатысу әдiсіне көшкен кезде, кәсiпорын бірден жалғасушы мерзімінің басында бiрлескен кәсiпорындағы өз инвестицияларын тануы керек. Мұндай бастапқы инвестициялар активтер мен мiндеттемелердiң теңгерімдік құнының жиынтығы ретінде бағаланады, бұларды кәсіпорын сатып алу нәтижесі болып табылатын кез келген гудвилды қосқанда бұрын пропорционал негізде шоғырландырған. Егер гудвил бұрынықта қаржы жинайтын ірілеу топқа немесе қаржы жинайтын бiрлiктер тобына жатқан болса, онда кәсiпорын гудвилды қаржы жинайтын бiрлескен кәсiпорын немесе бiрлiктің салыстырмалы теңгерімдік құнына сүйене отырып бiрлескен кәсiпорынға жатқызуы тиіс.
C3 C2 -тармағына сәйкес анықталған инвестициялардың бастапқы қалдығы бастапқы танудағы инвестициялардың шартты құны ретінде бағаланады.Кәсiпорын инвестициялардың құнсыздануының қаншалықты мүмкін екендігін бағалау үшiн инвестициялардың бастапқы қалдығына қатысты 28-ХҚЕС (IAS) (2011 жылғы түзетулерін есепке ала отырып) 40-43-тармақтарын қолдануы керек, және құнсыздану шығынын бірден жалғасушы мерзiмінің басында бөлiнбеген пайдаға енгізілген түзетулер ретінде тануы керек. Егер кәсiпорын пропорционал негізде бұрынырақ шоғырландырылған бiрлескен кәсiпорындардың есепке алудың жаңа тәртiбіне көшу талаптарын қолдану нәтижесiнде бiрлескен кәсiпорындағы инвестицияны мақұлдаса, онда 12-«Пайдаға салынатын салықтар»ХҚЕС (IAS) 15 және 24-тармақтарында қарастырылған алғашқы тану ерекшелігі қолданылмайды.
C4 Пропорционал негізде шоғырландырылған барлық активтер мен міндеттемелерді біріктіру таза активтердің теріс қалдығына алып келетін болса, онда кәсіпорын таза активтердің теріс қалдығына қатысты оның заңды немесе орын алған тәжірибемен ескерілген міндеттемеге ие болатын, болмайтынын бағалауы тиіс, егер ол мұндай міндеттемеге ие болса, кәсiпорын тиiстi мiндеттемені тануы керек. Егер кәсiпорын таза активтердің теріс қалдығынақатысты заңды немесе орын алған тәжірибемен ескерілген міндеттемеге ие емес деген қорытындыға келетін болса, ол тиiстi мiндеттемені танымауы керек, бiрақ бірден жалғасушы мерзiмнің басында бөлiнбеген пайданы түзетуге мiндеттi. Кәсiпорын оның бiрлескен кәсiпорындарының жиналған шығындарының мойындалмаған бөлігінің қатарында анағұрлым еретерек мерзiмнің басында және осы стандарттың алғашқы қолданылу күнінде бұл айғақты ашып көрсетуітиіс.
C5 Кәсiпорын көрсетілгендердің ішіндебірден жалғасушымерзімнің басындағы жағдай бойынша инвестицияның бiртұтас қалдығына абстракцияҚауымдасқан активтер мен мiндеттемелердiң бөлуiн көрсетуi керек. Осы ақпараттардың ашылып көрсетілуі C2-C6 -тармақтарында баяндалған есепке алудың жаңа тәртібіне көшу талаптарын қолданатын кәсіпорынға қатысты барлық бiрлескен кәсiпорындар үшiн агрегациялық негізде дайындалуы тиіс.
C6 Бастапқы танудан кейiн кәсiпорын 28-ХҚЕС (IAS) (2011 жылғы түзетулерді есепке ала отырып) сәйкес үлестiк қатысу әдiсін қолдана отырып, бiрлескен кәсiпорындағы өз инвестицияларын көрсетеді.