1. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдарда орталық және жергiлiктi атқарушы органдар ұйымдастырады және олар бюджет қаражаты және жұмыс берушiлердiң өтiнiмi бойынша солардың қаражаты есебiнен қаржыландырылады.
2. Азаматтардың қоғамдық жұмыстарға қатысуы тiркелген күнiне сәйкес кезектiлiк тәртібімен жүзеге асырылады. Нысаналы топтарға кiрген жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға басым тәртiппен қатысу құқығы бар.
2009.05.05. № 159-IV ҚР Заңымен 3- тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Қоғамдық жұмыстарға қатысуды дәлелсiз себептермен өз бетiнше тоқтатқан адамдар уәкiлеттi органда қайтадан тiркелген (өтініш берген) күннен бастап үш ай өткеннен кейiн ғана қоғамдық жұмыстарға қайтадан жiберiлуi мүмкін.
4. Қоғамдық жұмыстар уақытша жұмыс орындарын ашу жолымен ұйымдастырылады және олардың мынадай ерекшелiктерi болады:
1) жұмыссыздарға әдейi арналған;
2009.05.05. № 159-IV ҚР Заңымен тармақ 1-1) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылды)
1-1) 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
2) жұмыс орындарының саны iс жүзiнде шектелмейдi, жұмыс уақытша сипатта болады және оларды ұйымдастыру үшiн тұрақты жұмыс орындары мен бос қызмет орындарын пайдалануға болмайды;
3) жұмысты толық емес жұмыс күнi жағдайында және икемдi график бойынша ұйымдастыру мүмкiндiгi болады;
4) аймақ үшiн экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық пайдасы болады;
5) арнаулы білімi жоқ адамдардың уақытша жұмысқа орналасуына мүмкiндiк бередi.
5. Жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша:
1) қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс айқындалады;
2) аймақтардағы ұйымдардың тiзбелерi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегiне төленетiн ақының мөлшерi және оларды қаржыландыру көздерi бекітіледi.
6. Авариялар, дүлей зiлзалалар, апаттар және басқа төтенше жағдайлар зардаптарын жедел жою қажеттiлiгiне байланысты қызмет түрлерi қоғамдық жұмыстарға жатпайды.
7. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы, Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнамасы қолданылады.
9. Осы Заң қылмыстық заңдарда көзделген қоғамдық жұмыстарға тарту жөніндегі құқықтық қатынастарды реттемейдi.
2011.27.06. № 444-IV ҚР Заңымен 20-1-баппен толықтырылды
20-1-бап. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары
1. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары:
1) оқытуды және жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді;
2) ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуді;
3) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруды қамтиды.
2. Оқытуға және жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге бағытталған шаралар:
1) оқу және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультациялар;
2) стипендия төлей отырып, біліктілікті арттырудың, кәсіптік даярлаудың және қайта даярлаудың тегін курстарына жіберу;
3) білім алушыларға (оқу орнына дейін және қайтарында жол жүруіне және жатақханада тұруына немесе тұрғын үйді жалдаумен (жалға алумен) байланысты шығындарды өтеуге) субсидия беру;
4) лайықты бос жұмыс орындарын іздестіру және жұмысқа (оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына) орналасуға жәрдемдесу;
5) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын жеке тұлғалардың жалақысын ішінара субсидиялау;
6) психологиялық бейімдеу арқылы іске асырылады.
3. Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге бағытталған шаралар:
1) микрокредиттер беру;
2) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту;
3) консультативтік қызметтер ұсыну;
4) кәсіпкерлік негіздерін оқыту арқылы іске асырылады.
4. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруға бағытталған шаралар:
1) көшуге субсидиялар беру;
2) кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында оқыту, сондай-ақ жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
3) психологиялық бейімдеу;
4) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарына қызметтік тұрғын үй беру арқылы іске асырылады.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-тарау. Халықты жұмыспен қамту саласындағы бақылау мен есептiлiк
2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 21-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы ведомстволық статистикалық байқау
2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Халықты жұмыспен қамту саласындағы жағдайға, сондай-ақ еңбек рыногындағы ахуалға, оның болжануы мен реттелуiне объективтi баға беру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ведомстволық статистикалық байқау жүргізіледі.
2009.05.05. № 159-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Еңбек делдалдығымен айналысатын жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алған немесе өздерінің қарамағында жұмысқа орналасуға рұқсаттар алған шетелдік қызметкерлер жұмыс істейтін жұмыс берушілер уәкiлеттi органға және ішкі істер органдарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және мерзiмде алғашқы статистикалық деректерді табыс етуге мiндеттi.
2007 ж. 6 шілдедегі № 276-ІІI ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Уәкiлеттi органдар мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен, салық органдарымен, ішкі істер органдарымен, республикалық және аймақтық деңгейдегi басқа да мүдделi мемлекеттік органдармен әр тараптың өз мiндеттерiн орындауы үшiн қажет болатын есептi құжаттама мен мәлiметтердi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтемсiз негiзде алмасады.
2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Уәкiлеттi органдар орталық атқарушы органға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және мерзiмде алғашқы статистикалық деректерді табыс етедi.
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен (бұр.ред.қара); 2006.05.06 № 146-III ҚР Заңымен; 2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 22-бап өзгертілді
22-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар
Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік», «халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік бақылауды орталық атқарушы орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асырады.
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік», «халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 22-1-баппен толықтырылды; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 22-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22-1-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР 27.01.04 ж. № 524-II Заңымен (01.03.04 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 23-бап өзгертілді
23-бап. Қазақстан Республикасының жұмыспен қамту туралы заңнамасының бұзылғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасын бұзған жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Қазақстан Республикасының