Субъектінің жұмысын ішінара немесе толық тоқтату немесе оған тыйым салу туралы талап-арызды уәкілетті орган және облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы), облыстық маңызы бар қалалардағы, аудандардағы аумақтық мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және негіздерде сотқа жібереді.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 9-2-баппен толықтырылды
9-2-бап. 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 9-3-баппен толықтырылды
9-3-бап. 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 9-4-баппен толықтырылды; 2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 9-4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 9-4-бап өзгертілді
9-4-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы оқу орындары
Өрт қауiпсiздiгi саласындағы оқу орындары өртке қарсы қызмет қызметкерлерiне білім беру және олардың біліктiлiгiн арттыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын мамандықтар бойынша жоғары білімi бар мамандарды даярлау мақсатында құрылады.
Өрт қауiпсiздiгi саласындағы оқу орындарының басты мiндеттерi:
1) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң кәсiби өсуi мен біліктілігін арттыруға жағдай жасау;
2) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары үшiн мамандар даярлау;
3) мамандар даярлау бейiнiне сәйкес қызметтi жетiлдiрудiң өзектi проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргiзу, алынған зерттеу нәтижелерiн оқу процесiне және практикаға енгізу болып табылады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 9-5-баппен толықтырылды; 2006.29.12. № 209-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен; 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 9-5 бап өзгертілді; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 9-5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.28.06. № 295-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-5-бап өзгертілді
9-5-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік бас инспекторы - мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының басшысы;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік бас инспекторының орынбасарлары - мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары басшысының орынбасарлары;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары - мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының мемлекеттік бақылау жөніндегі мамандары;
облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік бас инспекторлары - мемлекеттік өртке қарсы қызметтің аумақтық органдарының басшылары;
облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік бас инспекторларының орынбасарлары - мемлекеттік өртке қарсы қызметтің аумақтық органдары басшыларының орынбасарлары;
облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары - мемлекеттік өртке қарсы қызметтің аумақтық органдарының мемлекеттік бақылау жөніндегі мамандары жатады.
3. Шахталардың, кеніштердің, кен қазбаларының жерасты құрылыстарында, ашық көмір разрездерінде, орман және тоғай алқаптарының аумақтарында, сондай-ақ әуе, теміржол, теңіз және ішкі су көлігінде өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылауды Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті органдары жүзеге асырады.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының дипломатиялық мекемелерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет елдердегі өкілдіктерінің өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз етілуін бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік инспекторлар жүргізілген мемлекеттік бақылаудың нәтижелері бойынша өрт қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары талаптарының анықталған бұзушылықтарына қарай мынадай актілер:
1) тексеру жүргізу нәтижелері бойынша акт;
2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама;
3) өрт қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама;
4) өрт қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптары бұзылған жағдайда кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы қаулы шығарады.
5. Дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың өрт қауіпсіздігі саласындағы нормаларды, қағидаларды, техникалық регламенттерді және стандарттарды сақтауы бақылануға жатады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 9-6-баппен толықтырылды; 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 9-6 бап өзгертілді
9-6-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен 3-1-тараумен толықтырылды; 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 3-1-тарау жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-1-тарау. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің құқықтық жағдайы
10-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнің және өзге де жұмыскерлерінiң еңбегін құқықтық реттеу
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктер ескеріліп, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен реттеледі.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының өзге де жұмыскерлерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
11-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң арнаулы атақтары
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне арнаулы атақтар беріледі.
Мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң арнаулы атақтар берiлетiн лауазымды адамдарының тiзбесiн, сондай-ақ орталық органдағы, оның ведомствосындағы, аумақтық бөлiмшелердегi және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердегі соларға сәйкес шектi атақтарды Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
11-1-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын қаржыландыру
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын қаржыландыру бюджет қаражаттары есебінен жүзеге асырылады.
3-2-тарау. 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Заң 3-3-тараумен толықтырылды 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен
3-3-тарау. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласына қатысуы
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 12- бап жаңа редакцияда
12-бап. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет
1. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет - жеке немесе заңды тұлғалардың өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ ұйымдар мен объектілерде өртпен байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметі.
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет міндетті түрде құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің негізгі міндеттеріне:
1) тиісті объектілерде өрттің алдын алу және оны сөндіру;
2) тиісті объектілерде өрт сөндіруге байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жатады.
3. Өртке қарсы қызмет міндетті түрде құрылатын ұйымдар мен объектілердің өрт қауіпсіздігі мемлекеттік емес өртке қарсы қызметпен шарттар жасасу арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін.
4. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет осы Заңға және өртке қарсы қызметтің жұмысын реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өз қызметін жүзеге асырады.
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет субъектілері өрт қауіпсіздігі саласындағы міндеттерді орындауда мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына жәрдемдесуге міндетті.
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің осы Заңда көзделген барлық заңды талаптарын орындауға міндетті.
5. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметке жұмысқа кәмелеттік жасқа толған және арнайы дайындық пен оқу курсынан өткен Қазақстан Республикасының азаматтары қабылдана алады.
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметке жұмысқа психикалық ауруы, денсаулық жай-күйінің шектеулі болуы себепті, маскүнемдігі немесе нашақорлығы бойынша денсаулық сақтау органдарында есепте тұратын, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметке жұмысқа кіру уақытында Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар қабылдана алмайды.
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет өз қызметкерлерін мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары үшін белгіленген нормалар бойынша арнайы киім-кешекпен және өртке қарсы жарақтармен қамтамасыз етуге міндетті.
6. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары үшін белгіленген өрт сөндіру техникасы, өрт-техникалық жарақтары мен жабдықтары бойынша тиісті нормаларға сәйкес келуге тиіс.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2010.28.06. № 295-ІV ҚР Заңымен 13-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13-бап. Өртке қарсы ерікті құралымдар
1. Дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған ұйымдардағы, елді мекендердегі өрттердің профилактикасы және оларды сөндіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында өртке қарсы ерікті құралымдар құрылуы мүмкін.
2. Өртке қарсы ерікті құралымдардың негізгі міндеттеріне:
1) дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған ұйымдардағы, елді мекендердегі өрттердің алдын алу және оларды жою;
2) дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған ұйымдардағы, елді мекендердегі өрттерді сөндірумен байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу;
3) өрт қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жатады.
Өртке қарсы ерікті құралымдар өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту және оларды өрт шыққан кездегі іс-әрекеттерге әзірлеуді жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларды жүргізеді.
3. Өртке қарсы ерікті құралымдар ерікті өрт сөндірушілерден жасақталады.
Ерікті өрт сөндірушілерге ерікті негізде өзінің іскерлік және моральдық қасиеттерімен, сондай-ақ денсаулық жағдайына қарай өрттердің алдын алумен және (немесе) оларды сөндірумен байланысты міндеттерді орындауға қабілетті азаматтар жеке тәртіппен қабылданады.
Ерікті өрт сөндірушілерге қабылданған азаматтар жүргізілуін ерікті өртке қарсы құралымдар жүзеге асыратын ерікті өрт сөндірушілер тізілімінде тіркеледі және бастапқы даярлықтан өтеді.
Ерікті өрт сөндірушілердің бастапқы даярлық бағдарламасын уәкілетті орган бекітеді.
Ерікті өрт сөндірушілердің кейінгі даярлығы өртке қарсы ерікті құралымда жүзеге асырылады.
Ерікті өрт сөндірушілердің кейінгі даярлық бағдарламасын өртке қарсы ерікті құралымның басшысы әзірлейді және уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің басшысы бекітеді.
4. Өртке дер кезінде ден қою үшін уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің келісімі бойынша өртке қарсы ерікті құралымның басшысы ерікті өрт сөндірушілерді жинау тәртібі мен оларды өрт шыққан жерге жеткізу тәсілін айқындайды.
5. Ерікті өрт сөндірушінің өрттердің алдын алу және оларды сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрттерді сөндіруге байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындау кезеңінде қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертіккен жағдайдағы кепілдіктері өртке қарсы ерікті құралымның жарғысында белгіленеді.
6. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі өртке қарсы ерікті құралымдардың тізілімін жүргізеді.
4-тарау. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
14-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы құқықтық реттеу
Өрт қауіпсіздігі саласындағы құқықтық реттеу - нормативтік құқықтық актілерде міндетті түрде орындалуға тиіс өрт қауіпсіздігі талаптарын белгілеу.
Өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерге өрт қауіпсіздігінің нормалары мен ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптарын қамтитын нұсқаулықтар, техникалық регламенттер және өзге де нормативтік құқықтық актілер жатады.
Өнімге және оның өмірлік циклінің процестеріне қойылатын өрт қауіпсіздігінің талаптары техникалық регламенттерде белгіленеді.
Мемлекеттік органдар әзірлейтін және өрт қауіпсіздігі талаптарын белгілейтін нормативтік құқықтық актілер уәкілетті органмен міндетті түрде келісілуге тиіс.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 15-бап (бұр. ред. қара); 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 15- бап өзгертілді
15-бап. Өрт қауiпсiздiгi шараларын әзiрлеу және iске асыру
Өрт қауiпсiздiгi шаралары Қазақстан Республикасының заңдарына, өрт қауiпсiздiгi жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес, сондай-ақ өртке қарсы күрес тәжiрибесi, заттардың, материалдардың, технологиялық процестердiң, бұйымдардың, конструкциялардың, ғимараттар мен құрылыстардың өртену қаупiн бағалау негiзiнде әзiрленедi.
Заттарды материалдарды, бұйымдарды және жабдықтарды дайындаушылар (жеткізушiлер) тиiстi техникалық құжаттамада осы заттардың, материалдардың, бұйымдар мен жабдықтардың өртену қаупiн, сондай-ақ оларды пайдаланған кездегi өрт қауiпсiздiгi шараларын мiндеттi түрде көрсетедi.
Кәсiпорындар, ғимараттар, құрылыстар және басқа да объектiлер үшiн өрт қауiпсiздiгi шараларын әзiрлеп, iске асырғанда, соның iшiнде оларды жобалағанда, өрт кезiнде адамдардың басқа жерге қауіпсiз көшiрiлуiн қамтамасыз ететiн шешiмдер мiндеттi түрде көзделуге тиiс.
Өндiрiстер үшiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі шешiмдердi көздейтiн өрттердi сөндiру жоспарлары мiндеттi түрде әзiрленедi.
Елдi мекендер мен әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдар үшiн өрт қауiпсiздiгi шараларын тиiстi мемлекеттік органдар әзiрлеп, iске асырады.
2009.17.07 № 188-IV ҚР Заңымен мазмұн 15-1-баппен толықтырылды
15-1-бап. 2010.28.06. № 295-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР 16.07.99 ж. № 437-1 ҚР Заңымен; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен; 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.28.06. № 295-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16- бап өзгертілді
16-бап. Өрттердi сөндiру
Өрттердi сөндiру азаматтарды, мүлiктердi құтқаруға және өрттердi жоюға бағытталған iс-әрекеттер болып табылады.
Қоныстану аумақтарында, стратегиялық, ерекше маңызды мемлекеттік объектілерде және мемлекет меншігіндегі тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде өрт сөндіруді мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жүзеге асырады.
Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елді мекендердегі өрттерді сөндіруді тиісті аумақтағы жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
Міндетті түрде өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілерде өрт сөндіруге мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын тартқан жағдайда шығындарды өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен жүргізіледі. Шығындар сомасы республикалық бюджетке есептеледі.
Басқа объектілердегі өрттерді сөндіруді мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтер жүзеге асырады.
Өрттердi сөндiрудi ұйымдастырудың және бұған мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті тарту тәртібін уәкiлеттi органы белгiлейдi.
Өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнiң өрттердi сөндiруге баруы және оларды жоюға қатысуы сөзсiз тәртiппен жүзеге асырылады.
Өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiн шақыру үшiн елдi мекендердiң телефон жүйелерiнде бiрiңғай - 101 нөмiрi белгiленедi.
Өрттердi сөндiру кезiнде өртке қарсы қызметтiң қызметкерi барлық тұрғын үйге, өндiрiстiк және басқа да үй-жайларға кедергiсiз кiруге, сондай-ақ азаматтарды құтқаруға, оттың өршуiне жол бермеуге және өрттi сөндiруге бағытталған кез-келген шаралар қолдануға құқылы.
Өртке қарсы қызметтiң өрттi сөндiруге тартылған барлық бөлiмшелерi өрттi сөндiру жөніндегі басшыға бағынады. Өрттердi сөндiру кезiнде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының уәкiлеттiлік алған лауазымды адамдарынан басқа ешкiмнiң де оның iс-әрекетiне араласуға немесе оның өкімінiң күшiн жоюға құқығы жоқ.
Уәкiлеттi органның басшысы өртке қарсы барлық қызметтерге қатысты аға жедел бастық болып табылады.
Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің аумақтық органдарының басшылары тиісті облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), облыстық маңызы бар қаланың, ауданның аумағында орналасқан өртке қарсы барлық қызметтерге қатысты аға жедел бастық болып табылады.
Өрттердi сөндiру кезiнде келтiрiлген материалдық залал қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен өтелуге тиiс. Өртке қарсы қызметтiң жеке құрамы, аса қажет болған жағдайларда өрт сөндiруге қатысқан өзге де адамдар келтiрiлген залалды өтеуден босатылады.
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдары және қорғаныс, әуе, темір жол, теңіз және ішкі су көлігі, орман шаруашылығы объектілеріндегі өрттерді сөндіру уәкiлеттi органы мен тиісті заңды тұлғалары арасындағы келісімдермен регламенттеледі.
Апаттарды, дүлей зілзалаларды және өрт сөндіруге байланысты емес өзге де төтенше жағдайларды жою кезінде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдары (ақшалай қаражаттан басқа) оларды жою жөніндегі басшының қарамағына көшеді.
Өрт сөндіру кезінде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің:
1) өрт сөндіру үшін өртке қарсы қызметтің күштері мен құралдарын, көлік және басқа да материалдық-техникалық құралдарды тартуға;
2) өртті сөндіру және жою жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде цехтар мен объектілердің жұмысын тоқтатуға, қажет болғанда қауіпті аймақтан адамдарды және материалдық бағалы заттарды көшіруге нұсқау беруге;
3) өрт кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында олардың жекелеген учаскелерге, аумақтарға, ғимараттардың үй-жайларына кірулерін шектеуге немесе оған уақытша тыйым салуға;
4) өрт кезінде азаматтардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және азаматтарды құтқаруға, оттың таралуын болдырмауға және өртті жоюға бағытталған шараларды қабылдау үшін азаматтардың тұрғын үй және өзге де үй-жайларына, ұйымдарына, оларға тиесілі жер учаскелеріне, дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінен басқа аумақтар мен үй-жайларға кедергісіз кіруге;
5) қажет болған жағдайларда жабық есіктер мен терезелерді, сондай-ақ адамдарды құтқару мен өрт сөндіруде кедергі болатын құрылыстарды бұзып ашуға;
6) адамдарды құтқару үшін және аса қажет болған жағдайда өртті сөндіру және жою кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен, ұйымдардың байланыс құралдарын, мүлкін және өзге де материалдық құралдарын, көлікті, егер залал келтірілген болса, оны иелеріне өтеу арқылы пайдалануға құқылы.
ҚР 16.07.99 ж. № 437-1 Заңымен 17-бап толықтырылды
17-бап. Өрт сөндiру - техникалық өнiмдi өндiру
Өрт сөндiру - техникалық өнiмi Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiпте шарттық негiзде, сондай-ақ кәсiпкерлiк қызметпен жүзеге асырылатын тәртiпте өндiрiледi.
Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын өрт сөндіру-техникалық өнімінің түрлерін уәкiлеттi орган белгілейді.
16.07.99 ж. № 437-1; 02.07.03 ж. № 454-II; 2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен; 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.28.06. № 295-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 18-бап өзгертілді
18-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсету
Қазақстан Республикасында өрт қауiпсiздiгi саласындағы жұмыстарды орындайтын және қызмет көрсететiн мемлекеттік емес ұйымдар құрылып, жұмыс iстеуi мүмкiн, оларға мыналар жатады:
- өрт сөндiру-техникалық өнiмiн өндiру, оны сынықтардан өткізу, сатып алу және жеткiзiп беру;
- жобалау iздестiру жұмыстарын атқару;
- ғылым-техникалық кеңес беру және жобалардың мемлекеттік сараптамасының ерекше құзыретiне жатқызылатын сараптау жұмыстарын қоспағанда, сараптама жүргiзу;
- заттардың, материалдардың, бұйымдардың, жабдықтардың және конструкциялардың өрт қауiпсiздiгiн сынау;
- халықты өрт қауiпсiздiгi шараларына оқытып-үйрету;
- өртке қарсы насихатты жүзеге асыру, арнайы әдебиет пен жарнама өнiмiн басып шығару;
- оттан қорғау және мұржа-пеш жұмыстары;
- өрт саймандарын, өрттердi сөндiрудiң бастапқы құралдарын өндiру, оларды жөндеу және қызмет көрсету, отты сөндiретiн заттардың сапасын қалпына келтiру;
- өртке қарсы қызметтiң ғимараттары мен құрылыстарын салу, қайта құру және жөндеу;
- өрттен қорғау жүйелерi мен құралдарын өндiру, монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу;
- өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау;
- тiзбесiн мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары белгiлейтiн өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған басқа да жұмыстар мен қызметтер жатады.
2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 320-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 19-бап өзгертілді
19-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы білімдердi насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету
Өрт қауiпсiздiгi саласындағы білімдердi насихаттауды уәкiлеттi орган және республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдары мен қоғамдық бiрлестiктер жүзеге асырады. Бiлiмдердi насихаттау үшiн бұқаралық ақпарат құралдары пайдалануы мүмкiн.
Азаматтарды оқытып-үйрету мектепке дейiнгi және жалпы орта білім беру мекемелерiнде, жұмыс орны мен тұрғылықты жерi бойынша ұйымдарда, ал мамандарды оқытып-үйрету - орта білімнен кейінгі, арнаулы орта және жоғары білім беру, кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлау ұйымдарында, өрт қауiпсiздiгi саласындағы iс-әрекеттерге әзiрлеу жөніндегі орталықтарда, жұмыс орны бойынша ұйымдарда жүргiзiледi.
Бағдарламалар мазмұнына қойылатын талаптарды және өрт қауiпсiздiгi шараларына оқытып-үйрету тәртібін уәкiлеттi органы белгiлейдi.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
20-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы ақпаратқа халықтың құқығы
Өрт қауiпсiздiгi саласындағы ақпаратты ұйымдар қызметiнiң қауiп-қатер деңгейi және басым өртену қауiптiлiгi, қажеттi қауiпсiздiк, өрттердiң салдарлары, олардан сақтандыру және оларды жою жөніндегі шаралар туралы мәлiметтер құрайды. Ақпарат ашық және жариялы болып табылады, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялануға жатады.