35 Ағымдағы кезеңде ілгеріде тоқтатылған қызмет құрамында ұсынылған, өткен кезеңде тоқтатылған қызметтің шығарылуына қатысты сомаларға жасалған түзетулер тоқтатылған қызмет құрамында бөлек жіктелуге тиіс. Мұндай түзетулердің сипаты мен сомасы ашып көрсетілуге тиіс. Осындай түзетулер туындауы мүмкін жағдайлардың мысалдарына мыналар жатады:
(а) шығару операциясының шарттары нәтижесінде туындайтын белгісіздікті жою, мысалы, сатып алушымен сатып алу бағасын түзетуді және өтемақы мәселелерін реттеу;
(b) салдары ретінде туындайтын және компоненттің ол шығарылғанға дейінгі қызметіне тікелей қатысты белгісіздікті жою, мысалы, қоршаған ортаны қорғау бойынша міндеттемелер және сатушыда сақталатын өнімдер бойынша кепілдік міндеттемелер;
(с) шығару операциясына тікелей қатысы бар екендігін ескере отырып, зейнетақы жоспарының міндеттемелерін өтеу.
36 Егер ұйым компонентін сатуға арналған ретінде жіктеуді тоқтатса, компонент қызметінің ілгеріде 33-35-тармақтарға сәйкес тоқтатылған қызметтің бір бөлігі болып ұсынылған нәтижелері қайта жіктелуге және барлық ұсынылған кезеңдер үшін жалғастырылып отырған қызметтен түскен пайдаға кіргізілуі тиіс. Алдыңғы кезеңдер үшін сомаларға қатысты олардың ұсынылуының өзгергені көрсетілуге тиіс.
36А Еншілес ұйымды басқарудан айырумен бірге жүретін сату жоспарына енгізілген ұйым, еншілес ұйым 32-тармаққа сәйкес тоқтатылған қызмет анықтамасына сай шығаруға арналған топ болғанда, 33-36- тармақтарда талап етілген ақпаратты ашып көрсетуі тиіс.
Жалғастырылатын қызметке қатысты пайда немесе залал
37 Сатуға арналған ретінде жіктелген, тоқтатылған қызметтің анықтамасына сәйкес келмейтін ұзақ мерзімді активті (шығаруға арналған топтарды) қайта бағалаудан болған басқа да пайда немесе залал жалғастырылған қызметтен түскен пайдаға немесе залалға жатқызылуы тиіс.
Сатуға арналған ретінде жіктелген ұзақ мерзімді активті немесе шығаруға арналған топты көрсету
38 Ұйым сатуға арналған ретінде жіктелген ұзақ мерзімді активті және сатуға арналған ретінде жіктелген шығаруға арналған топтың активтерін қаржылық жағдай туралы есепте басқа да активтерден бөлек көрсетуге тиіс. Сатуға арналған ретінде жіктелген шығаруға арналған топтың міндеттемелері қаржылық жағдай туралы есептебасқа міндеттемелерден бөлек көрсетілуі керек. Бұл активтер мен міндеттемелер өзара есепке алынбауы және бір сома ретінде көрсетілмеуі керек. Сатуға арналған ретінде жіктелген активтер мен міндеттемелердің негізгі қызметі бөлек не қаржылық жағдай есебінің өзінде, не 39-тармақпен рұқсат етілген жағдайларды қоспағанда, ескертулерде ашып көрсетілуге тиіс. Ұйым тікелей басқа толық табыс арқылы танылған және сатуға арналған ретінде жіктелген ұзақ мерзімді активке (шығаруға арналған топқа) жататын кез келген жинақталған кірістер мен шығыстарды бөлек көрсетуге тиіс.
39 Егер шығаруға арналған топ сатып алған кезде сатуға арналған ретінде жіктелген талаптарды орындайтын еншілес ұйым таяу арада сатып алған болып табылса (11-тармақты қараңыз), онда активтер мен міндеттемелердің негізгі қызметтерін ашып көрсету талап етілмейді.
40 Ұйым ұзақ мерзімді активтер бойынша немесе сатуға арналған ретінде жіктелген шығаруға арналған топтардың активтері мен міндеттемелері бойынша көрсетілген сомаларды өткен кезеңдердің қаржылық жағдай есебінде ең соңғы көрсетілген кезең үшін қаржылық жағдай туралы есепте көрсету үшін екінші рет қайта жіктемеуге және ұсынбауға тиіс.
Ақпаратты қосымша ашып көрсету
41 Ұйым ұзақ мерзімді актив (немесе шығаруға арналған топ) сатуға арналған ретінде жіктелген не сатылған кезең үшін ескертулерде мынадай ақпаратты:
(а) ұзақ мерзімді активтің (немесе шығаруға арналған топтың) сипатын;
(b) сату немесе болжанатын шығаруға әкелетін фактілер мен жағдайлардың сипатын және осы шығарудың күтілген тәсілі мен уақытын;
(с) 20-22-тармақтарға сәйкес танылған басқа да пайда немесе залалды, егер пайда және залал туралы есептің өзінде бұл жеке көрсетілмесе, онда осы пайда немесе залал кіретін пайда және залал туралы есептің бабын;
(d) егер қолданылса, онда ұзақ мерзімді актив (немесе шығаруға арналған топ) 8 Операциялық бөлімдер ХҚЕС-қа(IFRS) сәйкес ұсынылған сегментті ашып көрсетуге тиіс.
42 Егер 26 немесе 29-тармақ қолданылса, онда ұйым ұзақ мерзімді активті (немесе шығаруға арналған топты) сату жоспарына өзгерістер енгізу жөнінде шешім қабылданған кезеңде осы шешімге әкелген фактілер мен жағдайлардың сипатын және бұл шешімнің осы кезең және осының алдында көрсетілген кезеңдер қызметінің нәтижелеріне тигізетін әсерін ашып көрсетуі тиіс.
43 Осы Стандарт күшіне енген күннен кейін болашақта осы Стандарт сатуға арналған ретінде жіктеу талаптарын қанағаттандыратын ұзақ мерзімді активтерге (немесе шығаруға арналған топтарға) және тоқтатылған ретінде жіктеу талаптарын қанағаттандыратын қызметке қолданылуға тиіс. Егер бағалар және осы Стандартты қолдануға қажетті басқа да ақпарат бұл талаптар бастапқыда қанағаттандырылған уақытта алынған болса, ұйымның осы Стандарт талаптарын осы Стандарт күшіне енген күнге дейінгі кез келген күннен кейін сатуға арналған ретінде жіктеу талаптарын қанағаттандыратын барлық ұзақ мерзімді активтерге (немесе шығаруға арналған топтарға) және тоқтатылған ретінде жіктеу талаптарын қанағаттандыратын қызметке қолдануына болады.
44 Ұйым осы Стандартты 2005 жылғы 1 қаңтарда немесе осы күннен кейін басталатын жылдық кезеңдер үшін қолдануға тиіс. Мерзімінен бұрын қолдану құпталады. Егер ұйым осы Стандартты 2005 жылғы 1 қаңтарда басталатын кезең үшін пайдаланса, онда ол осы фактіні ашып көрсетуге тиіс.
44А 1 ХҚЕС (IAS) (2007 жылғы редакциясы) бойынша ХҚЕС-тарда (IFRS) қолданылған терминологияға түзету енгізілді. Сонымен бірге 3 және 38 тармақтарына түзетулер енгізілді және 33А тармағы қосылды. Ұйым осы түзетулерді жылдық кезеңдер үшін 2009 жылдың 1 қаңтарынан немесе осы күннен кейін бастап қолдануы тиіс. Егер ұйым 1 ХҚЕС-ын (IAS) (2007 жылғы редакция)ертерек мерзімде қолданса, осы түзетулер сол ертерек мерзім ішінде қолданылуы тиіс.
44В 27 ХҚЕС (IAS) (2008 жылғы редакция) 33(d) тармағы қосылды. Ұйым осы түзетулерді жылдық кезеңдер үшін 2009 жылдың 1 шілдесінен немесе осы күннен кейін бастап қолдануы тиіс. Егер ұйым 27 ХҚЕС-ты(IAS) (2008 жылғы редакция) ертерек мерзімде қолданса, осы түзетулер сол ертерек мерзім ішінде қолданылуы тиіс.
44С 8А, 36А тармақтары 2008 жылдың мамырында шығарылған ХҚЕС-тарына (IFRS) Жетілдірулер бойынша қосылды. Осы түзетулерді ұйым 2009 жылдың 1 шілдесінен немесе бұдан кейінгі күннен бастап жылдық кезеңдер үшін қолдануы тиіс. Бұдан ертерек қолданысқа рұқсат етіледі. Алайда, ұйым түзетулерді, сонымен қатар 27 ХҚЕС-ын (IAS) қолданбағанша (2008 жылғы редакция), 2009 жылдың 1 шілдесіне дейін басталатын жылдық кезеңдер үшін қолданбауы тиіс. Егер ұйым түзетулерді 2009 жылдың 1 шілдесіне дейін қолданса, бұл деректі ашып көрсетуі тиіс. Ұйым түзетулерді проспективті түрде 5 ХҚЕС (IFRS) бірінші рет қолданған күннен бастап, 27 ХҚЕС (IAS) 45-тармағындағы (2008 жылдың мамырында түзетілген) ауысу сатысы ережелерін орындай отырып қолдануы тиіс.
44D 17 ХҚЕСТК (IFRIC) бойынша 2008 жылдың қарашасында 5А, 12А және 15А тармақтары қосылды және 8 -тармаққа түзетулер енгізілді. Осы түзетулер 2009 жылдың 1 шілдесінен бастап жылдық кезеңдер үшін иелерге үлестіруге арналған ретінде жіктелген ұзақ мерзімді активтерге қатысты проспективті түрде қолданылады. Ретроспективті түрде қолдануға рұқсат етілмейді. Бұдан ертерек қолданысқа рұқсат етіледі. Егер ұйым түзетулерді 2009 жылдың 1 шілдесіне дейінгі кезеңде қолданысқа енгізсе, бұл деректі ашып көрсетуі тиіс және 3 Бизнес бірлестіктері ХҚЕС (IFRS) (2008 жылғы редакция), 27 ХҚЕС (IAS) (2008 жылдың мамырында түзетілген) және 17 ХҚЕСТК (IFRIC) қолдануы тиіс.
44E 2009 жылы сәуір айында шығарылған ХҚЕС (IFRS) Жетілдіру 5B-тармағын қосты. Ұйым осы өзгертулерді 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап немесе одан кейінгі жылдық мерзімдер үшін проспективті түрде қолдануы тиіс. Ертерек қолданыс рұқсат етіледі. Егер ұйым өзгертулерлі ерте мерзімдер үшін қолданса, ол бұл жайында жариялауы тиіс.
44F 2010 жылғы қарашада шығарылған 9 ХҚЕС (IFRS) толытырылған 5- тармақ. Ұйым 2010 жылғы қарашада шығарылған 9 ХҚЕС (IFRS) қолданған кезде осы тармақты қолдануы тиіс.
44G 2011 жылғы мамырда шығарылған 11ХҚЕС (IFRS) 28- тармақты қосты. Ұйым 11ХҚЕС (IFRS) қолданған кезде осы тармақты қолдануы тиіс.
44H 2011 жылғы мамырда шығарылған 13 ХҚЕС (IFRS) әділ құн анықтамасындағы А қосымшасы қосылды. Ұйым 13ХҚЕС (IFRS) қолданған кезде осы тармақты қолдануы тиіс.
44I 2011 жылғы маусымда шығарылған 1ХҚЕС (IFRS) 33А- тармағы қосылды. Ұйым 1ХҚЕС (IFRS) қолданған кезде осы тармақты қолдануы тиіс.
45 Осы Стандарт 35 Тоқтатылатын қызмет ХҚЕС-тың (IAS) орнын ауыстырады.
А Қосымшасы
Терминдердің анықтамасы
Бұл қосымша осы Стандарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
ақша қорын туындатушы активтер | Басқа активтерден немесе активтер тобынан түскен ақша қаражатының ағымдарынан едәуір деңгейде тәуелсіз ақша қаражатының ағымдарын құрайтын ең аз сәйкестендірілетін активтер тобы. |
ұйым компоненті | Операциялық жағынан және қаржы есептілігінің мақсаттары үшін ұйымның қалған бөлігінен айқын оңашалауға болатын ақша қаражатының қызметі және ағыны. |
сату шығындары | Қаржыландыруға жұмсалатын шығындарды және пайдаға салынатын салық бойынша залалды қоспағанда, активтің (немесе шығаруға арналған топтың) шығарылуына тікелей байланысты қосымша шығындар. |
қысқа мерзімді актив | Мына талаптардың біріне жауап беретін актив: (а) сатылады деп болжанады не ол сатуға немесе ұйымның қалыпты операциялық айналымы барысында пайдалануға арналған; (b) ол негізінен сауда мақсаттары үшін ұсталады; (c) ол есепті күннен кейін он екі ай ішінде сатылады деп болжанады; (d) егер тек есепті күннен кейін кем дегенде он екі ай ішінде міндеттемелерді өтеу үшін оны ауыстыруға немесе пайдалануға шек қойылмаған болса, ақша қаражаты немесе ақша қаражатына балама актив болып табылады. |
тоқтатылған қызмет | Не шығарылған, не сатуға арналған ретінде жіктелген ұйым компоненті, және (а) жеке маңызды қызмет түрін немесе операциялар жүргізудің географиялық ауданын білдіреді; (b) жеке маңызды қызмет түрінің немесе операциялар жүргізудің географиялық ауданының үйлестірілген біртұтас шығару жоспарының бір бөлігі болып табылады немесе (c) тек қана кейіннен қайта сату мақсатымен сатып алынған еншілес ұйым болып табылады. |
орнын толтыруға арналған топ | Осы операцияда берілетін осы активтермен тікелей байланысты бір операцияның немесе міндеттеменің нәтижесінде сату арқылы немесе өзгеше жолмен қосылып топ ретінде шығаруға жататын активтер тобы. Егерде топ 36 Активтердің құнсыздануы (IAS) ХҚЕС-ының 80-87-тармақтарының талаптарына сәйкес (2004 жылғы редакция) іскерлік бедел бөлінген ақша қаражатын құрайтын бірлік немесе егерде бұл ақша қаражатын құрайтын осы бірлік ішіндегі қызмет болып табылса, бизнес біріктірілген кезде сатып алынған іскерлік бедел топқа кіреді. |
әділ құн | Мәміле жасауды қалайтын, жақсы хабардар тәуелсіз тараптар арасында осындай мәміле жасалған кезде активті айырбастауға немесе міндеттемені орындауға болатын сома. |
қатаң сатып алу міндеттемесі | Байланыспаған тараппен жасалған, екі тарапты да міндеттейтін және әдетте заңдық жағынан бекітілген, (а) операцияның бағасын және уақытын қоса алғанда барлық маңызды шарттарды айқындайтын, (b) және орындамауға жеткізетін амалды тосқауылдайтын, міндеттемені орындауды барынша ықтимал етуге айтарлықтай жеткілікті келісім. |
ықтималдығы жоғары | Жай ғана ықтимал емес, ықтималдығы мейлінше жоғары. |
ұзақ мерзімді актив | Қысқа мерзімді активтің анықтамасына жауап бермейтін актив. |
ықтимал | Мүмкін емеске қарағанда, мейлінше мүмкінірек. |
өтелетін сома | Екі шаманың: сату шығындарын шегергендегі әділ құнның және пайдалану құнының үлкенірегі. |
жарамды | Активті пайдалануды жалғастырудан және тиімді пайдалану мерзімінің соңында оның шығарылуынан күтілетін ақша қаражатының есептелетін болашақ ағындарының келтірілген құны. |
В Қосымшасы
Қолдану Жөніндегі Нұсқаулар
Бұл қосымша осы Стандарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
Сатуды аяқтау үшін қажет кезеңді ұлғайту
В1 Егер кешіктірілу себебі ұйым бақылай алмайтын оқиғалар мен жағдайлар болып табылса және ұйымның активті (немесе шығаруға арналған топты) сату бойынша жоспарды орындамақ екендігі жеткілікті расталса, 9-тармақта көрсетілгендей, сатуды аяқтау үшін қажет кезеңді ұлғайту сатуға арналған ретіндегі активті (немесе шығаруға арналған топты) жіктеуге кедергі келтірмейді. Ендеше, 8-тарта келтірілген кезеңді бір жылмен шектеу туралы талаптан алып тастау мынадай оқиғалар немесе жағдайлар туындайтын мына төмендегі жағдайларға қолданылуы тиіс:
(а) ұйым ұзақ мерзімді активті (немесе шығаруға арналған топты) сату жоспарын орындауға міндеттенген күні, ол негізді түрде басқа тараптар (сатып алушы емес) активті (немесе шығаруға арналған топты) беру шарттарын белгілейді деп күтеді, бұл сатуды аяқтау үшін қажет кезеңді ұлғайтуға әкеледі, және:
(і) осы шарттарға жауап беру үшін қажет іс-әркеттерді қатаң сатып алу міндеттемесін алғанға дейін бастауға болмайды; және
(іі) қатаң сатып алу міндеттемесінің ықтималдығы бір жыл бойы жоғары;
(b) ұйым қатаң сатып алу міндеттемесін алады, нәтижесінде сатып алушы немесе басқа тарап ілгеріде сатуға арналған ретінде жіктелген активті (немесе шығаруға арналған топты) беруге күтпеген жерден шарт қояды, бұл сатуды аяқтауға қажет кезеңді ұлғайтады, және:
(і) бұл талаптарды орындауға қажет іс-әрекеттер уақытында қабылданды, және
(іі) кешеуілдететін факторларды қолайлы шешу күтіледі;
(с) бастапқы бір жыл кезең ішінде ілгеріде мүмкін емес деп саналған жағдайлар туындады; нәтижесінде, ілгеріде сатуға арналған ретінде жіктелген актив (немесе шығаруға арналған топ) осы кезеңнің аяғына дейін сатылмады, және:
(і) бастапқы бір жыл кезең ішінде ұйым жағдайлардағы өзгерістерге жауап беру үшін қажет іс-әрекеттер жасайды; және
(іі) жағдайлардағы өзгерістерді ескере отырып, активті (немесе шығаруға арналған топты) негізделген бағамен сату бойынша белсенді жұмыс жүргізіледі;
(ііі) 7 -және 8-тармақтардың критерийлері қанағаттандырылады.