3) техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес электр энергиясының сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
4) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі стандартты жиiлiктi реттеу мен ұстап тұруды жасалған шарттар негiзiнде жүйелiк оператормен бiрлесе отырып жүзеге асыруға;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес негiзгi және қосалқы жабдықты, аварияға қарсы және режимдiк автоматика, релелiк қорғау, диспетчерлiк технологиялық басқару құралдарын жұмыс жағдайында ұстауға;
6) уәкiлеттi орган айқындайтын көлемде өз объектiлерiнде жаңа релелiк қорғау және аварияға қарсы автоматика құрылғыларын орнатуға және олардың пайдаланылып келе жатқандарын жетiлдiруге мiндеттi.
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Энергия өндіруші ұйымдар:
1) электр энергиясын, спот-сауда-саттықта (олар өндіретін электр энергиясының көлемінің он процентінен аспайтын), теңгерімдеуші нарықты және экспортқа өткізілетін жағдайларды қоспағанда, тиісінше шекті, есептік немесе жеке тарифтен аспайтын тарифтер бойынша өткізуді жүзеге асыруға;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен уәкілетті органмен келісім жасасуға, онда көзделген инвестициялық міндеттемелерді орындауға және олардың орындалуы туралы есепті жыл сайын уәкілетті органға табыс етуге;
3) инвестициялық шарт жасасқан жағдайда инвестициялық бағдарламаны орындауға және оның орындалуы туралы есепті уәкілетті органға және табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға жыл сайын табыс етуге міндетті.
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Электр энергиясын тиісінше шекті, есептік немесе жеке тарифтен асырып өткізген жағдайда, энергия өндіруші ұйым, электр энергиясын спот-сауда-саттықта (олар өндіретін электр энергиясы көлемінің он процентінен аспайтын), теңгерімдеуші нарықта және экспортқа өткізу нәтижесінде алынған сомаларды қоспағанда, көтерме және (немесе) бөлшек сауда субъектілеріне асып кеткен соманы қайтаруға міндетті.
Энергия өндіруші ұйым табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган енгізген инвестициялық бағдарламаны орындау туралы нұсқаманы белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда, энергия өндіруші ұйым көтерме және (немесе) бөлшек сауда нарығының субъектілеріне инвестициялық бағдарламаны орындау үшін көзделген және оны іске асыру мақсатында пайдаланылмаған алынған қаражатты қайтаруға міндетті.
Инвестициялық бағдарламаны орындау үшін көзделген қаражат деп энергия өндіруші ұйымның тиісінше есептік немесе жеке тарифтен аспайтын тарифтерді қолдану кезінде алған нақты табысы (түсімі) мен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен есептік тарифті анықтау немесе жеке тарифті бекіту кезінде көзделген нақты шығындар арасындағы айырма түсініледі.
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 12-1-баппен толықтырылды
12-1-бап. Шекті, есептік және жеке тарифтерді айқындау тәртібі
1. Шекті, есептік және жеке тарифтер Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындалады.
2. Энергия өндіруші ұйым электр энергиясына босатылатын бағаны дербес, бірақ энергия өндіруші ұйымдардың тиісті тобының шекті тарифінен аспайтындай етіп белгілейді.
Шекті тариф энергия өндіруші ұйымдардың тобы бойынша жылдарға бөліне отырып, кем дегенде жеті жыл мерзімге бекітіледі және саланың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етудің қажеттігі есепке алынып жыл сайын түзетіліп отырады.
Шекті тарифтерді енгізу жылы алдындағы бір жыл ішінде энергия өндіруші ұйымдардың тиісті тобында қалыптасқан іс жүзіндегі ең жоғары баға қолданыстағы бірінші жылына шекті тарифті айқындау үшін база болып табылады.
3. Энергия өндіруші ұйым электр энергиясын шекті тарифтен аспайтын бағалар бойынша өткізу үшін белгіленген тәртіппен уәкілетті органмен келісім жасасады.
Келісімде энергия өндіруші ұйымдардың жаңа активтерді құруға, қолдағы бар активтерді кеңейтуге, жаңартуға, қолдауға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға бағытталған іс-шараларды іске асыру жөніндегі инвестициялық міндеттемелері көзделеді.
Уәкілетті орган энергия өндіруші ұйымдардың келісімдерді орындауына мониторинг жүргізеді.
Энергия өндіруші ұйым өзінің инвестициялық міндеттемелерін дербес айқындайды.
4. Егер энергия өндіруші ұйымның инвестициялық міндеттемелерін шекті тарифтер шегінде электр энергиясын өткізуден алынатын қаражат есебінен жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайда, энергия өндіруші ұйым инвестициялық бағдарламаны іске асыру үшін, техникалық тапсырманы уәкілетті орган бекіткен және инвестициялық шарт жасасқан жағдайда есептік немесе жеке тарифті қолдануға құқылы.
Инвестициялық бағдарлама оны іске асыру басталғанға дейін уәкілетті органға және табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға табыс етіледі.
Энергия өндіруші ұйым инвестициялық бағдарлама негізінде белгіленген тәртіппен уәкілетті органмен және табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен инвестициялық шарт жасасады.
5. Есептік тариф Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленген және бекітілген инвестициялық бағдарламаның техникалық-экономикалық негіздемесінде айқындалған электр энергиясының бағасынан аспауға тиіс.
Энергия өндіруші ұйым есептік тарифті инвестициялық шартты жасасқан кезден бастап қолданады және есептік тариф инвестициялық шартта көзделген инвестициялық міндеттемелерді орындау кезеңінің ішінде қолданыла алады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жобалау-сметалық құжаттардағы өзгерістерді келіскен жағдайда, есептік тариф инвестициялық бағдарламаның техникалық-экономикалық негіздемесінде айқындалған электр энергиясының бағасынан асуы мүмкін.
6. Энергия өндіруші ұйым инвестициялық бағдарламаны іске асырудың кез келген сатысында жеке тарифті қолдануға құқылы.
Энергия өндіруші ұйымның жеке тарифті қолдануы табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның инвестициялық бағдарлама параметрлерін және жобалау-сметалық құжаттаманы есепке ала отырып қабылдаған шешімінің негізінде жүргізіледі.
Жеке тариф энергия өндіруші ұйымның инвестициялық шартта көзделген қуаттылықты енгізу жөніндегі міндеттемелерін орындау кезінде есептік тарифтен төмен болмауға тиіс.
Жеке тариф инвестициялық бағдарламаның құны артқан жағдайда есептік тарифтен жоғары болып бекітіледі. Бұл ретте инвестициялық бағдарламаның құнын арттыру уәкілетті органмен және табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісілуге тиіс.
13-бап. Электр энергиясын өндiру мен беруге қатысушыларға қойылатын талаптар
1. Өңiрлiк электр желiлiк компаниялары олардың желiлерiне қосылған электр энергиясы бөлшек сауда нарығының барлық субъектiлерiнiң электр энергиясын өндiру-тұтынудың тәулiктiк кестелерiн сақтауын және өңiрлiк электр желiлiк компанияларының желiлерi мен ұлттық электр желісі арасында жүйелiк оператормен келісілген электр энергиясы сальдо-ток ағымдарының сақталуын қамтамасыз етедi.
2009.04.07. № 166-IV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Өздерінің электр желілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектілер тікелей қосылған өңірлік электр желілері компаниялары тиісті энергия өндіруші білікті ұйымдар өндірген электр энергиясын толық көлемде, өздерінің желілеріндегі электр энергиясының нормативтік шығасыларын өтеу үшін осы шығасылар мөлшерінің елу процентінен аспайтын көлемде сатып алуға міндетті.
Энергия өндіруші білікті ұйымдардың электр энергиясын өндіру көлемі тиісті өңірлік электр желілері компаниясының нормативтік шығасылары мөлшерінің елу процентінен асып кеткен жағдайда, осы электр энергиясының қалған көлемін жүйелік оператор ұлттық электр желісіндегі электр энергиясының нормативтік шығасыларын өтеу үшін сатып алады.
2-тармақ 2004 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгiзiлдi
2. Энергиямен жабдықтау тұтынушының кiнәсiнсiз тоқтатылған жағдайда энергиямен жабдықтаушы ұйым - электр энергиясын кепiлдiк берiп жеткiзушi тұтынушыларды энергиямен жабдықтауды шарт негiзiнде қамтамасыз етедi.
3. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар өзiнiң тұтынушыларын энергиямен жабдықтау мақсатында энергия өндiрушi ұйымдардан электр энергиясын сатып алуды жүзеге асырады.
2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Энергия өндіруші ұйымдар өндірген электр энергиясын:
1) тұтынушыларға, энергиямен жабдықтайтын ұйымдарға, энергия беруші ұйымдарға (электр энергиясының өз желілеріндегі және шаруашылық мұқтаждарына нормативтік шығындарын жабу үшін) және электр энергиясын орталықтандырылмаған сатып алу-сату нарығында жасалатын шарттар негізінде экспортқа;
2) электр энергиясын орталықтандырылған сауда нарығында;
3) электр энергиясын теңгерімдеуші нарықта сатуды жүзеге асыруға міндетті.
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды
3-2. Энергия өндіруші ұйымға, электр энергиясын экспорттауды қоспағанда, көтерме және (немесе) бөлшек сауда нарығының субъектісі болып табылмайтын жеке немесе заңды тұлғаларға электр энергиясын өткізуге (сатуға) тыйым салынады.
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 3-3-тармақпен толықтырылды; 2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен 3-3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3-3. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға, теңгерімдеуші нарықтағы сатып алу-сату жағдайларын қоспағанда, электр энергиясын басқа энергиямен жабдықтаушы ұйымға өткізуге (сатуға) тыйым салынады.
Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдардың тізілімін табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган интернет-ресурста қалыптастырады, жүргізеді және жариялайды.
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Энергия өндiрушi ұйымдар жүйелiк қызмет пен қосалқы қызмет көрсету нарығының ұйымдастырылуы және жұмыс iстеуi ережелерiнде белгiлеген тәртiппен қуат резервтерiн, көлемiн, құрылымын ұстап тұруды және орналастыруды қамтамасыз етедi.
Энергия өндіруші ұйым қуаты авариялық істен шыққан жағдайда ғана электр энергиясын сатып алу-сату шарттары бойынша жасалған өз міндеттемелерін орындау мақсатында басқа бір энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясын сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.
5. Электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну қатынастарына қатысушылар жүйелiк оператор электр энергиясының теңгерiмсiздiктерiн табиғи реттеу нәтижелерi бойынша беретiн теңгерiмдеушi электр энергиясы көлемдерiнiң есептерi негiзiнде электр энергиясын өндiру-тұтынудың шарттық және нақты шамалары арасындағы электр энергиясының теңгерiмдеушi нарығында қаржылық реттеу үшiн өзара мiндеттемелер атқарады.
6-тармақ 2006 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi
6. Электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектiлерi меншiк нысанына қарамастан нақты уақыт режимiнде теңгерiмдеушi тетiкке (нарыққа) қатысуға мiндеттi.
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды
6-1. Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері жүйелік операторымен жасасқан электр энергиясын өндірудің-тұтынудың теңгерілімін ұйымдастыру жөніндегі жүйелі қызметтер көрсетуге арналған шарттар негізінде имитациялық режимде жұмыс істейтін электр энергиясының теңгерімдеуші нарығына қатысуға міндетті.
7. Энергия өндiрушi ұйымдар - су электр станциялары суды табиғат қорғау мақсатында ағызу кезеңiнде өндiрiлетiн электр энергиясын орталықтандырылған сауда-саттықтарда сатуға мiндеттi.
4-тарау. Электр энергиясы нарығының жұмыс істеуі негізінде энергиямен жабдықтауды ұйымдастыру
14-бап. Электр және жылу энергиясының нарығы
1. Қазақстан Республикасында энергиямен жабдықтау электр және жылу энергиясы нарықтарының жұмыс iстеуi жағдайларында жүзеге асырылады.
2. Электр және жылу энергиясы нарықта тауар болып табылады.
3. Электр энергиясының нарығы екi деңгейден: электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда нарықтарынан, ал жылу энергиясының нарығы бiр деңгейден - бөлшек сауда нарығынан тұрады.
4-тармақ 2004 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгiзiлдi
2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Жүйелiк оператор, өңiрлiк электр желiлерi компаниялары мен электр желiлерiн иеленетiн өзге де ұйымдар табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен нарықтың барлық қатысушыларының электр энергиясы нарығына еркiн қол жеткiзуiн қамтамасыз етедi.
6. Энергия берушi ұйымның энергия өндiрушi және энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен тұтынушылар Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген талаптарды орындаған жағдайда оларды электр және жылу жүйелерiне қосудан, сондай-ақ оларға электр немесе жылу энергиясын беруден бас тартуға құқығы жоқ.
7. Электр немесе жылу энергиясы нарығында электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну кезiнде туындайтын қатынастар электр энергетикасындағы тиiстi шарттармен реттеледi.
15-бап. Электр энергиясының көтерме сауда нарығы
1. Электр энергиясының көтерме сауда нарығы:
1) нарыққа қатысушылар жасасатын тараптардың келісімдерiмен белгiленетiн жеткiзу бағалары мен талаптары бойынша электр энергиясын сатып алу-сату шарттарының негiзiнде жұмыс iстейтiн электр энергиясын орталықсыздандырылған сатып алу-сату нарығынан;
2) электр энергиясын қысқа мерзiмдi (спот - сауда-саттық), орта мерзiмдi (апта, ай) және ұзақ мерзiмдi (тоқсан, жыл) негiзде сатып алу-сату үшiн ұйымдастырылған сауда алаңынан тұратын электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығынан;
3) жүйелiк оператор электр энергиясын өндiру-тұтынудың тәулiктiк кестесiнде бекiткен Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі электр энергиясын өндiру-тұтынудың нақты және шарттық шамалары арасында операциялық тәулiкте туындайтын сағат сайынғы теңгерiмсiздiктердi табиғи және бұдан кейiнгi қаржылық реттеу мақсатында жұмыс iстейтiн нақты уақыт режиміндегі теңгерiмдеушi нарықтан;
4) мемлекеттік стандарттармен белгiленген Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесi жұмысының сенiмдiлiгi мен электр энергиясының сапасын қамтамасыз ету үшiн электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiлерiнен сатып алуы негiзiнде де, жүйелiк оператордың электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiлерiне тиiсiнше қызметтер көрсету негiзiнде де жұмыс iстейтiн жүйелік және қосалқы көрсетiлетiн қызметтер нарығынан тұрады.
2. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығының операторы:
1) спот - сауда-саттығын ұйымдастыру мен жүргiзудi жүзеге асырады;
2) электр энергиясының орта мерзiмдi (апта, ай) және ұзақ мерзiмдi (тоқсан, жыл) кезеңдерге орталықтандырылған саудасын ұйымдастыру мен жүргiзудi жүзеге асырады;
3) электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектiлерiнiң электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығына қол жеткiзуiне тең жағдайлар жасауды қамтамасыз етедi;
4) электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектiлерiнiң электр энергиясының орталықтандырылған саудасының ережелерiнде белгiленген талаптарға сай келуiн айқындайды;
5) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттықтарында электр энергиясын сатып алу-сату жөнiнде жасалған мәмiлелердi тiркеу мен есепке алуды жүзеге асырады;
6) өз құзыретi шегiнде электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектiлерiн орталықтандырылған сауда-саттықта қалыптасқан электр энергиясының индикативтiк бағалары жөніндегі ақпаратпен және басқа да нарықтық ақпаратпен қамтамасыз етедi.
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) спот-сауда-саттықта жасалған мәмілелер бойынша қаржылық өзара есеп айырысуды ұйымдастырады және жүргізеді.
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Имитациялық режимдегі электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуі Қазақстан Республикасының «Үкіметі белгілейтін тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
16-бап. Электр энергиясының бөлшек сауда нарығы
2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Электр энергиясының бөлшек сауда нарығына қол жеткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2. Өңiрлiк электр желiлерi компаниялары электр энергиясын оның баланстық тиесiлiк шекараларында электр желiлерi бойынша беру функцияларын жүзеге асырады.
3. 2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
4. Шаруашылық қызметтi жүзеге асыру кезiнде электр энергиясын кепiлдiк берiп жеткiзушiлерге энергиямен жабдықтаушы өзге ұйымдарға қарағанда артықшылықтар беруге болмайды.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
5. Электр энергиясын кепiлдiкпен берушiні және оның жауапкершілігіндегі аймақты айқындау тәртібі электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларымен белгіленеді.
17-бап. Электр энергиясының көтерме сауда нарығындағы шарттар
2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Электр энергиясын сатып алу-сату, электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын беру, техникалық диспетчерлендiру, электр қуатын реттеу, электр энергиясын өндiру-тұтынуды теңгерiмдеу, электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі жөнiнде қызметтер көрсету Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне, осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес жасалатын шарттардың негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Электр энергиясын сатып алу-сату шарттарында:
1) тәулiктiк электр тұтыну кестесi;
2) энергия өндiрушi ұйымдардың электр қуатын резервтеу тәртібі болуға тиiс.
3. Электр энергиясын сатып алу-сату шарттарында, электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын беру, техникалық диспетчерлендiру, электр қуатын реттеу, өндiру-тұтынуды теңгерiмдеу жөнiнде қызметтер көрсету шарттарында шарт бойынша уақтылы ақы төленбеген жағдайда энергиямен жабдықтауды немесе тиiстi қызметтер көрсетудi тоқтату жағдайлары мен тәртібі болуға тиiс.
18-бап. Электр және жылу энергиясының бөлшек сауда нарығындағы шарттар
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Бөлшек сауда нарығында электр және жылу энергиясын сатып алу-сату энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен тұтынушылар жасасатын шарттар негiзiнде жүзеге асырылады.
Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың тұтынушыларға электр энергиясын тәулік зоналары бойынша және (немесе) тұтынатын энергияның көлеміне (жеке тұлғалар үшін) қарай сараланған тарифтер бойынша өткізуден (сатудан) бас тартуға құқығы жоқ.
2. Энергиямен жабдықтаушы және энергия берушi ұйымдар бөлшек сауда нарығында жасасатын шарттарда электр және жылу энергиясының бөлшек сауда нарығына барлық қатысушылар үшiн тең жағдайлар болуға мiндеттi.
3. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар жеткiзетiн электр энергиясының бағалары мен оларды беру жағдайлары тараптардың келісімi бойынша энергия берушi ұйымның тарифiн ескере отырып, сатып алу-сату шартына сәйкес белгiленедi.
4. Өңiрлiк электр желiлерi бойынша электр энергиясын беру энергиямен жабдықтаушы ұйым немесе тұтынушы өңiрлiк электр желісі компаниясымен Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген үлгi нысан бойынша жасасатын электр энергиясын беру жөніндегі қызметтер көрсету шартының негiзiнде жүзеге асырылады.
5. Электр энергиясын кепiлдiк берiп жеткiзушiлер мен тұтынушылар арасындағы энергиямен жабдықтау шарты жария шарт болып табылады.
19-бап. Электр және жылу энергиясын тұтынушылардың құқықтары мен мiндеттерi
1. Электр және жылу энергиясын тұтынушылардың:
1) жасалған шарттарға сәйкес электр және жылу энергиясын алуға;
2) жасалған шарттардың талаптарына сәйкес энергия өндiрушi, энергия берушi және энергиямен жабдықтаушы ұйымнан электр және жылу энергиясын жеткiзбеуден немесе сапасыз жеткiзуден келтiрiлген нақты нұқсанның орнын толтыруды талап етуге;
3) шарттар жасасуға және оларды орындауға байланысты даулы мәселелердi шешу үшiн сотқа жүгiнуге;
2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
4) тұтынылған электр энергиясы үшiн сараланған тарифтiк есепке алу жүйелерi бойынша ақы төлеудi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзуге құқығы бар.
2. Электр және жылу энергиясын тұтынушылар:
1) тұтынушылардың меншiгіндегі электр және энергия қондырғылары мен коммерциялық есепке алу аспаптарын тиiсiнше техникалық жағдайда ұстап тұруға, электр және жылу энергиясын пайдалану ережелерiне сәйкес олардың техникалық жағдайына қойылатын талаптарды орындауға;
2) электр және жылу энергиясын сатып алу-сату шартында айқындалған энергия тұтыну режимдерiн сақтауға;
3) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетика жүйесіндегі электр энергиясының стандарттық жиiлiгiн ұстап тұруға бағытталған нормативтiк талаптарды орындауға;
4) жасалған шарттарға сәйкес босатылған, берiлген және тұтынылған электр және (немесе) жылу энергиясының ақысын уақтылы төлеуге;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді
5) энергиямен жабдықтаушы және энергия берушi ұйымдардың қызметкерлерiн коммерциялық есепке алу аспаптарына, сондай-ақ мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі органның қызметкерлерiн электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйiн және пайдалану қауiпсiздiгiн бақылауды жүзеге асыру үшiн жіберуге міндетті.
2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
6) 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен алып татсалды (бұр.ред.қара)
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан электр энергиясын сатып алатын заңды тұлғалар болып табылатын электр энергиясын тұтынушылар тұтынған электр энергиясы үшін төлемақыны тәулік зоналары бойынша сараланған тарифтермен төлеуге міндетті.»;
5-тарау. Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық
жүйесіндегі авариялық бұзылыстар кезінде электр энергетикасы объектілерін басқару
20-бап. Авариялық бұзылыстардың алдын алу және оны жою үшiн қолданылатын шаралар
1. 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Жүйелiк аварияларды жою үшiн жүйелiк оператор меншiк нысанына қарамастан кез келген энергия өндiрушi ұйымдардың резервтiк қуаттарын және тұтынушылардың автономиялық қоректену көздерiн тартады.
3. Авариялық бұзылыстарды жою үшiн қуат жетiспеген кезде жүйелiк оператордың су электр станцияларының авариялық резервiн пайдалану үшiн гидротораптар арқылы суды шығындаудың бекітілген кестелерiне жедел өзгерістер енгізуге құқығы бар.
4. Электр энергиясының теңгерiмдеушi нарығы өтей алмайтын теңгерiмсiздiк туындаған кезде жүйелiк оператордың Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі электр тогының нормативтiк жиiлiгiн ұстап тұру мақсатында электр энергиясын сатып алу-сатуды жүзеге асыруға құқығы бар.
21-бап. Авариялық бронь бойынша энергиямен жабдықтау
1. Жүйелiк авария туындаған кезде тұтынушыларды энергиямен жабдықтау электрмен үздiксiз жабдықтауды қажет ететiн, қызметiнiң тоқтатылуы адамдар өмiрiне қатер төндiретiн, сондай-ақ апатты экологиялық, әлеуметтiк немесе экономикалық зардаптарға әкеп соқтыратын шаруашылық инфрақұрылым ұйымдары үшiн технологиялық себептерге орай электр қуатын авариялық бронь мөлшерiнде берудi қамтамасыз ететiн, энергия берушi ұйымдар әзiрлейтiн схемалар бойынша жүзеге асырылады.
2. Авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау тәртібі мен талаптарын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
3. Бюджет қаражаты есебiнен қамтылатын мемлекеттік мекемелерге авариялық бронь мемлекеттік мекемелердiң электр энергиясын тұтыну жөніндегі шығыстарына көзделген қаражат шегiнде, сондай-ақ мемлекеттік кәсiпорындар мен өзге де ұйымдар үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ресiмделген тиiстi банктiк кепiлдiгi болған жағдайда берiледi.
22-бап. Электр энергетикасы объектiлерiнiң сақталуын және тұтастығын қамтамасыз ету
1. Электр энергетикасының неғұрлым маңызды объектiлерiн күзетудi арнаулы әскерилендiрiлген күзет қызметтерi немесе Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң бөлiмшелерi жүзеге асырады. Мұндай объектiлердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.